Зеренді ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аймақтарды дамыту бағдарламасы мазмұНЫ



жүктеу 2,36 Mb.
бет1/6
Дата28.11.2017
өлшемі2,36 Mb.
#2258
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6




Зеренді аудандық мәслихатының

2015 жылғы «25» желтоқсандағы
№ 45-365 шешімімен бекітілді





ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ 2016-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

МАЗМҰНЫ

  1. БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ 4

  2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ 8

БАҒЫТТАР: Аудан экономикасының дамуы 8

Аймақтың үлкен экономикасы 8

Экономикалық өсім орталықтарын дамыту 12

Өнеркәсіптің дамуы 15

Энергетиканың дамуы 16

Агроөнеркәсіптік кешен 16

Өсімдік шаруашылығы 17

Мал шаруашылығы 18

Ауыл шаруашылық өнімін қайта өндеу 21

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тиімді қызмет атқаруын қамтитын нарық инфрақұрылымның дамуы 22

Бәсекелестікті дамыту 25

Жаңартпа және қаржыландыру 25

БАҒЫТТАР: Әлеуметтік сала 27

Білім беру 27

Денсаулық сақтау 36

Азаматтарды жұмыспен және тиімді әлеуметтік қорғау жүйесімен

қамту 39

Мәдениет 41

Тіл саясаты 42

Дене шынықтыру және спорт 43

Туризмнің дамуы 44

Ішкі саясат 46

Ақпараттық кеністіктің дамуы 49

Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру 49

БАҒЫТТАР: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп 52

Азаматтық қорғаныс, табиғи және техногендік мінездемедегі төтенше жағдайлардың экономикалық мүмкіндігі және тұрғындарды қорғау жүйесінің дамуы 55

БАҒЫТТАР: Инфрақұрылым 56

Байланыс және коммуникациялар 56

Құрылыс 57

Сумен қамту 58

Су тарту 59

Жолдар 60

Жылумен қамту 60

Абаттандыру 65

Сәулет және қала құрылысы 66

БАҒЫТТАР: Экология және жер қорлары 67

БАҒЫТТАР: Мемлекеттік қызметтер 69

Бюджет 70



  1. НЕГІЗГІ БАҒЫТТАР, МАҚСАТТАР, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАР ЖӘНЕ ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ 74

  2. ҚАЖЕТТІ ҚОРЛАР (АДБ жүзеге асыру бойынша шаралар жоспарына сәйкес) 102



1.БАҒДАРЛАМАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ


Атауы

Зеренді ауданының 2016-2020 жылдарға арналған

аймақтарды дамыту бағдарламасы



Құрастыру негізі

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы №827 Жарлығы

Өңірдің негізгі мінездемесі

Зеренді ауданы Ақмола облысының солтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстігі мен батысында Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша және Айыртау аудандарымен, шығысында Ақмола облысының Бурабай және оңтүстігінде Сандықтау аудандарымен шекараласады. Әкімшілік тараптан халық саны 40,0 мың адамды құрайтын 79 елді-мекенді біріктіретін 20 селолық округке, 1 кенттік округке, 1 ауылға бөлінген. Әкімшілік орталығы - Зеренді ауылы, халық саны 7,5 мың адам, облыс орталығы Көкшетау қаласынан оңтүстікке 50 шақырым жерде орналасқан.

Аймағы 7,8 мың шаршы киллометрді құрайды, бұл облыстың әкімшілік-аймақтық құрылымында 5,3% құрайды.

Өңірдің мамандандыруы - өңдеу және кен өндіруші өнеркәсібі, өсімдік (бидай) және мал өнімдерін шығару


Бағыттар

  • Экономикалық даму

  • Әлеуметтік сала

  • Инфрақұрылымдық кешен

  • Аймақтық (кеңістік) даму

  • Мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі

Мақсаттар

Бағдарламалар

  • Өнеркәсіптің дамуы

  • Энергетиканың дамуы

  • Бәсекелесу қабілетін жоғарылату

  • Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тиімді жұмыс атқаруын қамтамасыз ететін нарық инфрақұрылымның дамуы

  • Инвестиция көлемін жоғарылату құралдары бойынша жергілікті ұстау үлесін жоғарылату және жаңартпаларды дамыту

  • Білім беру сапасын, қол жетімділігін жақсарту және балалардың құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін сақтау жүйелерінің тиімділігін жоғарылату

  • Тұрғындардың денсаулығын жақсарту

  • Азаматтарды жұмыспен және әлеуметтік қорғау жүйесінің тиімділігімен қамтамасыз ету

  • Өңірдің тарихи – мәдени мұрасын сақтау, тілдерді дамыту

  • Дене шынықтыру және көпшілік спортты дамыту

  • Туризмды дамыту

  • Құқық тәртібімен және қоғамдық қауіпсіздікпен қамту

  • Азаматтық қорғаныс жүйесін дамыту, тұрғындарды және табиғи мен техногендық сипаттағы төтенше жағдайлардан экономикалық мүмкіндікті қорғау

  • Өңірдің заманауи ақпараттық және телеком-муникациялық инфрақұрылымын қалыптастыру

  • Тұрғын үй қол жетімділігін қамту және құрылысты дамыту

  • Экономикалық кеністіктің байланысын жақсарту

  • Тіршілікті қамтамасыз ету инфрақұрылымын дамыту

  • Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

  • Ауыл тұрғындарының тіршіліктерін қамтамасыз ету жағдайларын жақсарту

  • Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісін оңтайландыру, олардың ашықтығын және қол жетімділігін қамтамасыз ету

  • Өңір бюджетінің өз шығынын өзі өтеуіне жеткізу

Мақсатты индикаторлар

- Өнеркәсіптің физикалық көлемінің индексы (ФКИ), өткен жылға %

- Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі

- Ауыл шаруашылық жалпы өнімінің (қызметінің) ФКИ

- Өсімдік шаруашылығының жалпы өнімін (қызметін) шығару

- Мал шаруашылығының жалпы өнімін (қызметін) шығару

- Жекелеп сатудағы физикалық көлемінің индексы

- Әрекет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілердің саны

- Негізгі капиталға инвестициялаудың ФКИ

- Әрекет ететін кәсіпорындар санынан жаңарпа – белсенді кәсіпорындардың үлесі

- Өткен жылмен салыстырғанда, үш ауысымдық және апаттық мектептер санының азайуы

- Мектеп түлектері арасында білім беру бағдарламаларын ойдағыдай (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың үлесі:

нақты - математикалық тәртіптер бойынша

қоғамдық - гуманитарлық тәртіптер бойынша

- Мүмкіндігі шектеулі жалпы балалар санынан инклюзивтік білім беру бойынша балаларды қамту

- Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қоршау (3 жастан 6 жасқа дейін)

- Оқу бітіргеннен кейін бірінші жылы, техникалық және мамандырылған білім беру оқу мекемелерінің түлектерін жұмыспен қамтудың үлесі

- Халықтың медициналық қызмет сапасымен қанағаттану деңгейі, %

- Арнайы қызмет көрсетумен қамтылған тұлғалардың салыстырмалы салмағы (оларды алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы саны)

- Нақты еңбек ақының индексы

- Өңірде өткізілетін әлеуметтік маңызы бар және мәдени шаралардың саны

- Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі

- Дене шынықтырумен және спортпен үнемі айналысатын, барлық жастағы тұрғындарды қамту

- Орналастыру орындарымен келетіндерге қызмет көрсету саны

резиденттер

резиденттер емес

- Азаматтық қоғам мен мемлекеттік институттардың ара қатынасын оң бағалайтын халықтың үлесін арттыру

- Көшелерде істелген қылмыстардың салыстырмалы салмағы

- Су басуы және тасқынынан, жылжымалардан, жер сілкінісінен, селдерден, жергілікті маңызы бар өрттерден адамдарды жоғалту жағдайын төмендету

- 100 тұрғынға, бекітілген кең жолақты Интернет жүйесіне қолжетімділіктің абоненттер тығыздығы

- Құрылыс жұмыстарының физикалық көлемінің индексы

- Жақсы және қанағаттандырарлық жағдайдағы, аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының үлесі

- (ПМК) кондоминимум нысаналарына, басқару органдарымен қатыстырылған көп пәтерлі тұрғын үйлердің үлесі

- Орталықты сумен қамтуға қол жеткізген халықтың үлесі

- Жалпы ұзақтықтан жүйелерді жетілдіру үлесі:

жылумен қамту %

сумен қамту %

су жүргізту %

газбен қамту %

электр қамту %

- Мемлекеттік орман қорының орман алқабымен жабылған аумағы

- Ауылға міндеттелген, ауыл шаруашылықтың жер айналымына бейімделген үлесін жоғарылату, %

- Ауыл шаруашылықтың айналымына бейімделген жерлерде, егістік айналым жүйесін қолдану

- Ауылдық тұрғылықты мекендерге әлеуметтік сала және ветеринария мамандарын қызықтырып тарту

- Өңірді дамыту бағдарламасы бойынша «Жергілікті өзін – өзі басқаруды дамыту» шеңберінде жобаны жүзеге асыру

- Тұрғындарға, қызмет көрсету орталығы арқылы атқарылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі

- Бюджет шығындарын өздік кірістермен қамту



Қажетті қорлар

Қаржыландыру қайнары: республикалық және жергілікті бюджет, инвесторлардың жеке қаражаттары, қарызға алынған қаражат

Қаржыландыру көлемі: Бөлінген қаражат шектерінде.




2. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ
БАҒЫТТАР: Аудан экономикасының дамуы.

Аймақтың үлкен экономикасы

Зеренді ауданының аумағы 780810 га, оның ішінде жерлер қоры санатында 56154 га, ол жалпы ауданның пайыздық арақатынасынан 8% құрайды. Тыңайған жерлердің қалыптасуына, жерді бу астына уақытында өңдемеуі, көп уақыт бойы мақсатты қолданбауы ықпал етеді.

Зеренді ауданы үшін, облыстың бидай егетін өңірі болғандықтан, ауыл шаруашылығын дамытудағы үлкен мүмкіндік, қолданылмайтын жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тартқан жағдайда бұл мәселе түзетерліктей.

Бірақ, бүгінгі күннің негізгі мәселесі, жер пайдаланушылардың жыртуға жарамды немесе жайылымды жер ірі алқаптары бола тұрып, оларды мақсатты қолданбайды және банктерге кепіл ретінде ұсынады, осыған байланысты жер пайдаланушылардан жерлерін, одан әрі ауыл шаруашылығы айналымына тарту үшін, мемлекеттік меншікке қайтару мүмкіндігі бар.

Аймақтың 5% ғана жерін ала отырып, облыстың барлық ауыл шаруашылық өнімнің 9,5% аудан өндіреді.

Зеренді ауданындағы агроөнеркәсіп кешенін дамыту, Астана, Көкшетау қалалары айналасында өндірістік белдік құру шенберінде, жобаларды жүзеге асыруға тығыз байланысты.

Ауданда 3 мал семірту алаңы жұмыс атқарады, оның ішінде 1 ірі, қуаттылығы 3000 бастан асатын ІҚМ («Щучинский гормолзавод» ЖШС 3000 бас төлдейтін мал, дүниежүзілік тұқымды ІҚМ). Жоба М.Ғабдуллин атындағы ауылда жүзеге асырылған және екі кішігерім 400 бастан ІҚМ («Бекқожа» ШҚ, М.Ғабдуллин атындағы а. және «Викторовское» ЖШС Викторовка а/о).

«Міlk рrоjесt» ЖШС тәулігіне қуаттылығы 20 тонн, әртүрлі майлылықта сүттерді, айранды, ірімшікті, қатықты қаптамамен өндіреді.

Мал шаруашылығын келешекте дамыту бойынша жігерлі ұстаным бар, оның ішінде, экспорттық мүмкіндігі жоғары бағытталған ет өндірісі.

Жайылымдар бар болғандықтан, мал басын және мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік беріледі.

Кешен шенберінде жобаларды жүзеге асыру, ауыл шаруашылығында жаңа технологияларды әзірлеуге, енгізуге және оны саудалауға ықпалын тигізеді, бұл саланы дамытудың сапалы көрсеткіштерін және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол береді.

Осының барлығы ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және азық-түлік өндіру салаларын жедел дамыту үшін алдын ала жағдай жасайды, олар үшін тұрақты тауар сату нарығы да бар.

Алтын, бор, доломит, кендік емес материалдар (құмтас, жұмыр тас, қиыршық тас) өндіретін ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар, ауданның өнеркәсіптік әлеуетін анықтайды.

Инвестициялық тартымдылықты минералдық-шикізат қорлардың басымды көлемі анықтайды, бұл өнеркәсіпті дамытудың салтты бағыттарын дамыту үшін, сонымен қатар жаңа өндірістерді құру үшін жағдай жасайды. Алдымен, бұл дамыған тау -металлургиялық кешеннің болуы, оның негізгі жүйе құрушы кәсіпорны «AItyntau Kokshetau» болып табылады. Орташа кәсіпорындардың арасында ең ірілері: Алексеевка доломит кені, «Ардагер-Неруд» ЖШС, «Айдабол спіртзауыты» АҚ болып табылады.

Аудан, облыс орталығы Көкшетау қаласынан жақын жерде орналасқан, көлік жолдарының қиылысу орындарында логистикалық орталықтарды дамыту үшін жоғары әлеуеті бар, бұл көлікке деген шығындарды едәуір төмендетеді. Зеренді ауданы «Астана-Петропавловск», «Көкшетау-Қостанай» автокөлік дәлізі бойындағы аймақта орналасқан, трансқазақстандық темір жол бағыттарының қиылысында, сонымен қатар, Астана қаласы бойындағы аймақта, ішкі және транзиттік жүк және жолаушылар ағымының ірі көлемі қалыптасады.

Әлеуметтік саланың жағдайы, халықтың табиғи арттыру қарқынымен қолайлы демографиялық жағдаймен сипатталады.



2015ж.01.01. жағдайы бойынша, облыстық статистиканың деректерімен халық саны 39 772 адамды құрайды.

2013 жылы туғандардың саны 561 адамды құрайды, қайтыс болғандардың саны – 440 адам, табиғи өсуі 121 адам. Халықтың тұрмыс деңгейі өсуде, тұрғындардың орташа айлық еңбек ақысы мен табыстары өсіп жатыр.

Білім беру саласын дамытудағы келесі жағымды жақтары: жаңа балабақшалар мен шағын орталықтардың ашылуы, компьютерлермен қамту, жаңа модификациядағы кабинеттермен және кең жүйелі Интернетпен қамту негізінде, мектептердің материалдық-техникалық қамту деңгейін арттыру беталысының тұрақтылығы байқалады, бұл қызмет тұтынушылар үшін сапалы білімге қол жеткізуін арттырады. Балаларды қамқоршылыққа және тәрбиеленуге жанұяға жайластырудың тұрақты беталысы сақталуда, бұл жағдай интернаттық мекемелердегі балалар санын азайтуға әкеледі.

Экономикалық белсенді халық санының өсуі және жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі байқалады. Экономикалық белсенді халықтың деңгейі 51,2%-дан 57,3%-ға дейін артты, жұмыссыздық деңгейі 6,5%-дан 5,6%-ға дейін төмендеді, бұл 2011 жылдағы көрсеткіштен 0,9%-ға кем.

2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес, Зеренді ауданында шағын және орта кәсіпкерліктің 1484 субъектілері тіркелген, немесе 2013 жылғы мерзімге 87,4 % (1698 бірлік), оның ішінде әрекеттегі 1263 немесе 2013 жылғы мерзімге 80,3 % (1572 бірлік), бұл 2011 жылғы көрсеткіштен 4,7%-ға артық.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдерін (тауарларын, қызметтерін) шығаруы 3674,7 млн. теңгені құрайды, 2013 жылға қарағанда 10,0% өсуімен (3341,7 млн.теңге).

Ауданда, құрылыс саласын дамытудағы жағымды кезен, құрылысшылардың жеке қаражаты есебінен және жалдалмалы бюджеттік қаражат есебінен, жеке және жалдамалы тұрғын үй құрылысының өсуі жатады. Аудандағы құрылыс, құрылыс ұйымдардың, қожалық субъектілерінің және жеке құрылысшылардың күшімен жүзеге асырылады. 2013 жылғы құрылыс жұмыстарын орындау көлемі 68,5 млн.теңгені құрайды, немесе 2012 жылғы деңгейге қарағанда 63,6% (43,6 млн.теңге), 2014 жылы 30,3 млн.теңгені құрайды немесе 2013 жылғы деңгейге қарағанда 44,2%, сонымен қатар, экономика дамуын тоқтататын және бар әлеуетті толық қолдануға жол бермейтін жағымсыз жақтар бар.

АӨК келесі негізгі күрделі мәселелер жатады: ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеудің төмен деңгейі (2013 жылы: ет – 9 %, сүт – 15 %), асыл тұқымды малдың төмен деңгейі (12 %) және сіңімді азық дақылдармен (шоп, сүрлем) нашар қамтамасыз етілу.

Жеке қосалқы шаруашылықтардың басымдылығы, агроөнеркәсіп кешені құрылымындағы саланың дамуын тежейді, өнімнің нашар сапасы (қожалық союлардың басымдылығына, санитарлық бақылау шамаларын сақтамауға және нашар азық базасына байланысты), сонымен қатар, қайта өңдеу өндірістерінің нашар технологиялық қамтылуы, өнімнің сапасына ықпалын тигізеді. Ауыл шаруашылық өндірісінің шағын тауарлығы, ірі масштабтық селекциялық-тұқымдық жұмысын, ғылыми-негізделген егіс айналымын сақтауға, заманауи технологияларды кең пайдалануға, өндіріс үдерісін механизациялау және автоматтандыруын жүргізуге жол бермейді.

Зеренді ауданының спорт саласындағы жағымды жақтары, спорттық құрылыстар санының және үнемі спортпен шұғылданатын адамдардың көбейуі, мектептерді дене шынықтыру мұғалімдерімен жоғары деңгейде қамту және спорт мекемелерінің көпшілігі өз қызметтерін тегін негізде көрсетеді, тұрғындардың спорттық нысандарға қол жетерлігін арттыруда.

Аудандағы құрылыс саласын дамытудағы жақсы жақтарына, құрылысшылардың өз жеке қаражаттары есебінен және жалдалмалы бюджеттік қаражат есебінен салынатын, жеке және жалдалмалы тұрғын үй құрылысының көбейуі жатады.

Жеке тауар нарығында бәсекелестікті дамыту саласындағы жағымсыз жақтарға жататындар:

- өнеркәсіптік сою бекеттер санының аздығы, ол ет сапасының сипатын төмендетеді;

- жылу және электрқамту инфрақұрылымның даму дәрежесі бойынша ауыл аудандарының кенет артта қалуы, энергия қуатын пайдалану көлемі бойынша, тұрғындардың кәсіптік белсенділігінің төмендеуіне әкелу мүмкін;

- жаңа жобаларды іске асыруды, төмен серпінмен енгізу.

Денсаулық сақтау саласын дамытудағы келесі жағымсыз жақтары: сәбилердің өлім жағдайлары, оның себептері, аурудың алдын алу және салауатты өмір салты ұстанымдары туралы тұрғындарды жеткіліксіз хабарландыруы, ұрықтылық жастағы әйелдер денсаулығының төмен индексы, оларды жеткіліксіз емдеуі, өйткені, өлімнің бірінші орнында – перинаталдық себептер:

- дәрігер кадірлерінің жетіспеуі, дәрігерлік амбулаторияларда, дәрігерлермен қамтылуы 10000 тұрғындарға көрсеткіштері әлі де төмен. Оның алғашқы себептері, жас мамандардың ауылдық тұрғылықты мекендерде жұмыс істеуін қаламауы;

- денсаулық сақтау мекеме ғимараттарының табиғи және сапалы тозу дәрежесінің жоғарылауы;

- медициналық мекемелердің заманауи жабдықпен қамтылу дәрежесінің төмендігі (10% -дан 30% дейін);

- түрақтылықтың жоқтығы;

- жалпы тәжірибелі дәрігер және участкелік дәрігер лауазымдарына жүктемелердің жоғарылығы;

- СанҚжШ талаптарына АМСК ғимаратының және көлемінің сәйкестенбеуі.

Ауданның білім беру саласының жағымсыз жағына: педагогикалық кадрлердің үздіксіз жетіспеушілігі (нақты айтқанда, математика, ағылшын тілі мұғалімдері), тұрғындардың көші-қон салдарынан, еңбек ақы деңгейінің төмендігі және кадрлардың қарттылығынан, 80 жылдар соңынан 2001 жылға дейін экономикалық айналым мерзімінде, бала туу көрсеткіштерінің төмендеуі салдарынан мектеп оқушылар санының қысқаруы, «Алтын белгі» таңбасын дәлелдеген оқушылар үлесінің қысқаруы жатады.

Жағымсыз жағына, ауылдық мекендерде, тұрғындарды спорттық құралдармен нашар қамтуы жатады.

Құрылыс индустриясында жағымсыз беталыс ретінде атап өту қажет:

- тұрғын үй, әлеуметтік-мәдени нысаналардың сапалы, заманауи талаптарын қанағаттандыратын құрылыс жобалардың жоқтығы;

- нысана құрылысының ұзақтық шамаларына және жобалауына қажетті уақытты ескермей, нысананы пайдалануға енгізуде ЖЖҚ құрастыруға және ҚЖЖ өндіруге, бір жылда қаражат берілетіні қате жоспарланған;

- құрылыстың қымбаттауы (құрылыс барысында, жобалау-жүйелеу құжаттарына қарағанда, құрылыс құралдарын және өнімін сатып алу бағалары 20-40 % жоғарылайды);

- жерлерде құрылыс индустриясының нашар дамуы салдарынан, құрылыс құралдарының және өнімнің қомақты үлесін сырттан тасымалдауы, құрылыстың қымбаттауына әкеледі.

Ауылдық тұрғылықты мекендердің тұрақты дамуы үшін негізгі қауырт мәселе, өмірлік қажеттілікпен қамту инфрақұрылымның даму деңгейінің жеткіліксіз болуы.

Коммуналдық салада жылу қуатын тасымалдау, тұтынушыларды сумен қамту және ағымды суларды бұру бойынша ұсынылатын қызмет негізінде мемлекеттік кәсіпорындармен атқарылады. Коммуналдық шаруашылық нысаналарының тозуы, кейде 80-90 % дейін жетеді, жеке бизнестің инвестициясы және қызығушылығы үшін бұл сала көріксіз көрінеді. Негізгі қорлардың тозу деңгейі жоғары болғандықтан, жылу - электр қуатының жалпы жоғалуы 30% дейін, судың - 45% дейін жетеді.

Аудандағы туристтік бизнестін дамуына қолайлы жағдайларына қарамастан, туризмды дамытудын тежеуіш факторы ретінде шығатын, бірқатар күрделі мәселелер бар. Оларға келесілерді жатқызуға болады:

Туристтік инфрақұрылымның, қызмет деңгейінің және тартылған кадрлар дайындығының нашар дамығандығы. Қонақжайлардың, демалыс үйлердің, туристтік мекемелердің материалдық базасы көпшілігінде табиғи, және моралды тозу жағынан қуатты деңгейде, негізгі қорларды жаңғырту төмен деңгейде тұрақталған, соның нәтижесінде, туристер үшін тұратын орындардың сапасы халықаралық талаптарға сәйкес келмейді.

Салада мамандандырылған кадрлардың, туризм саласындағы мамандарды даярлайтын білім беру мекемелерінің тапшылығы сезіледі, туризм саласындағы заманауи мамандарына, саламен қойылатын қажеттілік пен тиісті сапаны толығымен қамтамасыз ете алмайды.

Туристтік тартымдылықтың төмендігі. Қазіргі кезде, Зеренді ауданы көпшілік туристтерге демалуға мүмкіндігі бар орын ретінде қарастырылмайды, бұл сервис деңгейінің және инфрақұрылым дамуының сәйкес келмеуінен туындалған.

Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қамтудың жағымсыз жақтары, қоғамдық жерлерде және көшелерде жасалған қылмыстар өсуінің алдын алу жүйесін одан әрі жетілдіру қажеттілігі болып табылады, жол қозғалысы қатысушыларының көлік тәртібінің төмендігі, жолдардың қанағатсыз техникалық жағдайы.



Зеренді ауылының дамуы және ағымдағы жағдайды талдау

Зеренді ауылдық округ құрамына 3 елді мекен кіреді: Зеренді ауылында - 7524 адам тұрады, Айдарлы ауылында -322 адам, Көктерек ауылында - 251 адам. Зеренді ауылынан облыстық орталыққа дейін арақашықтық 50 км; Көктерек ауылы - 62 км, аудан орталығына дейін - 12 км; Айдарлы ауылы – 40 км, аудан орталығына дейін – 10 км.

Зеренді ауылдық округінің халық саны 8097 адам, оның ішінде ер адамдар саны – 3806, әйел адамдар саны – 4291, қарт адамдар – 1004, мүгедекткер – 252, жастар 18 ден 29 дейін – 1127, оқушылар – 1828, жұмыскерлер – 4548, өзі жұмыспен қамтығандар саны – 324 және жұмыссыздар 186 адамды құрайды.

Еңбекке жарамды халық саны 5058. Шаруа қожалықтарында айналысады: «Сенім-Жер» ЖШС 39 адам, «Химик» ЖШС 15 адам, «Рейн» ЖШС 115 адам, АҚК – 48 адам, «Зеренді-Астық» ЖШС 51 адам.

Ауылдық округтің аумағында – 51 шаруа қожалығы, 5 ЖШС жұмыс істейді. Егістік алаңы 22857 га. 58 жеке дүкен жұмыс істейді.

Көлік қатынасы: Көкшетау-Атбасар трассасы, Зеренді-Щючинск, Зеренді-Лобанова, Зеренді-Көкшетау қоғамдық көлік бағыттары, «Рейн» ЖШС қызметін көрсетеді.

Телефон байланысы: Зеренді ауылында телефон абоненттер байланысының саны 2228 аб., Көктерек ауылында – 35 аб., Айдарлы ауылында – 124 аб., заңды тұлғалардан 354 аб.

Ауылдық округті электрмен жабдықтау – орталықтандырылған, «Зеренді-Энерго» ЖШС. Жарықтандыру: Зеренді ауылында – 323 дана, Айдарлы – 24 дана, Көктерек – 14 дана.

Жылумен жабдықтау: Зеренді ауылы – ОК, Аурухана, 3 мектеп, Школьная к-сі 13; барлығы 6 қазандық. 67 үйлердің жылу жүйесі орталықтандырылған; 2219 үй пешімен. Айдарлы ауылында 70 үй пешімен, Көктерек ауылы 73 үй пешімен.

Сумен жабдықтау жүйесі су құбырлары арқылы ұзындығы 25 км, баланс ұстаушы – ГККП "ШЖҚ Зеренді - Сервис". Баған саны – 73. Қоғамдық ауыз су құдықтары – 8, Айдарлы ауылында тасымалдау жолымен жүзеге асырылады. Көктерек ауылында – 2 қоғамдық ұңғыма, баланс ұстаушы – «Зеренді ауылдық округі әкімінің Аппараты» ММ.

Әлеуметтік сала объектілерінен округ аумағында 5 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. 2 балабақша, 3 шағын орталық.

73 км кентішілік жолдардың ішінен - 11 км асфальтталынған, кенттік арасындағы жолдар 7 км асфальтталынған.

51 көп қабатты тұрғын үйдің ішінен – 36 үй қанағаттанарлық жағдайда.

Ауылдық округ есебінде ірі қара мал саны 1395, 552 жылқы, 3836 қой мен ешкі саны, 210 шошқа саны. 2456 ауланың ішінен 1496 мал басын ұстамайды.

Анализ қорытындысы бойынша Зеренді ауылында ағымдағы жай-күйін талдап айтсақ келесідей атап өтуге болады:

2009 жылы әзірленген Зеренді ауылының бас жоспары бар;

Интернат ғимаратын жөңдеу қажет;

Типтік үлгідегі автостанция жоқ;

Зеренді ауылының тарапынан жағажайды абаттандыруды ұйымдастыру қажет етеді (қалқалар, тамақтану пункттері, автотұрақ, балалар аквагородогі).

Жоғары қарқынмен жеткілікті қайта негізделген ауылда жұмыстар бар. Негізгі себептері даму саласы біршама баяу болып табылады: ауыл шаруашылығының техникалық-технологиялық жарақтандырылуы төмен, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің кірістілік деңгейі жеткіліксіз, ауыл шаруашылығындағы құнарлы жерлердің мақсатты түрде пайдаланылмайтын болуы, әлеуметтік және инженерлік инфақұрылымын қанағаттанарлықсыз деңгейі, білікті кадрлардың жетіспеушілігі, ауылдық жерлердегі өмір үшін туындаған деңгейімен және сапасымен төмен.

Бұл қабылдау және іске асыру іс шараларының қажеттігін туындатты, 2014-2018 жылдарға арналған Ақмола облысы Зеренді ауданы Зеренді ауылының Жоспар бойынша ие болған көрініс жөніндегі іс шаралар.
Еленовка ауылындағы даму және ағымдағы жағдайды талдау

А/о құрамында Еленовка, Жаңа-ауыл, Жылымды, Қарағай ст., Қарлыкөл ауыл елді мекендері бар. Ауылдық округінің жалпы аумағы – 35354 га құрайды, оның ішінде елді мекеннің аумағы – 2415 га, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер – 17491 га, ЖТҚ жер үшін – 10,98 га.

Ауылдық округ тұрғындарының саны - 2340 құрайды, оның ішінде ер адамдар - 1102, әйел адамдар - 1238, қарт адамдар - 313, мүгедектер - 38, жастар 18 ден 29 дейін – 594, оқушылар- 412, жұмыс істейтіндер- 1330, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар- 569 және жұмыссыздар – 8 адам.

Еңбекке жарамды халық саны 1330 адам, оның ішінде ауылда жұмысқа орналастырылды- 570 адам, оның ішінде «Еленовка- Агро» ЖШС 30 адам жұмысқа орналасқан, «Көмек- Нан» ЖШС 40 адам, «Ашина-Тас» ЖШС 50 адам, мемлекеттік және әлеуметтік нысандарда 89 адам (акимат -8, орта мектеп және балабақшада – 98, денсаулық сақтау объектілерінде - 18).

Шаруа қожалықтарында 118 адам айналысады, темір жолында 29, қызмет көрсету саласында 14 адам. Басқа аймақ елді мекендерінде 86 адам жұмысқа орналасқан, соның ішінде Астана қаласында – 14, Көкшетау қаласында 32, басқа аудандарда 17 адам. Нәтижесінде үй-үйді аралап шығуда өзін-өзі жұмыспен қамтыған 569 адам анықталды, оның ішінде салық органдарында 26 адам тіркелген және жұмыспен қамтылған жеке қосалқы шаруашылықта 226 адам жәнеотбасылық ақы төлемейтін қызметкерлер. Осы санаттағы 76 адам белсенді шараларға әлеуметтік қорғауға мұқтаж емес.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар мен мекемелердің саны – 8, оның ішінде мемлекеттік – 5 (Бұлақ ауылдық округі әкімінің аппарты ММ, ЕОМ Еленовка ВА, клуб, Қазпошта) және ірі жеке меншік – 3, («Еленовка-Агро» ЖШС, «Көмек-Нан» ЖШС, «Ашина-Тас» ЖШС және ұсақ ЖШС – 8, ЖК-5, ШҚ-26). Әлеуметтік сала объектілерінен ауылда орта мектеп-бақшасы орыс оқуымен 326 оқушы, дәрігерлік амбулатория, клуб, спорттық зал осының барлығы күрделі жөңдеуді талап етеді.

Қызмет көрсету саласында пошта бөлімшесі жұмыс істейді, сандық АТС, 5 дүкен, «Көмек-Нан» ЖШС тиесілі 350 жеке монша және Сауна.

Ауыл ішіндегі 15 км жолдарының 3 км жолдары асфальттанған, орталықтандырлған сумен жабдықтау, канализация жоқ.

51 көппәтерлі тұрғын үйдің ішінен 31 үй, (60%) қанағаттанарлық жағдайда, 15 (30%) жақсы, 5 (20%) қанағаттанарлықсыз жағдайда.

Ауылдық округте 1800 ірі қара мал тізімделген, 710 жылқы басы, 5575 қой-ешкі басы, 190 шошқалар. 606 ауланың ішінен 210 мал басын ұстамайды.

Анализ қорытындысы бойынша Еленовка ауылында ағымдағы жай-күйін талдап айтсақ келесідей атап өтуге болады:

1973 жылы әзірленген Еленовка ауылының бас жоспары бар;

әкімдік ғимараты апатты жағдайда;

тұрмыстық қызмет көрсету орталығы жоқ;

балабақша орталығы жоқ;

жолдар мен тротуарлар апатты жағдайда;

клуб күрделі жөңдеуді қажет етеді.

Жеткілікті жоғары қарқынмен қайта негізделген ауылда жұмыстар бар. Негізгі себептері ол біршама баяу даму саласы болып табылады: ауыл шаруашылығының техникалық-технологиялық жарақтандырылуы төмен ол ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің кірістілік деңгейі төмен, ауыл шаруашылығындағы құнарлы жерлердің мақсатты түрде пайдаланылмайтын болуы, әлеуметтік және инженерлік инфақұрылымын қанағаттанарлықсыз деңгейі, білікті кадрлардың тапшылығы, ауылдық жерлердегі өмір үшін туындаған деңгейімен және сапасымен төмен.

Бұл қабылдау және іске асыру іс шараларының қажеттігін туындатты, 2014-2018 жылдарға арналған Ақмола облысы Зеренді ауданы Еленовка елді мекенін Жоспар бойынша ие болған көрініс жөніндегі іс шаралар.


жүктеу 2,36 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау