Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет26/135
Дата19.09.2022
өлшемі1,96 Mb.
#39329
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   135
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu kaz-na-pechat

2.1 Құндылықтар
Әрбір көзқарастың немесе қоғамның негізінде біздің өміріміз-
ге, болашағымызға әсер ететін белгілі бір құндылықтар жүйесі 
жатыр. Құндылық дегеніміз – мінез-құлықтың белгілі бір көрінісі 
немесе тіршіліктегі түпкі мақсаты оған қарама-қарсы немесе мі-
нез-құлықтың кері көрінісіне қарағанда әлдеқайда жақсырақ екен-
дігіне нық сенім не болмаса тіршіліктегі түпкі мақсат.
Құндылыққа деген көзқарас адам санасындағы құндылықтар-
дың көрінісі ретінде адамның таңдау белсенділігін биологиялық 
емес, субъективті түрде қамтамасыз етеді. Адамның жағымды дағ-
дыларға да, жағымсыз дағдыларға да бейімділігі мен қасиеттері 
табиғатынан берілмейді және адам табиғатының тұрақты құра-
ушысы бола алмайды. Ол адамның жеке басын қалыптастыратын 
әлеуметтік үрдістің нәтижесі болып табылады. Сенім мен құн-
дылық – күш-жігер мен зияткерлік жетістіктердің нәтижесі. 
Құндылықтар туралы айтатын болсақ, ата-ананың баласының 
бойынан көргісі келетін маңызды құндылықтарды сіңірудің рөлін 
атап өткен жөн. Белгілі бір мемлекеттің айқын құндылықтары 
және мемлекеттер арасындағы құндылықтарды салыстыру жөнін-
де айтар болсақ, «Құндылықтарға дүниежүзілік шолу» (ағылш. The 
World Values Survey) атты жаһандық зерттеу жобасының мәлімет-
теріне сүйенуімізге болады. Онда адам баласының құндылықтары 
мен сенімдері, олардың уақыт өте келе өзгеруі, сондай-ақ қоғамға 
әлеуметтік және саяси әсері зерттелген. Үйдегі бала тәрбиесінде 
баланың бойына сіңіруге болатын бірқатар құндылықтар бар. 1-ке-
стеден осы құндылықтарды ересектердің қабылдауындағы пайыз-
дық айырмашылықты көреміз. 


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
50
«Міне, үйде баланы тәрбиелеу барысында баланың бойына 
сіңіруге болатын қасиеттердің тізімі. Сіздің ойыңызша, қай қасиет 
ең маңызды? Бесеуін таңдауыңызды сұраймыз» деген сауалнама-
да 1-кестеде көрсетілген елдердегі ересектер балаларды тәрбиелеу 
кезінде маңызды деп санайтын құндылықтарды таңдады.
1-кестеге сәйкес 2010-2014 жылдар аралығында «Құн-
дылықтарға дүниежүзілік шолу» жобасының шеңберінде жүргізіл-
ген әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша Қазақстанның 
ересек тұрғындарының көпшілігі «ынтамен жұмыс істеу» (84.7%), 
«жауапкершілік» (75%), «төзімділік және басқаларға құрмет көр-
сету» (60%), «ұқыптылық, ақша мен заттарды үнемдеу» (52.8%) 
сияқты қасиеттерді бағалайды. Алайда сауалнамаға жауап берген 
ересектердің тек 12.4%-ы ой-қиялды және тек 43.7%-ы тәуелсіздік-
ті баланың бойындағы маңызды қасиет деп санайды.
Үндістан Қытай Қазақстан Ресей Сингапур АҚШ
Швеция
Дербестік
89.9
69.7
43.7
37.8
72.1
53.6
70.3
Ынтамен істеу
94.6
75.3
84.7
84.5
60.8
66.4
13.8
Жауапкершілік
90.5
65.9
75
77.5
69.7
65.2
82.5
Ой-қиял
69.2
17
12.4
16.5
18.8
30.5
46.7
Төзімділік және басқа-
ларға құрмет көрсету
89.3
52.2
60
63.5
54.1
71.8
87
Ұқыптылық, ақшасы 
мен заттарын үнемдеу
85.7
50.7
52.8
50.3
47.4
31.6
38.6
Батылдық, табан-
дылық
84.7
26
44.7
45.4
44.3
35.7
33.6
Діни сенімі
83.1
1.2
10
13.9
26.2
43.1
4.4
Адалдық 
81.1
29.2
29.7
22.6
26
32.7
30.4
Тіл алғыштық
89.9
7.5
32.9
34.8
37.5
27.9
12.2
Өзін-өзі көрсету
73.5
10.5
28.6
32.1
13.7
17.6
37.6

жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау