Анықтамалық Білім беруге, адам капиталының дамуына инвестиция жұмсау жалпы қоғам игілігінің кілті


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2015–2020 жж. БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ



жүктеу 222,77 Kb.
Pdf просмотр
бет2/7
Дата25.11.2017
өлшемі222,77 Kb.
#1769
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2015–2020 жж. БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ     

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ                                                               

 

 



Тестілеудің  мақсаты  мемлекет  пен  жоғары  білім  беру  жүйесі 

түлектердің  алдына  қойып  отырған  түрлі  зияткерлік  міндеттерді  шеше  алу 

қабілетін  анықтау  болғандықтан,  ҰБТ  да  түбегейлі  қайта  қарауды  қажет 

етеді.  Осыған  орай,  ҰБТ  бағалаудың  заманауи  әдістерінің  кең  ауқымын 

қамтып,  оқушылардың  түрлі  пәндер  бойынша  жетістіктерін  дәл  бағалауы 

тиіс. 


Үштілді  білім  беруде  «үштілділік»  пен  «үштілді  білім  беру»  сынды 

ұғымдарының әмбебап және ортақ бір анықтамасының келісімі жоқ, сондай-

ақ, өзге елдердегі түрлі үлгідегі үштілді білім бағдарламаларында студенттер 

қандай  нәтижеге  жеткені  және  қалай  жеткені  жайында  да  түсінік  аз. 

Ағымдағы  жоспарлау  үштілді  білім  беруге  қатысты  жеткіліксіз  ақпаратқа 

және ішінара жалған тұспалдарға негізделуде. 

Оқушылардың  қазақ,  орыс  және  ағылшын  тілдерін  меңгеруге  тиіс 

деңгейлерді анықтауда жүйелілік  жоқ.  Сондай-ақ,  оқу  бағдарламаларының  

мақсаттары    үштілді    білім    беру  мақсаттарымен  анық  келісілмеген,  ал  тіл 

үйренуді  бағалау  жүйесі  оқу  бағдарламасының  мақсаттарымен  үндеспейді. 

Аталған  мәселелер  оқу  бағдарламасы  мен  оқулықтарды  әзірлеуді 

жоспарлауда  және  мұғалімдердің  біліктілігін  көтеруде  қиындықтар 

тудырады.  Үштілді  білім  беруге  мүдделі  тараптар  басқарудың  ағымдағы 

мақсаттарына жету үшін жеткілікті ынтымақтаспайды. 



Теңдік және инклюзивті білім беру 

Білім  беру  саласындағы  теңдікті  қамтамасыз  етуге  байланысты  көп 

күш-жігерге  қарамастан,  ауылдық  мектептерге  баратын  балалар  қала 

мектебінің балаларына қарағанда айтарлықтай тиімсіз жағдайда. Бұл мәселе 

инфрақұрылымға  және  оқытушылардың  біліктілігін  жетілдіру  жүйесіне 

инвестиция  салуды,  сондай-ақ  мектептерді  әділ  қаржыландыруды  талап 

етеді.  Егер  шағын  ауылдық  мектептердің  қиындықтарын  ескермесе, 

ұсынылып  отырған  жан  басына  қаржыландыру  жүйесі  де  теңсіздіктің 

себебіне айналуы мүмкін. 

Ауылдық  жермен,  балалардың  ана  тілімен  және  мектептегі  оқыту 

тілінің  арасында  ескерілуге  тиісті  күрделі  әрекеттестік  бар.  Қалалық  және 

ауылдық  өңірлерде  орыс  тілінде  оқитын  балалар  қазақ  тілінде  оқитын 

балаларға қарағанда ҰБТ мен PISA тестерінен жақсы нәтиже көрсетеді. Өзге 

тілдерде  білім  алатын  балалар  қазақ  және  орыс  тілінде  білім  алатын 




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2015–2020 жж. БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ     

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ                                                               

 

 



балаларға қарағанда қолайсыз жағдайда. Бұл балалардың ҰБТ-ны ана тілінде 

тапсыру мүмкіндіктері жоқ. 

Мемлекеттің  интернаттық  мекемелерінде  өскен  балалар  әлеуметтік  

қысымның, жұмыссыздық пен кедейшіліктің құрсауында қалуда. 

Білім  беру  жүйесі  арнайы  мұқтаждықтары  бар  балаларды  тиісті 

біліммен  инклюзивтік  оқытуды  іске  асыру  арқылы  қамтамасыз  етпейді. 

Аталған  мәселелер  қатарына,  білімнің  қойылған  талаптарға  сәйкессіздігі, 

айрықша  мұқтаждықтары  бар  балалармен  жұмыс  тәжірибесі    жоқ  

мұғалімдер    мен    оқуды    тиісті    қолдаудың    жоқтығы    кіреді.    Айрықша 

мұқтаждықтары  бар  балаларды  жалпы  білім  беру  мектептеріне  қосудың 

қаржыландыру  тетіктері  қарастырылмаған.  Жан  басына  қаржыландыру 

жөніндегі  жаңа  жүйенің  бір  құрамдасы  –  «оқу  жетістіктері  үшін  гранттар» 

оқушылары ҰБТ-да жоғары балл алған мектептерді  көтермелеуге  арналған.  

Бұндай    бонустық    жүйе    жақсы    атағы    және    озат  оқушылар  құрамы 

жинақталған,  қолайлы  шарттары  бар  мектептерге  бағытталатындықтан 

қаржыландырудың  мұндай  жүйесі  білім  сапасын  көтерудің  икемді  тетігіне 

айналуы мүмкін. Қалған мектептер айтарлықтай кемсітіледі. 

Мұғалімдер және олардың кәсіптік дамуы 

Мұғалімдерге  еңбекақы  төлеудің  қазіргі  жүйесі  бөлшектелген  әрі 

әкімшілендіруде  күрделі.  Мұғалімдік  ставка  оқытушының  сағатты 

жүктемесіне  байланған,  бұл  сабақ  берудің  креативтік  және  инновациялық 

әдістерін қолдануға мүмкіндік бермейді. Жүйенің тиімділік көрсеткіші төмен 

(студенттердің саны мен оқытушылардың саны арасындағы қатынас 8:1). Бұл 

жағдай  тиянақты  талдауды  және  мектеп  желісін  рационализациялау  мен 

кадрлық нормаларды қайта қарауды қажет етуі мүмкін. 

Қазақстанда  мұғалім  мамандығына  жоғары  білікті  кандидаттарды 

тарту,  іріктеу  және  даярлауда  айтарлықтай  салмақты  проблемалар  бар. 

Педагогикалық білімді шұғыл реформалау қажет және мансаптық өсу жүйесі 

кәсіптік  оқыту  мен  дамыту  жүйесін  жақсартудың  мақсаттарымен  үндесуі 

тиіс.  Сондай-ақ,  мұғалімнің|  9мектеп  пен  кәсіптік  оқытудың  мақсатына 

сәйкес  келетін  айқын  стандартардың  болуы  және  осы  стандарттарды 

мұғалімдерді оқытуда, оқушылар мен оқытушыларды бағалау бағдарламасын 

әзерлеуде қолдану қажеттілігі бар.   

 



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2015–2020 жж. БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ     

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ                                                               

 

 



Инфрақұрылым және қорлар 

Бүгінде  республикада  көптеген  мектептердің  ғимараттары  білім  беру 

мақсаттарына 

арналмаған 

және 

инфрақұрылымдардың 



қазіргі 

стандарттарының  талаптарына  сай  емес.  Мектептердің  көпшілігінде  тиісті 

оқу ортасын қамтамасыз ететін қажетті шарттар мен ресурстар жоқ. Мысалы, 

оқушылардың  алған  білімін  тәжірибеде  өздігімен  қолданып  көретін, 

тәжірибелік сабақтарға арналған тиесілі құралдардың болмауын атап айтуға 

болады.  



Өзгерістерді басқару 

Стратегиялық  қадамдар  өзгерістерді  енгізу  үшін  қабылдануы  тиіс. 

Назарды жүйенің өзара әрекеттес элементтеріне көбірек бөлу қажет (мысалы, 

бағалауға,  оқу  бағдарламасына,  мұғалімдердің  біліктілігін  арттыруға), 

өйткені  олар  білім  берудің  барлық  жүйесінде  әзірленген  және  енгізілген. 

Мектептерде,  облыстық  білім  беру  департаменттерінде  және  Министрлікте 

маңызды  басшылық  лауазымда  отырғандарға  осы  баяндамада  сипатталған 

және  Қазақстанда  орын  алып  жатқан  орасан  өзгерістерді  басқаруды  үйрену 

қажет. 

Техникалық және кәсіптік білім 

Білім беруді дамыту бағдарламасының стратегиялық мақсаттары оның 

болашағына  сүйенуі  тиіс.  Қазіргі  кезде  «жоғары  білікті  жұмыс  күшінің 

даярлау»  ретінде  сипатталған,  келешекте,  яғни  2020  жылы  жүзеге  асыруға 

жоспарланған,  «жоғары  білікті  жұмыс  күші»  жетістіктерінің  қалаулы 

нәтижелерін 

сипаттайтын, 

өлшенетін 

стратегиялық 

мақсаттардың 

жиынтығына  айналдыру  қажет.  Сондай-ақ,  Бағдарламаның  «ТжКБ 

мазмұнының  құрылымын  жаңғыртуға»,  «персоналды  оқыту  үшін 

инфрақұрылымды  дамытуға»  бағытталған  ТжКБ  қатысты  міндеттерін  олар 

шынымен  де  келешек  межеге  жетуге  ықпал  етуі  үшін  дәл  айқындау  керек. 

ТжКБ  жүйесін  жаңғырту  үшін  бағдарламалық  меже  мен  ТжКБ-ның 

стратегиялық  мақсаттарының,  нысаналық  көрсеткіштерінің  арасындағы 

байланысты  сыни  тұрғыдан  қайта  қараған  жөн.  Бағдарламаның  әрбір 

стратегиялық міндеті үшін даму бағдарламасын әзірлеу керек. 

Білім  беруді  дамыту  бағдарламасы  Қазақстандағы  ТжКБ  жетілдіру 

бойынша бірқатар шараларды қамтығанына қарамастан, ол адам ресурстарын 

дамыту  жөніндегі  маңызды  халықаралық  конвенцияларда,  ХЕҰ,  ЮНЕСКО 



жүктеу 222,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау