Дәріс13. Ірімшік және ірімшік бұйымдарын өндіретін жабдықтар
Дәріс жоспары:
1. Ірімшік өндіру әдістері.
2. Ірімшік өндіру жабдықтары.
Технология бойынша iрiмшiк өңдiрудiң ең бiрiншi операциясы, ол сүттi ұйыту, ұйытындыны өңдеу және сарысуды бөлу.
Iрiмшiк екi әдiспен өңдiрiледi:
бiрiншiсi дәстүрлi, қалыптасқан немесе классикалық, ол майлығы кәдiмгi нормаға келтiрiлген сүттен жасалады;
- екiншiсi бөлiп жасау әдiсi, ол майлығы кәдiмгi сүттi кiлегей бөлгiш сепараторларында сепарациялау, майсыздандырылған сүттен жасайды.
Іалыптасқан әдiс бойынша ол жүргiзiледi:
а) үздiктi жұмыс iстейтiн аппараттарда – iрiмшiк ванналарда және iрiмшiк дайындағыштарда;
б) үздiксiз жұмыс iстейтiн аппараттарда – көп секциялы iрiмшiк дайындағыштарда және коагуляторларда.
Iрiмшiктi бөлiп жасау әдiсiмен өңдiргенде сүттi ұйыту үшiн сыйымдылықтар қолданылады, ал сарысуды ұйытындыдан бөлiп алу үшiн арнайы iрiмшiк бөлгiш сепараторлар қолданылады.
Қалыптасқан әдiспен сарысуды бөлу, сүт ұйытқыш жабдықтардын конструкциясына байланысты. Iрiмшiк науаларын қолданғанда сарысуды пресс – арбамен немесе ұйытқыны престейтiн арнайы науа көмегiмен бөледi. Iрiмшiк жасағышты қолданғанда сарысу престiк науа арқылы бөлiнедi.
Келесi операция ол iрiмшiктi суыту. Онда суытқыштар қолданылады.
Iрiмшiктi бөлу әдiсiмен майсыздандырғанда, суытқышта суытылған iрiмшiк аралыстырғышқа түседi, онда кiлегеймен белгiлi пропорцияда араласады.
Iрiмшiктi бөлшектеп өлшеу, орау өңдiрудiң соңғы оперрациясы болып табылады. Оны автоматтармен салмағы 250 және 125гр. бөлшектеп пергамент қағазына төрт бұрышты брикет тәрiздi орайды.
Сүт зауттарында iрiмшiктiн бiр бөлiгiн басқа әртүрлi бұйымдар шығаруға қолданылады.
Iрiмшiктi жасау кезiнде сүттi ұйыту үшiн ВК-1,0 және ВК-2,5 (1 сурет) iрiмшiк науаларын қолданады. Осы науалар цилиндрлi тұрықтан, ыстық су беретiн немесе суық су шығаратын қысқа құбыр мен жылу алмастырғыш жейдеден, өнiмдi шығаратын шиберлi краннан және төрт тiректен тұрады.
Бiрiншi науа пресс-арбамен, ал екiншiсi сиымдылығы 700 л. iрiмшiк престегiш науамен жабдықталған.
1 сурет. Iрiмшiк науасы.
1 – кран; 2 – тiрегiш аяқтары; 3 – воронкасы; 4 – штуцер;
5 – бу шығаратын кран; 6 – ағызатын штуцер; 7 – тұрық.
Бақылау сұрақтары:
1. Ірімшік өңдеу қандай әдістермен жүргізіледі?
2. Қалыптасқан немесе дәстүрлі әдіспен ірімшік бөлу әдісі туралы түсіндіріп беріңіз?
3. Бөлу әдісімен ірімшік алу принципін түсіндіріңіз?
Ұсынылатын әдебиет:
4.1.1. Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971.
4.1.2. Ш. Тілегенов, Күзембаев, Н. Өсеров «Тамақтану кәсіпорынының жабдықтары» Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1999 ж., 253 бет.
4.1.3. Сурков В.Д., Липатов Н.Н., Золотин Ю.П. «Технологическое оборудование молочной промышленности». М. «Легкая и пищевая промышленность», 1983. – 431с.
4.1.4. Ивашов В.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности» Часть 1. М. Колос 2001 – 552 с
Дәріс14. Тамақ өнімдерін құйып жабатын және буып-түйетін машиналар мен автоматтар.
Дәріс жоспары:
1. Мөлшерлеу жабдықтары.
2. Үздіксіз және порциялы жұмыс істейтін дозаторлар
3. Шприцтер.
Мөлшерлегіштің негізгі міндеті - берілген материалдарды массасына қарай белгілі бір дәлдікпен бөлу. Мөлшерлегіштер мына талаптарға сай болу керек: материалды белгілі бір дәлдікпен мөлшерлеу, өнімділігі жоғары болу, мөлшерлегіштің жұмыс жүйесінің және басқару жүйесінің сенімді болуы.
Мөлшерлегіштер циклінің құрылымына байланысты үздіксіз және порциялы болады.
Мөлшерлеу әдісіне байланысты көлемдік немесе салмақтық болып бөлінеді.
Салмақ бойынша мөлшерлеу үлкен дәлдікті қамтамасыз ететіндіктен негізгі компонент қамырды мөлшерлеу үшін жиі қолданылады.
Көлем бойынша мөлшерлеудің құрылымы қарапайым, сондықтан осы жүйеге негізделген мөлшерлегіштер сенімдірек. Көлем бойынша мөлшерлеу сүйық компоненттерді мөлшерлеуді жеңілдетеді.
Құрылымына және жұмыс істеу цикліне байланысты мөлшерлегіштер келесідей жіктеледі.
Сусымалы және сұйық компоненттерді мөлшерлегіштер: үздіксіз мөлшерлегіштер және кезеңді мөлшерлеу болып бөлінеді.
Сусымалы компоненттерді үздіксіз мөлшерлегіштер:
а) барабанды;
ә) табақшалы;
б) шнекті;
в) таспалы;
г) вибрациялы
Сусымалы компоненттерді кезеңді мөлшерлеу:
а) шанақты
Сұйық компоненттерді үздіксіз мөлшерлегіштер:
а) дроссельді;
ә) барабанды;
б) ожаулы;
в) станканды;
г) шестернялы;
д) поршенді
Сұйық компоненттерді кезеңді мөлшерлеу:
а) қалтқылы;
ә) мембраналы;
б) электродты
Ет және сүт өнеркәсiбiнде дозалап толтыратын машиналар көп қолданылады. Қысым әсерiмен қабықшаны механикалық жолмен толтыратын машиналар тобына шприцтердi жатқызады. Шприцтер шұжық қабықшасын тартылған етпен, сонымен қатар сүт өнеркәсiбiнде балқытылған сырды жасанды қабықшамен толтыруда қолданылады.
Сусымалы компоненттерге арналған. Сұйық компоненттерге арналған.
Өндiрiсте қолданылатын шприцтер мына талаптарға сай болуы тиiс:
Өнiмнiң сапасы мен бастапқы қасиеттерi сақталуы;
Шпиг бөлiктерiнiң пiшiнi сақталып, олар фарштың барлық көлемiнде таралуы;
Өнiм құрамына ауаның кiрмеуi, машинаны майлайтын және бөтен бөлшектердiң түсiп кетпеуi;
Фаршты әперу үшiн өстiк қысымның қолданылуы;
Фарштың жүктеу орнынан цевкаға дейiнгi ең қысқа жолы қамтамасыз етiлуi;
Өнiм ағынының жылдамдығын реттеу мүмкiндiгi;
Өндiрiсте механикалық, гидравликалық, сонымен қатар өнiмдi мерзiмдi және үздiксiз әрекеттi әперушi пневматикалық шщприцтер қолданылады.
Бақылау сұрақтары.
1. Салмақтық мөлшерлегіштердің қандай түрлерін білесіз?
2. Ұн мөлшерлейтін мөлшерлегіштердің қандай түрлерін білесіз?
3. Қою шикізаттарға қандай мөлшерлегіштер қолданады?
4. Електі мөлшерлегіштің қандай маркаларын білесіз?
Ұсынылатын әдебиет:
4.1.1. Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971.
4.1.2. Ш. Тілегенов, Күзембаев, Н. Өсеров «Тамақтану кәсіпорынының жабдықтары» Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1999 ж., 253 бет.
Дәріс 15. Тамақ өнімдерін өлшеуге арналған жабдықтар.
Дәріс жоспары
1. Таразылардың жіктелуі.
2. Электронды таразылар.
3. Бақылау-кассалық машиналар.
Тамақтану саласында көп тараған жабдықтардың бірі - таразылар. Кез-келген кәсіпорындарында таразының көптеген түрі кездеседі. Өндірісті ұйымдастыру кезінде шикізаттардың жалпы шығынын ғана емес олардың жылдам өлшемденуі қажет.
Тамақтану орындарында шикізаттарды өлшеу үшін өлшеу шектері грамнан бірнеше таразылар пайдаланылады. Таразылар деп заттардың салмағын анықтауға арналған өлшеу құралдарын айтады. Таразылар келесі белгілеріне байланысты төмендегідей жіктелінеді:
- теңестіру тәсіліне қарай (иінді, электромеханикалық серіппелі);
- орналастыруына қарай (стол үстіне орнатылатын, жылжымалы, тұрақты);
- көрсеткіш құрылғысының тұріне қарай (өлшегіш касса, циферблатты, қалтқы тасты, шкалалы);
- ең жоғары салмақ өлшеу дәрежесіне қарай (тұрмыста қолдануға арналған таразылар, дүкенге арналған, автокөлік өлшеуге арналған, вакуумдапрды өлшеуге арналған).
Электронды таразылар алдын-ала орап қойылған немесе жеке дара сатылатын алықтүлік заттарын өлшеуге арналады. Мұндай таразымен затты өлшеудің барысында сол заттың белгіленген 1 кг бағасына сәйкестендіріп құны көрсетіледі. Бұл таразының циферблаттық таблосында заттың өлшенген салмағы бағасы көрініп, таразыдағы мәліметтер шегіне жазылады.
Таразыларға қойылатын талаптар:
Дәлдеп өлшеу және заттың өлшенген салмағын нақты көрсету.
Таразылардың сезгіштігі.
Өлшенген заттың салмағын тұрақты көрсетуі.
Заттың салмағының тез арада өлшенуі.
Заттың салмағына байланысты сәйкес келуі.
Таразылардың төзімділігі.
Таразылардың материалдарының бейтараптығы.
Таразыларды ыңғайлылықпен күту.
Бұл талаптар стандарт-метрологиялық құжаттарында сақталып, орындалуы тиіс.
Санау операцияларымен бірге шек басып беруге арналған санап қосу құрылғыны бақалау кассалық машина дейді. Олар электромеханикалық және электрондық түрде жасалады. Машинаның моделі 4 сандық индекспен белгіленеді. Бірінші сан қосу санауыштардың саны, екінші сан кассадан өтетін жинақталған ақшаларға арналған клавищтердің қатарының сандары, үшінші сан, алынатын клавищтердің саны, төртінші сан шиферлеуге арналған клавищтер саны Функциональдық ерекшеліктеріне байланысты мұндай машиналар үш топқа бөлінеді:
1-ші топқа шек және бақылау лентаны басатын машиналар кіреді.
2-ші топқа бланк пен бақылау лентаны басатын машина кіреді
3-ші топқа бланк, шек және бақылау лентаны басатын машиналар кіреді.
Бақылау сұрақтары:
1. Таразылардың тағайындалуы ?
2. Таразылар қалай жіктеледі?
3. Электронды таразылар не үшін қажет?
4. Таразыларға қандай талаптар қолданылады?
5. Бақылау-кассалық машиналар қалай жіктеледі?
Ұсынылатын әдебиет:
4.1.1. Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971.
4.1.2. Ш. Тілегенов, Күзембаев, Н. Өсеров «Тамақтану кәсіпорынының жабдықтары» Ы. Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1999 ж., 253 бет.
4.1.3. Қ. Күзембаев, Ш.Тілегенов., Еркебаев М. Нан зауыттары мен наубайханалардың технологиялық жабдықтары. /оқулық/ - Алматы. Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясының Республикалық баспа кабинеті, 1999 ж., 217 б. (61-76 беттер)
14. Зертханалық сабақтар тақырыптары және олардың қысқыша мазмұны
Әр лабораториялық сабақтың дайындалуын тақырыптың негізгі ережелерінің қайталауынан бастау қажет және бақылау сұрақтарына жауап беру керек.
Оқулықпен жұмыс істеу кезінде қарастырыл отырған тақырып бойынша есептерді шешу қажет. Есептерді өз бетімен шешу керек, себебі осы кезде алған теориялық білімдері жақсы меңгеріледі және бекітіледі.
Барлық талап етілген есептерді өз бетімен шығару, одан кейін оқулықтарда және оқу әдістемелік нұсқауларында шығарылып көрсетілген есептерге талдау жасау өте пайдалы
Типтік есептерді біз аудиториялық лабораториялық сабақтарда шешеміз. Үй тапсырмаларын орындау кезінде туындаған сұрақтарға студенттердің оқытушы қол астындағы өздік жұмысы (ОСӨЖ) кезінде жауап беремін.
Қарастырылатын материалдарды толық меңгеру үшін әр тақырып бойынша қысқаша конспект жасау керек, оған негізгі анықтамаларды, барлық формулаларды және олардың ішіндегі шамалардың физикалық мәнін талдау жасай отырып жазу керек.
Әр тақырыптар бойынша есептердің шешімдерін және барлық жазбаларды лабораториялық сабақтарға арналған жеке дәптерге жазу керек.
Өздеріңіздің өз бетімен дайындалған материалдарыңыз одан әрі емтихан алдындағы пәнді қайталау кезінде үлкен көмекші құрал болып табылады, сонымен қатар іс жүзінде анықтама ретінде пайдаланылуы мүмкін.
15. Студенттердің өзіндік жұмысы үшін тапсырмалар
Әдістемелік ұсыныстар
Әрбір студентке пәнді оқу барысында жеке үй тапсырмалары беріледі. Үй тапсырмалары пәннің негізгі бөлімдерінің барлығын қамтиды және теориялық білімдері қандай деңгейде меңгерілгенін және сол теориялық білімдері практикалық есептерді шешуге қолдана алатындығын көрсетеді.
Әрбір тапсырма А4 формат беттерде орындалу және есептеу жұмыстарына қойылатын талаптарға сай рәсімделіп жазылуы қажет. Өздік жұмыс анық жазуымен жазылу керек. Есептеу - графикалық жұмыстың сыртқы бетінде студенттің аты-жөні, мамандығы, курсы, тобы, вариант номері және тапсыру уақыты көрсетулі керек.
Есептерді шешу кезінде оларға қысқаша түсініктемелер беріледі, есептерде қолданатын барлық формулар міндетті түрде көрсетіледі және қажетті сызбалады масштабын ескеріп орындалады. Үй жұмысының соңында пайдаланылған әдибеттерге сілтеме жасау қажет.
Тапсырмаларды орындауды оны тапсырудың соңғы күніне қалдырмаңыз. Өкінішке орай кебір студенттер солай жасайды. Сізге бұл жағдайда күрделірек есептерді шешу кезінде қиыншылықтар туындайды.
Егер сіз тапсырма жұмыстарын орындағанда белгіленген графикті ұстансаңыз, есептерді шешу кезінде туындаған сұрақтарға ОСӨЖ өткізу кезінде жауап бере аламын.
Бақылау есептерінің номерін студенттің сынақ кітапшасының соңғы саны бойынша (кесте 1), ал есепте көрсетілген шамалардың сандық мәндерін студенттің сынақ кітапшасының соңғы санының алдындағы сан бойынша алады (кесте 2).
Есептерді шығаруға қажетті жетіспейтін параметрлерді берілген оқулықтың қосымша кестелерінен немесе басқа анықтамалық оқулықтардын алуға болады.
Зертханалық сабақ №1
Тақырыбы: Технологиялық жабдықтардың жұмысшы органдарының конструкциясын оқу: аспалы жолдар және еткомбинатының конвейерлерi
Жұмыстың мақсаты:
Аспалы жолдар мен конвейерлердiң негiзгi жұмысшы органдарының конструкциясын оқып-үйрену, негiзгi технологиялық есептердiң орындалу әдiстерiмен танысу.
Жалпы мағлұматтар.
Аспалы жолдар технологиялық ағынның топтасу тәсiлi болып табылады. Ол өнiмдi есептеу процесiндегi сияқты өнiмнiң берiлiсiне және ауыр жүктердi цехаралық тасымалдауға негiзделген.
негiзгi қасиеттерi мыналар:
-қайта өңдеу процесi кезiнде өнiмнiң ластануы болмайды;
-қосымша қозғалмалы оперциясыз жан-жақтан өнiм өңдеу жағдайы пайда болады;
-цехтарда талап етiлетiн санитарлы-гигиеналық жағдайларын қолдану мұмкiншiлiктерi қамтамасыз етiледi;
-ветеринарлы-санитарлық бақылау талабына сәйкес аспалы жолдардағы өнiмдер ағыннан шғарылады немесе қосылады.
Аспалы жолдар классификациясы. Классификацияны маңызды белгiлер қатарымен жұргiзу қабылданған.
Салмақ тұсу бойынша. Аспалы жолдар механикалық салмақпен конвейерлi немесе механикалық салмақсыз – конвейерсiз болады.
Орналасуы бойынша. Аспалы жолдар жазықтықты (тiк, көлденең, көлбеу) және кеңiстiктi болады.
Салмақ органының тұрi бойынша. Аспалы жолдар шынжырлы, арқанды шнектi және штангiлi болуы мұмкiн.
Іозғалыс тұрi бойынша. Аспалы жолдар толассыз және ұздiксiз қозғалыста болады.
Жұк көтеретiн органының конструкциясы бойынша:
-троллея және iлгект; -бекiтiлген iлгектi;
Жұкке конвейерлi шынжырдан қозғалыс беру тұрi бойынша: итергiш және жұк тасымалдағыш.
Жетек тұрi бойынша. Аспалы жолдар электрлi гидравликалы жiне пневматикалық болады.
Жетек саны бойынша: бiр жетектi, көп жетектi және топты жетектi болып келедi.
Орналасуы бойынша:
-малдың бiр тұрiн қайта өңдеуге арналған қарапайым аспалы жолдар.
-малдың бiрнеше тұрiн қайта өңдеуге арналған универсалды аспалы жолдар. (Захаров конвейерi)
Аспалы жолдардың негiзгi техникалық параметрлерiн анықтау.
Тарту коэффициентерiн анықтау.
Тарту коэффициентi (k) деп жұктi тұсiруiне қажеттi салмақтың (S,H) тасымалданатын жұктiң ауырлық кұшiне (G,H) қатынасын айтамыз.
k=S/G
Достарыңызбен бөлісу: |