247
Автоматтандыру
дағысын
қалыптастыру
кезеңінде
шартты-тілдік,
лексикалық
жаттығулар жасалынады.Олар сөздер мен сөз тіркестерін таныстыру, сонымен қатар
мәтінді оқу кезеңінде қайталау және оларды тануды қамтамасыз етеді.Сонымен
қатар,техникалық, грамматикалық және лексикалық оқу дағдыларын қалыптастыру үшін
схемалар берілген.
The article deals with professional-oriented reading teaching, which is one of the
methodological problems at the non-language universities. To solve this problem are given training
exercises: conditionally speech and speech lexical exercises. The purpose of language and speech
lexical conditional exercise is the formation of the primary automation and lexical reading skills. At
the stage of automation of skill executed conditionally speech and speech lexical exercises. They
provide re-training of the recognition of words and phrases, as well as a one-time recognition in a
text environment. And there are given the scheme for the formation of technical, grammatical and
lexical reading skills.
ӘОЖ 81'271; 82.085; 808.5
Н.Ә. Әміреев
Алматы менеджмент университеті
Алматы, Қазақстан
nurlan.amreev@mail.ru
ТІЛ САБАҚТАРЫНДА СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК
ЖҰМЫСТАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Автор өз мақаласында оқытудың кредиттік жүйесінде қазіргі білім саласына
қойылып отырған басты талаптарға тоқталған. Өзге тілді аудиторияда қазақ тілін
оқытудың ерекшеліктеріне талдау жасаған. Осы бағытта студенттердің өздік жұмысын
ұйымдастырудың маңыздылығы туралы айта келіп, СӨЖ-ді ұйымдастыру барысындағы
тәжірибесімен бөліскен.
Кілт сөздер: кредит, модульдық бақылау, оқыту ұстанымдары, лингводидактика,
логикалық ойлау, жазбаша сөйлеу.
Қазіргі таңда еліміздегі барлық жоғарғы оқу орындары білім берудің кредиттік
жүйесіне көшуде. Кредиттік жүйемен оқытудың басты ерекшелігі – әлемдегі білім берудің ең
үздік технологиялық тәжірибелерін қолдана отырып елімізге кажетті мамандарды сапалы
дайындап шығару. Мұнда бұрыннан қолданылып жүрген оқытудың әдіс-тәсілдерімен қатар
студенттің ізденуіне жаңаша көзқарас тұрғысынан келіп, сапалы білім алуына жағдай
туғызу. Кредит сөзінің негізі мағынасы – сенім, яғни студентке сенім білдіру арқылы оның
білімін көтеруіне, өзіндік ізденісіне, әрбір өтілген тақырыпты шығармашылықпен меңгеруіне
жол ашу.
Білім беруші әрбір өтілген тақырыпты жіктеп, жіліктеп түсіндіріп, студенттен сол
материалдарды қалай меңгергенін сұрау арқылы оның білімін бағалауды мақсат етпейді.
Әрбір өтілетін тақырып төнірегінде сол тақырыптың ерекшелігі жайлы, студент аталған
тақырыптан қандай мәселелерді меңгеруі керектігі жөнінде бағыт-бағдар береді. Ал студент
сол ұсынылған бағыт, түсінік негізінде қажетті, білуге тиісті материалдарды өзі ізденіп,
алынатын білімді толық меңгеруі қажет.
Оқытушы өзі дайындаған силлабуста студентке берілетін білім мазмұнын, әрбір
модульдық бақылау барысында студенттің нені білу қажеттілігін және көрсетілген
248
тақырыптар бойынша пайдаланатын әдебиеттің тізімдерін жан-жақты көрсетеді. Бір сөзбен
айтқанда, студент үшін силлабус білім алудың, ізденіс жұмыстарын жүргізудің басты
бағдарламасы болмақ.
Білім беру жүйесінде әр пәннің өзіндік ерекшеліктері, өзіне тән қиыншылықтары
болады . Студенттің сапалы білім алуына сол пәннен алынатын міндетті білім дағдыларын
меңгеруіне дұрыс бағытта жол ашу үшін әр пәннің оқытушысы сол пәннің өзіне тән
ерекшеліктеріне, сол пәнге тән оқытудың ұстанымдарына баса көңіл бөлгені жөн [1,83]. Оқу
орыс тілінде жүретін топтарда қазақ тілін оқитын студент өзіне таныс емес тілдің дыбыстың
құрамын,
дыбыстардың
айтылу
нормасын,
дыбысдардың
заңдалықтарын,
оның
грамматикалық құрылысын игеруге, ойын еркін жеткізуге, басқаның сөзін түсінуге
жеткілікті дәрежеде сөздін қорын меңгеруге тиісті және қазақша сөйлеуге жаттығып, қазақ
тілінде қарым-қатынас жасай алуы қажет.
Тыңдаушыны мұндай дәрежеге жеткізу үшін оқытудың өзіндік тәсілдері мен амалдары,
жолдары бар. Басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту әдістемесінде қазақ тілін оқитын
адамның ана тілінің ерекшелігін ескере отырып, оны үйртудің тиімді жолдарын көрсетудің
маңызы зор екендігіне даса назар аудару қажет.. Бұл ана тілді оқыту әдістемесінен екінші
тілді оқыту әдістемесінің өзіне тән ерекшеліктері болатынынын дәлелдейді. Алайда орыс
тілді аудиторияда қазақ тілін оқыту әдістемесінің қазақ тілін теориялық тұрғыдан қазақтарға
оқыту әдістемесінің, орыс тілін басқа ұлт өкілдеріне үйрету әдістемесімен және шет тілдерін
оқыту әдістемесімен тығыз байланысты жақтары да күшті.
Сондықтан олар бір-бірінен нәр алып, толығып отырады. Тілдерді оқыту әдістемесінің
байланыстылығы, жалпы ортақ мәселелердің көптігі соңғы кезде лингводидактика ғылымын
өмірге әкелді [2,59]. Қазақ тілін орыс аудиториясында оқыту әдістемесінің ғылыми тұрғыдан
зерттелу тарихы ұзақ емес. Сондықтан оқыту әдістемесі бұрыннан қалыптасқан шет тілдерді
оқыту, орыс тілін оқыту әдістемелерінен оқып, үйренеріміз көп .
Қазақ тілін басқа тілді аудитория да оқыту барысында қазақ тілінің өзіндік
ерекшеліктерін басты назарда ұстауымыз қажет. Қазақ тілі сөз жасау жағынан жалғанбалы
(агглютинавтивті) тілдер тобына жататыны бәрімізге мәлім [7,41]. Сол себептен де қазақ
тілінде жұрнақ түрлері көптеп саналады, сонымен қатар төрт түрлі жалғаудың беретін
өзіндік мағынасы, сөзге жалғану кезіндегі варианттары да жеткілікті. Қазақ тілін оқытуда
жақсы нәтижелерге жету үшін, біздіңше, мынадай басты бағытттарда жұмыс түрлерін
жүргізген тиімді:
Ең бастысы, студенттің қазақ тілінен тілдік қорын молайту. Ол үшін сөздік
жұмыстарын үнемі жүргізу. Қазақ тіліндегі сөздер көп мағыналы және синонимдер мен
омонимдерге бай. Сөйлемде осындай сөздердің мағынасын ажырата білуге, оларды тиімді
қолдана білуге үйрету студенттің тілдік қорын байытуда оң нәтижелер береді
Екінші, қазақ тілінде сөйлемде сөздердің орын тәртібі тұрақты екенін ескеріп, берілген
сөздер арқылы сөйлем құрап үйренуге баулу қажет .
Үшіншіден, жалғау түрлерін, олардың сөзге беретін мағынасын меңгерту арқылы
сауатты түрде өз ойын ауызша және жазбаша түрде жеткізе алу дағдыларын қалыптаcтыру.
Төртіншіден, қазақ тілінде сөйлемді тиянақтап, айтылған ойды тұжырымдап тұратын
сөйлем мүшесі – баяндауыш. Баяндауыш негізінен етістіктен болады. Сондықтан
студенттерге етістіктің шақтарын, оның жасалу жолдарын меңгерту олардың өз ойын жүйелі
түрде жеткізе алуына негіз болады [3, 26].
Басқа тілді студенттерге қазақ тілін үйретуде пән бойынша жүргізілетін студенттің
өзіндік ізденіс жұмыстарын тиімді ұйымдастыра білудің де маңызы зор. Қазақ тілінен ізденіс
жұмыстарын ұйымдастыру студенттің білімін тереңдетуге, ой-өрісін кеңейтуге, олардың
тілді үйренуге ынтасын, құмарлық сезімін оятуға көмектеседі, олардың жан-жақты
қабілеттілігі мен шығармашылық күшін дамытады және алған білімдерін іс жүзінде қолдана
білуге жәрдемін тигізеді [8,121].
Достарыңызбен бөлісу: |