I тарау кәсіпорын қызметіндегі айналым капиталының МӘні мен ролі


Эконмикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары



жүктеу 1,4 Mb.
бет5/5
Дата14.01.2018
өлшемі1,4 Mb.
#7493
1   2   3   4   5

4. Эконмикалық арналымның бюджеттен тыс қорлары

Дамудың мемлекеттік институттары сияқты бюджеттен тыс экономикалық қорларды – инвестициялық, инновациялық, ұлттық қорды құру 2003-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының Индустриалдық – инновациялық дамуы стратегиясының мақсаттары мен міндеттеріне жетуге бағытталған.

Проблемаларды шешу және Стратегия шеңберінде қойылған мақсаттар мен міндеттерге жету үшін Қазақстанның даму банкісін жандандыру дамудың арнаулы институттарының – Қазақстан инвестициялық қорының, Инновациялық қордың, Экспорттық кредиттерді сақтандыру жөніндегі корпорацияның жұмыс істеуін қажет етеді.

Бұл институттар жаңа өндірістерді жасауға және жоғары қосымша құны бар жұмыс істеп тұрғандарын дамытуға инвестициялау саясатын жүргізеді және перспективалы салаларды кешенді талдау, олардың неғұрлым маңызды элементтерін анықтау негізінде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулар мен зерттемелерді қолдайды.

Қазақстанның инвестициялық қоры акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық ұйым болып табылады, оның жалғыз құрылтайшысы Қазақстан Республикасының Үкіметі болып келеді. Қор қызметінің мақсаты перспективалық ұйымдардың жобаларына инвестицияларды жүзеге асыру - және тарту арқылы, экономиканың шикізаттық емес секторындағы жекеше сектордың бастамаларын қаржылық қолдау арқылы Қазақстанның индустриалдық-инновациялық саясатын іске асыруға жәрдемдесу болып табылады.

Қордың мақсаттары мыналар болып табылады:

1) шикізат пен материалдарды мұқият жаңа технологияларды пайдаланып конкурсқа қабілетті өнімдерді шығаратын, сонымен бірге өнеркәсіпте өзінің қызметін жүзеге асыратын перспективалық ұйымдарға өндірістік қызметтер көрсететін жаңадан құрылатын сондай-ай жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру;

2) инвестициялық жобаларды ұйымдардың жарғылық капиталына инвестицияларды жүзеге асыру Қормен ортақ қаржыландыру және бұл жобаларды басқаруға қатысу арқылы экономиканың шикізаттық емес секторына жұмсалатын жекеше инвестицияларды ынталандыру;

3) шетелдегі қазақстандық ұйымдардың инвестициялық белсенділігін арттыруға жәрдемдесу.

Отандық және толықтыратын шектес өндірісті дамытушы шетелдік ұйымдар арасында өндірістік Кооперацияны қамтамасыз ететін Қазақстаннан тыс жерлердегі инвестициялық жобаларды бірігіп қаржыландыру арқылы.

Қор қызметінің негізгі бағыттары өтелетін және тиімді инвестициялық жобаларды жүзеге асырушы перспективалық ұйымдарды инвестициялау және инвестицияларды тарту болып табылады.

Қордың инвестициялауы Қордың инвестициялық мағлұмдамасына сәйкес жүргізіледі.

Қор мына шарттардың сақталуы кезінде инвестицияны жүзеге асырады:

1) инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатының негізгі бағыттарына сай келеді;

2) инвестициялық жоба экономикалық және қаржылық параметрлері бойынша тартымды болып келеді;

3) инвестициялық жоба ұйымдардың технологиялық әлеуетін үдетуге, сапаны артыруға және өнім өндіру мен қызметтердің көлемін өсіруге, шикізатпен материалдарды ұқсатуды тереңдетуге, жоғары технология өнім шығаруға бағытталған.

Қор акцияларды және ұйымдардың жарғылық капиталына қатысу үлестерін сатудан алынған капиталды кейін қайта инвестициялай отырып, ұйымдардың жарғылық капиталдарына, басқа ұйымдарға инвестициялауды жүзеге асырады.

Қор акцияларға айырбасталымды не акцияларды сатып алуға құқықтар беретін бағалы қағаздарды сатып алуға құқылы.

Қордың уақытша бос ақшалары Қор мақұлдамасымен анықталатын шектерде және тәртіппен ішкі және сыртқы рыноктарда мемлекеттік және мемлкеттік емес бағалы қағаздарды қоса, өтімді активтерге орналастырылады.

Қордың инвестициялары ұйымдардың шаруашылық дербестігін шектемейді.

Ұйымдардың жарғылық капиталдарында Қор қатысуының шекті мөлшері Қордың инвестициялық қызметінде негізгі құжат болып табылатын Қордың инвестициялық мағлұмдамасымен анықталады. Инвестициялық мағлұмдама мақсаттарды, стратегияны, инвестициялаудың бағыттарын, тәуекелді басқарудың саясатын, бағалы қағаздардың әр түрлі түрлері бойынша бағалы қағаздар портфелін әртараптандырудың нормаларын және инвестициялық жобаларды Қор қатысуының тоқтатуының шарттарын анықтайды. Қордың инвестициялық мағлұмдамасын Үкімет бекітеді.

Жоғарыда айтылғандай, Қордың жалғыз акционері Қорды басқаруға қатысатын Үкімет болып табылады. Қордың жарғылық капиталын республикалық бюджеттің қаражаттары есебінен акциялардың атаулы құны бойынша акцияларды өтеу арқылы қазақстан Республикасының Үкіметі қалыптастырады. Қордың жарғылық капиталын көбейтуге қордың жалғыз акционерінің шешімі бойынша рұқсат етіледі және Қазақстанның заңнамасына сәйкес акцияларды шығару және орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

Қордың таза табысы оның жылдық есебін бекітудің қорытындысы бойынша тек қана резевтік капиталды қалыптастыруға бағытталады. Резервтік капиталды бөлудің тәртібін акционер анықтайды.

Қор ұйымдардың жарғылық капиталына қатысатын оларды басқарудың мониторингін жүзеге асырады. Монинторинг электрондық әдістерді дамытып, қолдану негізінде жүргізіледі.

«Республикалық инновациялық қоры» акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту, инновациялық жұмыстарды қайтарылымды қаржыландыру механизмін іске асыру және ғылымды қажетсінетін өндірістерді жасауға жәрдемдесу мақсатында құрылған. Оның жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы 100%-ды құрайды. Инновациялық қорды құру инновациялларды енгізудің тиімді әрі рыноктық механизмінің болмауының жүйелік проблемасын шешуі тиіс.

Инновациялық қордың міндеттері мыналар болып табылады:

1) отандық және шетелдік инвесторлармен бірлесіп венчурлік қорлар құру, механизмдер мен инновациялық жобаларды венчурлік қаржыландырудың инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу;

2) коммерциялық нәтиже мен гранттар беру жолымен экономиканы технологиялық дамыту тұрғысынан әлеуетті перспективалық болып табылатын жаңа технологиялар, тауарлар, жұмыстар, қызметтер жасауға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік –конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру.

3) инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталында үлестік бақылауға алынбайтын қатысу жолымен инновацияларды енгізуді қаржыландыру;

4) ұлттық инновация инфрақұрылымның (технополистердің, технопарктердің, бизнес-инкубаторлардың, инновациялық орталықтардың) элементтерін жасауға қатысу;

5) ғылыми-техникалық өнімнің рыногын қалыптастыруға қатысу;

6) инновациялық технологияларды ауыстыру, қарыз алу және ұлғайту, оларды коммерцияландыру және енгізу саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

Қордың міндеттері тек инновациялық қорлардың шеңберінен шығып кетеді, макроэкономикалық болып табылады және ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру мен дамытуға бағытталған.

Қор инновациялық қызметтің барлық субъектілерімен байланыстарды қалыптастыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізеді. Қордың қызметі ақпараттық-таныстыру компаниясымен қосарланады, оның барысында инновациялық қызметтің субъектілері, соның ішінде өңірлік субъектілер Қор қызметтерінің міндеттері, бағыттары, инвестициялау қағидаттары туралы ақпарат алады. Қор басшылығы мен жұмыскерлерді елдің өңірлері бойынша жол жүреді, биліктің жергілікті органдарымен және кәсіпкерлермен Қор қызметі, өзара ынтымақтастық және Қорға берілген инновациялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша кездесулер өткізеді.

Инновациялық қордың функциялары мыналар болып табылады:

1) венчурлік қорлардың жарғылықкапиталын жасау және оған қатысу;

2) акцияларды және инвестицияланатын кәсіпорындардың жарғылық капиталына үлеспен қатысуды басқару;

3) инвестицияланатын кәсіпорындардың акцияларын қор рыногына алып шығуға көмек көрсету;

4) жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін өнімді өткізудің перспективалық рыноктарына конъюнтуралық және маркетингтік зерттеулер жүргізу;

5) граннтық негізде қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру;

6) инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестік бақылауға алынбайтын қатысу жолымен инновациялық жобаларды қаржыландыру;

7) инновацияларды өндірумен байланысты инвестициялық жобаларды қаржыландырудың параметрлері мен құрылымын әзірлеу;

8) инновациялық өнімдерді сыртқы рыноктарға жылжыту;

9) инновациялық жобаларды қаржыландыруға сыртқы және ішкі инвестицияларды тартуды ұйымдастыру;

10) технопарктерді, технополистерді, бизнес-инкубаторларды, инновациялық орталықтарды және инновациялық құрылымдардың өзге элементтерін құруға қатысу және т.б.
16.3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры

Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, мемлекеттің қаржы активі түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүлік түріндегі активтері Қазақстан Ұлттық қоры болып табылады. ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге дүниежүзілік бағалардың жағдаятына республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалынады. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануына, экономиканың шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Яғни Қазақстанның Ұлттық қорын қалыптастыру болашақ ұрпақ үшін қорланымды және елдің экономикасын келеңсіз сыртқы факторлардан қорғау үшін резервтерін шоғырландырады. Сөйтіп, Ұлттық қор екі функция орындайды: жинақтау және тұрақтандыру функциялары.

Жинақтау функциясы қаржы активтерінің және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің қорлануын қамтамасыз етеді. Жинақтаушы фунциясымен қатар Қор қаражаттарының қалыптасуы мен пайдалануының қолданылып жүрген тетігі ағымдағы экономиканын жағдайына тұрақтандыру ықпал көрсетеді. Тұрақтандыру функциясы шикізат ресурстарына әлемдік бағаның конъюктурасына республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын іске асырпу мемлекеттік бюджетті орта мерзімді жоспарлауға көшуге мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану дүниежүзілік және ішкі тауар мен қаржы рыноктарының конюъктурасы, мемлекеттегі және шетелдердегі экономикалық жағдай, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары ескеріле отырып, бұл ретте макроэкономикалық және фискалдық тұрақтылық және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақтала отырып айқындалады.

Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының операциялар жөніндегі есебі мен есептемесі ұлттық валютамен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалатын сенімгерлік басқару туралы шарттың негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі жүзеге асырады.

Қаражаттардың көздері мен қорды қалыптастырудың тәртібі мынамен анықтаалды. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының бесжылдық индикативтік жоспарының құрамында Қазақстан экспортының едәуір үлесін құрайтын шикі мұнайға, мысқа және басқа шикізат тауарларына есептік тұрақты дүниежүзілік бағалар белгіленеді, олардың негізінде республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеп, бекіткен кезде Қазақстан тауар өндірушілері шикізат тауарларын өткізудің орташа бағаларын және оларға сәйкес шикізат секторынан мемлекеттік бюджеттің кірістерін есептеп шығарады. Шикізат тауарларының есептік тұрақты бағалары дүниежүзілік бағалардың серпінін сақтанпаздық болжауды негіздей отырып белгіленеді.

Қор республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы үдерісінде оған шикізат секторы ұйымдарынан (заңи тұлғалардан Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тізбе бойынша) бюджетке түсетін салық және өзге міндетті төлемдердің республикалық және жергілікті бюджеттеріндегі түсімдердің олардың мына түрлері бойынша: корпорациялық табыс салығының, қосылған құнға салынатын салықтың, үстеме пайдаға салынатын салықтың, бонустардың, роялтилердің бекітілген сомаларынан асып түсуін есепке жатқызу жолымен қалыптасады.

Ұлттық қор мына түсімдердің есебінен қалыптасады:

1) шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін нақты түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бектіліген олардың жылдық көлемінен асып түсуі ретінде айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;

2) республикалық меншіктегі және кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлкеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;

3) шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін республикалық бюджетте жоспарланған түсімдер соммасының он пайызы мөлшерінде есептелген республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер;

4) ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттің ресми транферттері;

5) қорды басқарудант түсетін инвестициялық кірістер;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тиым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер.

Қаражаттарды Ұлттық қорға есептеудің тәртібін Үкімет анықтайды.

Негізгі қызметі табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу болып табылатын заңи тұлғалар шикізат секторының ұйымдары болып табылады. шикізат секторы ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдер – шикізат секторы ұғымдарынан бюдюжетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін түсімдердің жиынтығы:

корпорациялық табыс салығы

қосылған құнға салынатын салық;

үстеме пайдаға салынатын салық;

бонустар;

роялти;


жасасқан келісім шарттар бойынша Қазақстан Республикасының өнімді бөлу жөніндегі үлесі.

Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер болжамы шикізат секторының тауарларына дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары ескеріле отырып жасалады.

Жоғарыдағы бірінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттерді, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттерді республикалық бюджеттің атқарылуы барысында оны Қазақстан Республикасының Парламентінде нақтыламай-ақ бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган айқындап, республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.

Үшінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттер, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспарлы түсімдер есебінен айқандалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансферттер тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын, төртінші тармақшада көрсетілген ресми трансферттер мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімімен бекітіледі, ал жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын ресми трансферттерді жергілікті бюджеттен атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюджетті атқару барысында оны мәслихатта нақтылмай-ақ Ұлттық қорға аударады.

Қазақстан Республикасының ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Ұлттық қорды қаржы активтеріне және , материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырудан құрылады.

Қордың қаражаттары мына бағыттар бойынша жұмсалады:

1) тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойынша шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдері арасындағы айырма ретінде анықталатын республикалық бюджет шығынын өтеу үшін. өтем мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер бойынша толық атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиіс. Түсімдердің нақты көлемі олардың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтем жүзеге асырылмайды;

2) Ұлттық қорда республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін арнаулы трансферттер түрінде;

3) Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;

2) Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұру;

3) тәуекел деңгейінің қалыптылығы жағдайында ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін ұстап тұру;

4) инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат етілген қаржы активтеріне және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырады.

Рұқсат етілген қаржы активтерін және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Ұлттық банкпен бірлесіп Үкімет айқандайды.

Ұлттық қорды жеке және заңи тұлғаларға кредит беруге және міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебінен республикалық бюджеттің шығынын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің келісімімен қаржы жылының қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Парламентінде республикалық бюджетті нақтыламай-ақ жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттердің көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Активтерді Ұлттық қорға есептеу және Ұлттық қорды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкімет айқындайды.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры» туралы жарлығымен қорды басқару кезіндегі мемлекеттік биліктің өкілеттігі анықталған.

Қазақстан Республикасының Президенті:

1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің құрамын құрады;

2) қор мәселелері жөнінде Кеңеске, Үкіметке және Ұлттық банкке орындау үшін міндетті нұсқаулар береді;

3) қорды басқару жөніндегі қызметті бақылауды жүзеге асырады;

4) ұсыныстар беру үшін Кеңеске қорды басқарумен байланысты оған бекітуге берілген құжаттарды бағыттайды;

5) Ұлттық қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі қорды басқару кезінде мына өкілеттіліктерді жүзеге асырады:

1) есептемені жасау ережелерін, ақшаны қорға есепке алу және оны пайдалану тәртібін әзірлеп, бекітеді;

2) Ұлттық банкпен бірлесіп ақпараттық материалдардың және қорды басқарумен байланысты қызмет бойынша қаржылық есептеменің графигін жасап, бекітеді;

3) Президентке қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы есепті және Парламентке қорды қалыптастыру және пайдалану жөніндегі ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді;

4) қордың жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізуді қамтамасыз етеді;

5) қорды қалыптастыру пайдаланудың бухгалтерлік есебін қамтамасыз етеді;

6) қордың қызметімен байланысты өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қорды сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасалынған сенімгерлік басқару туралы шарт негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады:

1) Қордың оның бір бөлігін сыртқы басқарушыны басқаруға беруді қоса дербес инвестициялау

2) инвестициялық операцияларды жүзеге асырудың ережелерін әзірлеп, бекіту,

3) Үкіметке қорды сенімгерлік басқарудың нәтижелері туралы есепті ұсыну;

4) сенімгерлік басқару туралы ережелер мен шартта қаарстырылған өзге өкілеттіктер.

Қорды тиімді сенімгерлік басқаруды қамтамасыз ету мақсатында Ұлттық банктің шешімімен арнаулы лауазымды тұлғаны (Ұлттық банк төрағасының орынбасарынан төмен емес деңгейде) - өкілетті өкілді анықтайды, оның өкілеттігіне Ұлттық банктің атынан қорды сенімгерлік басқару жөнінде шешімдерді оперативті қабылдау кіреді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банк қорды басқару мәселелері бойынша болжамды іс-әрекеттермен қол жеткен нәтижелер туралы бір-біріне ақпарат беріп отыруға міндетті.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңес Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржылық активтерге және, материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастыру жөнінде ұсыныстар талдап-жасайтын консультациялық – кеңесші орган болып табылады.

Кеңестің негізгі міндеті қорды пайдалану мәселелері бойынша Президентке жәрдемдесу және ұсыныстар жасау болып табылады. Кеңестің мәжілістері Президенттің немесе оның тапсыруы бойынша Кеңес мүшелеріінң бірінің төрағалық етуімен мжүргізіледі және хаттамамен мрәсімделеді. Кеңес шешімі Кеңес мүшелерінің жалпы санының жай көп даусымен қабылданады және заңнамамен бекітілген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен іске асырылады. Кеңестің құрамына мыналар кіреді: Қазақстан Республикасының Президенті, Премъер-министрі, Сенаттың төрағасы, Премьер-министрдің орынбасары, Қаржы министрі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы.

Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің функциялары:

1) Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;

2) қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау және талдап-жасау;

3) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржы активтерін және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесі жөнінде ұсыныстар талдап-жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, моның құрамы мен ол туралы қағиданы Преизидент бекітеді.

2005 жылдың басына Ұлттық қор қаражаттарының сомасы 5,14 млрд АҚШ долларын немесе елдің барлық алтын валюта резервтерінің 35,7%-ды құрайды. 2002 жылдың аяғына бұл сома 1,9 млрд доларды құрады, қордың жинақтаушы және тұрақтандырушы портфелдеріінң ара салмағы 81:19 % құрайды.

Ұлттық қор проблемаасы ТМД елдерінің тап осы қорлар сияқты олардың қаражаттарын пайдалану тиімділігі болып табылады. Қор активтері шетел банктерінің (АВН АМRO Bank, State Steet Bank, Deuthe Bank, BNP Paribas Citibank, HSBC) бағалы қағаздарына орналастырылған. 2004 жылы қор активтерінен пайдалылығы 5,89%-ды құрайды, бұл 2003 жылдың осы көрсеткішінен 8,69% -ға төмен.

Ел ішінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер заңи тұлғалар үшін орташа есеппен 14,5-ды құраса, ал жеке тұлғалар үшін 20,6%-ды құрады. Сондықтан экономиканың нақты секторының ірі жобаларын инвестициялау бойынша қордың функцияларын кеңейту орынды болар еді. Бұл экономикалық қызметтің шектес түрлерінде мультификациялау нәтижесін тудырар енді, елде қабылданған стратегияны іске асыруға жәрдемдеседі.

Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп Қазақстан Республикасының Үкіметі Ұлттық қор аудитінің нәтижелерін қоса отырып, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1-сәуіріне дейін Ұлттық банкпен бірлесіп жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1-сәуірінен кешіктірмей Президентке бекітуге табыс етеді.

Ұлттық қордың қалыптастырылуы жәнет пайдаланылуы туралы жылдық есепті Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.

Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің трансферттілігін қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес н жүзеге асырылады.

Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдщалану туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.

Қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепте:

1) Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп:

3) Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге мәліметтер болуы тиіс;

Ұлттық қор қызметі туралы 2003 жылғы есеп бойынша қордың таза активтерінің өсімі 2002 жылғы 57,5% -дың орнына өткен жылы 76,6, % құрды. Ұлттық қордың жалпы рыноктық құны жыл ішінде 1919 миллион 3662,7 миллионға өсті. Активтер өсімінің негізгі үлесі экономиканың шикізат секторы кәсіпорындарының нормативтен тыс пайдасынан алынған кірістерге тиеді. Мұндай жағдаят мұнайға жоғары әлемдік бағаның арқасында қалыптасты.

Қор активтерінің орташа пайдалылығы оның қызметінің барлық жылдары ішінде 4,23% -ға бағаланады.

2003 жылы Ұлттық қор активтерінің пайдалылығы 8,69% құрды, өткен жылы 222,8 миллион долар мөлшерінде инвестициялық кіріс алынды. Сонымен бірге тұрақтандырушы портфелдің пайдалылығы 1,87-ға тең болды, ал қордың негізгі бөлігін құрайтын жинақтаушы портфель 11,98% пайдалылық берді.

Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының тұрақтылығы шындап күман тудырмай қоймайды. Қордың табысы толымдылығы көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық конъюктурамен ұзақ уақыт бағаның мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр.

Бюджет кодексіне сәйкес Ұлттық қорды толықтырудың көздері республикалық бюджеттен түсетін трансферттік (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10%) , сондай-ай шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсу көлемі болып табылады. сөйтіп қорды қалыптастыру көздері жеткілікті сияқты болғанмен бірақ бұл оның тұрақты толымдылығына кепілдік бермейді.

Инвестициялық кірістерді бірде болуы, бірде болмай қалуы мүмкін, мондықтан қордың инвестициялық кірістері оған түсетін түсімдердің тұрақты көзі ретінде қарастырылмайды.

Мемлекеттік бюджеттен берілетін трансферттер сияқты көзіне келетін болса мұнай мен металдарға бағаның ұзақ уақыт төмендеуі кезінде олар едәуір қысқарады. Бұл жағдайда, керісінше, ұлттық қордың қаражатынан бюджеттің ысыраптарын өтеуге тура келеді. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруден түсетін кірістер мен болмыстар бір жолғы болып табылады, оларды да қорды қалыптастырудың тұрақты көзі деп атауға болмайды.

Сараптаушылардың көзқарастары бойынша тап табиғи рента ғана қор кірістерінің негізгі көзі болуға тиіс және де оны алу кен өндіруші сектор кәсіпорындарының салық ауыртпалығын арттырмайды: табиғи рентаны алу кен –геологиялық жағдайлары әртүрлі кәсіпорындар қызметінің жағдайларын теңестіреді.


Бақылау сұрақтары
1. Бюджеттен тыс қорлардың әлеуметтік экономикалық мәні неде?

2. Бюджеттен тыс қорлардлың жұмыс істеуі қандай қайта бөлгіштік үдерістерді тудырады?

3. Бюджеттен тыс қорлар қалай сыныпталады?

4. Қазақстан Республикасында дағдарыс жағдайы кезінде бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуінің қандай проблемалары болды?

5. Әлеуметтік бағыттағы бюджеттен тыс қорларды қалыптастыруды және пайдаланудың ерекшеліктері мен тәртібін баяндап беріңдер№

6. Қазақстан Республикасында жұмыс істейтін өздеріңе белгілі экономикалық арналымның бюджеттен тыс қорларын сипаттаңдар№

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының арналымы қандай№ қордың қалыптасу және пайдалану тәртібін баяндаңдар.



1 А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов «Кәсіпорын экономикасы» Алматы, 2003, 71б.

2 Р.Ә. Әмірқанов, А.Қ. Тұрғұлова «Қаржы менеджменті» Алматы, 2002, 135б.

3 И.Т. Балабанов «Основы финансового менеджмента» Москва, 1996, стр.34

4 В.В Бочаров, В.Е. Леонтьев «Корпоративные финансы» Москва, 2004, стр.443

5 В.В. Ковалев «Введение в финансовый менеджмент» Москва, 2000, стр.509

6 Р.Брейли, С.Майерс «Принципы корпоративных финансов» Москва, 1997, стр.851

7 Ченг Ф. Ли, Джозеф И. Финнерти «Финансы корпорации:теория,методы и практика» Москва,2000,стр.546

8 И.А. Бланк «Основы финансового менеджмента» том1, Киев, 2000, стр.328

9 И.А Бланк «Основы финансового менеджмента» Киев,2000,стр.301

10 Под ред. А.М. Ковалевой «Основы финансового менеджмента» Москва, 2004, стр.104

11 А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорын экономикасы», Алматы, 2003, 76б.

12 А.И. Ковалев, В.П. Привалов «Анализ финансового состояния предприятия» Москва, 1999,стр.610


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау