№ исх: 330 от: 01. 06. 2017 Қазақстан Республикасы



жүктеу 0,63 Mb.
бет5/7
Дата21.01.2020
өлшемі0,63 Mb.
#27129
1   2   3   4   5   6   7


296. Қазақстан Республикасында жүріп-тұруында қиындығы бар 17 756 бірінші топ мүгедегіне жеке көмекшілердің қызметтері ұсынылады. Мұндай қызметтер тауарлар және қызметтерді сатып алумен, демалысты, бос уақытты өткізумен, қажетті құжаттарды ресімдеумен, ақпаратты алумен, өзінің құқықтары мен мүдделерін іске асырумен және қорғаумен байланысты мәселелерді шешу үшін тұрғылықты жерінен бастап межелі орнына дейін және кейін мүгедекті сүйемелдеу қажеттілігі жағдайларында көрсетіледі.


Конвенцияның 21-бабы. Көзқарасы мен наным-сенімін білдіру еркіндігі және ақпаратқа қол жеткізу


  1. Қазақстанда әр адамға сияқты мүгедекке де сөз және шығармашылық бостандығына кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады. Әркімнің ар-намыс бостандығына құқығы бар (Конституцияның 20, 22-баптары).

  2. Конституцияда әр азаматтың бірлесу бостандығына құқығы бекітілген. Конституцияның 32-бабы әрбір азаматтың бейбiт әрi қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер өткізуге, басқалармен тең сайлау құқықтарын іске асыруға және бұқаралық ақпараттық құралдарының қызметіне қатысуға құқығын белгілейді.

  3. Конституцияның 33-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, сондай-ақ жеке және ұжымдық өтініштер жолдауға құқығы бар. Осы құқықтар толық дәрежеде мүгедектерге де қолданылады. Бұдан басқа өз пікірлерін білдіру үшін Қазақстан Республикасындағы мүгедектер өздері құрған 30-дан астам қоғамдық ұйымды, ал жұмыс істейтін мүгедектер кәсіптік одақтарды қолданады.

  4. «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 7) тармақшасына сәйкес ақпарат иеленуші ақпарат беру кезінде мүгедектер үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. Көрсетілген Заңның 12-бабының 1-тармағына сәйкес ақпараттық стенділерді және (немесе) ұқсас мақсаттағы басқа да техникалық құралдарды орналастырған кезде ақпарат иеленушілер мүгедектердің оларға еркін қол жеткізуіне жағдайлар жасауға міндетті.

  5. Қолданыстағы заңнаманың мүгедектердің ақпаратқа қолжетімдігі бөлігіндегі нормалары осы баяндаманың 78, 79-тармақтарында жарияланған.

302. «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 30-бабы 1-тармағына сәйкес жаңалық сипатындағы кемінде бір телебағдарлама субтитрлер түріндегі аудармамен немесе сурдоаудармамен қамтамасыз етіледі. Бөлінген қаражат есебінен жыл сайын 14 өңірлік телеарнада күніне 2 жаңалық шығарылымы жаңалық телебағдарламасын сурдоаудармасымен трансляциялау қамтамасыз етілген. Көрсетілген мақсаттарға республикалық бюджеттен 2014 – 2016 жылдарға 957,8 млн. теңге бөлінген.

303. Есту қабілеті бұзылған 3 618 мүгедек жылына алпыс сағат көлемінде ымдау тілі маманының қызметтерін алады (2017 жылға дейін – жылына 30 сағат). Аталмыш қызметтер құлағы естімейтін мүгедектерге басқа адамдармен қарым-қатынас жасауға және ақпарат алуға, оқумен, жұмысқа орналасумен, өз құқықтары мен мүдделерін қорғаумен және іске асырумен байланысты мәселелерді шешуге, қажетті құжаттарды ресімдеуге, консультациялық ұйымдарда және мемлекеттік органдарда ақпарат алуға мүмкіндік береді.

304. Үкімет ақпараттың жаһандық көзі ретінде ақпараттық технологиялар мен интернеттің маңыздылығын ескере отырып, ОТҚ тізбесіне (279-280-тармақтарды қараңыз) есту және көру қабілеті бұзылған адамдар үшін қазіргі заманғы ұялы телефондарды, арнайы жабдығы және бағдарламалық қамтылымы бар ноутбуктерді қосты.

305. Барлық орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның ресми сайттарындағы ақпарат қосымша төлемсіз және мүгедектерге бейімделген және қолжетімді форматта орналастырылған.

306. 2014 жылы БҰҰ Даму бағдарламасымен бірлескен жоба шеңберінде «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» атты ақпараттық портал пайдалануға енгізілді, ол Еңбекминінің интернет-ресурсында арнайы бөлім болып табылады. Портал мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, өңірлік жаңалықтарды, фото және бейнесюжеттерді, объектілерді бейімдеу және жұмыспен қамту карталарын іске асыру мониторингін және мәліметтерді, инфографика және сауалнаманы (http://convention.mzsr.gov.kz) қамтиды.


307. Мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің статистикалық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Еңбекминінің интернет-порталында «мүмкіндіктері шектеулі адамдардың (мүгедектердің) саны», «кәсіптік еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесі бар адамдар», «медициналық-әлеуметтік мекемелердегі қарт адамдардың саны», «ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жетім балалардың саны», «қылмыстық деңгейі», «туберкулезбен ауыратындардың саны» сияқты және т.б. денсаулық сақтау, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер жүйелері бойынша деректерді қамтитын әлеуметтік қатерлер картасы орналастырылған. Оның негізінде өңірлердегі әлеуметтік әл-ауқат жағдайын мониторингтеу қамтамасыз етіледі.



Конвенцияның 22-бабы. Жеке өмірге қолсұғылмаушылық
308. Азаматтардың, оның ішінде мүгедектердің жеке өміріне қол сұғылмау Конституциямен кепілдендірілген.

Әркім өзінің жеке салымдары мен жинаған қаражатының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, почта, телеграф арқылы және басқа жолдармен алысқан хабарларының құпиялылығы сақталуына құқығы бар.

Тұрғын үй қол сұғылмайтын болып табылады. Заңмен белгіленбеген жағдайларда немесе сот шешімінсіз ешкім де тұрғын үйге онда тұратын адамдардың еркінен тыс басып кіруге хақысы жоқ. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді.

309. Жеке тұлға және денсаулық жағдайы туралы мәліметтердің құпиялылығы басқалармен тең дәрежеде азаматтық (Азаматтық кодекстің 115-бабының 3-тармағы), әкімшілік (Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 16-бабы) және қылмыстық (Қылмыстық кодекстің 147-бабы) заңнамамен қамтамасыз етілген.



310. Елде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып қолданылуда, ол мүгедек адамдарға да қолданылады.
Конвенцияның 23-бабы. Үй мен отбасын құрметтеу


  1. Конституцияның 27-бабына сәйкес неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Қазақстандық заңнамада мүгедектік себебі бойынша некеге тұру үшін шектеулер жоқ.

  2. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексте некеге ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында заңмен белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған ер адам мен әйел арасындағы тең құқықты одақ деген түсінік беріледі. Неке жасы ерлер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді. Дәлелді себептер болған кезде неке жасы екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетілуі мүмкін. Заңнамада араларында неке қиылуына (ерлі-зайыпты болуына) жол берілмейтін адамдар тобы белгіленген, ол тізбеге мүгедектер кірмейді. Осылайша, неке жасына жеткен Қазақстанның барлық азаматтарының кедергісіз, өз қалауымен жұбайын таңдауға және неке қиюға құқығы бар.

  3. Қазақстан заңнамасы әке болуға, ана болуға және жеке байланыстарға қатысты мәселелерде мүгедек адамдар үшін ерекшелік көздемейді. Бұған сондай-ақ олардың балалар санын анықтау, отбасын жоспарлау туралы ақпаратқа қолжетімді болу және басқалар сияқты өзінің фертильдігін сақтау құқығы кіреді.

  4. Балаларды асырап алу туралы шешімді сот қабылдайды. Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексте бала асырап алуға рұқсат етілмейтін адамдар тобы белгіленген. Олардың қатарына сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар; денсаулық жағдайына байланысты ата-ана құқықтарын жүзеге асыра алмайтын адамдар кіреді. Адамның бала асырап алуы, оны қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа, патронатқа қабылдап алуы мүмкін болмайтын аурулардың тізбесін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

  5. 2016 жылы Қазақстанда 2 200 бала асырап алынған, оның 29-ын шетелдіктер асырап алған. Соңғы жылдары қазақстандық отбасылардың психикалық және физиологиялық ауытқулары бар балаларды асырап алуының өсуі байқалады.

  6. 1056 мүгедек бала қазақстандық азаматтардың отбасында қамқоршылықта, қорғаншылықта және патронатта.

  7. Бала асырап алу құпиясы заңмен қорғалады. Осыған байланысты асырап алынған мүгедек балалар бойынша жеке статистика және мүгедектер берген асырап алу туралы істер бойынша талап-арыздар мониторингі жүргізілмейді.

  8. Қазақстанда мүгедектер басқа азаматтармен қатар қосалқы репродуктивтік технологияларға бірдей қол жеткізе алады. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте некеде тұратын және некеде тұрмайтын әйел мен ер адамның медициналық араласуға екіжақты хабардар етілген ерікті түрдегі жазбаша келісімі болған кезде қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға құқығы бар. Жалғыз басты әйелдің де медициналық араласуға хабардар етілген ерікті түрдегі жазбаша келісімі болған кезде қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға құқығы бар. Фертильдікті сақтау бойынша қосалқы репродуктивтік технологиялардың әр түрлі әдістері мен жаңалықтары белсенді түрде енгізілуде.

  9. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес баласынан бөлек тұратын ата-ананың баласымен араласуға, оның тәрбиесі мен баланың білім алуы мәселелерін және бала үшін басқа да маңызды мәселелерді шешуге қатысуға құқығы бар. Егер мұндай араласу баланың тән саулығы мен психикалық денсаулығына, оның адамгершілік жағынан дамуына зиян келтірмесе, баласы өзімен бірге тұратын ата-ана баланың екінші ата-анасымен араласуына кедергі жасамауға тиіс (Кодекстің 73-бабының 1-тармағы).

  10. Бірде бір бала ата-анасымен мүгедектік немесе баланың мүгедектігіне немесе ата-анасының біреуінің немесе екеуінің мүгедектігі себебі бойынша ажырамауын қамтамасыз ету үшін Қазақстанда қабылданған шараларға баланың отбасында тәрбиеленуі, ата-анасымен және басқа туысқандарымен араласуы және өз пікірін білдіру құқығының заңнамалық бекітілуін жатқызуға болады («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 10-тарауы).

  11. Егер заңда басқаша айтылмаса, бала өзінің шыққан тегі, биологиялық ата-анасы туралы білуге және отбасымен – егер соңғысы осыған өз келісімін берсе – тіпті егер оған қатысты ата-ана құқықтары тоқтатылса да қарым-қатынасты қолдауға құқылы. Баланың ата-анасының екеуімен де, тіпті егер ата-анасы басқа мемлекеттерде тұрса да байланыс жасауға құқығы бар.

  12. Заңнама тұрғысынан ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу нысандары бекітілген – асырап алу, қамқорлыққа немесе қорғаншылыққа беру, қабылдайтын немесе патронат отбасына беру, ал мұндай мүмкіндік болмаған кезде отбасына тәрбиелеуге бергенге дейін кезеңге – жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға беріледі («Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 116-бабы).

323. Мүгедектерді әлеуметтік интеграциялау процесінде отбасының рөлін одан әрі арттыру мақсатында мемлекет осындай отбасыларға көмек көрсету нысандарын және олардың әлеуметтік қызметтермен өзара байланысын дамытады, бала асырап алған ата-ана және қамқоршыны дайындау жүйесін жетілдіреді, патронат және алмастырушы отбасыларды құруды ынталандырады.
Конвенцияның 24-бабы. Білім беру


  1. Қазақстанда мүгедектердің басқа адамдармен бірдей барлық деңгейде және өмір бойы мүмкіндіктер теңдігі негізінде, кемсітусіз білім алу құқығы құпталады.

  2. Конституцияға сәйкес азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар (30-бап). Білім алудың және өздігінен білім алудың түрлі нысандарын мемлекеттік қолдау, мемлекеттік білім стандарттарын, оның ішінде оны мүгедектің алу шарттары мен тәртібін айқындайтын стандарттарды белгілеу көзделеді.

  3. Мемлекет мүмкіндіктері шектеулі балаларды, мүгедектер мен бала жасынан мүгедектерді, оларды білім алу кезеңінде күтуге арналған шығыстарды толық немесе ішінара өтейді (Білім туралы Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4-тармағы).

  4. Көзі көрмейтін және құлағы естімейтін мүгедектердің мөлшерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын арттырылған мемлекеттік стипендия алуға құқығы бар (Білім туралы заңның 47-бабының 7-тармағы).

  5. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде бірінші, екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар үшін 1 пайыз қабылдау квотасы көзделген (Білім туралы Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 8-тармағының 1) тармақшасы).

  6. Конвенция ратификацияланғаннан кейін Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңы: мүгедектердің құқықтарына білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде құрметпен қарау (28-баптың 4-тармағы); тәрбиеленушілер мен білім алушылардың білім беру ұйымдарында, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін қолжетімді нысанда ақпараттық ресурстарды тегін пайдалануға, оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендермен және оқу-әдістемелік құралдармен, оның ішінде мүгедектер, мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін дайындалған оқулықтармен қамтамасыз етілуге құқығы (47-баптың 3-тармағының 7) тармақшасы); ата-анасының біреуі немесе екеуі де мүгедек болып табылатын адамдарды мемлекеттік білім беру ұйымдарына және мемлекеттік медицина ұйымдарына жұмысқа бірінші кезекте жіберу құқығы туралы (47-баптың 17-1-тармағы) нормалармен толықтырылды.

  7. Ел заңнамасында «мүгедек бала» және «мүмкіндіктері шектеулі бала» деген ұғымдар бар.

  8. Даму мүмкіндіктері шектелген балалардың жалпы саны 144 783 құрайды, оның ішінде 96 555-і мектеп және 48 228-і мектеп жасына дейінгі балалар. 79 662 балаға мүгедектік белгіленген.

  9. Білім туралы заңда қабылдау шарттарына сәйкес білім беру ұйымдарын және білім алу нысанын таңдау құқығы көзделген. Осыған байланысты мүгедек балалардың ата-аналары мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, баланың оқу орны ретінде дағдылы немесе арнаулы білім беру ұйымын таңдауға құқылы.

  10. Қазақстанда арнаулы білім беру ұйымдарының мынадай желілері жұмыс істейді:

- 42 арнаулы балабақша, онда сөйлеу қабілеті, ақыл-ойы, тірек-қимыл аппараты, психикалық дамуы, есту және көру қабілеті бұзылған 5 160 бала және жалпы мектепке дейінгі ұйымдарда контингенті 8 754 баланы құрайтын 193 арнаулы топ тәрбиеленіп, оқып жатыр;

- 97 мектеп, мұнда мүмкіндіктері шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар 14 275 бала орта білім алуда;



- 58 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) және 149 психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті бар, онда мүмкіндіктері шектеулі 144 мыңнан астам бала психологиялық-педагогикалық түзету қызметтерін алуда.

  1. Елімізде инклюзивті білім беру жүйелі түрде енгізілуде, оның анықтамасы мен тетігін Қазақстан «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізе отырып, ТМД елдерінің ішінде бірінші болып заңды түрде бекітті (1-баптың 21-4-тармағы, 8-баптың 6-тармағы, 56-баптың 3-тармағы).

  2. БҒМ Қазақстан Республикасында инклюзивті білім беруді дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін және 2015 – 2020 жылдарға арналған инклюзивті білім беру жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі іс-шаралар кешенін бекітті. Инклюзивті білім беруді дамыту индикаторлары Білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына енгізілді (2-қосымша).

  3. Бүгінгі күні жалпы білім беретін 3 289 мектепте балаларды инклюзивті оқыту үшін жағдай жасалған.

  4. Инклюзивті білім беру жүйесіне енгізілген ерекше білім беруді қажет ететін балалардың саны мен үлесі 6-қосымшада көрсетілген.

  5. Арнаулы білім беру ұйымдарында 6 мыңнан астам педагог жұмыс істейді, олардың 32 %-ында – дефектологиялық білім, 58 %-ында жоғары педагогикалық білім бар. Педагогтардың жалпы санының 25 %-ы дефектология бойынша қайта даярлау курстарынан өткен.

  6. Сонымен бірге білім беру ұйымдарында мүмкіндіктері шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қолдау мәселесі инклюзивті білім беруді іске асырудағы проблемалардың бірі болып қалуда. Дефектолог мамандарды дайындауды Қазақстан Республикасында 17 жоғарғы оқу орны (ЖОО) жүзеге асырады. Жыл сайын осы мамандыққа 250-ге дейін мемлекеттік грант бөлінеді. 2015 – 2016 оқу жылынан бастап қазақстандық ЖОО-лардағы барлық педагогикалық мамандықтардың оқу жоспарларына «Инклюзивті білім беру» міндетті оқу пәні енгізілді.

  7. Инклюзивті білім беруді енгізу шеңберінде мемлекеттік ұйымдар жұмыскерлерінің үлгілік штатына педагог-ассистент лауазымы енгізілді.

  8. Республикадағы мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған барлық 97 арнаулы білім беру ұйымы интернетке қосылған. Мультимедиалық оқыту құралдарымен қамтамасыз ету орташа алғанда – 85 %-ды құрайды (12 облыста – 100 %, Ақтөбе облысында – 85 %, ШҚО-да – 35 %, Қарағанды облысында – 80 %, Оңтүстік Қазақстан облысында – 17 %). Интерактивті тақталармен және көмекші құралдармен білім беру ұйымдарының 95 %-ы жабдықталған.

  9. Қазақстан Республикасында білім берудің және ғылымды дамытудың 2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде алғаш рет Брайль қарпімен басылған (зағиптар үшін) және қарпі ірілендірілген (нашар көретіндер үшін) оқулықтарды әзірлеуге қаражат бөлінді.

  10. Оқу процесінде электрондық оқыту жүйесін пайдалану үшін сурдоаудармасы бар бейнесабақтар порталы құрылды (http://mediakurs.kz), мұнда 112 бейнесабақ орналастырылған, оның ішінде 80 – танымдық, 20 – оқу-танымдық, 12 – анимациялық фильм.

  11. Мүгедектігі бар 2 мыңнан астам баланы оқыту үшін техникалық және кәсіптік оқыту (ТжКО) жүйесіндегі 163 колледжде (барлығы 817 колледж) жағдай жасалған.

  12. Бүгінде ЖОО-да 374 студенттің мүгедектігі бар, оның ішінде 46 %-ы – әйелдер.

  13. Дене кемістігі бар адамдарға, оның ішінде мүгедек балаларға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге білім алуға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында еліміздегі 42 ЖОО-да қашықтықтан білім беру технологиясы енгізілген.

347. Қосымша білім беру жүйесінде ерекше білімді қажет ететін балаларды үйірмелерге, спортпен, шығармашылық қызметпен қамту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мүмкіндіктері шектеулі 2 000-нан астам бала үшін қосымша білім беру ұйымдарында шығармашылық оңалту (Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Астана қаласында) ұйымдастырылған.

Конвенцияның 25-бабы. Денсаулық


  1. Мүгедектерді медициналық оңалту және денсаулығын қорғау жұмысының негізгі бағыттары Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте қамтылған, ол Конвенция бекітілгеннен кейін «Мүгедектерге медициналық көмек көрсету» деген жеке 136-1-баппен толықтырылды.

  2. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясат азаматтардың қауіпсіз, тиімді әрі сапалы медициналық көмек алу құқықтарының теңдігін қамтамасыз ету; тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету; медициналық көмектің қолжетімділігі; денсаулық сақтаудың халықтың сұраныстарын, мұқтаждықтарын қанағаттандыруға бағытталған денсаулық сақтаудың әлеуметтік бағдарлылығы және өмір сапасын жақсарту қағидаттары негізінде іске асырылуда (Кодекстің 4-бабы).

  3. Кез келген медициналық араласу азаматтың хабардар етілген ерікті түрдегі келісімі негізінде жүзеге асырылады. Заңнамада белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамға қатысты, егер мұндай адам өз жағдайына байланысты медициналық араласуға келісім беруге қабілетсіз болатын болса, онда оның заңды өкіліне хабардар етілген ерікті түрдегі келісім беру құқығы беріледі.

  4. Денсаулық сақтау саласында туа біткен патологияға ерте диагностика жүргізіледі, неонатальдық хирургия, онкологиялық ауруы бар адамдарға медициналық көмек дамып келеді, туберкулезді ерте анықтау және емдеу жүзеге асырылуда, АИТВ инфекциясын және С гепатиті вирусын жұқтырғандарды анықтау мақсатында тексеру, балаларды және ересектерді вакцинациялау жүргізіледі, медициналық көмек көрсетудің стационарды алмастыру нысандары (күндізгі стационар) енгізілген.

  5. Халық денсаулығы туралы кодекстің 34-бабының нормасына сәйкес мүгедектің басқалармен бірдей бюджет қаражаты есебінен кепілдік берілген көлемде медициналық көмек алуға құқығы бар, олар профилактикалық, диагностикалық және медициналық емдеу қызметтерін, сондай-ақ ақылы, оның ішінде ерікті медициналық сақтандыру шартына сәйкес медициналық қызметтерді және өзге де қызметтерді қамтиды.

  6. Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде мүгедектің медициналық көрсетілімдері болған кезде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерде диагностикалық зерттеудің қымбат тұратын түрлеріне (полимеразалық тізбекті реакция; иммунофенотиптеу; жүктілерді медициналық-генетикалық зерттеу (ұрық анатомиясын бағалаудың ультрадыбыстық скринингі, инвазивтік пренатальды рәсімдер, цитогенетикалық зерттеудің биохимиялық скринингі), компьютерлік томография; магниттік-резонанстық томография; позитрондық-эмиссиялық томография; бір түсті эмиссиялық компьютерлік томография; ангиография) құқығы бар.

  7. Амбулаториялық-емханалық көмек көрсету кезінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету белгілі бір ауру және арнайы емдеу өнімдерімен бірге амбулаториялық деңгейде ТМККК шеңберінде халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік құрал және медициналық тағайындау өнімдерінің бекітілген тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады. Бүгінде тізбеге 49 нозология бойынша дәрілік заттардың 400-ден астам атауы енген.

  8. ТМККК шеңберінде тегін дәрілік препараттар тұрғылықты жері бойынша диспансерлік есепте тұратын барлық адамдарға, оның ішінде мүгедектерге дәрігердің тағайындауы бойынша рецептіге сәйкес беріледі.

  9. Медициналық көмекке қолжетімділік мүмкіндіктері шектеулі адамдардың ерекше қажеттіліктері ескеріле отырып медициналық ұйымдарды құрал-жабдықтармен және көмекші құралдармен жабдықтау арқылы қамтамасыз етіледі. Осы ережені іске асыру диагностикалық және емдеу рәсімдерінен қолайлы өтуге (әсіресе тірек-қимыл аппаратының функциясы бұзылған мүгедектер үшін) мүмкіндік береді, физикалық қолжетімділік қазіргі кезде мүгедектер үшін қиындық тудырады.

  10. Денсаулық сақтау саласында мүгедектік себебі бойынша мүгедектерге ғана қажет осындай қызметтерді атаулы түрде ұсыну мақсатында мұндай шаралар ОЖБ-ға енгізілуде.

  11. Мүгедектерді медициналық оңалтуға: қалпына келтіру терапиясы (организм мен денсаулықтың бұзылған немесе жоғалған қызметтерін қайта қалпына келтіруге бағытталған дәрі-дәрмектік, физикалық, санаторий-курорттық және басқа да емдеу әдістері), реконструктивті хирургия; протездік-ортопедиялық көмек енеді.

  12. Қалпына келтіріп емдеу және медициналық оңалту денсаулық сақтау ұйымдарында, сондай-ақ санаторий-курорттық ұйымдарда жүргізіледі. Ауруханалық ұйымдарда құрамында жыл сайын 70 мыңға жуық адам емделетін оңалту бөлімшелері жұмыс істейді.

  13. Денсаулық сақтау жүйесінде туберкулезбен ауыратын, тыныс алу мүшелері, ас қорыту, жүйке жүйесі және орталық ми сал ауруымен ауыратын балалар үшін 26 санаторий-курорттық ұйым жұмыс істейді, оларда жыл сайын 22 мың адамға қызмет көрсетіледі.

Бұдан басқа, жыл сайын 26 мыңнан астам мүгедек ОЖБ негізінде халықты әлеуметтік қорғаудың жергілікті органдары арқылы жеке меншік санаторий-курорттық ұйымдарға жіберіледі.

  1. Үкімет профилактикалық медицинаны дамыту бойынша шаралар қабылдауда. Елімізде жыл сайын 2 млн. жуық адамды қамтитын ұлттық скринингтік бағдарлама енгізілген.

  2. Еңбек жағдайлары зиянды және ерекше қауіпті ұйымдарда медициналық тексеру жүргізу тетігін жетілдіру мақсатында 2014 жылы Қазақстан Республикасының халқына кәсіптік патология бойынша медициналық көмекті жетілдіру жөніндегі 2014 – 2016 жылдарға арналған жол картасы қабылданды, оның шеңберінде:

  • Міндетті медициналық тексерулерді жүргізу тәртібі мен кезеңділігін белгілейтін міндетті медициналық қарап-тексеру жүргізу ережесі (ҰЭМ міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы №128 бұйрығы);

  • міндетті медициналық қарап-тексеру жүргізілетін зиянды өндірістік факторлар, кәсіптер тізбесі (ҰЭМ 2015жылғы 28 ақпандағы № 175 бұйрығы);

  • Жұмыскердің еңбек (қызмет) міндеттерін орындауға байланысты тексеру және есепке алуға жататын, жұмыскерге зиянды өндірістік факторлар әсерімен белгіленген жіті және созылмалы кәсіптік ауруларға (улану) сәйкес халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік ауру және улану жағдайларын тексеру ережесі (ҰЭМ 2015 жылғы 23 маусымдағы № 440 бұйрығы);

  • Инфекциялық және паразиттік, кәсіптік ауру және улану жағдайларын есепке алуды жүргізу, тіркеу ережесі және олар бойынша есептілік жүргізу ережесі (ҰЭМ 2015 жылғы 24 маусымдағы № 451 бұйрығы);

- Ауыр жұмыстар, зиянды (өте зиянды) және (немесе) қауіпті еңбек жағдайындағы жұмыстар, жерасты жұмыстары, сондай-ақ халықтың декреттік топтарындағы тұлғаларға жұмысқа рұқсат ету аясында еңбек шарттарын жасау үшін медициналық қарсы көрсетілімдердің тізбесі (Еңбекминінің 2015 жылғы 22 мамырдағы № 379 бұйрығы);

  • Қазақстан Республикасында кәсіптік патология бойынша медициналық көмек ұйымдастыру стандарты (Еңбекминінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1032 бұйрығы) бекітілді.

  1. Қабылданған нормативтік актілердің негізгі мақсаты жұмыс істейтін халықтың денсаулығына мониторинг жүргізу, кәсіптік және жалпы аурулардың алдын алу және төмендету, кәсіптік ауруларды ерте анықтау және кәсіптік аурулары бар адамдарға диспансеризациялау жүргізу, кәсіптік ауру салдарынан болатын мүгедектікті, өлім-жітім санын төмендету, халықтың өмір сүру ұзақтығын арттыру, еңбекке қабілеттілік кезеңін ұлғайту болып табылады.

  2. Қазақстанда 2018 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізіледі. Мүгедектер әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуден босатылған, бұл ретте олар медициналық қызметтерді тұтынушының барлық құқықтарын иеленеді («Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 15, 28-баптары).

  3. Мүгедектерге ұсынылатын медициналық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында диспансерлік науқастарды Денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне және МОДҚ тіркеуге біріктіру жүргізіледі.

  4. Жоғары медициналық оқу мекемелерінің бағдарламаларына бакалаврларды, магистрлерді, докторларды дайындау деңгейіндегі, сол сияқты қосымша білім беру бағдарламаларына ҚХЖ ережелерінің классификациясы мен өлшемшарттарының мәселелері бойынша тақырыптық дәрістер енгізілген. Дәрістерде ҚХЖ-ның жалпы мәселелері, сол сияқты жекелеген нозологиялық формаларына қатысты мәселелер айтылады.

Мүгедек балалар

  1. Балалардың өлім-жітімін төмендету, балалар ауруларының профилактикасын қамтамасыз ету және бес жасқа дейін ақыл-ой, дене дамуының толық іске асырылуына қол жеткізуге жәрдемдесу үшін елімізде БДҰ/ЮНИСЕФ ұсынымдары бойынша «Бала жастағы ауруларды біріктіріп жүргізу» (бұдан әрі – БЖАБЖ) стратегиясы ойдағыдай енгізілді.

  2. Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының базасында құрылған БЖАБЖ үйлестіру орталығы (Алматы қаласы) медициналық жұмыскерлерді кәсіби тұрғыдан үздіксіз оқытып келеді, 5 жасқа дейінгі сау және ауру балаларға практикалық жұмыстар жүргізу, оның ішінде БДҰ ұсынғандай, балалардың есту қабілетін ерте анықтау стандарттарын енгізуде.

  3. Хирургиялық аурулары бар жаңа туған және ерте жастағы балалардың операциядан кейінгі өмір сүру пайызы 82 % құрайды.

  4. Қант диабетімен ауыратын балалар мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен инсулин помпаларымен және шығыс материалдарымен қамтамасыз етіледі. 2013 – 2015 жылдары 2,5 мыңнан астам инсулин помпасы орнатылды.

  5. Мүгедек балаларға оңалту көмегі республикалық маңызы бар 2 орталықта: «Балбұлақ» балаларды оңалту орталығында (Алматы қаласы) және балаларды оңалту орталығында (Астана қаласы), сондай-ақ түрлі ведомстволарға (ДСМ-ге, Еңбекминіне, БҒМ-ға, ҮЕҰ-ға және жеке құрылымдарға) тиесілі өңірлік деңгейдегі 55 оңалту орталығында көрсетіледі.

  6. Балаларға сурдологиялық көмек көрсетіледі. Құлағы естімейтін 1000-нан астам балаға кохлеарлық имплантация бойынша операция жасалды. 2015 жылдан бастап халықты әлеуметтік қорғау органдары сөйлеу процессорларын кохлеарлық импланттарға ауыстыруды және теңшеуді жүргізді. Мұндай көмек түрлерін жалпы сомасы 1,3 млрд. теңгеге 492 бала алды.


жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау