Балалардың ерте жастан дамуы үшін олардың әлеуметтік дағдыларын және өз бетінше оқу дағдыларын дамытатын бағдарлама



жүктеу 0,52 Mb.
бет1/2
Дата15.01.2020
өлшемі0,52 Mb.
#26729
  1   2


2

Қазақстан Республикасы



Білім және ғылым министрінің
2018 жылғы «5 » желтоқсан № 668

бұйрығымен бекітілген




Балалардың ерте жастан дамуы үшін олардың әлеуметтік дағдыларын және өз бетінше оқу дағдыларын дамытатын бағдарлама


1-тарау. Түсіндірме жазба


  1. Балалардың ерте жастан дамуы үшін олардың әлеуметтік дағдыларын және ӛз бетінше оқу дағдыларын дамытатын бағдарлама (бұдан әрі – Бағдарлама) Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Тӛртінші ӛнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмасын орындау үшін әзірленді.




  1. Ерте жас - тұлғаның дамуындағы ең маңызды кезең. Бұл баланың болашақ ӛміріне қажетті әлеуметтік ортаны, заттарды және қарым-қатынасты, табиғатпен қарым-қатынас жасау тәсілдері мен адамдардың арасындағы қарым-қатынас нормаларын игеру кезеңі.




  1. Баланың құнды әлеуметтік тәжірибені ересектің басшылығымен жинақтауы баланың жас ерекшелік әлеуетін ашуға және үлкен ӛмірге табысты енуіне ықпал етеді.




  1. Заманауи мектепке дейінгі педагогикада әлеуметтену ұғымы тұлғаның қалыптасу процесін, оның қоғам талаптарын біртіндеп игеруін, қоғаммен ӛзара қарым-қатынасты реттейтін сана мен мінез-құлықтың әлеуметтік маңызды сипаттамаларын игеруді білдіреді. Әлеуметтендіру - екі жақты процесс, бір жағынан, жеке тұлғаның әлеуметтік ортаға, әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесіне ену жолымен әлеуметтік тәжірибені игеруін, екінші жағынан, жеке тұлғаның белсенді әрекеті, әлеуметтік ортаға белсенді енуі есебінен әлеуметтік қарым-қатынастар жүйесін белсенді жаңғырту процесін қамтиды.




  1. Бағдарламаның мақсаты балаларды туғаннан 3 жасқа дейін оңтайлы әлеуметтендіру және мәдени-әлеуметтік нормаларға, отбасы, қоғам мен мемлекеттің дәстүрлеріне баулу, оларда әлеуметтік дағдылар мен ӛз бетінше үйрену дағдыларын дамыту болып табылады.




  1. Бағдарламаның мақсатына сәйкес:




  1. балалар ұстанымында: балалар қоршаған ӛмірде табысты бейімделу және мектепте оқуға дайындалу үшін қазіргі қоғамға қажетті дербестік пен жауапкершілікке ие болады, қоршаған ортаға, еңбек түрлеріне, басқа адамдарға

3

және ӛзіне оң қарым-қатынасты, ӛзінің жақсы жақтарын сезінуді меңгереді, құрдастарымен және ересектермен белсенді түрде ӛзара әрекет етеді, бірлескен ойындарға қатысады, келісуді үйренеді, ӛзгелердің қызығушылықтары мен сезімдерін ескереді, сәтсіздіктерді уайымдайды және ӛзгелердің табыстарына қуанады, ӛз сезімдерін білдіреді, келіспеушіліктерді шешеді;




  1. ата-аналар ұстанымында: мектепке дейінгі ұйымда педагогтер мен балалардың әрекетіне белсенділігі мен қызығушылығы артады, баламен бірлескен әрекетке қатысады, мектепке дейінгі ұйымның білім беру қызметінің сапасына ата-аналардың қанағаттанушылық кӛрсеткіштері артады;




  1. педагог ұстанымында: ерте жастағы балаларды әлеуметтендіру, баланың жеке тұлғасын ашып кӛрсету бойынша жұмыс тәжірибесі қалыптасады, ерте жастағы балаларға психологиялық-әлеуметтік кӛмек кӛрсету, тәрбиелеу және дамыту мәселелерінде қолдау кӛрсете алады.




  1. Бағдарламаның мазмұны ерте жастағы балалардың табысты әлеуметтенуіне, ӛмірлік қажетті әлеуметтік дағдылар мен ӛз бетінше үйрену дағдысын меңгеруге бағытталған «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларына негізделген.




  1. Әлеуметтендіру процесіне отбасында (ата-аналары, отбасы мүшелері), мектепке дейінгі ұйымда (балалар, педагогтер, басқа қызметкерлер), қоғамда (туыстар, құрбылар, достар, басқа адамдар) баланың айналасындағы тікелей ӛзара әрекеттесетін адамдар әсер етеді.




  1. Бағдарламаның мазмұны ерте жастағы балалардың мынадай жас кезеңдерін қамтиды:

Бӛбек жасы – туғаннан бастап 3 жасқа дейін:

1) нәрестелік жас – туғаннан 1 жасқа дейін;

2) ерте жас – 1 жастан 2 жасқа дейін (ерте жас тобы);

3) кіші жас – 2 жастан 3 жасқа дейін (кіші топ).


  1. Бағдарлама меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдарға ұсынылады.


2-тарау. Бағдарламаны іске асыруға қажетті жағдайлар


  1. Психологиялық-педагогикалық жағдай құру.

Балалардың тұлғасын әлеуметтендіру мен дамытуды, ӛз бетінше үйренуді психологиялық-педагогикалық қолдау:


балаларды әлеуметтендірудің негізі ретінде заттық-кеңістіктік дамытушы орта құру;
отбасына, балалар мен ата-аналар қауымдастығына эмоциялық елгезектікті және жанашырлықты дамыту;
даулы мәселелер мен кикілжің жағдаяттарды шешу дағдыларын меңгеру; кішілерге қамқорлық таныту, басқаларға жәрдемдесу мен кӛңіл бӛлуге
ризашылық білдіру кезінде қамтамасыз етіледі.

4



  1. Әлеуметтік-тұрмыстық жағдай құру:

ӛзін-ӛзі күту (ӛздігінен киіну, киімін ілу, жуыну, қол орамалды қолдану, тісін тазалау және басқалары);


тамақтану кезінде ӛзіне-ӛзі қызмет кӛрсету (ұқыпты тамақтану, асхана құралдарын қолдану, үстелдің үстін жинау және басқалар);
қарапайым (кіре берісте аяқ киімін сүрту, орындыққа отыру, баспалдақпен кӛтерілу және басқалар);
әлеуметтік-тұрмыстық бағыттағы (есікті және судың шүмегін ашу, жабу, жарық беретін құралдарды пайдалану, теледидарды қосу, сӛндіру және басқалары) дағдыларды қалыптастыруды қамтиды.
13. Әлеуметтік-коммуникативтік жағдай:
балалардың сӛйлеу белсенділігін, ойлау мүмкіндіктерін ынталандыру, ӛз ойын айта білуін, дербес пайымдауларын дамыту және басқалар;
баланың айналадағы адамдарға ӛз ойын байыппен жеткізу дағдыларын игеру, ол үшін түрлі коммуникативтік-тілдік құралдарды ӛздігінен қолдана білуі үшін жасалады.


  1. Заттық-кеңістіктік дамытушы орта:

ерте жастағы балалардың жас ерекшелік әлеуетін барынша іске асыруды, олардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды, балалар мен ересектердің қарым-қатынасы мен бірлескен әрекетіне мүмкіндікті, бала мен қоршаған ортаның арасындағы үйлесімді қатынасты қамтамасыз етеді;


орта гендерлік тәсілді ескере отырып, ӛзгермелі, кӛп атқарымды, вариативті, қолжетімді және қауіпсіз болады;
дербес әрекетте, ӛзін-ӛзі үйретуде балаға еркіндік ұсынады;
балалардың әлемді, ӛзін-ӛзі сезінуіне, денсаулығына, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға әсер етеді;
қоршаған орта туралы белігілі бір мәлімет беретін түрлі заттардан, әлеуметтік болмыс нысандарынан тұрады, әлеуметтік тәжірибені жеткізудің, дербестікті тәрбиелеудің құралы болып табылады.


  1. Білім беру процесі балалардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, бағдарламаның мазмұнын іске асыруды қамтамасыз етеді.




  1. «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салаларының мазмұнында ерте жастағы балалардың базалық әлеуметтік дағдылары мен ӛз бетінше үйрену дағдыларын меңгеру бойынша күтілетін нәтижелер белгіленген.




  1. Педагогикалық процесс тәрбиелеу мен оқытудың түрлері мен әдістерін қолдана отырып, балалар іс-әрекетінің түрлерін ұйымдастыру арқылы білім беру салаларын біріктіру жолымен іске асырылады.

  2. Білім беру салаларының мазмұнын біріктіру:

біртұтас процесс шеңберінде бағдарламаны іске асыруды;
балалардың жас ерекшеліктеріне және оны игеруге бӛлінген уақытқа сәйкес әлеуметтік дағдылар мен ӛз бетінше үйрену дағдыларын игеруді;

5

баланың әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларын қалыптастыру мен оның әлеуметке үйлесімді енуін;


ойынды балалардың жетекші іс-әрекеті түрі ретінде олардың жалпы дамуы мен әлеуметтенуі үшін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
3-тарау. Ерте жастағы балаларда әлеуметтік дағдылар мен өз бетінше оқу дағдыларын тиімді дамыту үшін тәрбиелеу мен оқытудың заманауи технологияларын қолдану


  1. Ерте жастағы балаларда тәрбиелеу мен оқытудың заманауи технологияларын қолдану балалардың әлеуметтік дағдыларын, ӛз бетінше үйрену дағдыларын, әлеуметтік ортада дұрыс бағдарлана білуін қалыптастырады.




  1. Ерте жастағы балаларды тиімді әлеуметтендірудің қазіргі технологияларына:

1) балаларда салауатты ӛмір салты, мәдени-гигиеналақ дағдылар туралы ұғымдарын қалыптастыратын денсаулықты сақтау технологиялары;


2) күнделікті ӛмірде балалардың біліктері мен дағдыларын ӛз бетінше меңгеруге дайындығы жүзеге асырылатын дамытушы технологиялар;
3) бала қоршаған ӛмірді танитын, бала мен ересектің арасында қарым-қатынас туындайтын, әлеуметтік дағдылар қалыптасатын танымдық-зерттеушілік әрекет жатады;


  1. ойын технологиялары балалардың әлеуметтік табысты болуын, баланың эмоционалдық аясының, зияткерлік, жеке қасиеттерінің және психикалық процестерінің дамуын қамтамасыз етеді;

дербес болуға, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға, ойыншықтарды таңдауға және түрлі заттарды қолдануға мүмкіндік береді;


ойында балалар бірігеді, қалауы бойынша ӛз бетінше әрекет етеді, ӛздерінің ойларын жүзеге асырады, әлемді таниды;
ойын әрекеті әр баланың дене және психологиялық-әлеуметтік дамуына, адамгершілік-еріктік қасиеттерін, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуге ықпал етеді.


  1. Баланың әлеуметтендірудің жаңа технологиялары оның қазіргі әлеуметтік ортада табысты бейімделуіне қажетті ӛзінің мінез-құлқын реттеуін, бастамашылдығын, дербестігі мен жауапкершілігін тиімді қалыптастыруға және дамытуға мүмкіндік береді.


4-тарау. Нәрестелік жас

(туғаннан бастап 1 жасқа дейін)


  1. Бала тұлғасын психологиялық-әлеуметтік дамытудың негізгі

кезеңдері.

6

Баланың қарым-қатынас, ойын және заттық әрекеттерін дамыту тек ересектермен тығыз байланыста ғана қалыптасады.


Бала ӛмірінде ана ерекше орын алады. Ананың балаға деген қарым-қатынасы, сабырлылығы, эмоционалдық жақындығы баланың шынайы ӛмірге деген сенімінің табысты қалыптасуына тәуелді болады. Бұл кезеңде анасы арқылы сәбидің мәдениетке (анасының бесік жыры, ойындар), әлемге деген қарым-қатынасы (сенімділік немесе қырағылық) қалыптасады. Анасымен қатынастың бұзылуы (анасынан бӛлек болу, анасының салқындығы) баланың одан әрі әлеуметтенуіне қиындық келтіреді.
Ӛмірінің алғашқы жылында есту және кӛру қабылдауы айтарлықтай жетіледі. Сәби ӛмірінің алғашқы айларында ересек адамның бет-жүзіне немесе ойыншыққа назар аудара бастайды, олардың қимылын бақылайды, адамның дауысын немесе заттардан шыққан дыбыстарды тыңдайды, кереуеттен жоғары ілінген заттарға қолын созып, оларды ұстайды.


  1. айда бала тек назар аударады, қолдарын, аяқтарын белсенді қимылдатады, күлімсірейді және уілдейді. Мұндай мінез-құлық «жандану кешені» деп аталады және сәбидің белсенді қарым-қатынас жасауын білдіретін тәсіл болып табылады.




  1. айдан кейін бала адамның бет-әлпетін тұтас қабылдайды және басқа жақындарының арасынан анасын табуға толық қабілетті болады. Анасынан

баланы алуға әрекеттенуде бала қарсылық білдіреді. Мұндай реакция «жақындық мінез-құлқы» деп аталады. Анасын басқа адамдардан артық кӛру – әлеуметтік дамудың маңызды кезеңі, ӛйткені ана тек баласын күтіп-бағып қана қоймайды, сонымен қатар бала мен қоршаған әлеуметтік орта арасындағы дәнекер болып табылады.


Объектілерді қабылдауы жылдам қарқынмен дамиды (бірінші жарты жылдықта заттарды тануды үйренеді, екінші жартыжылдықта заттардың тұтас бейнесін қабылдауы қалыптасады).
Кӛрнекі-әрекеттік ойлаудың бастапқы формалары пайда болады, бағдарлау-зерттеу белсенділігі (білуге құмарлық) дамиды, адамның сӛйлеу интонациясына және мазмұнына ерекше реакциясы байқалады, ӛзіне айтылған ересектердің сӛзін жақсы түсінеді, алғашқы сӛздерді (бір немесе екі буыннан тұратын) айтады, ырықсыз және қысқа мерзімді есте сақтауы басым болады, ал 6 айдан кейін заттарды есте сақтауға және іздеуге қабілетті болады.
1 жасқа қарай балалардың эмоциялары мақсатқа бағытталған болады, олар басқа адамдардың эмоцияларын жақсы түсінеді, қуаныш, ызалану, реніш, ұялу, анасына деген сүйіспеншілік сезімдері, бейтаныс адамдарды кӛргенде және бейтаныс үй-жайларда үрейлену эмоциялары дамиды.
Бала ӛзінің дене мүшелерін (ӛзіндік сананы дамытудың алғышарты) тануды үйренеді, сұраныстары әлеуметтік сипатқа ие бола бастайды (қарым-қатынасқа, жаңа әсерлерге сұранысы қалыптасады).
Ересектер балаларға қарым-қатынасты дұрыс ұйымдастыру үшін кӛмектеседі – балалардың кӛңіл-күйлерін түрлі әсерлермен толықтырады,

7

жағымды эмоциялардың қайнар кӛзі болып табылады, қуануға, басқалардың кӛңіл-күйін түсінуге үйретеді, ұяңдықты жеңуге кӛмектеседі, басқа адамдар туралы түсініктерін қалыптастырады, құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға дайындайды.




  1. Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру.

Балалар ӛмірінің алғашқы жылы сапасы жағынан бір-бірінен айырмашылығы бар кезеңдерге бӛлінеді:




  1. туғаннан бастап 2,5-3 айға дейін;

  2. 2,5-3 айдан 5-6 айға дейін;

  3. 5-6 айдан 9-10 айға дейін;

  4. 9-10 айдан 12 айға дейін.

Әрбір жас кезеңіне арналған балалардың физиологиялық қажеттіліктері мен физикалық мүмкіндіктері ескерілген күн тәртібі ұсынылады.


Күн тәртібі ӛзгерген жағдайда баланың жасы ғана емес, сонымен бірге денесінің дамуы және денсаулық жағдайы, оның жеке ерекшеліктері де ескеріледі.
Туғаннан бастап 5-6 айға дейінгі балаларды сергіту уақытында ойын жаттығулары тек жеке ӛткізіледі, ал 5-6 айдан 1 жасқа дейін жеке және шағын топтармен ӛткізіледі.
Жеке ойын сабақтардың ұзақтығы – 2-3 минут, шағын топпен - 5-7 минут. Бірнеше баламен (5-7 балаға дейін) оларда айналасын бағдарлаудың қарапайым бастапқы қоры, сондай-ақ сенсорлық біліктер пайда болғаннан кейін ғана (шамамен 5-6 айдан бастап) бір мезгілде айналысады. Шағын топтар балалардың даму деңгейлері ескере отырып, құрылады.


  1. Күн тәртібі сәттерінде әлеуметтік дағдыларды қалыптастыру. Балаларға қойылатын ортақ талаптар мен жағдайлардың тұрақтылығын

сақтау арқылы әдеттенуге және жағымды мінез-құлыққа деген оң қарым-қатынасты қалыптастыру жүзеге асырылады.


Эмоционалды-жағымды жағдайды қолдау үшін әр баламен жиі және жылы сӛйлеседі, неғұрлым жарқын эмоциялардың (күлу, жалпы жандану қимылдары, дыбыстар) кӛрінуіне ықпал етеді.
Үлкендер балалардың киінуіне, тамақтануына, ұйықтауына қолайлы жағдай жасайды.
Баланың ересектермен белсенді тіл табысуы және ӛз бетінше әрекетпен айналысуы ынталандырылады, жағымды эмоционалдық жай-күйге қолдау кӛрсетіледі; теріс дағдылардың алдын алу жұмысы жүргізіледі; әр балаға жеке қарау тәсілі қолданылады; ойын материалы жаңартылады және күрделендіріледі; балалардың қызығушылықтарын ескеріп және әрекет түрлерін ауыстыра отырып, дербес қимыл-қозғалыстарға, белсенді сӛйлеуге үйретеді; әр бала ересектердің, ӛзінің, басқа балалардың сӛйлегенін (гуілдеу, былдыр) тыңдауы үшін үйде қолайлы жағдай жасайды; үстелге қоятын ыдыстардың атауларымен таныстырады (шыныаяқ, тәрелке, қасық), тамақ ішкенде орындалатын әрекеттерді түсінуді үйретеді (отыр, іш, нан және т.б.);

8

баланың сӛйлеуін белсендіреді («бер», «ал» және басқалары); заттарды, аяқ киімді, киімді атаған кезде ересектердің айтқан сӛзін түсінуді дамытады, балаларды кейбір әрекеттерді орындауға тартады; ересектердің ӛздеріне бағытталғанисӛздерін түсінуді қалыптастырады; баланың қолын жуу, жуыну кезінде сӛйлеуін және қимыл-қозғалыстарын қолдайды.




  1. Ойында дамыту және тәрбиелеу.

Сәбидің жиі қуануы, күлуі және белсенді болуы үшін ойындарда ерте жастағы балалардың денсаулығын нығайту мен толыққанды даму жағдайлары қамтамасыз етіледі.


Ойындар сергіту уақытында жеке және шағын топтармен ӛткізіледі. Балалар ересектердің басшылығымен ойнайтын ойыншықтар олардың
еркін пайдалануына беріледі.
Белгілі бір уақыт ӛткеннен кейін балалардың ойыншықтарға деген қызығушылығы жоғалмау үшін олар ауыстырылады немесе жаңартылады.
Педагогтер мен ата-аналар балаларда эмоционалды-жағымды жағдай, қуанышты кӛңіл-күй, бір-бірімен қарым-қатынас жасау қажеттігін тудыратын ойын-сауықтар ӛткізеді, олармен үнемі қарым-қатынаста болады.
Балаға және барлық балаларға тікелей айтылған ересектің сӛзін тыңдауы және түсіне білуі дамиды, құрдастарына тілектестік қатынасқа, эмоциялық елгезектікке және ӛзінің жетістіктеріне куана білуге тәрбиелейді.
Ән балалардың эмоционалдық саласына ақыл-ойының және эстетикалық дамуына жағымды ықпал ететіндіктен, олардың қабылдауына түсінікті, классикалық және халық әндерін тыңдауға үйретеді.
Сонымен қатар балаларға арналған әртүрлі музыкалық аспаптармен ойындар ӛткізіледі.


  1. Күтілетін нәтижелер:

бала заттарға қызығушылық танытады және олармен белсенді түрде әрекет етеді;


ӛз әрекеттерінің нәтижесіне жетуде табандылық танытады;
тұрмыстық заттарды (тарақ, беторамал, қасық, шыныаяқ, тәрелке және басқалары) қолдануды біледі;
айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа түсуге ұмтылады;

эмоционалды жауап береді;

баланың ірі моторикасы дамыған, еңбектеу, жүру, лақтыру және басқа

қимылдарды меңгереді;

Бала жеке және жас ерекшеліктеріне сәйкес дамиды.
Педагогикалық диагностика балалар әрекетінің әр түрлерінде олардың белсенділігін бақылау барысында жүргізіледі.


  1. «Денсаулық» білім беру саласы:

1) мәдени-гигиеналық дағдылар:

тамақты кӛргенде қимылдайды, ыдысты ұстауға кӛмектеседі, ұстайды;

2) дене шынықтыру:

9

ересектердің саусақтарынан ұстайды, заттарға ұмтылып, екі қолымен ұстайды, заттарды қолдан қолға ауыстырады;




  1. дербес қимыл белсенділігі: сүйену арқылы заттың үстіне шығады, айналаға қарайды, контейнерден заттарды шығарады, суды шашыратады;




  1. салауатты ӛмір салты:

ӛзін-ӛзі жұбату мен ұйықтау қабілеттерінің артқанын кӛрсетеді.



  1. «Коммуникация» білім беру саласы:

1) қарым-қатынас мәдениеті:

дыбысқа және оның дереккӛздеріне назар аударады, былдырлайды және

дыбыстарға еліктейді;


  1. сӛйлеудің дыбыстық мәдениеті:

бала ӛзінің есімін атағанын естігенде, ыммен немесе дауыспен жауап береді;



  1. сӛздік қор:

қимылдарға, ымдар мен басқа дыбыстарға еліктейді;

  1. байланыстырып сӛйлеу:

ӛз ӛтінішін қысқа сӛз тіркестері мен сӛздерді қолдана отырып білдіреді;

  1. шығармашылықпен сӛйлеу қызметі:

ол шаршаған немесе ренжіген кезде ӛзін құшақтаудың, еркелетудің жайлы екенін ыммен білдіреді;




  1. шығармаларды қабылдауы:

қысқа тақпақтар мен тіл жаттығуларын тыңдайды және оған эмоционалды жауап береді.




  1. «Таным» білім беру саласы:

1) заттардың қасиетін бағдарлау:

заттарды есте сақтауға және іздеуге қабілетті;

2) қоршаған ортаны тану:

әртүрлі тәсілдерді қолдана отырып, заттарды зерттейді (лақтырады,

шашады, басқалардың әрекетін бақылайды);



  1. құрастыру дағдылары:

әрекеттерді орындаудың түрлі тәсілдерін қолдануға тырысады;


  1. экологиялық мәдениет негіздері:

табиғат әлемін жағымды қабылдайды, қоршаған ортадағы ӛсімдіктер мен жанауарларды байқайды;



  1. сенсорика:

әртүрлі ӛлшемдегі және пішіндегі ойыншықтармен немесе заттармен ойнайды;




  1. ізденіс және эксперименттік іс-әрекет:

заттарды зерттеуге қызығушылық танытады, жаңа заттармен танысады немесе зерттейді, заттарды ӛлшемі бойынша салыстырады;




  1. ақпаратпен жұмыс:

ашық түсті заттарға - суреттерге, гүлдерге эмоционалды үн қатады (аузына салады, басын изейді, тоқылдатады, ұрады, лақтырады).

10



  1. «Шығармашылық» білім беру саласы:

1) музыка:

ересек адаммен кӛңілді ойындар ойнағанда қуанады, дабылдың


соғылғанын кӛргенде, заттың бетін ұрады, музыкалық аспаптармен түрлі әрекеттерді орындайды;


  1. ӛнімді іс-әрекет:

сызықтар сызады және қағазды «шимайлайды» (бояу, маркер, бор, қарындаш);


жалпақ пішіндерді мүсіндейді.

  1. «Әлеумет» білім беру саласы:

  1. балалардың әлеуметтік дамуына жағдай жасау:

ересектермен және бір-бірімен қарым-қатынас жасау нормалары мен ережелерін, мәдени мінез-құлық дағдыларын игереді: сәлемдескенде, қоштасқанда жауап қайтарады;




  1. ересектермен және құрдастарымен ӛзара әрекет:

отбасы мүшелерін таниды, ересектермен жағымды қарым-қатынаста болғанда күлімсірейді, қол бұлғайды немесе күледі, қарым-қатынас жасауда ұнату, жақтырмау сезімдерін білдіреді;




  1. адамгершілік нормалары туралы түсінік:

алғашқы эмоцияларын білдіреді, кӛмек қажет болғанда, дене қимылын және дыбысты қолданады.




5-тарау. Ерте жас
(1 жастан 2 жасқа дейін)


  1. Баланы жеке тұлға ретінде психологиялық-әлеуметтік дамытудың негізгі кезеңдері.

Сәби жасындағы баланың қарым-қатынас жасау ортасы кеңейеді. Бала белсенді бола бастайды, басқа балаларға қызығушылық танытады. Осы жаста ең маңызды адам оның анасы болып қала береді. Ең жақын ересек адам арқылы басқа сәбилермен қарым-қатынас жасайды, ойнайды, қоршаған ортамен танысады.


Баланың тік жүруі негізгі қимылдардың анағұрлым күрделі түрі болып табылады, ол қоршаған ортаны тануына және орталық жүйке жүйесінің айтарлықтай дамуына ықпал етеді.
Жүруді меңгере отырып, қимылдағы тепе-теңдікті сақтауға ықпал ететін қол қимылдарын үйлестіруді дамытады.
Сӛзді түсінуінің дамуы соншалық, бала күрделі ӛтініштерді орындауды түсінеді, мысалы: «Допты алып, әкеңе апарып бер».


  1. жастағы баланың ересектердің сӛзін түсінуі және сӛйлеу белсенділігінің дамуы, сенсорлық дамуы, заттармен әрекеттің, ойындардың дамуы, қимылдардың дамуы, дербестік дағдыларының дамуы қалыптасады.

11

Бұл кезеңде сӛйлеуді үйренуге ерекше құштарлығы, ересектерге еліктеуі, оның сӛздерін түсінуі байқалады. Заттық әрекеттің және ересектермен қарым-қатынастың жинақталған тәжірибесінің нәтижесінде балада сюжеттік-бейнелеу ойыны пайда болады, ол заттарды салыстыруды үйренеді.


Қарым-қатынас жасауға қызығушылық танытады. Бала әлі де құрдастарымен ойнай алмайды, бірақ олардың жанында болуға ұмтылады және олардың әрекеттерін қайталайды. Мысалы, егер әткеншек бос болмаса, сәби қалай болғанда да оған отыруға ұмтылады, бірақ әткеншек босағаннан кейін, оның әткеншекке отырып, тербелуге деген қызығушылығы бір сәтте басылады.
Заттық әрекет барысында баланың сӛйлеуді игеруімен қатар, кӛрнекі-әрекеттік ойлауы да қалыптасады.
1 жастан 2 жасқа дейінгі кезеңде бала эмоционалды дамиды, шақырғанда үн қатады және музыканы, кӛркем сӛзді сезеді, әуенмен қимылдау қабілеті пайда болады.
Осы жаста бала ұқыпты болуды, қарапайым тәртіп ережелерін орындауды үйренеді, ересектің талаптарына бағынады және олардың тапсырмаларын орындайды, ӛз еркімен ересек адамның кӛмегіне жүгінеді.


  1. Балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру.

Екі жастағы балалар психофизиологиялық ерекшеліктері бойынша екі шағын топқа бӛлінеді:




  1. 1 жастан 1 жас 6 айға дейін;

  2. 1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін.

Әр жастағы шағын топқа ӛз күн тәртібі ұсынылады.
1 жастан 1 жас 6 айға дейінгі балалар күніне екі рет, ал 1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі балалар бір рет ұйықтайды. Баланың түнгі ұйқысы 10-11 сағатқа созылады.


  1. Күн тәртібінің сәттері: ұйқы, гигиеналық және сауықтыру-шынықтыру шаралары бӛлмеде жүргізіледі. Сауықтыру-шынықтыру шаралары табиғи факторларды, яғни ауа, күн, суды қолдану арқылы ӛткізіледі. Топ бӛлмелерінде ауа температурасы +21°С және +22°С, жатын бӛлмеде +15°С және +16°С құрайды.

Жазғы уақытта шынықтыру шаралары әр баланың денсаулық жағдайын ескере отырып, серуеннен кейін қолдарын, аяқтарын жуу арқылы жүргізіледі.


Арнайы шынықтыру шараларын әкімшілік және медицина қызметкерлері ата-аналардың қалауымен ұйымдастырады.


  1. Тәрбиелеу мен оқытудың мазмұны.

1 жастан 2 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқыту дене, ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық дамытуға, денсаулықтарын нығайтуға, білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.


Үлгілік оқу жоспарына сәйкес ерте жастағы балалар тобында аптасына 7 сағат ұйымдастырылған оқу қызметі 7-10 минуттан шағын топтарда ӛткізіледі. Осы жастағы балаларды тәрбиелеу мен оқыту білім беру салаларын біріктіру мен заттық-дамытушы ортаны құру жолымен жүзеге асырылады.

12




  1. Ойын іс-әрекеті.

Ойын іс-әрекетін ұйымдастыру кезінде балалардың денсаулығын нығайту мен толыққанды дамуы үшін жағдай жасауды қамтамасыз етуде, балалардың қуануы, белсенді болуы үшін олармен қарым-қатынас жүзеге асырылады, эмоционалды-жағымды кӛңіл-күй, қуанышты сәттер туғызатын ойын-сауық, ойын-ермек ӛткізіледі.


Балалардың еркін қолдануына ойыншықтар ұсынылады, балалар ересектердің басшылығымен ойнайды, ойыншықтар ауық-ауық ауыстырылып немесе жаңартылып отырады.
Сәбилердің қабылдауына түсінікті, классикалық және халық әндерін тыңдауға үйрету ұсынылады, ӛйткені музыка баланың эмоционалды кӛңіл-күйіне жағымды ықпал етеді, денесінің және ақыл-ойының дамуына ықпал етеді.
Балалардың түрлі музыкалық аспаптарымен ойындар ӛткізіледі. Ойындар жылдам, орташа және аз қимылды ойындар болып бӛлінеді.


  1. «Денсаулық» білім беру саласы:

1) дене шынықтыру:

жаттығуларды балалардың дене және психикалық даму ерекшеліктерін


ескере отырып таңдау ұсынылады;
балалардың қозғалыс белсенділігіне жаяу жүру, доппен, жалаушалармен, басқа ойыншықтармен ойнау, ӛрмелеу, кедергілерді жеңу және басқалары жатады;
«жақындап қара, қолымда, арқамда, үстелдің артында не жасырылған» және басқа қарапайым тапсырмалар беріледі;
жануарлардың қимылдарын, ертегілердегі кейіпкерлерді бейнелейтін жаттығуларды кӛрсетеді;
жаттығулар музыкамен орындалады;

тапсырмалар ойын түрінде беріледі;



  1. гигиеналық талаптарды орындау дағдыларын қалыптастыру:

балалар жуыну, киіну, шешінудің қарапайым дағдыларына және түбекке сұрануға үйренеді;


ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиеленеді, бетінің, қолының, мұрнының ластығын байқауға, оны жууға, сүртіп беруді сұрауға, дымқыл киімін шешуге үйренеді;
тамақ ішу алдында қолды жуу, тамақтану кезінде тамақты тек ӛз тәрелкесінен ішу, тамақты тӛкпей-шашпай ұқыпты ішу, тамақтан соң майлықты қолдану, алғыс айту, орындыққа ӛзі отыру және оны ересектің кӛмегімен жылжыту дағдылары қалыптасады;
қолдарын ӛзі жууға (алақандарын бір-біріне үйкелеу) және бетінің тӛменгі бӛлігін алақандарымен жууға, ересектің кӛмегімен беті-қолдарын сүртуге үйренеді;
киініп-шешіну кезінде киімдерін белгілі тәртіппен киюге және шешуге, оларды дұрыс жинауға үйренеді;

13


түбекке сұрана білу, ӛзінің түбегінің орнын білу, тек ӛзінің түбегін қолдану дағдылары қалыптасады;
қол орамалды қолдануды, ӛзінің заттарын, сүлгісін сақтайтын орынды, үстел басындағы ӛзінің орнын, киімге арналған шкафты біледі;


  1. сауықтыру-шынықтыру шаралары:

ауамен және сумен шынықтыру шаралары медицина қызметкерінің жетекшілігімен жүргізіледі;


балаларды денсаулықты сақтауға ықпал ететін қарапайым іс-әрекеттерге: ауызға ұсақ заттарды салмау, ӛткір заттарды қолға ұстамау, баспалдақта дұрыс аттап жүру, электр құралдарын, ажыратқыштарды, розеткаларды ұстамауға үйретеді;


  1. күтілетін нәтижелер:

балалар үлкен жұмсақ ойыншықтарды кӛтере алады, отырғыза біледі және ұйықтауға жатқыза алады;


үстел басына қолдарын жуғаннан кейін отырады;
тамақтанып болғаннан кейін майлықты қолданады, алғыс айтады; ересек адамның кӛмегімен бетін және қолдарын сүртеді; киімді шешеді және шкафқа жинайды, олардың орнын біледі;
түбекке сұранады, оның орнын біледі және уақытында қажеттілігі туралы айтады.


  1. «Коммуникация» білім беру саласы.

Баланың тілін дамыту, коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, белсенді және пассивті сӛздік қорын, тілдің грамматикалық құрылымын, дыбыстық мәдениетін, баланың байланыстырып сӛйлеу қажеттілігін қалыптастыру шарттарын қамтамасыз етеді:




  1. тіл дамыту:

1 жастан 1 жас 6 айға дейін балаларда ересектердің сӛйлеу тілін түсінуді дамытады;


балалар ӛзінің, жақын туыстарының есімін, киімді, жиһазды, ыдыс-аяқты, кейбір кӛлік құралдарын, таныс жануарлар мен ӛсімдіктерді, ӛзінің және ойыншық жануарлардың жекелеген дене мүшелерін (қол, аяқ, бас, ауыз, кӛз, құлақ) атайды;
құрылымы және мазмұны бойынша қарапайым сӛз тіркестерін түсінеді, ӛтініштерді орындайды, тұрмыстық және қызықты жағдайларды суреттейтін 1-3 әрекеттен тұратын ойыншықтармен шағын қойылымдар кӛрсетеді;
сӛйлеген сӛзді кӛрнекіліксіз түсінеді, заттарды табады және оларды суреттен таниды, елеулі белгілері бойынша заттарды іріктеу тапсырмаларын орындайды;
мазмұны бойынша шағын, қарапайым әңгімелерді, ӛлеңдерді, тақпақтарды суреттерді, ойыншықтарды, іс-әрекеттерді ең алдымен суреттерді кӛре отырып, кейін кӛрнекіліксіз қабылдауды, мазмұнына эмоционалды жауап беруді үйренеді;
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін балалардың сӛйлеуді түсінуі:

14


бӛлмедегі және бӛлмеден тыс оранласқан заттар;

кейбір жануарлар, олардың қимылдары;

заттардың белгілері, заттардың күйі, заттардың орналасуы;
қажеттілікке байланысты (су ішкісі, тамақ жегісі, ұйқысы келеді) іс-әрекеттер;
денесінің жай-күйі, кӛмек, қуаныш, жанашырлық сезімі;
жасы мен жынысына сәйкес айналасындағы адамдарға қатысты сӛздер есебінен кеңейтіледі.
Балаларда:
тұрғын үй бӛлмелерінің атауын түсіну, бұл бӛлмелерде еркін бағдарлану және олардың неге арналғандығын білу;
таныс заттарды атауы, түстері, дыбысталуы бойынша топтастыра білу; ересектердің айтқанын мұқият тыңдау, оның нұсқауларын орындау, екі-үш
әрекеттен тұратын жеңіл тапсырмаларды есте сақтап орындау, жалғаулары бар сӛйлемдерді түсіну;
қоршаған ортамен қарым-қатынасты реттеуге және қалауларын білдіруге қажетті сӛздерді (алғым келеді, берші, жібер, жылжышы) қолдана білу біліктері мен дағдылары қалыптасады.
Баламен тілдесу барысында сергек, қуанышты кӛңіл-күйді, ересектермен әңгімелесу ниетін қолдау, олардың нұсқауларын орындау, әрекеттері мен сӛздеріне еліктеу үшін шағын фольклорлық жанрлар қолданылады.
Ересектер мен құрбыларына ӛтініш білдіру (сұрашы, алғыс айт, қара, кім келді), еліктеу бойынша жаңа сӛздерді, екі-үш сӛзден тұратын сӛйлемдерді айта алады, түсінікті сұрақтарға жауап бере біледі. Айналасындағы адамдардың сӛзін мұқият тыңдау, олардың ауызша талаптарын орындау қабілеттері дамиды;


  1. белсенді сӛйлеуді дамыту;

Белсенді сӛйлеу ақпаратты қолжетімді құралдармен: ыммен, қимылмен, сӛздермен жеткізу негізінде дамиды. Осы жастағы балалар ӛздері жиі еститін дыбыс тіркестері мен сӛздерге еліктейді, таңдануды, қуанышты, наразылықты, ренішті және тағы басқаны білдіретін кейбір эмоциялық екпіндерді қайталайды. Сӛздік қор туыс адамдардың аттарын (ата, әже, әке, ана), таныс заттар мен ойыншықтарды (шыныаяқ, кереует, үстел, қонжық, қуыршақ), кейбір тағам түрлерін (ботқа, сүт), белгілі қимылдарды (ал, тұр, жібер) білдіретін сӛздермен толықтырылады.


Балалар ересектердің сӛздерін тыңдай біледі, «Бұл не?», «Не істейді?» деген қарапайым сұрақтарға жауап береді, жеңіл тапсырмаларды орындайды, «болмайды», «рұқсат» сӛздерін түсінеді, оларға дұрыс жауап береді.


  1. кӛркем әдебиет;

Шығармаларды тыңдау, мазмұны бойынша түсінікті ертегілер, әңгімелер, ӛлеңдер, тақпақтарды түсіну үшін жағдай жасау ұсынылады. Шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық білдіру дағдылары, халық ауыз әдебиетінің шығармаларына, тақпақтардың, ӛлеңдердің ырғағы мен әуенділігіне эмоционалды жауап беруге тәрбиеленеді.

15

1 жастан 1 жас 6 айға дейін:


қарапайым мазмұнды шағын әңгімелерді, тақпақтарды сурет, ойыншық, түрлі іс-әрекеттер мен аудио және бейне материалдарды қолдану арқылы тыңдау, түсіну мәдениетінің дағдылары тәрбиеленеді;
кӛркем мәтінді тыңдау және оның мазмұнын белсенді қабылдау дағдылары дамытылады.
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін:
мәнерлеп сӛйлеуде кӛркем шығарманың мазмұнында айтылатын сұраулы, бұйрықты, лепті интонацияларды түсінуін дамытуды жалғастырылады, мәтінді қайталап оқу арқылы сӛздерді айта білуге үйретеді;
балаларды мәтінге сәйкес ойын әрекеттерін орындай білуге, ауыз әдебиетінің шығармаларының, тақпақтар мен әндердің ырғағы мен әуезділігін эмоционалды қабылдауға баулиды;
балалар ойынға қатысады, ауыз әдебиетінің шығармаларының, тақпақтардың, әндердің музыкасы мен ырғағына кӛңіл-күйін білдіреді, адамдар мен жануарлардың әрекеттерін бейнелеуге үйренеді;
балаларда шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық таныту сезімдері, кӛмектесу ниеті қалыптасады;


  1. күтілетін нәтижелер:

бала ӛзінің есімін, жақын адамдарының есімдерін, киім, жиһаз, ыдыс-аяқ, кейбір қозғалыс құралдарының атауларын;


бӛлмеде және одан тыс жерде (бақшада, аулада, кӛшеде) орналасқан нысандардың атауларын және олардың неге арналғанын;
кейбір жануарларды, олардың қимылдарын біледі;
ӛзінің және ойыншық жануарлардың жекелеген дене мүшелерін (қол, аяқ, бас, ауыз, кӛз, құлақ) ажыратуды, атауды;
тәрбиешінің ойыншықтарды және ӛзінің әрекеттерін кӛрсете отырып айтқан құрылымы мен мазмұны қарапайым сӛздерін түсінуді;
жай сӛйлеммен айтылған ӛтінішті орындауды;
қуыршақтармен, ойыншықтармен 1-3 әрекеттен тұратын күрделі емес қойылымдарды түсінуді;
таныс заттар туралы сұрақтарға бір сӛзбен немесе қысқа сӛз тіркесімен жауап беруді;
ӛтінішін сӛзбен немесе қысқа сӛз тіркесімен білдіруді, тапсырманы мұқият тыңдауды және оны басқа адамға жеткізуді;
кӛркем мәтінді тыңдауды және оны эмоционалды түрде қабылдауды; шығарма кейіпкерлеріне жанашырлық танытуды үйренеді.

  1. «Таным» білім беру саласы.

Балалардың қоршаған ортаны бағдарлау аясы кеңейеді және байиды, сезімдік тәжірибесі қалыптасады, түйсіктері және қабылдауы жетіледі, жанды дүниеге қамқорлықпен қарауға тәрбиеленеді, қоршаған орта туралы түсініктері қалыптасады, бейнелі-әрекеттік ойлауы, есте сақтауы, қиялы, зейіні, қабылдауы дамиды.

16

Балалардың табиғат құбылыстары, адамдардың ӛмірі туралы түсініктері, танымдық қабілеттері қалыптасуы жағдай жасалады:




  1. қоршаған ортамен танысу:

1 жастан 1 жас 6 айға дейінгі балаларда ӛзі, ӛзінің есімі, ӛз әрекеттері
(қолдарын жуу, тамақтану, ойнау, киіну, шомылу және басқалары), қажеттіліктері (серуендеу, ойнау, тамақтану және басқалары), жақын адамдары, отбасы мүшелері (анасы, әкесі, әжесі, атасы), қоршаған заттық орта – ойыншықтар, тұрмыстық заттар, тағам, жеке заттар туралы түсініктері қалыптасады;
балалар заттарды, олардың белгілерін, қарапайым әрекеттерді тануды, заттарды, құралдарды, жануарларды, кейбір еңбек әрекеттерін білдіретін сӛздермен сӛздік қорды толықтыруды жалғастырады;
аквариумдағы балықтарды, жемсауытқа ұшып келетін құстарды, үй құстары мен жануарларды (ит, мысық, қоян, тотықұс) бақылауға, ағаштарды, гүлдерді, шӛпті ажыратуға үйренеді;
ӛсімдіктер мен жануарларға деген қызығушылығы дамиды, оларға қамқорлық жасауға тәрбиеленеді.
1 жас 6 айдан бастап 2 жасқа дейін балаларда қоғам ӛміріндегі кейбір нақты жағдаяттар туралы қарапайым ұғымдары қалыптасады.
балалар қоршаған ортадағы және суретте берілген заттарды, кӛлік түрлерін, үй жануарларын танып, олардың дауыстарына еліктеуді;
жануарлардың ерекшеліктерін, іс-қимылдарын, белгілерін ажыратуды және атауды, қамқорлық танытуды;
табиғат құбылыстарын бақылап, оларды атауды үйренеді.
Күн тәртібі сәттерінің барысында танымдық қабілеттерді және әлеуметтендіру дағдыларын қалыптастыру үшін қоршаған ортамен, түрлі заттармен, олардың қасиеттерімен танысуды қамтамасыз ететін ойындар ұйымдастырылады;


  1. күтілетін нәтижелер:

ӛзі туралы: ӛзінің есімі, сыртқы түрі, әрекеттері, тілектері, жақын адамдары, отбасы мүшелері туралы білімі бар;


бірнеше жануарларды шынайы, суреттерден, ойыншықтар түрінде таниды және кӛрсетеді, бұл жануарларды атайды, олардың дауыстарына еліктейді;
қоршаған ортадан және суреттен заттарды таниды; адамның кейбір еңбек әрекеттерін дұрыс атайды;
ағаштарды, гүлдерді, шӛпті ажыратады, оларға қамқорлық сезімін оятады.


  1. Сенсорика.

  1. сенсорлық сала:

осы жастағы балаларда қабылдау, зейін, ойлау және затты қолдану әрекеттері, түсті, пішінді және кӛлемді бағдарлауы дамиды;


1 жастан 1 жас 6 айға дейінгі балалар ӛзіне машинаны, арбаны жібінен тарта алады, дыбысын шығара біледі;

17


ӛзара байланысты тура және кері әрекеттерді орындау: жаю және жинастыру, шелектен алу және салу, оларды еңіс жазықпен сырғанатуды;
заттарды ӛлшемі немесе пішіні бойынша сәйкес ұяларға орналастыра отырып, салыстыруға арналған тапсырмаларды орындауды;
екі бӛліктен тұратын ойыншықтарды, түрлі ӛлшемдегі 2–3 сақинадан тұратын пирамиданы белгілі бірізділікпен жинастыруды;
қызыл, сары, жасыл, кӛк, сондай-ақ ақ пен қара түске боялған бірдей заттарды таниды және жұмыс жасауды;
түрлі материалдардан жасалған заттардың шығаратын дыбыстарын, сондай-ақ музыкалық тембрлердің дыбыстарын ажыратуды орындауға үйренеді;
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі балалар пішінді, кӛлемді, түс пен дыбысты ажыратады;
неғұрлым күрделі заттармен әрекеттерді орындайды: таяқшалары бар сақинамен, аулағышпен, қарпығышпен сәйкес келетін ойыншықтар мен шарларды жылжытады, алады және орындарын ауыстыра алады;
қазықшаларды ылғал құмға балғамен қағып кіргізе біледі;
заттарды ӛлшемі бойынша таңдайды және тиісінше оларды ажыратады; ӛлшемі, түсі және саны бойынша бірнеше сақиналардан пирамида
жинайды;

біртекті заттарды ортақ белгісі - пішіні, түсі бойынша топтастырады;


ұсақ қол моторикасын дамыту - дидактикалық ойындарда және тұрмыста балалардың сенсомоторлық «кӛз-қол» үйлесімділігі қалыптастырылады;
естуді дамыту - түрлі дыбыс шығаратын заттармен (қоңыраулар, аспалы металл таяқшалар, шиқылдайтын ойыншықтар, музыкалық ойыншықтар) таныстырылады;
қабылдауды дамыту - бір мезгілде екі қасиетті: түс пен ӛлшемді, пішін мен ӛлшемді, пішін мен түсті, негізгі тӛрт түсті (қызыл, кӛк, сары, жасыл) ажыратады;
логиканы дамыту - пішіні, түсі, кӛлемі бойынша бір-біріне ұқсас заттарды сәйкестендіру мен топтастыру қалыптастырылады;


  1. күтілетін нәтижелер:

бала іс-әрекетті орындауға болатын қарапайым зат-құралдарды қолданады;


түрлі кӛлемді 2-3 топтағы сақинадан пирамида жинайды, ересектердің кӛмегімен түрлі кӛлемді 4-5 және одан кӛп сақинадан пирамиданы жинайды;
біртекті заттарды бір белгісі (ӛлшемі, пішіні) бойынша топтастырады; заттармен жеңіл іс-әрекеттерді орындайды; қораптарға тиісті пішінді қақпақтарды таңдайды;
ӛлшемі мен түсіне тәуелсіз таныс заттарды таниды және кӛрсетеді; негізгі тӛрт түсті ажыратады (қызыл, кӛк, сары, жасыл); тәрбиешінің
ұсынысы бойынша бір түсті заттарды алады; кемінде екі түсті атайды.

18




  1. «Шығармашылық» білім беру саласы.

«Шығармашылық» білім беру саласының базалық мазмұны:

сурет салу;

мүсіндеу;
музыка ұйымдастырылған оқу қызметінде жүзеге асырылады. Балалардың танымдық, шығармашылық, музыкалық қабілеттері дамиды,
ӛнерге деген шығармашылық қарым-қатынасқа тәрбиеленеді, кӛрнекі-әрекеттік ойлауы, есте сақтауы, қиялы, зейіні, қабылдауы дамиды, қоршаған орта туралы түсініктері және сенсорлық қабілеттері қалыптасады.


  1. сурет салу:

балаларда бейнелеу ӛнері, сурет салу үшін қолданылатын құралдар мен материалдар туралы түсініктері қалыптасады;


1 жастан 1 жас 6 айға дейінгі балалар бояулардың ашық түстерін эмоционалды қабылдауға үйренеді;
қарындаштармен, фломастерлермен сурет салуға ынта білдіреді; қағаз бетін ашық түсті дақтармен, жақпалармен толтырады;
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі балаларды қарындашпен, фломастермен жұмыс істеуге, сызықтар жүргізуге үйрету жалғастырылады;


  1. мүсіндеу:

балалар сазбалшықпен, оның қасиеттерімен танысады, жалпақ, дӛңгелек пішіндерді мүсіндеуге үйренеді;




  1. музыка:

балалардың музыканы қабылдауға, музыкаға, ән салуға, музыкалық-ырғақтық қимылдарға қызығушылықтары қалыптасады және дамиды;


1 жастан 1 жас 6 айға дейінгі балалар мазмұны бойынша ӛздеріне жақын әндерді тыңдауды, олардың сипатына эмоционалды үн қатуды, оларды сәйкесінше қимылдармен кӛрсетуді үйренеді;
фортепианода және балалардың музыкалық аспаптарында орындалған кӛңілді және баяу әуендерді тыңдайды;
дыбыстарға еліктеп қайталайды, әндегі жекелеген сӛздерді айтуды кӛрсетумен сүйемелдейді;
ересектердің кӛрсетуімен, әннің сӛзі және музыканың сипаты бойынша қарапайым би қимылдарын орындайды, қимылды кӛрсетусіз қайталайды;
1 жас 6 айдан 2 жасқа дейінгі балалар әуенді және әннің сӛздерін тыңдауды, оларды тануды жалғастырады;к
кӛңілді және баяу сипаттағы музыкалық шығармаға, ән мен пьесаға эмоционалды үн қатады;
музыкалық-қимылдық қойылымдарда кӛрсетілген жекелеген әрекеттерді дербес ойында қолданады, оларды дыбысқа еліктеумен және сӛздермен сүйемелдейді;
заттармен қарапайым қимылдарды орындайды: жалаушаны жоғары кӛтеру, оны желбірету, сылдырмақты сылдырлату;


  1. күтілетін нәтижелер:

19

бояулардың ашық түстерін эмоционалды қабылдайды;

сурет салуға ынта білдіреді;

жалпақ, дӛңгелек пішіндерді мүсіндеуге үйренеді;


ересектердің орындаған әндерін тыңдайды және одан соң қайталайды, әндерді орындағанда интонацияларын қайталайды;
ойын әрекеттерін орындайды;
би әуендерінің кӛңілді сипатын күрделі емес қимылдармен кӛрсетеді: аяқтарын кезек кӛтереді, қолдарын шапалақтайды, ӛкшелерін соғады, қолды буындарынан айналдырады, орнында айналады, ересектерге еліктеп, музыканың ырғағымен сылдырмақты сылдырлатады.


  1. «Әлеумет» білім беру саласы.

Балаларды айналасындағы адамдар кӛбірек қызықтырады. Олар қарым-қатынас жасауды, ӛзінің мінез-құлқына ересектер мен құрдастарының жауабын бағалауды үйренеді. Бала басқа балалардың қылықтарына назар аударады. Олар


бір-бірінің мінез-құлқын қайталай бастайды, айналасындағылардың эмоциясын таниды. Ӛзге баланың неге жылап жатқанын сезінеді, бірақ қалай жауап берерін білмейді. Балаларда мінез-құлықтың негізгі ережелері байқалады.


  1. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс бойынша ұсыныстар.

Ата-аналар мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу процесіне тартылады, олар балалардың ерте дамуы мәселелері бойынша хабардар болады. Ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдардың қызметімен таныстырады.


Ата-аналардың қажеттіліктерін, мүдделерін, жеке түрде балаларды тәрбиелеу мәселелері бойынша құзыреттілік деңгейін (әңгімелесу, кеңес беру, отбасыларына бару, кеңес беру пункттері, ата-аналарға тапсырма) ескере отырып жеке түрде немесе ата-аналар ұжымымен (кеңес беру, топтық және жалпы ата-аналар жиналысы, конференциялар, қашықтықтан оқыту, кӛрмелер, дәрістер, үйірмелер) кеңес беру-ағартушылық жұмыстары, радио хабарлар, сұрақтар мен жауаптар кештері, дӛңгелек үстелдегі кездесулер ӛткізіледі.
Ата-аналарға кӛмек ретінде:
ата-аналар үшін жадынама, мысалы, «Мектепке дейінгі ұйым жағдайында ерте жастағы балалардың бейімделу мәселелері» тақырыбында;
ата-аналарға арналған сауалнама;

кӛрнекі-насихаттау материалдары (ақпараттық және тақырыптық

стендтер, фотомонтаждар) дайындалады.


Каталог: wp-content -> uploads -> sites
sites -> 2017 жылдың қаңтар-наурызындағы Меркі ауданының әлеуметтік – экономикалық даму қорытындылары
sites -> Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы денсаулық сақтау саласының ЖҰмыскерлері нені білуі керек?
sites -> Егер біздің қызметтің тарихының қалыптасуына оралсақ, 949 жылы қалалық аурухананың жанынан жатын орынмен ашылғанын елестету қиын. 1954 жылдан бастап емхана және стационарға арналған 20 жатын орынды барақ белгіленген
sites -> Мәмс бойынша алдын-ала түсіндіру жұмыстары
sites -> Бекітемін шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 Павлодар қалалық ауруханасы» кмк
sites -> Бекітемін шаруашылық жүргізу құқығындағы «№1 Павлодар қалалық ауруханасы» кмк
sites -> Гражданский бюджет
sites -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016
sites -> Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы тұрғындар не білуі қажет

жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
Жұмыс бағдарламасы
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
Жалпы ережелер
Сабақ тақырыбы
қызмет стандарты
Қазақстан республикасы
туралы хабарландыру
Әдістемелік кешені
республикасы білім
Сабақ жоспары
титулдық парағы
білім беретін
Қазақстан республикасының
Қазақстан облысы
Конкурс туралы
жылдарға арналған
мемлекеттік әкімшілік
Республикасының білім
біліктілік талаптары
бойынша оқыту
жұмыс істеу
денсаулық сақтау
бойынша жиынтық
ткізу туралы
қойылатын жалпы
мемлекеттік қызметшілері
қағидаларын бекіту
жалпы біліктілік
жиынтық бағалау
қатысушыларға қойылатын
Мектепке дейінгі
мамандығы бойынша
қатысушыларына арналған
оқыту әдістемесі
пәнінің мұғалімі
ортақ біліктілік
арналған ортақ
конкурс қатысушыларына
жалпы білім
Республикасы кіметінің
біліктілік талаптар
бағдарламасының титулдық
Республикасы білім
мемлекеттік мекемесі
мамандығына арналған
білім министрлігі
арналған әдістемелік