[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет133/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   164

265 
 
материал  –  сөз.  Сөзді  жүйесіз  меңгеру  қазақша  сөйлетуге  де,  қазақша  түсінуге  де  әкеле 
алмайды. Барлық тіл үшін осылай», – дейді [5, 18]. 
Жоғары оқу  орындарының орыс  бөлімі  студенттеріне  оқытылатын  практикалық  қазақ 
тілі  сабақтарында  жазба  тапсырмалармен  салыстырғанда  ауызша  сөйлеумен  байланысты 
орындалатын  жаттығу  жұмыстары  көбірек  жүргізіледі.  Мұндайда  жоғарыда  көрсетілген 
мақсат-міндеттерді  орындаумен  қатар  қазақ  тілінің  орфоэпиялық  нормаларын  меңгертудің 
маңызы зор. Осыған орай, оқу орындарында орфоэпияны оқытудың қазіргі жағдайын ескере 
отырып,  орфоэпиялық  білік  пен  дағдыны  қалыптастырудың  лингвистикалық  негіздерін, 
сонымен  қатар  психологиялық  негіздерін  тиімді  үйлестіре  отырып,  студенттердің  сөзді 
орфоэпиялық  норма  тұрғысынан  дұрыс  айту,  дұрыс  дыбыстау  дағдысын  қалыптастырып 
қана қоймай, оны автоматты түрде дұрыс айту деңгейіне жеткізгенге дейін дамыту қажет.  
ЖОО-лардың  орыс  бөлімі  студенттеріне  қазақ  тілінің  оқу-әдістемелік  кешенінде 
белгіленген  жаңа  білімді  оқытумен  қатар  орфоэпиялық  нормаларды  практика  жүзінде 
меңгерту  өте  тиімді  болады.  Онда  орфоэпияны  оқытудың  лингвистикалық  және 
психологиялық-педагогикалық  негіздері  қатар  жүзеге  асырылады.  Практикалық  қазақ  тілі 
сабақтарында 
міндетті 
түрде 
мәтін 
беріледі. 
Біздің 
тәжірибеде 
пәннің 
Типтік 
бағдарламасында  ұсынылған  тақырыптар  [6]  бойынша  бұқаралық  ақпарат  құралдары 
материалдарынан,  көркем  әдебиеттен  мәтіндер  іріктеліп  алынып,  арнайы  әзірленген  оқу 
құралында  жинақталып  берілді  [7].  Сабақ  барысында  мәтінмен  тиісті  жұмыс  жүргізіле 
отырып,  студенттерге  «мәтінді  қазақ  тілінің  орфоэпиялық  нормаларын  сақтай  отырып 
оқыңыз,  әсіресе,  қазақ  тілінің  төл  дыбыстарын  дұрыс  дыбыстаңыз»  сияқты  тапсырмалар 
беріледі.  Өйткені  қазақ  тілінің  төл  дыбыстары  әліпбиде  тізілген  қатардағы  көп  дыбыстар 
емес,  қазақ  тілін  әлемдік  тілдерден  ерекшелеп  тұратын,  тіпті  туыс  түркі  тілдерінен  де 
даралап көрсететін өзгеше дыбыстар емес пе!? Сондықтан қазақтың төл дыбыстарын дұрыс 
айтуға ерекше мән беру қажет.  
Қазақ  тілінің  орфоэпиясына  қатысты  талап  мәтін  соңында  берілген  пікір  алмасу 
сұрақтарымен  жұмыс  жасау  кезінде  де  қойылады.  Сондай-ақ  студенттер  үшін  арнайы 
әзірленген грамматикалық тапсырмалар  ішінде дұрыс дыбыстауды, айтуды  қалыптастыруға 
және  тыңдай  білуді  дамытуға  негізделген  жаттығулар  жүйесімен  де  жұмыс  жасалады. 
Мұндайда  қазақ  тілінің  негізгі  курсын  оқытумен  қатар  орфоэпия  саласы  бойынша  тіл 
білімінде  берілген  теориялық  білімді  тірек  ете  отырып,  студенттерді  қазақ  тілінің 
орфоэпиялық нормалармен таныстыра отырған тиімді.  
Жалпы, сабақ барысында сөйлеудің екі тәсілі: оқуға негізделген және айтуға негізделген 
түрлері  қолданылады.  Мұндайда  оқылым  барысында  кітаби-жазба  тілдің  кез  келген  үлгісі 
қолданыла  беруі  мүмкін,  ал  айтылым  кезінде  ауызша  сөйлеу  тілі  стилінің  кез  келген  үлгісі 
пайдаланыла  беруі  мүмкін.  Білім  алушы  студенттер  мәтіннің  ой  желісін  сол  мәтінге  тән 
интонацияның  ерекшелігімен  және  мәтіндегі  әрбір  сөздің,  сөз  тіркесінің,  ырғақтық  топтың 
дұрыс  айтылуы  арқылы  аңғарып  отырады.  Мәтін  интонациясын  дұрыс  қою  және  мәтінді 
дұрыс  оқу  немесе  сөзді  дұрыс  айту  ережесі  мәтін  мазмұнына  қатысты  белгілі  бір  ақпарат 
береді.  Сондықтан  бұқаралық  коммуникацияда  ауызша  әдеби  сөйлеу  тілінің  орфоэпиялық 
нормалары ерекше қызмет атқарады.  
Ауызша  тілдің  нормасын  білім  алушыға  үйрету  және  дыбыстарды,  сөзді,  сөз  тіркесін, 
мәтінді  оқудан  бастап,  білім  алушы  тілін  дамыту  оқытушының  үнемі  үздіксіз  атқаратын 
қызметі  болып  табылады.  Мәнерлеп  оқу  дегеніміз  –  көркем  шығарманы  әдеби  тілдің 
орфоэпиялық  ережесін,  шығарманың  тақырыбын,  идеялық  мазмұнын  түсініп,  белгілі  бір 
жылдамдықпен дауыс үнділігін, ырғағын сақтай отырып оқу. Бұл шарттарды білім алушылар 
көркем шығарманың тілін түсініп, оқу техникасын меңгерген жағдайда ғана орындай алады. 
Түсініп оқуға баулу міндеттері практикалық сабақ барысында мәтінмен жұмыс істеу кезінде 
жүзеге  асырылады.  Сондықтан  мәнерлеп  оқу  практикалық  қазақ  тілі  сабағының  маңызды 
бөлігі болып саналады. Сөз табиғи естілу үшін, дыбыс түрленімінің барлығын сақтап сөйлеу 
керек. Дыбыс түрленімін тудыратын себептердің қатарына дыбыстың сөз бен сөз тіркесіндегі 


266 
 
орны,  көрші  дыбыстың  әсері,  логика-экспрессив  үстемелер  және  әуен  жатады.  Нақтырақ 
айтқанда:  
Әртүрлі сөзформалардың құрамында кездесетін бір морфеманың бір дыбысының көрші 
дыбыстың әсерінен басқа дыбысқа өзгеруі дыбыс алмасуы деп аталады.   
Тілдің  ауызша  формасында  дыбыстар  үндестік  заңына  сәйкес  үнемі  үйлесіп, 
жымдасып  қолданылады.  Егер осы  үндестік  сақталмай,  бұзылатын  болса,  мұның  өзі  сөздің 
айтылуы мен жазылуының арасын айыра алмауды көрсетеді. Өйткені жазу сөздің айтылуын 
дәл бере алмайды. 
Дауысты  дыбыстардың  бір  сөз  көлемінде  еріннің  қызметі  жағынан  ыңғайласып, 
үйлесіп  келуі  ерін  үндестігі  деп  аталады.  Ерін  үндестігі  қазақ  тілінің  бірегей  белгісі  болып 
табылады.  Бұл  заң  бойынша  сөздің  бірінші  буынында  еріндік  дауысты  болса,  қалған 
буындарында да еріндіктер айтылуға тиіс.  
Зерттеу  жұмыстарында  сөздің  бірыңғай  жуан  немесе  жіңішке,  бірыңғай  езулік  немесе 
еріндік  болып  айтылуының  фонологиялық  мәні  бар  деп  көрсетіледі.  Сондықтан  буын 
үндестігі қазақ тілінің негізгі орфоэпиялық нормаларының бірі болып табылады. 
Қазақ  тілінің  сөздік  қорындағы  төл  сөздер  үндестік  заңына  бағынады.  Бірақ  қазақ 
тілінің  сөздік  құрамындағы  сөздердің  барлығы  қазақ  тілінің  заңдылығына  бағынады  деп 
айтуға болмайды. Мысалы, кірме сөздер ерін үндестігі заңдылықтарын сақтамайды. 
Сонымен қатар дауыссыздардың бір-бірімен үйлестілігінің (ассимиляция) орфоэпиялық 
норма  үшін  ерекше  мәні  бар.  Морфемалардың  жігінде  көрші  келген  дауыссыздардың 
акустикалық-артикуляциялық  жақтан  бір-біріне  ұқсауы,  бейімделуі  ассимиляция  деп 
аталады.  Дауыссыздардың  бір-біріне  ықпалы  прогрессивті,  регрессивті  және  тоғыспалы 
түрде қарастырылады.  
Сөздің  құрамында  болатын  әртүрлі  дыбыстық  өзгерістер  дыбыстық  құбылыстар  деп 
аталады.  Олардың  бәрі  де  айтуды  жеңілдетуден  тұрады.  Мәселен,  тіліміздегі  кірме  сөздің 
айтылуын  жеңілдету  үшін,  сөздің  алдынан  басы  артық  дыбыстың  қосылуын  білдіретін 
протеза  құбылысы  қажет.  Сол  сияқты  сөз  ішінде  дауыссыздардың  арасына  дауыстының 
қыстырылуын  көрсететін  эпентеза,  бунақтағы  сөздердің  арасында  қатар  келген  екі 
дауыстының  алдыңғысының  түсіп  қалуын  білдіретін  элизия  және  оған  қарама-қарсы  (қазақ 
тілінде  сирек  кездессе  де)  аферезис  пен  сөз  ішіндегі  дыбыстардың  не  буындардың  өзара 
орын  ауысуында  көрініс  табатын  метатеза  және  сөз  ішінде  біркелкі  (ұқсас)  буындардың 
бірінің түсіп қалуынан көрінетін гаплология құбылыстарының қыр-сырын білу керек.  
Сөйлемдегі  сөздер  сөйлеу  кезінде  тұтасып  немесе  жеке-жеке  тұрмай,  топ  құрап, 
әрқайсысы  өзіндік  екпін,  ырғақпен  айтылатынын  аңғаруға  болады.  Қазақ  тілінде  бунақтағы 
сөздердің  жұбын  жазбай,  араларында  қатар  келген  дыбыстарды  үндестіріп,  бір  ырғақ, 
екпінмен айтудың маңызы зор. Олай болмаған жағдайда сөздердің  байланыс реті бұзылады 
да, тіл табиғи жарасымынан айрылады, құлаққа жағымсыз естіледі, ой түсініксіз болып кетуі 
де мүмкін.  
Қазақ тіліндегі екпін көбінесе сөздің соңғы буынына қойылады. Дегенмен сөз аяғында 
келген  қосымшаның  барлығы  бірдей  екпінді  қабылдай  бермейтіні  салыстырмалы 
деректерден айқын көрінеді (-дай қосымшасы, көмектес септік жалғаулары, т.б.).  
«Орфоэпия  ұлттық  тілдің  қалыптасуы  мен  дамуына  тікелей  байланысты.  Қоғамдық 
өмірде шаршысөз (публичная речь) түрлерінің (театр, кино, радио-теледидар хабарлары т.б.) 
пайда  болып,  олардың  әлеуметтік  мәнінің  артуы  орфоэпиялық  нормалардың  орнығып, 
ұлттық  сипатқа  ие  болуын  жеделдете  түсті»  [2,  48].  Осыған  орай,  қазақ  тілі  сабағы 
барысында  студенттерге  ауызша  әдеби  сөйлеу  тілінің  орфоэпиялық  нормаларын  теледидар 
және  радиодан  берілетін  ақпараттық  бағдарламаларды,  жаңалықтарды  тыңдату  арқылы 
меңгертуде  ерекше  дидактикалық  материал  ретінде  қолдану  аса  тиімді.  Өйткені  дикторлық 
ақпараттық бағдарламалар, теле- және радио жаңалықтар тілі ауызша әдеби дұрыс сөйлеудің, 
соның  ішінде  орфоэпиялық  нормаларды  сақтаудың  жарқын  үлгісі,  сондай-ақ  дұрыс 
дыбыстау, дұрыс айту мәдениетін жетілдірудің негізгі құралы болып табылады. «Дикторлар 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау