Зертханалық материал:Бөртпелер бөліндісін, мұрын-жұтқыншақ бөліндісін және қанды зерттейді.
Зертханалық диагноз қою:Вирусты синцитиялар және ядро ішілік қосындылар (Липшютц денешіктері) пайда болуына қарай табуға болады. Адам эмбрионынан дайындалған жасуша дақылдарында өсіру арқылы вирусты бөліп алады. Вирусты идентификациялау және науқастың қан сарысуындағы антиденелерді ИФР, ИФТ және бейта- раптау реакцияларының көмегімен жүргізеді.
Задача №43.
Науқас М., 19 жаста. Мойынның ісінуі және аталық бездің қабынуы туралы шағымдар. Объективті: екі құлақ маңындағы бездерінің ұлғаюы және сол жақ аталық бездің ұлғаюы байқалады.
1. Қоздырғышты атаңыз. Оның таксономиялық орнын көрсетіңіз және вирустың құрылымын, антигендік қасиеттерін сипаттаңыз.
Эпидемиялық паротит вирусы
Таксономиясы:Paramyxoviridae тұқымдастығы
Rubulavirus туыстастығы
Құрылымы және антигендік қасиеттері:Паротит вирусының құрылымы басқа парамиксовирустарға ұқсас: ол полиморфты, көбінесе сфера пішінді, диаметрі 150—200 нм. Вирионы бір жіпшелі фрагменттелмеген сызықшалы минус-РНҚ-ды геноммен байланысқан. NP-нәруыздан тұрады. Вирионның сырты гликопротеинді тікенекшелер (HN- және F-нәруыздар) бар қабықшамен қоршалған. Вирус тауықтың, теңіз шошқасы және басқа жануарлардың эритроциттерін агглютинация- лайды, нейраминидазалық және симпласт түзуші белсенділігі болады.
Задача №44.
Балалар жұқпалы аурулар ауруханасына 8 жасар бала қызба, мұрыннан су кету, жөтел шағымымен түсті. Теріде папулярлы бөртпелер, конъюнктивит, щектердің шырышты қабатында Филатов-Коплик дақтар бар. Жұқпалы аурулар дәрігері науқасты тексергеннен кейін алдын-ала диагноз қойды: Қызылша.
1. Қызылша қоздырғышы қай тұқымдастыққа және туыстастыққа жатады? Оның морфологиясын, құрылымын, антигендік қасиеттерін сипаттаңыз.
Таксономиясы.
Т ұқ ы м даст ы ғы : Paramyxoviridae
Т ұқымдастықшасы : [Paramyxovirinae]
Т уы ст аст ы гы : Morbillivirus (латынша: могbilli-ауру, кесел)
Морфологиясы парамиксовирустарға ұқсайды.Вирион диаметрі 150-250 нм. Пішіні сфера тәрізді,диаметрі 150-200 нм.Сыртқа қабығы гликопротеинді.Вирион геномы-сегменттелмеген біржіпшелі минус-РНҚ.Нуклеокапсид құрамында спецификалық ферменттер яғни РНҚ полимераза немесе транскриптаза және нуклепротеин NP бар.Вирионның ішінде NP ақуыз орналасқан,сыртында-тікенекшелері бар (HN және F гликопротеин) бар қабықшасы болады.
Вирус геномы бір жіпшелі,фрагменттелмеген,минус жіпті РНҚ.
Негізгі антигендеріне: Н гемаглютинин,F пептид және нуклеокапсид NP.Гемаглютининге және F ақуыздарына қарсы пайда болған антиденелер инфицерленген жасушаларға бағытталған цитотоксикалық әсер етеді.
Негізгі ақуыздары:Нуклеокапсидтік NP,матрикстік М,беткейлік гемаглютинин Н және қосу біріктіру ақуызы F фермент-гемолизин.Қызылша вирусының гемаглютинациялық және гемолитикалық белсенділігі бар,құрамында нейраминадаза жоқ.
Задача №45.
Клиникаға Науқас Е. келесі шағымдармен түсті: әлсіздік, дене қызуының 37,5 °C дейін көтерілуі және бөртпелер. Объективті: жағдайы орташа ауырлық деңгейде, дене қызуы 38,2 °С. Бетінде, мойынында және бүкіл денесінде сопақша пішінді дақты-папулезді бөртпелер бар, сонымен қатар артқы желкелік және шүйделік лимфа түйіндерінің ұлғаюы («қызамық мүйізі») бар.
Достарыңызбен бөлісу: |