Функциясы бар бағдарламаныњ орындалу тєртібі
1.Негізгі бағдарламадан фактілік параметрмен функция шаќырылады.
2.Функциядаѓы формальді параметрлер фактілік мєндерге ие болады.
3.Функцияныњ нєтижесі аныќталады, функцияныњ атына мєн меншіктеледі.
4.Негізгі бағдарламада функцияныњ мєні пайдаланылады.
Пайдаланылатын әдебиет: [2], 57-64 беттер; [1], 130-157 беттер;
№7тақырып. Ақпаратты компьютердің сыртқы құрылғыларында көрсету
№11 зертханалық жұмыс. Файлдар
Теориялық бөлім
Өте үлкен көлемді ақпараттарды сыртқы жадыда сақтау ыңғайлы. Мысалы, оқу
орнындағы студенттер туралы, кітапханадағы кітаптар туралы, т.с.с. мәліметтер. Бұл
ақпараттар бағдарламада файлдар арқылы пайдаланылады.
Файл дегеніміз сыртқы жадыда белгілі бір атпен сақталған деректердің жиыны.
Мәліметтерді файлдармен пайдаланудың себептері:
1. Бағдарламаның жұмыс барысында өте үлкен ақпаратты енгізу көп уақытты алады
және адамды жалықтырады. Клавиатурадан енгізілген деректер мен экранға
шығарылған нәтижелер сақталмайды, бағдарламаның жұмысы аяқталған соң
жоғалып кетеді. Сондықтан, бұл ақпараттар алдын-ала дайындалып, дискіде
сақталады да, қажетінше пайдаланыла беріледі.
2. Берілгендер файлын басқа бағдарламамен дайындап бірнеше бағдарламаны бір-
бірімен байланыстыруға болады.
3. Бағдарламаның орындалу кезінде пайдаланушының қатысуы міндет емес.
Файлдық тип. Бір бағдарламада бірнеше файлмен жұмыс істеуге болады. Әрбір
файл өз атымен аталады. Файлдағы компоненттер бір типте болады. Файлдың
ұзындығы алдын-ала анықталмайды, ол құрылғының сыйымдылығына байланысты
болады. Файлды бір типтегі мәндердің шексіз тізімі деп қарастыруға болады.
Файлдың элементтері нольден бастап нөмірленеді. Файлдың элементтері ағымдағы
көрсеткіш арқылы көрсетіліп тұрады. Ағымдағы көрсеткіш бағдарлама
жұмысына байланысты бір элементтен екіншіге ауысып тұрады. Кез келген уақытта
файлдың бір элементіне ғана қол жеткізуге болады.
1 элемент 2 элемент 3 элемент
4 элемент
...
ағымдағы
көрсеткіш
Файлдардың элементтерін тізбекті (последовательный) немесе тікелей (прямой)
қарастыруға болады. Тізбекті файлдың элементтеріне жазылу реті бойынша қол
жеткізіледі. Тікелей қол жетімді файлдың элементтеріне олардың адресі бойынша
қол жеткізіледі. Сондықтан, тікелей файлдың кез келген элементін кез келген
уақытта пайдалануға болады.
Дискідегі деректер файлы Паскаль бағдарламасымен файлдық айнымалы
арқылы байланысады. Бағдарламада көпшілік жағдайда файлдық айнымалыны f
арқылы белгілейді.
Бағдарламаның айнымалыны сипаттау бөлімінде файлдық айнымалы былай
сипатталады.
var
файлдық айнымалы: file of элементтердің типі;
Мысал:
var
f1, f2:file of integer; f1, f2 - элементтері бүтін типтегі файл.
s1 , s2:file of string; s1, s2- элементтері жолдық типтегі файл.
Файлдарды пайдалану әдістері.
1. Бағдарламаның басында файл мен файлдық айнымалыны байланыстыру қажет. Ол
үшін мына процедура қолданылады:
assign(файлдық айнымалы, деректік файлдың аты);
2. Файлмен жұмыс істеу үшін алдымен оны ашу қажет. Файлды пайдалану
мақсатына қарай ашудың екі түрі бар:
2.1. Файлдан деректерді оқу үшін –
Reset(файлдық айнымалы);
2.2. Жаңа файлды жасау үшін және оған деректерді жазу үшін
Rewrite(файлдық айнымалы);
3. Ашылған файлдың элементін оқу:
Read(файлдық айнымалы, айнымалы);
4. Ашылған файлға элемент жазу:
Write(файлдық айнымалы, айнымалы);
5. Файлмен жұмыс аяқталған соң файл жабылады:
Close(файлдық айнымалы);
1-мысал: Санды клавиатурадан енгізіп, san.txt файлына жаз.
program file_tip;
var f:text; s:integer;
begin
assign(f1, 'san.txt’); { san.txt файлы f1 айнымалысымен байланыстырылады. }
rewrite(f1); { f1 файлы деректерді жазу үшін ашылады}
readln(s); write(f1, s); { s айнымалысының мәні f1 файлына жазылады}
close(f1); { пайдаланылып болған соң, f1 файлы жабылады}
readln; end.
2-мысал: Деректерді san.txt файлынан оқып, экранға шығар.
Бағдарламаны жазудан бұрын san.txt файлы алдын-ала дайындалады.
program file_tip;
var f1: text; s, n:integer;
begin
assign(f1, 'san.txt’); { san.txt файлы f1 айнымалысымен байланысты}
reset(f1); { f1 файлы деректерді оқу үшін ашылады}
read(f1, s); { f1 файлынан кезектегі элемент оқылып, s айнымалысына
беріледі. }
writeln(s); {s айнымалысының мәні экранға шығарылады }
close(f1); {пайдаланылып болған соң, f1 файлы жабылады}
readln;
end.
№8тақырып. Графиктік операторлармен жұмыс
№12 зертханалық жұмыс. Графиканы бағдарламалау
Теориялық бөлім
Паскаль тілінде графикалық кескіндер жасау үшін, GRAPH модулі
қолданылады. Бұл модульде 79 графикалық процедуралар, функциялар, тұрақты
шамалар мен типтер орналасқан.
Графиканы жұмысқа қосу мына әрекеттерден тұрады:
uses Graph; {Graph модулін, яғни графикалық процедуралар,
орналасқан кітапхананы іске қосу}
var dv, mv:integer; {dv, mv – екі айнымалысы графикалық
режимді іске қосады}
dv:=Detect; {detect мәнімен қажет графикалық драйвер
мен режим автоматты түрде іске қосылады}
InitGraph(dv,mv,’c:\tP7\BGI’); {graph модулінің
орналасқан жолы көрсетіледі}
If GraphResult<>grOk then Halt(1); {Графикалық режимді
іске қосудағы қатесі тексеріледі}
Осы әрекеттерден соң графикалық операторлар жазылады. Графикалық әрекеттер
орындалып болған соң, графикалық режимді жабу керек.
6.CloseGraph; {Графикалық режимді жабу}.
Монитор экраны нүктелер жиынынан тұрады. Графикалық экранда координаталар
жазықтығының орналасуы төмендегідей:
Түстер таблицасы
Түстің
номері
Түстің аты
Түстің
номері
Түстің аты
0
Қара
8
Қою
1
Көк
9
Көгілдір
2
Жасыл
10
Ашық жасыл
3
Бирюза
11
Ашық бирюза
4
Қызыл
12
Қызғылт
5
Малина
13
Ашық малина