Зерттеу материалы: қан, ликвор, мұрын қуысының кілегей қабығы алынады.
Цереброспинальді менингит кезінде ликвордан, ал ауру және тасымалдаушылардан мұрын-жұтқыншақтан көбіне материалды алады.
Мұрын-жұтқыншақтан алу кезінде, арнайы тампонмен (оның ұзындығының 4/3-ін 45 градус қисайтып) мұрын-жқтқыншақтың жоғары бөліктерінен алады. Лабораторияға жеткізгенге дейін, оны суық температурадан, құрғатудан қорғау керек, себебі минингокок бұл факторларға өте сезімтал келеді.
Ликворды пункция жасау арқылы 2-5 мл көлемде алады және 2-ге бөледі: біріншісін, центрифугалайды және шөгіндісін бақылауға алады, екіншісін, жартылайсұйық қоректік ортаға себіп 37С температурада бактериялардың жинақталуын күтеді. Материалдан жағынды дайындайды.
Бактериоскопиялық зерттеу. Ликвордың шөгіндісінен алынған жағындыларды Грамм әдісімен бояп, микроскоппен тексереміз. Қоздырғыш болса, бояғанда лейкоциттер ішінде орналасатын, грам-теріс диплококтар көрінеді, осыған қарап біз менингококты инфекция бар деп қорытынды жасай аламыз. Мұрын-жұтқыншақтан алыған жағындыда менингококпен қатар грам-оң стафилококтар және стрептококтар және патогенді емес нейссериялар (бранхамелла және т.б.) анықталуы мүмкін. Морфологиялық тұрғыда дифференцияциялау мүмкін емес.
Бактериологиялық зерттеу. Зерттеу материалын қанды агарға (шоколад тәрізді агар) себеді. Себебі, ол менигококтар өсуі үшін қолайлы орта болып саналады.Сонымен қатар, Мартен ортасында (ВКН- ванкомицин, колистин, нистатин антибиотиктері бар) өсіруге болады. Сонымен қатар, ристомицин( немесе линкомицин) (150ЕД/мл) антибиотигін қолдана отырып, таза менигокок дақылын алуымызға болады (себебі, ристомицин басқа грам-оң коктардың өсін тежейді). 37С температурада 48 сағат инкубациялаған соң (инкубацияны 5% СО2 бар атмосферада өткізеді) менингококтың колониялары түзіле бастайды. Басқа коктарға қарағанда менингококтардың өзіне тән колониясы болады, көкшіл түстес, шеттері тік, иненің басындай қоздырғыштар көрінеді. Таза дақыл алу үшінсарысу агары пробиркасына себеді.
Таза дақылдың идентификациясы, сапрофитті нейссериялардан өзгеше келетін ерекшеліктер арқылы анықталады. Менингококк тек нативті белок бар кезде ғана өседі, ал басқа нейссериялар қарапайым ортада өседі және пигмент түзеді. Менингококк Гисс ортасына қан сарысуын қосқанда, лактоза мен мальтозаны қышқылға дейін ферменттейді.
Қосымша, серологиялық әдіс арқылы зерттеуге болады, серологиялық топтарын АР арқылы анықтайды. Фаготиптеу пробиркада жүргізуге болады, және эпидемиологиялық талдау жүргізу кезінде пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |