Зертханалық жұмыс



жүктеу 332,45 Kb.
Pdf просмотр
бет1/11
Дата21.11.2018
өлшемі332,45 Kb.
#22823
түріПрограмма
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


Ф

ФСО ПГУ 7.18.2/05

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Физика, математика және ақпараттық технологиялар факультеті

Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы

"АЛГОРИТМДЕНДІРУ ЖӘНЕ

ПРОГРАММАЛАУ"  

пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік

нұсқаулар 

Павлодар



Ф

ФСО ПГУ 7.18.2/05

                                           

                                                                          



 

БЕКІТЕМІН

ФМж/еАТ факультетінің деканы

___________ С.К.Тлеукенов 

200 __ ж. «___»____________

Құрастырушы: 

Аға оқытушы 

Нұрғазина Б.Қ.

Информатика және ақпараттық жүйелер кафедрасы

050716 - «Приборлар жасау»  мамандығының студенттері үшін

"Алгоритмдендіру және программалау"  

 пәні бойынша зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар

Кафедра мәжілісінде бекітілді,  200__ж.  «___»____________  Хаттама №_____. 

Кафедра меңгерушісі _________________________  Нұрбекова Ж.Қ.

    

Факультеттің әдістемелік кеңесінде құпталды, 



200__ж.  «___»____________  Хаттама №_____.

ӘК төрайымы _________________________  А.Т.Кишубаева




Зертханалық жұмыстардың мақсаты:

1. Студенттерге бағдарламалау тілінің негізгі құрылымдарын үйрету, командалар мен

операторлардың қызметі  мен пайдалану ережелерімен таныстыру.

2. Студенттердің алгоритмдік ойлау дағдыларын қалыптасытру.

3. Өз бетімен оқып-үйренуге, талдауға, бағдарлама бойынша нәтижені анықтауға 

үйрету.


4. Есепке алгоритмдер мен бағдарламалар құру, олардың тиімділерін таңдау және 

нәтижелерге талдау жасау әдістерін меңгерту.  



Зертханалық жұмыстардың тәртібі:

1. Жұмыстың  теориялық бөлігімен  танысады. 

2. Берілген есептің алгоритмімен танысады.

3. Бағдарлама тексін қарап, оның құрылымына талдау жасайды. Ондағы  

командалардың пайдаланылуын негіздейді.

4. Алгоритмнің орындалу тәртібін ауызша түсіндіреді. 

5. Қандай да бір мәндермен, бағдарламаның орындалу протоколын толтырып, 

нәтижелерді компьютерсіз анықтайды. Пайдаланылатын  мәндер бағдарламадағы 

барлық жағдайларды қамту қажет.  

6. Бағдарламаны компьютерде  орындап, 5-пунктте анықталған нәтижелердің 

дұрыстығын тексереді.  

Тақырып 2. ЭЕМ-да есептерді шығарудың кезеңдері

№1 зертханалық  жұмыс. 

.Алгоритмдерді сипаттау (ұсыну) құралдары 

мен тілдері.

Паскаль ортасы. Бағдарламаның құрылымы.

Мақсаты: Рascal-дың жұмыс ортасымен танысу, негізгі дағдыларын 

қалыптастыру.  

Теориялық бөлім

1.Паскаль тiлiн жұмысқа қосу. Жұмыс столындағы Паскальға сәйкес жарлық 

жұмысқа  қосылады.



2. Менюмен жұмыс. F10  клавишасы менюдi  жұмысқа  қосады. Меню  жұмысқа  

қосылған  соң, ерекше  түске боялады. Команданы жұмысқа қосуды  тездетуге  

болады.  Ол  үшiн  меню жолындағы белгiленген әрiпке сәйкес клавиша басылады.  

Alt  клавишасы  мен  белгiленген әрiптi  басса, оған  сәйкес  команда  iске қосылады. 

Менюден шығу  үшiн  Ecs  клавишасы  басылады.

Меню пункттеріне сипаттама

1. File

       Open-кеңейтілуі .pas файлды ашады.

New-жаңа терезе ашады.

Save  (F2)-файлды өз атымен сол орнына сақтайды.

Save as-файлды басқа атпен, басқа каталогқа жазуға болады.



Change dir- ағымдағы (жұмыс істеп отырған) каталогты өзгертуге мүмкіндік 

береді.


Print-ағымдағы терезедегі ақпаратты принтерге шығарады.

Printer Setup-принтер орнату.

DOS shellDOS режиміне шығады. ехіt командасымен Паскаль ортасына 

оралады. 



Exit (Alt-X)-Паскальмен жұмысты аяқтайды. Файлды сақтау қажет.

Терезелермен   жұмыс   iстеу.    Терезе   дегенiмiз - бiздiң   барлық   iс-әрекетiмiздi

жүзеге  асыратын экранның  бөлiгi.  Оның  размерiн  өзгертуге, орнын  ауыстыруға,

ашуға,   жабуға   болады.   Паскаль     ортасында     бiрнеше     терезенi   қатар     ашуға,

әрбiреуiмен  жеке  жұмыс  жасауға, олардың  арасында  информация   алмастыруға

болады.  Жұмыс  iстеп  отырған  терезе белсендi (активтi) деп  аталады. Белсендi

терезе   қос   рамкалы   және   онда   жабу   кнопкасы,   масштабтау   кнопкасы,   терезенi

жылжыту кнопкасы, терезенiң өлшемiн өзгерту бұрышы болады.

Меню- WINDOW

Tile-терезелерді ретпен орналастыру.

Cascade-терезелерді каскадпен орналастыру.

Close all-барлық терезелерді жабу.

Size/Move-терезенің өлшемін өзгерту (Shift+стрелкалар).

Zoom-терезені үлкейту немесе кішірейту.

Next - терезелерді ретпен қарау.

Close (Alt + F3)-белсенді терезені жабу.

Previous- терезелерді кері ретпен қарау.

List-барлық ашық терезелер тізімін көрсетеді.

Alt + № - № номерлi терезеге өту. Alt  клавишасы  мен  керек  терезенiң  номерi  

қатар басылады.



Alt + F5 -  Window/ User Screen - Бағдарламаны  орындау  нәтижесi  бар 

пайдаланушы терезесі  шығады



Тапсырма.

1.Паскальді жұмысқа қос.

2.  Паскаль ортасында 5 терезе ашып, әрбіреуін сәйкесінше tereze1, tereze2, tereze3, 

tereze4, tereze5 деген атпен сақта.

3. Терезелерді ретпен орналастыр.

4. Терезелерді каскадпен  орналастыр да, мына ақпаратты тер.

1-терезеге:  {фамилияң мен атыңды}   

2-терезеге:   program p_orta;

                    const k=100;

3-терезеге:   label  m1,m2;

                      Begin    clrscr;      writeln(‘Salem!’); writeln(‘ Men  Pascalmyn!’);

                      end.

4-терезеге:   uses  crt;

Осы ақпараттарды терген соң, әрбір терезені сақта.

5. Терезелерді ретімен, одан соң кері ретпен қарап, жазылған ақпаратты тексер.

6.  2-терезеге өтіп, мына жазуды қосып, сақта.

                             type kun=1..31;



жүктеу 332,45 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау