Е) 11.12.2001ж №146 бұйрықта;
63. Сотталғанның жеке басы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шара қолдану үшін формальды негіз (себеп) болып не табылады?
А) сотталғаннын өзі берген жазбаша немесе ауызша арызы;
В) құқық қорғау органының хабарлауы;
С) бақылау немесе жедел-іздестіру іс-шараларының материалдары;
Д) кез-келген адам берген жазбаша немесе ауызша арыз;
Е) а, в, с, д тармақтарында келтірілген жағдайлардың кез-келгені болған жағдайда.
64. Қай уақытта сотталғанның өтініші бойынша оның барлық қажетті діни ғұрыптарын орындауы үшін дін басын шақыра отырып орындауға әкімшілік міндетті?
А) өміріне қауіп төндірерлік жағдайда жатқан ауыр науқас сотталған үшін;
В) өлім жазасынан кесілген үкім орындалар алдындағы сотталған үшін;
С) ұзақ уақыт және жүйелі түрде діни ғұрыпты орындаушы сотталған үшін;
Д) өміріне қауіп төндірерлік жағдайда жатқан ауыр науқасты немесе өлім жазасына кесілген үкім орындалар алдындағы сотталған үшін;
Е) діни мерекелерді өткізу кезінде.
65. Түзеу мекемесіне күндізгі уақытта сотталғандарды қабылдауды іске асыруға кім міндетті?
А) түзеу мекемесі бастығының кезекші көмекшісі;
В) түзеу мекемесі бастығының кезекші көмекшісі арнайы бөлім қызметкерлерімен бірлесе отырып;
С) түзеу мекемесі бастығының кезекші көмекшісі арнайы бөлім қызметкерлерімен және түзеу мекемесінің медициналық бөлім қызметкерлерімен бірлесе отырып;
Д) түзеу мекемесі бастығы және оның орынбасарлары;
Е) түзеу мекемесі бастығының кезекші көмекшісі түзеу мекемесінің медициналық бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып.
66. Сотталғанның туыстарына олардың түзеу мекемесіне келуі туралы хабарлама қандай мерзім ішінде жіберілуге тиіс?
А) келген күнінен 5 тәуліктен кейін;
В) келген күнінен 10 тәуліктен кейін;
С) келген күнінен 10 тәуліктен кешіктірілмей;
Д) келген күнінен 15 тәуліктен кешіктірілмей;
Е) келген күнінен 15 тәуліктен кейін.
67. Түзеу мекемесінің карантиндік бөліміне келген кезеңінде сотталғандар жазасын өтеудің қандай жағдайында болады?
А) әдеттегі;
В) қатаң;
С) жеңілдетілген;
Д) жағдай жасалған;
Е) әкімшіліктің қарауы бойынша әдеттегі немесе жеңілдетілген.
68.Түзеу мекемесінде еркектер мен әйелдердің бірге тұруына жол беріледі ме?
А) ҚР ӘМ ҚАЖК келісілген кезде;
В) болады;
С) болмайды;
Д) мекеме әкімшілігімен келісілген кезде болады;
Е) колония-қоныстан басқа жағдайда болмайды.
69. Сотталғандардың бір колониядан сол сияқты колонияға ауысуына рұқсат етіледі ме?
А) оның ауруы, қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, мекеменің қайта құрылуы немесе жойылуы не болмаса оның сол мекемеге одан әрі қалуына кедергі болатын басқа да жағдайларда;
В) оның ауруы немесе оның кауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін;
С) ешбір жағдайда рұқсат етілмейді;
Д) тек ғана оның бұл мекемеде одан әрі қалуына кедергі келтіретін айырықша жағдайда рұқсат етіледі;
Е) мекеме әкімшілігімен келісілген жағдайда.
70.Түзеу мекемесіндегі сотталғандардың саны және қозғалысы туралы мәлімет қалай жасалады?
А) мекемедегі сотталғандар құрамының өзгеруі мүмкіндігіне орай;
В) әрбір үш күн сайын;
С) апта сайын;
Д) күнде;
Е) әрбір екі күн сайын.
71. Сотталғандар үшін қандай есептік құжат негізгі болып табылады?
А) сигналдық карточка;
В) бақылау-мезгілдік карточка;
С) есептік карточка;
Д) жеке ісі;
Е) қол бедерлері таңбасының картасы.
72. Уақытша пайдалану үшін сотталғандардың жеке ісі (бір тәуліктен артық емес мерзімге) беріледі:
А) сотталғанның адвокатына;
В) режимдік бөлімнің қызметкеріне;
С) отряд бастығына;
Д) жедел бөлімінің қызметкеріне;
Е) медициналық бөлімінің қызметкерлеріне.
73. Түзеу мекемесіндегі режимді ұйымдастыру және қамтамасыз ету үшін кім тікелей жауап береді?
А) ТМ бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс бойынша орынбасары;
В) ТМ бастығының режимдік және оперативтік жұмыс бойнша орынбасары;
С) ТМ бастығының жалпы мәселелер бойынша орынбасары;
Д) ТМ бастығының кезекші көмекшісі;
Е) арнайы есеп бөлімінің бастығы.
74. Сотталғандарды тексеру үшін олар тұратын зонадағы жалпы тексеру қай уақытта өткізіледі?
А) тек қана таңертең;
В) тек қана кешке;
С) таңертең және кешке;
Д) таңертең, кешке және түскі ас кезінде;
Е) таңертең, түскі ас кезінде, кешкі және түнгі уақытта.
75. Сотталғанды айыптау оқшаулау орнына кім қабылдайды?
А) ТМ бастығының кезекші көмекшісінің жетекшілігі мен айыптау оқшаулау орны бойынша бақылаушы;
В) ТМ бастығының кезекші көмекшісінің жетекшісімен отряд бастығы;
С) ТМ бастығының режимдік және оперативтік жұмыс бойынша орынбасарының басшылығымен ТМ бастығының кезекші көмекшісі;
Д) арнайы есеп бөлімінің бастығы;
Е) қарауыл бастығы.
76. Қысқа мерзімдік кездесу өткізу кезінде:
А) бақылаушы бірінші кезекте сотталғанды бөлмеге кіргізеді, одан кейін кездесуге келген адамды алып келеді;
В) бірінші жақын туыстары, одан кейін сотталған шақырылады;
С) сотталған мен туысқандары бөлмеге бір мезгілде кіреді;
Д) бөлмеге шақыру тәртібінің ешқандай айырмашылығы жоқ;
Е) бөлмеге шақыру тәртібін ТМ бастығы белгілейді.
77. Бас бостандығынан айырылған сотталғандармен тәбие жұмысы қандай формада ұйымдастырылады?
А) тек қана жекелеген формада;
В) тек қана ұжымдық формада;
С) жекелеген және топтық формада;
Д) жекелеген, топтық, көпшілік формада;
Е) жекелеген, топтық, ұжымдық формада.
78. Сотталғандардың өткізілетін тәрбиелік іс-шараларға қатысқаны үшін не беріледі?
А) сотталғандарға қосымша жеңілдіктер береді;
В) олардың түзелу дәрежесін анықтау кезінде есепке алынады;
С) көтермелеу және жазалау шараларын қолдану кезінде есепке алынады;
Д) олардың түзелу дәрежесін анықтау кезінде, бұған қоса көтермелеу және жазалау шаралары қолдану кезінде есепке алынады;
Е) олардың түзелу дәрежесін анықтау кезінде есепке алынбайды.
79. Сотталғандардың көркемөнерпаздар ұйымы қандай мақсатта құрылады?
А) сотталғандар арасында өзін-өзі басқару элементтерін дамыту үшін;
В) сотталғандардың оқығандық денгейін дамыту үшін;
С) сотталғандардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін;
Д) сотталғандардың әртістік қабілетін дамыту үшін;
Е) сотталғандардың жазасын өтегеннен кейінгі өмірге бейімделуі үшін.
80. Сотталғандардың көркемөнерпаздар ұйымы қай жерде құрылмайды?
А) жалпы режимдегі ТМ-де;
В) қатаң режимдегі ТМ-де;
С) айрықша режимдегі ТМ-де;
Д) түрмеде және камералық типтегі бөлмеде отырған сотталғандар арасында;
Е) колония-қоныста.
81. Бас бостандығынан айырылған сотталғандар оларға байланысты емес себептермен еңбекақы алмайтын болса, кімнің есебінен тамақпен, киіммен және күнделікті қажетті заттармен қамтамасыз етіледі?
А) мемлекет есебінен;
В) өз қаражаты есебінен;
С) республикалық мемлекеттік кәсіпорын есебінен;
Д) туысқандары есебінен;
Е) қоғамдық ұйымдар есебінен.
82. Тергеу оқшау орнынан жалпы режимдегі түзеу мекемесіне келген сотталғандар қандай жағдайда жазасын өтейді?
А) қатаң;
В) қарапайым;
С) жеңілдетілген;
Д) жеңілдік берілген;
Е) мекеме әкімшілігінің қалауы бойынша.
83. Бас бостандығынан айырылған сотталғандардың еңбегін пайдалануға қандай нормативті-құқықтық актілерде лауазымдарға тыйым салынғаны көрсетілген?
А) ҚР ҚАК;
В) түзеу мекемесіндегі күзетпен бақылауды ұйымдастыру ережесі;
С) түзеу мекемесіндегі ішкі күнтәртібі ережесі;
Д) ҚР Еңбек туралы заңы;
Е) тізімді түзеу мекемесінің бастығы анықтайды.
84. Сотталғандар үшін жұмыс уақытының ұзақтығы қандай нормативті құжатпен анықталады?
А) ҚР ҚАК;
В) түзеу мекемесінде күзетпен бақылауды ұйымдастыру ережесі;
С) түзеу мекемесіндегі ішкі күнтәртібі ережесі;
Д) ҚР Еңбек туралы заңы;
Е) түзеу мекемесінің бастығының бұйрығымен.
85.Сотталғандардың жыл сайынғы төмендегідей ұзақтықтағы төленетін демалыс алуға құқы бар
А) тәрбиелеу колониясында жазасын өтеуші сотталған үшін 18 күн, басқа түзеу мекемесінде жазасын өтеушілерге 15 күн;
В) тәрбиелеу колониясында жазасын өтеуші сотталған үшін 15 күн, басқа түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер үшін 12 күн;
С) төленетін демалыс алуға құқы жоқ;
Д) тәрбиелеу колониясында жазасын өтеуші сотталған үшін 18 күн, басқа түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер үшін 25 күн;
Е) тәрбиелеу колониясында жазасын өтеуші сотталған үшін 25 күн, басқа түзеу мекемесінде жазасын өтеушілер үшін 30 күн.
86. Сотталғандардың еңбегі төленбейтін жұмысқа тартылуы мүмкін бе?
А) өндірістегі жұмыс уақытынан тыс жұмысқа;
В) тек түнгі уақытта;
С) мүмкін емес;
Д) түзеу мекемесінің жағыдайын жақсарту жұмысына тартылуы мүмкін;
Е) әкімшіліктің нұсқауы бойынша кез-келген уақытта.
87. Бас бостандығынан айырылған сотталғандардың құқы мен міндеттері қандай нормативтік-құқықтық актіде реттеледі?
А) 11.12.2001 ж. №148 бұйрықта;
В) 11.12.2001 ж. №147 бұйрықта;
С) 11.12.2001 ж. №154 бұйрықта;
Д) 11.12.2001 ж №151 бұйрықта;
Достарыңызбен бөлісу: |