Сабақтың тақырыбы: «Өзіңнен өзің есеп ал»



жүктеу 17,25 Kb.
Дата14.05.2018
өлшемі17,25 Kb.
#13066
түріСабақ
  • Сабақтың тақырыбы:
  • «Өзіңнен өзің есеп ал»
  • Сабақтың мақсаты: Білімділік: Абай қара сөздерінің тәрбиелік мәнін түсіну, он бесінші қара сөзіндегі адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі, жақсы-жаман нәрсенің парқын пайымдау туралы, адам өмірі туралы философиялық шолуларының маңызын түсінуге үйрету, он бесінші қара сөзінің мазмұнын меңгерту. Тәрбиелік: Оқушы дүниетанымын қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына сіңіру, ойшыл көтерген проблемалар тағылымынан үлгі алып, оқушының азаматтық бейнесін қалыптастыру. Дамытушылық: Оқушыларды өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу, шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным - түсініктерін дамыту. Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ Сабақтың әдіс - тәсілдері: Сұрақ - жауап, электронды оқулықпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, ауызша тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, талдау. Сабақтың көрнекілігі: электронды оқулық, сызба, суретті парақша т. б.
  • Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі • Оқушылармен сәлемдесу
  • • Сынып оқушыларының сабаққа дайындығын, қатысу деңгейін тексеру. • Сабақ барысы туралы түсінік беру.
  • Бізге керек тыныштық.
  • Бізге керек туыстық.
  • Біз ақылды ұланбыз,
  • Жақсылыққа құмармыз.
  • Абайды оқып, таныдық,
  • Абай сөзі – жыр-аңыз,- деп сынып оқушыларын «Ақылдылар», «Ұшқырлар» тобы деп екіге бөлеміз.
  • ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, бекіту. - Балалар, біз сендермен өткен сабағымызда қазақтың бас ақыны атанған ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, «Абайтану» курсы туралы түсінік алып, қазіргі Абайтану мәселелерінің даму бағыттарымен танысқан болатынбыз
  • - Ендеше үйге берілген тапсырмаға шолу жасайық, кім дайын?
  • Реферат жұмысы.
  • 1. «Қазіргі Абайтану мәселелерінің даму бағыттары»,
  • 2. «Абайдың оқу, білім, ғылым турасындағы туындыларының тақырыбы»
  • Бүгінгі сабағымызда ұлы Абай шығармашылығымен таныстығымызды ары қарай жалғастырамыз. Абай ата қара сөзі қарымды,, Жақсылыққа жетелейді жаныңды. Өзіңе өзің есеп ал,-деп үйретіп,
  • Сындырмайды баба сөзі сағыңды,- деген өлең жолдары арқылы бастағым келіп отыр. - Жаңа сабақты бастамас бұрын, біз тек қазақ елі ғана емес, бүкіл дүние жүзі таныған Абай атамыз туралы не білеміз, мына кестеге сүйене отырып, шолу жасап кетейік.
  • 1
  • Абай өлеңдері
  • «Ғылым таппай мақтанба», «Әсемпаз болма әрнеге», «Қансонарда бүркітші шығады аңға», «Жасымда ғылым бар деп ескермедім», «Жаз», «Күз», «Қараша, желтоқсанмен сол бір екі ай», «Жазғытұры», «Адамның кейбір кездері», «Құлақтан кіріп бойды алар»т. б.
  • 2
  • Абай күйлері
  • «Май түні», «Абай желдірмесі», «Майда қоңыр», «Торыжорға»
  • 3
  • Абай әндері
  • «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Бойы бұлғаң», «Татьянаның хаты», «Қор болды жаным»
  • 4
  • Әлихан Бөкейханов
  • – қоғам қайраткері, әдебиетші, публицист, экономист, аудармашы. Абайдың ең алғашқы өлеңдер жинағының басылып шығуына атсалысқан тұлға. Абайдың өмірі мен шығармашылығы жөнінде алғаш зерттеу мақаласын жазған.
  • №1.
  • №2. Қара сөздері туралы түсінік беру. Қазақ әдебиеті тарихында ең алғаш жазба әдебиетінің негізін қалаған Ы. Алтынсарин болса, оны ары қарай жалғастырған Абай болған. Ыбырай Алтынсарин көркем сөз әдебиетінің атасы болса, Абайдың қара сөздері ғақлиялық даналық сөздері болған. Абай өз қара сөздерін 1890 - 1898 жылдар арасында жазған. Қара сөздерін жазуды бастағанда Абай 45 жаста болған. Ақыл - ойы толысып, жасы кемелденген, көрген - білгенін ой елегінен өткізіп, сараптар жасқа жеткен кезінде қара сөздерін жазуды қолға алған. Бұған дейін Шығыс ойшылдары Әл - Фараби, Фирдоуси, Бабыр, Батыс философ, ғалымдары Галилей, Коперник, Спенсер, Дарвин, Ньютон, Пифагор еңбектермен танысып, үлкен дайындықтан өтіп келеді. Өзінің қара сөзді жазуды қолға алғандағы мақсатын Абай бірінші қара сөзінде атап көрсетеді: «Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде - кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ». Абайдың қара сөздерінің саны - 46. Бірақ біз 46 қара сөзін қазақтардың шығу тарихы жайлы жазылған
  • жеке тарихи шығарма, очерк ретінде қарастырып жүрміз. Абай қара сөздері - өмір тәжірибесінен туған ой толғамының қорытындысы. Қара сөздерінде Абай әңгіме - сұхбат жанрының өзіндік ерекшелігін пайдаланады. Абай қарасөздері туралы мүмкіндігіне орай батыл, ірі негізді пікірлер айтқан М. Әуезов еді. «... Абайдың осы қарасөз дейтін мұралары көркем прозаның өзіне бөлек, бір алуаны болып қалыптанады. Бұлар сюжетті шығармалар емес. Бұрынғы жазушылар қолданған естегі, мемуар да емес. Стиль мазмұн жағынан алғанда, осы шығармалар Абайдың өзі тапқан, бір алуан көркем сөздің түрі. Кейде бұлар сыншылдық, ойшылдық және көбінше адамгершілік, мораль мәселелеріне арналған өсиет, толғау тәрізді». (М. Әуезов. 20 - том).
  • ІІІ. Жаңа сабақ Электронды оқулықтан «он бесінші» қара сөзін тыңдату. (3 мин.) Ақылды кісі мен ақылсыз кісінің, менің білуімше, бір белгілі парқын көрдім.Әуелі - пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені қызық көрмей жүре алмайды. Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Сонда есті адам, орынды іске қызығып, құмарланып іздейді екен дағы, күнінде айтса құлақ, ойланса көңіл сүйсінгендей болады екен. Оған бұл өткен өмірдің өкініші де жоқ болады екен.
  • Есер кісі орнын таппай, не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен дағы, күнінде өкінгені пайда болмай-ды екен. Жастықта бұл қызықтан соң және бір қызық тауып алатын кісімсіп, жастығы тозбастай, буыны босамастай көріп жүріп, бірер қызықты қуғанда-ақ мойны қатып, буыны құрып, екінші талапқа қайрат қылуға жарамай қалады екен.
  • Үшінші - әрбір нәрсеге қызықпақтық. Ол өзі бойға құмарлық пайда қылатын нәрсе екен. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен. Әрбір мастық бойдан оғатты көп шығарып, ақылдың көзін байлап, төңіректегі қараушылардың көзін ашып, «ананы-мынаны» дегізіп, бойды сынататұғын нәрсе екен. Сол уақытта есті кісілер үлкен есі шықпай, ақылды қолдан жібермей, бойын сынатпай жүріп ізденеді екен. Есер кісілер ер-тоқымын тастап, бөркі түсіп қалып, етегі атының к...н жауып кетіп, екі көзі аспанда, жынды кісіше шаба беруді біледі екен, соны көрдім. Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен өзің есеп ал! Сол алдыңғы есеп алғаннан бергі өмірді қалай өткіздің екен, не білімге, не ахиретке, не дүниеге жарамды, күнінде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппісің? Жоқ, болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей қалыппысың?
  • Топпен жұмыс.
  • 1. Сұрақ - жауап: (Екі топқа ортақ сұрақ) - «Он бесінші» қара сөзінде ақын не нәрсені тілге тиек еткен? -Әр нәрсеге қызығушылық неге әкеп соқтырады?
  • Есті кісі
  • Есер кісі
  • Адам
  • 2. Венн диаграммасы
  • 3. Асыл сөздің жалғасын тап.
  • 1.Сол қызықты нәрсесін іздеген кезі... ( өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады) 2. Есер кісі орнын таппаса,... ( не болса сол бір баянсыз, бағасыз нәрсеге қызығып, құмар болып, өмірінің қызықты, қымбатты шағын итқорлықпен өткізіп алады екен дағы, күнінде өкінгені пайда болмай-ды екен). 3. Әрбір құмарлық өзіне бір дерт болады екен, ... ( әртүрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен).
  • 4. Сатылай кешенді талдау.
  • «Он бесінші» қара сөзі Авторы: Жанры: Тақырыбы: Идеясы: Тәрбиелік түйіні:
  • 5. РАФТ.
  • Р-Ата-ана
  • А-балалар
  • Ф-хат
  • Т-«Өзіңнен өзің есеп ал»
  • Қорытынды:
  • Н.Ә.Назарбаевтың Абай жайлы айтқан сөзінің мағынасын ашу.
  •     Абай-біздің ұлттық ұранымыз болу керек. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Менің балаларым мен ертеңгі ұрпақтарыма  Абайдан артық, Абайдан ұлы, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс.
  • Үй тапсырмасы:
  • «Абай қара сөзін оқығаннан кейінгі түйген ойым» эссе жазу және «он бесінші» қара сөзін жаттау.
  • Көңіл қойып тыңдағандарыңызға
  • КӨП РАХМЕТ!

жүктеу 17,25 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау