Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар. Монография / Аида Сағынтаева, Айжан Мусина, Алия Сулейменова, Рус- лан Қаратабанов, Қайрат Құракбаев, Дункан Пристли, – Нұр-Сұлтан


О Й Л А Н У Ғ А А Р Н А Л Ғ А Н С Ұ РА Қ ТА Р



жүктеу 1,96 Mb.
Pdf просмотр
бет25/135
Дата19.09.2022
өлшемі1,96 Mb.
#39329
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   135
Bilim-beru-baghdarlamalaryn-azirleu kaz-na-pechat

О Й Л А Н У Ғ А А Р Н А Л Ғ А Н С Ұ РА Қ ТА Р


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
45
6. Сіз маман даярлап жатқан салаға жұмыс орнын, жұмыс тәртібін 
өзгерту, стандартсыз жұмыс түрлері сияқты үрдістер қалай әсер 
етеді?
7. Сіздің ойыңызша болашақтың еңбек нарығына дайындық сала-
сындағы теңсіздіктер мәселесін шешу үшін жаһандық, өңірлік, 
мемлекеттік деңгейде, жергілікті қоғамдастық пен жеке тұлға 
деңгейінде қандай шешімдер қабылдау қажет?
8. Қарама-қайшылықтар арасындағы тепе-теңдік қандай болуы 
тиіс:
1) саралау және бейіндеу;
2) сапаны қамтамасыз етуге арналған стандарттау және икемділік;
3) академизм және көпфункционалды білім мен дағдылар;
4) оқытушылардың жүктемесіндегі оқыту мен зерттеу?
9. Болашақтағы университеттердің 4.0 Миссиясын таңдау түрінде ви-
зуализация арқылы ашып көрсетіңіз.
10. ЖОО адамның өмір бойы білім алуы қажеттілігіне және бо-
лашақтың беретін біліміне қойылатын базалық талап ретінде 
инклюзивтілікке қалай жауап беруі тиіс?
11. Әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету үшін 4.0 Университеті үлгісіне 
қатысты жоғары оқу орны мен оның қызметін өзгертуге арналған 
кемінде үш шешім ұсыныңыз. 


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
46
I I Т А Р А У
Білім беру бағдарламаларын 
интернационалдандыру 
барысындағы құндылықтар 
мен құзыреттер


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
47
Шолу 
Бұл бөлімде «білім беру құндылықтары», «жалпы құзырет-
тілік» және «ортақ құзыреттілік» ұғымдарына нақты тоқталамыз. 
Аталған терминдерге жоғары білім беру саласындағы әдеби мән-
мәтінде талдау жасалады және олардың «ХХІ ғасырдың дағдылары 
мен құзыреттері» ұғымымен байланысы айтылады. Өйткені ортақ 
құзыреттер жаһандық сипатқа ие болады (OECD, 2018). Жоғары 
білімнің халықаралықтандырылуы мен жаһандануы жағдайында 
университет бағдарламаларындағы құндылық бағыты өзекті сипат 
алады.
Білім беру саласындағы көптеген заманауи зерттеушілер 
құндылықтардың жаһандық дағдарысын атап өтуде (Bok, 2009
34

Knight, 2014
35
; Mohan & Bhushan, 2017
36
). Мысалы Мохан мен 
Бушан технологиялық прогресс пен адамзат құндылықтары-
ның дағдарысы арасындағы келесі қайшылықты атап өтеді: Бір 
жағынан, жылдам жүретін көлік, жаңарту, қалаландыру, коммуни-
кациялық технологиялар, әлеуметтік желілер мен инфрақұрылым-
34
Bok, D. (2009). Universities in the Marketplace: The Commercialization of Higher Education. Princeton: 
Princeton University Press
35
Knight, J. (2014). Is Internationalisation of Higher Education having an Identity Crisis? In A. Maldonado 
Maldonado & R.M. Bassett. (Eds), The Forefront of International Higher Education (pp. 75-87). Springer, 
Dordrecht
36
Bhushan, S., & Mohan, A. (2017). Higher Education in the World 6. Towards a Socially Responsible 
University: Balancing the Global with the Local: Chapter 5. Towards a Socially Responsible University: 
Balancing the Global with the Local (pp. 315-329). Girona: Global University Network for Innovation


Білім беру бағдарламаларын әзірлеу: 
жоғары білім берудің жаһандық мәселелеріне жауаптар
48
ды кеңейту тұрғысынан технологиялық, саяси-әлеуметтік және 
жаһандық бағыттарда айтарлықтай ілгерілеу бар. Екінші жағынан, 
жоғарыда айтылғандардың барлығының ұтымды, жақсы жағына 
шамадан тыс аяусыз пайдалану, материалдық және экологиялық 
ресурстардың ауқымды көлемін ысырап ету, жаһандық жылыну, 
қылмыс түрінің көбеюі және ең алаңдатарлығы, төзімділіктің ең 
қасиетті қырының, әлеуметтік-мәдени үйлесімділіктің физикалық 
және психологиялық әл-ауқатының бұзылуы кері әсерін тигізуде» 
(Mohan & Bhushan, 2017, 316-б.).
Жоғары білімнің жаһандануы жағдайында ғалымдар халықа-
ралық ғылыми қауымдастықты білім беруді құндылықтарға не-
гіздей отырып дамытуға шақырады (ағылш. values education). 
Мохан мен Бушан атап өткендей, құнды білім берудің мәні мен 
маңыздылығы «оқытушы мен жүйенің назарын өздерінің кәсіби 
тәжірибесінің, атап айтқанда, қамқорлық танытуға, өзара құрмет 
көрсетуге, адалдық және студент пен оқытушы арасында дұрыс, 
оң қарым-қатынас орнатуға қатысты ерекшеліктеріне баса назар 
аудара отырып, сапалы білім беру мықтылығының мәнін түсінуде» 
(Mohan & Bhushan, 2017, 318-б.).
Құндылықтар, білім-дағды мен құзыреттер оқу орнын бітірген 
түлектің ерекшелігі (атрибуты) болып қалыптасатынын айта кету 
керек. Ол атрибуттар – білім беру бағдарламаларының негізі са-
налатын философия, оны дамыту үшін университетте оқып жүр-
ген студенттер жауапкершілікті өз мойнына алуы керек. Түлектің 
атрибуттары – бойына сіңіруі тиіс дағдылардың тізімі; ол студент-
тер үшін де, ауқымды қауымдастық өкілдері үшін де университет 
бағдарламаларының сипаттамасын анықтайтын нұсқаулық бола 
алады. Олар екі түрге бөлінеді: студенттер мен түлектердің мі-
нез-құлқына әсер ететін ойлау тәсілі және олардың мүмкіндіктерін 
кеңейтетін дағдылар тобы.
Конструктивті келісім педагогикасын қолдана отырып, құн-
дылықтар мен дағдыларды, негізгі құзыреттерді өзара тығыз бай-
ланыста біріктіруге болады. Олар бір-бірін толықтырып тұрады 
және атрибуттардың түрлі комбинациясын студенттер мен түлек-
тер қызмет барысында да, академиялық ортада да, азаматтық қа-
рым-қатынаста да түрлі мақсатта жұмсай алады.


Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебі
49
Атрибуттар қоғамның, жұмыс берушілердің үздік білім беру 
тәжірибелері мен бенчмаркингтің болашақтан күтер үміттері мен 
құндылықтарын талдау негізінде тұжырымдалады. Бөлім білім 
беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде ескеру үшін осы талдаудың 
нәтижелері мен бірқатар кеңес ұсынады.

жүктеу 1,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   135




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау