Анықтамалық Білім беруге, адам капиталының дамуына инвестиция жұмсау жалпы қоғам игілігінің кілті


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2015–2020 жж. БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ



жүктеу 222,77 Kb.
Pdf просмотр
бет6/7
Дата25.11.2017
өлшемі222,77 Kb.
#1769
түріАнықтамалық
1   2   3   4   5   6   7

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2015–2020 жж. БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ     

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ                                                               

 

13 


 

қарай  139  ЖОО-ның  жалпы  санының  3,6%  толық  институционалдық 

аккредиттеуден  өтті,  тағы  16,6  пайызы  осы  мақсатқа  2013  жылдың  аяғына 

дейін жетеді деп күтілуде. Тура осы шамадағы оқу орындары нақты пәндер 

бойынша  аккредиттеуден  өтті.  Қаржыландыру  мемлекеттік  тапсырысты 

үлестіру  аккредиттеуге  байланысты  болады  (төменде  қараңыз).  Алайда 

сапаны  қамтамасыз  ету  мәдениеті  мен  институционалдық  деңгейдегі 

жауапкершілікке емес, сапаны орталықтандырылған бақылау мен белгілі бір 

ережелер мен нормаларды сақтауға деген тәуелділік әлі бар. 

Оқуға  түсу  мүмкіндігі  мен  теңдік:  ЖОО  санын  қысқарту  саясаты 

кедейшілік  деңгейі  жоғары  салаларға  теңгерімсіз  ықпалы  болуы  мүмкін. 

Сонымен  қатар,  ауылдық  және  қалалық  тұрғындар  арасындағы  жоғары 

біліммен қамту деңгейіне қатысты айырмашылық та бар. 

Бұған  мысал  ретінде,  ауылдық  мектеп  түлектерінің,  әсіресе,  шағын 

мектепті  тәмамдап  шыққандардың  күндізгі  жоғары  білім  алу  үшін  қажетті 

ҰБТ  балын  алуда  кезігетін  қиындықтарын  жатқызуға  болады.  2010  жылы 

Ұлттық  біліктілік шеңберлері  қабылдағанына  қарамастан,  Техникалық  және 

кәсіптік білім мен жоғары білім арасында айқын байланыс жоқ. Бұл даму мен 

трансформация үдерісін бұлыңғыр, кей жағдайда тіпті мүмкін емес қылады. 

Жұртшылықтың  техникалық  және  кәсіптік  білім  сапасына  сенімсіздікпен 

қарайтындығына  және  осы  біліктіліктердің  болуы  дәреже  алуға  қажетті 

мерзімді қысқартпайтынына қатысты жеткілікті дәлелдер бар. 



Екінші  басымдық  –барынша  білімге,  жоғары  технологияға 

негізделген,  қарқынды  өзгеріп  жатқан  экономикадағы  еңбек  нарығының 

талаптарына жоғары білімнің сай болуына жету. 

Еңбек  нарығы:  2011  жылғы  жұмыссыздықтың  5  пайыздық  деңгейіне 

бағаланған  түлектердің  жұмысқа  орналасу  көрсеткіші  айтарлықтай 

қанағаттанарлық. Жұмыс күшінің құрылымы ел үшін «табыс деңгейі орташа» 

көрсеткіш  болғандықтан,  болашақта  ықтимал  экономикалық  өсім  жұмыс 

күшінің орта (өнеркәсіп және құрылыс) және жоғары (қызмет көрсету) білім 

деңгейлеріне  өтуімен  байланысты  болмақ.  Технологиялардың  дамуы  және 

жаһандасудың  ұлғаюы  түлектердің  өз  машықтарын  үнемі  дамыту  және 

кәсіптік білімдерін жетілдіру талаптарына дайын болуы керектігін білдіреді. 

Кез  келген  түлектің  алғашқы  университеттік  дәрежесі  кейін  оның  кәсіптік 

мамандануына  тірек  болатын  негізді  қамтамасыз  еткені  маңызды.  Сол 

арқылы  әдетте  «өмір  бойына  оқу»  деп  аталатын  мәселе  тұрақты  жаңарып 




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА 2015–2020 жж. БІЛІМ БЕРУДІ РЕФОРМАЛАУДЫҢ     

СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ. ҚЫСҚАША АНЫҚТАМАЛЫҚ                                                               

 

14 


 

отырмақ.  Есепте  қазақстандық  студенттер  қазіргі  уақытта  оқып  жатқан 

пәндердің  тізбесі  қаралып,  олардың  еңбек  нарығына  дайындығы  қозғалады. 

Сондай-ақ, Қазақстан мен өзге елдердің арасындағы едәуір айырмашылықты 

көрсететін,  студенттердің  оқытылатын  мамандықтар  бойынша  үлестірілуі 

салыстырылады.  Соның  ішінде  бизнес  және  құқық  бағдарламаларына 

студенттердің  көптеп  баруы  мен  ғылыми-техникалық  мамандықтарға  өте  аз 

бару  деңгейінің  сақталуы  Қазақстан  талпынып  отырған  технологияларға 

негізделген, 

инновациялық 

экономиканың 

мұқтаждықтарын 

өтей 

алмайтындығы да аталған. Оның үстіне бизнес және құқық бағдарламасының 



осынша көп түлектеріне деген сұраныс шексіз жалғаса бермейтіні анық. 

Кәсіби дайындық пен білім берудегі жауапкешілікті жақсарту бойынша 

мемлекеттік  шаралар:  Бүгінде  еңбек  нарығының  қажеттілігін  мемлекеттік 

тапсырыс  негізінде  анықтаудан  кету  үшін  жоғары  білім  мен  еңбек 

нарығының арасындағы байланысты нығайтуға арналған бірнеше бастамалар 

ұсынылуда.  Ұлттық  біліктілік  шеңберлерін  толық  енгізу  жұмыс  берушіге 

білім  беру  біліктіліктерін  жүйенің  барлық  деңгейінде  мойындауына 

мүмкіндік береді. 

Мәселелер:  (i)  ғылыми-техникалық  бағыттағы  түлектердің  үлесін 

арттыру; (ii) МСКО 5В (үшінші В) деңгейіндегі жоғары білімнің техникалық 

деңгейіне  ден  қою;  ((iii)  еңбек  нарығында  мансаптық  өсу  ықтималдығы 

туралы  ақпараттандыру;  (iv)  бағдарламалардың  еңбек  нарығына,  зерттеулер 

мен  дамуға  сәйкестігін  көтеру  ҚАЖЕТ.  Сонымен  қатар,  білім  беру 

деңгейлерінің  арасындағы  байланыстың  жоқтығы  (бірінші  басымдықта 

айтылған) өмір бойы оқуға кедергі болуы мүмкін. 

Үшінші басымдық – халықаралық мойындалған ғылыми зерттеулер 

үшін  және  білімнің  ықпалдасуы  үшін,  ЖОО-дағы  инновация  мен 

зерттеулер үшін әлеует құру. 

Жоғары 


оқу 

орындарында 

зерттеу 

жүргізу 


мүмкіндіктерін 

қалыптастыру:  2001  жылдан  Ғылым  туралы  заң  күшіне  енгеннен  бастап 

Қазақстанда  ғылыми  зерттеулерді  ынталандыру  үшін  ЖОО-ларды 

қаржыландыру  ұлғайды.  Қазіргі  таңда  ЖОО-лардың  зерттеулер  мен 

инновациялар саласында әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру 

үшін  олардың  әлеуетін  дамытуға,  сондай-ақ,  білімнің,  инновация  мен 

ғылымның ЖОО-дағы ықпалдасуына бағытталған  бірнеше  бастамалар  іске  

асырылуда.    Негізгі    стратегиялар:    (I)    әлемдік  нарықтағы  бәсекеге 




жүктеу 222,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау