Менің күн тәртібім:
-
р\с
|
Күн тәртібінің элементтері
|
Уақыт мөлшері
|
1
|
Ұйқыдан ояну
|
7:00
|
2
|
Таңғы гимнастика, жуыну, киінуі тосек орнын жинау
|
7:00-7:30
|
3
|
Таңғы ас
|
7:30-7:40
|
4
|
Мектепке бару
|
7:40-7:50
|
5
|
Мектептегі сабақ уақыты
|
8:00-14:00
|
6
|
Мектептегі түскі ас
|
11:20-11:40
|
7
|
Мектептен үйге қайту
|
14:00-14:10
|
8
|
Үйдегі түскі ас
|
14:20-14:40
|
9
|
Демалыс
|
14:40-16:00
|
10
|
Үй тапсырмаларын орындау
|
16:00-18:30
|
11
|
Таза ауада серуендеу
|
18:30-19:00
|
12
|
Кешкі ас
|
19:00-19:30
|
13
|
Бос уақыт
|
19:30-21:30
|
14
|
Ұйқыға дайындалу
|
21:30-22:00
|
15
|
Ұйқы
|
22:00-7:00
|
Жоғарыда көрсетілген күн тәртібі менің жеке тұлға болып қалыптасуыма көмектеседі. Күн тәртібін мен жүйелі орындауға тырысамын. Құрастырылған күн тәртібімді қажет болған жағдайларда өзгертулер енгізе аламын. Күн тәртібімді уақытылы, үнемі пайдаланамын, күні бойы не істейтіндігімді, сол іске қанша уақыт мөлшері қажет екендігін біліп жүремін. Сол себепті барлық достарыма күн тәртібін сақтауға кеңес беремін .
Компьютердің маңызы және зияны.
Қазіргі заманды компьютерсіз елестету мүлде мүмкін емес. Адам және компьютер бір-бірімен тығыз байланысты. Компьютерлер адам өмірін жеңілдете түседі. Компьютер пайда болғаннан бері адамзат өмірі лезде алға басты, адамзат дүниесі үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Бірақ, компьютердің зияны әркімді толғандырған. Компьютердің зияны мен пайдасын айта кетсек, олар:
Пайдалы жақтары
|
Зиянды жақтары
|
Жұмыс жасауды жеңілдетеді
|
Жүйке жүйесіне әсер етеді
|
Уақытты үнемдейсің
|
Көру қабілетін нашарлатады
|
Ақпарат алмасу мүмкіндігі
|
Электромагниттік сәулелер бөледі
|
|
Омыртқа жотасының қисаюына әкеп соғады
|
|
Қол буындары ауырады
|
Жоғарыда келтірілген кестеден, компьютердің адам ағзасына зияны басым екенін көріп отырмыз. Бірақ XXI ғасыр адамы бұл құрылғысыз өз өмірін елестете алмайды. Сол себепті менің ұсынар 14 кеңесім бар:
1. Өзiңізге қолайлы жұмыс орнын жасаңыз.
2. Егер сiз компьютерде 2 сағаттан артық отыратын болсаңыз, ноутбукке арналған арнайы тығыршықты қолданыңыз.
3. Монитор мен сiздiң көздерiңiздiң арасындағы қашықтық 50 см-ден кем болмауы керек.
4. Жоғарғы бөлiгi сiздiң көзiңiздің деңгейінде орналасатындай биiктiк бойынша монитор күйiн келтiрiңiз.
5. Сiзге терезе немесе жарық сәулелері кедергі жасамайтындай етiп монитор күйiн келтiрiңiз.
6. Егер бұл жарықтың дұрыс түсуіне мүмкiндiк бермесе, мониторды 10-20 градусқа артқа қисайтыңыз.
7. Биiктiгі бойынша пернетақта сiздiң шынтақтарыңыздың деңгейінде болуы керек.
8. 10 градусқа пернетақтаны артқа қисайтыңыз. Сонда сiздiң қолдарыңыз жинақы болады.
9. Реттелетiн кресло немесе орындықты қолданыңыз.
10. Өз көздерiңе демалыс беру үшін,түкпiрдегі объектілерге көзқарасты мезгіл-мезгіл шоғырландыра берiңiз.
11. Әлсiн-әлсiн креслодан тұрыңыз және арқаның бұлшық етiн асықпай тартыңыз.
12. Монитор тiкелей сiздің алдыңызда болуы керек. Бұл бастың тұрақты бұрылыстарына мүмкiндiк бередi.
13. Сіздің жұмыс орныңыз көңілді, жақсы болса, денеңіз бір қалыпты болып, шаршамайсыз. Сондықтан мониторды , пернетақтаны, креслоны мерзімінде түзетіңіз.
14. Сiз компьютерде өткiзетiн уақытты азайтуға тырысыңыз.
Менің денсаулыққа деген жолым.
Денің сау, ғұмыр жасың болады ұзақ,
Ауыруға төрт нәрсемен құрсаң тұзақ.
Жылы сөз, жеңіл тамақ, жақсы әуен
Күлкідей бола алмайды бәрі бірақ.
Денсаулық-өмірдің негізі. Денің сау болмаса пайдаң жоқ. Бір жерің ауыра қалса, жаның сол арада тұрғандай мазасызданасың. Барлық жұмысыңды, ойыңды жиып қоясың. Жаннан тәтті не бар?! Сондықтан, әрқайсымыз жанымызды сақтауға, яғни бірінші байлығымыз-денсаулығымызды жоғалтпай, немқұрайлы қарамауымыз қажет. Денсаулық- басты байлық. Денсаулыққа қажетті шарттар:
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Шынында да, қазақ "Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі" деп бекер айтпаса керек. Гүлденген экономиканы дені сау, саналы азаматтар жасайды. Денсаулықтың қадірін, әдетте, адам ауырғанда ғана білетіні өкінішті-ақ. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген» әлдеқайда тиімдірек. «Денсаулық — зор байлық» Денсаулық- адам өмірінің негізі, тірегі.
Достарыңызбен бөлісу: |