Қорытынды бөлім
Қорыта келгенде, халықтық педагогикалық тарам – тарам жолдары орынды пайдалана білу әр мұғалімнің өз үлесінде. Тек оқушыларымыздың ұлттық санасын оятып,жүрегінен жол таба білсек болғаны.Халықтық педагогика қағидаларын игеруге айлар емес, жылдар керек. Оның үстіне жинақталып, кітап болып басылып ғылыми тұрғыдан жүйеленбеген , сараланбаған қазынаны тауып алу оңай емес.Сондықтан ел аузындағы есті сөздерге құлақ түріп жүру, ата-бабамыздың баспа сөз бетінде жүру , ата бабаларға тартымды да татымды білім олжасы . Өзің пісірген астын дәмді болатыны сияқты , өзің терген сөздің қадір-қасиетін де тере бойлай танисың, тәжірибенде тиімді , ұтымды орынды пайдаланасың. Өз педагогикасын тудырған халың әр дәуірде ақылды , парасатты мінезбен ұрпақтарын игілікке тәрбиелеген. Осы тұрғыдан К.Ушинскийдің «Қандай да тарихи тірлік жасаушы халық – жер бетіндегі ең тамаша жаратылыс , тәрбиеге тек қана осы бай да таза қайнар көзден керектіні ала білу керек!» - деген даналық ойына құлық түріп асу әр ата – ананың парызы. Себебі,халық педагогикасының ғылыми тәрбиеге кесе-көлденең келер сәті жоқ, қайта керісінше қоян-қолтық қабысып , тигізер себебі көп.Қазақ халқының баға жетпес мұраларының бірі мақал мен мәтелдер арқылы балаға үлкен қазынасы баланың ой-санасына үлкен әсерін тигізеді, сол арқылы баланы потриотизмге , еңбек сүюге , т.б тәрбиелей аламыз. Мақалдар мен мәтелдердің бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде алатын орны терең, мазмұны мен тәрбиелік әсері оның мейлінше ықшам қолданылатыны өзінің оқушысын таң-тамаша етеді. Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Ол – ғасырлар бойы халқымыздың ұқыптап сақтап келген тәжірибесінің жиынтығы, ой-пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, атадан балаға қалдырып келе жатқан мұра. Мақал-мәтелдер көркемдік бейнелі сөз айшықтарымен әсерлі. Олардың айтуға оралымдылығы, тілге үйіріле кететіндігі, ойдың өткірлігі, ұшқырлығы, тереңдігі мақал-мәтелдердің сапаларын анықтайды. Мақал-мәтелдер адамды сөз қадірін білуге, жақсы мен жаманды, қас пен досты айыра білуге, айналадағыларға мейірбан, кеңпейіл болуға, сезімтал болуға, халық шығармашылығының інжу-маржанын бағалай білуге баулиды. Мен – студентпін, өмір тәжірибем аз. Өзім сияқты балалардың, достарымның бойында мәдениет, адами қасиеттер қалыптастыру мақсатында айтылатын әрі әсерлі, әрі ойда сақталып қалатындай мәнді мақал-мәтелдер, ақыл-насихат, өнеге-өсиет төл әдебиетімізден көптеп табылатынына көзім жетті. Біз қоғамның қамын ойлайтын азамат болып өсуіміз керек. Осындай игі істе біздің таптырмас көмекшіміз халық даналығы болып табылады. Ал халқымыз – дана ұстаз. Демек, өткен замандарда жасаған серілер мен ақылмандарымыз бізге қалдырған ой-парасат мирасы даңғыл жол сияқты екен! Халқымыздың сөз мәйегі мақал-мәтелдер бізді ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелейді. «Мақал – сөздің атасы» дегендей, өмірде мақал-мәтелдің қажеттілігін түсінуге болады. Халық педагогикасының қағидалары қатарына қосылатын туған халқымыздың кез келген мақал-мәтелімен сусындап өссек, жемісіміз молығады, толығады. «Дұрыс қанаттанған түзу ұшады» деген халқымыз тәрбиенің түпкі мақсатын, жемісін меңзеп отыр. «Үлгілі үйдің ұл-қызы ұялтпайды» деп келеді халқымыздың бір даналығы. Олар адам баласының қарым-қатынас, салт-сана, тәлім-тәрбиесі, бір сөзбен айтқанда, тұтас адамгершілік қағидалардың дастаны тәрізді. Оларды сусындап оқысақ, өмірде ұшырасатын оқиғалардың бәріне де лайықты жауап табамыз.
Осы зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде өркениетті елдердің өрге тартқан көшінде, алға тартқан легінде халқымыздың мерейін көтеруге, қажыр-қайрат жұмсауға, үлес қоссақ деген тұжырымға келдім.
Достарыңызбен бөлісу: |