Есірткі жүрек, ми, өкпе, қарын және қан тамырларды зақымдайды
Менің туыстарым, достарым, таныстарым және болашақ ұрпақтың дені сау болу үшін не жасау керек?! Бұлардың алдын алу үшін мынаны істеу қажет:
Зиянды әдеттерден бас тарту
Олардың ағзаға зияны туралы кеңес беру
Денсаулықты нығайту
Салауатты өмір салтын сақтау
Бос уақытты дұрыс ұйымдастыру
Спортпен шұғылдану
Зиянды әдеттерден аулақ болу тек өз саулығын ғана емес, болашақ ұрпақтың саулығы. Әр саналы азамат бойын аулақ ұстау керек. Бұл-азаматтық парыз.
Міне, осындай жаман әдеттерден аулақ болсақ, болашақта деніміз сау, салауатты азаматы болып, қоғамымыздың бір-бір кірпіші болып қаланарымыз сөзсіз.
Мен достарымды осындай жаман әдеттерден аулақ болуға, білімімізді одан әрі жетілдіре беруге шақырамын, өйткені, біз-болашақтың гүліміз.
Қозғалыс белсенділігі-денсаулық кепілі.
«Дене шынықтырумен шұғылдансаң,
дәрігерге пысқырыпта қарамайсың»
Денсаулықты нығайтудың негізгі жолы-қозғалу. Қозғалыстың адам ағзасына пайдасы зор. Адам қимыл-қозғалыссыз өмір сүріп, еңбек ете алмайды. Ой еңбегімен шұғылдану үшін-қозғалыс қажет. Неғұрлым көбірек қозғалсақ, соғұрлым денсаулығымыз жақсы болады, ауырмаймыз.
Қозғалыс түрлерінің ішінде мен өзімнің күн тәртібім бойынша:
Жүру, жүгіру 6:30-7:00
Гимнастика 7:00-7:15
Жүзу 15:00-15:20
Мен осы қозғалыс түрлерімен шынықанда байқағаным-тек мен үшін жақсы әсерін тигізгені. Таңертен әр кез жүгірген сайын бүкіл денемнің бұлшықеттері қозғалып, денем әжептәуір шынығады, сымбатты кейіпке айналады. Гимнастика жасаған кезде менің денем бүкіл созылып, қан айналым жақсы жүреді. Осы екі қозғалыс түрінен кейін көңіл-күйім көтеріліп, жаңа күнді қарсы алуға дайын болам. «Нағыз дем алу-дене еңбегі мен ой еңбегін алмастыру» деген шын, мен осындай дене еңбегінен кейін, ой еңбегіне, яғни білім алуға әбден дайын боламын. Ал жүзу мен үшін жақсы көретін ісім. Мен суда уақыт өткізгенді ұнатамын, себебі: жүзу қол-аяқ, иық, бұлшықет күштерінің дамуына, тыныс алуыма, қимыл үйлесімділігін сақтауға мүмкіндік береді. Дұрыс жолға қойылған қозғалыс түрлері-менің оқып, білім алуыма кедергі келтірмейді, қайта менің бойымды сергітіп, ойлау, есте сақтау қабілеттерімді, сабақты сергек, жақсы оқуыма көмегін тигізетіні сөзсіз.
«Қозғалыс-өмір қоймасы» демекші, дене жаттығуларымен қалыпты және өз уақытында шұғылданып отырсаң, ешқандай емделуді қажет етпейсің.
Дұрыс тамақтану.
Достарыңызбен бөлісу: |