[]



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет101/164
Дата28.11.2017
өлшемі5,01 Kb.
#2112
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   164

201 
 
еңбек етті. Қайран ғұмырының 19 жылын Сібірде жазықсыз жапа шегіп айдаудан өткізсе де 
орыс  әдебиеті  классиктерінің  еңбегін  қазақ  оқырмандарына  танытты.  А.С.Пушкин, 
Салтыков-Щердин, 
М.Ф.Достоевский, 
В.Г.Белинский, 
М.Горький, 
Н.Добролюбов, 
М.Шолохов  шығармаларын  қазақ  тілінде  сөйлетті.  Ал  М.Әуезов,  Б.Майлин,  С.Сейфуллин 
шығармаларын орыс тіліне тәржімалаған майталман аудармашы да еді. 
С.Талжанов  қазақ  әдебиетінде  үлкен  орны  бар,  аударма  өнерін  өрелі  белестерге 
көтерген, көркем аударманың да хас шебері болатын. Жазушының көп қырлы талантын сөз 
еткенде,  оның  аудармашылық  қырына  тоқталмай  өтпеу  мүмкін  болмас  еді.  Оның 
аудармашылық  қыры  жөнінде  белгілі  тілші-ғалым,  әдебиет  сыншысы,  филология 
ғылымдарының докторы, профессор М.Серғалиев былай деп жазады: «Сәйділ Омарұлының 
аудармашылық  өнерінен  біраз  жайды  аңғаруға  болады.  Біріншіден,  ол  –  қазақ  және  орыс 
тілдерін  еркін  меңгерген  білгір:  жастайынан  зерек  өскен  ол  бұл  екі  тілді  еш  уақытта  бір-
бірінен  бөліп  қараған  емес,  екеуін  де  екі  ананың  ақ  сүтіндей  қадірлеп,  қастерлеп,  ынтыға 
үйренумен  болды.  Екіншіден,  аудармашы  өте  талғампаз;  кезеңдік,  дәуірлік  мәні  бар, 
көркемдік,  тәрбиелік  қуаты  мол  классикалық  дүниелерді  туған  халқына  тезірек  жеткізуге 
тырысады.  Мұның  өзі,  бір  жағынан    оның  патриоттық  сезімінен  туындап  жатсаң  мұндай 
құбылысты, екінші жағынан, уақыттың күн тәртібіне қойып отырған талабымен санасу деп 
ойлаған жөн» [1]. 
Ол – Пушкин шығармаларын жан-тәнімен сүйуші, оны қазақ тіліне бар күш-жігерімен 
аударушы.  Сонау  Сібірде  жер  айдалып  жүргенде,  ол  жергілікті  тұрғындарға,  оқушы 
балаларға  Пушкинтанудан  ағыл-тегіл,  дәріс  оқуы  тегін  емес  болар.  С.Талжанов  1937ж. 
Пушкиннің  100  жылдығына  орай  шығарылған  ұлы  ақынның  қазақ  тілінде  тұңғыш  жарық 
көрген  үш  томдығын  бірінші  томын  аударуға  қатынасты.  Ол  Пушкиннан  басқа  да  орыс 
көркем  сөз  алыптарының шығармаларын қазақшаға  тәржімалады.  Сонау  30-жылдары-ақ ол 
орыстың  көркем  сөз  алыптарының  бірі  Ф.М.Достоевскийдің  «Бейшараларын»  жоғары 
көркемдікпен  ана  тілінде  сөйлетті.  Терең  қаламгерлік  қарыммен,  шығармашылық  қуатпен 
тән тілімізге қатарды. 
Орыс  әдебиетінің  тарлан  өкілдерінің  бірі  жазушы  –  ғалым  Ю.Тыняновтың  «Уәзір 
Мұхтардың  өлімі»  деген  кесек  туындысын  да  көркем  кестелеп,  қазақ  оқырмандарының 
көзайымы етті. 
Бір кездері САГУ-дің (Орта Азия мемлекеттік университеті) Иран бөлімшесінің түлегі 
Сәйділ  Талжанов  шығыс  әдебиетінің  де  ерен  білгірі  еді.  Ол  Шығыс  әдебиетінің  інжу-
мәржаны «Кәлилә мен Дишнаны» қазақ тіліне мөлдірете аударды. Осы кітаптың алғысөзінде 
автор  шығыстың  осы  жауһар  туындысының  шығу  негізі  жайында  шығыс  зерттеушісі 
Е.Э.Берелос  пікірін  былай  келтіріпті:  «Шығыс  әдебиетін  зерттеушілер  бұл  кітаптың  негізі. 
Үндістаннан  шыққанын  анықтайды».  «Панчатантраны»  («Бес  бәйітті  –  Бес  кітапты»)  осы 
замананың 300 жылдарында Кашмирде бір брахман жазды деп жобалайды. Онда ши бәрілер: 
«Каратака  мен  Даманака  болып  атаныпты».  Пехлеви  әліппесінде  «Р»  мен  «Л» 
дыбыстарының  белгілері  біреу  болғандықтан,  Әл-Мүкафұлы  бұл  есімдерді  пехлеви 
жазбасынан (онда дауысты дыбыстар таңбаланбайды екен) «Калимаг пен Дамнаг» деп оқуы 
да  ғажап  емес.  Үндістандық  тұп  нұсқада  бес-ақ  тарау  бар.  Бурзое  үш  тарауды  әйгілі 
«Махабхарата» дастанының он екінші кітабынан алып енгізген. Соңғы төрт тарау, осы кезге 
дейін  ескі  Үнді  әдебиетінен  кездеспейді,  бірақ  мазмұнына  қарағанда  олардың  Үндістаннан 
шыққаны айқын [2,7]. 
С.Талжановтың «Кәлилә мен Димнасы» аударма саласындағы оның жеке табысы ғана, 
қазақ аударма өнерінің тарихына ерекше бет боп қосылатын талайым үлес, елеулі құбылыс 
деп есептеуіміз керек. 
Қарымды талант тек қазақ тілінің ғана емес, орыс әдеби тілінде өте шебер меңгерген, 
оның әдеби нормаларында көркемөнер иесіне  тән талғаммен, нәзіктікпен түсіне алатын аса 
сұңғыла, білімдар жан еді. 
Отызыншы 
жылдардың 
өзінде-ақ 
қазақ 
тіліндегі 
төл 
дүниелерімізді 
орыс 
ақырмандарына таныстыра бастаған болатын. 


202 
 
Сол  кездегі  қазақ  қаламгерлерінің  ірі  өкілдері  Сәкеннің  «Қызыл  ат»  поэмасы, 
Бейімбеттің  «Майдан»  пъесасын  орысша  сөйлетті.  Бірақ  сол  кездегі  саяси  жүйе 
аудармашының  бұл  еңбегі  үшін  оның  маңдайынан  сипай  қойған  жоқ  болатын.  Халық 
жаулары атанған Сәкен мен Бейімбеттің осы шығармаларын орыс тіліне аударғаны үшін ол 
жазықсыздан-жарықсыз Сібірге халық жауы болып сотталып кете барған болатын. Ол тарлан 
ақын Сәкеннің «Тар жол тайғақ кешу» сиқяты дәуірлік сипаттағы мемуарында жазушы Иван 
Щеголихинмен  бірлесе  еңбек  ете  отырып,  орыс  тіліне  аударып  шыққан  болатын.  Жай 
аударма емес, көркем аударылған, әдемі аударма деуге негіз бар. 
Қазақтың  мемлекеттік  көркем  әдебиет  баспасынан  1959  жылы  шыққан  Сейфулланың 
Сәкені  деген  повесін  де  орысшаға  өзі  тәржімалады.  Орысшадан  қазақшаға,  қазақшадан 
орысшаға  қиналмай  еркін  аудара  беру  С.Талжановтың  аударма  өнеріндегі  төл  ерекшелігі 
болатын.  Біздің  қазақ  аудармашыларының  көпшілігі  орыс  тілінен  қазақ  тіліне  қиналмай 
аудара  береді  де,  керісінше  қазақ  тілінен  орыс  тіліне  аударуға  келгенде  орашолақтық 
танытып,  кібіртіктей  береді.  Осы  олқылықты  кезінде  С.Талжанов  таланты  толтырған 
болатын.  Осындай  аудармашылық  қарым,  сөздің  шын  мәніндегі  биллингвистік  қабілет 
қазіргідей  тәуелсіздік  алып  өз  алдымызға    ел  болып,  тіліміз  мемлекеттік  мәртебе  алып, 
аударма өнеріне деген сұраныс, қажеттілік тексіз ортып отырғанда, аса маңызды қасиетке ие 
болапы, осы мұқтаждық үлесі еселене түсері шүбәсіз. 
С.Талжанов  көркем  аударманың  ғылыми  негіздері  мен  теориялық  мәселелерін  де 
арнайы  зерттеген  дарын.  Оған  аударманың  теориясы  мен  тарихына  қатысты  зерттеулері 
айғақ.  «Белгілі  аудармашының  практикалық  мол  тәжірибе  жинақтауы  оның  осы  саладағы 
теорияның жаң-жапсарымен шұғылдануына бірден-бір себепші, түрткі болғаны сөзсіз. Оның 
үстіне,  қазақ  филологиясында  аударма  ахуалының  кешеңдеп  сөз  болғанын,  бертінге  дейін 
бұл  саладағы  жүйесі  зерттеулердің  көріне  қоймағанын  ескермеске  болмайды.  Енедеше, 
Сәкеннің  бұл  бағыттағы  ізденістерін  ғылым  мен  әдебиеттегі  мұқтаждықты  өтеу  ниетінен 
туған маңызды іс деп бағалауға хақылымыз» - деп жазады белгілі ғалым [1]. 
Аударманың  ғылыми-теориялық  мәселелеріне  байланысты  көптеген  конференциялар 
мен  симпозиумдарда  баяндамалар  жасады.  Мерзімді  баспасөз  бен  ғылыми  басылымдарда 
мақалалар  жариялады.  Оның  қаламынан  көркем  аударманың  күрделі  де  түйткілді 
мәселелеріне, оның кенеулі тұстарына арналған. 
«Көркем аударма туралы» (1962), «Аударма және қазақ әдебиетінің мәселелері» (1975), 
«Об  узловых  проблемах  художественного  перевода»,  «Вопросы  перевода»  атты  бірегей 
монографиялар  туды.  Сергек  талант  аударма  өнерінің  осындай  ғылыми  мәселелерін  өз 
жұмысының  негізгі  бағдары  етіп,  ұзақ  жылдар  бойы  үздіксіз,  үзіліссіз  зерттеп,  қажырлы 
еңбек етті. 
Сәйділ Талжанов қазақ әдебиетінің ғана тарихын емес, әлем әдебиетінің, оның ішінде 
орыс әдебиетінің тарихын да тамаша білетін, терең зерделейтін, аса білімдар тұлға болатын. 
«Әдебиет  шежіресінен»  деген  еңбегінде  автор  орыс  қоғамындағы  рухани  атмосфераны, 
әдеби тартыстарды білгірлікпен шынайы баяндайды. Мысалға ХІХ ғасырдағы әртүрлі әдеби 
бағыттардың басында тұрған, ортақолды дарындар, «Европа жаршымы» журналының ғалым 
редакторы,  ординарный  профессор,  стат  кеңесшісі  және  кавалер  М.Т.Каченовский  мен 
«Москва  телеграфы»  журналының  редакторы,  тарихшы  Н.Карамзиннен  қалыспаймын  деп 
«Орыс  халқының  тарихы»  атты  күйкі  кітап  жазып,  сол  еңбегі  үшін  Россия  ғылым 
академиясының  қолдан  жасалған  коррекспондент  мүшесі  болған  Н.А.Полевойдың 
арасындағы  бәтуасыз  егес,  күйкі  дау-дамайларды  тілге  тиек  ете  отырып,  шын  дарындарды 
өсірмейтін  осындай  пасық,  қоғамдық-әлеуметтік  психологияның  да  жай-жапсарынан  сыр 
ұшықтап  өтеді.  Осындай  кертартпа  мінездердің  шамшыл  дау-дамайына  араласам  деп 
орыстың  ұлы  ақыны  А.С.Пушкин  осы  топтардан  өзіне  жау  тауып  алады.  Бұлардың  бұлай 
өшігуі ұлы ақынның басында біраз шырғалаңға салған сияқты. 
А.С.Пушкиннің  өайтпас,  қайсар  принципін  өзіне  өнеге  тұтқан  әдебиетші  С.Тайжанов 
былай  деп  айтып  өтеді:  «Өзекті  ойы  бар,  соған  сай  өткір  тілі  бар,  қайтпас  қара  болаттай 
қайсар принцип иесін білгің келсе А.С.Пушкинді оқыған жөн шығар. 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   164




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау