№ исх: 330 от: 01. 06. 2017 Қазақстан Республикасы


Конвенцияның 26-бабы. Абилитация және оңалту



жүктеу 0,63 Mb.
бет6/7
Дата21.01.2020
өлшемі0,63 Mb.
#27129
1   2   3   4   5   6   7

Конвенцияның 26-бабы. Абилитация және оңалту


  1. Мүгедектерді оңалту және қоғамға интеграциялау құқығы Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңда бекітілген.

  2. Қазақстанда ОЖБ-ны әзірлеу және іске асыру міндеттілігін, көзделген оңалту шараларын мемлекеттік қаржыландыруды, мүгедектерге қажетті техникалық құралдар мен ассистивтік бұйымдар ұсынуды, мүгедектерге барынша тәуелсіздік мүмкіндігі мен оларды жергілікті қоғамдастыққа қосуды қамтамасыз ету үшін басқадай жағдайлар жасауды көздейтін мүгедектерді оңалтуды құқықтық реттеудің бірыңғай жүйесі құрылып, жұмыс істеуде.

  3. Мүгедектерді оңалту организм функциялары тұрақты бұзылған денсаулықтың бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін болдырмауға немесе орнын толық толтыруға бағытталған медициналық, әлеуметтік және кәсіптік іс-шаралар кешенін қамтиды.

  4. Мүгедектің қажеттіліктерін бағалау және оның оңалту әлеуетін медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімдерінің мүмкіндігінше іске асыру мақсатында оңалту жүргізудің нақты көлемдерін, түрлерін және өткізу мерзімдерін айқындайтын құжат – ОБЖ әзірленуде.

  5. МӘС бөлімдері ОБЖ-ны іске асыру және мүгедекті кезекті куәландыру кезінде ОБЖ жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау үшін мониторинг жүргізеді.

  6. ОБЖ-ның медициналық бөлігінің жүргізілген кешенді оңалту іс-шараларының тиімділігін бағалауды медицина ұйымының мультидисциплинарлық командасы жүзеге асырады.

  7. Оңалту және емдеу іс-шараларының нәтижесінде 2012 – 2016 жылдары 47 576 адам мүгедектер санатынан шықты, организмнің бұзылған функцияларының ішінара қалпына келтірілуінің салдарынан 44 100 адам мүгедектіктің басқа тобына (бірінші топтан екіншіге немесе үшіншіге немесе екіншіден үшіншіге) ауыстырылды.

  8. Денсаулық сақтау, еңбек, жұмыспен қамту, білім беру, мәдени қызмет және әлеуметтік қызмет көрсету саласында оңалту мен абилитацияны ұйымдастыру және оның тиімділік көрсеткіштері Конвенцияның 20, 24, 25, 27, 28 және 30-баптары бойынша баяндама бөлімінде мазмұндалған.

  9. Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінде мүгедектерді кешенді оңалтумен қамтамасыз ету үшін мемлекет қаржыландыратын сараптамалық, абилитациялық және оңалту қызметтерін ұсынатын мекемелер желісі құрылды, олар:

126 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі;

3 филиалы бар «Республикалық протездік-ортопедиялық орталық» АҚ;

Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы;

қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі 50 медициналық-әлеуметтік мекеме;

тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған 2 медициналық-әлеуметтік мекеме;

психоневрологиялық ауруы бар балаларға арналған 18 медициналық-әлеуметтік мекеме;

психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан мүгедектерге арналған 40 медициналық-әлеуметтік мекеме;

мүгедек балаларға, мүгедектер мен қарттарға арналған 53 күндіз болу бөлімшесі;



  1. оңалту орталығы;

психоневрологиялық ауруы бар мүгедек балаларға және 18 жастан асқан мүгедектерге, қарттар мен мүгедектерге арналған 508 үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі.

  1. Мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызметтер азаматтарға тегін, ал қосымша қызметтер – төлем тәртібімен ұсынылады. Бұл ретте, стационар (дәстүрлі МӘМ), жартылай стационар (күндіз болу бөлімшелері), үйде күтім жасау жағдайларындағы әлеуметтік қызмет көрсету нысандарын таңдау мүмкіндігі жасалған.

  2. Әлеуметтік қызмет көрсетудің басты қағидаттарының бірі – адамды отбасынан айырмау мақсатында мүгедек балаларға арналған күндіз болу бөлімшелерінің желісін, оларды аутсорсинг арқылы ҮЕҰ-ға немесе жеке құрылымдарға беру жолымен кеңейту; стационарлық үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерді Әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарына қайта құру бойынша жұмыстар ретке келтірілді.

  3. Халық арасында оң пікірге ие болған пилоттық жоба – Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды онлайн қолдау қызметінің жұмыс істеуі жаңашылдықтың бірі болды. Бұл Қызмет Қазақстан-Ресей медицина университетінің базасында (Алматы қаласы) іске қосылды, ондағы мамандар 2015 – 2016 жылдары Қазақстанның өзге өңірлерінде тұратын 842 мүгедек баланың ата-аналарына психологиялық көмек көрсетіп, консультациялар берді.

  4. Қазақстанда әлеуметтік қызметтерді ұсыну мен оңалтудың интеграциялық және кешенді моделі енгізілуде, оған ведомствоаралық өзара іс-қимыл және өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды сүйемелдеу жатады. Пилоттық жоба Шығыс Қазақстан облысында іске асырылуда.

  5. Еңбекмині Арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындау қағидаларын және мүгедек баланың, 18 жастан асқан мүгедектің, қарт адамның өмірлік қиын жағдайда болу өлшемшарттарын қамтитын бағалау парақтарын және қызметтер кешені мен көмек көрсету ұсынымдарын қайта қарады.

  6. Аталған бастаманы іске асыру үшін: кейбір заңнамалық актілерге өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларға (адамдарға) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы ведомствоаралық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу; қызмет көрсетудің интеграцияланған моделін ескере отырып, Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету стандартын әзірлеу; 2019 жылдан бастап – бірнеше пилоттық өңірде интеграцияланған арнаулы әлеуметтік қызметтер моделін енгізу; үкіметтік емес секторды тарта отырып, баламалы жұмыс нысандарын пайдалану арқылы отбасыларды сүйемелдеуді қамтамасыз ететін ұйымдар желісін дамыту жоспарлануда.

  7. Республика бойынша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкерлердің жалпы саны 23 мыңнан астам адамды құрайды, оның ішінде 6 мыңнан астам адам қайта даярлау және біліктіліктерін арттыру курстарынан өтті.

  8. Конвенцияны ратификациялағаннан кейін медициналық-әлеуметтік сараптама жүйесін жетілдіру жөнінде бірқатар шаралар қабылданды.

  9. Мүгедектіктің бірінші тобы мерзімсіз белгіленетін аурулар тізбесі кеңейтілді (организм функциялары ауыр бұзылған бала кезінен мүгедектер енгізілді).

  10. 2016 жылдан бастап әлеуметтік-еңбек саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру шеңберінде өтініш беруші әлеуметтік-медициналық сараптама бөліміне жүгіне отырып, «бір терезе» қағидаты бойынша мүгедектікті алғаш белгілеу және жалпы еңбекке қабілеттілігін жоғалту жөніндегі қызметтерді алумен қатар, мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақы және еңбек қабілеттілігін жоғалтуға байланысты әлеуметтік төлемақы тағайындауға өтініш беруге құқылы. 2016 жылы мұндай қызмет 28 мың адамға көрсетілді.

  11. ҚХЖ негізінде мүгедектікті белгілеудің балдық жүйесінің өлшемшарттарын әзірлеу басталды. Мұндай жүйені енгізу адамның денсаулық жағдайын әділдікпен өлшеуге және мүгедектік белгілеуге мүмкіндік береді.

  12. МӘС мамандары Еңбекминінің «Әлеуметтік-еңбек саласы кадрларының біліктілігін арттыру курстары» мемлекеттік мекемесінің негізінде біліктіліктерін арттырып, оқудан өтеді.

  13. Мемлекет қаладағы және ауылдық елді мекендердегі мүгедектерге оңалту іс-шараларын жүргізуге, оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін, сондай-ақ жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің қызметтерін, естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының қызметін алуға кепілдік береді.

  14. Техникалық құралдармен және қызметтермен қамтамасыз ету арқылы мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасында:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы № 754 қаулысымен бекітілген Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі;

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектер үшін жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектер үшін жылына алпыс сағат ымдау тілі маманының әлеуметтік қызметтерін ұсыну қағидалары;

Мүгедектерге және мүгедек балаларға санаторий-курорттық емделудi ұсыну қағидалары;

Мүгедектердi протездiк-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз ету қағидалары;

Мүгедектердi арнаулы жүрiп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары қабылданды.

Жоғарыда көрсетілген барлық қағидалар «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілді.

396. 2014 жылы Еңбекминінің Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы құрылды, мақсаты протездік-ортопедиялық және сурдологиялық көмек көрсету, оның ішінде әлеуметтік оңалтудың жаңа құралдарын енгізу, халықты әлеуметтік қорғау саласында инновациялық технологияларды және жобаларды енгізе отырып, ғылыми-зерттеу және әдіснамалық жұмыстарды дамыту болып табылады.
Конвенцияның 27-бабы. Еңбек және жұмыспен қамту
397. Қазақстан Республикасы азаматтарының Конституцияда бекітілген және базалық заңдарда, Еңбек кодексінде көрсетілген еңбек және жұмыспен қамту саласындағы құқықтары мен кепілдіктері толық көлемде мүгедектерге қолданылады және Мүгедектердің басқалармен теңдей дәрежеде еңбек ету құқығын тану туралы конвенцияның 27-бабының 1-тармағына сәйкес келеді және осы құқықты іске асыру үшін құқықтық негіз жасайды.

398. Конституцияда (24-баптың 1-тармағы) және Еңбек кодексінде (5-бап) мүгедектер үшін ешбір шектеусіз қолданылатын еңбек қатынастарын құқықтық реттеу негіздері анықталған: еңбек бостандығы, өзінің еңбекке қабілеттілігіне еркін иелік ету, мамандық және қызмет түрін таңдау құқығы, жұмыссыздықтан қорғау құқығы және жұмысқа орналасуда көмек көрсету, еңбек саласында кемсітушілікке тыйым салу. Бұл ретте әрбір адам қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін жағдайларда еңбек етуге, ешбір кемсітусіз еңбегі үшін сыйақы алуға, сот қорғауын қоса алғанда, еңбек құқықтары мен бостандығын қорғауға құқылы.

399. Қазақстан Республикасында мүгедектердің еңбекке құқығын іске асыру үшін қажетті құқықтық жағдайлар жасалған. Бүгінгі таңда еңбекке қабілетті жастағы мүгедектердің жалпы санының 39 %-ын құрайтын 129,7 мыңнан астам мүгедектің (оның ішінде 45 мыңы әйел) жұмысы бар (7-қосымша).

400. Қазақстан Республикасында азаматтар мемлекеттік қызметке қол жеткізуде тең құқыққа ие. Мемлекеттік қызметші лауазымына үміткерге қойылатын талаптар лауазымдық міндеттердің сипатына ғана байланысты болады және заңмен белгіленеді (Конституцияның 33-бабы). Мемлекеттік қызмет туралы заңда сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп таныған; тиiстi мемлекеттік лауазымдарға орналасу үшiн денсаулық жағдайына қойылатын арнайы талаптар біліктілік талаптарында белгiленген жағдайларда, медициналық мекеменiң қорытындысы негізінде лауазымдық өкiлеттiктердi орындауға кедергi келтiретiн ауруы бар адам мемлекеттік қызметші бола алмайтыны көзделген.



  1. 2016 жылы «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметінде мүгедектігі бар 545 адам жұмыс істеді, оның 48 %-ы – әйелдер.

  2. Еңбек кодексінің 6-бабында көзделген еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу мүгедектерге толық көлемде қолданылады. Ешкімді де еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты ешқандай кемсітуге болмайды.

  3. Ашық еңбек нарығында еңбекке орналасу кезінде мүгедектерді кемсітуді болдырмау мақсатында Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 31-32-баптарында мүгедектерге өзге азаматтармен тең еңбек қызметі мүмкіндіктерін құруға бағытталған қосымша шаралар жүйесі, сондай-ақ жұмыспен қамтамасыз етудің төмендегідей шаралары:

ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызына дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу;

жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы мүгедектер үшін қосымша жұмыс орындарын құру;

мүгедектердi жұмысқа орналастыру үшін арнаулы, сондай-ақ әлеуметтік жұмыс орындарын құру;

мүгедектерге кәсіптік оқуды ұйымдастыру бекітілді.

  1. Еңбек кодексінде жұмыскерлер саны немесе штаты қысқартылған, жұмыс берушінің экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соққан өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі төмендеген жағдайларда жұмыс берушінің бастамасы бойынша он сегіз жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналармен еңбек шартын бұзуға тыйым салынады (54-бап).

  2. Жұмыс беруші жұмыскердің арнаулы біліктілік талаптарына және іскерлік сапасына байланысы жоқ негіздер бойынша мүгедекті жұмысқа қабылдаудан бас тартуға құқығы жоқ. Мүгедекпен еңбек шартын жасасуға негізсіз бас тарту бойынша сотқа шағымдануға болады.

  3. Мүгедектердің әділетті және қолайлы еңбек шарттарына құқықтарын қорғау үшін өзге заңнамалармен қатар оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектерге қажетті еңбек шарттарын жасау бойынша қосымша кепілдіктер көзделген.

  4. Мүгедектерді қорғау туралы Заңның 32-бабында және Еңбек кодексінің 25, 28, 69, 75, 76-баптарында, атап айтқанда, мүгедектер үшін еңбек қатынастарындағы жеңілдіктер белгіленген, олар мүгедектердің өздерінің еңбек құқықтарын өзгелермен тең дәрежеде жүзеге асыру үшін қамтамасыз етуге бағытталған.

  5. І және ІІ топтағы мүгедектер үшін толық еңбекақы төлемі сақталып, аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді. Бірінші және екінші топтағы мүгедек жұмыскерлердің күнделікті жұмысының (жұмыс ауысымының) ұзақтығы жеті сағаттан аспайды Бірінші топтағы мүгедек жұмыскерлерге жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдануға жол берілмейді.

  6. Мүгедектерді үстеме жұмыстарға, мереке және түнгі уақыттағы жұмысқа тартуға олардың келісімімен және мұндай жұмысқа медициналық қорытындыға сәйкес денсаулық жағдайына байланысты тыйым салынбаған жағдайда жол беріледі. Бірінші және екінші топтағы мүгедектерге ұзақтығы кемінде күнтізбелік алты күн болатын ақы төленетін жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстары беріледі.

  7. Ұжымдық немесе жеке еңбек шарттарында өзге қызметкерлермен салыстырғанда мүгедектердің жағдайын нашарлататын еңбек жағдайларын (еңбекақы төлемін, жұмысы уақытының және демалыс уақытының режимін, демалыстарын және т.б.) белгілеуге жол берілмейді.

  8. Егер медициналық көрсетілімдер бойынша тыйым салынбаған жұмыс болса, мүгедек жұмыскерлерді іссапарға жіберуге рұқсат беріледі. Бұл ретте көрсетілген жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы. Егер медициналық қорытынды негізінде мүгедек баласына тұрақты күтім жасау жүзеге асырылуы тиіс болса, онда мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлер іссапарға барудан бас тартуға құқылы. Вахталық әдіспен орындалатын жұмыстарға медициналық қорытынды ұсынылған күннен бастап бірінші топ мүгедектері жіберілмейді.

  9. Мүгедектердің еңбек құқығын қорғау Еңбекминінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетіне және еңбек инспекциясы (мемлекеттік еңбек инспекциялары) жөніндегі жергілікті органдарға жүктелген (Еңбек кодексінің 16-бабы).

  10. Жұмыс істейтін мүгедектер үшін саламатты және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік еңбек инспекторларына мүгедектерге қатысты еңбек заңнамасының сақталуын қадағалау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу, өз құзыреті шегінде қажетті ден қою шараларын қабылдау жүктелген. Мемлекеттік еңбек инспекциялары анықталған бұзушылықтарды жою үшін бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар береді, заңнаманы бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

414. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтардың еңбек құқықтарын қамтамасыз ету үшін Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 98-бабында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап мүгедектерге арналған жұмыс орындарының белгіленген квотасын орындамағаны үшін 10 АЕК мөлшерiнде, қайталанған жағдайда – 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауаптылық енгізілді.

415. Конвенцияны ратификациялағаннан кейін Үкімет заңнамалық және нормативтік базаны жетілдіру жолымен мүгедектерді жұмыспен қамту саласында бірқатар шараларды қабылдады.

416. 2015 жылғы 24 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды, онда жұмыс орындары санының 2-ден 4 %-ына дейінгі мөлшерінде (ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмағанда) мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу жөніндегі норма көзделген. Заңды іске асыру үшін Мүгедектерге арналған жұмыс орындарын квоталау қағидалары қабылданды.


  1. Халықты жұмыспен қамту туралы заңды іске асыру үшін 2015 жылы көру және есту қабілетінен толық айырылған, тірек-қимыл аппараттары бұзылған адамдарға арналған жұмыс орындарының стандарттары бекітілді (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 ж. 14.06 № 519 бұйрығы).

  2. 2018 жылдан бастап алғаш рет мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығындарын субсидиялау енгізілетін болады. Осы мақсаттарға республикалық бюджетте 206,9 млн. теңге көзделіп отыр. Аталған норма Конвенция бойынша жеке сектордағы мүгедектерді жалға алуды ынталандыру бөлігіндегі міндеттемелерін орындау үшін енгізілген.

  3. Жұмыспен қамту туралы заңда жұмыссыз азаматтарға халықты жұмыспен қамту орталығынан: лайықты жұмыс іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, оның ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары жөніндегі көрсетілетін қызметті; қызмет (кәсіп) түрін таңдау немесе өзгерту мақсатында консультациялық, ақпараттық көрсетілетін қызметтерді және әлеуметтік кәсіптік бағдарлау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді тегін алуға; егер ол міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы болып табылса, жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер алуға; «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алуға бағытталған мемлекет міндеті көзделген.

  4. Соңғы 5 жыл ішінде жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жұмыспен қамту органдарына жүгінген мүгедектер саны үш есеге дерлік өскен: 2012 жылы – 4 мың адам, 2016 жылы – шамамен 12 мың адам.

2012 – 2016 жылдары 41,5 мың мүгедек, оның ішінде 17,8 мың адам «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын, 23,7 мың адам – Аумақтарды дамыту бағдарламаларын орындау шеңберінде жұмысқа орналастырылған.

421. 2016 жылы мүгедектер қатарынан 311 адам Жол картасы шеңберінде кәсіптік оқумен қамтылып, оның ішінде 280 адам оқуларын аяқтаса, оның 83 %-ы (232 адам) жұмысқа орналастырылды.

Кәсіпкерлік қызметпен айналысу мақсатында кәсіпкерлік негіздеріне 180 адам оқытылып, 491 мүгедек микрокредит алды, олардың ішінде 156 адам өз ісін ашты. Бұдан басқа, микрокредит алушылар қосымша 86 жаңа жұмыс орнын құрды.


  1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарын құру және сақтау саясатында мемлекеттік қолдау маңызды рөл атқарады. Қазақстан Үкіметі мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне және олар құрған ұйымдарға мемлекеттік сатып алу туралы заңнама шеңберінде қолдау көрсетеді.

  2. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 39-бабы 3-тармағының 54) тармақшасына сәйкес техникалық көмекші (орын толтырушы) құралдар (протездік-ортопедиялық құралдардан басқа) мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын, мүгедектерге берілетін жеке көмекші мен ымдау тілі маманы көрсететін әлеуметтік қызметтерді, мүгедектерге арналған такси көрсететін қызметтерді, мүгедектерге берілетін санаторий-курорттық жолдамаларды сатып алу бөлігінде мүгедектер саны жұмыскерлердің тізімдік санының кемінде елу пайызын құрайтын мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құратын ұйымдардан сатып ала алады. Бұл ретте мемлекеттік сатып алу бір көзден алу тәсілімен (конкурс өткізбей) өткізіледі және ұйыммен тікелей шарт жасасу көзделген.

  3. 423-тармақта көрсетілген шаралардан басқа Қазақстан Республикасында:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1181 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктерінен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінің тізбесі (1-тізбе);

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1065 бұйрығымен бекітілген Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесі (2-тізбе);

Тауарларды өндіретін және (немесе) тауарларды беретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтерді көрсететін Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері мен Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құрған ұйымдардың тізбесіне енгізу қағидалары қолданылады.

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын барлық органдар 2-тізбеге енгізілген мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері мен олар құрған ұйымдардан 1-тізбеде көрсетілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді (тауарларды бөлінген жалпы қаражат көлемінің кемінде 50 % көлемде, жұмыстар мен қызметтерді –100 % көлемде) сатып алуға міндетті.



  1. 2-тізбеге енгізу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар:

мүгедектер осындай өндірістік ұйымдар қызметкерлері жалпы санының кемінде 51 пайызын құрайды;

мүгедектерге еңбекақы төлеу жөніндегі шығыстар еңбекақы төлеу жөніндегі жалпы шығыстардың кемінде 51 пайызын құрайды (есту, сөйлеу, көру қабілетінен айырылған мүгедектер жұмыс істейтін мамандандырылған ұйымдарда – кемінде 35 пайыз).



  1. Бүгінгі таңда 129 қоғамдық бірлестік пен олар құрған ұйым тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің 21 атауы (төсек жаймалары, нысанды киім, тезтікпелер, қаптау қораптары, архив қораптары, столярлық бұйымдар, клинингтік, полиграфиялық қызметтер, көгалдандыру бойынша жұмыстар және т.б.) бойынша мемлекеттік сатып алуда артықшылыққа ие.

  2. Ашық еңбек нарығында жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы мүгедектерді ақпараттандыру үшін Еңбекмині сайтындағы «Қазақстандағы жұмыс» ақпараттық порталының (http://www.enbek.kz) «бос орындарды іздеу» бөлімінде «Мүгедек адамдарға арналған қолжетімді бос жұмыс орны» атты опция қарастырылған. Жұмыс іздеу кезіндегі ұқсас өлшемшарттар HeadHunter (https://hh.kz) компаниялар тобының жұмыс іздеуге және жалдауға арналған жеке онлайн ресурсында да бар.

  3. Мемлекет мүгедектерді, оның ішінде ментальдық бұзылуы бар адамдарды жұмысқа орналастыру бойынша жеке бастамаларға қолдау көрсетеді.

  4. Мысалы, 2016 жылы Қазақстанда Еңбекмині мен БҰҰДБ бірлескен жобасы шеңберіндегі конкурс нәтижесінде 10 қоғамдық бірлестік мүгедек адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды іске асыру гранттарына ие болды.

  5. 2016 жылы «Мүгедек әйелдердің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту» атты жаңа бірлескен жобаның шеңберінде 230 мүгедек әйел ішкі кедергілерді жеңуді және көшбасшылық қасиеттерді дамытуды үйренді, олардың ішінде 90-ы нарықта сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта біліктілік алу курстарын өтті. Жобаны «Даму» қоры мен «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығы іске асырды.

431. «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде жүргізілген іс-шаралар, аумақтарды дамытудың өңірлік бағдарламаларын іске асыру республикадағы мүгедектер еңбек нарығындағы жағдайға оң әсерін тигізді. Мемлекеттік қолдау шараларын пайдалана отырып, мүгедектерді өнімді жұмыспен қамтуға тарту Іс-шаралар жоспарының үшінші кезеңі шеңберінде (2016 – 2018 жылдар) өз жалғасын табатын болады


жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау