Зеренді ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аймақтарды дамыту бағдарламасы мазмұНЫ



жүктеу 2,36 Mb.
бет2/6
Дата28.11.2017
өлшемі2,36 Mb.
#2258
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Өнеркәсіптің дамуы

Аудан экономикасын дамыту үшін, негізін өнеркәсіп өндірісі білдіреді. Аудан өнеркәсібінің жалпы көлемінде, 2014 жылы өнеркәсіп өндірісінің үлесі – 70,2 %, ал Ақмола облысының құрылымында – 16,3% (2013 жылы ауданның өндіріс көлемі – 68,5% орын алған, Ақмола облысы құрылымында – 15,7 %).

2014 жылы шығарылатын өнім көлемі, 2013 жылмен салыстырғанда 106,1% арттырылды және 47 953,6 млн. теңгені құрады, 2013 жылы – 45 177,6 млн. теңгені, оның ішінде:

- 2014 жылы ірі және орта бойынша, 2013 жылмен салыстырғанда өндіру көлемі 6,8 % арттырылды;

- 2014 жылы саны аздық кәсіпорындар бойынша, 2013 жылмен салыстырғанда кендік емес материалдардың, асфальттың, құрылыс кірпіштің өнімін жоғарылату есебінен, өндіру көлемі 27,3 % жоғарылады;

- 2014 жылы қосалқы және ауылшаруашылық кәсіпорындар бойынша, 2013 жылмен салыстырғанда «Құмдыкөл» ЖШС, «Көкшетау-Жолдары» ЖШС есебінен өндіру көлемі 13,9 % жоғарылады.

2014 жылы ТКИ 135,8 % құрады, 2013 жылы – 105,9 %.

Зеренді ауданы бойынша бір ірі кәсіпорын бар - «Altyntau Kokshetau» ЖШС, 2014 жылы 8726 кг алтын және 189,8 кг күміс өндірілген, 2013 жылы 5705 кг алтын және 47 кг күміс өндірілген.

Орта кәсіпорындар арасында ең ірілері:

- Алексеевка доломит кеніші – 2014 жылы табиғи тұрғыда, өнімді өндіру көлемі 314,8 мың тонна доломитті құрайды, ол 2013 жылғы мерзімге 87,1 % құрайды, өтімнің жоқтығынан, 2013 жылға төмендетілген өндірістік бағдарламаға байланысты төмендеді;

- «Ардагер - Неруд» ЖШС - кендік емес материалдарды өндіру көлемі 226,7 мың куб.м. құрайды, ол 2013 жылғы 71,6 % құрады;

- «Айдабол спіртзауыты» АҚ өнімді өндіру көлемі 159,7 мың дал этилдық спіртті құрайды немесе 2013 жылғы мерзімге 75,4 % құрады.

Егер де, өнеркәсіп салаларының барлық қызмет түрлерінің серпінін алсақ, 2014 жылы экономикалық қызмет түрлері бойынша, 2013 жылмен салыстырғанда, ірі өнеркәсіп кәсіпорындарының салалық қызметтік аралас серпіні байқалады:

Тау өндіру өнеркәсібінде 2014 жылы 2013 жылмен салыстырғанда 1 % көлемі төмендеді және 16 273,3 млн. теңгені құрады. (2013 жылы 16 436,6 млн. теңге).

Өңдеу өнеркәсібінде 2014 жылы 2013 жылға қарағанда 112,6 % өсуіне қол жетілді және 30 672,2 млн. теңгені құрайды. (2011 жылы 27 242,3 млн. теңге).

Электр қуатымен қамту, газ, буу жеткізу және ауа тазалау, сумен қамту және кәріз жүйелері 2014 жылы 1007,7 млн. теңгені құрайды, ол 2013 жылғы деңгейіне қарағанда 88,8% құрайды.


Энергетиканың дамуы
Зеренді ауданында электр жүйелерінің жалпы ұзындығы солтүстік өңірде (ВЛ-10 КВ, ВЛ-0,4КВ)- 1 576,775 км, КТП саны - 293 шт, ВЛ -10 КВ- 930,67 км, ВЛ-0,4- 646,105 км.

Оңтүстік өңірде Зеренді ауданында ПС 110/35/10 по 3 ВЛ -35 кВ «Зеренда-Пухальск», «Зеренда-Викторовка», «Зеренда-Подлесное».

Ұзындығы (ВЛ-10 КВ, ВЛ-0,4КВ)- 881,775км, КТП - 175 дана, ВЛ -10 КВ- 501,67 км, ВЛ-0,4- 380,105 км.

Зеренді ауданы аймағында электр жеткізу ұйымы бар, ол «Кокшетау Энерго» ЖШС Зеренді АЭЖ.

2014 жылы барлық тұтынушылармен электрқуаттын 35200 тыс.кВт/сағ. пайдаланды.

Жүйедегі жоғалу 2014 жылы 10 % құрайды, 2013 жылға қарағанда, ол 1,7% аз.
Агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекелестігін жоғарылату.
Агроөнеркәсіптік кешен
Зеренді ауданы - облыс өңірінің негізгі ауыл шаруашылығынын бірі.

Агроөнеркәсіптік кешен саласында 386 қожалық және фермерлік шаруашылық, және 101 ауылшаруашылық құрылымы қызмет атқарған.

Фермерлік шаруашылықтың және ауылшаруашылық құрылымының ең үлкен үлесі Бұлақ ауылдық округінде (13,6 % фермерлік шаруашылық және 12,1 % ауылшаруашылық құрылымы), М.Ғабдуллин атындағы ауылдық округінде (8,5% фермерлік шаруашылық және 8,5% ауылшаруашылыық құрылымы), Троицк а/о (9,2% фермерлік шаруашылық және 7 % ауыл шаруашылық құрылымы) жұмылдырылған.

Салада өнімді өндірудің өсу серпіні сақталады. Аудан өндірісінің жалпы көлемі ауылшаруашылық өндірісінің көлемінде 2014 жылы 17 096,9 млн.теңгені құрайды, оның ішінде өсімдік шаруашылығының өнімдері 8 409,9 млн. теңге, мал шаруашылығы 8 687,0 млн.теңге.

2012 жылы ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 10,4 млрд.теңгені құрайды, 2013 жылы 17,3 млрд. Теңгені, ол 166,3% құрайды.

Ең ірі ауылшаруашылық кәсіпорындары «Викторовка» ЖШС, «Зеренді-Астық» ЖШС, «Көкшетау Астық Инвест ЛТД» ЖШС, «Дихан плюс» ЖШС болып табылады, олардың негізгі қызмет түрлері дәнді-дақылдар шаруашылығы.


Өсімдік шаруашылығы.
Өсімдікшаруашылығындағы жалпы өнім өндіру көлемі, әрекеттегі бағамен барлық шаруашылық санаты бойынша 2014 жылы 8409,9 млн. теңгені құрайды немесе өткен жылғы мерзімге қарағанда 82,4 % (2013 жылы – 10199,6 млн. теңге, 2012 жылы – 5029,8 млн. теңге).

Саланы дамытудың басты бағыты дәнді дақылдарды өндіру болып табылады, 2014 жылы 155,4 мың га. белгіленді, ол 2013 жылдың кезеңіне 90,7 % құрайды (171,3), ол азық және көкөніс өсімдіктерін егуді арттыруға байланысты, сонымен қатар майлы дақылдар – 69,5 мың га., көкөністер (халықпен) – 0,38 мың га., картоп – 1,5 мың га. егілді.

2013 жылы дәнді дақылдарға 171,3 мың га белгіленген, ол 2012 жылғы мерзімге 103,2 % құрайды (166), сонымен қатар майлы дақылдар – 48,4 мың га., көкөністер (халықпен) – 0,38 мың га., картоп – 1,5 мың га. егілді.

Толықбағамды азық базасының дамуына ерекше көңіл бөлінеді, 2014 жылы азық дақылдарға арналған жер көлемі 9,3 мың га құрайды, ол 2013 жылға қарағанда 1,5 есе артық – 6,044 мың га, 2012 жылы 6,028 мың га.



Ауыл шаруашылық дақылдарын егу алаңы



Егу алаңы

өлш. бірлігі

2012

2013

2014

дәнді және д/бұршақ дақылдар

мың га

166,0

171,3

155,4

майлы дақылдар

мың га

38,4

48,4

69,5

картоп

мың га

1,5

1,5

1,5

көкөніс

мың га

0,38

0,38

0,38

2014 жылы дәнді дақылдарды жинау 199,4 мың тоннаны құрайды, 2013 жылы 197,2 мың тонна немесе 101,1%, 2012 жылы 195,1 мың тоннаны құрайды.

2015 жылы дәнді дақылдардың егу алаңы 163,2 мың га құрады.

Егістікке және жинау мерзіміне, дақылдардың шығуына әсер ететін негізгі және маңызды ықпал, ауа райының қолайсыз жағдайы салдарынан, 2013 жылмен салыстырғанда жалпы өнімнің төмендеуі мүмкін. Өткен 3 жылда орташа шығу көлемі 15,4 ц/га құрайды.

2014 жылы 13,3 ц/га орташа шығу кезінде, есептік салмағы 177,2 мың тонна дәнді дақылдар жиналды, 118,9 ц/га орташа шығу кезінде, халық есебімен 17,8 мың тонна картоп жиналды, 108,2 ц/га орташа шығу кезінде 4,1 мың тонна көкөніс, 7,4 ц/га орташа шығу кезінде 35,6 мың тонна майлы дақылдар жиналды.

2013 жылы 11,6 ц/га орташа шығу кезінде, есептік салмағы 197,2 мың тонна дәнді дақылдар жиналды, 141,7 ц/га орташа шығу кезінде, халық есебімен 21,2 мың тонна картоп жиналды, 121,2 ц/га орташа шығу кезінде 4,6 мың тонна көкөніс, 7,4 ц/га орташа шығу кезінде 34,6 мың тонна майлы дақылдар жиналды.

2014 жылы әр түрлі модификациядағы 102 бірлік жоғары өндіретін ауыл шаруашылық техникасы сатып алынған, 2013 жылы – 101 бірлік, оның ішінде егінді жинау комбайндары – 33 бірлік, ол 2013 жылдан 1,6 рет артық (20 бірлік), тракторлар 50 бірлік, қаумалық дестелегіш 2 бірлік,  егістік жиынтық 6 бірлік,  тұқымсепкіш және басқа да жабдықтар 11 бірлік, барлығы 102 бірлік, жалпы сомасы 960,7 млн.теңге.

2015 жылы әр түрлі модификациядағы 70 бірлік ауылшаруашылық техникасы сатып алынды, жалпы сомасы 1035,0 млн. теңге, оның ішінде: астық жинайтын комбайндар 11 бірлік, тракторлар 21 бірлік, егу жиынтығы 5 бірлік, қаума дестелегіші 3 бірлік, басқа да жабдықтар 30 бірлік.

150,6 мың га. алаңында дымқыл ресурстардан қорғайтын технологиялар енгізілді, ол га 103,0 % артық, 2012 жылға қарағанда (146,2) немесе жалпы егістік алаңынан 63,8%.

2012 жылы көкөністерді алғашқы қайта өндеуі бойынша цехымен көкөніс сақтаушы жұмыс атқара бастады, көлемі 4000 тонналық «АгроТрейдЕсиль» ЖШС, «СЗЦ Шортанды» ЖШС көлемі 3 тонналық картоп Садовый а.
Малшаруашылығы.
Мал шаруашылығында жалпы өнімді өндіру көлемі, барлық шаруашылық санаты бойынша әрекеттік бағамен 2014 жылы 8687,0 млн.теңгені құрайды немесе 122 % 2013 жылғы кезенде 7097,3 млн. теңге (2012 ж.-6341,0 млн.теңге).

9606,0 тонна тірі салмақта барлық түрдегі малдар және құстарды сою жүзеге асырылды, 44338,8 тонна сүт, 12598,8 мың дана тауықтың жұмыртқасы.


Кестеде мал шаруашылығы бойынша өнім өндіруі көрсетілген:
мың тонна

Атауы

2012

2013

2014

Тірі салмақта ет өндіру

9,1

9,6

9,9

Сүт өндіру

37,6

43,9

45,7

Жұмыртка өндіру

(млн. дана)

10,6

11,3

11,8

Ауыл шаруашылық құрылымдарымен өндірілетін мал өнімдерінің үлесі, жалпы көлемде 2014 жылы ет өнімі 441,95 тонна немесе 4,4 %, сүт 4788,8 тонна немесе 10,4 %.

2013 жылы ауыл шаруашылық құрылымдарымен өндірілетін мал өнімдерінің үлесі, жалпы көлемде ет өнімі 698,14 тонна немесе 7,3 %, сүт 4260,6 тонна немесе 9,6 %.

2013 жылдың 12 айында жемделген бір сиырдан 2819 кг. сүт сауылған, бір қойдан 2,2 кг жүн қырқылды, бір тауықтан 145 дана жұмыртқа шықты. Халықтан 14 мың тонна сүт сатып алынды және тірі салмақта 4,4 мың тонна ет сатып алынды.

Әрбір 100 жатырға 83 бұзау, 1051 торайлар, 100 лақтар, 75 құлын төлдеді.

Кестеде жылдар бойынша мал басы санының

серпіні көрсетілген:
мың бас


Атауы

2012

2013

2014

ІҚМ саны

31,6

34,3

35,5

о.і. сиырлар

18,2

17,7

18,9

шошқалар

2,7

2,9

2,9

қой мен ешкілер

51,5

55,6

57,8

жылқылар

11,7

12,1

12,6

құстар

97,7

97,7

97,8

Ауданда малдың өнімділігін арттыру үшін 18 жасанды ұрықтандыру бекеті қызмет атқарады, 2013 жылы 2581 бас ІҚМ ұрықтандырылды, 2012 жылы 2579 бас ІҚМ, ол өткен жылғы кезеннің 195,6 % құрайды.

Приречен ауылдық округінде 2013 жылы «Жаксылык Agro» ЖШС-мен 100 басқа дейін сауылатын табыны бар, сүт-тауар фермасы құрылды. 2013 жылы 92 тонна сүт өндірілді.

Бұлақ ауылдық округінде 2014 жылы «Карнашаускене» ШҚ-мен 200 басқа арналған сүт-тауар фермасы ашылды.

Ауданда 2015 жылдан 3 мал жемдеу алаңы жұмыс атқарады, 1 ірі -қуаттылығы асыл тұқымды 4000 бастан артық ІҚМ («Щучинский гормолзавод» ЖШС. М.Ғабдуллин атындағы ауылда жоба жүзеге асырылды) және 2 шағын 400 бастан ІҚМ («Беккожа» ш/қ М.Ғабдуллин атындағы ауылдық округте және «Викторовка» ЖШС Викторовка ауылдық округте).

2012 жылы «Фермерлік шаруашылықтарды дамыту» және «Сыбаға» бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде, «Аграрлық несиелік корпорациясы», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы қаржыландыру іске асырылды және аудан бойынша жалпы сомасы 70,1 млн. теңгені құрайтын несиелік қаражат алынды.

Еттік мал шаруашылығын дамыту мақсатымен, олардың асыл тұқымды құрамын жақсарту үшін ағымдағы жылда етті асыл тұқымды 47 бас бұқалар сатып алынды.

«Аграрлық несиелік корпорациясы» арқылы 34,5 млн.теңге бөлінген, төлдейтін 193 бас ІҚМ сатып алынды.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 29,2 млн.теңге бөлінген, төлдейтін 163 бас ІҚМ сатып алынды.

«МКО Есиль» арқылы төлдейтін 36 бас ІҚМ сатып алынды, 6,4 млн. теңге бөлінді.

101 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау» Бағдарламасы бойынша 42,5 млн. теңге субсидия игерілді:

селекциялық тұқымдық жұмысты жүргізуге 37 920 мың теңге;

тұқымды бұқаларды қоғамдық табында ұстауға 329 мың теңге;

отандық асыл тұқымды жас малдарды сатып алуға 4280 мың теңге.

102 «Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыру» Бағдарламасы бойынша 21,6 млн. теңге субсидия игерілді:

7 тонна қой етін өндіруге 350 мың теңге, 2,5 тонна жылқы етіне 230,0 мың теңге, 3 тонна қымызға 180 мың теңге, 546 тонна сүтке 5 460 мың теңге, қуңарсыз және шырынды азық бағасын арзандатуға 15 349,5 мың теңге.

2013 жылы «Фермерлік шаруашылықтарды дамыту» және «Сыбаға» бағдарламаларын жүзеге асыру шеңберінде, «Аграрлық несиелік корпорациясы», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы жалпы сомасы 82,2 млн. теңгені құрайтын қаражат алынды және 487 бас ІҚМ сатып алынды.

101 «Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау» Бағдарламасы бойынша 62,1 млн. теңге субсидия игерілді, оның ішінде селекциялық тұқымдық жұмысты жүргізуге 57 820 мың теңге, тұқымды бұқаларды қоғамдық табында ұстауға 329 мың теңге, отандық асыл тұқымды жас малдарды сатып алуға 4 280 мың теңге.

102 «Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыру» бағдарламасы бойынша 24,0 млн. теңге субсидия игерілді, оның ішінде сүт өндіруге 3 965 мың теңге, қой етін өндіруге 1 167 мың теңге, қымызға 199 мың теңге, жылқы етіне 65,7 мың теңге, қуңарсыз және шырынды азық бағасын арзандатуға 18 360 мың теңге.

2011-2013 жылдары 1708 бас төлдейтін мал сатып алынды, ол 1028 бас жоспарында 166% құрайды.

2013 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша мал шаруашылығын дамытуға 98,2 млн. теңге бөлінді, ол 2012 жылға қарағанда 108,5% құрайды (90,5 млн. теңге).

2014 жылы мал шаруашылығына - 123 472 800 теңге ғана субсидия бөлінген және игерілген, оның ішінде:

- асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау үшін – 114 262 000 теңге;

- мал шаруашылығы өнімінің сапасын және өнімділігін арттыруға – 9 210 800 теңге.

Үнемі барлық қажетті ветеринарлық-алдын алу шаралары жүргізіледі. Ветеринарлық-алдын алу шаралары жоспарына сәйкес, қатан түрде ауыл шаруашылық малдарынан адамға жұғатын жұқпалы ауруларға жол бермеу бойынша қажетті жұмыстар жүргізіледі.
Ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу
Ауданда ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеумен 22 субъек айналысады, оның ішінде 13 наубайхана, 1 ет өңдеу цехы («Амишек» ЖК), сүтті қайта өңдеу зауыты («Milk project» ЖШС), 6 мал сою бекеті, қымызды қайта өңдеу цехы («Қымыз Көкше» ЖШС).

2013 жылы 23 тонна ет қайта өңделді, жалпы ет өндірудің салыстырмалы салмағы 0,9% құрайды.

Ауданда 5 сүт қабылдау бекеттері ұйымдастырылған.

Сүтті қайта өңдеумен «Milk project» ЖШС айналысады.

2012 жылы 2382 тонна сүт, 1579 тонна кышқылсүтті өнім, 41 тонна ірімшік өңдірілген. 2013 жылы 5186 тонна өңделген сүт, ол 2012 жылға қарағанда 217,7 % құрайды (2382 тонна), 38 тонна кілегей майы, 68 тонна сүзбе мен ірімшік, 1384 тонна қышқылсүтті өнім өңдірілген.

Елорданың нарығына 164,0 млн. теңге сомасына 974 тонна сүт өнімі жеткізілді, бұл 2012 жылға қарағанда 119,5 % құрайды (815 тонна 148 млн.теңгеге).

Қайта өңдеу кәсіпорын қуаттылығының жүктелуі 47,6 % құрайды.

«Қымыз Көкше» ЖШС 2013 жылы 12,6 тонна бие сүті сауылды, сомасы 4 млн. теңге, ол 2012 жылға қарағанда 300 % құрайды (4,2 тонна 1 млн.теңгеге).

Зеренді ауылында «Зеренді НҚБ» ЖШС бидайды тазалау және кептіру бойынша өндіріс желісі бар, 2012 жылы Гранитный кентінде, қуаттылығы жылына 12 мың тоннаны құрайтын «KazGreinTreid» ЖШС бидайды сақтау және қайта өңдеу бойынша нан қабылдау кәсіпорны ашылды.

Ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілері, ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне белсенді қатысады, 2014 жылы 10 жәрмеңке өткізілді, 3 210,0 млн. теңгеге өнім сатылды.

АӨК дамуын ұстайтын негізгі қауірт мәселелер арасында, келесі түрлері білінеді:
Өсімдік шаруашылығындағы лимиттік ықпалға келесілер қатысты: табиғи – ахуал жағдайларға тәуелділік; дәнді дақылдарды сақтау мен сату қауірт мәселесі; қолданылатын жабдықтардың жоғары деңгейде тозуы.
Мал шаруашылығындағы негізгі қауірт мәселесі, шикі зат пен өндірілетін өнімнің төмен сапасы, мал басының негізгі бөлігі жеке қосалқы шаруашылықтарда ұсталғандықтан. Тұқымды малдың үлесі төмен және 7,0 % құрайды. Жоғарғы өнімді мал шаруашылығын дамыту, сонымен қатар тұрақты азық базасының жоқтығымен тоқтатылады.
Ауыл шаруашылық шикізатын қайта өндірудегі негізгі қауірт мәселе, мал шаруашылығы өнімін қайта өндеу саласындағы кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын жүктеудің нашарлығы – 12 % және өнеркәсіптік сою бекеттері санының жетіспеуі, ол еттің сапалы мінездемесін төмендетеді.

Елорданың нарығына сүт өнімдерін тасымалдаушы «Milk project» ЖШС, 2014 жылы 110 тонна сүт өнімдерін 22,0 млн.теңге сомасында жіберді.

Барлығы «Milk project» ЖШС-мен сүт өнімдері 210 тонна өндірілді, 42,0 млн.теңге сомасында.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тиімді қызметін қамтамасыз ететін сауда инфрақұрылымның дамуы
2015 жылғы 1 қаңтардағы шағын және орта табыскерлік, сауда жағдайы бойынша, Зеренді ауданында 1484 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер тіркелген, немесе 2013 жылғы деңгейге қарағанда 87,4 % (ШОТ әрекет етпейтін субъектілеріне түгендеу жүргізумен байланысты төмендету және ықтиярсыз оларды жабу). Олардың ішінде 1263 немесе 85,1 % жұмыс атқарады.

Шағын және орта табыскерлік саласында 6,2 мың адам жұмыспен қамтылған, 2013 жылға қарағанда 27,7 % артық (4,8).

Олардың әрекеттерінен 777,4 млн.теңге салықтық төлемдер түсті, ол 2013 жылғы кезеңінен 10,2 % артық.

2014 жылы шағын кәсіпкерлік саласында 163 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың негізгі бағыты, оларға көрсетілетін қаржылай қолдау болып табылады.

«Бизнестің жол картасы 2020» Табыскерлікті дамыту мен қолдаудың біріктірілген бағдарламасы шеңберінде, қаржылай қолдау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

- Сыйақы төлемін қаржыландырумен табыскерлік жаңа ықыластарды қолдау;

- Екінші деңгейдегі банктердің несиелерін кепілдеу;



- Гранттық қаржыландыру;
- Өндірістік инфрақұрылымдарды дамыту.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша Зеренді ауданында соңғы 3 жылда 14 субъект қолдау алды:



2012 жылы
Сыйақы төлемінің пайызын қаржыландыру: 320,0 млн.теңге сомасында несие алуға 2 өтінім:
- «Milk Project» ЖШС «Негізгі жабдықтарды сатып алу, айналымдағы қаражатты толтыру» жобасы бойынша 100,0 млн.теңге сомасында несие алу. 80 адамға жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлау;

- «Зерен Нұр» Демалыс орталығы» ЖШС «Қаржыландыру (жер телімімен демалыс орнын сатып алу)» жобасы бойынша 220,0 млн.теңге сомасында несие алу. 8 адамға жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлау;


Жетіспейтін инфрақұрылымды ашуға: 98,7 млн.теңге сомасына 1 өтінім:

- «KazGrain-Trade» ЖШС Зеренді ауданының Қонысбай ауыл округінің әкімшілік шекарасындағы жалпы сақтау көлемі 12 мың тонналық, жоба бойынша НӨК бару жолын салу.


2013 жылы
Сыйақы төлемінің пайызын қаржыландыру: 74,12 млн.теңге сомасында несие алуға 3 өтінім:
- «Дарбаза А» ЖШС «Жасанды қарлау үшін кешенді жабдықтар жүйесін сатып алу» жобасы бойынша 56,16 млн.теңге сомасында несие алу. 20 адамға жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлау.

- «Күміс Көкше» ЖШС «Қаржыландыру (жылқыларды сатып алуға және көбейтуге)» жобасы бойынша 12,71 млн.теңге сомасында несие алу. 6 адамға жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлау.

- «С.О.Нұрғалиев» ЖК «Қаржыландыру (тіс емдеу емханасын сатып алуға)» жобасы бойынша тіс емдеу қызметін атқаруға 5,25 млн.теңге сомасында несие алу. 1 адамға жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлау.
Жетіспейтін инфрақұрылымды ашуға: 411 млн.теңге сомасына 1 өтінім:
«Zolfo» ЖШС «Қазақстан Республикасының тұтынушыларын құнды құрама жеммен қамту, сапалы құрама жемді өндіру, өндірілген өнімді сыртқа сату» жобасы бойынша темір жол тұйығының, электр тарату жүйесінің, автокөлік жолдарының, ұңғыманың, жел генераторының, қазандықтың құрылысына 411 млн.теңге сомасы.
Гранттық қаржыландыру: 4,4 млн.теңге сомасына 1 өтінім:
«Бек-Сад» ЖШС «Жасыл гидропондық азықты өсіру» жобасы бойынша 4,4 млн.теңге сомасы. 3 адамға жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлау.
2014 жылы
Сыйақы төлемінің пайызын қаржыландыру: 107,5 млн.теңге сомасында несие алуға 2 өтінім:
«Жақсылық Аgrо» ЖШС «Негізгі жабдықтарды сатып алуды жаңалау (сиыр қораны жөндеу және 60 бас ІҚМ сатып алу) асыл тұқымды сүтті малдарды өсіру және көбейту үшін» жобасы бойынша 27 млн.теңге сомасында несие алу. 18 адамға жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлау.

«Рейн» ЖШС ЖШС «Қаржыландыру (қонақ үйіне арналған ғимаратты сатып алу) қонақ үй қызметін ұсыну үшін» жобасы бойынша 52,0 млн.теңге сомасында несие алу. 15 адамға жаңа жұмыс орындарын ашуды жоспарлау.
Банк несиесі бойынша жартылай кепілдеме: 13,5 млн.теңге сомасында кепілдемеге 1 өтінім:
«Жақсылық Аgrо» ЖШС «Негізгі жабдықтарды сатып алуды жаңалау (сиыр қораны жөндеу және 60 бас ІҚМ сатып алу) асыл тұқымды сүтті малдарды өсіру және көбейту үшін» жобасы бойынша 27 млн.теңге сомасында несие алу және 13,5 млн. теңге кепілдік сомасы.

Ішкі нарық, халықтың тіршілігін қамтамасыз етудің бірден бір маңызды саласы. Нарықтық қарым-қатынас және жаңарту мезгілінде бұл экономика саласы ірі өзгерістерді бастан өткізді. Капитал айналдырудың жоғарылығына байланысты, саудада жоғары кәсіпкерлік белсенділік қалыптасты, ол тұтынушылар нарығын жедел дамытуға әкелді.

Аудан бойынша 2014 жылы көтерме тауар айналымның көлемі 3135,5 млн.теңгені құрайды және өткен жылмен салыстырғанда 105,9 % артты. Бөлшектік тауар айналымының дамуына ішкі және сыртқы ықпалдар әсер етеді. Негізгі ішкі ықпалдар ішінен келесілерді бөлуге болады: біркелкі экономиканың жағдайы, бәсекелестіктің даму деңгейі, халықтың ақшалай түсімдері мен шығындарының серпінісі, бағаның өсуі және т.б. Ішкі ықпалдарға келесілер жатады: еңбек ресурстары мен негізгі қаражаттарды тиімді қолданумен тауарлық ресурстармен қамтамасыз етуге байланысты факторлар және т.б. Негізінде шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына халықтың жұмыспен қамтылуының артуы және кедейлік деңгейінің төмендеуі ықпал етеді, шағын кәсіпкерлікте жұмыспен қамту саны жоғарылауға жағымды тенденциясы бар. Жыл сайын сауданың кәсіпкерлік желісі мен қоғамдық азықтану көбейуде, 2012 жылы Зеренді ауылында 300 адамға дейін сыйатын «Тау» және «Алтын Орда» 2 мейрамханасы пайдалануға берілді. Березняковка, Ақкөл, Приречен, Бәйтерек, Красный Кордон, Симферополь ауылдарында дүкендер ашылды және Бәйтерек ауылында наубайхана пайдалануға берілді.

2013 жылы шағын кәсіпкерліктің 8 нысанасы енгізілген: Зеренді ауылындағы «Суйчмезова» ЖК дүкені, Ақкөл ауылындағы «Уракова» ЖК дүкені, Қойсалған ауылындағы «Ватер Трейд» ЖШС бөтелкелі су құйыу бойынша цехы, Зеренді ауылындағы «Умарова» ЖК бар-моншасы, Зеренді ауылындағы «Зерен тур» ЖШС қонақ үй кешені, Зеренді ауылындағы «Жолдин» ЖК дүкені, Ақкөл ауыл округіндегі «Қабдуллин» ЖК мейманханасы, Зеренді ауылындағы «Рейн» ЖШС жол бойындағы қызметі.

2014 жылы ШОБ 8 кәсіпорны енгізілген:

- «Синильга» мейманханасы;

- жол бойындағы қызметтің ғимараты (дәмхана-қонақ үйі);

- «Бірлік» дәмханасы;

- стоматологиялық бөлме;

- «Савостьянова» ЖК шаштаразы;

- «Дар» дәмханасын қайта жөндегеннен кейінгі дүкені;

- диірмен кешенің қайта жабдықтаудан кейін, ауыл шаруашылық өнімін қабылдау, қайта өндіру және сату бойынша кешен;

- мүлік кешен ғимаратын қайта жабдықтаудан кейін, дүмбілтағамды қайта өндеу бойынша цех.

2015 жылы ШОТ-тің 4 кәсіпорны пайдалануға берілді:

- Қ.Ж.Мұқанжаровтың тұрғын үйін қайта жабдықтаудан кейін, «Тұражол» дүкені;

- Д.А.Шураевтың жекеменшігіндегі, бұрыңғы «Арман» демалыс үйінің 5 күрделі жөндеумен және 6 корпусты қайта жабдықтаудан кейін, «Аvrоrа Gаrdеn» демалыс үйі;

- Зеренді а. «Бунина» ЖК киім және жиһаз сататын «Время» дүкені;

- Азат ст. «ЭльнурГрупп» ЖШС 20,0 мың тонналық Н­ӨК.

Зеренді ауылында нысаналар қайта жоспарланғаннан кейін және қайта жабдықталғаннан кейін пайдалануға берілді.

Бөлшектік тауар айналымын дамытудағы мінездемелік маңыздылығы, айналымның жалпы көлемінде нарық үлесінің төмендеуі болып табылады. Тауарайналымның өсу қарқынының баяулауы, азық-түлік тауарларына баға деңгейінің көтерілуімен, тұтынушы мақсатқа несие берудің қысқаруына байланысты. Ішкі сауда саласында, көленкелі айналымның салмақты көлемі байқалады, бұл салық салудың айқынсыздығына байланысты, сауда нарығы сияқты, сауда үйлері де нарық болып табылады.


Бәсекелестікті дамыту
Біздің аймағымызда ауа райы қолайлы болуына байланысты, бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар туғыздыратын келесі салалар бар:

  • агроөнеркәсіп кешені;

  • сауда мен өнеркәсіптегі шағын және орта бизнес;

  • туризм саласындағы қызмет.

Сонымен қатар, ауданымызда жеке тауар нарығында бәсекелестікті дамыту бойынша қауірт мәселелер бар:

  • мал соятын орынның аздығы, ол ет сапасын түсіретіндігі,

  • жылу және электрмен қамту инфрақұрылымдарының даму деңгейі бойынша аудан ауылдарының күрт артта қалуы, қуатты пайдалану көлемі бойынша, халықтың кәсіпкерлік белсенділігінің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

  • жаңа жобаларды іске асыруды енгізудің төмен серпілісі.



Инновацияларды дамыту және инвестициялар көлемін арттыру қаражаттары бойынша, жергілікті қамту үлесін арттыру.
Жаңартпа және қаржыландыру.
2014 жылғы негізгі капиталға инвестициялау және тұрғын үй құрылысы 7836,1 млн. теңге құрады немесе 2013 жылдың кезеңіне 83,7 % (2013 жылы – 9361,2 млн.теңге). Инвестицияның негізгі үлесі кәсіпорынның жеке қаражатына келісті 80,2 % немесе 6287,2 млн.теңге, қарыз қаражаты есебінен инвестицияны игеру үлесі 6,0 % немесе 465,1 млн.теңгені құрайды, банк несиесі есебінен 0,3 % немесе 24,7 млн.теңгені құрайды, республикалық бюджет есебінен 11,1 % немесе 869,9 млн.теңге, жергілікті бюджет есебінен 2,4% немесе 189,2 млн.теңге.

2015 жылғы баға бойынша, негізгі капиталға инвестициялаудың көлемі 7,0 млрд.теңгені құрайды немесе 2014 жылғы деңгейге қарағанда 82,1 %.

Шаруашылық субъектілерінің инвестициялары есебінен келесі жобалар жүзеге асады:

- Ақкөл аулында «Kazyna Invest Company» ЖШС аңдар фермасының құрылысы;

- «Елікті» ТШО, «Дарбаза-А» ЖШС қонақ үйі құрылысының аяқталуы;

- «Ардагер Неруд» ЖШС зауытының құрылысы;

- «AVR DEVOLOPMENT KAZAKHSTAN LPP» ЖШС кеңсесінің құрылысы;

- «Элнур Адил Групп» ЖШС («Тан Шығыс» ЖШС) нан қабылдау бекетінің және 20,0 мың тонна өндіретін темір жол торабының құрылысы және қызмет көрсетуі;

- «Грин Азия» ЖШС мал шаруашылығы кешенінің құрылысы;

- «Пром Строй Недра» ЖШС тас үгіту қондырғысын қамту құрылысы және қызмет етуі;

- Гранитный кеңтінің жанындағы «BLIC TERMINAL» ЖШС май зауытының құрылысы;

- «Денисенко» ЖК бидай құрғату кешенінің құрылысы;

- «Қазақстан KZ-2050» ЖШС асфальтобетон зауытының құрылысы;

- «Nika LPG» ЖШС тұрмыстық газ баллондарын толтыру бекеттері және көлік газымен жанармай құю стансалары жүйелерінің құрылысы;

- «Х.Қ.Қонқаев» ЖК шлакоблоктарды жасау бойынша өндірістік кешеннің құрылысы;

- Ақкөл селолық округінде қуаттылығы жылына 12 000 тонна құс етімен қамтитын құс фабрикасының құрылысы және қызметі мен өндірістік кезенмен қамту, «Зеренді Құс» ЖШС;

- Чаглинка селолық округінің әкімшілік шекараларындағы шошқа кешенінің құрылысы және қызметі мен өндірістік кезенмен қамту, «Смирновский бекон» ЖШС;

- «Агро Крестьянский Двор» ЖШС көкөніс сақтау қоймасының құрылысы және қызметі;

- «АМАН Агро-Кокше» ЖШС жылыжай құрылысы және жылыжай шаруашылығының қызметі;

- Бұлақ селолық округінде «Биманов және К» ЖШС диірмен кешенінің құрылысы;

- «Добычин А» ЖК балық өсіру бойынша тоған құрылысы;

- сүтті қайта өңдеу бойынша цех және ешкі фермасының құрылысы «Алиев Н.М.» ЖК;

- шикі каолин байыту фабрикасының құрылысы «Arai Pro» ЖШС;

- Алексееевка ауыл округінің Чаглинка ст. «КаZВаsеАssеt» ЖШС ЖЖМ (мұнай базасын) сақтау қоймасының құрылысы және қызметі;

- «Міlk Рrоjесt» ЖШС сүт-тауарының фермасын құру;

- Бұлақ ауыл округінде «Жетпісов» ЖК КЖҚС құрылысы және пайдалануы;

- Зеренді ауданында «Агро Крестьянский Двор» ЖШС агроөнеркәсіп кешені және мал шаруашылығы саласында өндірісті кеңейту;

- Зеренді ауылында «Асенов Ж.Ж.» ЖК қоғамдық монша кешенінің құрылысы;

- Зеренді ауданында «Агротрейдинг» ЖШС құс фабрикасының құрылысы;

- Зеренді ауданында «Евразиская независимая платформа по экспорту и инвестициям BN-Silk Way» ЖШС жел электростанциясының құрылысы;

- Зеренді ауданында «Blic Terminal» ЖШС мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы саласында өндірісті кеңейту;

- «Антонов И.А.» ЖК «Карагайчик» көлінде демалыс аумағын құру;

- Бұлақ ауылдық округінің Еленовка ауылында «М.Н. Гродер» ЖК әкімшілік шекарасында авто газ құю станция құрылысы;

- Айдабол ауылында «П.П. Ольферт» ЖК әкімшілік шекарасында авто газ құю станция құрылысы;



- Садовый ауылдық округ «Наурыз 2050» ЖШС әкімшілік шекарасында жеміс-көкөніс шаруашылығы және жылыжай кешеннің құрылысы;

«- Чаглинка ауылдық округінің әкімшілік шекарасында сауда павильонын құру», ЖК «Н.Б. Бегайдарова»;

«- Зеренді ауылдық округінің әкімшілік шекарасында аяқ киім жөндеу және тұрмыстық техникалық павильонын құру», ЖК «Р.К. Хасенов»;

«- Чаглинка ауылдық округінің әкімшілік шекарасында құстарды өсіру бойынша миниферма құру», ЖК «Б.Г. Мұстафина»;

«- Зеренді ауылдық округінің әкімшілік шекарасында сауда павильонын құру», ЖК «Л.Ш. Елшібаев»;

«- Зеренді ауылдық округінің әкімшілік шекарасында әлеуметтік павильонын құру», ЖК «Т.А. Мұқатаев»;

«- Зеренді ауылдық округінің әкімшілік шекарасында ветеринарлық клиника және дәріхана құру», ЖК «Т.С. Мамбеталин»;

«- Зеренді ауылдық округінің әкімшілік шекарасында сауда павильонын құру», ЖК «Р.Д. Бексеитов».

Экономиканың инновациялық дамуын ұстап тұрған негізгі ықпалдар – инновациялық қызметтің дамуы үшін уәждеменің тиімді жүйесінің жоқтығы. Концессиалық жобаны жүзеге асыруды тоқтататындардың санында, мерзімнің ұзақтылығы және сату құнының жоғарылауы ықпал етеді, континенталді ауа райының күрт жағдайында күрделі құрылысты жүргізуі, жобаны жүзеге асыру бағасының қымбаттау мүмкіндігі, қызметті потенциалды алушы ретінде халықтын табыс деңгейінің төмендігі, үнемі сұраныста болатын (білім беру және денсаулық сақтау саласында) және инвестицияның сатылу мерзімінің ұзақтығына сәйкес.


БАҒЫТТАР: ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Білім берудің сапасын және қол жетілімдігін жақсарту және балалардың заңды мүдделерін қорғау және құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін жақсарту.
Білім беру
Зеренді ауданында 51 мектепке дейінгі ұйымы бар. Оның ішінде 13 балабақша және 38 шағын орталықтар. 2015 жылы Чаглинка НМ жанында 20 орындық және Симферополь ОМ жанында 15 орындық шағын орталықтардың ашылуы жоспарланған. Балаларды (3-6 жастағы) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуы 2010 жылы 84,5 %, 2011 жылы 97,1 %, 2012 жылы 96,4 %, 2013 жылы 91,5 % және 2014 жылы 79,7 %, 2015 жылы жоспарлау көрсеткіші 71,4% құрайды (2014 жылы статистикалық есептеме мәліметтерінен аудан бойынша 0-ден 1 жасқа дейінгі 501 бала), (1-2 жастағылар) – 432, (2-3 жастағылар) – 512, (3-4 жастағылар) – 810, (4-5 жастағылар) – 815, (5-6 жастағылар) – 584, (6-7 жастағылар) – 617, сонымен 2015 жылы 3-тен 6-ға дейінгі балалардың жалпы саны (512+810+815+584) – 2721 баланы құрайды, 6 жастағы балалар саны мектепке дейінгі сыныптарға жатады, жалпы бала саны 2137 баланы құрайды, 2014 жылы (3-6 жастағылар) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылатын 1472 бала + 20 бала шипажай тобында «Балдырған» балабақшасында + 20 бала Чаглинка НМ жанындағы шағын орталығында + 15 бала Симферополь ОМ шағын орталығында, барлық балалар саны – 1527, 1527*100/2137=71,4 %.

2016 жылдан бастап 2020 жылға дейін жаңа мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуы жоспарланбаған. 2016 жылы (432+512+810=1754 балалар саны) және 1527 орын *100/1754=87 %. Осындай есеппен 2017 жылы көрсеткіш 86,3 % құрайды, 2018 жылы көрсеткіш 76,2 % құрайды, 2019 жылы көрсеткіш 72,4 % құрайды, 2020 жылы көрсеткіш 70,0 % құрайды.


Мектепке дейінгі оқытуды қажет ететін балалар санын төмендету үшін жаңа орындарды ашу үлесі (3-6 жастағылар) 2012 жылы 30 орын ашылған (30*100/1556=1,9 %), (Жамбыл БМ, Жылымды НМ) және 2013 жылы

40 орын (40*100/1586=2,5 %) қосымша «Балдырған» балабақшасында ашылған, 2014 жылы 45 орын ашылған (45*100/1626=2,7 %) қосымша «Балауса» балабақшасында 25 орын және «Балдырған» балабақшасында 20 орын ашылған, және 2015 жылы 35 жаңа орын ашылған (35*100/1641=2,0 %) Чаглинка НМ, Симферополь ОМ.


АДБ 11 жаңа тармағын орындау «Мектеп түлектері арасында оқу бағдарламаларын (өте жақсы/ жақсы) игерген оқушылар үлесі».
2015-2016 оқу жылдары ауданда күтілетін серпінге сәйкес 5963 оқушы құрайды, (28 орта, 27 негізгі, 10 бастауыш мектеп), 2014-2015 оқу жылдары ауданда 67 жалпы білім беру мектептері қызмет атқарады (28 орта, 27 негізгі, 12 бастауыш мектеп), оқушылар саны -5746, 1 жалпы білім беру кешкі мектебі Гранитный кеңтінде, ал 2013-2014 оқу жылдары ауданда 70 жалпы білім беру мектептері қызмет атқарды (28 орта мектеп, 27 негізгі мектеп, 15 бастауыш мектеп), оқушылар саны – 5737.
Жаратылыс-математика кезеңінің пәндері бойынша білім сапасының деңгейін жоғарылату.
2014 жылы нақты орындауы – 55,3% құрайды, түлектер саны 120 оқушыны құрайды, жоспарланған көрсеткіш 2015 жылы – 44,3 % құрайды, түлектер саны – 101, 2016 жылы – 42,9 % құрайды, түлектер саны – 104, 2017 жылы – 44,8 % құрайды, түлектер саны – 112, 2018 жылы – 45 % құрайды, түлектер саны – 108, 2019 жылы – 45,2 % құрайды, түлектер саны – 122, 2020 жылы – 45,3 % түлектер саны – 120 құрайды.
Қоғамдық – гуманитарлық пәндер
Нақты орындауы 2014 жылы – 45,2% құрайды, түлектер саны – 120 оқушы, жоспарлы көрсеткіш 2015 жылы – 46,1 % құрайды, түлектер саны – 105, 2016 жылы – 46,4 % құрайды, түлектер саны – 108, 2017 жылы – 46,4 % құрайды, түлектер саны – 116, 2018 жылы – 46,7 % құрайды, түлектер саны – 112, 2019 жылы – 46,7 % құрайды, түлектер саны – 126, 2020 жылы – 46,8 % құрайды, түлектер саны – 124.
АДБ 11.1 тармағын орындау бойынша «Жоғары педагогикалық білімі бар педагогтардың үлесі».
Зеренді ауданы бойынша 2012 оқу жылы басында педагоктар саны 1141 мұғалімді құрайды, оның ішінде жоғары біліммен 860, ол 75,4 % құрайды.

Зеренді ауданы бойынша 2013 оқу жылы басында педагоктар саны 1135 мұғалімді құрайды, оның ішінде жоғары біліммен 912, ол 80,4 % құрайды.

Зеренді ауданы бойынша 2014 оқу жылы басында педагоктар саны 1158 мұғалімді құрайды, оның ішінде жоғары біліммен 986, ол 85,1 % құрайды.

2015 оқу жылында педагоктар саны 1155 мұғалімді құрайды, оның ішінде жоғары біліммен 986, ол 85,1 % құрайды, 2 бастауыш мектепті жабу есебінен көрсеткіш төмендеді.


АДБ 12.1 тармағын орындау бойынша «Инклюзивті білім берумен мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санын қамту».
Жалпы мектептер санынан, инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының үлесі. Шаралар жоспарына сәйкес, инклюзивті білім беруді дамыту бойынша 2015-2020 жылдары Зеренді аудан мектептерінде логопункттарды ашу жоспарланған.

2014 жылы білім беру бөлімінің 2014ж.30.09. № 309 бұйрығына сәйкес, №2 ЗОМ жанында 15 балаға, «Арайлы» балабақшасында 15 балаға 2 логопункт ашылды. №2 ЗОМ жанында логопед штаттық бірлігі енгізілген.

2015 жылы Чаглинка ОМ, №1 ЗОМ, ЗҚОМ, Викторовка ОМ жанында логопункт ашу шаралары жоспарланған, Ортақ ОМ (дефектолог), Абай ОМ (логопед), Алексеевка ОМ (дефектолог), Троицк ОМ (дефектолог), Сейфуллин ОМ (логопед), Еленовка ОМ (дефектолог), Айдабол ОМ (дефектолог), Молодежный ОМ (дефектолог), Краснокордон ОМ (тифлопедагог).

АДБ 12.1 тармағын орындау бойынша «(14-24 жас) тұрғыдағы жастарды техникалық және мамандылық білім берумен қамту үлесі».
2014 жылғы нақты мәліметтерге сәйкес, (14-24 жас) тұрғыдағы жастардың саны 6864 адамды құрайды. Оның ішінде, техникалық және мамандылық білім берумен қамтылғандар 1490 адамды құрайды. Нақты көрсеткіш 21,6 % құрайды.

2015 жылғы алғашқы мәліметтер бойынша, (14-24 жас) тұрғыдағы жастар санының жоспарында 6882 адамды құрайды, техникалық және мамандылық білім берумен қамтылғандар 1520 адамды құрайды. Жоспарлы көрсеткіш 22 % құрайды.
АДБ тармағын орындау бойынша «Аз қамтылған отбасылардан жалпы оқушылар санын ыстық тамақпен сапалы және үйлестірілген тағаммен қамтылған үлесі»
2014 жылы аз қамтылған отбасы балларының және жетім баллардың жалпы саны 761, олардың барлығы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Алдынғы есептемеге сәйкес, аз қамтылған отбасы балларының саны, мектептерді қайта құрылымдау және алдынғы серпін есебімен азайтылады.

2015 жылы жоспарлы көрсеткіш бойынша, аз қамтылған отбасы балларының және жетім баллардың 525, 100% қамтылады; 2016 жылы жоспарлы көрсеткіштен, аз қамтылған отбасы балларының және жетім баллардың 543 қамтылады, ол 100% орындауды құрайды; 2017 жылы жоспарлы көрсеткіштен, аз қамтылған отбасы балларының және жетім баллардың 558 қамтылады, ол 100% орындауды құрайды; 2018 жылы жоспарлы көрсеткіштен, аз қамтылған отбасы балларының және жетім баллардың 570 қамтылады, ол 100% орындауды құрайды; 2019 жылы жоспарлы көрсеткіштен, аз қамтылған отбасы балларының және жетім баллардың 585 қамтылады, ол 100% орындауды құрайды; 2020 жылы жоспарлы көрсеткіштен, аз қамтылған отбасы балларының және жетім баллардың 612 қамтылады, олардың 100% тегін ыстық тамақпен қамтылады.




Орта білім
Зеренді ауданы бойынша 2015-2016 оқу жылдары 65 мектеп, оның 28 орта, 27 негізгі, 11 бастауыш, 1 кешкі мектептер.

Зеренді ауданы бойынша 2014-2015 оқу жылдары 67 мектеп, оның 28 орта, 27 негізгі, 13 бастауыш, 1 кешкі мектептер.

Толық жинақталған мектептердің саны – 9. Мектепке дейінгімен есептегенде – 6432 құрайды.

ОМ – 4860, НМ – 1404, БМ – 168, қазақ тілінде оқытумен – 1938, орыс тілінде оқытумен – 353, қазақ және орыс тілдерінде оқытумен – 4141.





Оқушылар саны.



















Оқу жылы

1 сынып

Мектепке дейінгімен жалпы оқушылар саны

Мектепке дейінгісізбен жалпы оқушылар саны

9 сынып оқушылары

11 сынып оқушылары

2014-2015

633

6344

5746

559

227

2015-2016

598

6769

5963

540

232

2016-2017

806

7111

6313

622

429

2017-2018

798

7013

6511

587

407

2018-2019

502

6843

6417

626

480

2019-2020

426

6655

6166

540

438

Барлығы

4371

40735




3474

2213


Аудан мектептерін қайта құрылымдауы туралы.
Зеренді ауданында мектептерді қайта құрылымдаудың кезендік жоспары құрастырылған, ол аудан әкімімен бекітілген.

Аудан тұрғындарының демографиялық, қалыпты көші-қон жағдайларының қалыптасуына, ауданның білім беру ұйымдарының жүйесінде нормативке сәйкес келтіру үшін, «Білім беру ұйымдарының жүйесіне кепілді мемлекеттік нормативті бекіту туралы» Үкіметтің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 1256 қаулысына сәйкес, ауданда мектептерді қайта құрылымдау бойынша нақты жүйелі жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.



2011-2012 оқу жылында 2 негізгі мектеп, бастауыш мектептерге қайта құрылымданған: Жамбыл а. және Красиловка а.

2012-2013 оқу жылында 2 бастауыш мектеп жабылды: Жамантұз а. және Қарашілік а.

2014 оқу жылында 2014ж.22.08. әкімдіктің № 510 қаулысына сәйкес, мектептерді қайта құрылымдау жолымен Жаңатілек БМ, Жамбыл БМ, Серафимовка БМ жабылған, 2014ж.29.08. әкімдіктің № 539 қаулысына сәйкес, негізгіден бастауышқа мәртебесін ауыстырғандықтан – Ұялы НМ болды. Барлығы 4 аз жинақталған мектептері бар.

2015 оқу жылында 2015ж.29.07. әкімдіктің қаулысына сәйкес, Бектесін БМ, Қызылағаш БМ қайта құрылымдау жоспарланған.
Жаңа түрлендірген нұсқада мектеп бөлмелерін жабдықтау.
Облыстың орта білім беру нысаналарын материалдық-техникалық жабдықтаумен қамтуына тұрақты өсу үдерісі бар. Мультимедиялық жабдықтармен, физика, химия, математика, биология және информатика кабинеттерімен қамтылған мектептердің деңгейі.

2014 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен жаңа модификациядағы 3 кабинет сатып алынды, 1 физика кабинеті 2637,0 мың теңге сомасына және республикалық бюджет қаражаты есебінен 2 биология кабинеті 5488 мың теңге сомасына. Республикалық бюджет қаражаты есебінен 5 химия кабинеті сатып алынды, 16884,0 мың теңге сомасына.

2015 жылы келесі кабинеттермен жабдықтау жоспарланған: ЛМК - 26 дана, физика кабинеті -10 дана құрайды, биология кабинеті – 13 дана құрайды, химия кабинеті 5 дана, барлығы 215 120,0 мың теңге сомасын құрайды.

2015-2020 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2020 жылы республикада барлық жалпы білім беру ұйымдарының оқушыларын қайтадан шығару кестесіне сәйкес, жыл сайын 100 % оқулықтарды сатып алу жолымен, жергілікті бюджет қаражаты есебінен тегін оқулықтармен және оқу-әдістемелік жиынтықтарымен қамту жоспарланған. Жыл сайын бірінші кезекте жеке санатты оқушылар қамтылады (интернаттық ұйымдардың тәрбиеленушілері, жетім балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мемлекеттік мекенжайлық әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар отбасының балалары, көп балалы отбасындағы балалар) аудан бойынша осы санаттағы балалар 100% оқулықтармен қамтылған.



2012 жылы оқулықтарды сатып алуға 13 127,0 мың теңге бөлінді, ол 100% құрайды.

2013 жылы жергілікті бюджеттен оқулықтарды сатып алуға 20 966,0 мың теңге бөлінді, ол оқулықтармен қамтудың және жүйелі жоспарды орындаудың 100% құрайды.

2014 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен оқулықтарды сатып алуға 29 500,0 мың теңге жоспарланды, ол оқулықтармен қамтудың және жүйелі жоспарды орындаудың 100% құрайды.
Компьютерлермен жабдықтау:
2012 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен орнатылған компьютерлердің саны – 61, 4 566,0 мың теңге сомасында.

2013 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 20 жиынтығы сатып алынған, 3 028,0 мың теңге сомасында.

2014 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2 236,4 мың теңге сомасында компьютерлік техника сатып алынған, аудан мектептерінде орналастырылған компьютерлердің саны 851 дана, яғни орташа 1 компьютер 6 оқушыға тиесілі.

2013 жылы демеушілермен ауданның 31 мектебіне 42 интерактивтік тақта сыйланды.

2014 жылы 10 интерактивтік тақта орнатылған: Жылымды НМ, Заречен НМ, Қостомар НМ, Қызылсая ОМ, Айдарлы НМ, Ортақ НМ, Игілік ОМ, Ортағаш ОМ, Азат НМ, Алексеевка ОМ 3 289,5 мың теңге сомасында.
Балалардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін сақтау жүйесі
Ата-ана қамқоршылығысыз қалған, жаңадан анықталған балалар арасынан, отбасы жағдайымен (қамқоршылықпен, қорғаншылықпен, патронатпен, асырап алумен) қамтылған балалардың үлесі 100% орындалған.

2014 жылы ата-ана қамқоршылығысыз қалған балалар және жетімдер – 85 бала. Осы саннан 85 бала қамқоршылықта және қорғаншылықта.

2015 жылы мектептердің тағамханалары үшін, технологиялық жабдық жиынтығымен қамтуы 600,0 мың теңге сомасында жоспарланған.

Білім беру саласын дамытудағы жағымды жақтар: жаңа балабақшаларды және шағын орталықтарды ашу, мектептерді компьютерлермен, жаңа модификациядағы кабинеттермен және кең жолақты Интернетпен материалдық - техникалық қамту деңгейін жоғарылатудың тұрақты үрдісі байқалуда, ол қызмет алушылардың сапалы білімге қол жетімділігін жоғарылатады.

Аудандағы білім беру саласының жағымсыз жақтарына жататындар: мектепке дейінгі білім беру қызметімен 3 – тен 6 жасқа дейінгі балалардың толық қамтылмауы, педагогикалық кадірлердің ұзақ мерзім бойы жетіспеуі, аз жинақтау мектептерінің нашар толықтыруы, білім беру ғимараттарының табиғи және бітімді тозуы, мектепке дейінгі, орта білім беру нысаналарын тиісті жабдықпен және құрал-жабдықпен төмен деңгейде қамтуы.



SWОТ – талдау
Қуатты жақтары: Мектептерді компьютерлермен, жаңа модификациядағы кабинеттермен, информатика кабинетімен 100% қамту негізінде, материалдық - техникалық қамту деңгейін жоғарылатудағы тұрақты үрдісі.
Әлсіз жақтары: Педагогикалық кадірлердің ұзақ мерзім бойы жетіспеуі (әсіресе математика, ағылшын тілдерінің мұғалімдері), тұрғындардың көші-қон салдары, еңбек ақының төмен деңгейі және кадрлердің кәрілігі, экономика құлдырауы кезінде бала туу төмендігінен мектептерде оқушылар санының қысқаруы, 80 жылдар аяғынан 2000 жылға дейін тұрғындардың кетуі және көші-қон жағдайы, «Алтын белгі» белгісін растаған оқушылар үлесінің қысқаруы.
Қатерлер:
тұрғындардың еңбек ақы төлемдерін және тұрмыс жағдайын жақсартуға ұмтылуы педагогикалық кадрлердің үнемі кетулеріне әкеледі, білім беру жүйесінен жоғары дәрежесі және балалармен араласу тәжірибесі бар мұғалімдерінің кетуі, орта білім беру сапасын төмендетеді;

жаңа заманауи мектептердің құрылысына қаржылай шығындардың жетіспеуі, ауылдық мекендерде бейімделген бөлмелерде орналасқан мектептер үлесін сақтауды шарттайды, ол күрделі жөндеуді талап ететің мектептер санын көбейтеді және орта білім берудің сәйкес жайлы жағдай қызметіне оқушылардың қол жетімділігін шектейді және ауылдардан оқушылардың қалаға, қалалардан шет елдерге жақсы жағдай және сапалы білім іздеумен кетулеріне ықпал етеді.


Мүмкіндіктер:
бюджеттік қаржыландыруды кеңейту және орта білім беру нысаналарының материалдық-техникалық қорын нығайтумен байланысты шығындарды қаржыландыруға жеке бөлімдерді қатыстыруға ынталандыру, мектеп оқушылар санын 1 компьютерге 5 адамға дейін пайдаланатын қылып жеткізу және мектептерді компьютерлік техникамен жабдықтау деңгейі мен кең жолақты Интернетке қосылу мақсатымен 100% дейін орындау;

тозу деңгейі жоғары ғимараттарда оқушыларды орналастыру тәжірибесін жою мақсатымен, орта білім беру нысаналарының заманауи құрылысы саласында мемлекеттік – жеке серіктестікті дамыту,

жас педагогикалық кадрлерді өз ісіне деген шынайы берілгендігін және тұрғылықты мекенге, сонымен қатар ауылдық мекенге құштарлығын ынталандыру, өңірлік бағдарламаны құрастыру.
Мектепке дейінгі білім беру қызметі саласында, Зеренді ауданы бойынша мектепке дейінгі білім беру қызметімен 6 жасқа дейінгі балаларды толық қамту деңгейі кеңейтіледі. Тұрғылықты мекендер кескінінде, барлық тұрғылықты мекендерде жалпы білім беру мектептері жанында шағын – орталықтар ашу, жаңа заманауи балабақшалардың құрылысы есебінен қамтуды кеңейту мүмкіндігі бар. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық қорын күшейту есебінен, мектепке дейінгі білім беру сапасы арттырылады, ауылдық балалардың мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын ыстық сумен қамту жүйесіне қосу және жеке кәріз жүйесімен жабдықтау, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мамандырылған кадрлердің жетіспеуін қысқарту және аудан бойынша мұғалімдермен қамту көрсеткішін 10 адамға дейін жеткізу. Барлық балалар мектепке дейінгі дайындықтан өтеді.

Орта білім беру саласында, аудандағы мектептердің 100%, мәліметтерді жіберудің кепілденген жылдамдығымен Интернетке (кең жолақты Интернетке) қосылумен қамтылады және Интернетте оқушылардың жұмыс істеу уақыты арттырылады.

Мектептердің материалдық-техникалық қоры, интерактивтік жабдықпен және жаңа модицикациядағы арнайы кабинеттермен, арнайы құрал-жабдықпен және спорттық зал мен лабораторияны жабдықтаумен күшейтіледі, мектептерде күрделі жөндеу жүргізіледі, ыңғайландырған бөлмелерде орналасқан мектептер саны күрт қысқартылады. Орта білім беру саласындағы ұсынылған қызмет сапасы, пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру есебімен және мектеп оқушыларының сыртқы бағалау жүйесіне қатысумен жетілдіріледі. Мектеп оқушылары ыстық тамақпен және мектепке дейін тасымалдау үшін көлікпен қамтылады (негізінде, 4 сыныпқа дейін 100% қамту). Мүмкіндігі шектеулі балалар, талаптарына қарай арнайы құралдарымен жабдықталған білім берудің арнайы түзету ұйымдарымен қамтылады.


Білім беру ұйымының ғимаратынан қазандықты шығару талаптанады. Мектеп ғимараттарынан қазандықты кезеңмен шығару жоспары құрастырылған.
Шешімі: қазіргі кезде, 19 білім беру нысанасынан қазандықты шығару талаптанған. Білім беру бөлімінде 2015-2018 жылдарға арналған қазандықты кезеңмен шығару жоспары құрастырылған.

2014 жылы ауданның 6 мектеп ғимараттарынан қазандықтар шығарылған және блоктықмодульды қазандықтар орналастырылған: Симферополь ОМ, Молодежный ОМ, Раздольный ОМ, Куропаткин ОМ, Приречен ОМ, Краснокордон НМ.

Бюджеттік қаражаттың жетіспеуіне байланысты, 2015 жылғы бюджетке білім берудің 19 нысанасы қазандықты шығару жоспарына енгізілмеген. 2015жылы келесі мектептер бойынша пеш қазандықтарын ауыстыру жоспарланған: Қостомар НМ, Баратай НМ, Игілік НМ, Викторовка ОМ, Қарлыкөл НМ, Көктерек НМ, Доломитов ОМ, Уголки НМ.

Оқушылардың қорытынды аттестациялауы, оның ішінде, Ұлттық бірыңғай тестілеу


жүктеу 2,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау