- Математика пәнінің мұғалімі: Мамыхова Г.Е.
мақсаты:математика сабағында оқушыларды ұлттық рухта адамгершілікке тәрбиелей отырып,әрбір оқушының өмірдің мәнін түсіну,өзін-өзі тану және өзін-өзі іске асыру қажеттілігін түсіну үшін жағдай туғызу;өз ойына,сөзіне,іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарайтын,табысты еңбек етуге дайын үйлесімді адамды тәрбиелеу. - Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек,тәрбиесіз берілген білім адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.
- Әл-Фараби.
- XXI ғасырдың жан-жақтан зерделі дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында екенін ескетсек, қазіргі кездкгі мемлекеттің негізгі міндеті заман талабына сай, жан-жақты дамыған, туған жерін, Отанын сүйетін, ұлтжанды, саналы, ғылым мен білім негізін бойына дарытқан, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп шығару. Жас ұрпаққа тәрбие және білім беру – педагогика ғылымының негізгі катагориялары. Бірақ осы екі ұғымды бірге алып қарастырғанда ғана өздерінің толық мәнін мақсатын айқын аша алады, себебі, осы екі категорияның басты нышаны – Адам.
Білім мен тәрбиенің өзара үйлесімді жүргізілуі нәтижесінде ғана оқушыны білімдар, тағылымы мол, ақыл-парасаты биік азамат етіп қалыптастыра аламыз. Олай болса, бүгінгі күн талабында педагогиканың қуатты рухани қазынасы тәрбие процесін әрбір пәнді оқыту кезінде тиімді пайдалану – жас ұрпақтың бойында мәдени қалыптастыруды көздейді «туған кезінде болмайтын, өсе келе бізге керек болатын қасиеттердің бәрі тәрбиемен келеді» - дегендей, дамуы, жаңаруы жағдайында оқушыларды ұлттық рухта адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы ерекше. - Мен математика пәнінің мұғаламімін. 2010 жылдың наурыз айында «Өзін-тану» бағдарламасы бойынша Қарағанды облысы мемлекеттік және білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және қайта дамыту институтында өз білімімді көтердім. Математика сабағында «өзін-өзі тану» бағдарламасының элементтерін пайдалану, өз сабағымның қызықты өтуіне және оқушылармен қарым қатынасымды өзгертуге, оларды және өзімді түсінуіме көп әсер етті. Әрбір тақырыпты меңгеруде сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді қолданамын.
- Мысалы: 1-сабақтағы оқу материалдарының логиканың құрылымы: 1. «Шаттық шеңбері» мұнда «сәлем - сөздің атасы» дегендей оқушылрмен шаттық шеңберін де тұрып сәлемдесеміз және бүгінгі күннің және сабағымыздың жоғары дәрежеде өтуіне жақсы тілектер айтамыз. 2. «Тыныштың сәті». Бұл кезеңде оқушылар өткен сабақта алған білімдері бойынша қойған сұрақтарға өз ойын жинақтайды, өзінің ішкі «менін» түсінеді. 3. Әңгімелесу арқылы балалардың алғашқы білімдерін анықтаймыз. Сұрақ-жауап арқылы қарым-қатынаста әрбір оқушы өзініңпікірін айта алады, тақырыпқа өз көз қарасын білдіре алады және өзін толғандырған сұрақтарға жауап іздейді.
- 4. «Жаңа тақырып бойынша шағын ақпарат». Мұғалім оқушыларға жаңа тақырып бойынша кідіріспен, сахналау элементтері арқылы әңгімелейді, ал оқушы тыңдайды, туындаған сұрақтарға жауап алады.
- 5. «Шығармашылық жұмыс». Есептер шығару барысында бірлескен шығармашылық әрекет оқушылардың ынтымақтастық, шыдамдылық, ұқыптылық сияқты адами қасиеттердің қалыптасуына, өз пікірін айту мен басқалардың пікірін құрметтей білу іскерлігін дамытуға мүмкіндік береді.
- 6. «Сергіту сәті». Ұқыптылығын дамытуға арналған қысқа математикалық ойындар, оқушы жылдамдығын арттырып, ұжымға топтасуға ықпал етеді. 7. Қорытындылау: Тірек сызбалар, сөзжұмбақтар, ребустар арқылы оқушы мен мұгалім бірлесе отырып бүгінгі тақырып бойынша оқу жетістіктерінің түйінін айтады. 8. Үй тапсырмасын беру. 9. «Жүректен жүрекке » шеңбері. Оқушылар бір-бірімен пікір алмасады; жақсы тілектер айтады; өтілген сабақ бойынша қорытынды ойларын айтады. Сабақтың әр кезеңінде ұлттық рухта адамгершілікке тәрбиелеу мынадай жалпы мақсаттарды алдына қояды. 1) Өзінің өмірлік позициясының анықтау. 2) Әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес коструктивті шешу. 3) Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау.
- 4) Адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына жіне жақындарына қамқорлық көрсету. 5) Жасампаздық белсенділікті, азаматтық жіне Отан сүйгіштік таныту.
- 6) Адамгершілік тұрғысын таңдауға, өз ойы, сөзі мен ісіне жаупты болу. «Шаттық шеңбер»,«Сергіту сәті»,«Қорытындылау»,«Жүректен жүрекке » кезеңдерінде қолданатын әрбір ойын, әрбір тапсырма оқушыны ұлттық рухта адамгершілікке тәрбиелейтіндей мазмұнды, өз Отанына, жеріне, туған-туысына, қоршаған ортаға сүйіспеншілігін арттыратындай таңдап алынады.
- Назарларыңызға рахмет
- Сау болыңыздар!!!
Достарыңызбен бөлісу: |