1 Қазіргі қазақ тілі лексикасының лексика-семантикалық табиғаты мен сөздік құрамы



жүктеу 0,62 Mb.
бет13/80
Дата04.01.2022
өлшемі0,62 Mb.
#36192
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80
лекция

Метафора - сыртқы не ішкі белгілеріндегі ұқсастыққа қарап, бір зат атауының екінші бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуы болып табылады. Қолдану сипатына байланысты метафора үшке бөлінеді: тілдік (дәстүрлі) метафора, поэтикалық метафора және окказионалды метафора.

Тілдік метафора сөзге жаңа мағына қосып, оның семантикалық аясын кеңейтіп, үздіксіз даму үстінде болады. Метафора негізінен мынадай ұқсастықтар бойынша жасалады:



    1. Түр-тұлғасы ұқсастықтарына қарай: адамның беті - судың беті, таудың күңгей беті, адамның құлағы – қазанның құлағы, домбыраның құлағы;

    2. Қимыл ұқсастығы: күн күлімдеді, жұлдыздар жымыңдады;

    3. Сапа ұқсастығы: мөлдір бұлақ – мөлдір махаббат, ащы пияз – ащы өмір;

    4. Мінез-құлық ұқсастығы: түлкі «айлакер, қу», аю «икемсіз» т.б.

Жұғу сөзінің лексикалық мағынасы «бір заттың екінші затқа жабысуы» (үстіме күйе жұқты) қимыл ұқсастығы негізінде аурудың біреуін біреуге тарауын, мінез-құлқы, өнері, қылығының өзге бір адам бойынан табылуына орай «жұққан екен» дейді. Егер балапан деп құстың баласын (зат есім) танысақ, осы сөздің метафоралық ауыс мағынасы сындық мағынада жұмсалады. Мысалы: балапан қарағайлар.

Ұқсату заңының негізінде бір сөз арқылы бірнеше ұғымды танып білуге болады. Қалың – сапалық ұғым, ерекше белгілері - қалың нәрсенің жуан болатындығы; әрі тығыз, жиі орналасуы сияқты ерекшеліктердің әрқайсысы сөйлеу үстінде жеке-жеке мағынаға ие болады: қалың шөп (бітік, тығыз); қалың жұрт (көп, мол), қалың ерінді кісі – жуан, толық. Метафораның негізінде туған ауыс мағына сөздік мағынаға еніп, сөздің туынды мағыналарының қатарында қалады.

Ақын-жазушылардың, танымал қаламгерлердің шығармаларында кездесетін әсерлі сөз өрнектерін поэтикалық метафора деп атайды. Егер тілдік метафора жалпыхалықтық сипат алса, поэтикалық метафораны қоғамдық ақпарат қызметкерлері, көркем әдебиет қызметкерлері қалыптастырады. Мысалы: қара алтын – көмір, сары алтын – бидай, ақ алтын – мақта, түйе – шөл кемесі, комбайн – жер кемесі т.т.

Поэтикалық метафораның бір түрі окказионалды метафора болып табылады. Көркем сөз шеберлері метафоралық сөз қолданысының мынадай амал-тәсілдерін қолданады:



  1. Жанды заттың қасиетін жансыз затқа, немесе керісінше жансыз заттың қасиетін жандыға балайды;

  2. жанды заттардың біреуінің қасиетін екіншісіне ауыстырып айтады;

  3. жансыз заттардың біреуіндегі ерекшелікті басқасына ауыстырып айтады (5,204).

Абайдың қолданысындағы асау жүрек, талаптың мініп тұлпарын, көңіл құсы сияқты қолданыстары метафораның осы түріне мысал болады.


жүктеу 0,62 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау