Кесте 2.
Кәсіпорын балансы бойынша айналым капиталының
классификациясы
Айналым капиталының топтары
|
Баланс активінің бөлімдері
|
1. Материалды айналым капиталдары (запастар)
|
Өндірістік запастар
|
Өсіріліп жатқан жануарлар
|
Аз құнды және тез тозатын заттар. (қалдық құны)
|
Аяқталмаған өндіріс
|
Болашақ кезең шығындары
|
Дайын өнім
|
Тауарлар
|
ҚҚС және алынған құндылықтар бойынша арнайы салық
|
2. Дебиторлық қарыз
|
Тиелген тауарлар
|
Тауарлар мен қызметтер үшін дебиторлар мен есеп айырысу
|
Еншілес кәсіпорындармен есеп айырысу
|
Алынған вексельдер бойынша дебиторлармен есеп айырысу
|
басқа да дебиторлармен есеп айырысу
|
Жабдықтаушылар мен мердігерлермен берілген аванстар
|
Басқа да айналыс капиталдары
|
3.Ақша қаражаттары
|
Қысқа мерзімді қаржылық салымдар
|
Кассадағы ақша қаражттары
|
есеп айырысу шотындағы қаржаттары
|
Валюталық шоттардағы ақша қаражаттары
|
Басқа да ақша қаражаттары
|
4.Айналым капиталының жалпы сомасы
|
(п.1.+п.2+п.3)
|
* И.А. Бланк «Основы финансового менеджмента» Киев, 2000, стр.304
Кәсіпорын балансында көрсету әдісі бойынша айналым капиталдары келесі топтарға бөлінеді:
Запас түріндегі материалды ақша қаражаттары Е3. Бұл жерге баланс активінің ІІ бөлімінің барлық баптары кіреді. Өндірістік запастар аз құнды және тез тозатын заттар, аяқталмаған өдіріс, болашақ кезең шығындары, дайын өнім, тауар, басқа да запастар.
Дебиторлық қарыз – ЕДҚ. Дебиторлық қарыз құрамына баланс акитивінің ІІІ бөлімінің келесі баптары кіреді. тиелген тауарлар, дебиторлармен есеп айырысу (тауарлар, қызмет пен жұмыс үшін алынған вексельдер бойынша, еншілес кәсіпорындармен, бюджетттен басқа да операциялр бойынша ұжыммен, басқа да дебиторлармен), жабдықтаушылар мен мердігерлермен берілген аванстар, басқа да айналым активтері.
Ақша қаражаттары ЕА.Ақаш қаражаттары құрамына баланс активінің ІІІ бөлімінің келесі баптары кіреді: касса, есеп айырысу шоты, ваоюталық шот,басқа да ақша қаражаттары, қысқа мерзімд қаржылық салымдар.
Айналым капиалының жалпы сомасы – Е
Е=Е3+ЕДҚ+ЕА
Өтімділік және қаржылық тәуекел бойынша айналым капиталының классификациясы кәсіпорынның айналымдағы құралдарының сапасын сипаттайды. Мұндағы классификациясының міндеті өткізу мүмкіндігі аз мөлшерде болатын ағымдағы активтерді көрсету. Кәсіпорынның айналым капиталдарын тиімді басқару тек қаржыландырудың қосымша көздерін табу мен тартды ғана емес, сонымен қатар оларды кәсіпорын активтеріне, әсіресе ағымдағы активтерге дұрыс орналастыруды қарастырады.
Ағымдағы активтердің өтімділігі айналым қаржаттарына салынған капиталының салымының тәуекел деңгейін анықтайтын басты фактор болып табылады. Ұзақ уақыт кезеңінде қандай да бір айналым қаражатының өткізілімінің жинақталған бағалары бұл активтерге салымның мүмкін тәуекелін анықтауға мүмкіндік береді.
Кесте 3.
Өтімділік деңгейі бойынша айналым капиталының
классификациясы
Айналым капиталының топтары
|
Баланс активінің баптары
|
1. Ең өтімді активтер
|
1.1. Ақша қаражаттары
- касса
- есеп айырысу шоты
- валюталық шот
|
1.2. Қысқа мерзмді қаржылық салымдар
|
2. Тез өтімді активтер
|
2.1. Тиелген тауарлар
|
2.2. Дебиторлық қарыз
- тауарлар, қызметтер, жұмыс үшін
- алынған вексельдер бойынша
- еншілес кәсіпорындармен
- бюджетпен
- басқа да операциялар бойынша
ұжыммен
|
2.3. Басқа да айналым активтері
|
3. Баяу өтімді активтер
|
3.1. Запастар – болашақ кезең шығындары мен алынған құндылықтар бойынша ҚҚС-ты алып тастағадағы баланс активінің ІІ бөлімінің нәтижесі
|
4. Айналым капиталының жалпы сомасы
|
п.1+п.2+п.3
|
* И.А.Бланк «Основы финансового менеджмента» Киев,2000,стр.306
4 кестеде айналым капиталының капитал салымының тәуекел деңгейі бойынша классификациясы көрсетілген. Мұндағы айналым капиталының классификациясы капиталды ағымдағы активтерге дұрыс орналастыруға бақылау жасау негізгі міндет болып табылатын қаржы менеджеріне өте қажет болып табылады. Өтімділікті тиімді басқару – жоғары және орта деңгейлі тәуекелді актив үлесінің жоғарылауын болдырмау.
Кесте 4.
Капитал салымының тәуекел деңгейі бойынша айналым капиталының классификациясы
Айналым капиталының топтары
|
Баланс активінің бөлімдері
|
1. Салымның минималды
тәуекелімен айналым
капиталдары
|
1.1. Ақша қаражаттары
- касса
- есеп айырысу шоттары
- валюталық шот
- басқа да ақша қаражаттары
|
1.2. қысқа мерзімді қаржылық салымдар
|
2. Салымның аз тәуекелімен
айналым капиталдары
|
2.1. Дебиторлық қарыз
|
2.2. Өндірісті запастар
|
2.3. Дайын өнім мен тауарлар
|
3. Салымның орташа тәуеклімен
айналым капиталдары
|
3.1. Аз құнды және тез тозатын заттар
(қалдық құны бойынша)
|
3.2. Аяқталмаған өндіріс
|
3.3. Болашақ шығын кезеңдері
|
4. Салымың жоғары тәуекелімен
айналым капиталдары
|
4.1. Үмітсіз дебиторлық қарыз
|
4.2. Жатып қалған өндірістік запастар
|
4.3. Жоғары нормативті аяқталмаған өн-діріс
|
4.4. Сұранысы жоқ дайын өнім мен
тауарлар
|
* И.А.Бланк «Основы финансового менеджмента» Киев,2000,стр.307
1.3 Айналым капиталының қалыптасу және қаржыландыру көздері
Кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады (капитал). Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп айырудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды – орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер.
Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады.
Айналым капиталының қалыптасу көздері маңызды дәрежеде олардың тиімділігі қолданылуын анықтайды. Шаруашылық субъектідегі қордың айналымының арналымды ерекшеліктермен шарттасқан меншікті және тартылған қаражаттардың оптималды сәйкес келуі басқарушы жүйесінің маңызды мәселесі болып табылады. Айналым капиталдарын қалыптастыруды басқару процесінде кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттарды рационалды және тиімді пайдалану жауапкершілігімен бірге құқықтары қамтамасыз етілуі қажет. Меншікті және қарыз қаражаттарының жеткілікті минимумы айналымның барлық кезеңіндегі айналым капиталының қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуі қажет, бұл өндірістің ақша және материалды қаражаттарға қажеттілігін қанағаттандырады, сонымен қатар жабдықтаушылармен, бюджетпен банктермен және басқалармен уақтылы және толық есеп айырысуды қамтамасыз етеді.
Қалыптасу көздерінің құрамындағы маңызды рөлді меншікті айналым қаражаттары ойнайды. Олар рентабельді кәсіпкерлік қызмет үшін қажетті кәсіпорынның мүліктік және оперативті өзіндігін қамтамасыз ету қажет. Меншікті айналым қаражаттары кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының дәрежесін, оның қаржы нарығындағы деңгейін куәландырады.
Меншікті айналым қаражаттары запастарды, яғни нормаланатын айналым қаражаттарын жабудың көзі ретінде қызмет етеді. Олардың бастапқы қалыптасуы компанияның құрылуы кезінде және оның жарғы капиталының жасалуы кезінде болады. Бұл кездегі меншікті айналым капиталының көзі құрылтайшылардың инвестициялық салымдары болып табылады. Кейіннен кәсіпкерлік қызметтің дамуымен меншікті айналым қаражаттары алынатын пайда, бағалы қағаздарды шығару мен қаржы нарығындағы операциялар, қосымша тартылатын қаражаттардың есебінен толықтырады.
Қазіргі кездегі шарттармен қарыз қаражаттары айналым капиталының қалыптасу көздеріндегі маңызды және негізгі мән-мағынаға ие болуда. Қарыз қаражаттары кәсіпорынның ақша қаражаттарына уақытша қосымша қажеттілігін жабады. Қарыз қаражаттарын тарту өндіріс сипатымен, нарықтық экономикаға өту кезінде пайда болған қиын есеп айырысу қатынастарымен, меншікті айналым қаражаттарының жеткіліксіз мөлшерін толтыру қажеттілігімен және басқа да объективті және субъективті себептермен шарттасқан.10
Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды.
Орнықты пассивке жататындар:
- жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруға,
зейнетақы қорына, медицина сақтандыруына, жұмыспен қамтуға
жәрдемдесу қорына аударым жарнасы;
- ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы жоқ
жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша
жеткізушіге берешегі;
- аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;
- салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі.
Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.
Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:
- өндірістің маусымдылығы;
- тауарлы-материалдық құндылықтарды жеткізудің әркелкілігі;
- қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы және т.б.
Нарықтық экономиканың негізгі шегі – кәсіпорындарда айналым қорлардың жетіспеушілігі. Осы мақсатта кәсіпорындарда өндіріс қажет ететіндей мөлшерде өндірістік босалқы қорлар жасаған дұрыс. Оларда материалдардың артық қоры болмауы керек.
Айналым қаражаттары кәсіпорынның өндірісін тоқтаусыз қозғалыста ұстап тұруға, өндірісті ақша және материал ресурстарымен уақытында қажеттігін қамтамасыз етуге және айналым қаражатының пайдалану тиімділігін арттыру үшін қажет.
Кәсіпорынның меншікті қаражаты басты роль атқарады, өйткені коммерциялық есеппен жұмыс істейтін кәсіпорындардың белгілі мөлшерде рентабельді жұмыс істеуі үшін меншік мүлікті бөлу керек.
Айналым қаражатын қалыптастырудың тағыда бір көзі – қарыз қаражатын алу ( қысқа мерзімді – банктен несие алу, арқылы кәсіпорын уақытша қосымша айналым қаражатына қажеттілікті қанағаттандырады). Әміршіл экономиканы басқару жүйесінде айналым қаражатын қанағаттандыруда қарыз қаражат үлкен үлесте болды.
Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым қаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді.
Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін анықтау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Кәсіпорынның жеке айналым қаражатының қажеттілігін есептеген кезде мыналарды еске алған жөн. Жеке айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындауда тек негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы және көмекші өндірістер, тұрғын үй, коммуналдық және т.б. шаруашылықтар және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.
Тауар өткізу, қоймадағы дайын өнімдердің қорлануы жөніндегі мәселелерді жеткілікті, терең пысықтауы төмен болуы мүмкін. Бірақ та, кез келген жағдайда алдағы кезде межеленген сату болжамы болуы керек. Олай болмаған күнде шығарылған өнімдер қоймада ұзақ жатып қалады және ақшалай қаржыларының едәуір бөлігі айналымнан оқшауланады, сөйтіп кәсіпорынның қаржы жағдайының орнықтылығына әсер етіп, оның банкротқа ұшырауы мүмкін.
Қор қайтарымының өсу факторлары
|
Жабдықтардың маусымдық жұмыстарындағы коэфиценттерінің артуы
|
Техникамен қайта жабдықтаудың, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құру және жаңадан салынатындардың нәтижесінде жабдықтардың өнімділігін арттыру
|
Жаңадан қосылатын кәсіпорындардың қуат өлшемінің құнын азайту
|
Қол еңбегін машинамен алмастыру
|
Жаңадан қатарға қосылатын қуаттарды игеруді жеделдету
|
Уақыт пен қуатты пайдалануды жақсарту
|
1 – сызба. Қор қайтарымының өсу факторы. 11
Кәсіпорын қызметін анықтайтын көрсеткіштер мына төмендегі талдау мақсаттарына байланысты болады:
- стратегиялық мақсат. Осы кәсіпорын қызметі нәтижелілігінің өзімен бәсекелестік басқа кәсіпорынның қызметімен салыстыру қажет. Осыған орай, қорытындылау көрсеткіштерін және қызметін қандай бір элементтерінің көрсеткіштерін таңдаған жөн.
- тактикалық мақсат. Басшылық кәсіпорын қызметін бақылайды. Кейбір бөлімшелердің немесе қандай бір болмасын өнімнің жұмыс істеу тиімділігінің көрсеткіштері есептелінеді.
- жоспарлау міндеті. Түрлі ресурстардың немесе осы ресурстардың түрліше ұштастырылуының пайдалылығын салыстыру қажет.
- басшылықтың басқадай мақсаттары. Кәсіподақ пен ұжымдық шарт жасасу жөнінде келіссөздер жүргізу.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және коммерциялық қызметі қасиетінің әр түрлілігі және түрлі белгідегі көрсеткіштердің көптеген түрлеріне ықпал етеді. Сонымен, оларды пайдалану проблемасы мынадан тұрады: олардың бірде-бірі әмбебап көрсеткіштерін орындамайды, бір мағынада, бизнесте қол жеткен табыстар немесе сәтсіздік туралы пікір алысу мүмкіндігі туады. Сондықтан да, практикада әр уақытта бір-бірімен байланысты көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады, бағаланады немесе кәсіпорын қызметінің түрлі жақтарын көрсетеді.
Көрсеткіштер жеке, топтық және жалпы болып бөлінеді. Талдау мақсатына байланысты көрсеткіштер: абсолюттік, салыстырмалық және орта мөлшерлік нысаны түрінде білдіруі мүмкін. Әрбір нақты экономикалық көрсеткіш сапалық анықтықта (кеңістік, уақыты және мөлшері) болады.
Нарықтық қатынастарға өтуде экономикалық, қаржылық және статистикалық көрсеткіштер жүйесі олардың есеп айырысу бөлігі және есеп жүргізуі қалай болса, шешімдерді негіздеу ролі солай төтеп береді және түрлі өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, шаруашылық жүргізудегі жоспарлы жүйе жағдайында кәсіпорын қызметін бағалағанда мынадай көрсеткіштер маңызды роль атқарады: жоспарлы орындау, тауарлы өнімнің мөлшері, жалпы өнім мөлшері, ал нарықтық жағдайда: бірінші кезекте сату мөлшері, пайда, пайдалылығы және толып жатқан оңтайландырулар.
Нарық талабына сай барлық көрсеткіштерді мына төмендегілерге бөлуге болады:
- бағалылық, қол жеткен немесе даму деңгейінің мүмкіншілігі немесе
не ол, не бұл қызмет нәтижесін сипаттайды;
- жұмсалмалық, қызметтің көптеген түрлерін іске асыруға байланысты
жұмсалатын шығындар деңгейі.
Мұндай болу өте шартты. Ол жүргізілетін талдаудың мақсатына байланысты болады.
Практика жүзінде кеңінен қолданылып жүрген ең маңызды бағалық көрсеткіштерге мыналар жатады:
кәсіпорынның сатудағы жалпы мөлшері;
жалпы табыс;
шартты таза пайда;
шартты таза өнім;
процент төленгеннен кейінгі пайда;
салық төленгеннен кейінгі пайда;
барлық қосымша төлемдерден кейінгі пайда;
өндірістің дамуына жұмсалған жаңа күрделі қаржыдан кейінгі өтімділігі;
дивиденд төленгеннен кейінгі өтімділік.
Практикалық қызметінде кәсіпорын өзін ең алдымен сатудың көлеміне және пайда табуға бағыттайды.
Сатудың жалпы мөлшері – бұл тауарлар және қызмет көрсетудің құны, тұтынушыларға сатылғанын мына формуламен анықтайды:
Q = Б * N
мұнда, Q – сату мөлшері;
Б – тауардың бір өлшемінің бағасы;
N – сатылған тауардың мөлшері.
Нарықтық жағдайда кәсіпорын қызметінің негізгі қорытындылайтын баға көрсеткіші пайда болып есептелінеді.
Жалпы пайда – нәтижесі ретінде сату мөлшерінен шегеріліп тасталған сатымдық шикізаттар, материалдар, жартылай фабрикаттар және басқа да өндіріс шығындары элементтерінің құнын анықтайды.
Шектік таза пайда – бұл жалпы пайдадан шегеріліп тасталған үстеме шығындар және амортизациялық аударым сомалары. Бұл көрсеткіш практикада бизнестің барлық түрлеріне пайдаланылады.
Шектік таза өнім – бұл шектік таза пайдаға қосылған еңбекақыға кеткен шығындар немесе сатылған өнім мөлшерінің, қызмет көрсетудің құны оларды өндіруге жұмсалған ресурстардың құны арасындағы айырмасы (сатып алынатын материалдар, қызмет көрсету, қосалқы мердігерлік төлемдер, амортизациялық аударымдар, жөндеуге жұмсалған шығындар және т.б.).
Көрсетілген бағалық көрсеткіштердің тізбесі мынадай көрсеткіштермен қаралады:
кәсіпорын, фирма бақылауындағы өткізім нарығының үлесі;
өнім сапасының көрсеткіштері;
тұтынушылардың қызмет көрсету деңгейінің көрсеткіштері;
кадрларды дайындау, қайта даярлау көрсеткіштері.
Есеп айырысуда ең күрделісі – сапа көрсеткіші болып табылады. сол себепті өнім сапасы оның міндетіне байланысты жалпы сату мөлшерінен тұтынушылардың кепілдік қызмет көрсетудегі кері қайтарған бұйымдары, тұтынушылардың кері қайтарған өнім мөлшерлері процент бойынша бағаланады.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстан экономикасына тән сипат өндірістегі негізгі қорлардың тез тозуы. Негізінен өндіріс потенциалының біртіндеп құлдырауы өмірлік мәні бар салаларға күрделі қаржының бірден тыйылуы себеп болған. Қалған негізгі қорларды қайта бағалау нәтижесінде олардың құнын жасанды түрде азайту жекешелендіру процесіндегі олқылықтарға әкеп соқты. Жекешелендіру процесінде спекулятивті қатынастардың және коррупцияның орын алуы құрылымдық қайта құруға еркін келетін нарықтық капитал ағымын шектеді.
Отандық кәсіпкерлер тек жаңадан пайда болып жатыр, сондықтан оларда экономиканың дамуына құятын қажетті қаржы қорлары жетіспейді. Мемлекеттеде өндірісті несиелеуге қажетті өзіндік несиелік ресурстар жеткіліксіз. Басқа мемлекеттерден келетін қарыздарға бағдарлану, оның да өзіндік қиындықтары бар, біріншіден, сөз тек байлаулы несиелер жайында, екіншіден, ондай қаражаттарды мемлекет кепілдігіне алу тиімсіз, үшіншіден, басқадай дамушы мемлекеттер жағдайына түсіп қалуымыз мүмкін, яғни дұрыс ойластырылмаған несие саясатының нәтижесінде басқа дамыған мемлекеттерге экономикалық және саяси жағынан толық тәуелділікке түсіп қалулары. Ондай дамушы мемлекеттер ұлттық табысының көп бөлігін несиенің пайыздық төлемін төлеуге жұмсайды, дегенмен де олардың қарыздары уақыт өткен сайын ұлғаюда. Соңында экономикалық артта қалушылық ұлғайып, әлеуметтік жағдай қиындай түседі.
Дағдарыс жағдайынан шығу үшін елде негізгі салалардағы өндіргіш күштерді дамытып және оларды қазіргі заманғы талаптар деңгейіне көтеру, халықаралық еңбек бөлінісінде өз орнын табу, ұлттық валютаны тұрақтандыру, бюджет көлемін өсіру және соның есебінен әлеуметтік және экономикалық қиындықтарды шешу қажет.
II Тарау Айналым капиталының құрамы және
оны экономикалық талдау
2.1 «Мерей-Әсем» ЖШС-ң айналым капиталының құрамы мен құрылымы
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет. Қаржылық тұрақтылықтың мәні – қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдалану.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді:
► пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;
► нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
► құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;
► әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қазіргі таңда өнім ассортиментін кеңейту мақсатында бірнеше жобалар іске қосылған. Атап айтсақ, өндірістің жаңа түрін енгізу, өндіріс қуаттылығын арттыру, сапасын арттыру және экологиялық стандарттарды пайдалану. Мысалға, өнім өндірісінің ұлғаюы және өнімді жоғарғы қосылған құнмен өткізу көлік шығынының көлемін азайтуға ықпал етуі.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады. Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады. Жалпы қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және т.б. жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және т.б.) өзара қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу – жақсы қаржылық жағдайдың бірден-бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады.
Жабдықтаушылар мен тұтынушылар сенімді және төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен келісім-шартқа үлкен ықыласпен отырады. Тіпті қаржы органдары, әсіресе салық инспекциясы кәсіпорынның жағдайы тұрақты болғанын қалайды, себебі тек осындай кәсіпорын ғана салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді уақытылы және толық төлей алады.
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты міндеттері:
қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
кәсіпорын табыстылығын бағалау;
кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол үш сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылық қызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай-ақ кәсіпорынның тиімді қызмет етуі мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыс пен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдерді және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Кәсіпорынның қаржы жағдайы төлем қабілеттілігі, пайдалылығы, активтерді пайдалану тиімділігі және меншікті (акционерлі) капиталы, өтімділігімен сипатталады.
Жоғары сапалы өнімді үздіксіз өндіру және өткізу кәсіпорынның қаржылық ресурстарының қалыптасуына оң әсерін тигізеді. Өндіріс процесінде өнім сапасының төмендеуі және оны сатудың қиындықтары кәсіпорын шотына ақша қаражаттарының келіп түсуіне кедергі жасайды, нәтижесінде кәсіпорынның төлеу қабілеті төмендейді. Кері байланыс та бар, ол ақша қаражаттарының болмауы материалдық ресурстардың келіп түсуінің іркілісіне, демек өндіріс процесінің тоқтауына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсіпорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емес шығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады. Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынның бірден-бір басты міндеті – оның қаржы жағдайының бағалылығы болып табылады және ол көрсеткіш жүйелерін немесе қаржы коэффициентін анықтайды. Негізгі қаржылық коэффициенттерді төмендегі үш санатқа топтастыруға болады:
- өтімділік (төлем қабілеттілігі);
- пайдалылық (табыстылық);
- активтерді басқару тиімділігі.
Қаржы ресурстарының құралуы түрлі көздер бойынша жүзеге асырылады. Олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Ішкі көздер меншікті және оларға теңестірілген қаржылар есебінен құрылады және шаруашылықты жүргізудегі нәтижелілігімен байланысты, ал сыртқы – кәсіпорынға сырттан түсетін ресурстар.
Ішкі көздер: Меншікті қаржылар есебі:
негізгі қызметтен түсетін пайда;
ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындағаннан түсетін пайда және басқадай мақсатты табыс;
қаржы операцияларынан түсетін пайда;
шаруашылық тәсілімен орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарынан түсетін пайда;
өткізуден тыс табыс.
Оларға теңестірілген қаржылардың есебі:
амортизациялық аударым;
істен шыққан мүлікті өткізуден түскен ақша;
сақтық қор;
еңбек ұжымы мүшелерінің үлестік және басқа да жарналары.
Сыртқы көздер: Қаржы рыногында жұмылдырады :
меншікті құнды қағаздарды (акциялар, облигациялар,т.б.) сатудан түскен қаражаттар;
несиелік инвестициялар.
Қайта бөлудегі түсетін:
дивидендтер, басқадай ақша шығарушылардың құнды қағаздар бойынша проценті;
одақтардан, қауымдастардан түсетін қаржылық ресурстар;
бюджеттік қаржы бөлу, субсидиялар, субвенциялар.
Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін төлеуге қабілеттілігін өтімділік немесе төлем қабілеттілігі деп атайды. Кәсіпорын өтімділік болып саналады, егер де айналмалы активтерін іске асыра отырып, ол өзінің қысқа мерзімді міндеттемесін орындауға жағдайы болса. Сонымен қорыта айтқанда, өндірістің тиімділігін анықтау тиімділіктің өлшемін белгілеуден басталады. Ол кәсіпорынның қойған даму мақсатына сай қол жететін нәтижелілікті барынша көбейту немесе өндірістік шығындарды барынша азайту қажеттілігінен шығады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайының талдауының негізі қаржылық есеп беру болып табылады. ҚР президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы № 2732 бухгалтерлік есеп туралы есеп беруге мыналар жатады:
қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп;
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп.
Онда сонымен қатар түсіндірме хат болады. Сондай-ақ, қаржылық есеп беруге негізделген немесе қаржылық есептен алынған материалдармен толықтыруы мүмкін және бұл материалдар солармен бірге оқылады. Түсіндірме хатта берілген субъектінің есеп және есеп берудің қандай саясатын ұстап отырғандығы және қаржылық есепті пайдаланушылардың талаптарына сай басқа да ақпараттар жазылуы тиіс.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту не кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымы және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды тартылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсетеді. 2004-2005 жылдардағы «Мерей-Әсем» ЖШС-ң баланс активтерінің құрамы мен құрылымы.
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасы 2005 жылы 2004 жылмен салыстырғанда 14162143 млн. теңгеге көбейгенін көруге болады. Бұл кәсіпорынның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Активтерді талдай отырып, олардың қалай тартылғанын және 2005 жылы неге көбірек көңіл бөлінгенің, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін ( іске тартылу деңгейін ) анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет. Өндірістік потенциал коэффициентінің шегі Кn ≥ 0,5 қалыпты болып есептеледі. Біздің кәсіпорнымызда Кn өндірістік потенциал құны 2004 жылы 44856933 млн. теңгені, 2005 жылы 55841128 млн. теңгені құрайды, яғни 10984195 млн. теңгеге өскен.
Кесте 5.
«Мерей-Әсем» ЖШС-ң 2004-2005 жылдардағы баланс активтерінің құрамы мен құрылымы, (мың теңге)
№
|
Көрсеткіштер
|
2004 ж.
|
Үлес салм.%
|
2005ж.
|
Үлес салм.%
|
Жыл бойындағы өзгеріс
|
1
|
Активтер құны, барлығы соның ішінде:
|
68252230
|
100
|
82414373
|
100
|
14162143
|
1.1
|
Ұзақ мерзім. актив.
|
41111322
|
60,23
|
52104435
|
63,22
|
10993113
|
а.
|
Негізгі құралдар
|
35945377
|
52,66
|
47049215
|
57,08
|
11103838
|
ә.
|
Қаржылық салымдар
|
68530
|
0,1
|
188209
|
0,2
|
119679
|
1.2
|
Ағымдағы активтер
|
27140908
|
39,76
|
30309938
|
36,77
|
3169030
|
а.
|
Өндірістік қорлар
|
8911556
|
13,05
|
8791913
|
10,6
|
- 119643
|
ә.
|
Дайын өнім
|
996952
|
1,46
|
950642
|
1,15
|
- 46310
|
2
|
Кәсіпорынның өндірістік потенциалының құны
|
44856933
|
65,72
|
55841128
|
67,75
|
10984195
|
Достарыңызбен бөлісу: |