Єылыми маќалада Ќазаќстан Республикасыныѕ Президенті Н



Дата20.11.2018
өлшемі53 Kb.
#22446

Қызылорда облысы білім басқармасы
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі

Тақырыбы: «Техникалық және кәсіптік білім беруде жаңа технологияларды қолдану негізінде кәсіби білім беру сапасын арттыру»

Орындаушы: Құдабай Айзада Өсербайқызы

Жұмыс орны: Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі

Тақырыбы: Техникалық және кәсіптік білім беруде жаңа технологияларды қолдану негізінде кәсіби білім беру сапасын арттыру

Жоспары:

І.Кіріспе бөлімі

ІІ. Негізгі бөлім

ІІІ. Қорытынды бөлім

ІҮ. Қосымша материалдар

Ү. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев жыл сайынғы жолдауында білім саласына ерекше басымдылық беріп, жастардың білім-біліктілігін жетілдіру үшін барлық жағдай жасауда «Қазақстан-2050» Стратегиясында: ―Біздің жастарымыз оқуға, жаңа ғылым-білімді игеруге, жаңа машықтар алуға, білім мен технологияны күнделікті өмірде шебер де тиімді пайдалануға тиіс. Біз бұл үшін барлық мүмкіндіктерді жасап, ең қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуіміз керек.... «Біздің басты мақсатымыз – 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ»- деп, Қазақстанның алдыңғы қатарлы жоғары дамыған 30 мемлекеттің дамуына кіру үшін нақты мақсаттар жүктеген болатын. Аталған бағыттардың табысты іске асырылуы ең алдымен, тек білімнің сапасымен анықталатыны белгілі. Осы негізде қазіргі таңда білім мен ғылымды инновациялау мен модернизациялау экономикалық дамудың басты бағытына айналды. Еліміздің дербес даму бағыты айқындалып, халықтың тарихқа деген көзқарасы жаңа қырынан жаңғыра бастаған бүгінгі таңдағы негізгі міндеттердің бірі – «білім беруді жаңа инновациялық жолмен дамыту болып отыр».

Бүгінгі таңда білім беру саласында көптеген модернизациялар жүргізіліп жатыр. Орта білім берудің 12 жылдық моделі, кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнының жаңартылуы, электронды оқыту, зияткерлік мектептер арқылы жоғары оқу орындарына дарынды шәкірттер дайындау, жоғары оқу орындарына қойылатын жаңа талаптар, магистрлар мен PhD докторларды дайындау арқылы университеттік білімді жаңа деңгейге көтеру бірқатар инновациялық жобаларға бастама болып, инновациялық оқыту әдісі кеңінен қолданыла бастады..

Дуальды оқыту жүйесінде кәсіптік білім беру- өнеркәсіп өміріне дайындық жүргізу үшін білім алушының теориялық және практикалық дағдысын қалыптастыру мақсатында жүргізілетін негізгі оқыту жүйесі болып табылады. Дуальды оқыту әдісі әлемнің көптеген ірі дамыған мемлекеттерінде мысалы, Германия, Австрия, Дания, Нидерланды, Швеция, Англия, Оңтүстік Корея сияқты дамыған елдерінде жоғары нәтиже беріп жүргізіліп келеді. Яғни білім алушыны жан-жақты дайындау. Сонымен қатар, еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесін шешу, жас білім алушының жаңа технологияны меңгере отырып, еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатындай жұмыс күшін қалыптастыру. Сондықтан, дуальды оқыту жүйесі өнеркәсіп саласына қажетті мамандарды даярлау мәселесін толық қанағаттандыратын негізгі жүйенің бірі болып табылады. Сондай-ақ, дуальды оқыту жүйесі арқылы, білім беру мен кәсіпорын арасында тығыз байланыстың орнауына да үлкен септігін тигізеді. Осыған орай, бұл оқыту жүйесінінің тиімділігі жан-жақты талқыланып, білім және ғылым министрлігінің шет елдердің тәжірибелерін зерттей келе, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне енгізу басшылыққа алынды. Сондай-ақ, дуальды жүйенің басымдығы оқытудың өндіріспен тығыз байланысын орнап, қазіргі таңда елімізге осы жүйе қолданысқа ене бастады.

Дуальды жүйенің негізі — болашақ жас маманның оқу орны мен өндірісте қатар оқыту. Сонымен қатар, түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші жоғарылату. Дуальды жүйе бойынша білім алған колледж түлегі жұмыссыз қалмайды. Өйткені теория мен тәжірибені ұштастыру нәтижесінде, студент оқу бағдарламасын жақсы меңгеріп қана қоймай нағыз дайын маман болып, жұмыс берушілердің сұраныстарына, талаптарына сай кәсіптік-техникалық кадрлар даярлайтын болады және дуальды оқыту әдісінің тағы бір ерекшелігі — еңбек нарығына қажетті жас мамандарды даярлауға тек білім мекемелерінің ғана емес, сонымен қатар жұмыс беруші мекемелердің де жауапкершілігін арттырады

Дуальды оқыту әдісіндегі ерекшеліктердің бірі оқу орындары өздеріне әлеуметтік серіктес табуы керек. Студенттер тәжірибе сабақтарын өткізуі үшін мамандықтарға сай келетін кәсіпорындармен келісім шартқа отыруы тиіс. Осы жүйе бойынша білім алған студенттердің көпшілігі комбинатқа жұмысқа орналасуға мүмкіндігі бар.

Дуальды жүйені оқу процесіне енгізу мақсатында елімізде әлемнің жетекші кәсіптік-техникалық білім беру мекемелерімен ынтымақтастық дамытылып жатыр. Халықаралық ынтымақтастықтың нәтижесінде Қазақстанның оқытушылары Беларусия елдерінің кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарында тәжірибе алмасулар дами бастады. Сондай-ақ, дуальдау оқыту жүйесінің әдіс-тәсілдерін дамыту мақсатында «Қазақстан Республикасында кәсіптік-техникалық білім беруді қолдау» жобасы аясында еліміздің әр өңіріндегі кәсіптік-техникалық білім беретін оқу орындарының 10 оқытушысы Беларусияға барып, білімдерін осы сала бойынша жетілдіріп келді.

Дуалдық жүйе дегеніміз, білімгер - түлектер білім алумен қатар, кәсіпорындарда жұмыс істеуді бастайды. Оқуды бітіргенде бұл білімгерлер сол кәсіпорынның жұмыс ерекшеліктерімен және қондырғы-құрылғыларымен толық танысып, сол кәсіпорынға орналасуға мүмкіндік алады.

Сапалы кәсіптік білім беруді дуалдық жүйенің негізінде жүзеге асыратын болсақ, жұмыс беруші кәсіпорындардың ұтатыны:

-Кәсіпорынның технологиялық базасында студенттердің тәжірибеден өтуін ұйымдастыру арқылы озық ойлы, талапты адамдарды жұмысқа алу мүмкіндігіне ие болады

-Құзырлығы жоғары мамандар кәсіпорынның жұмысын сапалы деңгейге көтереді

-Ұжымда психологиялық дұрыс ахуал, жақсы көңіл күй, еңбек етуге деген ынта артады, жұмысшылардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

-Жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы кикілжіңдердің және әлеуметтік ширығулардың деңгейі төмендейді.

Бүгінгі таңда басты назар кәсіптік бағдар беру, кәсіпорындар басшыларымен әріптестікте жұмыс істеу туралы меморандумдарға қол қою. Өндіріс орнында практикалық оқуды ұйымдастыру, студенттерді жұмыспен қамту және практикалық оқуды ұйымдастыру кезінде үшжақты келісімге қол қоюда болып отыр.

Осылайша, өндіріс орындары техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерімен біріге отырып, өздерінің талаптары бойынша білім алып шыққан дайын кадрларды бірден жұмысқа алатын болады.

Қорытындылай келе, әлемдік тәжірибеден алынған бұл оқыту жүйесінің тиімді жақтарының көп екендігін байқауымызға болады. Оған басты себеп, ел экономикасын көтеруде техникалық мамандықтағы жоғары технологияны меңгерген мамандар азшылық етуде, сондай-ақ, қоғамдағы жұмыссыздық мәселесінің шешуде де алар орны ерекше. Білімді де, білікті маман қалыптастыру талабы білім берудің мазмұнын өзгертуді, білімді тасымалдау негізінде беруді емес, білім алу жолдарын игертудің маңыздылығын алға тартып отыр. Яғни, әр адам қоғамнан өз орнын бағдарлай алуы, өзіне қажетті білім алатын ортаны, білім мазмұны мен қажет пәндерді таңдай білуі тиіс. Осыған сай, оқытудың сипаты да өзгеріп, оны негізінен білім алушылардың өздерін ұйымдастыруға бағыттау қажеттігі туындайды.

Жастардың табысты еңбек етуі төмендегі факторлармен тығыз байланысты: біріншіден, бүгін білім алу көзі кеңейіп, өз бетімен оқимын деушілерге мол мүмкіндік туып отыр; екіншіден, білім әлемінде өз жолын тауып, өздігінен білім алуға ұмтылыс жасау; үшіншіден, адамның өзіндік қызығушылығы, түрлі мотивтері болуы; төртіншіден, жұмыс істейтін орында оның үнемі даму үстінде болуына жағдай жасалуы.

Қазір жаһандану дәуірінде интеграциялық процестер қарқынды даму үстінде. Сондықтан ұлттық білім саласы әлемдік білім кеңістігіне кірігусіз дербес дами алмайтынын бүгінгі қоғам дәлелдеп отыр. Жаңа ғасырдың шынайы кілті саналатын сол жаһандану білім саласына мықтап енді. Соның негізінде әлемдік экономиканың интеграциялануы, жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы кең қанат жайды. Сондықтан, білім саласын модернизациялауда ұлттық инновациялық жүйені жасау адам іс-әрекетінің жаңа ғылыми және кәсіби бағыттарын айқындауды көздей отырып, кадрлар дайындаудың мамандандырылған жүйесін іске асыруды талап етеді.

Президент Н.Ә. Назарбаев : «Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Бүгін мен жариялаған Жаңа саяси және экономикалық бағыт сіздерге жақсы білім беруді, яғни бұдан да лайықтырақ болашақ сыйлауды көздейді. Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер.....Сендердің азат ойларың мен кемел білімдерің – елімізді қазір бізге көз жетпес алыста, қол жетпес қиянда көрінетін тың мақсаттарға апаратын құдіретті күш» - деп жастарға зор үміт артады. Сондықтан, қазіргі таңдағы білім алудағы басты мақсат қандай дегенге тоқталар болсақ: жастардың өз елінің нағыз патриоты бола отырып, өз елінің дамып, әлемдік аренада өз орнын айқындайтындай мемлекетке айналуына септігін тигізетін, жаңа технология меңгерген, қоғамға адал қызмет ететін тұлға болып қалыптасу.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР


  1. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 17 қаңтар 2014 жыл.Қазақстан жолы – 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ




  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. //Егемен Қазақстан



  1. Өстеміров К. Кәсіптік оқыту әдістемесі




  1. Сағатаев Т.С. Педагогикалық шеберлік негіздері.



  1. Техникалық және кәсіптік білім журналы №2.-2014 ж.


Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау