[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет157/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   164

313 
 
ізденістерді  ұтымды  пайдалану  арқылы  жоғары  көрсеткіштерге  жету  дегенді  білдіретін 
ұғым.  
 
Әдіскерлер  бүгінде  қолданылып  жүрген  мынандай  технологияларды  атап  көрсетеді:  
Д.Б.  Эльконин,  В.В.  Давыдов  және  Л.В.  Занковтың «Дамыта  оқыту»  технологиясы,             
В.К.  Дьяченконың «Ұжымдық  оқыту  тәсілі»,  «Оқу  мен  жазуда  сыни  тұрғыдан  ойлау 
стратегиялары»,  «Оқытудың  коммуникативтік  әдісі»;  М.М.  Жанпейісованың  «Модульдеп 
оқыту технологиясы», Ж.А. Қараевтің, Ә. Жүнісбектің  және басқа да көптеген ғалымдардың 
технологиялары  белсенді  түрде  қолданылуда.Өзге  тілді  сыныптарда  қазақ  тілін  оқытуда 
пайдаланылатын  маңызды  технологиялардың  бірі коммуникативтік  технология болып 
табылады.  Бұл  технология өзінің  тиімділігін  іс  жүзінде  дәлелдеп,  көптеген  мұғалімдердің 
тәжірибесінен  орын  алды.  Коммуникативтік  технологияда  тілдік  қарым-қатынас  алдыңғы 
орынға  шығарылады  да,  басқа  жұмыстар  осы  бағдарға  бағытталады,  себебі  технологияның 
негізгі міндеті  оқушылардың ауызша тілін жетілдіру, сөздік  қорын молайту, қазақ тіліне тән 
дыбыстарды  дұрыс  оқып,  айта  білуге,   сауатты  жазуға,  бір-бірімен  сөйлесе  білуге 
дағдыландыру,  ойын  қазақша  жеткізе  алатындай  дәрежеге  жеткізу.  Берілген  технологияны 
ұтымды  пайдалану  басқа  ұлт  балаларына  қазақ  тілін  үйрету  барысында  жемісті  нәтижелер 
бере алады [5, 6]. 
 
«Дамыта  оқыту» технологиясы  тікелей  баланы  (субьекті,  обьекті)  жан-жақты  дамыта 
отырып  (жеке  басын,  дүниетанымын,   ойлауы,  темпі)  оқытуға  негізделеді.  Дамыта  оқыту 
мақсаттары. Оқушы субьекті, яғни, ол өзін-өзі дамыта алады, жетілдіреді, тәрбиелей алады. 
 
Баланың  қабілетін,  дарынын  дамытуға  ықпал  жасайды  іскерлігі,  машығын  дамыту 
емес.  Білім  дайын  күйінде  ұсынылмайды,  бала-тыңдаушы,  мұғалім-информатор  емес, 
керісінше  бала-зерттеуші,  ізденуші,  жаңалық  ашушы.  Олардың  дағды,  іскерлігі  белгілі  бір 
проблема,  ситуацияны  шешу  арқылы  қалыптасады.  Дамыта  оқытудағы  басты  іс-әрекет  – 
диалог, пікірлесу, пікірталасы. Мұғалім қызметі – диалогты ұйымдастырушы, бағыт беруші, 
балалардың іс-әрекетін, ынтымақтастығын бір бағыт, бір мақсатқа бағыттаушы.   
 
Аталған     технологияның  басты  принциптерінің  бірі  –  оқушылардың  тілді  қолдану 
дағдыларын дамыту. Демек, білім беру  саласында, оның ішінде  қазақ тілін меңгертуде, бұл 
технологияның ролі зор.Модульдік оқыту технологиясы – әлемдік және отандық тәжірибеде 
танылған технология. Бұл технологияда  бірінші орынға бала тұлғасы, оның ой жұмысының 
дамуы,шығармашылықпен  ойлауы  қойылады.  Модульдік  оқытуда  әр  оқушы  өзінің  немен 
және қалай шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін анық біледі және оған 
қатысты  керек  материалдарымен,  тәсілдермен  міндетті  түрде  қамтамасыз  етіліп  отырады. 
Балаларға  бірін-бірі  тексеру,  бағалау  еркіндігі  беріледі.  Бұл  технология оқушы  тұлғасының 
танымдық  қабілеттерін  дамытуда,  танымдық  процестерді  жетілдіруде,  оқуға  жағымды 
қызығушылық  қалыптастыруда,  белсенді  сөздік  қорын,  ауызша  және  жазбаша  тілін 
ұстартуда  негіз  болады.  Ж.Қараевтың деңгейлеп  оқыту технологиясы  –  оқушыны  білім 
дәрежесіне  сай  тапсырмалармен  қамтамасыз  ету  арқылы  оқыту  әдісі  болып  табылады.  Бұл 
технологияның ерекшелігі сабақ үрдісінде оқушылардың бірнеше деңгейде жұмыс істеуінде 
[2, 24]. 
 
 Дәлірек  айтқанда,  оқушы  өзінің  мүмкіндігі  мен  қабілетіне  сәйкес  сатылы  жұмыстар 
жүйесін орындайды. Оқушыларды деңгейлеп оқытудың маңызы зор, себебі оқу іс-әрекеті әр 
оқушыны өздігінен оқып-үйренуге, шығармашылықпен белсенді айналысуға баулиды,  өткен 
грамматикалық,  лексикалық  тақырыптарды  жүйелі  игеруге  дағдыландырады  және  оқу-
танымдық құзіреттілігін қалыптастырады [3, 32]. 
 
 Сондай-ақ,   қазақ  тілі  сабақтарында  слайдтар  қолдану,  мультимедиялық  проекторды 
мүмкіншілігіне қарай  пайдаланып өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятып, 
тақырып  бойынша  танымын  кеңейтеді,  білім  сапасы  да  арта  түседі.   Аталған  озық 
технологиялар  оқушылардың  жеке  тұлғалық  күшін  арттырып,  шығармашылық  ойын 
дамытуы  арқасында  еліміздегі өзге  ұлт  өкілдеріне  мемлекеттік  тілді  жетік  меңгертуге 
болатыны айқын. Қазіргі білім парадигмасы мен философиясының өзгеруі білім беру жүйесі 


314 
 
қызметкерлерін  оқытудың  ақпараттық  және  компьютерлік  технологияларға  негізделген 
сапасымен қарқындылығын қамтамасыз ету қажеттілігін талап етуде.  
 
Білім  беру  ұйымдары  іс  -  әрекетінің  негізгі  нәтижесі  тек  білім  ,  іскерлік  және  дағды 
жүйесі  ғана  емес,  керісінше  зиялы  саяси  қоғамдық,  коммуникациялық,  ақпараттық  және 
басқа  салаларындағы  мемлекет  тапсырыс  беріп  отырған  негізгі  құзыреттіліктердің 
жиынтығы. Әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология 
өзіндік  жаңа  әдіс-тәсілдермен  ерекшеленеді.  Әдіс-тәсілдерді  оқытушы    ізденісі  арқылы 
студент 
 
қабілетіне, 
қабылдау 
деңгейіне 
қарай 
іріктеп 
қолданады 
[3, 
45]. 
   Университеттегі    білім  мен  тәрбие  беру  жүйесінің  міндеті  -  студенттердің  жан-жақты 
танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай алатын әр студенті  жеке тұлға ретінде 
дамыту.  Әр  университет    білім  беруді  жоғары  деңгейге  көтеру  мәселесін  қолға  алып,  білім 
беру  үрдісін  басқару  мәселесін  жүзеге  асыруда.  Білім  беру  үрдісін  басқару  жүйесінің 
құрылымы  жеке  тұлғаның  қайталанбас  даралығының  дамуына,  шығармашылық  бастама 
алуына 
бағыт 
беріп, 
жағымды 
орта 
қалыптастырудан 
тұрады. 
     
Қазіргі  уақытта  орыс  тілді  аудиториясында  қазақ  тілін  оқытудың  тиімді  түрлі  оқыту 
технологиялары  қолданылады.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  М.М.Жанпейісованың  модулдік 
технологияның  өзіне  тән  ерекшеліктерін  атап  айтуға  болады:  оқытудың  мақсатының,  соған 
сәйкес  нәтижесінің  айқындылығы,  өзіне  тән  құрылымы,  бостандығы,  осы  құрылымға  орай 
оқу  материалдары  бөліктерге  бөлініп  берілетіндегі,  оқытушы-кеңесші,  бағыттаушы  қызмет 
атқаратындығы,  оқытушы    мен  білім  алушының  арасында  субъект-субъектілік  қарым-
қатынастың  болатындығы,  білім  алушыларға  өз  бетімен  толықтыруға  толық  мүмкіндік 
жасалатындығы.  Модульдік  оқыту  технологиясы  арқылы  сабақты  жоспарлаудың 
маңыздылығы  –  студенттің    шығармашылығын  дамытуға,  эстетикалық  сезімін,  зейінін 
тәрбиелеуге қолайлы жағдай туғызады. Қазақ тілі сабақтарын модульдік технология арқылы 
жобалаудың тиімділігін анықтау [3, 9]. 
Модульдік  оқыту  технологиясының  мазмұнымен  таныстыру;  модульдік  оқыту 
технологиясының  құрылымын  анықтау;  модульдік  оқыту  технологиясының  тиімділігін 
анықтайтын сабақ үлгісін   құрастыру. 
Модульдік  оқыту  технологиясының  мазмұнын  меңгереді. 
Модульдік  оқыту 
технологиясының құрылымы анықталады. Сабақ үлгілері арқылы модульдік технологияның 
тиімділігі  айқындалады.  Сабақ  кезінде  модульдық  оқыту  технологиясын  қолдана  отырып, 
студенттердің  жеке  дамуына  ерекше  көңіл  бөлемін.  Мен  оқу  материалдарының  мазмұнына 
сәйкес деңгейлік тапсырма беремін.  
Мұндай  технологияларды  қолдану  -  біріншіден,  оқытушы  ұтады,  яғни  ол  сабақты 
тиімді  ұйымдастыруға  көмектеседі,  студенттің  пәнге  деген  қызығушылығы  артады, 
екіншіден, студент ұтады, себебі оның тақырып бойынша  танымы кеңейеді.Осылайша білім 
берудің  қалыптасқан  әдістемесіне  оқытудың  жаңа  технологиясы  тұрғысынан  өзгерістер 
енгізілсе, білім сапасы да арта түспек деп ойлаймын.   
Сондықтан  да  болашақ  мамандарды  кәсіби  даярлауда  жаңа  педагогикалық 
технологияларды  қолдану-оқу 
орындарында  әрбір 
оқытушыға 
қойылатын 
негізгі 
талаптардың бірі.  
         Тәуелсіздіктің  20  жылдығында  Қазақстан  әлеуметтің  барлық  салаларында  іргелі 
инновациялардың  пайда  болуымен  ерекшеленді.  Білім  мен  ғылымды  сөз  етер  болсақ, 
халықаралық стандарттарға сәйкестендіру үшін оның құқықтық негізін жетілдіру маңызды іс 
болып табылады. Осыған байланысты  Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың  
2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасы  қабылданған.  Бағдарлманың  мақсаты-
экономиканың  орнықты  дамуы  үшін  сапалы  білімнің  қолжетімділігін  қамтамасыз  ету 
арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге 
қабілеттілігін 
арттыру 
болып 
табылады.  Еліміздің  2011-2020  жылдарға  арналған  Стратегиялық  даму  жоспарының 
маңызды  бөлігі  -  білім  беруді  дамытудың  мемлекеттік  бағдарламасының  қабылдануы. 
Бағдарлама бүкіл қазақстандық білім беру жүйесінің жаңа мазмұндық және сапалы деңгейге 
шығуының нақты тетігі болып табылады [7] . 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау