География сабақтарында білім сапасын жетілдіруде ақпараттық технологияның маңыздылығЫ



жүктеу 46,37 Kb.
Pdf просмотр
Дата22.05.2018
өлшемі46,37 Kb.
#16412
түріСабақ


ГЕОГРАФИЯ САБАҚТАРЫНДА БІЛІМ САПАСЫН 

ЖЕТІЛДІРУДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ 

МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

Сейтимова А.У. 

Орал қ. 

 

География  ғылымы-  өте  қызықты  да  күрделі  ғылым.  Пәнге 



қызықтыру арқылы оқушыға табиғаттың күрделі құбылыстары мен 

заңдылықтарын  ұғындырып,  сапалы  білім  беру  мұғалімнен  үлкен 

шеберлікті, оған қоса ғылым мен техника жаңалықтарын, яғни жаңа 

педагогикалық  технологияларды  әр  сабағында  тиімді  қолдануды 

талап етеді. 

ХХІ  ғасыр-  ақпараттық  технология  ғасыры.  Қоғамды 

ізгілендіру,  оның  білім  мен  мәдениет  жүйесін  дамыту  процесінде 

ақпаратты технологиялар маңызды рөл атқарады. 

«Қазіргі 

заманда 


жастарға 

ақпараттық 

технологиямен 

байланысты  әлемдік  стандартқа  сай  мүдделі  жаңа  білім  беру  өте 

қажет»  деп  Елбасымыз  атап  өткендей,  жас  ұрпаққа  білім  беру 

жолында  ақпараттық  технологияны  оқу  үрдісінде  қолдану  мен 

оның  тиімділігін  арттырудың  маңызы  аса  зор.  Олай  болса, 

география  пәнінің  мұғалімі  де  компьютерді  жетік  біліп, 

информатикадан хабардар болуы қажет. Әлеуметтік-экономикалық 

жағдайды,  білім  мазмұнын  дамытудың  бүгінгі  күйін  есепке  ала 

отырып,  Қазақстан  Республикасындағы  білім  беру  стандартында 

қабылдап отырған негізгі құзыреттіліктерді: проблеманың шешімін 

табу  (өзіндік  менеджмент),  ақпараттық  және  коммуникативтік 

құзыреттіліктерді дамыту қажет екендігін ескеруіміз керек.  

Стандартта ақпараттық құзырет келесі бөліктерді қамтиды: 

- Оқу  іс-әрекетін  іске  асыру  үшін  ақпараттарды  іздеу,  талдау 

және таңдап алу; 

- Оқу  әрекетінің  мақсаттары  мен  міндеттеріне  сәйкес  таңдап 

алған оқу материалдарын жіктеу; 

- Оқу  іс-әрекетінде  пайдалану  үшін  алынған  ақпараттарды 

өңдеу және өзгерту; 

- Өңделген ақпараттарды оқу іс-әрекеті үрдісінде қолдану; 

- Сыни  тұрғысынан  талданған  ақпараттар,  негізінен,  саналы 

шешім қабылдауға; 




- Өз  бетінше  мақсат  қоюға  және  оны  негіздеуге,  жоспарлауға 

және  осы  мақсаттарға  жету  үшін  танымдық  қызметтерді  жүзеге 

асыруға; 

- Өз  бетінше  шешім  табуға,  талдауға,  іріктеу  жасауға,  қайта 

құруға,  сақтауға,  түсіндіруге  және  ақпараттарды  тасымалдауға 

дағдыландыру. 

Жаңа ақпараттық технологияны сабақта пайдалану, оқушының 

шығармашылық  интеллектуалдық  қабілетінің  дамуына,  өз  білімін 

өмірге пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына ықпал етеді. 

Білім беру субъектілерін қазіргі заман талабына сай,  Жерсерік 

арнасы 

арқылы 


қашықтықтан 

оқыту 


және 

электрондық 

оқулықтарды пайдаланып, география пәніне деген қызығушылығын 

арттыру - әрбір география пәні мұғалімінің міндеті. 

Соңғы  жылдарда  жаңа  технологиялардың  көмегімен  оқыту- 

бұрыннан  пайдаланатын  жүйелерге  қосымша  емес,  дәстүрлі 

жүйелермен  тұрақты  байланыста,  оқыту    үрдісінде  оқытушы  мен 

оқушы арасында тиімді субъектілік  қатынас болып табылады. 

Электронды оқулықтар оқушыны білім қорымен қаруландырып 

қана  қоймай,  оның  танымдық  белсенділігін  арттыруда  да  алатын 

орны  ерекше.  Жалпы  орта  білім  беретін  мектептерде  қолданылып 

жүрген география пәні бойынша 6-            11 сыныптарға арналған 

оқулықтар- білім стандарты мен оқу бағдарламасының талаптарына 

сай жасалынған оқулықтар. 

География  пәні  басқа  пәндермен  салыстырғанда,  картамен 

тығыз  байланысты  екенін  ескеріп,  оқушылардың  география 

сабағында материк пен дүние бөлігіндегі және аралдағы елдер мен 

халықтар  жайында  қызғылықты  деректерді  тек  оқулық  мәтініндегі 

берілген карта, сызба, сурет немесе диаграммаларды пайдаланумен 

ғана  шектелмей,  электрондық  оқулықта  көрсетілген  бейне  арқылы 

пайдаланған тиімдірек. 

Материктердің  қалыптасуын,  дамуын  және  қазіргі  табиғат 

жағдайындағы ұқсастықтарын, солтүстік және оңтүстік жарты шар 

материктерін  көзбен  көріп,  есте  сақтау  үшін    Жерсерік  арнасы 

арқылы қашықтықтан оқыту жүйесін пайдаланған жөн. 

Оқушылар  оқулықпен  жұмыс  істеу    барысында  географиялық 

әдебиеттер  мен  карталар,  сызбалар,  суреттер  және  қосымша 

кестелерді пайдалану арқылы білім мен біліктіліктерін арттыратын 




болса, көзбен көріп, электрондық оқулықтың көмегімен есте сақтау 

қабілетін және пәнге қызығушылығын арттырады.  

6-  сыныпта  «Физикалық  география»  курсындағы  карта  және 

план  тарауынан  алған  теориялық  білімін,  дағдыларын  күнделікті 

өмірде  қандай  да  бір  тәжірибеде  практикамен  ұштастыра  білген 

жағдайда, 

оқушы 

жеке 


іс-әрекетін 

өзі 


ұйымдастырып, 

шығармашылыққа  қабілеті  жоғарылайды.  Картаның  тілін  білу 

барысында  оқушы  алдымен  қарапайым  планды  оқи  білуі  керек. 

Планды  түсіріп,  оқи  білу  үшін  алдымен  шартты  белгілерді  білуі 

қажет.  Осы  мақсатта  компьютердің  көмегімен  топографиялық  

диктант немесе деңгейлік тапсырмалар алған тиімді. Оқушының өз 

бетінше зерттеу жүргізуі оның көкейінде жүрген сауалға жоспарлы 

түрде жауап  табуға үлкен ықпалын тигізеді.  

7-сыныпта  өтілетін  «Материктер  мен  мұхиттар  географиясы» 

курсында  оқушылар  материктер  мен  дүние  бөліктері  тарауында 

географиялық  орнынан  бастап,  жекелеген  елдермен  және  олардың 

халқы 


туралы 

танысумен 

аяқтайды. 

Әрбір 


материктің 

географиялық  орнын  анықтап,  оның  географиялық  объектілерін 

(бұғаздарын,  шығанақтарын,  түбектерін,  аралдарын,  теңіздерін, 

өзен-көлдерін, 

сарқырамаларын, 

тауларын, 

жазықтарын, 

ойпаттарын,  үстірттерін,  шөлдерін  және  т.б.)  картадан  жаттанды 

түрде  көрсету  үшін  оқушылардың  есте  сақтау  қабілетін  арттыру 

электрондық    оқулықтың  көмегі  арқылы  іске  асады.  Материктің 

табиғат  белдемдерін,  климаттық  белдеулерін,  өсімдіктер  мен 

жануарлар  дүниесін  оқулықтан  игергенімен    практика  жүзінде 

картадан  көрсете  алмаса,  білім  сапасының  артуы  мүмкін  емес. 

География  сабағын  информатикамен  тығыз  байланыстырып, 

компьютерде  ақпараттық  технологияларды  және  электрондық 

оқулықтарды пайдалану оқушылардың білімін одан әрі жетілдіреді.  

Географиядан  мультимедиалық  кабинетте  эектрондық  оқулық 

және қашықтықтан оқыту желісін пайдаланып өткізген сабақтардан 

үлгі ретінде ұсынамын: 9-сынып Қазақстанның экономикалық және 

әлеуметтік  географиясынан  «Отын-  энергетика  кешені»,  «Мұнай 

өнеркәсібі»  тақырыптарын  өткенде,  Қазақстандағы  мұнай-газ 

өндірісі  шоғырланған,  дамыған  аймақтарын,  мұнайдан  алынатын 

өнім  түрлерін,  мұнай-газды  өндірудегі  ірі  компаниялардың  жұмыс 

жүргізу  тәсілдерін  ғаламтордан  алу  арқылы  сабаққа  пайдаланып, 

электрондық  оқулықтағы  тақырып  бойынша  берілген  тапсырма, 

тесттерді орындаттым. «Қара металлургия» тақырыбын өткен кезде 




компьютерде  ғаламтор  арқылы  домна,  мартен  пештеріндегі  өте 

жоғары  температурада  балқытылып,  қорытылып  жатқан  руданы 

бейнекөрініс  арқылы  көріп,  оқушылар  сол  металлургия 

комбинатының  жанында  тұрғандай  сезініп,  пәнге  деген 

қызығушылығы  арта  түсті.  Сол  сияқты  Ақтөбе  облысындағы 

Кемпірсай,  Дөн  кен-байыту  кеніштерінде  дүние  жүзіне  еліміздің 

атын шығарып тұрған фосфор, хром, никель рудаларының өндірілу 

жүйесі  жайында  электрондық  оқулықтан  қосымша  ақпараттармен 

білім  толықтырылып,  оқушы  ой-өрісін  кеңейтуіне  жол  ашып 

отырамын.  

Ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  пайдаланудың 

оқушының  субъектілігін  дамытуында  және  білім  сапасын 

арттыруда дидактикалық мүмкіндіктері көп: 

- мәтіндік,  графикалық,  аудио-бейне,  ақпараттық  анимацияның 

бірігуі; 

- ғалымдар  мен  педагогтардың  дәрістеріне  қатысуына,  өткен 

және  қазіргі  тарихи  оқиғаларға  куә  болуына,  әлемнің  ең  белгілі 

мұражайлары  мен  мәдени    орталықтарына,  жер  шарының  ең  алыс 

және қызық түкпірлеріне сапар шегуіне мүмкіндік жасады; 

- оқу, көру, материалдарды іріктеу, керекті жерлерін жазып алу, 

қажет рефераттарды дайындауға мүмкіндік береді; 

- оқушылардың 

әлеуметтік  қоғамның  мүшесі  болуына 

қажеттілігін арттыра түседі; 

- ғылыми  жұмыстармен  айналысу,  қажетті  материалдар  табу 

мәселесін  жеңілдетеді; 

- электронды поштаны қолдануға дағдыландырады; 

- телеконференция  өткізуге,  алыс  қашықтықтан  ұжымдық 

жұмыс ұйымдастыруына   мүмкіншілік береді; 

- мультимедия  жүйелері  ақпаратты  пайдалануға,  әр  түрлі 

параметрлер бойынша  өзгертуге мүмкіндік береді. 

Жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып, электронды 

оқулықпен білім берудегі ерекшеліктер мыналар болмақ: 

- түрлі анықтамалық ақпараттар алады; 

- оқушылар өздігінен білім алады; 

- пәнге  қызығушылығы  артады,  сондықтан  оқу  үлгерімі 

көтеріледі; 

- оқушының шығармашылық ізденісі жоғарылайды; 

- қосымша терең білім алады және өзін-өзі тексереді; 

- тақырыпқа қажетті бейнекөріністі тамашалап, талдайды; 




- дидактикалық материалды қолдану тиімділігі артады; 

- сарамандық жұмыстарды өзбетімен жүргізуге дағдыланады; 

-  кескін картамен жұмыстанады; 

- дайындалған  материалды  қайта-қайта  қарауға  мүмкіндігі 

болады; 

- оқушы  мен  мұғалімнің  шығармашылық  қарым-қатынасы  мен 

ізденісін арттырады; 

- әңгімелерін әрлеуге көмектеседі; 

- ҰБТ-ға дайындалуға көмектеседі; 

- деңгейлік тапсырмалар орындайды;  

- тесттік тапсырмалар шешеді. 

Қорыта  келгенде,  қазіргі  кездегі  жалпы  білім  беретін 

мектептердегі оқу-тәрбие үрдісінде әлеуметтік сұраныс технология 

деңгейінің  жетістігін  талап  етеді,  яғни  оқыту  мен  тәрбиелеудің 

мазмұнын  модернизациялау  деңгейінен  (бағдарлама,  оқулық,  оқу 

курстары)  өтіп,  екінші  саты–  ақпараттық  технология  деңгейіне 

көтеріледі.  Ақпараттық  технологияларды  сабақта  үнемі  және 

жүйелі  қолдану  оқушылардың  пәнге  қызығуларын  оятып,  өзіне 

деген сенімін ұлғайтады, сабақтың сапасын арттыруға кеңінен жол 

ашады және уақыт үнемделеді, оқу әдісі мен құралдарын таңдауға, 

түрлендіріп отыруға мүмкіндік туғызады. 

 

Әдебиеттер 



1. Қазақстан  Республикасының  білім  беруді  дамытудың  2011-

2020 жылдарға арналған даму бағдарламасы 

2. Қазақстан  Республикасы  жалпы  орта  білім  берудің 

мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандарты.  Астана,  2010  жыл, 

ҚР БжҒМ. 

3. «География және Табиғат» №5, 2012ж. 

4. Оқу үрдісінде интерактивті тәсілдерді пайдалану тиімділігі 

«Қазақстан мектебі» №3, 2012 жыл. 

5. «Ақпараттық  технология  –  нәтижелі  білім»  «Қазақстан 

мектебі» №6, 2012 жыл 

6. Оқу  пәндеріне  мазмұндық  сапасын  жақсартудың  өзекті 

мәселелері  «География,  биология,  экология  орта  мектепте»  №2, 

2012 жыл. 

 

жүктеу 46,37 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау