№ исх: 330 от: 01. 06. 2017 Қазақстан Республикасы


Конвенцияның 5-бабы. Теңдік және кемсітпеушілік



жүктеу 0,63 Mb.
бет2/7
Дата21.01.2020
өлшемі0,63 Mb.
#27129
1   2   3   4   5   6   7

Конвенцияның 5-бабы. Теңдік және кемсітпеушілік






  1. Ұлттық заңнамада мүгедектікке қатысты кемсітушілік сипатындағы ережелер жоқ.

  2. Конституцияның 14-бабының 1-тармағына сәйкес «барлығы заң және сот алдында тең». Осылайша, елде жеке адамның құқықтары мен міндеттерінің теңдігі, осы құқықтарды мемлекеттің тең қорғайтыны және заң алдында әр адамның бірдей жауапкершілігі белгіленген.

  3. Заң алдындағы теңдік адамдар мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға мүмкіндіктер туғызатын нақты шарттар мен міндеттер заңдарда айқындалатынын білдіреді. Осы қағидат шыққан тегіне, нәсілдік және ұлттық болмысына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге көзқарасына, айналысатын ісінің түріне және ерекшелігіне, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайтын барлық адамдардың теңдігі туралы жалпы конституциялық ережемен түсіндіріледі (Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының 2-тармағы).

  4. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңға сәйкес мемлекеттік саясаттың маңызды қағидаттарының бірі басқа азаматтармен қатар мүгедектердің тең, оның ішінде денсаулығының қорғалуына, білім алуға және қызмет түрін, оның ішінде еңбек түрін еркін таңдау құқықтарын қамтамасыз ету болып табылады.

  5. Мүгедектік белгісі бойынша кемсітуге тыйым салуды құқықтық реттеу және орынды бейімдеуді қамтамасыз етудің жекелеген мәселелері осы баяндаманың 80, 81, 86 және 87-тармақтарында баяндалған.

  6. Олардың көп түрлілігін ескере отырып, мүгедектердің нақты теңдігіне қол жеткізу бойынша оң шараларды қабылдаудың мысалы ретінде еңбек құқықтары және білім беру құқықтары саласындағы кемсітушілікке қарсы нормаларды келтіруге болады.

  7. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінде (2015 жылғы 23 қарашада қабылданған) еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, қызметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістіктеріне, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына байланысты кемсітуге тыйым салынады. Осы ереже Еңбек кодексінің 25-бабының нормасында күшейтілген, оған сәйкес мүгедектік еңбек шартын жасау құқығын шектей алмайды.

  8. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі барлығының сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі болып табылады. Білім беру саласында оқу-тәрбиелеу процесі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің, педагог қызметкерлердің адами құндылықтарын өзара құрметтеу және білім беру жүйесінің барлық деңгейлерінде мүгедектердің құқықтарына құрметпен қарау негізінде жүзеге асырылады («Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3, 28-баптары).

  9. Қазақстан Республикасында әркім өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар (Конституцияның 13-бабы).

  10. Заңнамаға сәйкес мүгедектердің құқықтары мен бостандықтарының бұзылғанына кінәлі адамдар әкімшілік және/немесе қылмыстық құқықтарға сәйкес жауапқа тартылады (Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңның 38-бабы, Әкімшілік кодекстің 83, 84-баптары).


Конвенцияның 6-бабы. Мүгедек әйелдер


  1. Елде мүгедек қыздар мен мүгедек әйелдердің жағдайын жақсартуға және олардың білім беру, еңбек, медициналық, әлеуметтік және құқықтық көмек алу саласындағы құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған шаралар қолдау табуда.

  2. Мемлекет тарапынан, сондай-ақ мүгедек қыздар мен мүгедек әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты, кемсітушіліктің барлық түрлерін жою бойынша шаралар қабылдануда.

  3. 2017 жылғы 1 қаңтарға Қазақстанда 285 272 мүгедек әйел, оның ішінде 34 585 мүгедек қыз бала тұрады (1-қосымша).

  4. Қазақстанда мүгедек қыз балалар мен мүгедек әйелдерге әлеуметтік, медициналық, оңалту, ақпараттық және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылған кезде гендерлік айырмашылыққа орын жоқ.

  5. Гендерлік теңдіктің жекелеген мәселелері осы баяндаманың 93-97-тармақтарында баяндалады.

  6. Қазақстанда Конституцияның 27-бабына сәйкес ана мен бала мемлекеттің қорғауында болады, балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі міндеті, кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке қабілетсіз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті. Ана болу да мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі.

  7. Ана болу құқығына барлық әйелдер, оның ішінде мүгедек әйелдер де ие. Әйелдерге берілген бұл құқық мүгедек әйелдерді қоса алғанда, әйелдерге, оның ішінде жүктілігі кезеңінде де медициналық көмекті қамтамасыз етумен расталады. Соңғы 5 жылда 776 мүгедек әйелдің бала туу жағдайлары тіркелген.

  8. Қазақстанда ерлер мен әйелдердің репродуктивтік функцияларын сақтау мен қалпына келтіруге мамандандырылған отбасын жоспарлау мен репродукция орталықтарының желісі дамыған, олар әйелдер консультациясының, ауруханалардың, перинаталдық орталықтардың құрамында жұмыс істейді және дербес ұйым бола алады.

  9. 478-ден аса отбасын жоспарлау кабинеттері, жасөспірімдер мен жастарға сексуалдық және репродуктивтік денсаулық саласында құпия қызмет көрсетуге арналған 93 жастар орталығы; шалғай орналасқан ауылдық өңірлерде тұратын балалар мен әйелдерге медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін балалар мен әйелдерге арналған 16 көшпелі консультация; жетекші республикалық клиникалармен байланыс орнатқан 150 телемедициналық орталық жұмыс істейді.

  10. 2012 жылы Қазақстан ХЕҰ-ның Ананы қорғау туралы конвенциясын ратификациялады. Қазіргі уақытта Қазақстан ананы қорғау бойынша ХЕҰ барлық стандарттарын, атап айтсақ, жүктілікке және босануға байланысты демалыс ұзақтығы бойынша және ана болуына байланысты сақтандырылған жалақы мөлшеріне қарай ақшалай төлемдерді тағайындау бойынша стандарттарды орындауда.

  11. Қазақстанның саясаты әйелдер мен балаларды әлеуметтік қолдау бойынша ХЕҰ стандарттарына жалпы сәйкес келеді. Мынадай ақшалай төлемдер көзделген және төленеді:

МӘСҚ-тан – жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда, бала (асырап алынған бала) бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда («Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңы);

мемлекеттік бюджеттен – бала тууға байланысты берілетін біржолғы жәрдемақы, бір жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша берілетін ай сайынғы жәрдемақы («Балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы).

  1. Қазақстан жүктілік және босануға байланысты демалыс ұзақтығын ХЕҰ ұсынған (14 апта) көлемнен асырып, әйелдерге 18 апталық ақы төленетін демалыс ұсынады, ал егер әйел ядролық әсер аймағында тұратын болса, оған 24 аптаға дейін демалыс беріледі.


Конвенцияның 7-бабы. Мүгедек балалар


  1. Мүгедектердің жалпы санындағы мүгедек балалардың үлесі 12,2 %-ды (79 662 адам) құрайды. Мүгедек бала құрылымында 16 жасқа дейінгі балалар басым (72 149 адам немесе 90,6%) (1-қосымша).

  2. Қазақстанда мүгедек балаларға: баланың заңды мүдделерін, адамның барлық құқықтары мен еркіндіктерін қорғау (Конституция, «Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекс және т.б. нормативтік актілер) туғанынан тиесілі және кепілдік беріледі.

  3. «Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тегiне, нәсiлiне және ұлтына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие. Баланың құқықтарын шектеуге бағытталған нормативтік құқықтық актілер қабылданған сәтінен заңсыз болып табылады және қолданылмауға тиіс (Заңның 4, 5-баптары).

  4. Сонымен қатар Баланың құқықтары туралы заң әрбiр баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауына кепілдік береді. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу белгіленген.

  5. Мемлекет баланың жеке басына ешкiмнiң тиiспеуiн қамтамасыз етедi, оны тәнiн және (немесе) жанын жәбiрлеуден, адамдық қадiр-қасиетiн қатыгездiкпен, дөрекiлiкпен қорлаудан, кемсiтуден, жыныстық қатынас сипатындағы әрекеттерден, баланы қылмыстық iс-әрекетке және қоғамға жат әрекеттер жасауға тартудан және оны адам мен азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында бекiтiлген құқықтары мен бостандығына қысым жасаудың өзге де түрлерiнен қорғауды жүзеге асырады (Баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы).

  6. Әрбiр баланың сөз бостандығына және өз пiкiрiн айтуға, ар-ождан бостандығына, өзiнiң қоғамдық белсендiлiгiн дамытуға, жасына сәйкес ақпарат алуға және оны таратуға, қоғамдық бiрлестiктерге, сондай-ақ басқа да коммерциялық емес ұйымдардың нысандарына және Қазақстан Республикасының заңдарымен рұқсат етiлген бейбiт жиналыстарға өз еркiмен қатысуға құқығы бар (Баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 3-тармағы).

  7. Баланың құқықтары туралы заңда «Мүгедек баланың құқықтары» туралы арнайы 6-тарау бар, онда мүгедектігі бар балалар мен олардың отбасыларын жұмыспен қамту және мемлекеттік көмек көрсету саласында қосымша кепілдіктер белгіленген.

  8. Мүгедек балаларды әлеуметтік қорғау және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау «Білім туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» және «Мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының шеңберінде жүзеге асырылады.

  9. Қазақстанда балалар құқықтарын қорғау жөніндегі мекемелер осы баяндаманың 72-тармағында көрсетілген.


Конвенцияның 8-бабы. Ағарту-тәрбие жұмысы


  1. Үкімет тұрақты негізде қоғамның мүгедектік туралы сауатын арттыруға және мүгедектер туралы оң пікір қалыптастыруға бағытталған ағарту-тәрбие жұмысы саясатын жүргізеді.

  2. Еңбекмині мен БҰҰДБ-ның бірлескен жобасы шеңберінде Қазақстанда Мүгедектер құқықтары туралы конвенцияның 6 600 данасы, мүгедектердің құқықтары туралы 4 000 дана лефлет, флаер және плакат көбейтіліп, өңірлерге және мүгедектердің қоғамдық ұйымдарына таратылды. Конвенция мәтіні әртүрлі форматтарда жарияланды – әдеттегі, көру қабілеті бұзылғандарға арнап ірі қаріппен, ақыл-ой дамуында кемістігі бар адамдар үшін суреттер және жеңілдетілген мәтінмен.

  3. Конвенция мәтінін мемлекеттік және орыс тілдерінде кез келген адам Еңбекмині сайтынан www.enbek.gov.kz электрондық мекенжайы бойынша және «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесі сайтынан http://adilet.zan.kz. мекенжайы бойынша оқи алады.

  4. Конвенцияның 8-бабын толық іске асыру үшін орталық деңгейде қоғамның мүгедектердің проблемаларына оң қарым-қатынасын қалыптастыруға бағытталған қоғамдық-ағартушылық науқандарды өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланымдар және сөз сөйлеулер дайындау бойынша медиа-жоспар бекітіледі және жүзеге асырылады.

  5. Республиканың барлық өңірлерінде мемлекеттік құрылымдардың, ҮЕҰ, ата-аналар қауымдастықтарының қатысуымен ақпараттық-ағартушылық акциялар өткізу бойынша жұмыс топтары құрылған.

  6. Ағарту-тәрбие науқандарын өткізу мынадай негізгі бағыттарға құрылған: мүгедектер үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру идеяларын, қағидаттарын және құралдарын тарату; тұтас қоғамның мүгедектік мәселелері бойынша сауаттылығын арттыру; мүгедектерге қатысты жаңсақ пікірлерді жою; кедергісіз орта қалыптастыру бойынша оқу, ақпараттық, анықтамалық, әдістемелік көмекші құралдар мен нұсқаулықтарды дайындау және жариялау; мүгедектерді жұмыспен қамту, білім беру мәселелерін шешу кезінде оларға толеранттылық көзқарасты қалыптастыру; қоғам өмірінің барлық салаларында мүгедектердің әлеуетін және үлесін насихаттау.

  7. Едәуір өзекті мәселелер бойынша тұрақты түрде брифингтер, семинарлар, жиналыстар, дөңгелек үстелдер өткізу жолға қойылған, оларда мүгедектердің құқықтары мен міндеттері, қызметтердің көрсетілуі, жалпы орта және кәсіптік білім алу, жұмысқа тұру және т.б. мәселелер түсіндірілді.

  8. Соңғы үш жылда ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу үшін 100-ден астам республикалық және өңірлік БАҚ тартылды, оларда мүгедектер құқықтарын қорғау және мүгедектігі бар адамдардың жеткен жетістіктері туралы 24 мыңнан астам электрондық және баспа материалдар жарияланды.

  9. «Хабар» республикалық арнасында «Сильные духом» жобасы іске асырылды, онда мүгедектігі бар, өз ортасында абырой мен құрметке ие болған, өз туғандарына тірек болған адамдар сюжеттердің басты кейіпкерлері болды. Хабардың шығарылымдары http://khabar.kz/ru/o-proekte-silnye-duhom сайтында орналастырылған.

  10. Мүгедектер туралы оң көзқарастың қалыптасуына паралимпиада чемпиондарын насихаттау, шығармашылық сайыстар өткізіп, қоғамдық сыйлықтар табыстау септігін тигізеді.

  11. 2013 жылы Еңбекмині тарапынан «БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ – КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ» бірінші республикалық конкурсы өткізілді (ақпарат мына мекенжайдағы сайтта http://convention.enbek.gov.kz/ru/node/21296).

  12. Ағарту-тәрбие жұмысын жүргізуде ҮЕҰ рөлі аса зор. Мысалы, «Бауыржан» қайырымдылық қоры жыл сайын «Самғау» қоғамдық сыйлығына конкурс өткізіп, жеңімпаздарды марапаттайды, Қазақстан мүгедектер конфедерациясы «Жан шуақ» сыйлығын табыстайды. Сыйлықтың екеуі де Қазақстанда мәдениет, спорт, білім беру саласында және қоғамдық қызметте жоғары жетістіктерге жеткен мүгедектігі бар адамдарға табысталады.

  13. Республикалық мүгедектер қоғамдық бірлестіктері «Жан» және «Жан мейірі» журналдарын басып шығарады, олардың негізгі аудиториясы мүмкіндіктері шектеулі адамдар болып табылады.

  14. Республикада жұмыс берушілер мен қайырымдылық ұйымдарының мүгедектердің құқықтарын іске асыруға қосқан үлестерін насихаттау бойынша жұмыс жүргізіледі.

Мысалы, 2014 жылы Үкімет тарапынан жыл сайын өткізілетін «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурстың (Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығы) шарттарына «Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын» номинациясы бойынша лауреатты таңдаудың қосымша өлшемшарты қосылды – бұл кәсіпкерлік субъектісінің мүмкіндіктері шектеулі адамдарды әлеуметтік бейімдеуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаны іске асыруы (оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдарды неғұрлым көп жұмысқа тұрғызу).

Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, АКМ қолдауымен «Бауыржан» қайырымдылық қоры ұйымдастыратын «АЛТЫН ЖҮРЕК» жыл сайынғы ұлттық сыйлығы Қазақстан аумағында қайырымдылық және әлеуметтік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар мен жеке тұлғаларға, оның ішінде «Мүгедектерге қамқорлық үшін» номинациясы бойынша табысталады.



  1. Жүргізілген іріктеме зерттеуге сәйкес 2014 жылы мүгедектердің 46,3%-ы халықтың мүгедектердің проблемаларына деген оң көзқарасын бағалаған.


Конвенцияның 9-бабы. Қолжетімділік
Саясат

  1. Мүгедектігі бар адамдардың қоршаған ортаға, ашық және жалпы тұрғындарға ұсынылатын объектілер мен қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз етудің аса маңызды екендігін түсіне отырып, Үкімет мүгедектерге олардың тәуелсіз өмір сүруіне және өмірдің барлық аспектілеріне жан-жақты қатыса алатындай жағдай жасау бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.

  2. Бірқатар мемлекеттік бағдарламаларға және негізгі министрліктердің стратегиялық жоспарларына, аумақтарды дамыту бағдарламаларына мүгедектерге қоғам өмірінің барлық саласында: білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, еңбек, дене шынықтыру және спорт және т.б. салаларда кедергісіз орта қалыптастыру бойынша іс-шаралар мен индикаторлар енгізілді (2-қосымша).

  3. «Мүгедектер үшін қолжетімділік қамтамасыз етілген әлеуметтік және көлік инфрақұрылымының паспортталған объектілердің жалпы санындағы үлесі» объектілердің мүгедектер үшін қолжетімділігінің көрсеткіші өңірлердің қызметін бағалау бойынша базалық индикаторға (рейтинг) қосылған. 2016 жылдың қорытындысы бойынша елімізде көрсеткіш 77,4 %-ды құрады.

  4. Жергілікті билік органдарының қызметін реттеу және жауапкершілігін арттыру мақсатында әрбір облыста мүмкіндіктері шектеулі адамдарға кедергісіз орта қалыптастыру бойынша өңірлік жоспарлар бекітіледі, оларда мүгедектердің қажеттілігіне қарай бейімдеуді қажет ететін нақты ғимараттар мен объектілердің тізбесі бар. Өңірлік жоспарлар Еңбекмині сайтында «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау» бөлігінде орналастырылады (http://convention.enbek.gov.kz/ru/adaptation_maps).

Қолданыстағы заңнама

  1. Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңында (25-бап) жергілікті атқарушы органдар, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлғалар, сондай-ақ заңды тұлғалар мүгедектерге ортақ пайдаланылатын көлiк құралдарына, тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістiк үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергiсiз кiрiп-шығуына, әуежайларда, темiржол вокзалдарында, автовокзалдарда, автостанцияларда, теңiз және өзен порттарында еркiн бағдарлауы мен жүрiп-тұруына жағдай жасауға мiндеттi деп көрсетілген.

  2. «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында халықтың жүріп-тұруы шектеулi топтарына тіршілік-тынысы үшін жайлы жағдай жасау бойынша барлық қажетті талаптар бар: елдi мекендер қоныстану үлгiсiне және сол жердiң жағдайына сәйкес халықтың барлық санаттары үшiн (мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулi басқа да топтарын қоса алғанда) жұмыс орындарына, жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарға, әлеуметтiк, рекреациялық, инженерлiк және көлiк инфрақұрылымы объектiлерiне (құрылыстарға, коммуникацияларға) қол жеткiзуiн оңтайлы жағдайлармен және құралдармен қамтамасыз етiлуге тиiс; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік нормативтер объектілерді жобалауда және салуда барлық сатыларды реттеп отыруға тиіс және сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері орындауға міндетті болып табылады; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі субъектілері жіберілген бұзушылықтар не міндетті нормативтік талаптардан (шарттардан, шектеулерден) ауытқушылықтар салдарынан азаматтардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төнгені, сондай-ақ мемлекеттік, қоғамдық немесе жекеменшік мүдделерге залал (зиян) келтірілгені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауапқа тартылады.

  3. Мүгедектерге және халықтың жүріп-тұруы шектеулi топтарына ғимараттарда, құрылыстарда, байланыс пен ақпараттандыру, көлiк құралдарында қолжетімділік жағдайын жасау бойынша негізгі талаптар стандарттау бойынша нормативтік құжаттарда көрсетілген (3-қосымша).

  4. Конвенцияға қол қойылғаннан кейін қолжетімділкті қамтамасыз ету бойынша жұмыс мынадай бағыттарда жандандырылды: қолданыстағы заңнаманы жетілдіру; стандарттау бойынша жұмыс; қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуына жауапкершілік пен бақылауды күшейту; көлік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің мүгедектерге қолжетімділігі жағдайын бағалау; қолжетімді көлік инфрақұрылымын қалыптастыруды заңнамалық және қаржылық қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметтердің мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігі.

  5. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен мүгедектер үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымдарының қолжетімділігіне қатысты түзетулер енгізілді. Атап айтсақ, вокзалдар мен әуежайларда кедергісіз орта құру; теміржол құрамаларын мүгедектерге қолжетімді вагондармен жабдықтау; көлік жұмыскерлерін мүгедектермен қарым-қатынас жасау және қызмет көрсету дағдыларына, оның ішінде ымдау тіліне үйрету; вокзалдар мен әуежайларда, әлеуметтік-мәдениет саласы объектілерінде, сонымен қатар алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда мүгедектердің арнайы көліктерін қою үшін тегін орындар бөлу, ол жерлерге басқа көлік құралдарының қойылмауға тиіс және т.б.

  6. Қолданыстағы стандарттар мен нормативтік-техникалық құжаттарды мүгедектердің қажеттіліктерін ескере отырып, қолжетімді тіршілік тынысын құру бойынша халықаралық талаптар мен нормаларға сәйкестендіру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2012 – 2013 жылдары 33 ұлттық стандарттан тұратын тізбе қалыптастырылды, оларда құралдар мен бұйымдардың мүгедектер үшін қолжетімділігі мен қауіпсіздігінің техникалық талаптары қамтылған, оның ішінде 13 стандарт халықаралық талаптармен үйлестірілген.

  7. 2015 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа қолжетімділік нормативтері қолданысқа енгізілді: ҚР ҚН 3.06-01-2011 «Ғимараттар мен құрылыстардың халықтың жүріп-тұруы шектеулi топтарына қолжетімділігі»; ҚР ҚН 3.06-02-2012 «Ғимараттар мен құрылыстарды халықтың жүріп-тұруы шектеулi топтарына қолжетімді етіп жобалау. Жалпы ережелер». Аталған нормативтер негізіне әмбебап дизайн және жүйелі бейімдеу қағидаттары алынды.

  8. ҚР ҚН 1.02.-03-2011 «Құрылыстың жобалау құжаттарын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі және құрамы» стандартына сәулет шешімдері мазмұнын жобаланатын объектіде мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулi топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету және тіршілік-тынысына тең жағдай жасау бойынша және оны жобалауды міндетті түрде әлеуметтік қорғау орындарымен келісу іс-шараларымен толықтыру бөлігінде өзгерістер енгізілді (ҰЭМ Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің 2014 жылғы 18 қарашадағы № 107-НҚ бұйрығы)

Мемлекеттік бақылау

  1. Құрылыс нормалары мен қағидалары талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылау жүргізу «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген және МСҚБ басқармасына жүктелген.

  2. Объектінің құрылысы басталғаннан пайдалануға берілгенге дейін халықтың жүріп-тұруы шектеулi топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде мемлекеттік нормативтердің сақталу мәселесі ерекше бақылауға алынды.

  3. 2016 жылы жүргізілген тексерулердің нәтижелері көрсеткендей, МСҚБ басқармалары мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолжетімділігіне қатысты нормативтік талаптар бойынша 110 бұзушылық анықтаған, бұзушылықтарды жою туралы 91 нұсқама берген.

  4. Қазақстанда лауазымды адамдардың, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар мен заңды тұлғалардың мүгедектерге әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне кедергісіз қол жеткізу үшін жағдайды қамтамасыз етпегені үшін әкімшілік жауаптылық көзделген.

  5. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске сәйкес мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы заңнаманы мүгедектердің әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз етпеу түрінде жасалған бұзушылық үшін лауазымды адамдарға елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

  6. 2015 жылдан бастап Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменттері әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша 123 іріктеме және 287 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде 375 бақылау субъектісіне анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді, оның ішінде 203 субъектіге жалпы сомасы 26,9 млн. теңгеге әкімшілік айыппұл салынды.

Паспорттау

  1. 2012 жылдан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде мүгедектерге әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің (түгендеу/паспорттау) қолжетімділігін бағалау және оларды мүгедектігі бар адамдардың мұқтаждықтарына одан әрі бейімдеу жүргізіледі.

  2. Объектілерді түгендеуді (паспорттауды) жүргізу және мониторингтеуге қоғамдық кеңес мүшелері тартылады, олардың құрамына БАҚ, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерінің және азаматтық қоғамның басқа да өкілдері қосылған.

  3. 2012 жылдан бастап 2016 жылға дейінгі кезеңде 27 828 объектіге паспорттау жүргізілген. Оның ішінде 17 506 объект (62,9 %) қолжетімсіз деп танылды және бейімдеуді талап етеді (4-қосымша).

  4. Қазіргі таңда жергілікті бюджет және «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының қаражаты есебінен 11 212 (77,4 %) объекті бейімделді.

  5. Еңбекмині мен БҰҰДБ бірлескен жобасы шеңберінде Қазақстанда friendlybuilding.kz мекенжайы бойынша орналасқан «Қолжетімділіктің интерактивтік белсенді картасы» порталы әзірленіп, пайдалануға берілді. Аталмыш портал елдің паспортталған және бейімделген объектілері бойынша ақпаратты онлайн режимде енгізуге, объектіні бейімдеу дәрежесін көруге, көрсетілген ақпараттың дәлдігін тексеруге мүмкіндік береді. Барлық тіркелген пайдаланушыларға әрбір объектіде жүргізілген бейімдеудің сапасын бағалауға және фотосуреттерді қоса бере отырып комментарийлер орналастыруға мүмкіндік ұсынылған.

Көлік инфрақұрылымы. Теміржол көлігі

  1. Жолаушыларға қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап поездарда және вокзалдарда жолаушыларға қызмет көрсетудің ұлттық стандарттары қолданысқа енгізілді, оларда физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жағдайлар жасау бойынша талаптар қамтылған. Аталмыш стандарттар барлық вокзалдарда пандустар құрылғысының және қоғамдық дәретханаларда арнайы кабиналардың, тамақтану орындарында арнайы үстелдердің, мүгедектер арбаларына қызмет көрсетудің болуын көздейді. 2015 жылдың қорытындысы бойынша Жолаушыларға қызмет көрсету жөніндегі ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкестік 33 %-ды құрады.

  2. Вокзалдарда қызмет саласына қарамастан қолжетімділікті жасау бойынша талаптар көзделген: мүгедектер автомашиналарын қою үшін орындар бөлу; ғимаратқа кіреберісті, баспалдақтарды, ғимарат ішіндегі қозғалыс жолдарын жабдықтау; көру және (немесе) есту қабілеті нашар мүгедектер үшін қолжетімді байланыс құралдары мен ақпараттық сигналдық құрылғыларды жабдықтау; мүгедектерге арналған кезекші кресло-арбаның болуы; қоғамдық дәретханаларды мүгедектерге арналған кабиналармен жабдықтау; арнайы таксофондар орнату; поезд вагондарын вагонға көтерілу құрылғыларымен және арнайы орындармен жабдықтау.

  3. Қазіргі уақытта 18 маршруттың құрамында қозғалыс қолайлылығы үшін дәліздер және тамбурлар қайта жабдықталған, мүгедектер арбасын көтеруге арналған тетікпен жабдықталған 31 вагон қатынайды. Купе 2 жолаушыға арналған: мүгедекке арнап жабдықталған орын және еріп жүретін адамға арналған орын.

  4. Теміржол вокзалдарының жұмыскерлері және жолсеріктер жолаушылармен қарым-қатынас жасауда мүмкіндіктері шектеулі жолаушыларға поездан түсу/отырғызу бойынша қызметтер көрсетеді. Аталмыш міндеттер жұмыскерлердің лауазымдық нұсқаулықтарында бекітілген.

Көлік инфрақұрылым. Автомобиль көлігі

  1. Ұлттық стандарттарда («Автовокзалдар, автостанциялар және жолаушыларға қызмет көрсету орындарының қызметтері» және «Тұрақты және тұрақты емес тасымалдар бойынша автокөлік қызметтері» автовокзалдарға, автостанцияларға, жолаушыларға және автобустарға қызмет көрсету орындарына) мүгедектер үшін қауіпсіз және қолайлы қызметтер көрсету бойынша талаптар көзделген. Сонымен қатар, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары шаруашылық субъектілерін ұлттық стандарттарды сақтауға міндеттейді және мүгедек жолаушыларды тасымалдау кезінде артықшылықтар ұсынады.

  2. Мүгедектерді автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызметтерді көрсету қағидаларында «Инватаксимен» және таксимен, алысқа қатынау автобустарында (ІІІ класс), қалааралық автобустарда (ІІ класс) автомобиль көлігімен тасымалдау бойынша қызмет көрсетуде мүгедектер үшін қолжетімді көлік құралын (арнайы автокөлік құралдарымен, мүгедектерді тасымалдауға арналған заттармен және белгілермен) қамтамасыз етудің жалпы тәртібі және шарттары көзделген. Қағидалар Қазақстанның барлық аумағында әрекет етеді және меншік нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

  3. Автомобильмен тасымалдау саласындағы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу шеңберінде тасымалдаушылардан мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін жаңа бейімделген автобустар сатып алуды (немесе бейімдеуді) талап ететін нормалар көзделеді.

  4. 2014 – 2016 жылдары республикалық бюджеттен 452,4 млн. теңге өңірлерде 16 722 арнайы жол белгісін және нұсқаушыны орнатуға мүгедектерге қызмет көрсетуге бағытталған ұйымдардың орналасу орындарында 465 жаяу жүргінші өткелдерін дыбыс құрылғыларымен жабдықтауға жұмсалды.

Көлік инфрақұрылымы. Әуе көлігі

  1. Жолаушыларға әуежайда қызмет көрсету қағидаларында 2016 жылдан бастап PRM (Persons with Reduced Mobility) қызмет көрсетудің халықаралық стандартының болуы бойынша талаптар көзделген, оларда, тұрақтарға, аялдамаларға, вокзал маңы алаңындағы кездесу орындарына, тұрмыстық қызметтерге және сервистік қызмет көрсетуге; жолаушылардың әуе тасымалы қызметтерін көрсету жылдамдығы мен жайлылығына, ақпараттық қызмет көрсетуге және персоналды даярлауға талаптар қойылған.

  2. Әуежайларда және әуе компанияларында тасымалдау кезінде мүгедектерге шекаралық, кедендік бақылаудан және басқа рәсімдерден өтуге көмек көрсетіледі, әуе кемесінің салонына тасымалдау үшін арнайы кресло ұсынылады. 6 әуежайда (Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау) арнайы лифтілер, эскалаторлар, бөлмелер, мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпараттық көрсеткіштер, жарықтық таблолар және маңдайшалар, медициналық қызметкерді шақыру кнопкасымен жабдықталған дәретхана бөлмелері бар; 9 әуежайда (Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Көкшетау, Шымкент, Өскемен, Жезқазған) кіретін және шығатын жерлерде пандустар орнатылған, мүгедектер арбасын ұсыну көзделген, дәретхана бөлмелерінде арнайы тұтқалар орнатылған.

Мемлекеттік қызметтер

  1. Мемлекет қолжетімділікті қамтамасыз ету ісінде үлгі болу және осы арқылы нәтижелерге тиімді қол жеткізуге тиіс екенін түсіне отырып, Үкімет мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді болуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда.

  2. 2013 жылғы 15 сәуірде қабылданған «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілетін қызметті берушінің персоналды мүгедектермен қарым-қатынас дағдыларына үйрету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуда мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайларды жасау бойынша міндеттері көзделген.

  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жекелеген стандарттарында тұрғылықты жері бойынша дайын құжаттарды қабылдау және беру үшін өзінің баруға мүмкіндігі жоқ мүгедектерге мамандардың келуі көзделген. Мысалы, осындай талаптар ІІМ, МҚІСҚА («Мемлекеттік қызметшілерді, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға жұмысқа орналасуға үміткерлерді және құқық қорғау қызметіне алғаш түсетін азаматтарды тестілеу»), Қаржыминінің («Жеке кәсіпкерді тіркеу есебі»), Әділетминінің («Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттік тіркеу») аумақтық органдары халыққа көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарында бар.

  2. Қазіргі таңда мемлекеттік органдардың ресми интернет-ресурстарының нашар көретін адамдарға арналған нұсқасы бар.

  1. Бекітілген Әлеуметтік дамудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес Үкімет Қазақстанды 2030 жылға қарай мүмкіндіктері шектеулі адамдар және қарт адамдар үшін кедергісіз елге айналдыруды жоспарлап отыр.


Конвенцияның 10-бабы. Өмір сүру құқығы


  1. Әрбір адамның өмір сүру құқығы Қазақстан Республикасы Конституциясының 15-бабының 1-тармағында бекітілген. Ешкімнің де өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ.

  2. Қылмыстық кодексте адам өлтіру, анасының жаңа туған нәрестені өлтіруі, аффект күйінде жасалған, сондай-ақ адам өліміне әкелген қылмыс үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

204. Өлім жазасын шектеулі қолдану өмір сүруге құқықтың маңызды элементі болып табылады. Конституцияда өлім жазасы адамдардың қаза болуымен байланысты террористік қылмыстар жасағаны үшін, сондай-ақ соғыс уақытында ерекше ауыр қылмыстар жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар деп көзделген (Конституцияның 15-бабының 2-тармағы).

205. Практикада өлім жазасы тағайындалмайды. Өлім жазасына балама түрінде 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда бас бостандығынан өмір бойына айыру енгізілген. Өлім жазасы қылмыс жасаған 18 жасқа дейінгі жастағы адамдарға, 63 жастан асқан ерлер мен әйелдерге тағайындалмайды.



206. Адамның, оның ішінде мүгедектердің өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында мемлекет әркімнің тегін медициналық қызмет көрсетілуіне құқығын қамтамасыз етеді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен алынған халықаралық міндеттемелерді орындау мақсатында эвтаназияны жүзеге асыруға тыйым салынады, өйткені өмір сүруге құқық айырылмайтын болып табылады.
Конвенцияның 11-бабы. Қатерлі жағдайлар мен төтенше гуманитарлық жағдайлар


  1. Қазақстанда азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесі қызмет етеді.

  2. Басқа адамдар сияқты мүгедектердің қорғалуы және қауіпсіздігі «Терроризмге қарсы күрес туралы» 1999 жылғы 13 шілдедегі, «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы, «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы заңдарының ережелерін іске асыру шеңберінде төтенше гуманитарлық жағдайлар немесе табиғи апаттар тудырған қатерлі жағдайларда қамтамасыз етіледі.

  3. Азаматтық қорғау туралы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабында барлық азаматтарға, оның ішінде мүгедектерге: ұшырауы мүмкін төтенше жағдайлардың қауіпті факторларының туындау қатері туралы және қажетті қауіпсіздік шаралары туралы ақпаратты күні бұрын алу; төтенше жағдайлар туындаған жағдайда өмірін, денсаулығын және жеке мүлкін қорғауға; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан өздерінің денсаулығына келтірілген зиян мен мүлкіне келтірілген нұқсанды заңнамада белгіленген тәртіппен өтету; табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан өздерінің денсаулығына келтірілген зиян мен мүлкіне келтірілген нұқсанды өтеу туралы сотқа қуыным беру құқығына кепілдік беріледі.

  4. Қазақстанда төтенше жағдайдың туындау алғышарттары немесе туындауы, өрт, адамдардың өміріне төнген қауіп пен денсаулығына зиян келуі қатері туралы және шұғыл қызметтердің өз құзыреті шегінде ден қоюы жөніндегі іс-қимылдарын үйлестіре отырып шұғыл көмек шараларын қабылдау талап етілетін өзге де жағдайлар туралы жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін хабарламаларды қабылдаумен және өңдеумен айналысатын бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік «112» қызметі жұмыс істейді.

  5. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес байланыс операторлары ақысыз негізде «112» қызметіне төтенше жағдайлар туындағанда немесе қатер төнгенде қоңырау шалып тұрған абоненттің орналасқан жерін анықтау және халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарлама жіберу бойынша қызметтерді көрсетуге міндетті. Аталмыш норма есту қабілеті бұзылған адамдарға ақпаратты басқа азаматтармен бірдей ұялы байланыс арқылы алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте Қазақстанда есту және көру қабілеті нашар мүгедектер мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен мобильді телефондармен қамтамасыз етілетінін атап өту қажет.

  6. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерде өрт, авариялық жағдайлар және қауіпті табиғат жағдайлары кезінде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімді құрылыстарға және ғимараттарға қойылатын қауіпсіздік талаптары көзделген (ҚР ҚН 3.06.2011 «Халықтың жүріп тұруы шектеулі топтары үшін ғимараттар мен құрылыстардың қолжетімділігі» құрылыс нормалары, 3.06-02-2012 «Халықтың жүріп тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті ескерумен ғимараттар және құрылыстарды жобалау. Жалпы ережелер» ҚР ҚЖ қағидалар жинағы).


Конвенцияның 12-бабы. Заң алдындағы теңдік


  1. Қазақстанда әрбір мүгедек басқа адамдармен бірдей құқықтық қорғалуға құқылы. Барлық азамат заң және сот алдында тең, бұл толық көлемде мүгедектерге де қолданылған.

  2. Азаматтық заңнама «құқық қабілеттілігі» (азаматтық құқықтарға ие болу және міндеттерді көтеру қабілеттілігі) және «әрекетке қабілеттілігі» (азаматтың өз әрекеттері арқылы азаматтық құқықтарды иеленуі және жүзеге асыруы, өзіне азаматтық міндеттер жүктеу және оларды орындау қабілеттілігі) түсініктерін қамтиды.

  3. Заңнамалық актілерде көзделген тәртіппен және жағдайларда ғана құқық қабілеттілігі мен әрекетке қабілеттігіне шектеу қойылуы мүмкін.

  4. Қазақстанда мүгедектердің азамат ретінде жан-жақты қатысуына мүлікке иелік етуге және оны мұраға алуға, өз қаржы істерін жүргізуге, сондай-ақ банк несиесіне, ипотекалық кредиттерге және қаржылық кредиттеудің басқа да нысандарына тең қолжетімділікке құқығы қамтамасыз етілген.

  1. Психикалық ауруы немесе ақыл-есі кем болуы салдарынан өзінің әрекеттерінің мәнісін түсіне алмайтын немесе оларды басқара алмайтын азаматты сот әрекетке қабілетсіз деп тани алады, осыған байланысты оған қамқоршылық белгіленеді. Әрекетке қабілетсіз деп танылған азаматтың атынан мәмілелерді оның қамқоршысы жасайды. Әрекетке қабілетсіз адам жазылған немесе денсаулығы айтарлықтай жақсарған жағдайда сот оны әрекетке қабілетті деп таниды, содан кейін одан қамқоршылық алынады.

Конвенцияның 13-бабы.
Сот төрелігіне қол жеткізу


  1. Қазақстан Республикасында әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сотта қорғалуына құқығы бар.

  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде (бұдан әрі – АПК) азаматтық сот ісін жүргізу шеңберінде мүгедектердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған мынадай нормалар бекітілген:

- егер куә мүгедектігінің салдарынан соттың шақыруы бойынша келуге жағдайы болмаса, сот одан оның болған жерінде жауап алуы мүмкін;


- судья 1 және 2-топтағы мүгедектердің істерін сот талқылауына дайындаған кезде немесе қараған кезде заң көмегіне ақы төлеуден және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден толық босатуға және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызуға міндетті;

жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау