I тарау кәсіпорын қызметіндегі айналым капиталының МӘні мен ролі



жүктеу 1,4 Mb.
бет4/5
Дата14.01.2018
өлшемі1,4 Mb.
#7493
1   2   3   4   5

« Мерей-Әсем» ЖШС-ң саясаты

ЖШС «Мерей-Әсем»: Нан,нан өнімдерін және кондитерлік өнімдерді өндіретін нан-тоқаш комбинаты.

Мақсаты: Өндірістік шығындарды барынша азайта отырып, сапалы өнім көлемін көбейту.

Әлует: Артықшылықтар:



  • арзан электр қуатымен қамтамасыздық;

  • өз иелігіміздегі өнім өндіру өндірістерінде қосалқы бөлшектер, тораптар мен механизмдер шығаруға кететін шығындардың біршама төмендігі;

  • ең бастысы – адамдар, тәжірибелі, білімді де білікті мамандар.

Осал жақтарымыз:

  • материалдар мен реагенттердің өте үнемсіз жұмсалуы;

  • ескірген ұйымдық әдістер мен экологиялық жағынан зиянды технологияларды қолдану жалғасып келеді;

  • тәжірибе жүзінде ЖСМ ( жаппай сапа менеджментінің ) жоқтығы.

Тәуекел тұстар:

  • жоғары тауарлық құндылығы бар өнімдердің тұрақты, теңгермелі рыногынан айырылып қалу;

  • экологиялық және басқа да нормативті төлемдер мөлшерлемелерінің өзгеруі.

Стратегия:

  • Артықшылықтарды нығайтып, осал жақтарымыз бен тәуекел

тұстарымызды нықтау.

  • Кең мағынасындағы ресурсты үнемдеумен шұғылдану қажет, өз артықшылықтарымызға: электр қуатына, жөндеу – механикалық өндірістерге, адамдарға ысырап – қорлықпен қарамау.

  • Мұндай артықшылықтарсыз біз тақырға отырамыз. Сондықтан оларды орнымен пайдаланып, дамытуға қаражат жұмсаған абзал.

  • Өзіміз ықпал ете алатын барлық осал буындарды шегеріп отыру қажет. Аталған осал жақтарымыз бен тәуекел тұстарымыздың ішінде тек тауарлы өнімдерді тасымалдау жөніндегі шығындар ғана ықпалымыздан тыс қалып келеді.

  • Материалдар мен реагенттерді үйлесімді пайдалану үшін технологиялық жүйелер құрамы туралы дер кезінде және сенімді ақпарат алу қажет, ол үшін таяудағы 3 жылға дайындалған талдау және техникалық бақылау құралдарын жаңарту жобасы жүзеге асырылады.

  • Біздің абсолютті артықшылықтарымыз – адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өндірісіміздің залалды әсерін төмендету, ал мақсатымызға жету үшін міндетті шарттарымыз озық технологиялық, техникалық – ұйымдық әдістерді енгізу.

  • Біз стандарттық топтама негізінде ISO 9000 сапа менеджменті жүйесін жетілдіруге кірістік және оны 2006 жылы енгізбекпіз. Іздеу – « Мерей-Әсем » ұйым жобасының интегралдалған жүйесі, дұрыс басқарылып, бізбен жетілдіріп енгізіледі. Тез арада дұрыс шешім қабылдау – бұл жетістікке жетудің кілті ! Бұл кілтті бізге тек дұрыс ақпараттық технологияны қолдана алатын, білікті ұйым мәліметтері бере алады.

  • Біздің атқаратын ісіміз тәуекелдікті жою, ең алдымен Мемлекеттік және коммерциялық әріптестермен адал, шың пейілді қарым-қатынаста болу. Біздің саясатымыздың тұнықтығы мүмкіндігіміз бен мақсатымызға жол ашады және де бізге өздерінің түсінушілігін, көмегін, сенімділігін артады.

Әдісі: Біздің жұмысымызға ортақ әдіс – ол, Жүйелік келісім !

Жүйелік келісім:

1 қадамы. Бастау сәті. Ақпарат алу – талдап шығу – ереже құру.

2 қадамы. Ағымдағы қызмет. Ақпарат ал да – талда – ережелерді қолданып, шешім қабылда.

Егер ереже жоқ болса, онда ереже құр.

Өндіріс процесінің бірқалыпты жұмыс істеуі үшін ең тиімді еңбек процесінің үйлесуін және өндірістің материалдық элементтерін белгілі бір жүйеге келтіруін қамтамасыз ету қажет: технологияға сәйкес тиімді жабдықтарды қатыстыру, олардың үздіксіз, жоғары өнімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және өндірістің тапсырыс ырғағын түпкілікті қорғау. Сонымен, өндіріс процесі уақыт пен кеңістік жағдайында үйлестілігі болу керек. Өндірістік процесті былай ұйымдастыру қажет, егер де кәсіпорындар, фирмалар, өндірістік бөлімшелердің ұжымдарының бірлескен жұмыстары жоғары сапалы және шығындарды аз жұмсай отырып, өнімдерді ең көп шығаруды қамтамасыз ететін болса.

Өндірістік процестерді ұтымды ұйымдастыру мыналарды қамтуы қажет:

Қағидаттар::

► ақпарат алмасуды жүзеге асыру, тіпті хат жүзінде.

► нәтиженің өлшемділігіне қол жеткізу. Өлшемділік болса, сыйақы да болады.

► жұмыс істей отырып, күнде тұтынушының қанағаттанушылығын ойлау. Тұтынушы – ол алдынғы орындаушының еңбегінің нәтижесін пайдаланушы. Тұтынушы пікірі – еңбегінің әділ бағасы.

► командада жұмыс істеу керек. Жалғыздың шаңы да шықпас ! Ол үшін сенімділік керек, бұл – адал және басқаларға сенімінді арттыруын.

► үйрену және басқаларды үйрету. Мамандығын және білім деңгейін арттырумен айналысу.

► жүйені жетілдіру – тез шешім қабылдамау.

► сенімсіздікті ( қорқынышты ) жою. Атқарылатын іс сенімділікпен атқарылуы тиіс, ал қорқыныштан емес. Қателік үшін жазаламайды – қателіктен үйренеді, ал қылмыс жасағаны үшін жазалайды.

► заңда белгіленген қылмыстан басқа, біздің жүйеміздегі ең ауыр қылмыс – ол алдау және өтірік айту. ( дұрыс айтпау – бұл да өтіріктің бір түрі ).

► әрбір ізгі ниетімен жасалынған жұмысты елеусіз қалдырмау.

► ұйымдық мәдениетті дамыту керек. Бізде бәрі көзге қуанышты, құлаққа жұбанышты болуы тиіс.

Қоршаған ортаға әсері

Ең ірі өнеркәсіпті өндіруші ретінде «Мерей-Әсем» ЖШС-ң – қоныстандырылған пунктердегі орналасқан еншілес кәсіпорындары қоршаған ортаны ластануына компанияның жауаптылығы өте зор. Қоршаған табиғи ортаны қорғауды мемлекеттік басқару – қоғамды әлеуметтік басқарудың бір саласы болғандықтан, ол экологиялық бағдарламалардың, жоспарлардың және қабылданған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалануды және салалардағы заң ережелерінің бұзылмауын қадағалау, адам өмірі мен денсаулығына табиғи ортаның қолайлы болуына жағдайлар жасалынуда. Бұл құрылған « қоршаған ортаны тазарту » жөніндегі жоспарлары белсенді жүргізілуде.

Кәсіпорын құрылымы өндірістік және ұйымдық болып бөлінеді. Өндірістік-бұл негізгі және көмекші цехтар және учаскелердің құрамы мен мөлшері.

Өндірістің құрылымына ықпал ететін негізгі факторлар мыналар болып табылады:

· шығарылатын өнімнің және оның номенклатурасының сипаттамасы;

· өндірістің ауқымы;

· кооперациялау деңгейі.

Шығарылатын өнімнің сипаты және оны дайындаудың тәсілі шешуші дәрежеде цехтардың құрамын, олардың мөлшерін, жүк айналымын және зауыт аймағының шамасын анықтайды. Өндірісті ұйымдастыруда маңызды жағдай болып табылатын кейбір бұйымдардың түрлері түрлі көлемде шығарылады. Шығарылатын өнім көп болса, сонша кәміл технологиясы және ұйымдық әдістері қолданылуы мүмкін. Кооперациялаудың деңгейі де сол сияқты кәсіпорынның құрамына елеулі түрде ықпал етеді: ол қалай жоғары болса, солай ол қарапайым.

Ұйымдық-техникалық факторлардың жетекші тұрғыда кәсіпорындардың кейбір бөлімшелерінің және олардың жалпы құрылымдарын қалыптастыруға ықпал ететін өндіріс үлгілері бой көрсетеді. Өндіріс үлгілері жұмыс орнының саны мен ондағы орындалатын операциялары арасындағы арақатынастар мен есептелінетін көрсеткіштері арқылы анықталады.

Кәсіпорындардың ұйымдық құрылымы – бұл құрамы және оның ұйымдық бірлік мөлшері (жұмыс орны, бөлім, қызмет), олардың арақатынасы және тұрғызу нысаны. Ұйымдық бірлік егер де олардың мөлшері көлеміне және межелеген міндетіне сай келісетіндей болса тиімді жұмыс істей алады. Әрбір құрылым деңгейлес және сатылы болып бөлінеді, басқаша айтқанда ұйымдық құрылымда еңбек бөлінісінің деңгейлестік және сатылы болып ажыратылады.

Еңбек бөлінісінің деңгейлестік шекарасы басқарушының өз ісінің саласында тиімді басқару мүмкіншілігін анықтайды. Сатылы еңбек бөлінісі басқарушылық шешімін дайындаудағы сатылы бейнесі саласындағы іс-әрекетін құрайды.

Айналым капиталының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын атайды. Кәсіпорындарындағы айналым капиталының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлағанын білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсіпорындағы айналымынан оқшауландырылған қаражатты және оларды дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымындағы борышкерлерді сипаттайды. Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымындағы айналым қаражатының оқшауланғаның, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың да азаюын көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорындарда айналым қаражатының құрылымын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн.

Кәсіпорындарда айналым қаражаттарының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.

Түрлі салаларда айналым қорларының үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорындарда айналым қаржыларын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым қаржыларының қажеттілігін анықтау және олардың құрамы мен құрылымын, қалыптастырудың көздерін табу және оларды реттеу, айналым қаражаттарын басқару және т.б.

Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын аспаптар және басқа да еңбек заттары кіретін айналым қорларын орынды пайдаланудың есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетуден табылады.

Өндірістің нәтижелілігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеген кезде кәсіпорындардың өндіріс процесінің маңызды заттық элементі болып табылатын өндірістік айналым қорларын тиімді пайдалануға кәсіпорын ұжымдарының айрықша назар аударғаны жөн.



ҚОРЫТЫНДЫ

Дипломдық жұмысымды қорыта келе айналым капиталын қалыптастыру және оны ұтымды пайдалану саласындағы кәсіпорынның саясатына мынандай қорытынды жасауға болады.

Кәсіпорынның айналымында жүргендіктен, айналым қаржылар үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.

Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі – дайын өнімге айналады.

Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына, қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Ол өнімді өндіру барысында және сатуға кеткен шығындарды өтеуге және пайда табуға негізделген. Ақшаны алу өндірістік кәсіпорынның басты мақсаты және оның соңғы кезеңі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өмір сүру стимулы, күші де.

Айналым қаражаты кәсіпорынның жұмыс істеуіне өндіріс пен өнімді өткізу барысында әсер ететін басты құрал болып табылғандықтан, өндіріс саласында өнім өндіру мен шикізат пен материалдарды сатып алуға, жұмысшыларға жалақы беруге және көптеген өндірістік шығындарға қажет ақшалай қаражат. Өнім шығаруға қажетті шикізаттар мен материалдарды сатып алу, жұмысшыларға төленетін еңбек шығындары және өндірілген дайын өнімді өткізуге кеткен шығындар үшін ақшалай қаражат керек. Осыған орай, айналым қаражаты өнім өндіру мен өткізудің жоспарлы және үздіксіз процесін қамтамасыз ететін өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құру үшін бірлестіктерге, кәсіпорындарға, ұйымдарға берілген ақшалай қаражаттардың жиынтығы.

Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу, оның төлеу қабілеттігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Кәсіпорында айналым қаражаттарының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.

2004-2005жылғы «Мерей-Әсем» ЖШС-ң қаржылық есебінен мынадай қорытынды жасауға болады, активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының 2005 жылы 14162143 млн. теңгеге көбейгенін көруге болады. Бұл кәсіпорынның жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Активтерді талдай отырып, олардың қалай тартылғанын және 2005 жылы неге көбірек көңіл бөлінгенің, сондай-ақ кәсіпорынның өндірістік потенциалы мен оның негізгі құралдарының жағдайын және кәсіпорын мүлкінің мобильділігін ( іске тартылу деңгейін ) анықтау қажет. Ол үшін, ең алдымен кәсіпорынның өндірістік потенциалының көлемін анықтау қажет. Өндірістік потенциал коэффициентінің шегі Кn ≥ 0,5 қалыпты болып есептеледі. Біздің кәсіпорнымызда Кn өндірістік потенциал құны 2004 жылы 44856933 млн. теңгені, 2005 жылы 55841128 млн. теңгені құрайды, яғни 10984195 млн. теңгеге өскен. Демек кәсіпорын соңғы жылдары өзінің алға қойған мақсаттарын толық орындау нәтижесіне жетті деуге болады.

Қазақстандағы көптеген кәсіпорындарды шетелдік және отандық инвесторлар емес, алаңдаушылық тудыратын фирмалар сатып алған. Яғни, өзіндік капиталы жоқ, басқа фирмалардан қарыз алып, сол қарызын жекешелендірілген кәсіпорынның өндірген өнімін беру есебінен жабады. Және де Қазақстандық кәсіпорындардың ерекшелігі, яғни қорлардың және технологиялардың моральды және физикалық тозуы, толығымен қайта құруды ұсақ инвесторлар жүзеге асыра алмайды. Менің айтайын дегенім ірі кәсіпорындарды жекешелендіру емес, мемлекеттік бюджетке ірі көлемді табыстар әкелетін, ұлттық мәнге ие объектілерді мемлекеттік қадағалауға құқықтық негізде қайтару мәселесі. Қазіргі нарықтық жағдайға «Мерей-Әсем » ЖШС өміршең бола алады. Ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайды, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастырады және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз етеді.

«Мерей-Әсем» кәсіпорынның компанияға айналған сәттен бері атқарылған істері, бүгінгі тыныс-тіршілігі және алдағы жоспарлары өте зор. «Мерей-Әсем» өнімдеріне деген сұраныстың өзгеріссіз болуы, ол әрі өнімдері сапалы, әрі серіктестік қарым-қатынаста берік сенімге ие болған кәсіпорынның дүниежүзілік рынокта өз позициясын жоғалтпайтынына сенімдімін.

Кәсіпорынның халықаралық рынокқа шығуы кәсіпорынның өзі үшін қалай болса, жалпы елдің экономикасы үшін солай толып жатқан жағымды мезеттерге әкеледі



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә.Әлімбетов «Кәсіпорын экономикасы» Алматы,2003,76б.

  2. Р.Ә. Әмірқанов, А.Қ. Тұрғұлова «Қаржы менеджменті» Алматы, 2002,135б.

  3. И.Т. Балабанов, «Основы финансового менеджмента» Москва,1996,34б.

  4. В.В. Бочаров, В.Е. Леонтьев «Корпоративные финансы» Москва,2004,443б.

  5. В.В. Ковалев «Введение в финансовый менеджмент»Москва,2000,509б.

  6. Р. Брейли С.Майерс «Принципы корпоративных финансов» Москва, 1997,851б.

  7. Ченг Ф. Ли, Джозеф И. Финнерти «Финансы корпорации:теория, методы и практика» Москва,2000,546б.

  8. И.А.Бланк «Основы финансового менеджмента»том1,Киев,2000, 328б.

  9. Под ред. Ковалевой «Основы финансового менеджмента» Москва,2004, 104б.

  10. Н.А. Назарбаев «Казахстан 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев. Послание Президента страны народу Казахстана» – Алматы, Бiлiм, 1997, 138б.

11. Ж. Кулекеев, Г. Султанбекова «Причины и пути решения проблемы

неплатежей в Казахстане»// АльПари, 1998, № 2, 9 – 14б.

12. Н. Лисициан «Оборотные средства, процесс обращения стоимости

капитала, неплатежи» // Вопросы экономики, 1997, № 9, 44 – 54б.

13. А.Р. Радионов, Р.А. Радионов «Управление производственными

запасами» // Менеджмент в России и за рубежом, 1999, № 1, 11 – 19б.

14. Қ.К. Кеулімжаев З.Н .Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов, А.Ә.Жантаева

« Қаржылық есеп » оқу құралы – Алматы, Экономика, 2001

15. Статистический ежегодник Казахстана/ под ред. А.А. Смаилова –

Алматы: Агентство Республики Казахстан по статистике, 2000, 466 б.

16. И.Т. Балабанов «Анализ и планирование финансов хозяйствующего

Субъекта», учебное пособие -Москва: Финансы и статистика, 1994 –

478б.

17. Л.С. Бляхман «Экономика фирмы», учебное пособие - Санкт-



Петербург, Издательство Михайлова, 2000, 279б.

18. К.Ш. Дюсембаев «Анализ финансового положения

предприятия» Алматы, Экономика, 1998, 312б.

19. С.А. Жданов «Основы теории экономического

управления предприятием», учебник - Москва, Финпресс, 2000, 384б.

20. А.И. Ковалев, В.П. Привалов «Анализ финансового

состояния предприятия», Москва, Центр экономики и маркетинга,

1995, 345 б.

21. В.В. Ковалев «Финансовый анализ. Управление

капиталом. Выбор инвестиций. Анализ отчетности» – Москва:

Финансы и Статистика, 1996.

22. Қ.С. Құлпыбаев, Қ.Қ Ильясов «Қаржы» Алматы: 1-2-ші

басылым, қайта өнделген және қосымша, 2005, 472 б.

23. Л.Н. Павлова «Финансы предприятий», учебник - Москва, Финансы,

1998, 639 б.

24. В.М. Родионова «Финансы» Москва, Финансы и статистика,

1994,435б .

25. Е.С. Стоянова, Е.В. Быкова, И.А. Бланк «Управление

оборотным капиталом» – Москва, Перспекитва, 1998, 130б.

26. Под ред. Е.С. Стояновой «Финансовый менеджмент: теория и

практика» 4-е изд., перераб. и доп. - Москва: издательство

Перспектива, 1999, 656 б.

27. Под ред. М.В. Романского «Финансы предприятий» Санкт-

Петербург, Бизнесс-Пресса, 2000, 528 б.

Версии и подверсии ............................................................................................136

Как устроены окна ..............................................................................................137

Пролетая над столом ..........................................................................................141

Рабочий стол .............................................................................................141

Панель задач (Taskbar) .............................................................................146

Кнопка Пуск и главное меню Windows ................................. ................151

Меню Пуск в Windows ХР .......................................................................156

Завершение работы Windows ............................................................................158

Способы копирования и перемещения .............................................................175

Корзина, или Оживление покойников ..............................................................178

Подменю Создать ...............................................................................................181

Искалка Windows ................................................................................................183

Команда Отправить ............................................................................................186

Настройка проводника .......................................................................................194

Настройка главного меню и панели задач .......................................................202

Настройка главного меню в Windows ХР ........................................................203

Настройка рабочего стола ..................................................................................206

Панель управления .............................................................................................216

Установка программ ...........................................................................................222

Удаление программ ............................................................................................224

Шрифты ...............................................................................................................235

Установка Windows ............................................................................................267

Windows без мыши .............................................................................................271

16-тарау. Мемлекеттікбюджеттен тыс қорлар
16.1. Бюджеттен тыс қорлардың мәні
Жалпымемлекеттік (аумақтық) көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.

Бірақ рыноктық қатынастарға көшу барысында экономикалық және әлеуметтік салалрды қаржыландыруды бір ғана бюджет қаражаттары жеткіліксіз бола бастады. Сондықтан қосымша қаржы көздерін іздестіру қажет болды. Бюджет қорымен қатар 1991 жылдан бастап мақсатты бюджеттен тыс қорлар құрылып, жұмыс істей бастады.

Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.

Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық органдарына аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры (екйін Экономиканы жаңғырту қоры) сай болды. Басқа жағдайларда, рынокқа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың – Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түрлі арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте-мөте тар мақсатты арналымы болды.

Бірқатар қорлар, мәселен, Экономиканы тұрақтандыру қоры, Халықты әлеуметтік қолдаудың бірыңғай одақтық-республикалық қоры уақытша қызмет етті – бұл экономиканың дағдарысты жағдайында мұндай қорлардың қаражаттарын қалыптастырудың қиындықтарымен, оған жұмылдыратын қаражаттардың белгілі бір иесізденуімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз

Қорларды қалыптастыру кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілерге қайтарусыз тәртіппен ақша қаражаттарының бір бөлігін салудың қоымша міндеттілігі жүктеледі. Егер мұндай бөлік қосымша өнім (пайда, табыс) құнының есебінен салынса, онда тікелей кәсіпорындардың экономикалық мүдделерін шалады – олардың ұдайы өндіріс пен тұтынудағы мүмкіндіктерін тежейді (мысалы, 1995 жылға дейін жұмыс істеген Кәсіпкерлік пен бәсекені дамытуды қолу қорында). Қорларға аударылған аударымдарды өнімнің өзіндік құнына жатқызған жағдайда, құнның бір бөлігі баға арқылы тұтынушыға аудара салынады және бұл күш –салмақты жалпы қоғам көтереді. Сөйтіп, қорды қалыптастыру және пайдалану кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір бөлігі үшін белгілі бір уақыт хххххххх баламасыз болып табылатын қайта бөлгіштік үдерістер өрбиді, яғни олардың экономикалық мүдделеріне қысым жасалады. Сонымен бірге бүкіл қоғам ауқымында бюджеттен тыс қорлардың көмегімен әлеуметтік экономикалық теңгерімділік пен тұрақтылық қолдап отырылады. Өйткені халықтың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау жөніндегі жергілікті және жалпымемлекеттік ауқымның мәселелерін, бүкіл экономиканың немесе өңірдің мүддесі үшін белгілі бір мақсатты бағдарламаларды орындауды, әлеуметтік-экономикалық дамуды теңестіруді шешу мүмкін бола бастайды. Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуінде топтық және қоғамдық мүдделердің қарама-қайшылығы көрінеді. Жалпы пайдаланудағы қорды қалыптастыру субъектілерінің мүдделіксіздігімен түсіндіріледі. Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі сайып келгенде, бүкіл қоғам мүддесі үшін жүзеге асырылады, оны нығайтуға бағытталған және қаржы қатынастарының бұл нысанының әлеуметтік-экономикалық мәні осында.

Бюджеттен тыс арнаулы қорлардың мемлекеттік бюджетпен бірге қосарлана қызмет етуі қаржы қатынастарын саралауға, олардың бір бөлігін тармаландандырылған сфераларға бағыттауға, қаржылық қызметтің әр түрлі бағыттарында бұл қатынастардың өзіндік әртараптандыруына жетуге мүмкіндік береді.

Бюджеттен тыс қорлар өзінің функциялық-мақсатты арналымы бойынша да, басқарудың деңгейі жағынан да өте әр түрлі. Мақсатты арналымы бойынша бюджеттен тыс қорлар экономикалық және әлеуметтік, ғылыми-зерттеу, табиғат қорғау (экологиялық), миграциялық, құқық тәртібіне жәрдемдесу, мәдени арналым және басқа қорлар, ал басқару деңгейіне қарай мемлекетаралық мемлекеттік және өңірлік, жергілікті болып бөлінеді.

Экономикалық қорлар – экономикалық дамудың, ал әлеуметтік қорлар қоғамның әлеуметтік проблемаларын шешуге арналған қорлар болып табылады. Мемлекеттік қорлар – бұл мемлекеттік деңгейде, ал өңірлік қорлар өңірлік деңгейде қалыптасатын қорлар.

Бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржы ресурстарының едәуір көлемі қайта бөлінеді. Қазақстан Республикасында қайта бөлудің ауқымы 2005 жылдың басында елдің жалпы ішкі өнімнің 16%на жетті (Ұлттық қор мен дамудың мемлекеттік институттарын есепке ала отырып).

Бюджеттен тыс қорлардың көздері тұрақты және уақытша болуы мүмкін.

Бюджеттен тыс қорлардың ақша қаражаттарын жұмсаудщың негізгі бағыттары мыналар:

жарғылық қызмет;

артық ақшалардың белгілі бір үлесін қаржы активтеріне инвестициялау;

коммерциялық қызмет.

Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің қаржы буындарының бірі болып табылады. өзінің мәні жағынан бюджеттен тыс қорлар – бұл, жоғарыда атап кеткеніміздей, бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді және оперативті дербестік негізде кешенді жұмсалатындарды қаржыландыру үшін мемлекет тартатын қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану нысаны.

Арналымы – мына арнаулы мақсатты аударымдар есебінен мақсатты шараларды қаржыландыру:

а) арнаулы мақсатты салықтар;

ә) қарыз және ақшалай –заттай лотериялар өткізу есебінен;

б) бюджеттен берілетін субсидиялар есебінен;

в) қосымша анықталған кірістер мен үнемделген қаржы ресурстары;

г) ерікті жарналар мен заңи және жеке тұлғалардың қайырымдылықтар.

Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен:

отандық кәсіпорындарды қаржыландыру, қаражаттандыру, несиелендіру жолымен өндіріс үдерісіне ықпал жасауға;

арнайы белгіленген көздер мен қоршаған ортаны ластағаны үшін айыппұлдар есебінен қаржыландыра отырып, табиғат қорғау шараларын қамтамасыз етуге;

зейнетақылар, жәрдемақылар төлеу , жалпы әлеуметтік инфрақұрылымды қаражаттандыру және қаржыландыру жолымен халыққа қызметтер көрсетуге;

қарыз беруге, соның ішінде шетел мемлекеттерін қоса шетелдік әріптестерге беруге болады.

Бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеу ұйымы биліктің мемлекеттік органдарының – орталық, республикалық және жергілікті органдарының қарамағында болады.

Бюджеттен тыс қорлардың белгілі бір жеңілдіктерінің болуы мүмкін:

а) салық төлеуден босату;

ә) кеден баждарын төлеуден босату (коммерциялық қызмет бойынша жеңілдіктер болмайды) ауқымдылығымен алдын ала анықталады. Көздердің әралуандығы мен олардың мөлшеріне сол бір кезеңдегі елдің экономикалық және қаржы жағдайы әсер етеді.

Сөйтіп, бюджеттен тыс қорлардың қалыптасу көздерінің салыстырмалы тұрақты да, сондай-ақ уақытша да сипаты болады. Әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша ажырай отырып, олар мемлекет аумағында әр түрлі болуы мүмкін. Бюджеттен тыс қорларға түсетін қаражаттарды жұмсаудың бағыттарына қорлардың арналымы, нақтылы экономикалық жағдайлар және әзірленген іске асырылатын бағдарламалардың мазмұны себепші болады. Қаражаттардың бір бөлігі құрылтайшылық қызметке бағытталады, сонымен бірге бағалы қағаздарға салынады. Біріншіден, ақша қаражаттарын пайдалану оларды жасаудың уақытымен жиі тура келе бермейтіндігіне, екіншіден, инвестициялардан алынған кірістер тиісті қордың шығындарын қаржыландырудың қосымша көздері болып табылатындығына байланысты бюджеттен тыс қорлар инвестициялар және қаржы рыногының қатысушылары болады.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар мен мемлекеттік емес қорларды ажырата білген жөн; соңғылары бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға, мысалы, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әр түрлі ізгіліктік, соның ішінде халықаралық қорларға ұқсас болғанымен өзінің мақсатты арналымы бойынша өте сан алуан болып келеді. Сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар және мақсатты қаржыландыру қоры болып ажыратылады, бұл қорлар 1996 жылға дейін (оны қоса) мемлекеттік бюджеттің құрамында болып келді: жер қойнауын қорғау және минералды-шикізат базасын толықтырудың республикалық қоры, табиғатты қорғаудың республикалық қоры. Мұнда қаралған басқа да қорлар мезгіл-мезгіл, 1992-1996 жылдар ішінде мемлекеттік бюджетке енгізіліп, одан шығарылды. Бұл қаржы жүйесінің қалыптасу үдерісін, оның құрылымының оңтайлы нұсқасын іздестіруді қамтып көрсетеді.

Барлық бюджеттен тыс және басқа қорлар, шарушашылық жүргізуші субъектілердің қорлары (жарғылық капитал, резервтік капитал, амортизациялық, валюта, жөндеу, қорлану, тұтыну және басқа қорлар) үшін қабылдауға болатын «арнаулы қорлар» термині қолданылуы мүмкін, мұның өзі олардың мақсатты арналымын баса көрсетеді.

Ұйымдық жағынан қорлар арнаулы аппараттың немесе министрліктің қарауында болады, бұл қаржы ресурстарының оқшауланған бөлігін басқару, оларды ұтымды, мақсатты пайдалануға бақылау жасау икемділігіне жәрдемдеседі. Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың қарауында шоғырландырылған мақсатты қаражаттарды жедел басқарып, ұйымдастыруға мүмкіндік береді: дүниежүзілік практикада қорлар, дербес –банктің өкілетті органдарының араласуынсыз басқарылады, бұл қорларды басқарудың мемлекеттік органдарына мақсатты қаржыландыру мәселелерін тез шешуге, дер кезінде жағдаяттың өзгерісіне дер кезінді құлақ асуға мүмкіндік береді.

Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олардың қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залалдығы, өзара берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. нәтижесінде қордың бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік-экономикалық мұқтаждарды мақсатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді.

Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі ұшырады: біраз уақыт олар өзін өзі биледі, мемлекеттік бюджеттің құрамында «Мақсатты қаржыландыру қоры» бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді.

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1999 жылдан бастап мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты мақсатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары республикалық бюджетке шоғырландырылады. Алайда дүниежүзілік практика қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржы ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.


3. Әлеуметтік арналымның бюджеттен тыс қорлары

Мемлекеттік бюджеттен тыс әлеуметтік қорлар сан алуан әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мақсатты ақша қаражаттарын қалыптастыруға және пайдалануға арналған. Олардың құрамы, бағыттылығы мемлекеттің жүргізіп отырған әлеуметтік саясатымен, қоғам дамуының бұл кезеңіндегі оның мақсаттарымен, сонымен бірге экономиканың мүмкіндіктерімен анықталады.

Қазақстанда қаржы қатынастарын ұйымдастырудың бұл нысанын қолданудың тәжірибесі жинақталған. 1995-1998 жылдар ішінде мына әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар жұмыс істеді:

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры;

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры;

Міндетті медициналық сақтандыру қоры;

Жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қоры.

Олардың жұмыс істеуі «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы», «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы», «Азаматтарды медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарымен реттеліп отырады, оларда міндетті әлеуметтік сақтандыру қаражаттары жұмыс берушілердің сақтық жарналары мен басқа түсімдердің есебінен қалыптасатыны белгіленді. Жарналардың мөлшері «Республикалық бюджет туралы» жыл сайынғы бекітілетін заңда белгіленіп, қорлар аарсында бөлініп отырады. Бұл нормалар 1998 жылға дейін тұрақты болды және заңи тұлғалардың еңбекке ақы төлеу қорының 30%-ын құрады. Заңи тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар ай сайын әрбір жұмыскерге келетін бір айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінде төлеп отырды.

Жарналарды төлеу бойынша мүгедектердің, еңбекке қабілеттілігі шектелінген адамдардың, ардагерлердің ұйымдары үшін, бірқатар ізгіліктік және балалардың ұйымдары үшін жеңілдіктер белгіленді.

Мемлекеттік-жинақтаушы зейнетақы қоры.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттері:

а) зейнетақылар мен жәрдемақылар төлеу үшін қаражаттар жинау, сонымен бірге зейнетақы ісін ұйымдастыру;

ә) аймақтық әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға қатысу.

Зейнетақы қорының қаражаттары мынадай көздерден жасалынды:

1) міндетті зейнетақы жарналары;

2) меншік нысанына қарамастан барлық шаруашылық органдары төлейтін сақтық жарналары немесе арнаулы салықтар;

3) жеке еңбек қызметімен айналысатын азаматтардың сақтық жарналары;

4) жоғарғы органдардың қаражаттары;

5) ерікті зейнетақы жарналары және т.б.

Зейнетақы қорының жұмсалу бағыттары:

1) заңнамаға сәйкес зейнетақыларды төлеу;

2) балаға қарау жөніндегі жәрдемақыларды төлеу;

3) материалдық көмектің бір жолғы төлемақылары;

4) зейнетақыларды индекстеуге байланысты оларды көбейтуге байланысты болатын шығыстар;

5) қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қағаздарға, ғылыми-техникалық базаны дамытуға және т.б. резервтерді орналастыру.

Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры. Бұл қор сақтық әдісімен жасалады.

Жасалу көздері:

1) кәсіпорындар мен ұйымдардың сақтық жарналары (немесе арнаулы салық);

2) мемлекеттік бюджеттің қаражаттары;

3) санаторийлерге, демалыс үйлеріне, курорттарға жолдамаларды сатудан түскен табыс;

4) басқадай көздер;

Қордың қаражаттары мыналарға жұмсалады:

1. Жәрдемақылар төлеуге (еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша; жүкті болғанда және босанғанда берілетін; балаға оның белгілі бір жасқа толғанға дейін қарауға берілетін; көмектің басқа түрлері).

2. Санаторлық-курорттық қызмет көрсетуді қаржыландыруға.

3. Кәсіподақтардың қызметін материалдық қамтамасыз етуге.

1998 жылдан бастап зейнетақы реформасын жүргізумен байланысты бұрынғы зейнетақы қорының – мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының қалыптасу және пайдалану тәртібі өзгерді.

Міндетті зейнетақы жарналары кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңи және жеке тұлғалардан (жұмыс берушілерден) табысты төлеу көзінен ұсталынды және өнімді, жұмыстарды, қызметтерді, өндірудің шығындарына жатқызылды. Жарналардың мөлшері еңбекке ақы төлеу қорының 15 %-ы мөлшерінде белгіленілді.

Міндетті зейнетақы жарналарынан басқа мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының салымшылары бұл қорларға еңбекке ақы төлеу қорының 10% мөлшерінде қосымша зейнетақы жарналарын аударып отырды. Сөйтіп, жаңа зейнетақы жүйесінің қалыптасу кезеңінде жарналардың жалпы нормативті еңбек ақы трөлеу қорының 25% -ын құрады.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу қоры еңбекақы төлеу қорының 2% мөлшерінде Қазақстан Республикасы азаматтарының жалақы қоры жайында шетелдің қатысуымен және шетелдік заңи өкілдікті қоса, жұмыс берушілердің міндетті сақтық жарналары есебінен қалыптасты. Бірқатар ұйымдар үшін жеңілдіктер қарастырылды.

Бұл қорларды қалыптастыруға аударылған қаражаттардың аударымдарын заңи және жеке тұлғалар ұйымдар мен мекемелер өндіріс пен айналыс шығындарына кіріктірді және өнімнің, жұмыстардың, қызметтердің өзіндік құнына жатқызылды.

Әлеуметтік арналымның қорларын қалыптастыруға басқа көздерден қаражаттар бағытталды.

Міндетті әлеуметтік сақтандыруға төленген жарналар салық заңнамасына сәйкес жиынтық жылдың табыстан шегерілетін шығыстарға жатқызылды, ал бюджеттік және басқа коммерциялық емес ұйымдар үшін оларды ұстауға жұмсалатын шығыстардың сметасында қарастырылды.

Әлеуметтік қорлардың бюджеттерін үкімет бекітетін.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорларының уақытша бос қаражаттарын инвестициялау тек мемлекеттік бағалы қағаздарға, ұлттық банктің бағалы қағаздарына және мемлекеттік банктердің депозитіне жіберілетін.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мыналарды қаржыландырды:

Көрсетілген қорға олардың пайдасына зейнетақы жарналары төленген зейнеткерлер болғандарға және зейнетақы төлемдерін алушыларға берілетін мемлекеттік зейнетақыларды;

Егер зейнетақының мөлшері заңнамамен бекітілген ең төменгі деңгейден төмен болса, қосымша төлемдер түріндегі әлеуметтік жәрдемақыларды.

Халықты жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу қоры жұмыссыздық бойынша жәрдемақыларды, жұмыссыздарды қайта даярлауды және қайта оқытуды, мұқтаж азамататрды қолдау үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруды қаржыландырды.

Әлеуметтік сақтандыру қоры еңбекке уақытша жарамсыздық бойынша, жүкті болғанда және босанғанда берілетін жәрдемақыларды төлеуді, бала туғанда және жерлеуге берілетін біржолғы жәрдемақыларды, сауықтыру сипатындағы қызметтерді төлеуді қаржыландырды.

Міндетті медициналық сақтандыру қорының қаражаттары есебінен медициналық ұйымдардың немесе жекеше медициналық практикамен айналысатын адамдардың, келісімшарттардың, шарттарына сәйкес сақтандырушыларға медициналық қызметтер көрсету жөніндегі шығыстар өтелініп отырды. Қор міндетті медициналық сақтандырудың базалық бағдарламасының шеңберінде медициналық ұйымдарда немесе медициналық қызметтер көрсету эөнінде қормен келісімшарттар жасаспаған, жекеше медициналық практикамен айналысатын адамдарда медициналық қызметтер алған жағдайда сақтандырушылардың шығыстарын өтеп отырады.

199 жылдан халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру мемлекеттік бюджет арқылы әлеуметтік салық алуды және бюджетте оны шоғырландыру есебінен жүзеге асырылды. Бұдан басқ, мемлекеттік емес зейнетақы жүйесінде қаражаттардың едәуір бөлігі мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары арқылы барлық сақтанушылардың (сақтандырушылардың) міндетті зейнетақы жарналары есебінен шоғырландырылып, жұмсалды.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры – Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен салымшылардың міндетті зейнетақы жарналары жинайтын және алушыларға зейнетақы төлемдерін төлейтін, сондай-ақ зейнетақы мактивтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті жүзеге асырып, оларды бағалы қағаздарға, банктердің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайтын заңи тұлға; құрылтайшысы үкімет болып табылатын акционерлік қоғам нысанында құрылады.

Қазақстанда Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істейді. Жинақтаушы зейнетақы қорлары ашық және корпоративтік болуы мүмкін.

Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс орны мен тұратын орнына қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады. Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары алушылар – осы жинақтаушы зейнетақы қорының құрылтайшылары мен акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше заңи тұлғалардың жұмыскерлері үшін құрылады.

Міндетті зейнетақы жарналарының салымшысы – міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шарт жасасқан және жинақтаушы зейнетақы қорында жеке зейнетақы шоты бар жеке тұлға.

Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары Қазақстан Республикасында зейнетақысымен қамсыздандыру туралы заңмен анықталатын мөлшерлемелер бойынша міндетті зейнетақы жарналарының салымшыларын төлейтін жарналары. Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес заңы және жеке тұлғалардың ай сайынғы ақша немесе натуралдық нысандағы табысынан он пайыз мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналары аударылады. Сонымен бірге міндетті зейнетақы жарналарын есептеуге алынатын ай сайынғы табыс ең төменгі айлық жалақының 75 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс.

Ерікті зейнетақы жарналары – бұл меншікті қаражаттары есебінен салымшылардың немесе жұмыс берушілердің өздеріінң бастамасы бойынша міндетті зейнетақы жарналарына қосымша ретінде төлейтін мөлшері шектелінбейтін ақшасы.

Міндетті және ерікті зейнетақы жарналарынан басқа Қазақстан Республикасының заңнамасымен және ерікті кәсіби зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісім-шартпен белгіленген тәртіппен Үкімет анықтайтын кәсіптердің тізбесі бойынша жұмыскерлердің пайдасына салынатын ерікті кәсіби зейнетақы жарналары да бар.

Ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен зейетақымен қамсыздандыру туралы келісімшарт тараптарының келісімі бойынша, бірақ жұмыскердің ай сайынғы табысының он пайызынан жоғары болмайтын мөлшерде белгіленеді.

Жинақтаушы зейнетақы қоры мен салымшылардың арасында зейнетақымен қамсыздандандыру туралы келісім-шарт жасалады.

Зейнетақы төлемдерін белгілеу зейнетақылар төлем жөніндегі мемлекеттік орталықтан жүргізіледі. Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық – зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар азаматтарға заңи тұлғалардың және заңи тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік және өзге қызметпен айналысатын жеке тұлғалардың, ресми транспрттердің міндетті жарналары есебінен зейнетақы төлейтін заңи тұлға, бұл жарналардың көлемі тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітіледі. Заңи тұлға міндетті зейнетақы жарналарының есебін жүргізеді және олардың төлемшілерден жинақтаушы зейнетақы қорларын аударылуын қадағалайды, сонымен бірге азаматтарға әлеуметтік жеке кодтар береді.

Әлеуметтік жеке код – зейнетақымен қамсыздандырылуға құқығы бар әрбір азаматқа тағайындалатын тұрақты жеке код.

Орталықтан зейнетақы төлемдері еркектер 63 жасқа, әйелдер58 жасқа толғанда тағайындалады.

Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңға сәйкес, зейнетақы орташа айлық табысының 60% есебінен жүргізіледі және жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез-келген 3 жыл жұмыс үшін орташа айлық табыс негізге адына отырып есептеледі.

Зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табысқа еңбекақы төлеудің барлық түрлері және тізбесін Үкімет белгілейтін өзге табыстар кіріктіріледі. Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 3 жылғы жұмыс ішіндегі табыс қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыс қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады және орташа айлық жалақы шығарылады. Алайда зейнетақының есептеуге қажет табыс тиісті жалға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 15 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауы тиіс. 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін қажетті еңбек өтілінен тыс жұмыс істеген әрбір толық жыл үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1%-ға өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны есептеу үшін ескерілетін табыстың 75%-ынан аспау тиіс.

1998 жылға қаңтардың 1-іне дейін тағайындалған зейнетақы төлемдерінің ең жоғары мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген 25 еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75%-ынан аспауы тиіс. Бұған өндірістердің жұмыстардың үкімет бекіткен № 1 тізімдегі 1998 жылғы қаңтардың 1-іне дейін зейнетақы тағайындалған адамдар жатпайды.

Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры жинақтаушы зейнетақы қорларының меншікті капиталы қалыптастырады,. Бұл капитал оның міндеттемелерінің сомасы шегертілгеннен кейінгі жинақтаушы зейнетақы қоры активтерінің құны болып табылады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының меншікті капиталы мыналардың есебінен қалыптасады:

1) жарғылық капиталға салынған құрылтайшылар мен акционерлердің салымдары;

2) комиссиялық сыйақылар;

3) Қазақстан Республикасы Заңнамасымен қарастырылған басқа кодтар.

Зейнетақы активтері – жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы төлемдерін қамтамасыз етіп, төлеуге арналған қаражаттар (ақша, бағалы қағаздар, өзге қаржы құралдары).

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтері кастодиандық келісім-шартқа сәйкес банк-кастодиандарда шотта сақталынып, есептеледі. Кастодиандық келісімшарт банк-кастодиан, жинақтаушы зейнетақы қоры және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым арасында жасалады. Егер зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жинақтаушы зейнетақы қоры өздігінше жүзеге асыратын жағдайда кистодиандық келісімшарт банк-кастодиан мен жинақтаушы зейнетақы қорының арасында жасалады.

Жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін инвестициялық басқару зейнетақы активтеріне жинақтаушы қорды инвестициялық басқаратын ұйым жүзеге асырады. Шетелдің қатысуымен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жиынтық жарғылық капиталы Қазақстан Республикасы зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдардың жиынтық жарияланған жарғылық капиталыынң 50% аспайды.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым заңи тұлға, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысы болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіптен акционерлік қоғам нысанында құрылады.

Әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қоры – акционерлік қоғам нысанындағы коммерциялық ұйым, оның жалғыз құрылтайшысы мен қатысушысы мемлекет болып табылады.

Қор өзінің қызметін меншікті активтерінен алатын комиссиялық сыйақы есебінен жүзеге асырады.

Комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің шекті мөлшерін және оны пайдалану механизмін жыл сайын Үкімет белгілейді.

Қордыңменшікті қаражаттары оның жарғылық капиталы мен комиссиялық сыйақысынан тұрады.

Қордың:


1) міндетті әлеуметтік аударымдарды шоғырландыруды жүзеге асыруға;

2) Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын тәртіппен бағалы қағаздармен байланысты қызметпен айналысуға;

3) қор қызметін жүзеге асыруға комиссиялық сыйақы алуға;

4) қаражаттардың қозғалысы туралы Әлеуметтік төлеулер орталығынан ақпарат алуға;

5) Қазақстан Республикасы заңнамалық актілерінде қарастырылған жағдайларды шығарып тастағанда Қордың қызметін қамтамасыз ету үшін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларынан ақпаратты сұраттыруға және алуға құқы бар.

Қор мыналарды:

1) Орталықтың әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыруы үшін қаражаттарды уақытылы аударып отыруға;

2) Ұлттық банк арқылы қаржылық құралдарға қордың уақытша бос қаражаттарын орналастыруға;

3) жыл сайынғы аудитті жүргізуді қамтамасыз етуге;

4) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге міндеттемелерді атқаруға міндетті.

Қордың кепілге өзінің активтерін беруге және заңмен қарастырылмаған кәсіпкерлік және өзге қызметпен айналысуға құқығы жоқ.

Қордың активтерін Қор мен Ұлттық банк арасында жасалынатын келісімшарт негіздемесінде Ұлттық банк арқылы қаржылық құралдар орналастыру жолымен Қор инвестициялық қызметті жүзеге асырады. Ұлттық банк қордың активтерін шрғырландыру және орналастыру жөніндегі барлық операциялардың, инвестициялық табыстар есебін жүргізеді және тосан сайын Қорға шоттардың жай-күйі және жасасқан келісімшартқы сәйкес Қор активтерімен жасалатын инвестициялық қызмет туралы есеп береді.

Қордың активтері мыналардың есебінен қалыптасады:

1) әлеуметтік аударымдар, әлеуметтік аударымдарды төлеу мерзімін кешіктіргені үшін алынған өсімпұл, қор қызметін қамтамасыз етуге берілетін комиссиялық сыйақыны алып тастаған кейінгі инвестициялық табыс; міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары үшін. әлеуметтік сақтандыру қорына төленуі тиіс әлеуметтік аударымдар мынадай мөлшерде белгіленеді: 2005 жылдан бастап әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 2%, 2006жылдан бастап 2%, 2007 жылдан бастап 3%.

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа көздер..

Қордың активтері тек мына мақсаттар үшін пайдаланылуы мүмкін:

1) Әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру;

2) тізбесін Қазақстан Республикасының үкіметі анықтайтын қаржы құралдарына орналастыру;

3) әлеуметтік аударымдардың артық төленген сомалары мен өзге қате есептелген қаражаттарды қайтару.

Қор бухгалтерлік есеп жүргізеді және Қазақстан заңнамасымен белгіленген тәртіппен Қордың меншікті қаражаттары және активтері бойынша бөлектеп қаржылық есептеме тапсырады. Қор бухгалтерлік есепте және есептеме жасау кезінде пайдаланылатын құжаттардың есебі мен сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Сақтауға жататын негізгі құжаттардың тізбесі мен оларды сақтаудың мезгілі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленеді.

әлеуметтік сақтандырудың мемлекеттік қорындағы әлеуметтік аударымдардың сақталуы мен мақсатты пайдалануын мемлекет кепілдендіреді.


жүктеу 1,4 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау