Задача №27.
Науқас зәр шығару каналынан көп мөлшерде бұлыңғыр шырышты бөліністеріне, дызылдауына және зәр шығару кезіндегі шаншуларға шағымданды. Несепағар қабығының бөліндісінен қырынды алынған. Биологиялық (дақылдандыру) әдіс қолданылды, оған циклогексимидпен алдын-ала өңделген жасуша дақылын зерттеу материалымен жұқтыру арқылы (несепағар қырындылары) жағынды препараттарды Люголь ерітіндісімен, Романовский - Гимзе бойынша бояу әдістері қолданылды. Дәрігердің қойған диагнозы: Хламидиялық инфекция.
1. Қоздырғыштың таксономиясын, осы микроорганизмнің морфологиялық және биологиялық қасиеттерін сипаттаңыз.
Таксономиясы:
Тұқымдастыгы : Chlamydiaceae
Туыстастығы : Chlamydia
Tүpi : С.trachomatis
Морфологиялық және биологиялық қасиеті:
Хламидиялар – грам теріс, ДНК және РНК-сы, цитоплазматикалық мембранасы және жасуша қабырғасы бар. Патогенді, облигатты жасушаішілік бактериялар. Олар адам мен жануар жасушасынан тыс көбейе алмайды. Оларда иесінің жасушасының ЦҚ ішінде өтетін ерекше даму циклі болады. Осы цикл кезінде хламидиялар жасуша иесінің ферменттік белсенділігін толық пайдаланады, сондықтан ол энергетикалық және метаболитикалық тұрғысынан иесіне тәуелді болады. ЦҚ микроорганизмнің әртүрлі популяциясынан тұрады, ол негізінен микробты жасушаның екі түрінен: Элементарлы денешіктер (ЭД) – жұқпалы түрі және ретикулярлы денешіктер (РЭ) – вегетативтік денешіктер. ЭД жасушадан тыс тіршілік қасиетін сақтап қалуға бейімделген, метоболиттік белсенділігі төмен; РД қоршаған ортада тез бұзылады., антибиотиктерге өте сезімтал, бірақ иесінің жасушасында метоболиттік белсенділік танытады. ЭД фагоцитоз арқылы жасушаға еніп аралық денешік (АД) түзу арқылы РД-ге ауысады. РД бинарлы бөлініп, АД арқылы ЭД –ке трансормацияланады. Даму циклі ЦҚ ішінде 40-72 сағатқа созылып, қосынды мембранасын жарып шығып ЭД-тер айналасында орналасқан иесінің жаңа жасушалары зақымдайды.
Элементарлы денешіктердің морфологиялық ерекшеліктері:
· Электронды тығыз, майда (300нм) бөлшектер, Романовский-Гимзе әдісімен боялады.
· Жасушадан тыс көбейе алмайтын түр болып табылады.
Ретикулярлы денешіктер морфологиялық ерекшеліктері:
· Ұяшықталған құрылымды, ірі (1200 нм) бөлшектер, Романовский-Гимзе әдісі бойынша көкшіл түске боялады.
· Жасуша ішінде көбейе алытн түрге жатады: бинарлы бөлініп, цитоплазмада қосынды денегіктер түзеді.
Задача №28.
Анаэробты инфекцияға күдікті 23 жастағы М. науқастан алынған жарақат бөліндісі жеткізілді. Материалды қоректік орталарға себу және жағындыны микроскопиялау кезінде қоздырғыштың төмендегідей дақылдық және морфологиялық белгілері анықталды: ұзын капсуласы бар грам-оң таяқша, ет немесе казеин гидролизаттарынан дайындалған сұйық ортада 37-430С температурада тез өседі (3-8 сағат), көп газ түзіп, қоршаған ортаның рН-н қышқыл жағына өзгереді.
1. Жарақат анаэробты инфекциялар қоздырушыларын атаңыз. Таксономиялық жағдайды, антигендік құрылымды және қоздырғыштың патогендік факторларын (токсиндердің түзілуі) сипаттаңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |