Алматы облысы
Панфилов ауданы
Садыр ауылы
«Садыр орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Информатика пәнінің мұғалімі
Мансурова Инаватхан Акимжановна
Сабақ тақырыбы: Техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау және жұмыс орнын
ұйымдастыру.
Сабақ мақсаттары:
а)Білімділік. Оқушыларға информатика кабинетіндегі
қауіпсіздік ережелерін және жұмыс орнын ұйымдастыру
туралы мәліметтерді беріп, түсіндіру арқылы білімдерін
жетілдіру, қалыптастыру.
ә) Дамытушылық. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін,
тіл байлығын, мәдениеттілігін дамыту, пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
б) Тәрбиелік. Оқушыларды ұқыптылыққа, жүйелілікке
тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Сабақ әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ – жауап
Көрнекіліктер: Компьютер, интерактивті тақта, слайд.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу, сынып тазалығын қадағалау.
Бүгін, балалар, біз сіздермен информатика кабинетіндегі техника қауіпсіздік ережелерімен танысамыз.
ІІ. Психологиялық дайындық. Тренинг жүргізу.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Компьютер түсінігі қауіпсіз жұмыспен тығыз байланысты. Ата-аналарың сендерге компьютер алдында ұзақ отыруға болмайтынын үнемі айтып отыратын шығар.
Қалай ойлайсыңдар, компьютер алдында неге көп отыруға болмайды?
Компьютерде жұмыс істеу ең алдымен көзге күш түсіреді. Компьютерлік программалармен айналысқанда сендер жұмыстың қызығына түсіп кетесіңдер. Көздеріңнің жыпылықтауы біртіндеп азая бастайды. Сондықтан көз жаспен аз ылғалданады. Ал бұл көздің көру қабілетінің нашарлауының бір себебі болып табылады.
Көздеріңді шаршатпаудың жолы қандай? Ол үшін мына талаптарды орындау керек:
Мониторға дейінгі арақашықтық 60 – 70 см-ден кем болмауы керек (созылған қолдың ұзындығындай).
Компьютер алдындағы жұмыс 25 минуттан аспауы керек.
Жиі-жиі көз, мойын, арқа үшін арнайы белгіленген жаттығулар жасап отыру керек.
Экранның ортасына қарау керек.
Жұмыс істеу үшін дәрігер көзілдірік киюге кеңес берген оқушылар компьютер алдында міндетті түрде көзілдірік киіп отырулары керек. Ол көрі қабілетін одан әрі нашарлатпауға көмектеседі.
Компьютермен жұмыс істегенде тек өз денсаулығыңды қауіпсіздендіріп қана қоймай, қымбат тұратын компьютерлік техниканы да бұзып алмауың керек.
Компьютерде таза қолмен жұмыс істеу.
Компьютерге ылғал тимеуін қадағалау.
Мониторды қолмен ұстамау.
Компьютерді қосу және ажырату ережелерін сақтау.
Компьютердің шаңын уақытында сүртіп отыру.
Компьютердің жүйелік блогын, мониторды және басқа да құрылғыларын бөлшектемеу.
Компьютерге қосылған сымдар мен құрылғыларды ажыратпау.
Компьютерлеріңде ақпаратты қауіпсіз сақтау үшін қандай ережелерді ұстанған жөн?
Ақпаратты қатаң белгіленген жерде сақтау.
Компьютерлеріңе вирусқа қарсы программа орнатып, вирусқа қарсы қорларыңды тұрақты жаңартып отыру.
Компьютердің дұрыс өшірілуін қадағалау.
Өздеріңе қатысы жоқ программалар мен құжаттарды жоймау.
Мұғалімнің рұқстансыз Интернет желісін пайдаланбау.
Флешкаларды, дискілер мен басқа да құрылғыларды компьютерге тек мұғалімнің рұқсатымен ғана қосу.
Достарыңызбен бөлісу: |