Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


Білімділік деңгейлері арасындағы теңсіздік



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет23/135
Дата19.09.2022
өлшемі1,96 Mb.
#39329
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   135
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu kaz-na-pechat

Білімділік деңгейлері арасындағы теңсіздік. 
«IndustriAll 
Global Union» компаниясының сарапшылары атап өткендей
«ақылды өндірістік өнімдер» біліктілігі жоғары жұмысшыларды 


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
40
жаңа деңгейге шығарады. Ақылды өндіріс орнында жұмыс істей-
тін кез келген жұмысшы тәжірибелік, сонымен қатар инженерлік 
және бағдарламалық дағдылар мен қабілеттерге ие болуы керек. 
Жалпы, өнеркәсіптік кәсіпорын жұмысшыларының біліктілігі арта 
түсуі мүмкін. Екінші жағынан, жоғары біліктілік деңгейін талап 
ететін техникалық қызмет көрсету бойынша атқарылатын жұмы-
стар негізінен үшінші тараптың жұмысшыларына беріледі неме-
се құрал-жабдық өндірушілер ондай жұмыстарды өздеріне қалды-
рады. Соған қарамастан негізінен біліктілігі жоғары жұмыс күші 
бар елдер, жұмыс күшінің біліктілігі орташа және төмен елдерге 
қарағанда өзгерістерге оңай бейімделе алатындығы айтпаса да 
түсінікті. Алайда бұл өндіріс орындарында адам еңбегіне қажет-
тілік төмендеген кезде оларды оңтайландырудан қорғай алмайды» 
(IndustriAll Global Union, 2018, 20-б.)
29
.
IndustriALL Жаһандық одағының ұйымдастыруымен 2017 
жылдың 26-27 қазанында Женевада (Швейцария) өткен «4.0 Ин-
дустриясы: кәсіподақтар үшін нәтижесі және тұрақты өнеркәсіптік 
саясат» дүниежүзілік конференциясының мәліметтеріне сәйкес 
жойылған жұмыс орындары мен жаңадан құрылған жұмыс орын-
дары әртүрлі сипаттамаларға және біліктілік талаптарына ие бо-
лады, сондықтан қарқынды түрде қосымша білім мен оқыту қажет 
болады және оларды бірден жұмысқа тағайындауға болмайды.
Қол еңбегі қысқарады, ал компьютерлендірілген жұмыс іс 
жүзінде көбейеді. Болашақта компьютерлік сауаттылық және 
бағдарламалаудың жалпыға бірдей қабылданған тілдерін түсіне 
алу және олар арқылы жұмыс істей алу икемділігі құнды дағдыға 
айналады. Бұл дағдылар кең көлемде білімділікті, кәсіби дайын-
дықты және дамуды талап етеді, демек қоғамның кейбір бөлігі арт-
та қалуы мүмкін. Тілді, мейлі ол ауызекі сөйлеу тілі немесе бағдар-
ламалау тілі болсын, ерте жастан үйренген дұрыс, себебі аға буын 
өкілдерінен тұратын қызметкерлерге қажетті біліктілікке жету әл-
деқайда қиынырақ болуы мүмкін.
«Көк жағалы жаңашыл» немесе «инновациялық жұмысшы» деп 
аталатын біліммен қаруланған жаңа жұмысшы – көптеген жылдар 
29
IndustriALL Global Union. Вызовы Индустрии 4.0 и необходимость новых ответов. 2018. 
http://www.industriall-union.org/sites/default/files/uploads/documents/2017/SWITZERLAND/
Industry4point0Conf/industry_4_rus.pdf 


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
41
бойы білім алған және кәсіби дайындықтан өткен адам. Ол тіпті 
білгір болмаса да, кем дегенде бағдарламалаудың негізгі тілдерін 
түсінуге қабілетті. Көптеген адамдар жұмыс күшін аталмыш дең-
гейге жеткізу үшін қызметкерлерге жетілдірілген білім мен қайта 
даярлықтан өтуді ұсыну керек деген пікірмен келіседі
30
.
Сонымен біліктілігі төмен және орташа қызметкерлер (білімі 
жоқ немесе орташа арнаулы, сапасыз жоғары білімі бар) бола-
шақтың еңбек нарығындағы аутсайдерлер қатарында болады. Ол 
болашақ қазір келіп те үлгерді. Бүгінгі жұмысшылардың дағдыла-
ры мен икемділіктері жетіспейді деп айтуға болмайды, бірақ олар-
дың қазіргі бар дағдылары жаңа жұмыс орындарында талап етіл-
меуі, қажеті болмауы мүмкін.

жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау