1. ҚАтты денелердің беттік қасиеттеріне ультракүлгін және иондайтын сәулеленудің Әсері



жүктеу 1,14 Mb.
бет4/4
Дата19.11.2018
өлшемі1,14 Mb.
#21508
1   2   3   4

4. ЕҢБЕК ҚОРҒАУ
Дипломдық жоба есептеу техникасының қазіргі таңдағы құралдарын пайдалана отырып белгілі бір мәселені шешуге жасалған зерттеу жұмысы. Бұл жұмыс 2004 жылы 28 ақпанында №528-11 бекітілген ”Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы” заңына, 1999 жылы 10 желтоқсанда бекітілген ”Қазақстан Республикасындағы Еңбек туралы” заңына, 2002 жылының 3 сәуірде бекітілген ”Қауіпті өндірістік объектілерінде өндірістік қауіпсіздік туралы” заңыны және 1993 жылы 15 қараша айында бекітілген ”Төтенше жағдайының құқықтық режимы туралы” Қазақстан Республикасының заңына сәйкес болуы қажет. Сондықтан да жұмыс барысы толығымен автоматтандырылған жүйеге көшіріледі. Демек адам күші тек қана жүйені сырттай бақылау ғана болмақ.

Еңбек қорғау – бұл заң негізінде және нормативті актілер жүйесінде әлеуметтік – экономикалық, организациялық, техникалық, санитарлы – гигиеналық, алдын алу шаралары және қажеттіліктері. Ол қауіпсіздікті қамтамасыз ететін, адам денсаулығын және жұмыс қабілетілігін еңбек процесінде қорғайды.


4.1 Қауіпсіздік шаралары
Қауіпсіздік шараларды қолданудың екі түрі бар:

1. Радиациялық сәуле шығарудан қорғану шаралары:

а)Құрылғы конструкциясында қызмет корсетуші персоналға қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек;

ә)Рентгендік сәуле шығару экспозициялық дозасының қуаты рентгендік түтіктің козухасынан 50 мм арақашықта болу керек (терезе жабық болады, 2,06×10-10 А/кг (2,8 м Р/ч) аспау керек);

б)Рентгендік сәуле шығару экспозициялық дозасының қуаты камера құрылғысымен жұмыс істегенде 50 мм арақашықта болу керек (2,06×10-10 А/кг (2,8 м Р/ч) аспау керек);

в)Рентгендік сәуле шығару экспозициялық дозасының қуаты қорғаныс әйнегінде 3,6×10-11 А/кг (0,5 м Р/ч оператор жағынан) аспау керек;

г)Қорғаныс қожухосында рентгендік түтікте ″радиациялық қауіпсіздік″ деген белгі болуы керек;

ғ)Құрылғыны рентгендік түтіктегі қорғаныс кожуханының айнасын ашқан кезде сәулелік сигнализация болуы керек.

д)Рентгендік түтіктегі кожуханың қорғаныстың айнасында автоматты қаптау болуы керек. Ол сәуленің және дыбыстың сигналды беруі экспозициясы уақыты аяқталуымен болады.

2. Электр қауіпсіздік шаралары:

а)Құрылғы конструкциясы қызмет көрсетуші персоналға қауіпсіздікті қамтамасыз ету керек.

ә) Құрылғының барлық ток жүретін бөліктерін жермен зажимдеу керек. Қорғаныс дәрежесі-класс IP 20 Гост 14254 бойынша болады.

б)Құрылғының құрал бөлігінде жерлену зажимдері болуы керек. Жерлену проводасының қосылатын жерінде және жерлену зажимінде белгілеулер болуы керек.

в)Құрылғының екілік тізбегі электр контакт нүктесімен жерлену зажимінде бірге болуы керек.

г) Құрылғыны электр желісіне қосу индикаторы жасыл фильтерге қосылады.

ғ)Рентгендік түтікке жоғарғы кернеуді қосу индикаторы қызыл фильтерге қосылады.

д)Құрылғыда блокировка болуы керек.

ж)Рентгенді түтікті суытуда судың қысымы төмендеуін, құрылғыда жоғарғы кернеуді өшіретін, жоғарғы вольтты кабелді қосу мүмкіндігі болады.

4.2 Өндірістік санитария
ГОСТ 12.1.005-92 құжаты кәсіпорындағы жұмыс зонасының ауасына қойылатын талаптарды бекітеді. Бұл стандарт микроклимат көрсеткіштеріне қойылатын жалпы санитарлық-гигиеналық талаптар мен жұмыс зонасының ауасының зиянды заттарының шегін бекітеді. Жұмыс зона ауасының зиянды заттарының шегі жұмыс орнының қайда орналасқанынын тәуелсіз орнатылады.

35·20·4 м өлшемді лаборотория , оның ішінде 25 жабдық және онымен жұмыс істейтін 20 адам бар. Осы мәліметтерді қолданып бөлме-жайды желдетуді, жарықтандыруды,шуды, өрт қауіпсіздігін есептеу керек.


4.3 Бөлме-жайды желдетуді есептеу

Есептеу орталығының бөлме-жайының өлшемі 35м Х 20м Х 4м, онда 4 терезе екі қабатпен әйнектелген және әрқайсысының өлшемі 3 м Х 2 м. бөлме-жайда ПРДО- 200- 1 кремний балқытатын пеш орналасқан, Nmax=250 Ватт. Есеп СНиП 11-04-05-91 жобалау нәтижесінде сәйкес жүргізіледі, сонымен қатар технологиялық талаптарға сүйенеді.

Бөлме-жайда ауа параметрлері жабдық жұмысының технологиялық талабынан, дәл айтқанда ПРДО- 200- 1 пешін желдету үшін құрылған желдеткіштерден анықталады. Температура Т=19–20000C және салыстырмалы ылғалдылық 50 –70 %.

Qp – жұмысшылардың жылу бөлуі. Максимальды жұмысшылар саны 20 адамға тең деп аламыз, бір адамның жылу бөлуі QI=125 Вт. Сонда барлық жұмыс істеушілерге:

Qp=125 x 20=2500 Вт,

Күн сәулесінің жылу бөлуі. Зал 1 қабатта орналасқан, залға жылу тек терезеден ғана түседі:

Qok = q1 * F * A * N + q2 * F * A * N (4.1)

Qok = 260 x 6 x 1,15 x 4 + 109 x 6 x 1,15 x 4 = 10184,4 Вт,

мұнда А – айналу түрінің ескеретін коэффициент (екі қабат терезеге А = 1,15 деп аламыз),

F – айналу беті, q - калорий,

Qиск – жасанды жарықтандырудың жылу бөлуі (жасанды жарықтандыру жүйесінің пайдаланатын қуаты 30 Вт кВт-қа тең).

Qиск = 30 Вт * S,

Мұнда S – бөлме-жайдың ауданы

Qиск = 30 x 35 x 20 = 21000 Вт

Qэвм – ПРДО пешінен бөлінетін жылу:

Qилу= P * N,

мұнда Р – бір ПРДО пешінің қуаты, N – ПРДО пешінің саны.

Q = 250 Вт * 25 = 6250 Вт.

Qмах = Qp + Qok + Qиск + Qилу (4.2)

Qмах = 2500 + 10184,4 + 21000 + 6250 = 39934,4 Вт ~ 39,9344 КВт

Нормативті актілерге сәйкес бір адамның жылу және дымқыл бөлуі 115 г/час. Біздің бөлме-жайдың дымқылдану саны:

Gвл = 115 * 25= 2.875 кг/час

Жылу-дымқыл байланысын келесі бір формуламен табамыз:

E = Q / Gвл (4.3)

Табамыз

E = 39934.4 / 2.875* 3,60 = 50004,81



Сыртқы жылу Jн = 59 Ккал/кг, Jвн46,2 Ккал/кг.

Бөлмені тазартуға қажет ауа көлемі, мына формуламен анықталады:

G = m*Q / (Iп – Iр) (4.4)

G = 39934,4*3,6/(59 – 46.2) = 11231,55 кг/ч

Яғни пайдаланатын бөлме-жайда жұмысқа қолайлы жағдай туғыздыру үшін БРИЗАРТ 3500 типті сегіз желдеткіш пайдаланылады, әрқайсысының ауа желдетуі 11231,55 кг/ч суық өңдейді.
4.4 Өрт қауіпсіздігі
Бір қабатты ғимараттың бөлмесінің өлшемдері 35*20*4 м.

Өнеркәсіп ғимараты мен бөлмесінің өрт қауіптілігі онда орындалатын технологиялық ерекшеліктерімен, және соларда қолданылатын жабдықтар мен материалдардың қасиетіне сонымен қатар оларды өңдеу шарттарымен анықталады. ЕО бөлмелері үшін өрт қауіптілігінің В категориясы орнатылған.



  1. Өртке қарсы талаптар.

ЕО электронды жабдықтарының қымбаттылығын және де олардың өртке қауіптілік категориясын ескере отырып ВЦ ғимараты 1-ші деңгейлі оттөзімділікке жатады.

1 сағат төзімділігі бар материалдардан істелінген технологиялық едендер астымен желілік кабілдер жүргізілген.



  1. Адамдарды эвакуациялау.

Эвакуациялық жолдардың өлшемдері мен конструктрлық-жобалаулар шешімі және құрылыс нормалары мен СНиП 2.01.02-85:3 шығу ені 1,5 м және биіктігі 2 м ережелерімен бекітілген шығулар.

Эвакуациялық шығыстарының аралары



L>=1,5 (4.5)

мұндағы Р – бөлмені периметірі

осындай болатындай етіп орналасуы керек.

Сонда P=35*4=140 м. Бұдан L>=1,5 (140)*sqrt=17.7 м. жуықтаймыз L=17м



  1. Түтінге қарсы қорғаныс.

Баспалдақ клеткаларының түтіндемеуі таңдау жолымен іске асырылады, яғни оларға арнайыланған желдетулік орнатпалармен таза ауаны үрлеу қажет. Оларға 2 әлпі қарастырылған:

    • жұмыстық. Ондағы тұрақты жұмыс таңдау ауасы 5 Па;

    • төте (өрт кезінде). Ауа таңдауы 20 Па –дан кем емес.

  1. Найзағайдан қорғау.

Найзағайдан қорғау категориясы – 11 (Зона Б). Күтілетін өрт найзағасының саны.

N=[(A+6Нзд)*(В+6Нзд)-7.7Нзд2]*n*10-6, (4.6)

Мұнда А-ені, В-ғимарат ұзындығы (м), Нзд –биіктік (м), n=1.

A=20м, B=20м, Н=4,3м. Бұдан

N= [(20+6*4,3)*(20+6*4,3)-7.7*4,32]*10-6 ≈2*10-3

Ғимараттың жанында биіктігі һ=(R+1,63 Нзд)/1,5 (м) дара стержіндік найзағай қайтарғыш орналасқан. Мұндағы R=20 м болсын, онда һ=(20+1,63*4,3)/1,5=27,01 м.

5. Өртті сөндірудің бірінші құралдары.

Есепке жүгіне отырып, әрбір ОУ-5 типті қолдық көмірқышқыл өрт сөндіргішті бөлменің 40-50 м2 ауданында орналасуы керек. Сонымен Sбөл=700м2 ауданы бар бөлмеге N=Sбөл/50 өрт сөндіргіш қажет, яғни N=700/50=14дана.

Есепке жүгіне отырып, бөлмелердің биіктігі 4,5 м-ге дейін болған жағдайда әрбір 9 метіріне РИД-6М типті өрт хабарландығыштарын орналастырылған. Сонымен бөлменің ұзындығы В=35 м болған жағдайда В/9 хабарландырғыш қажет, яғни 35/9=4 хабарландырғыш.

Өртті автоматты түрде сөндіру үшін УАП-А типті пневмопускісі бар газ типті 2-АУП өрт сөндіргіші қолданылады. Баллонда, үлестіргіш құбырлар мен коллектірлердегі қалдықтарлы есептемегенде 114В2 хладонның негізгі қосалқы массасын мына формула анықтайды.

m=V*q*k (4.7)

мұнда V – қорғалатын бөлменің көлемі, м3

q – заттың нормативтік массалық өрт сөндіргіш шоғыры (В=0.22 кг/м3 категориялы бөлмелер үшін);

к - қорғалатын бөлмелерден сыртқа кету кесірінен хладонның шығынын ескеретін коэффициент.

Бұдан V=35*20*4=2800 м2 кезінде қосалқы хладон

m= 2800*0,22*1,2=739.2 кг тең болуы қажет.


4.4.1 Өрт қауіпсіздігіне қойылатын нормалар
Жұмыс орны өрт қауіптілігі жағынан II дәрежедегі кәсіпорынға жатады.

Ғимаратты өрт шыдамдылығы жағынан I не II дәрежеліге жатқызуға болады. Мұндай ғимарат үшін негізігі құрылыстық конструкциялардың нормалары келесі кестеде берілген:


Кесте 4.1 - Құрылыстық конструкциялардың нормалары


Ғимараттың және құрылыстың өрт шыдамдылық дәрежесі

Негізгі құрылыстық конструкциялар

Ұстаушы қабырғалар, баспалдақтық қабырғалар, клонналар

Баспалдақтық алаңдар, баспалдақтық клеткалардағы балкалар мен марштар

Ілінетін панельден жасалынған сыртқы қабырғалар

Ішкі ұстаушы қабырғалар

Этаж аралық ұстаушы конструкциялар

Плиталар және т.б.

Минимальды талаптар

I

2,5

1

0,5

0,5

1

0,5

II

2

1

0,5

0,25

0,75

0,25

Максимальды талаптар

I

Қойылмайды

II

Қойылмайды

40

қойылмайды

Кесте 4.2 - Өртке қарсы тосқауылдардың өрт шыдамдылығы




өртке қарсы тосқауылдар


өрт шыдам-дылығының

ең кіші шегі



өртке қарсы қабырға

өртке қарсы қабырғадағы есік, терезе мен дарбазалар

өртке қарсы перегородка

өртке қарсы жамылғы ( перекрытие). Өрт шыдамдылығы I дәрежелі ғимарат үшін

өртке қарсы жамылғы ( перекрытие). Өрт шыдамдылығы I жоғары дәрежелі ғимарат үшін


2,5

1,2
0,75

1,0
0,75


Жергілікті өрт ошақтарын сөндіру үшін өрт сөндіргіштері қолданылады. Бөлмеде шығар есіктің қасында қабырғада ОУ-5 көмірқышқылдық өрт сөндіргіші ілулі тұр. Қол көмірқышқылдық өрт сөндіргіштерін әрбір 100 м2 ауданда орналастырған. Жұмыс орнында өртке қарсы щит және ұзындығы 20м өрт краны орналасқан. Щит ішінде екі ОХП-10 өрт сөндіргіші және екі шелек бар.

Қарастырылып отырған ғимарат бір этажды болып табылады. Құрылым бойынша баспалдақ алаңына апаратын екі эвакуациялық шығыс бар. Эвакуациялық шығыстардағы есіктің ені 1м мен биіктігі 2м және олар коридордың екі жағында орналасып, орталық баспалдақ алаңына шығарады. Баспалдақтар ені 2м. Ғимараттың ішінде өрт болған жағдайдағы эвакуацияның жоспары ілулі тұр.
4.5 Жасанды жарықтың есептелуі

Жалпы есептелуі екі әдіспен жасалады: пайдалану коэффицент әдісі және нүктелік әдіс. Пайдалану коеффициент әдісі көлеңке жасайтын үлкен заттары жоқ көлденең беттерді жалпы біркелкі жарықтануды есептеу үшін қолданылады.

Нүктелік әдіспен жалпы локальдық жарықтану, көлеңкесі бар жалпы біркелкі жарықтану және жергілікті жарықтану есептелінеді.

Пайдалану коэффициент әдісі:

Келтірілген әдіс есептелу бетіне түсетін жарық ағымының жарық құралдың толық ағымына қатынасқа тең  коэффициенттің мәнін анықтауда болады. Есептеу практикасында  мәндерін бөлменің (бөлменің индексі і) геометриялық параметрлерін олардың оптикалық сипаттамаларымен (төбенің шағылыстыру коэффициенттері) пот, ст., п байланыстыратын кестеден алады.

і бөлменің индексі келесі формуламен анықталады:



(4.8)

мұндағы: А- бөлменің ұзындығы;

В- бөлменің ені;

Һ- есептелу биіктігі

Шағылыстыру коэффициенттердің бағытталған мәндері 4.3 кестеде келтірілген.

Кесте 4.3 - Өндірістік бөлмелердің пот, ст мәндері




Төбенің күйі

пот., %

Қабырғаның күйі

ст. %

Жаңадан ақталған

70

Ақ перделермен жабылған,

70

Ылғалды бөлмеде

 

жаңадан ақталған терезелермен

 

ақталған

50

Перделерсіз терзелері бар,

 

Таза бетонды

50

ақталған

50

Ашық ағашты

 

Терезелері бар бетонды

30

(боялған)

50

Штукатурленген кірпіштік

10

Лас бетонды

30

Кір

10

Кір

10









F әр жарықтанушының керекті ағымы келесі формула бойынша анықталады:

мұндағы Е- берілген минималды жарықтану;

Кз- қордың коэффициенті;

S- жарықталған аудан, м2;

Z- жарықтың біркелкімелік коэффициенті Z = 1,1  1,2;

N- жарықтанушылардың саны (есептеуге дейін бекітілген);

ДРЛ немесе қыздыру шамдармен жарықты есептеген кезде, алдымен төбенің ауданы бойынша жарықтанушыларды орналастырып, олардың санын анықтау керек. Есептелу нәтижесінде керекті жарық ағымы үшін ең жақын қыздыру немесе ДРЛ шамы таңдалады. Шамның жарық ағымы тек 10-20% ауытқуы рұқсат етіледі.

Есептің берілгені: ұзындығы 35м, ені 20м, биіктігі 4м болатын бөлменің жалпы жарықталуын анықтау керек. Төбесі ақталған, перделермен жабылмаған терезелері бар ақталған қабырғалары бар бөлме. Көру жұмысының разряды- IV,в. Нормирленген жарықталуы- 200лк. Қуаты 80 Вт 2-ші группалы ЛБ люминесцендік шамдармен жалпы жарықталу жүйесін таңдаймыз, жарықтық ағым Фл = 5220 лк (кесте 4.5). Төбенің, еденнің, қабырғаның шағылыстыру коэффициенттері пот.=70%, ст.=50%, пол.=30%.

Ілінудің есептелген биіктігі- жұмыс беті еденнен 1,2м биіктікте орналасқан, шамдардың түсуінің биіктігі- 0,5м, бұдан, h = 4-(1 +0.5) = 2,5м.

Жарықтанушылардың арасындағы ең тиімді ұзындығы келесідей анықталады:

Z =  • h = 1,4 • 2,5 = 3,5 м.

Қабырғадан 0,5м қашықтықта 3 қатар жарықтанушыларды аламыз, қатарлардың арасындағы қашықтық 4м.

Бөлменің индексін (4.1) формула бойынша анықтаймыз:

i=35*20/4*(35+20)=700/220=3.181

Бұл мәндерді 4.2 формулаға қойып, люминесценттік шамдардың санын анықтаймыз.

F әр жарықтанушының керекті ағымы келесі формула бойынша анықталады:

F=400*1.5*700*1.1/1=462000

Керекті шамдардың саны

N=F/F=462000/5220=88.5

400 лк нормирленген жарықтануды құру үшін барлығы қуаты 80Вт 88 ЛБ шам керек.

СНиП ІІ-4–89 құжаты негізінде табиғи емес жарықтандыру шарттары өнеркәсіптік кәсіпорындарда көз жұмысын талап ететін жұмыстарға, адамдардың физикалық және моральдік көңіл-күйіне көп әсер етеді.

Кәсіпорындық ғимараттарды жарықтанудың жоғары болуы жұмыс жағдайына дұрыс әсерін тигізеді.

Авариялық жарықтану, жалпы жарықтанудан 5%-ке аз жарықтануды қамтамасыз етуі керек, бірақ ғимарат ішінде оның деңгейі 2 лк-дан аз болмауы керек.

Эвакуациялық жарықтану, адамнның қауіпті деген өтетін жерлеріне орналасады, ол өтетін жолдардың еденінде, баспалдақтарда орналасады, оның деңгейі ғимарат ішінде 0,1лк, ал ашық территорияда 0,2 лк болу керек.


Кесте 4.4 - Жарықтану нормасы


Жұмыс орны

Жарықтандыру беті, еденнен биіктігі

Жарықтану нормасы, лк

Кп, %

артық емес



Комбинациялық жарықтану

Жалпы жарықтану

Машиналық зал


ЭЕМ эксплуатациялық зал
Техникалық қызмет көрсету залы
Ақпарат тасы-ғыш құралдарды сақтау залы

Г – 0,8


Г – 0,8

Г – 0,8


750


750

750


400


400

400

300

15

15


15


20

4.5.1 Жұмыс орнының жасанды жарықталуы


Өндірістік кәсіпорындарындағы жасанды жарықталуының шарттары адамның көру жұмыс қабілеттігіне, физикалық және моральдық күйіне үлкен әсер етеді, ал бұл еңбек өнімділігіне және өнімнің сапасына әсер етуіне әкеледі.

Еңбектің жағымды шарттарын құру үшін өндірістік жарықталуы келесі талаптарға сай болу керек:



  • жұмыс орындағы жарықталуы тазалық нормаға сәйкес болу керек;

  • жұмыс бетіндегі және қоршаған кеңістіктің шектегі жарық мүмкіндігінше біркелкі таратылу керек;

  • жұмыс бетіндегі кенет көленкенің болуы жарықтың біркелкі емес таратылуына әкеледі, сондықтан оларды мүмкіндігінше жою керек;

  • көру алаңында жарқылдық (тура немесе шағылысқан) болмау керек.


4.5.2 Жарықтың көзін таңдау

Жасанды жарық үшін қызу және газоразрядтық шамдар қолданылады. Жалпы жұмыстық қыздыру шамдардың типтерін белгілеу шартындағы келесі әріптер мынаны білдіреді: В- ваакумдық, Г- газбен толтырылған, Б- биспиральдық, БК- биспиральдық криптондық. Шамдардың жарықтық ағымдары, жалпы жұмыстық қыздырушылық және олардың қуаты 4.4 кестеде келтірілген.



Кесте 4.5 - Жалпы жұмыстық қыздырушылық шамның қуаты мен жарықтық ағым

Шамның типі

Қуат Вт

220


200-235

Шамның типі

Қуат Вт

200

200-235

кернеуіндегі жарықтық ағым

кернеуіндегі жарықтық ағым

В

15

105

85

Б

150

2100

1840

В

25

220

190

Г

200

2800

-

Б

40

400

300

Б

200

2920

2540

БК

40

460

-

Г

300

4600

4000

Б

60

716

550

Г

500

8300

7200

БК

60

790

-

Г

750

13100

-

Б

100

1350

1090

Г

1000

18600

-

БК

100

1450

-

Г

1500

2900

-

Г

150

2000

-

 

 

 

 

Кіші қысымды газоразрядтық шамдар ең үнемді болып саналады (ЛД, ЛДЦ, ЛХБ және т.б.). Газоразрядтық шамдардың кейбір техникалық сипаттамалары 3- кестеде келтірілген.



Кесте 4.6 - Кіші қысымды газоразрядтық шамдардың кейбір сипаттамалары




Номиналдық

номиналды жарықтық ағым

лм., шамдар типі

Шамның өлшемі, мм.

қуат, Вт

ЛДЦ

ЛД

ЛХБ

ЛТБ

ДБ

Диаметр

Штырьдың ұзындығы

15

500

590

675

700

760

27

451,6

20

820

920

935

975

1060

40

604,0

30

1450

1640

1720

1720

2100

27

908,8

40

2100

2340

3000

3000

3120

40

1213,6

65

3050

3570

3820

3980

4650

40

1514,2

80

3740

4070

4440

4440

5220

40

1514,2

4.6 Өндірістегі шу


ГОСТ 12.1.003-91 құжаты шу классификациясы, сипаттамасы мен жұмыс орындарында шекті деңгейін, одан қорғану түрлері, машиналар, транспорт құралдары мен басқа құралдардың шумдік сипаттамасы мен өлшеу методтарын бекітеді.

4.6.1 Жұмыс орнында шудың шекті деңгейі

Жұмыс орындарында тұрақты шу сипаттамасы, 31.5, 63, 125, 250, 500, 1000, 2000, 4000, 8000 Гц ортагеометрикалық жиіліктердегі октав қабаттарындаға дыбыс қысымы L (дБ) арқылы келесі формуламен анықталады:

L = 20 lg (p/p0)

p – дыбыс қысымының орташа квадраттық мәні, Па;

p0 – дыбыс қысымының мәні. Ауада p0 = 2 х 10-5 Па.

Жұмыс орнында тұрақсыз шум сипаттамасы интегральді критерий арқылы анықталады.

Жұмыс орындарында дыбыс қысымының октавты қабат жиілігінде, дыбыс деңгейі мен дыбыс деңгейіне баламаның шекті деңгейі келесі шарттар бойынша бөлінеді:



  • кеңполоскалы тұрақты және тұрақсыз шум – кесте бойынша мәндерге ие болады;

  • тональді және импульсті шум – кестеде көрсетілгеннен 5 дБ төмен мәндерге ие болады.

Кесте 4.7 - Дыбыс деңгейі мен дыбыс деңгейіне балама шекті деңгейлер




Жұмыс орны

Орташа геометрикалық

жиіліктегі октавті қабаттарда, Гц,

дыбыс қысымының деңгейі, дБ,


Дыбыс деңгейі

31,5

63

125

250

500

1000

2000

4000

8000

  1. Шығармашылық жұмыстар, аса маңызды басқару жұмыстары, ғылыми жұмыстар, жобалау мен құрастыру, программалау, оқыту мен үйрету, дәрігерлік қызмет:

ғимараттағы жұмыс орындар, дирекция, жобалау-құрастыру бюро, есеп жүргізу орындары, программисттер, теоретикалық жұмыстар лабораториясы, ауруларды қабылдау бөлмелері




  1. Ойлауды талап ететін жоғары деңгейлі жұмыстар, әкімшілік басқару қызметі, лабораторяида өлшеу-аналитикалық жұмыстар:

цехтік басқару аппаратындағы жұмыс орындар, конторлық ғимараттардағы жұмыс орындар, лабораториялар





  1. Акустикалық сигналдарды қабылдау мен айналысатын жұмыс орындар, тұрақты акустикалық контактты талап ететін жұмыстар, анық графиканы талап ететін жұмыс, диспетчерлік жұмыс:

диспетчерлік қызмет атқаратын жұмыс орындар, телефонмен байланыс жасайтын бақылау мен дистанциялық басқару кабинеттері, телефон мен телеграф станцияларында




  1. Бақылау мен дистанциялық басқару жұмыстарымен қатар аса маңызды циклдік қызмет атқаратын жұмыс орындары

телефон байланысын талап етпейтін бақылау мен дистанциялық басқару кабинеттері, шумды құралдар бар жұмыс орындары мен лаборатириялар, есептеу машиналарының шумды агрегаттарын сақтацтын орындар




  1. Кәсіпорын территориясында барлық жұмыстар (1-4 тізіміндегі жағдайлардан басқа)

86

93



96

103

107

71

79



83

91


95

61

70



74

83


87

54

63



68

77


82

49

58



63

73


78

45

55



60

70


75

42

52



57

68


73

40

50



55

66


71

38

49



54

64


69

50

60



65

75


80

4.7 Техника қауіпсіздігі


Пештік құрылғыны қолданудың қауіпсіздік техникасы:

- қорғаныс кожух ;

- қорғасынды қорғаныс әйнесі.


  1. Юстировка жасау үшін персонал қорғасынды халат және маска кию керек.

  2. Қызмет көрсетуші персонал рентгендік құрылғы қосылып түрған кезде, 5 сағаттан артық болмау керек.

  3. Жүмысшыларда қысқартылған жүмыс күні болу керек.

4.8 Электр қауіпсіздігі


ГОСТ 12.1.038-89 құжаты негізінде 400 Гц - ге дейін жиілікте тұрақты және айнымалы токпен жұмыс істейтін электр қондырғыларының қорғаныс жерлену мен нулденуіне арналған, және қорғаныс жерлену мен нулдену арқылы электр қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Стандарт жарылысқа қауіпті зоналар, электр транспорттар, кемелер, металликалық резервуардарда, су астында, жер асты мен медициналық техниканың қорғаныс жерлену мен нулденуіне қолданбайды.

Қорғаныс жерлену мен нулдену, изоляцияның бұзылғанының арқасында электр қондырғысының ток жүрмейтін металл бөліктері кернеу астында қалғанды, адамның сол металл бөліктеріне тиіп кеткен жағдайда электр тогынан қорғау керек.

Қорғаныс жерлену электр қондырғысының металликалық бөлімімен жер немесе жерге балама арасындағы әдейі жасалған электрлік байланыста айтады.

Нулдену электр қондырғысының металликалық бөлімімен қоректі көздің жерленген нүктесі арасында қорғаныс нулдік өткізгіш арқылы электр байланысы айтылады.

Қорғаныс жерлену мен нулденуге электр қондырғыларының ток жүргізбейтін металликалық бөлімдерінің басқа түрлі қорғаныс әдісі болмаған жағдайда қамтылу керек.

Электр қондырғыларының қорғаныс жерлену мен нулденуін келесі шарттарға сәйкес орындау керек: айналмалы токтың номинальді кернеуінің 380 В - тан, тұрақты токтың 440 В - тан жоғары болған кезде міндетті түрде болу керек; ГОСТ 12.1.013 - 78 құжатына сәйкес қауіпті және аса қауіпті жұмыстарда айналмалы токтың номинальді кернеуінің 42-380 В аралығында, тұрақты токтың 110 - 440 В аралығында болған кезде міндетті түрде болу керек.

Электр қондырғыларында қорғаныс жерлеу ретінде алғашқы кезеңде табиғи жерлегіштер қолданылуы керек.

Өнеркәсіптік ғимараттардың темірбетон фундаментін табиғи жерлегіш ретінде алғанда, қосымша табиғи емес жерлегіштер қажет болмайды.

Шекті кернеу мен жерлегіш құралдарының кедергісі жылдың кез келген мезгілінде қамтылу керек.

Бір немесе көп қызмет атқаратын электр қондырғыларына жерлегіш қызметін атқаратын құралдар, осы электр қондырғысының жерлегіш функциясын атқаратын барлық талаптарына сәйкес болу керек.

Жерлегіш мен нулдену қорғанысқа қолданылатын өткізгіш ретінде осы қызметке арнайы жасақталған құралдарды пайдалану керек, немесе құрылыс металликалық, электромонтаждық конструкцияларды қолданған жөн. Нулдегіш өткізгіштер ретінде алғашқы кезеңде жұмысқа қабілетті тұрған өткізгіштерді пайдалану керек.

Жерлегіш қорғаныс пен нулденуге қолданатын өткізгіштердің материалы, конструкциясы мен размері, жылдың барлық мезгіліне және механикалық пен химиялық әсерлерге тұрақтылықты қамтамасыз ету керек.

Металликалық құрылыс заттары мен өнеркәсіптік конструкциялар арасында потенциалдарды теңестіру үшін жерлегіш немесе нулдегіш желілеріне қосылу керек.




Ток түрі

Ток әсерінің астында қалуының шекті (артық емес) мөлшері, с

0,01-0,03

0,1

0,2

0,3

0,4

0,5

0,6

0,7

0,8

0,9

1

1-ден артық

Айналмалы 50 Гц


Айналмалы 400 Гц
Тұрақты

650
650


650

500
500


500

250
500


400

165
330


350

125
250


300

100
200


250

85
170


240

70
140


230

65
130


220

55
110


210

50
100


200

36

6



36

8

40



10

Кесте 4.8 - Ток әсерінің астында қалуының шекті (артық емес) мөлшері

5. СӘУЛЕЛЕНДІРІЛГЕН КРЕМНИЙ ҚОСТОТЫҒЫН АЛУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСІНЕ ЖОБАНЫ ДАЙЫНДАУ МЕН ЕНГІЗУДІҢ ШЫҒЫНДАРЫН ЕСЕПТЕУ

5.1 Технико – экономикалық нақтылау

Сәулелендірілген кремнийдің құны тазалығына байланысты әрқалай болуы мүмкін. Сонымен, кремний сапасы бастапқы материалдардың тазалығымен және оны дайындау сапасымен анықталады.

Сәулелендірілген кремнийді технологиялық әдістермен алады. Одан кейін, сол сәулелендірілген кремнийді тазартудың әр түрлі әдістердің көмегімен кремнийдің күн және электронды сапаларын алады.

Кремнийді тазартудың дәстүрлі әдісі – трихлорсиланды технология, бүгін кремнийдің өзіндік құнын түсіру мүмкіндіктерін кетірді.

Кремнийдің бағасын едәуір түсірудің екі түрлі жолы бар:



  1. Тазалығы жартылай өткізгішті арзан кремний алу.

  2. Тазалығы аздау арзанырақ кремний алу, бірақ күн батареяларын жасауға жарамды – күн кремниі.

Негізгі өнімнің тазалығы өте сапалы болса, соғұрлым кремнийдің бағасы жоғарылайды, қазіргі кезде брикеттік әдісті қолдану кремнийдің өзіндік құнын түсіріп қана қоймай, сонымен қатар алынатын кремнийдің сапасын және өндіріс көлемін ұлғайтады.

Қазіргі кезде арзан күн кремнийін алу тәсілдерін шығарып жасауға бірнеше негізгі бағыттар көрсетуге болады:



  1. Кремнийдің ұшқыш қосылыстарының пиролизі немесе қалпына келтіру.

  2. Тазалығы жоғары кремнийді алудың фторидті тәсілдері.

  3. Техникалық кремнийді рафинадтау.

  4. Тазалығы жоғары кремний диоксидін көміртекпен қалпына келтіру.

Бүгінге арзан күн кремнийін алудың керекті шарты аталмыш тазалығы жоғары техникалық кремнийді қолдану болып есептеледі. Оны табиғи суперкварциттерден және сапалы техникалық көміртектен алады.

5.2 Шихта дайындық пен брикетті жасайтын құрылғыны алуға және оны орнатуға кететін шығынды есептеу



  1. Ұсақтау мен кварцты байыту линиясы 20000

  2. Шихта араластырғышы 10000

  3. Брикекетті қысқыш 7000

  4. Муфельді пеш 15000

  5. Жоғары тазалықты кремнийге арналған

шихта дайындық жобасы 20000

Барлығы : 72000 ш.б.

Доллардың курсы 124 тг

Теңгемен есептегенде құрылғылардың бағасы 72000*124=8928000 тг

6) Құрылғыны орнату үшін 15 монтажшы керек, олар 3 ай жұмыс істейді.

Монтажбен айналысатын жұмысшалардың жалақысын санайық.

Кесте 5.1 - Монтажбен айналысатын жұмысшалардың саны мен жалақылары


Лауазымы

Адам саны

Жалақысы

Жұмыс істеу ұзақтығы

Жалақының барлығы

Монтажшы

15

25000

3

1125000



  • Әлеуметтік салық

(15450-1030-1545)*0,2+(25000-15450-955)*0,15=2575+1290=3865 тг

3 айда 15 адам үшін 3865*15*3=173925 тг



  • Әлеуметтік салықты қосқанда жалақы қоры:

1125000+173925=1298925 тг

5.3 Жұмысшылардың жалақысын есептеу

Жобаны енгізуге ат салысқан келесі жұмысшылар: жоба басшысы, инженер – зерттеуші – 3 адам, инженер көмекшісі – 2 адам.

Кесте 5.2 - Жобаны енгізушілер, олардың жалақыларының көлемі мен жұмыс істеу ұзақтығы



Лауазымы

Адам саны

Жалақылары (1 айға)

Жұмыс істеу ұзақтығы

Жалақының барлығы

Жоба басшысы

1

50000

12

600000

Инженер зерттеуші

3

40000

12

1440000

Инженер көмекшісі

2

20000

12

480000

Барлығы

2520000

Барлық жалақы: 2520000 теңге құрайды.

  • Әлеуметтік аударулар және зейнетақы қорына бөлінулер:

    1. (15450-1030-1545)*0,2+ (41200-15450-2575)*0,15+(50000-41200- 880)*0,12=2575+3476,25+950,4=7001,65

    2. (15450-1030-1545)*0,2+(40000-15450-2455)*0,15=2575+3314,25=5889,25

    3. (15450-1030-1545)*0,2+(20000-15450-455)*0,15=2575+614,25=3189,25

Жалпы 7001,65+5889,25+3189,25=16080,15

16080,15*3=192961,8



  • Жалақы мен әлеуметтік бөлінулердің жалпы қоры:

2520000+192061,8=2712961,8 теңге.

Шихта дайындау үрдісінің өзгертуінің жасалуы және енгізуге кеткен шығындарды – капиталды салымдар деп есептейік. Оның ішінде жабдықтардың құны, зерттеушілер мен монтажшылардың жалақылары.

Кесте 5.3 - Капиталдық салымдар


Аты

Сома

Зерттеушілердің жалақылары

2712961,8

Монтажшылардың жалақылары

1298925

Жабдықтар

10680000

Барлығы

14691886

5.4 Негізгі персоналдың жалақылары

Негізгі персоналға пеште жұмыс істейтін адамдарды алайық – қысқыш слесарьлары – 3 адам, араластырғыш слесарьлары – 4 адам, муфельді пеш слесарьлары – 8 адам, басқа көмекші жұмысшылар – 5 адам.

Кесте 5.4 - Негізгі жұмысшылар, олардың жалақыларының көлемі мен жұмыс істеу ұзақтығы


Лауазымы

Адам саны

Жалақысы

Жұмыс істеу ұзақтығы

Жалақының барлығы

қысқыш слесарьлары

3

27000

12

972000

араластырғыш слесарьлары

4

30000

12

1440000

муфельді пеш слесарьлары

8

35000

12

3360000

Көмекші жұмысшылар

5

20000

12

1200000

Барлығы

20

6972000



  • Әлеуметтік аударулар және зейнетақы қорына бөлінулер:

    1. (15450-1030-1545)*0,2+ (27000-15450-1155)*0,15=2575+1559,25=4134,65

    2. (15450-1030-1545)*0,2+(30000-15450-1455)*0,15=2575+1964,25=4539,25

    3. (15450-1030-1545)*0,2+(35000-15450-1955)*0,15=2575+2639,25=5214,25

    4. (15450-1030-1545)*0,2+(20000-15450-455)*0,15=2575+614,25=3189,25

Жалпы 4134,65+4539,25+5214,25+3189,25=17077

17077*12=204924



  • Жалақы мен әлеуметтік бөлінулердің жалпы қоры:

6972000+204924=7176924 теңге.

Кесте 5.5-те – 25 кг кремний балқытуға жұмсалатын материалдардың мәліметтері көрсетілген.

Кесте 5.5 - Негізгі материалдар мен шикізаттардың бағалары


Материалдар аты

Саны (кг)

1 кг бағасы

Құны (доллар)

Құны (теңге)

Суперкварцит

100

0,15

15

1950

Ағаш көмірі

45

0,36

16,2

2106

Мұнай коксы

10

0,10

1

130

Көмір электроды

3,6

0,35

1,26

163,8

Барлығы

4349,8

25 килограмм кремний балқытуға жұмсалатын шығындар – 4349,8 теңге болады.

1 килограмм кремний балқытуға жұмсалатын шығындар – 173,9 теңге болады.

5.5 Шихтаны брикеттеуге кететін электр энергиясы.

Кесте 5.6 - Электр энергиясының есептеуі


Жабдықтар

Қуаты, кВт/сағ

Жұмыс істеу уақыты, сағ

электр энергиясының шығыны

Кварцты ұнтақтау және байыту линиясы

10

3

30

Араластырғыш

4

5

20

Қысқыш

0,8

4

3,2

Муфельді пеш

7

20

140

Барлығы

193,2

Электр энергиясының құны 4,6 тг/квт.

193,2*4,6=888,72 тг

5.6 Негізгі қаражаттың амортизациясы.

Жабдықтар амортизациясы

Жабдықтар құны 10080000 тг.

Жабдықтардың жұмыс істеу мерзімін 10 жыл деп алайық.

Амортизация нормасы – 10 %.

А=1008000*0,1=1008000 тг/жыл

Цех ғимаратының амортизациясы:

Цех алаңын есептеу:

бір негізгі жұмысшыға – 14 м2 өндірістік алаң керек

бір көмекші жұмысшыға – 1 м2 өндірістік алаң керек

1 м2 өндірістік алаң құны

негізгі жұмысшыға – 35000 теңге

көмекші жұмысшыға – 27000 теңге

Ғимаратты жөндеуге арналған бөлінулер – 3 %.

Жабдықтарды жөндеуге арналған бөлінулер

көлемі жабдықтар құнының – 5 %.

Амортизация нормасы – 1,2 %.

Персоналдың жалпы саны:



(Nитр+Nмонт+Nнег.пер. )=9+15+30=54 адам

А) 54*14*35000=26460000 теңге.

Б) 54*1*27000=1458000 теңге.

Ғимарат құны: 26460000+1458000=27918000 теңге.

Амортизациялық бөлінулер: 27918000*0,012=335016 теңге.

Ғимаратты жөндеуге арналған бөлінулер:

27918000*0,03=837540 теңге.

Жабдықтарды жөндеуге арналған бөлінулер:

10080000*0,05=504000 теңге.


  • Электр энергиясына кететін шығындар.

Цех ұзындығы бір жұмысшыға: 14м2+1м2=15м2.

Цех биіктігі 15 м.

V=15*15=225м3

Өндірістік алаңның 1 м3–на 15 Вт/сағ электр энергиясы жұмсалады.

225*15=3375 Вт/сағ* м3

Жарықтандыру уақыты бір жылда: 2300 сағ.

Сонда 3375*2300=7762500 Вт/жыл немесе 7762,5 кВт/жыл.

1 кВт энергияға тариф бойынша 4,6 теңге.

Сонда бір жылда 7762,5*4,6=35707,5 теңге бір жұмысшыға

кететін шығын.

Электр энергиясының кететін жалпы шығыны бір жылда

36018*54=1944972 теңге.



  • Жылытуға пар.

1 м3 өндірістік алаңға 15 кал/сағ пар кетеді.

225*15=3375 кал/сағ* м3

Жылыту мерзімі 4320 сағ.

3375*4320=14580000 кал/жыл* м3

Бір тонна пар 1000000 калорияға эквивалентті.

14580000 кал = 14,58 тонна бір жылытатын мерзімге.

1 тонна пардың құны 400 теңге.

14,58*400=5832 теңге бір жұмысшыға.

Жылытатын мерзімге пар үшін кететін шығындар жылына

5832*54=314928 теңге



  • Суға кететін шығындар.

Бір жұмысшыға бір аусымда 25 л су шығындалады.

1 м3 судың құны – 10 теңге.

1 жылда 252 жұмыс күні бар.

252*54*25=340200 л/жыл

340200 л = 340,2 м3

340,2*10=3402 теңге жылына.

5.7 Цехтық шығындар.


    1. Электр энергиясына кететін шығындар – 2095875 теңге/жыл.

    2. Көмекші жұмысшылардың жалақылары - 3631790 теңге/жыл.

    3. Жобаны енгізушілердің жалақылары – 2712961,8 теңге/жыл.

    4. Суға, жылытуға кететін шығындар – 318330 теңге/жыл.

    5. Жұмыс қауіпсіздігіне кететін шығындар – 710546,4 теңге/жыл.

    6. Ғимарат пен жабдықтарды жөндеуге кететін шығындар –

2076540 теңге/жыл.

Басқа да цех шығындары 25 %

Жалпы цех шығындары – 9850796 теңге.

5.8 Өзіндік құнының калькуляциясы

Негізгі материалдар мен шикізаттардың бағалары 30,52

Негізгі персоналдың жалақылары 160,3

Электр энергиясының құны 4,83

Амортизация 27

Цехтық шығындары 197

Цехтық өзіндік құны 420

Завод шығындары 160

Заводтық өзіндік құны 580

Өндірістік емес шығындар 23,2

Толық өзіндік құны 603,15

Қорытынды нәтиже:

Санағанымыздай кремний балқыту үшін шихтаның бағасы 603,15 тг болады. Техникалық кремнийге қойылатын дүниежүзілік талаптарды қанағаттандырады. Шыққан баға техникалық кремний өндіретін басқа мемлекеттердің бағаларына қарағанда төмен болып тұр.



ҚОРЫТЫНДЫ
Жұмыста бірінші рет бақыланатын сыртқы жағдайлар кезінде (температура, қысым, ауа құрамы, сәулелену және т.б.) әртүрлі тыйым салынған зона ені, тиімділік беті, SiO2 электронды-донорлық қасиеттері мен құрылымы бар және спектроскопиялық(масс-спектрометрия, ЭПР, ИҚ-спектроскопия) кешенін және манометриялық әдістемелерді қолдана отырып оксидті материалдарға газдардың радиациялық- стимуляцияланған адсорбция табиғаты зерттелген және γ-сәулелену үшін осы құбылыстың негізгі заңдылықтары орнатылған. Орындалған зерттеулер нәтижесінде:

а) Иондалған сәулелену әсері бір жағынан беттік ОН-топтардың (тұйықталған және сутекті байланысқан) бұзылуын шақыртады, ал басқа жағынан су молекулаларының немесе үлгі көлеміндегі сутек молекулаларының құрылуын орнатады. Оксидтердің дегидратация және дегидросилирлау нәтижесі болып кремнийдің қостотығында адсорбция орталығы болатын қоздырылған силоксанды көпірлердің пайда болуы табылды.

б) Оксидтердегі радиациялық-стимулданған адсорбцияның кинетикалық сипаттамалары зерттелген, адсорбция үрдісі реакциясының реті анықталған, осының негізінде (n=1/2) атомдық түрдегі сутектің және (n=1) молекулярлық түрдегі оттектің артықшылық адсорбция жөнінде қорытынды жасалған. γ-кванттар әсері кезінде адсорбцияның жылдамдығының монотонды емес тәуелділіктері, адсорбцияланған газ саны және алдын ала тесу температурасынан парамагниттік орталықтар концентрациясы табылды. Фотоадсорбциондық эффекті максимумы Тпр=1173 К және Тпр=473 К кезінде, ал гамма-сорбциондық эффект Тпр=1073 К және Тпр=673 К кезінде байқалады. Кремнийдің қостотығы үшін бұл эффекттерді азөлшемді адсорбциондық қондырғыларды конструкциялау кезінде қолдану жорамалданады.

в) Оттектің фотоадсорбциясының спектрлі сипаттамалары зерттелген, кремний қостотығының оттектің фотосорбциясында қоспалы жұту рөлі жөнінде болжамдары табылған және жасалған.

Фото және гамма-адсорбциондық эффектілер ұзақтылығы алдын ала қыздыру температурасынан тура пропорционалды тәуелді болатын индукционды периодтың бар болуымен сипатталады. Одан басқа зерттелген үлгілерде бөлшектер және нейтрондармен зарядталған гамма- кванттардың алдын ала сәулеленуіне «жад» эффектісі байқалады, ол алдын ала оксидтерде адсорбциондық қабілеттіліктер арттырудан немесе сәулелену аяқталғаннан кейін «постсорбцияның» пайда болуынан тұрады. Көрсетілген эффектілер табиғаты орнатылған.

г) Бастапқы және сәулеленген оксидтер парамагнетизмі зерттелген, әр түрлі температурада өңделген және әр түрлі сәулелену түрімен сәулеленген әр түрлі оксидтердегі парамагниттік орталықтарының кинетикалық қисық толтырулары алынған; парамагниттік орталықтар идентификациясы жүргізілген. Және де олардың әр түрлі электронды сипаттағы газдардың адсорбция үрдісінде рөлі анықталған. Оттектің адсорбциясы не ЭПР сигналының артуына әкелетін О2-радикалды формада, не парамагниттік орталықтар концентрациясына өтеді. Гамма- кванттары және зарядталған бөлшектермен сәулеленген кезде сутек адсорбциясы О- түріндегі D-тесік орталықтарында өтеді және гидроксильді топтардың қайта құрылуымен және парамагниттік орталықтардың жойылуымен қатар жүреді.

д) Кремний оксидтерінің беттік қасиеттеріне жоғары энергиядағы зарядталған бөлшектердің сәулелену әсері бірінші рет зерттелген, радиациондық адсорбция үрдісінде электронды қондырғылар рөлі орнатылған. ОРЗЭ-ге әсер ететін радиационды-стимулданған адсорбция сипаты және шамасы көп дәрежеде бастапқы оксидтердің электронды қасиеттерінен (айнымалы валенттілік, парамагнетизм, иондық радиус және т.б.); лантаноидты қатардың басында тұрған сирек жерді элементтерінің оксиді артықшылықты түрде адсорбцияның тесік орталықтарына құрылады және мүлде электрондық орталықтарға құрылмайды, бірақ Er2O3 және Dy2O3 қатар соңында орналасқан оксидтер үшін қарама-қарсы жағдай байқалады.

е) Нейтронды сәулеленудің оксидтер қасиеттеріне әсер етуін зерттеу кезінде сыртқы сәулелену әсерімен бірге тағы да Si30(n,γ) P31 ядролық реакция нәтижесінде пайда болатын, ішкі β-сәулеленумен шартталған қосымша «постсорбцияға» орын бар. Адсорбция үрдісіне анықталған үлесті құрылымдық ақаулар мен шарттар орталықтарды қосады.

ж) Оксидтердегі оттек және сутектің радиационды адсорбция механизмі ұсынылған. Оттек ең алдымен О-2 радикалды түрде және қоздырылған сутектік көпірлер бұзылған кезде пайда болатын белсенді орталықтарында сорбцияланады. Оттек болғанда иондалған сәулелену әсері кезінде биографиялық тектегі қалдықты органикалық қоспалардың тотығуы орын алады; нәтижесінде су, көмірқышқыл газ, формиат-ұқсас қосылыстар құрылады. Сәулеленген оксидтердегі сутек адсорбциясы гидроксильді қабаттың қайта құрылуымен қатар жүреді.

Жұмыста алынған ғылыми нәтижелерді оксидті материалдардағы радиационды-стимулданған құбылысының механизмдері мен табиғатын орнату мәселесіне қосқан үлесі ретінде қарастыруға болады.



ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. Абляев Ш.А., Стародубцев С.В., Ерматов С.Е. Изменение адсорбционных свойств силикагеля под действием гамма-лучей. - Докл. АН СССР.: Т.129, 1959- 72 с.

  2. Абляев Ш.А., Стародубцев С.В., Ерматов С.Е. Изменение адсорбционных свойств пористых тел под действием гамма-облучения. - Ташкент: Фан, Т.1, 1961- 174 с.

  3. Аксенова Т.И., Ерматов С.Е., Тусеев Т. Исследование центров фотосорбции на SiO2 методом ИК-спектроскопии. – Алма-Ата: 1979- 190с.

  4. Бобышев А.Н., Радциг В.А. Свободно-радикальные центры заданной структуры на поверхности диоксида кремния. - Кинетика и катализ: Т.31.1978- 925-930 с.

  5. Волков А.В., Киселев А.В., Лыгин В.И. Исследование дегидрокслирования и спекания силикагелей методом ИК- спектроскопии. - Коллойд. журн: Т.41, 1979- 323 с.

  6. Данчевская М.Н., Крейсберг В.А., Ракчеев В.А. Механизм воздействия поверхностно- активных веществ на процесс структурирования кремнезема. - Журн. физ. хим.: Т.62, №1, 1988- 122-127 с.

  7. Данчевская М.Н., Овчинникова О.Т. Спектры ЭПР облученных гамма-лучами кремнезема. - Журн. физ. хим.: Т.62, №1, 1988-128-132 с.

  8. Ерматов С.Е., Жуков Е.И., Тусеев Т. Изучение адсорбции водорода при облучении окислов кремнтя, алюминия, бериллия тяжелыми заряженными частицами. - Ташкент: Фан, 1974-84 с.

  9. Ерматов С.Е. Исследование поверхностных свойств и природы центров адсорбции облученного кремнезема. – М.: 1972-42 с.

  10. Ерматов С.Е., Жуков Е.И. Метод исследования адсорбции газа в двуокиси кремния при облучении заряженными частицами. - Изв. АН КазССР.: 1973-80с.

  11. Ерматов С.Е., Тусеев Т., Сидоров Н.А. Масс-спектрометрические исследования процессов фотосорбции в системе SiO2.- Изв. АН КазССР.: 1975-12 с.

  12. Ерматов С.Е., Тусеев Т. Температурная зависимость γ-адсорбционного эффекта на окисных адсорбентах. – М.: Наука, 1975-33 с.

  13. Ерматов С.Е., Тусеев Т. Зависимость γ-адсорбционного эффекта от температуры предварительной тренировки двуокиси кремния. – Тащкент: Фан, 1974-67 с.

  14. Ерматов С.Е., Тусеев Т. О роли гидроксильного покрова двуокиси кремния в фотосорбции кислорода. // Изв. АН КазССР, 1975-82 с.

  15. Ерматов С.Е., Тусеев Т., Вахабов М. Радиационно-стимулированная адсорбция на поверхности SiO2 и BeO. – Ташкент: Фан, 1985-65-71 с.

  16. Ерматов С.Е., Тусеев Т. Поверхностные радиационные эффекты на SiO2 и BeO. – Караганда: 1986- 72 с.

  17. Ерматов С.Е., Тусеев Т., Вахабов М. Радиационные центры адсорбции на SiO2. - Изв. АН УзССР.: №1, 1990- 21-24 с.

  18. Киселев В.Ф. Поверхные явления в полупроводниках и диэлектриках. – М.: Наука, 1974- 299 с.

  19. Киселев В.Ф., Крылов О.В. Адсорбционные процессы на поверхности полупроводников и диэлектриков. – М.: Наука, 1976- 250 с.

  20. Киселев В.Ф., Лыгин В.Н. ИК-спектры поверхностных соединений и адсорбированных молекул.- М.: Наука, 1972- 460 с.

  21. Квливидзе В.И., Киселев В.Ф. Исследование состояния поверхности методом ЯМР.- М.: Наука, 1968- 302 с.

  22. Кольцов С.И., Алесковский В.Б. Силикагель, его строение и химические свойства. – Л.: Наука, 1963- 96 с.

  23. Киселев В.Ф., Лыгин В.И., Щепалин К.Л. Исследование химических свойств дегидроксилированной поверхности кремнезема методом ИК-спектроскопии.- М.: Наука, 1986- 1701-1706 с.

  24. Кошеров Т.С. Исследование природы радиационных центров и механизма адсорбции газов на окисных адсорбентах спектрометрическим методом.- Алма-Ата: 1974- 21 с.

  25. Крутоверцев С.А., Меньшиков С.Д., Сироткин С.И. и др. Влияние термообработки на состояние легирующих добавок в сорбционных пленках оксида кремния. – М.: Наука, 1990- 1642-1645 с.

  26. Коротков Ф.П., Холмогоров В.Е. Фотосенсиблизированное разложение воды на поверхности силикагеля. – Новосибирск: Наука, 1974- 96 с.

  27. Любимова О.И., Котов А.Г. Поверхностные центры γ-облученных силикагелей. Исследование методом ЭПР влияния адсорбции водорода и окиси азота. – М.: Химия выс. энергия, 1970-72 с.

  28. Радциг А.А., Бобышев А.А. и др. Силадиоксирановые группировки на поверхности SiO2 .- Кинетика и катализ: Т.30, 1989- 1334-1342 с.

  29. Покровский В.А., Морозов А.В. и др. Изучение активных центров поверхности тонких пленок диоксида кремния методом масс-спектрометрии вторичных ионов. – Журн. физ. хим.: Т.63, 1989- 3370-3373 с.

  30. Солоницын Ю.П. Фотосорбционные процессы на оксидных адсорбентах. – М.: Наука, 1966- 435 с .

  31. Тагиева М.М., Киселев В.Ф. Исследование воздействия излучения на свойства поверхности кремнезема. – М.: Наука, 1961-1381 с.

  32. Теренин А.Н. ИК-спектры поверхностных соединении на силикатных соединениях. – М.: МГУ, 1957- 206 с.

  33. Тусеев Т. Т. Влияние облучения на поверхностные свойства некоторых окислов. – Туркестан: 1992- 69 с.

  34. Тусеев Т. Т. О кинетике фотоадсорбции на SiO2.- Туркестан: 1994-164 с.

жүктеу 1,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау