Зертханалық жұмыс № 1 «Delphi интерфейсінің элементтері»
Бірінші тәжірибелік жұмыс Delphi ортасы мен осы тіл туралы негізгі ұғымдарға кіріспеден басталады. Сіздер жобамен Delphi ортасының қосымшасы ретінде танысасыздар, ал пішінді құрауыштарынан бағдарлама құрылатын жобаның қалауы ретінде қарастырасыздар. Нақты мысалдарда Delphi ортасында бағдарламалаудың концепциясы тереңдетіліп оқылады, олар: жобаны анықтау, жаңа пішінді құру, пішінге құрауыштарды қосу, осы құрауыштардың қасиеттерін анықтау және бағдарламаның орындалуы.
Жұмыстың мақсаты: Delphi ортасымен және оның негізгі терезелерімен танысу. Өзіңнің бірінші қосымшаңды құру және оны сақтауды үйрену.
Delphi — Windows жүйесінде жұмыс істеуге арналған бағдарламалаудың көрнекілік тілі. Оның қосымшасы, яғни Delphi ортасында құрылған бағдарлама да Windows жүйесіне арналған.
Delphi ортасында бағдарламалау объектілі-бағытталған технологияға сүйенеді. Бағдарламалаудың базалық тілі ретінде Object Pascal тілі таңдап алынған.
Delphi ортасында бағдарлама құру жұмысының көп бөлігі құрауыштарды таңдау, оларды тышқанның көмегімен экранға орналастыру және осы құрауыштардың қасиеттерін анықтауға кетеді. Құрауыштар — «құрылысшы блоктар» деп саналады, олардан Delphi ортасының қосымшалары құрылады. Олар өз кезегінде көрінетін болуы мүмкін, олар қолданбалы интерфейстің бөліктері (айналдыру жолағы, басқару батырмалары, меню т.б.), сонымен бірге көрінбейтінде болуы мүмкін — таймер, деректер базасы.
Тапсырма 1. Delphi - ді іске қосу
Delphi – ді іске қосу үшін 3 әдістің біреуін орындаңыздар:
1 . Егер сіз Windows ортасында отырсаңыз , онда Жұмыс стөліндегі Delphi пиктограммасына тышқанның көмегімен екі рет шертіңіз .
2. Келесі қадамдарды орындаңыз: Пуск – Программы – Borland Delphi 6 – Delphi 6
3. Windows бағыттауышынан (Каталог Program Files\Borland\Delphi 6\Bin) delphi32.exe файлын тауып алып, соны орындаңыз.
Тапсырма 2. Delphi интерфейсінің элементтерін оқып – үйрену.
Ортаның интегралдық құрылымы (IDE – Integrated Development Environment).
Delphi ортасының интегралдық құрылымына қосымшаларды құрайтын және жобаны басқаратын келесі құралдар кіреді:
Негізгі меню
Құрал – саймандар панельі
Жоба диспетчері (Project Manager)
Код редакторы (Code Editor)
Құрауыштар палитрасы (Component Palette)
Пішін терезесі
Объект инспекторы (Object Inspector)
Объект бұтақтары (Object Tree View)
Меню конструкторы (Menu Designer)
Зерттеуші (Browser)
Delphi 6 ортасын іске қосқанда компьютер экраны сурет 1.3 – де көрсетілгендей көрініс табады.
Сурет 1.3 Delphi 6 ортасының терезелері мен панельдері
Бағдарламалау ортасының негізгі терезесін қарастырайық. Ол терезенің тақырыбы — Delphi 6 – Project 1, яғни Delphi сізге бірінші жобаңызды құруға нұсқау береді және оған Project 1 деген ат тағайындайды. Төмен қарай негізгі меню, 16 батырмадан тұратын құрал-саймандар панельі және құрауыштар палитрасы орналасқан.
Негізгі меню бағдарламалау ортасының командаларына қатынасты қамтамасыз етеді, олардың көбі Windows ортасынан және оның қосымшаларынан белгілі, ал қалғандары Delphi – ді оқып – үйренгенде кең түрде талқыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |