249
Тіл үйренуші аудиториядағы сабық үстінде ғана білім алып қоймайды, өзіндік ізденіс
жұмыстарын орындау арқылы да қазақ тілінен білім деңгейін кеңейтіп отырады. Студенттің
өзіндік ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру мынадай мақсаттарды жүзеге асыруды көздейді:
Біріншіден, студенттердің қазақ тілінен алған теориялық және практикалық білімдерін
бағдарламадан тыс материялдармен толықтыра, жетілдіре түсу;
Екіншіден, қазақтың әдеби тілі туралы, оны жасаған халықтың тарихы туралы қосымша
әдебиеттермен таныстыру;
Үшіншіден, қазақ тілі пәнінен түрлі үйірме, пән апталығы, конкурстар ұйымдастыру
және студенттерге ғылыми-практикалық конференцияларда баяндамалар жасату арқылы
олардың тілді үйренуге деген белсенділігін арттыру.
Студенттердің өзіндік жұмысын жүргізу барысында мынадай білімділік дағдылар іске
асады:
1. Қазақ тілінен өткен материялдарды бекіту, нығайту;
2. Студенттердің қазақ тілінен білімін кеңейту және тереңдету;
3. Студенттердің логикалық ойлауын дамыту, жазбаша және ауызша сөйлеу тілін қоса
дамыту;
4. Орфоэпиялық, орфографиялық және пунктуациялық білімдерін қалыптастыру, тілді
үйрену қабілетін дамыту;
5. Орыс тілді студенттерге тілдік орта жасау, тілдік жағдаяттар туғызу, олардың
қазақша сөйлеуіне толық жағдай жасау;
6. Студенттердің қазақша тілін дамыту, сөйлеу белсенділігін арттыру, қазақша сөйлеу
дағдысын қалыптастыру.
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастру кезінде берілетін тамсырмалардың
тәрбиелік мәні де күшті болуы қажет [4, 172]. Онда мынадай міндеттер қарастырылады:
1. Қазақ мәдениеті, салт-дәстүрлі, әдебиеті жайлы берілетін тапсырмалар арқылы,
олардың қазақ халқына деген сүйіспеншілігін ояту, қазақ халқын сыйлауға тәрбиелеу;
2. Қазақ тілінің сөз байлығымен таныстыру арқылы тілге деген қызығушылығын
арттыру.
Қазақ тілі пәні оқытушысының тілді үйрету ынтасы, тапқырлығы студенттің өзіндік
жұмысын
дұрыс
ұйымдастыруға
көмектеседі.
Студенттерге
өзіндік
жұмысының
тақырыптарын іріктеп беруде оны сөйлесіп үйренуге қажетті тілдік материалдармен
байланыстыруға ұмтылуы қажет. Сонымен бірге студенттердің сұранысын, қабілетін есепке
алып отыруға тиіс.
Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда мынадай жұмыс түрлерін
жүргіземіз.
Оқу жылының басында, студенттердің тілді білу деңгейін анықтаған соң, олардың тілді
меңгеру дәрежесіне қарай әр-түрлі тапсырмалар ұсынылады. Өзіміз дайындаған силлабуста
аудиториядан тыс жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары берілді.
Бұл тақырыптарда қазақ халқының ұлы тұлғалары, олардың өмірі мен шығармашылығы,
қазақтың салт-дәстүрлері, қазіргі қоғамыңыздың даму бағытындағы өзгешеліктері жайлы
бағыт ұстанылады [6, 205]. Алайда бұл тақырыптарды игеру тілді бастауыш деңгейде білетін
студенттердің орындауына қиындық келтіретіні даусыз.
Сондықтан бұл тақырыптар тілді бір шама меңгерген, бірақ сөйлеу және жазбаша
тілінде кемшіліктер кездесетін студенттерге берілді. Тапсырма тақырыптарын таңдауды
студенттердің өз қалауы ескерілді. Және бұл тақырыптарды қандай түрде, реферат, шығарма,
эссе түрінде жазу студенттің өз таңдауында болды. Бұл жұмыс түрін ұсынудағы негізгі
нысана – белгілі бір тақырыпты зерттеу, саралау барысында студенттің қосымша
әдебиеттермен жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастыру, өз ойын тиянақты, тұжырымды
жеткізе білуге үйрету.
Мұнда тапсырманы міндетті түрде реферат, шығарма түрінде жазу көзделген жоқ, тіпті
болмаған жағдайды сол тақырып бойынша әдебиеттерден конспект жазу, тезис жаза білуге
үйрету мақсаты басты нысана болды.
250
Бұл жұмыстың нәтижесі көрсеткендей студенттер күрделі, көркем шығарма жаза
алмағанымен, сол тақырып туралы түсінігі қалыптасты, қазақ тілінің сөз оралымдарына көзі
үйреніп, сөйлемдегі сөздердің қолдану мағынасы жайлы білімдері кеңейді. Қазақ тілін
біршама меңгерген студенттер берілген тақырыпты жақсы аша біліп, өздерінің әдебиетпен
жұмыс істей алу қабілеттерінің қалыптасқанын көрсете білді.
Студенттерге әр түрлі тақырыпта қазақ мақал-мәтелдерін жаттатып, оның орыс
тіліндегі ұқсас нұсқасын тапқызып үйрету де олардың тіл байлығының қалыптасуына өз
ықпалын тигізеді. Бәрімізге белгілі, бір тілдегі фразеологизмдер басқа тілге сөзбе-cөз
аударылмайды. Сөзбе-сөз аударылған тұрақты тіркестер мән-мағынасынан айырылады [10,
17]. Оның басқа тілдегі (орысша, ағылшынша) баламасын дұрыс таба білген студенттің
есінде сол тіркестер сақталады және оны өз сөзінде орынды қолдана алады.
Тілді нашар білетін студенттерге арнап оқу жылының басында қосымша түрлерінің
орнына көп нүкте қойылған мәтін түрлері берілді. Бұл тапсырманы орындау барысында
студент мәтін мазмұнын түсінуге ұмтылады, мәтін мазмұнын түсінбей сөздерді
байланыстыратын қосымшаларды көп нүктенің орнына қоя білу мүмкін емес. Мәтінді түсіну
үшін оны өзі білетін тілге аудару қажет. Бұл жағдайда студент білімін екі жақты жетілдіреді.
Біріншіден, қазақ тіліндегі сөздің өзі білетін тілдегі баламасымен танысса, екіншіден, қандай
қосымшаның қандай мақсатта қолданылатынына көзі жетеді.
Студенттің жазбаша сөйлеу тілін дамытуда екі тілге аударылған мәтін түрлерін
салыстыра отырып, оны өз сөзімен қазақ тіліне жеткізе білуге дағдыландыру әдісін де
қолданамыз. Бұл орайда студенттерге Абайдың қара сөздерін ұсынамыз. Абай
шығармаларының жинағында бұл қара сөздер қазақ тілінде де, орыс тілінде де берілген [9,
117]. Бұл сөздерді екі тілде салыстыра оқыған студент, сол сөзден алған түсінігін өз сөзімен
айтып беруге ұмтылады. Әрине, жазбаша ойын жеткізуде қателіктер болады, оқытушы бұл
қателіктерді түзетуге дер кезінде ақыл-кеңес беріп отырса, студент келесіде ондай
қателіктерді қайталамайды.
Студенттің өзіндік ізденуіне викториналық сұрақтар ойынын ұйымдастыру да өз әсерін
тигізеді. Сұрақтарға дұрыс жауап беру үшін студенттің көп оқуы, ізденуі қажет. Себебі бұл –
жарыс.
Викториналарды әр түрлі өткізуге болады:
1. Сұрақтарды ертерек беріп қойып, соған студенттердің жазбаша түрде жауап беруі;
2. Сұрақтар ауызша қойылады да, студенттер сол арада жауап береді;
3. Сұрақтар жазбаша беріледі де, сол арада жазбаша жауап беріледі.
Мазмұнына қарай викториналық сұрақтар екі түрлі болуы мүмкін:
1. Пән бағдарламасы бойынша өтілген материалдар бойынша сұрақтар;
2. Оқу бағдарламасынан тыс танымдық сұрақтар.
Мұнда студенттің логикалық ойлау қабілеті шыңдалады, әрі өз ойың шапшаң жеткізу
үшін сөздерді, сөз тіркестерін тиімді пайдалану дағдысы дамиды [10,13].
Студенттердің өзіндік жұмыс түрлерін ұымдастыруда басқа да жұмыс түрлерін, білім
берудін инновациялық әдіс-тәсілдерін қолдануға болады. Бұл үшін қазақ тілін өзге тілді
аудиторияда жүргізетін оқытушының шеберлігі, ізденімпаздығы, ең бастысы, өз тіліне деген
сүйіспеншілігі басты орында тұруы қажет.
Әдебиеттер тізімі
1. Балақаев М. Қазақ тілінің мәдениетінің мәселелері / М.Балақаев. – Алматы:
Қазақстан,1965. – 186-б.
2. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. – Алматы: Мектеп, 1984. – 119 б
3. Сыздық Р. Тіл мәдениеті және оның проблемалары / Р. Сыздық // Тілдік норма және
оның қалыптануы. – Астана: Елорда,2001. – 230-б.
4. Ожегов Л.И. Лексикология. Лексикография. Культура речи. – М.: Высшая
школа, 1974. – 352 с.
Достарыңызбен бөлісу: |