№ исх: 330 от: 01. 06. 2017 Қазақстан Республикасы


Конвенцияның 28-бабы. Жеткілікті өмір сүру деңгейі және әлеуметтік қорғау



жүктеу 0,63 Mb.
бет7/7
Дата21.01.2020
өлшемі0,63 Mb.
#27129
1   2   3   4   5   6   7

Конвенцияның 28-бабы. Жеткілікті өмір сүру деңгейі және әлеуметтік қорғау
432. Қазақстан Республикасы конституциялық деңгейде өзін әлеуметтік мемлекет ретінде мәлімдейді (1-бап). Қазақстан Республикасының азаматына жасына байланысты, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі (28-бап).

  1. Конвенцияда көзделген барлық бағыттар бойынша мүгедектердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету шаралары айқындалған Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 14-бабында олардың әлеуметтік қорғаудың жеткілікті өмірлік деңгейіне деген құқығы бекітілген.

  2. Мүгедектерге әлеуметтік көмек мемлекеттік жәрдемақылар, өтемақылар және өзге де, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген қайырымдылық есебінен төлемдер түріндегі төлемдерді қамтиды.

  3. Республикада барлық мүгедектер ай сайын мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы (МӘЖ) немесе зейнеткерлік жасқа жеткенде – зейнетақы алады. Мүгедектік бойынша МӘЖ көлемі мүгедектік тобы мен себептеріне байланысты болады және жыл сайын ең төмен күнкөріс деңгейі мөлшерінің өзгеруіне байланысты индексацияланады. Бұл ретте алынатын жәрдемақы/зейнетақы мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен болмауы керек (8-қосымша).

  4. Ең төмен күнкөріс деңгейі – мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді және азық-түлік себеті мен азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады.

  5. Алынатын арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (МӘЖ) немесе зейнетақыға қосымша бұрын ұсынылған заттай жеңілдіктердің орнына МӘЖ төленеді.

  6. Мемлекет мүгедек балалары бар отбасылардың ана мен баланы қорғау мақсатында заңнамада белгіленген әлеуметтік қолдаудың барлық шараларын алу құқығына кепілдік етеді. «Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» 2005 жылғы 28 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында бала тууына байланысты біржолғы төлем, бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы, он сегіз жасқа дейінгі балаларға төленетін ай сайынғы жәрдемақы; мүгедек баланы (мүгедек балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы көзделген. Бұл ретте соңғы жәрдемақы ең төменгі жалақы көлемінде төленеді.

  7. Аз қамтылған отбасыларға жергілікті бюджет қаражатынан мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек төленеді және тұрғын үй көмегі көрсетіледі. 2012 жылдан бері мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы болып табылатын мүгедектер саны екі есе азайды (2012 жылы – 1088 адам, 2016 жылы – 446 адам). 9084 мүгедек отбасы тұрғын үй көмегін алады. Осылайша, Қазақстанда мүгедектер, оның ішінде әйелдер, қыздар және егде жастағы адамдар арасындағы кедейлік жойылып келеді.

  8. Жергілікті атқарушы органдар, жұмыс берушілер және өзге де ұйымдар әлеуметтік көмектің қосымша түрлерін көрсетуге құқылы.

  9. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес мүгедектерге оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес әлеуметтік қызметтер, медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқықтық көмек ұсынылады.

442. Ұлттық су заңнамасының қағидаттары халықты ауыз судың қажетті мөлшерімен және кепілді сапасымен бірінші кезекте қамтамасыз ету; халықтың суға әділ және теңдей қол жеткізуі болып табылады (Қазақстан Республикасы Су кодексінің 9-бабы). Көрсетілген нормалар мүгедектерді қоса алғанда, барлық тұрғындарға қолданылады. 2008 жылы елімізде «Халық үшін ауыз су қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті қабылданды.
Конвенцияның 29-бабы. Саяси және қоғамдық өмірге қатысу
443. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық заң Республиканың он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығына кепілдік етеді (Заңның 4-бабының 1-тармағы).

  1. Саяси құқықтарын іске асыруға шектеулер тек қана заңмен белгіленеді және атап айтқанда, сот iс-әрекетке қабілетсiз деп таныған азаматтар үшін сайлауға және сайлануға, сайлау комиссиясының мүшесі болуға тыйым салуды көздейді.

  2. Сайлаушылар Президентті, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламент Мәжілісінің депутаттарын және мәслихаттардың депутаттарын сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының бiр сайлау бюллетенiне тиiсiнше бiр дауысы болады. Сайлаушылар өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға тең негiздерде қатысады әрi олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады. Кандидаттардың сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепiлдiк берiледi. (Заңның 5-бабы).

  3. Сайлау туралы заңның 41-бабына сәйкес әрбiр сайлаушы (таңдаушы) өзi дауыс бередi. Жекелеген сайлаушылар денсаулық жағдайына, отбасының сырқат мүшесiне күтiм жасау себебiне, сондай-ақ сайлау учаскелерi құрылмаған шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда болуына байланысты дауыс беруге келе алмаған жағдайда, учаскелiк сайлау комиссиясы олардың дауыс беру күнi жергiлiктi уақыт бойынша сағат он екiден кешiктiрілмей берiле алатын жазбаша өтініші бойынша осы сайлаушылардың тұрған жерiнде дауыс берудi ұйымдастыруға тиiс (Заңның 41-бабының 6-тармағы).

  4. Мүгедек адамдарға сайлау құқығын қолжетімді ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу кезеңінде 2015 жылдың сәуірінде сайлау учаскелері егде жастағы адамдар мен мүгедектерге қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін ғимараттардың бірінші қабаттарында орналасты.

  5. Учаскелік сайлау комиссиялары маңайындағы аумақ пен сайлау учаскелерінің фойесінде сайлау қағидалары, мерзімдері туралы ақпараттық стенділер және сайлау учаскелерінің орналасуы туралы маңдайшалар мен нұсқаулар орнатты. Аталған ақпарат көру қабілеті нашар адамдар үшін қолжетімді ету мақсатында ірі қаріппен жазылды. Сайлау, дауыс беру тәртібі, сайлау учаскелерінің орналасу орындары туралы ақпарат республикалық және өңірлік телеарналарда көрсетілді, бұл ақпараттың көру және есту қабілеті бұзылған адамдар үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Денсаулық жағдайына байланысты сайлау учаскелеріне келе алмаған адамдар үшін бұрын ұсынған өтінімдері бойынша сайлау комиссиясы мүшелерінің үйлеріне баруы ұйымдастырылды.

  6. Аумақтың сайлау комиссияларының өкілдері сайлауды өткізу тәртібі мен дауыс беру учаскелерінің орналасу орындары туралы ақпаратты түсіндіру үшін мүгедектер ұйымдарына барды.

  7. Еліміздің жекелеген өңірлерінде сайлау комиссияларының құрамына мүгедектер ҮЕҰ өкілдері кірді.

  8. Сайлау құқығын қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылғы 20 наурызда өткен Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлауда мүгедектерге кандидаттар, сайлау учаскелерінің орналасу орындары, кандидаттардың бағдарламалары туралы ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасалды (ірі қаріпті, ымдау тілін және т.б. пайдалану).

  9. Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) хабарлауы бойынша Қазақстан Республикасының Парламенті мен мәслихаттар депутаттарына кандидаттар толтыратын биографиялық деректерде кандидаттың мүгедектігін көрсететін мәліметтер қарастырылмаған. Сонымен қатар, жергілікті билік органдарының ақпараты бойынша 2016 жылы облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттар құрамында мүгедектігі бар 35 депутат, оның ішінде 12 әйел жұмыс істеді.

  10. Мүгедектер республиканың басқа азаматтарымен қатар мемлекеттің басқару істеріне тең тікелей және өз өкілдері арқылы қатысу, мемлекеттік органдарына және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына жеке жүгіну, сонымен қатар жеке және ұжымдық ұсыныстар жіберу құқықтарына ие (Конституцияның 33-бабы).

  11. Конституцияның ережелеріне сәйкес (23-бабы) әркімнің бірлесу бостандығына құқығы бар, олардың қызметі «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 жылғы 31 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.

  12. 2016 жылы Қазақстанда мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау және оларға көмек көрсету бойынша қызметті жүзеге асыратын 808 ҮЕҰ тіркеліп, жұмыс жасауда.

  13. Орталық және жергілікті атқарушы органдар мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен және олардың уәкілетті өкілдерімен мүгедектердің мүдделеріне қатысты шешімдерді дайындау және қабылдау барысында өзара әрекет етеді.

  14. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері:

мүгедектердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдарға ұсыныстар енгізу;

әлеуметтік көрсетілетін қызметтердің тиісті түрлерін ұсыну тиімділігін бағалауға қатысу;



Қазақстан Республикасының мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі әзірленіп жатқан нормативтік құқықтық актілеріне ұсыныстар енгізу арқылы мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысады.

  1. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысады, оның мақсаттары мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты, заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру; орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, мүгедек адамдардың құқықтарын сақтау мәселелері бойынша халықаралық және өзге ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен өзара ынтымақтастықты қамтамасыз ету болып табылады.

  2. Үйлестіру кеңесінің құрамына ҮЕҰ 16 өкілі кіреді, бұл оның барлық мүшелерінің жалпы санының 62 %-ын құрайды.

  3. Барлық өңірлерде мүгедектердің құқықтарын жергілікті деңгейде сақтауға қатысты барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылдайтын Мүгедектер ісі жөніндегі облыстық кеңестер құрылды.

  4. Мүгедектердің қоғамдық және саяси өмірге қатысуға құқықтарын сақтауда үлкен жетістік мүгедектер ашқан қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатарынан штаттан тыс кеңесшілер институтын енгізу болып табылады. Қазақстанның бұл қадамы халықаралық деңгейде атап өтілді (анықтама үшін: 2012 жылы БҰҰДБ жариялаған байқауда Қазақстанның мүгедектер ұйымдары одағының төрағасы А.А. Аманбаевты Еңбек пен халықты әлеуметтік қорғау министрінің штаттан тыс кеңесшісі ретінде тағайындау бойынша Қазақстанның бастамашылығы атап өтілді).

  5. Үйлестіру кеңесінің 2016 жылғы 30 маусымдағы шешімімен Жоғары білімі бар мүгедектердің «Намыс» қоғамдық бірлестігі әзірлеген Министрлердің, әкімдердің мүгедектік мәселелері жөніндегі кеңесшілері туралы үлгілік ережесі мақұлданған.

  6. ҮЕҰ-мен нәтижелі ынтымақтастықта «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», «Халықты жұмыспен қамтамасыз ету туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларына, Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012 – 2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының бірінші және екінші кезеңдері жобасына, «Инватакси» қызметін көрсету қағидалары жобасына, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымына паспорттау жүргізу бойынша әдістемелік ұсынымдарға ұсыныстар жасалды.

464. Көру және есту қабілеті бұзылған мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің статистикалық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты ұйымдастыру кезінде «Қазақ соқырлар қоғамы» АҚ, «Қазақ саңыраулар қоғамы» АҚ, «Астана қаласының мүгедек жастар қоғамы» ҚБ, Астана қаласының қауымдастықтары, «Қазақстандық мүгедектер конфедерациясы» РАҚ сияқты бірқатар ұйымдармен кездесулер өткізілді, олардың барысында гендерлік аспектіні ескере отырып, мүгедектердің өмір сүру сапасы бойынша ішінара байқау анкеталары талқыланды.

  1. Мемлекет мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері мен олар құрған ұйымдарға қолдау көрсетеді, бұл қолдау ҮЕҰ әлеуметтік маңызды жобаларды қаржыландырудан және жеңілдіктер мен преференциялар ұсынудан көрініс табады.

  2. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне, сондай-ақ олар құрған ұйымдарға олардың меншігіндегі ғимараттар (құрылымдар, құрылыстар) салынған жер учаскелеріне меншік құқығын мемлекеттік меншіктен жеке меншікке ауыстыру Қазақстан Республикасы заңдарында көзделген жағдайда тегін жүзеге асырылады. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері қызметін тоқтатқан немесе жылжымайтын мүлікті мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің, олардың ұйымдарының меншігінен айырған жағдайларда олардың меншігіндегі жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылуға жатады.

  3. Мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу конкурстарына қатысуы кезінде салықтық жеңілдіктер мен преференциялары беріледі.

  4. ҮЕҰ жобаларын мемлекеттік қаржыландыру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» 2005 жылғы 12 сәуірдегі Заң аясында жүзеге асырылады.

469. 2013 жылдан бастап Еңбекмині жыл сайын «Үздік әлеуметтік жоба» атты республикалық конкурс өткізеді. 2016 жылы конкурсқа қатысу үшін 178 өтінім ұсынылды. Республикалық комиссия бірінші үш орынның номинанттарын анықтады. Жеңімпаз болғандар: бірінші орын, «Сурдоаударманың онлайн қызметі» жобасы (Алматы қ.); екінші орын, «Көкшетау қаласы мен Красный Яр аулында тұратын 1-топ мүгедектері, жүріп-тұруы қиын 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар үшін үйде паллиативтік көмек көрсету орталығын ұйымдастыру» жобасы (Ақмола облысы, Көкшетау қ.). Конкурс жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға және жобаларды одан әрі жылжытуда Еңбекминінің қолдауына ие болды.


30-бап. Мәдени өмірге қатысу, бос уақыты мен демалысын өткізу, спортпен шұғылдану


470. Конституция әркімнің, мүгедектерді қоса алғанда, төл мәдениетін пайдалануға құқын жариялайды (19-бап).

  1. Мемлекет азаматтарға, оның ішінде мүгедектерге мәдениет саласындағы қызметке құқығын мәдени өмірге қатысу, мәдени құндылықтарға қол жеткізу, мәдениет және өнер мамандықтары бойынша білім алу құқығын қамтамасыз ету арқылы кепілдік етеді («Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы).

  2. Азаматтардың, оның ішінде мүгедектердің өз қабілеттеріне сәйкес оларды пайдалану салаларын, іске асыру нысандарын өз бетімен таңдау және кәсіптік білім алу арқылы шығармашылық қызметке құқығы бар. Барлық Азаматтарды мәдени құндылықтарға баулу құқығы қамтамасыз етіледі (Мәдениет туралы заңның 10-бабы).

  3. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес мүгедектер мәдениет ұйымдарында бiрiншi кезекте қызмет көрсетiлумен қамтамасыз етіледі (14-бап); жергiлiктi атқарушы органдар мүгедектерге мәдени-ойын-сауық iс-шараларына, сондай-ақ дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына бара алатын жағдайларды, арнаулы спорт жабдықтарын берудi қамтамасыз етедi. Бiрiншi және екiншi топтардағы мүгедектер мен он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балалар аталған қызметтерді – бюджет қаражаты есебiнен, ал үшiншi топтағы мүгедектер аталған қызметтер құнының елу пайызын төлеп пайдаланады (27-бап).

  4. Мүгедектер қоғамдық бірлестіктерінің қатысуы арқылы мемлекеттік органдар мүгедектерді қоғамның мәдени өміріне тарту және оларды әлеуметтік-мәдени оңалтуды жүзеге асыру бойынша шаралар қабылдайды.

  5. Мүгедектігіне немесе егде жасына байланысты кітапханаға бара алмайтын кітапхана пайдаланушыларының кітапхана қорларына сырттай немесе стационардан тыс қызмет көрсету нысандары арқылы қол жеткізу құқығы бар (Мәдениет туралы заңның 24-бабының 6-тармағы).

  6. Қазақстанда зағиптар мен нашар көретін адамдарға арналған 15-тен астам кітапхана көзі көрмейтін мүгедектерді әлемдік және отандық әдеби бай мұрамен таныстыру бойынша жұмыс жүргізуде.

  7. Жаңа әдеби шығармаларға қолжетімділікті кеңейту үшін жыл сайын қазіргі заманғы бейімделген техникалық құралдардың шығарылымы (мәдениет мекемелеріне сатып алу мен жеткізулер) көбеюде, баспа мәтінін дыбысқа айналдыратын жаңа оқитын машиналар, жалпақ баспа мәтінін рельефті-ноқатты мәтінге айналдыратын брайльдық дисплейлер мен принтерлер, сонымен қатар сөйлеу синтезімен экрандық қолжетімділік бағдарламалары сатып алынуда.

  8. Мүгедектерді дене шынықтырумен және спортпен белсенді шұғылдануға тарту мақсатында оларға дене шынықтыру, сауықтыру сабақтары мен спорт жабдықтарына қол жеткізу жағдайларын жасаумен байланысты мәселелерді кешенді түрде шешу, нормативтік құқықтық базаны дамыту және мүгедектерді оңалту әдістерін меңгерген тренерлер мен педагог мамандарды даярлау бойынша шаралар қабылдануда.

  9. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен (1, 19-баптар) «бейімдік дене шынықтыру», «мүгедектердің дене бітімін оңалту және оларды әлеуметтік бейімдеу» түсініктері енгізілген, сондай-ақ мүгедектерді дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға тарту тетіктері айқындалған.

  10. Адаптивтік дене шынықтыру және спорт әдістерін пайдалану арқылы мүгедектердің дене бітімін оңалту және оларды әлеуметтік бейімдеу мүгедектерге арналған спорт клубтарында, мектептер мен секцияларда, дене шынықтыру-спорт ұйымдарында жүзеге асырылады.

  11. Мүгедектердің дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануын ұйымдастыру, кадрларды даярлау, мүгедектердің дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануын медициналық қамтамасыз ету және дәрігерлік бақылау білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, дене шынықтыру және спорт органдарына жүктелген.

  12. Дене шынықтыру және спорт туралы заңмен жергілікті билік органдарының және Қазақстан Республикасында дене шынықтыруды, әуесқой және кәсіби спортты дамыту саласындағы МСМ құзыреті регламенттелген.

МСМ дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді, оған мүгедектер арасында республикалық жарыстарды өткізу, халықаралық спорттық жарыстарда, оның ішінде Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындары мен Бүкіләлемдік арнайы олимпиада ойындарына Қазақстан Республикасының барлық спорт түрлері бойынша құрама командаларын (барлық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларын) дайындау және оларды қатыстыру жүктелген. Конвенцияға қол қойылғаннан кейін МСМ құрылымында ұлттық спорт түрлері және спортта мүмкіндіктері шектеулі адамдармен жұмыс жасау жөніндегі басқарма құрылды.

Жергілікті атқарушы органдар дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану үшiн спорт ғимараттарына бара алатын жағдайларды, арнаулы спорт жабдықтарын берудi; спорт клубтарының, мектептерінің, секцияларының ашылуын қамтамасыз етеді; жергілікті деңгейде спорттық іс-шараларды өткізуді; мүгедектердің республикалық спорттық жарыстарға дайындалуын және қатысуын ұйымдастырады.



  1. Қазақстанда мүгедектердің спорт түрлері бойынша қызметті жүзеге асыратын 3 қоғамдық ұйым жұмыс істейді – Қазақстанның Ұлттық Паралимпиадалық комитеті (http://www.paralympic.kz), «Спешиал Олимпикс» қоғамдық бірлестігі және «Дефлимпикс» қоғамдық бірлестігі; Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған спорттық дайындау орталығы; 12 спорт клубы; мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған 2 спорт мектебі.

  2. Жыл сайын мүгедектердің түрлі санаттары үшін 5 мыңнан астам мүгедек спортшылардың қатысуымен 40-тан астам халықаралық және республикалық чемпионаттар мен турнирлер өтеді. 2016 жылы мүгедектер арасында 36 республикалық жарыс өткізілді, сондай-ақ 37 халықаралық жарысқа баруы қамтамасыз етілді.

  3. 2016 жылғы Рио-де-Жанейродағы Паралимпиадада Қазақстан командасы алғашқы рет қорытынды 58-орынды иеленіп, екі медаль жеңіп алды (Зульфия Габидуллина жүзуде «алтын» және Раушан Қойшыбаева пауэрлифтингте «күміс»).

486. Қолданып жатқан шаралардың арқасында соңғы жылдары дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын мүгедектер үлесінің артуы байқалады (спортпен шұғылдануға қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектер қатарынан 2012 жылы – 8,3%, 2016 жылы– 10,2%). 2016 жылы 27421 мүгедек әуесқой және кәсіби спортпен шұғылданған.


Конвенцияның 31-бабы. Статистика және мәліметтер жинау


  1. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мүгедектерді есепке алу жүйесінің орталықтандырылған деректер банкін қалыптастыру, мүгедектік себептеріне, құрылымына және жағдайына мониторинг жүргізу халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыретіне жатады.

  2. ҰЭМ Статистика комитеті мүгедектер туралы ақпаратты жинауды статистикалық бақылаудың 6 нысаны бойынша, оның ішінде өңірлер бөлінісінде тіркелген мүгедектердің саны, мүмкіндіктері шектеулі балалардың саны, мүгедек балаларға арналған интернат үйлерінде тұрып жатқандардың саны, қарттар мен ересек мүгедектерге арналған интернат үйлерінде тұрып жатқандардың саны, мүгедек балаларға арналаған интернат үйлерінің саны, қарттар мен ересек мүгедектерге арналған интернат үйлерінің саны сияқты көрсеткіштер бойынша жүзеге асырады.

  3. 2014 жылы Статистика комитеті «Мүгедектігі бар адамдардың гендерлік ерекшелігін есепке алу арқылы өмір сүру сапасы» ішінара байқауын жүргізді. Аталған тексеру Мүгедектер құқықтары бойынша БҰҰ конвенциясын ратификациялау дайындығына байланысты бастамашылық етілген.

  4. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын іске асыруға қатысты ведомстволық статистикалық ақпаратты басқа орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде (БҒМ, ДСМ, АКМ, ҰЭМ және т.б.), сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар жүргізеді.

  5. Деректерді жинау және жариялау жеке деректер және оларды қорғау заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

492. Деректерді тарату ақпаратты Статистика комитетінің ресми статистикалық (баспа) басылымдарында, мемлекеттік органдардың ресми интернет ресурстарында орналастыру жолымен жүзеге асырылады.
Конвенцияның 32-бабы. Халықаралық ынтымақтастық


  1. Конституцияға сәйкес Қазақстан халықаралық құқық қағидаттары мен нормаларын құрметтейді. Қазақстан 3 748 халықаралық шарттың қатысушысы болып табылады.

  2. Елімізде адам құқықтары қорғау және халықты әлеуметтік қорғау саласында Үкіметпен белсенді ынтымақтастық жасайтын 73 халықаралық және өңірлік ұйымдар, агенттіктер жұмыс жасауда, оның ішінде БҰҰДБ, ЮНИСЕФ, ХЕҰ, ДДҰ, ЕКЫҰ, МАСО, Дүниежүзілік банк, АДБ және т.б.

  3. Елімізде қызметі Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялауға және Қазақстанның мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы міндеттемелерін мүмкіндігінше орындауына бағытталған Үкімет пен БҰҰДБ бірлескен бағдарламалары іске асырылуда. Жобалар аясында Қазақстандағы барлық билік деңгейлерінде, мүгедектігі бар адамдардың мәселелері қаралатын халықаралық диалог алаңдарында консультациялық-кеңесші комиссиялардың жұмысына мүгедектердің ҮЕҰ қатысуы және төрағалық етуі қолдау тапқан.

  4. 2012 жылы «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының жетекшісі Л.М.Қалтаева мүгедектігі бар адамдардың құқықтары үшін күрескерлер Азия-Тынық мұхиты сыйлығының иегері болды (ЭСКАТО).

  5. Қазақстандағы мүгедектердің қоғамдық ұйымдары халықаралық ынтымақтастықтың, халықаралық даму бағдарламаларының белсенді қатысушылары болып табылады, оның ішінде халықаралық ұйымдардың гранттық жобаларына қатысу арқылы, «Орталық Азияның Еуразия қоры» (ОАЕҚ), «Сорос-Қазақстан қоры» және т.б. сияқты қорлар арқылы қатысады.

498. Мүгедектерді қоғамға етене араластыру, сондай-ақ мүгедектерге толерантты қарым-қатынасты тәрбиелеу мақсатында:

жыл сайын 3 желтоқсанда 1992 жылы 47-сессияда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы арнайы қарарында жариялаған Мүгедектердің халықаралық күні атап өтіледі;



қазанның екінші жексенбісі Қазақстан Республикасының мүгедектер күні деп белгіленген («Қазақстан Республикасының мүгедектер күнін белгілеу туралы» 1993 жылғы 15 маусымдағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы).
Конвенцияның 33-бабы. Ұлттық жүзеге асыру және мониторинг


  1. Атқарушы билік органдары жүйесінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау мәселелерін үйлестіретін органның функциялары еңбек, өмір сүру мен табыстар деңгейі, зейнетақымен қамсыздандыру, халықты жұмыспен қамту және жұмыссыздық, халықты әлеуметтік қорғау, оның ішінде халыққа әлеуметтік қызметтер көрсету (мүгедектерді қоса алғанда), мүгедектерді оңалту, медициналық-әлеуметтік сараптама өткізу саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ететін Еңбекминіне жүктелген.

  2. Еңбекмині өз қызметін ведомстволық бағынысты ұйымдары арқылы орталық және жергілікті атқарушы ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдармен өзара әрекет етіп жүзеге асырады. Еңбекминінде Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияның жүзеге асырылуы және іске асырылуының мониторингі мәселелері Әлеуметтік қызметтер департаментіне жүктелген.

  3. Қазақстанда мүгедектерге қатысты әлеуметтік саясаттың жекелеген мәселелерін әзірлеу және іске асыру бойынша едәуір өкілеттер ДСМ, БҒМ, МСМ, ҰЭМ, Қаржыминіне, ІІМ және Әділетминіне берілген.

  4. 2005 жылдан бері Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесі жұмыс істейді.

  5. Конвенция нормаларының іске асырылуына мониторинг жүргізу функцияларын министрлердің, облыс (қала, аудан) әкімдерінің мүгедектік мәселелері жөніндегі кеңесшілері жүзеге асырады.

  6. Мүгедектерді құқықтарын көтермелеудің, қорғаудың тәуелсіз тетігі Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және Бала құқықтары жөніндегі уәкіл (Омбудсмен) институттары болып табылады.

  7. Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын көтермелеу және қорғау Омбудсмен қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Бұған дейін Омбудсмен «Қазақстан Республикасындағы мүгедектердің құқықтары мен мүмкіндіктері» арнайы баяндамасын дайындаған.

  8. Соңғы 5 жылда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің атына мүгедектерден тұрғын үй, еңбек құқықтарына, әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулықты сақтау, білім алу құқықтарына, сондай-ақ сот шешімдерін орындамауға, білікті заң көмегін алуға қатысты 201 өтініш келіп түскен. Іс жүргізуге қабылданған әрбір шағым белгіленген тәртіппен тиісті түрде қаралып, шешім қабылданады.

  9. Омбудсмен атына келіп түсетін шағымдарды жалпылама талдау Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қызметі туралы жыл сайынғы есепте жүргізіледі. Сонымен қатар мүгедектер көтеретін проблемалық мәселелер Омбудсмен мемлекеттік органдардың атына жіберетін ұсынымдарда өзектендіріледі.

  10. Соңғы 5 жылда Омбудсмен мекемесінің қызметкерлері қарттар мен мүгедектерге, сондай-ақ психоневрологиялық аурулары бар мүгедектерге, оның ішінде балаларға арналған 44 ұйымға, Қазақ соқырлар қоғамы мен Қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорындарына барды. Аталған ұйымдарға бару қорытындылары бойынша мемлекеттік органдарға тиісті ұсынымдар жіберілді.

_____________________




жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау