Стафилококк
Таксономиясы:Тукымдастығы: Micrococcaceae.
Туыстастығы: Staphylococcus.
Tүpi: S.aureus
Патогенділік факторлар қатарына комплемент байланыстыратын, фагоцитозға кедергі жасайтын капсула, сонымен қатар опсонизацияны тоқтатып және комплементтерді инактивацияландыратын А - белокты жатқызуға болады.
Алтын түстес стафилококктар фагоцитоздаушы жасушаларды бұзатын токсиндерді, соның ішінде лейкоцитинді бөліп шығарады. Гемолизиндер (а, у, с) адам және жануар эритроциттерін лизиске үшыратады. Стафилоккок бөліп шығаратын энтеротоксиндердің (А, В, С, Д, Е, F) әсері тағамнан улану процесстерін шақырады. Жаңадан туылған нәрестелерде эксфолиативті токсиндер орныққан, олар импетито, жалпылама скарлатина тәрізді бөртпе тудырады. Стафилококк инфекциясы патогенезінде экзоферменттердің алатын орны ерекше: плазмакоагулаза-қанды ұйытады, гиалуринадаза ұлпада стафилококктың таралуын қамтамасыз етеді, лецитиназа- лецитинді бұзып, лейкопения жағдайын тудырады, фибринолизин-жергілікті қабыну ошағана, қарсы тұратын фибринді eрітеді.
Стафилококк төмендегі қасиетке ие токсиндер бөліп шығарады:
1. гемотоксиндік қасиет - эритроциттерді лизиске алып келеді.
2. Лейкоцидин - лейкоциттерді жоюшы
3. некротоксин - ұлпаны некрозға алып келеді
4. летальді токсин - жануарларды өлтіру қасиеті
5. энтеротоксин тағамнан улануды шақырушы токсин
Задача №3.
Науқас Р. емханада дене температурасының 38-390 С дейін жоғарылауы, қалтырау, жалпы жағдайдың нашарлауы, оң жақ сүт безіндегі қатты ауырсыну, бездің көлемінің ұлғаюы туралы шағымдармен жүгінді. Дәрігердің болжама диагнозы: Мастит.
1. Зерттеу үшін қандай материал алу керек, болжамды қоздырғышты атаңыз және микробиологиялық диагностиканың қандай әдістерін қолдану керек?
Алтын түсті стафилококк-S.aureus
Стафилококк инфекциясының зерттеу материалдары: ірің, экссудат, жарақат бөлінділері, таңу материалдары, сепсиске күдік туғанда қан, мұрын-жұтқыншағы мен көмей кілегейінен алу.
Бактериоскопиялық зерттеуде жұғынды дайындап, Грам әдісімен бояйды, микроскоп арқылы көреміз.
Бактериологиялық зерттеуде материалды ілмекпен қанды және сарысу-газды агарға (СГА) егеді, келесі күні өскен колонияларға сипат береміз.
Сары уызды газды ортаның бетінде дөңгелекше келген, пигменттелген (алтын түстес, лимон сияқты сары, ақ) шеттері тегіс колониялар түзеді, ал сұйық ортада тек шектелген лайлануды тудырады. қанды агарда гемолиздің бар немесе жоқтығы байқалады. Лецитиназды активтілікке ие стафилококтардың колониялары шетіне күлгін жылтыр түспен шектелген лайлануды тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |