xat.
janaozen
-gazeti@mail.ru
№
6 (1713)
ГАЗЕТ
1990 ЖЫЛДЫҢ
1 ҚАҢТАРЫНАН
ШЫҒА
БАСТАДЫ
4
АҚПАН
2015 ЖЫЛ
СӘРСЕНБІ
ГАЗЕТ АПТАНЫҢ
СӘРСЕНБІ КҮНІ
ШЫҒАДЫ
ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ГАЗЕТ
ЖАНА ЗЕН
»»» 2-бетте
»»» 8-бетте
» » » 3-бетте
Идеология
майданының
күрескері болды
Құстар әлемін зерт-
теп жүрміз бе?
- Мақсат Оңғарбайұлы, жыл басы жақсылыққа
толы болсын! Алғашқы сауалды былтырғы жыл-
дың есебінен бастасақ. 2014 жылды Өзіңіз басқа-
рып отырған ұжым қалай қорытындылады?
- Рахмет. Өздеріңіз білесіздер, өткен жылы «Өзен-
мұнайгаз» өзінің 50 жылдық мерейтойын атап өтті.
Осы мерейлі жыл қарсаңында біз мейлінше өндірісті
өркендетуге, мұнай өнімін арттыруға күш салдық. Мы-
салы, 2013 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 120
495 тонна мұнай артық өндірілді. Бұл - біздің ұжымның
еңбегінің нәтижесі. Жыл өткен сайын ескіріп бара
жатқан кенорыннан әрбір тамшы мұнайды өндіру үшін
көп күш қажет. Мұны осы салада жұмыс істеп жүрген
әрбір азамат жақсы біледі.
Мұнан өзге өткен жылы өндіріске бірқатар жаңа
технологиялар енгіздік, кәсіпшілік ішіндегі 300 шақы-
рым құбырларды жаңғыртылды, автопаркті жаңарту-
да жақсы жұмыстар іске асты, транспорттық басқарма-
лардағы техникаларды автобөлшекпен қамтудың
тиімді әдісі іске қосылды, өндірісті автоматтандыру
саласында табыстарға жеттік, мұнан өзге де сырттай
ұсақ-түйек болып көрінгенмен өндірістің өркендеуіне
ықпалы зор қаншама жұмыстар бітті.
2009 жылы «Өзенмұнайгаз» мұнайшыларының
әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағдар-
ламасы қабылданған болатын. Осы бағдарлама кен-
орындағы құрылыс ісінің қарқын алуына себепкер
болды. Әуелі мұнайшылар тамақтанатын жаңа асха-
налар салына бастады. Біз қазір мұнайшылардың ас-
ханаларын 100 пайызға жаңаладық. Скважиналарды
жерасты жөндеу бригадаларының қызметкерлері үшін
термостық жүйеде тамақтандыруды жолға қойдық.
Осымен, мұнайшыларды ас-ауқатпен қамту мәселесі
толығымен шешілді.
Сонымен қатар, әлгі бағдарлама бойынша топтық
қондырғы, сораптар станциясы қызметкерлері үшін
жаңа мәдени үйшіктер, операторлық блоктар бой
көтере бастады. Бұл нысандарда жұмыскерлердің
киім ауыстыруына, жуынып-шайынуына, аздап тыны-
ғуына толық жағдай жасалған. Бұл бағыттағы жұмыс 85
пайызға еңсерілді деп айтуға болады.
Компанияға қарасты Мұнай дайындау және өндіріс-
ке қызмет көрсету басқармасы, №3 Скважиналарға
қызмет көрсету басқармасы, Химияландыру және эко-
логия басқармаларында әкімшілік-тұрмыстық кешен-
дер іске қосылды. Сонымен бірге, №3 Мұнай газ өндіру
басқармасының жаңа әкімшілік ғимараты іске қосылды.
Қызылсай аулының мұнайшыларының жұмысқа
қатынауы үшін 50 орындық жаңа автостанция салын-
ды, ал, қаланың өндірістік зонасынан 1250 орындық
жаңа автобекетті пайдалануға бердік.
Қорыта айтқанда, 2014 жылы біз үшін игі өзгеріс-
термен, жақсы нәтижелермен аяқталды.
- Жаңаөзеннің жалғыз қамқоршысы болса, ол
– «Өзенмұнайгаз». Моноқалаға нендей көмекте-
ріңіз тиіп жатыр, қандай жобалардың іске асуын
қаржыландырып отырсыздар?
- Біз жыл сайын Жаңаөзен қаласына 750 мил-
лион, Қарақия ауданына 150 миллион теңге көлемінде
қаржылай қолдау көрсетеміз. Мәселен, жыл басын-
да Бостан аулына 50 орындық балабақша салып
бердік. Жаңаөзен қаласындағы Неке сарайын қаржы-
ландырған да «Өзенмұнайгаз». Компанияның демеуі-
мен Жаңаөзен-Қызылсай бағытында 18 шақырымдық
асфальт жол былтыр пайдалануға берілді. Жаңаөзен
қаласынан әлеуметтік жұмыс орындарын құруға 200
миллион теңге жәрдем жасадық. Жаңаөзен қаласын-
дағы шағынаудан іштерінде асфальт жол салуға,
абаттандыруға қолғабыс еттік. Қызылсай, Теңге ау-
ылдарынан екі бірдей 300 орындық мәдениет үйлерін
салып бердік. Мұнан өзге мұнайшылар қаласындағы
қоғамдық ұйымдарға, қоғамның мүжәлсіз топтарына
көрсеткен жәрдеміміз өте көп. Біз ірі мұнай өндіруші
компания ретінде өзіміздің өңір алдындағы жауап-
кершілігімізді ешқашан ұмытқан емеспіз.
- Қазіргі таңда әлем нарығындағы мұнай бағасы
түсіп жатыр. Бағаның құлдырауы «Өзенмұнайгазға»
қаншалықты әсер етіп отыр?
- Әрине, нарықтағы мұнайдың баррелі 45-50 АҚШ
доллары аралығында болуы Компанияға түсетін пай-
даны едәуір азайтып отыр. Бұл дегеніңіз – түскен кіріс
есебінен шығыс қаржыны белгілеп отырған біз үшін
шығыстарды қысқартуға түрткі болып отыр. «Қаз-
МұнайГаз» Ұлттық Компаниясы отандық кәсіпорын-
дардың басын қосып, осыған дейін бірнеше рет жина-
лыс өткізді. Бюджетті 80, 70, 60 кейіннен 50 доллармен
есептеп шығардық. Қысқасы, біз мұнай құнының
түсуіне байланысты, мейілінше етек-жеңімізді жинақы
ұстап, шығыстарды қысқартып отырмыз. Әрине, ең
маңызды-маңызды деген өндірістік жобаларымызды
іске асыруды жалғастырамыз.
- Мұнай бағасына байланысты дағдарыс әлем-
дегі кейбір ірі компаниялардың жұмыс орындарын
жаппай қысқарту, еңбекақыны уақытында төле-
меуі секілді соңы әлеуметтік құлдырауға алып келе-
тін жайттарға тіреп жатады. Осы жолғы жағдай
«Өзенмұнайгаздағы» жұмыс орындарын сақтау
мен еңбекақы төлеуге қаншалықты әсер етуде?
- Таяуда Маңғыстау облыстық әкімдігімен өзара
меморандумға қол қойдық. Аталған меморандум бо-
йынша «Өзенмұнайгаз» қалыптасып отырған жағдайға
байланысты жұмыс орындарын қысқартпауға, еңбек-
ақыны төмендетпеуге міндеттеме алды. Сол себепті,
мұнай құнының түсуі қаншалықты қабырғамызға батып
отырса да, біз өз мұнайшыларымыздың жұмыс орын-
дарын және еңбекақыны сақтап қаламыз.
90-жылдардағы дағдарыс кезінде мұнайдың бар-
релі 9 долларға дейін төмендеді. Өзен кенорны осы жыл-
дары аса қиын кезеңді бастан өткізді. Бірақ, Жаңаөзен-
нің қабырғалы халқы, төзімі берік мұнайшылары мұның
барлығын мұқалмас жігермен жеңіп шықты. Міне, осын-
дай күрделі кезеңнен өткен мұнайшылар осы сыннан да
сүрінбей шығады деп сенемін.
Осы сұхбатты пайдаланып, «өзенмұнайгаздық»
әріптестеріме дағдарысқа байланысты жұмыс орын-
дарын сақтау мен еңбекақы төлеуге байланысты
ешқандай мәселе болмайтынын айтқым келеді. Қай-
талап айтамын, бізде дағдарысқа байланысты жұмыс
орны сақталады және еңбекақы қысқартылмайды.
- Еңбекақының әрбір компанияда әртүрлі
төленуі осыған дейін отандық мұнай өндіруші
кәсіпорын жұмысшыларының наразылықтарына
жолығып келді. Сізде еңбекақы төлеуге байланыс-
ты қандайда бір мәселе бар ма?
- Өткен жылы Ұлттық Компанияның басқарма
төрағасы Сауат Мыңбаевтың бастамасымен Бірыңғай
еңбекақы төлеу жүйесі отандық мұнай өндіруші компа-
нияларға енгізіле бастады. Бұл жүйенің тиімділігі
сонда, енді қай облыста, қай компанияда болма-
Жұмыс орны, еңбекақы және
әлеуметтік пакет сақталады
Соңы 2-бетте.
Қиындыққа
мойымаған Люда
Қ
аламыздағы алғашқы га-
зеттердің бірі - «Жаңаөзен-
нің» жергілікті бұқаралық
ақпарат айдынында өзіндік орны
бар. «Жаңаөзенді» сүйіп оқитын, оны
өмірінің бір бөлшегі ретінде қарайтын
оқырман үшін бұл басылымның
орны бөлек. Тәуелсіз қазақ елінің
мұнайшылар қаласы Жаңаөзеннің
жиырма бес жыл бойғы әлеуметтік-
саяси, қоғамдық-мәдени өмірі азды-
көпті осы газеттің беттерінде жария-
ланды, жарияланып та келеді.
«Жаңаөзен» газетінің редакторы
Гүлназ Бөлекбаева оқырмандармен
кездесуде газеттің тарихынан сыр
шертіп, бүгінгі атқарып жатқан жұ-
мыстарын баяндап, алдағы жоспар-
ларымен бөлісті. «Оқырмандар да
өз кезектерінде қонақтарға ұсыныс-
пікірлерін білдіріп, кездесуді жан-
дандыра түсті. Ауыл әкімі Сағдат
Ақбердиев ауылдың әлеуметтік,
экономикалық
ахуалынан
мол
мағлұмат беріп, қонақтарға, «Жаңа-
өзен» газетінің ұжымына сый-сыяпат
көрсетіп, Алғыс хат табыстады.
Жиында Қызылсай ауылының ар-
дагер аталары құттықтау лебіздерін
айтты. «Жаңаөзен» газеті - жергілікті
жердің тыныс-тіршілігін, ондағы болып
жатырған оң өзгерістер мен жағымды
жаңалықтарды жалпақ жұртқа жа-
риялап отырған бірден-бір басы-
лым болғандықтан, оқырмандардан
көтерілген мәселереге орай өз та-
раптарынан үн қосып, ұсыныстарын
қабылдауға даяр екендерін жеткізді.
Ауыл тұрғындарымен кездесу ба-
рысында халықтың газетті оқуға
ынтасының жоғары екенін байқадық.
Сонымен қатар, кездесу барысында
қызылсайлықтар еңбек адамдары
туралы очеркті көбірек жазылғанын
қалайды екен. Оқырмандар газет
бетінен түрлі пайдалы кеңестер мен
әңгімелерді жазып тұруын да естен
қалдырмады.
Газеттің заманауи талапқа сай
безіндірілуі жақсарып қана қоймай,
материалдары сапалылығы жағынан
артып отыр. Бұған журналистер
қатарының
жас
мамандарымен
толығуы да өзіндік әсерін тигізбей
қойған жоқ.
Қорыта келе айтқанда газет
оқырмандарымен кездесудің бас-
ты мақсаты да сол адамдардың
пікірін біліп, газеттің бүгіні мен
ертеңі төңірегінде ой бөлісу бол-
ғандықтан кездесу жақсы деңгейде
өтті.
Гүлсім ОСПАН.
«Жаңаөзен» газеті -
Қызылсай ауылында
• 25 ЖЫЛ ОҚЫРМАНМЕН БІРГЕ
Сейсенбі күні қалалық «Жаңаөзен» газетінің 25 жылдық
мерейтойы аясында газет ұжымы Қызылсай ауылының
тұрғындарымен кездесті. Жиынға ауыл әкімі С. Ақбердиев,
ауыл ақсақалдары, тұрғындар, ұстаздар мен оқушылар
қатысты. Мерекелік шараны «Шаңырақ» мәдениет үйінің дирек-
торы Өтеміс Төлемісұлы жүргізіп отырды.