Xxi ғасыр ақпараттандырылған кезең болғандықтан



жүктеу 1,94 Mb.
бет1/7
Дата07.12.2017
өлшемі1,94 Mb.
#3493
  1   2   3   4   5   6   7


07.12.1717:2517:2517:25

КІРІСПЕ


XXI ғасыр ақпараттандырылған кезең болғандықтан компьютерлік технологиялардың және интернеттің даму экономика мен әлеуметтік салаларға көптеген жаңа мүмкіндіктер жаратып отыр. Кез-келген авотматтандырылған жүйе өзара байланысқан көптеген модульдерден тұратын күрделі аппараттық-программалық комплекстерді сипаттайды. Мұндай жағдайда желілік технологиялардың және мәліметтер қорының алатын орны ерекше болып табылады. Жалпы Жүйе көптеген жергілікті және глобальды есептеу желілерінің комплексі түрінде анықталады. Жаңа технологиялардың дұрыс пайдаланылуы бизнес әлеміндегі жетекші орындарға ие болудың алғы шарттарының бірі болып табылады.

Қазіргі заманғы компьютерлік технологиялардың қолданылуы экономика мен әлеуметтік салаларға көптеген жаңа мүмкіндіктер жаратып отыр. Кез-келген авотматтандырылған жүйе өзара байланысқан көптеген модульдерден тұратын күрделі аппараттық-программалық комплекстерді сипаттайды. Мұндай жағдайда мәліметтер қорының алатын орны ерекше болып табылады. Жаңа технологиялардың дұрыс пайдаланылуы бизнес әлеміндегі жетекші орындарға ие болудың алғы шарттарының бірі болып табылады.

Жаңа технологияға деген сұраныс жоғары болғандықтан, сондай-ақ олардың құны да жоғары болғандықтан, көптеген компьютерлік техника шығарушы және бағдарламалық қамсыздандыру компаниялары өздерінің ұсыныстарымен шығып отырады. Әрбір мекеменің автоматтандыру бөлімінің алдында осы мәселені шешу, яғни көптеген бағдарламалардың ішінен өздерін қанағаттандыратынын таңдау проблемасы тұрады.

Қағазсыз iс жүргiзу басқару қызметiнде компьютердiң пайдаланылуын қажет етедi. Қағазбен жеткiзiлетiн дүниелердiң толық пайдаланудан шығарылуы немесе өте аз мөлшерде ғана қалдырылуы мүмкiн. Берілгендер қорымен компьютерлiк жүйеде күрделi мәселелердiң бiрлесiп шешiлуiн оны пайдаланушылар тобы жұмысты ұйымдастыру барысында жүзеге асырады. Жаңа ағымда жабдықталған электрондық офистерде қолданбалы бағдарламалары бар Microsoft, Borland, Gotus фирмаларының жұмыс ағымын жеделдетiп "Workflow" ұғымына жүгiнетiндiгi байқалады. Құжаттарды сақтау, бақылау, iздеу, мұрағатқа өткiзу, сондай-ақ ұзақ мерзiмдi мұражайға тапсыру анағұрлым жеңiлденедi.

Берілгендер қорын мынадай мақсаттар үшiн пайдаланады. Айталық, кез келген мекеме өзіне керекті айлық немесе жылдық тіпті кей кездерде күндік есеп берулерді есептеу керек болады, сондықтан берілгендер қорымен жұмыс істеу өте тиімді, және уақыттан ұтымды болып келеді. Қолмен есептеуден гөрі берілгендер қорымен жұмыс істеу жүйесіне көшу есебiнен кәсiпорынның құжаттармен жабдықталу құнын төмендетуге болады. Құжаттармен қамтамасыз ету процесiн жетiлдiре отырып, жаңа да сапалы ақпарат базасын құру осы мақсаттардың негiзiне жатады.

Ақпараттық-іздеу жүйелеріне қойылатын кейбір талаптарға қарамастан, әрбір мекеме өзінің ішкі мәліметтерін өңдеудің өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Бірақ көбінше мұндай іс-әрекеттерді орындауға арналған құралдар олардың өздерінде табыла бермейді. Сондықтан, мен өз дипломдық жұмысымды балабақшада балаларды қабылдауға, балалар жайлы мәліметтерді толығымен алуға арналған бағдарлама құрдым.

Менің қарастырып отырған дипломдық жұмысымда балабақшаның жұмысын автоматтандыру мақсат етілді. Мұнда балалалды қабылдау, олардың айлық төлем ақысын есептеу , мекемедегі қызметкерлер жайлы тоық мәліметтер енгізілген берілгендер қорын Delphi арқылы іске асыру көзделді. Сондықтан, дипломдық жұмыстың басым бөлігі балалар туралы мәліметтерді қамтиды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, 4 тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда бала-бақшаның ережелері мен міндеттері, балаларды қабылдау және шығару, оларды тәрбиелеу процестері, тәрбиешілердің балаларды тәрбиелеу міндеттері сипатталған.

Екінші тарауда програмалаық жүйені құру ортасы – Delphi программалау ортасының жүйесі жайлы кең көлемді материал берілген. Графиктік жобалау орталарының ішіндегі ең қуаттыларының бірі – Borland Delphi-дің мүмкіндіктері кеңінен баяндалған.

Үшінші тарауда құрылған программалық жүйе жайлы, оның дайындалу барысы, ондағы жазылған кодтарымен қоса сипатталды. Бағдарламаның орындалу барысы қысқаша түсініктемесімен қоса баяндалып шыққан.

Төртінші тарау жүйенің экономикалық тиімділігі жайлы есептеулерді қамтитын бизнес-жоспардан тұрады. бағдарламаның қоғамға келтіретін пайдасы есептелініп, олар нақты мысалдармен дәлелденген.

1. Негізгі бөлім

1.Бала-бақшаның жұмыс істеу тәртібі.

1.1. Мекеменің міндеттері мен мызметтері


  • Мемлекеттік басқару органы Шымкент қаласының білім беру және спорт бөлімі болып табылады.

  • «№74 бастауыш мектеп - балабақша» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы Шымкент қала әкімдігі болып табылады.

  • Мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасы заңдарына және осы Жарғыға сәйккес жүргізеді.

  • Мекеме заңды тұлға болып есептеледі, анық дербес балансы, банкте есеп- шо ты, оның ішіндс валюталық есебі, өзінің сипаттамасы жазылған мөрі бар.

  • Өзінің атынан келісім - шарттар жасауға, мүліктің және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді иелік етуге және іске асыруға, сотта талапкер және жауапкер болуға құқығы бар.

  • Мекеме - мектепке дейінге және бастауыш мектеп жасындағы балаларға арналған оқу орны, мектепке дейінгі және бастауыш мектеп білімінің негізгі және қосымша жалпы білім беретін бағдарламаларын жүзеге асырады.

  • Мекеме өз міндеттемесі бойынша өз билігіндегі ақшаға жауап береді. Қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, оның міндеттемелері бойынша құрылтайшы жауаптылықта болады.

  • Мекеменің жарғысы әділет органдарында тіркеуден өтуге жатады.

  • Мекеме филиалдар мен өкілдіктер аша алады.

  • Мекеменің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке тұлғаның дамуы мен кәсіби қалыптасуына бағытталған білім алуға қажетті жағдай туғызу.

  • Мекеменің басым міндеттері мыналар болып есептеледі.

1. Мектепке дейінгі және бассипаттамасыш мектеп білім беру бағдарламалары мазмұнында сабақтастыққа қол жеткізу.

2. Жеке тұлғаньщ шығармашылық рухани және дене еңбегі мүмкіндігін дамыту, имандылық пен салауатты емір салтының мықты негізін қалыптастыру үшін жағдай туғызу арқылы зердені байыту.

Өз Отаны - Қазақстан Республикасына сүйспеншілікке, адамзаттық пен патриотизмге тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, халық дәстүрлерін қастерлеу, конституция мен қоғамға қарсы кез - келген әрекетке төзбеушілікке тәрбиелеу.



  1. Әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерімен таныстыру, қазақ халқының және республиканың басқа да халықтарының салт - дәстүрі мен тарихын үйрету, мемлекеттік, орыс, шетел тілдерін меңгерту.

  2. Білім беру мекемелерінің дербестігін кеңейте түсу, білім беру мексмесін басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру.

  3. Оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық жан-жақты коммуникациялық желіге шығу.

7. Білім беру мекемелерінің тиімді, сан қырлы және полифункциональды дамуына тиімді, ықпал ету.
1.2. Мекемеге қабылдау және шығару тәртібі

  • 4.1 Азаматтарды ұйымдарға оқуға қабылдаудың жалпы тәртібімен ережелерін білім беру саласындағы ҚР орталық атқарушы органы белгілейді.

  • Осы ұйымға бекітілген аумақта тұратын және тиісті сатыда білім алуға құқығы бар барлық азаматтарды қабылдауды қамтамасыз ететін жалпы бастауыш білім беру сатыларына қабылдау тәртібін құрылтайшы бекітеді.

  • Баланы қабылдау кезінде Кәсіпорын оның ата-анасын немесе басқа да заңды өкілдерін ұйымның жарғысымен, білім қызметімен айналысуға құқық беретін лицензиямен және қабылдау тәртібімен оқу тәрбие процесін ұйымдастыруды белгілейтін басқа да құжаттармен таныстыруға міндетті.

  • Мектепалды сыныптарға ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне бес немесе алты жасқа толған балалар, 1-сыныпқа ағымдағы жылдың 1-қыркүйегіне алты немесе жеті жасқа толған балалар қабылданады.

  • Қабылдау ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жазбаша өтініші, медициналық анықтамасы және туу туралы куәліктің көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.

  • Мекемеге азаматтарды қабылдау кезінде оны және /немесе/ оның ата- анасын немесе басқа заңды өкілдерін мекеме Жарғысымен, білім беру қызметін жүргізуге құқық беретін лицензиямен, басқа да қабылдау тәртібімен оқу тәртібі процессін ұйымдастыру регламентімен таныстыруға міндетті.

  • Мекеме сол аймақта тұратын және білім алуға құқығы бар барлық азаматтарды мекемеге қабылдауды қамтамасыз ететін қабылдау тәртібін белгілейді.

  • Мектепке дейінгі ұйымға құрылтайшының жолдамасы, баланың даму тарихынан үзінді көшірме, эпидемиологиялық жағдай туралы санитарлық- эпидемиологиялық қызметтің анықтамасы негізінде бір жастан жеті жасқа дейінгі балалар қабылданады.

  • Мектепке дейінгі ұйымға қабылдау үшін өтініштерді есепке алу тәртібін, жолдамаларды рәсімдеумен беруді құрылтайшы анықтайды.

  • Жалпы дамыту үлгісіндегі мектепке дейінгі ұйымға жұқпалы, тірек-қозғалыс аппараты бұзылуының ауыр түрімен ауыратын және ақыл- ой кемістігі бар балалардан басқа, үш жастан жеті жасқа дейінгі балалар қабылданады.

  • Түзеу жұмысы үшін жағдай жасалған болса, жалпы үлгісіндегі мектепке дейінгі ұйымға мүмкіндіктері шектеулі балаларды қабылдауға болады.

  • Мектепке дейінгі ұйымда топтар бірдей жастағы немесе әр жастағы қағидат бойынша жинақталады.

  • Балаларды мектепке дейінгі ұйымға тұрақты және уақытша орналастыруға қабылдау.

  • Мектепке дейінгі ұйымда баланың орны мектепке дейінгі ұйыммен ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғалар арасындағы жасалынған шарттағы белгіленген мына жағдайларда сақталады:

  1. бала ауырып қалған жағдайда;

  2. Бала медициналық санаториялық-курорттық және өзге де ұйымдарда емделгенде және сауықтырылғанда;

  3. Ата-анасының біреуіне еңбек демалысы берілгенде;

  4. Бала жаз маусымында екі айға дейінгі мерзімде сауықтырлғанда;

  • Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда баланы қабылдау үшін кіру жарналары; сондай-ақ бала мектепке дейінгі ұйымда ұзақ мерзім болмаған немесе қатыспаған жағдайда орынды сақтау үшін төлемақы алынбайды.

  • Мектепке дейінгі ұйымнан мектепке дейінгі ұйым мен ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғалар арасындағы жасалынған шарттағы белгіленген мына жағдайларда шығарады:

1. Баланы мектепке дейінгі ұйымда ұстау үшін ай сайын төлемақы уақтылы төленбегенде /10 күннен астам/.

2.Бала дәлелді себепсіз және әкімшілікке ескертпей балабақшаға бір айдан астам келмегенде.

3.Баланың мектепке дейінгі ұйымға келуіне кедергі болатын денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытындысы болса.

    • Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі баланы ұстау үшін алынатын ай сайынғы төлемақының мөлшері баланың жасына қарамастан, тамақтандыруға арналған шығындардың 100 пайызын құрайды.

    • Мектепке дейінгі ұйымдар белгіленген тәртіпте оқыту, сауықтыру немесе басқа да түрлері бойынша қосымша ақылы қызмет көрсету құқығына ие. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына белгіленген негізгі оқыту мен сауықтыру сапасын қысқартып және төмендетуге қатаң тиым салынады.

    • Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар және алаңдар болған кезде ата-аналардың қаражаты есебінен баланы ұстау құны толық төлене отырып коммерциялық топтар ашылуы мүмкін.

    • Коммерциялық топтар қызметінің тәртібін білім беру саласындағы орталық атқарушы орган айқындайды.

    • Мемлекеттік басқару органы осы аумақта тұратын және білім және тәрбие алуға құқығы бар барлық азаматтардың қабылдауын қамтамасыз ететін Кәсіпорынға қабылдау тәртібін белгілейді.

1.3. Білім беру процесін ұйымдастыру



  1. Ұйым білім беру процесін жалпы орта білім берудің жалпы білім беру бағдарламаларының бірінші сатылы, бастауыш (1-4 сыныптар). Оқу-тәрбие қызметі мемлекеттік жалпы білім беру стандарттары негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады.

  2. Жалпы бастауыш білім беру (1 саты) оқушылардың оқу, жазу, санау, оқу қызметінін негізгі машықтары мен дағдыларын, теориялық ойлау элементтерін, оқу әрекеттерін өз бетінше бақылаудың қарапайым дағдыларын, мінез-құлық және сөйлеу мәдениетін, жеке гигиена мен салауатты өмір салтының негіздерін меңгеруін қамтамасыз етеді.

  3. Жалпы бастауыш білім беру сатыларындағы, үш немесе одан да көп пәндер бойынша оку жылының бағдарламасын игермеген оқушылар қайтадан оқытуға қалдырылады немесе медициналық-педагогикалық комиссияның ұсынымы бойынша және ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісімімен орнын толтыра оқыту сыныптарына ауыстырылады.

  4. 1-сынып оқушылары медициналық-педагогикалық комиссияның ұсынымы бойынша және ата-аналарының келісімімен екінші жылға қалдырылуы мүмкін.

  5. Оқу жылының қорытындысы бойынша 1-2 пән бойынша академиялық қарызы бар бастауыш сатыларындағы оқушылар келесі сыныпқа жазғы тапсырмаларды орындағаннан және емтихандарды тапсырғаннан кейін көшіріледі.

  6. Ұйым өздерінің жарғысымен анықталған оқыту нысандарын, құралдарын және әдістерін дербес таңдайды.

  7. Ұйымда білім беру процесін ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік оқу кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттеледі.

  8. Нақты ұйымда білім берудің мазмұны МЖБС-қа сәйкес әзірленетін және іске асырылатын жұмыс бағдарламаларымен және оқу жоспарларымен айқындалады.

  9. Базистік оқу жоспарының түрлендірмелік бөлігінің құрамына кіретін және нақты ұйымның ерекшелігін көрсететін оқу пәндері бойынша оқу жұмыс жоспарын және бағдарламаларын әзірлеуді ұйым дербес жүзеге асыруға құқылы.

  10. Ұйымда сабақ кестесін оның басшысы немесе оны ауыстыратын адам бекітеді.

  11. Ұйымдағы сабақтың ұзақтығы - 45 минут (орнын толтыра оқыту сыныптарында – 40 минуттан аспайды).

  12. Ұйымның талаптарына балаларды бейімдеу процесін жеңілдету мақсатында I-сыныптарында оқу жүктемесін біртіндеп өсіре отырып, оқу сабақтарының «сатылы» режимі қолданылуы тиіс:

  • 1-тоқсанда ұзақтығы 35 минуттан - 3 сабақ;

  • 2-тоқсаннан бастап әрқайсысының ұзақтығы 35 минуттаи - 4 сабақ;

  • кестеде оқу сабақтарының күнделікті саны, ұзақтығы және реті көрсетіледі.

  • Ұйымдардағы оқу кестесі оқушылар мен тәрбиеленушілердің тамақтануы мен белсенді демалысы үшін ұзақтылығы жеткілікті үзілісті көздеуі тиіс.

    • Ұйымдарда оқу сабақтары сағат 8-ден ерте басталмауы керек.

    • Ұйымдағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    • Мекеменің оқу - тәрбие жұмысы мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары негізінде құрылған оқу жоспарлары мен және бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырылады. Мекеме ҚР Конституциясы мен ҚР заңдарына сәйкес қазақ тілін мемлекеттік тіл есебінде, орыс және шетел тілдерін мемлекеттік стандарттарға сәйкес білуді, оқуды, дамытуды қамтамасыз етеді.

    • Білім беру бағдарламаларын меңгеру бітірушілердің қорытынды бақылау жұмыстары мен дамытуды оқушыларды келесі сыныпқа ауыстыруымен аяқталады.

    • Мекеме оқушыларды аралық аттестациядан өткізу формасы, тәртібі мен мерзімін өзін таңдайды.

    • Мекемедегі тәртіп оқушылар мен педагогтардың адамгершілік қадір-қасиетін өзара сыйлау негізінде сақталады. Оқушыларға психикалық, моральдық күштеу әдісін қолдану арқылы зорлық жасауға жол берілмейді.

    • Тәрбиеленушілердің, оқушылардың ата-аналары және басқа да заңды өкілдері білім беру процесінің мазмұны мен барысымен, сонымен қатар оқушылардың үлгерімі бағаларымен танысуға мүмкіндік қамтамасыз етілуі керек.

    • Мекемедегі тәрбиелік бағдарламалар білім беру бағдарламаларының құрамдас бөлімі болып есептедеді және олар патриотизм, азаматтық, интернационализм, жоғары мораль мен имандылықты қалыптастыруға бағытталған болуы, сонымен қоса тәрбиеленуші мен оқушылардың жан-жақты қызығушылығы мен қабілетін дамытуы керек.

    • Білім беру мекемелерінде ұлттық, нәсілдік, діни, ымырға келмеу мен тотспіпслікті пасихатгау, милитаристік жопе жалпы мойындалган халықаралық құқық пен гуманизм принциптеріңе қайшы келетін озге идеяларды тартуға тыйым салынады.

    • Косіпорын Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, мемлекеттік стандарттарға сәйкес орыс және шет тілдерін білуі, оқуды және дамытуды қамтамасыз етеді. Ұлттық топтар үшін оларды тілдерінде тәрбиелеу және оқыту үшін мектепке дейінгі ұйымдар немесе топтар құрылуы мүмкін.

Мектепке дейінгі ұйымдар:

  1. өз Жарғысымен белгіленген функциялардың орындалуы;

  2. білім беру бағдарламаларының толық көлемде іске асырылуын;

  3. іске асырылатын білім беру бағдарламаларының сапасын;

  1. білім бері процесін ұйымдастыруда қолданылатын нысандардың әдістердің және құралдардың балалардың жас, психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне, бейімділігіне қабілеттеріне, ынталары мен қажеттілігіне сәйкестігін;

  2. білім беру процесі кезінде балалардың және мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.

Мектепке дсйінгі ұйымдар бағынысына, үлгісі мен меншік нысанына қарамастан, балаларға тұрақты медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, оны мектепке дейінгі ұйымның немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тиісті денсаулық сақтау ұйымның штатына кіретін медициналық қызметкерлер жүзеге асырады.

Мектепке дейінгі ұйымдар Қазақстаи Республикасының заңнамасында белгіленген тамақ өнімдерін тұтыну нормаларын ескере отырып балаларды үйлесімді-тамақтандыруды, қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі ұйымда балаларды тамақтандыру жұмыс режімін ескере отырып ұйымдастырылады, оның берілуі саны Жарғымен айқындалады.

Шағын учаскеде тұратын отбасыларды және балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар консультациялық пункттердің жұмысын қамтамасыз етеді.

Мекеменің білім беру процесінің мақсаты тәрбие мен оқыту процесінің үздіксіздігі, интеллектуалдық, мәдени, адамгершілік және дене тәрбиесінің биік деңгейге жетуі болып табылады. Мекеме жалпы білім беретін, негізгі және қосымша болып бөлінетін бағдарламаларды жүзеге асырады. Негізгі жалпы білім беретін бағдарламалар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына лайықталған негізде жасалады. Қосымша білім беру бағдарламалары азаматтардың, қоғамның мемлекеттік білім алу және мәдени қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады. Оқытудың жаңа технологияларын қабылдау, білім беруге жаңа мазмұн ендіру үшін білім беру бағдарламалары жасалады, олар білім беру мекемелерінде эксперимент режимінде жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі ұйымның білім беру процесінің мақсаты мыналар болып табылады:


  1. Өз бетінше әрекет ету негіздерін қалыптастыруға бағытталған, моральдық иителлектуальдық және дене шынықтыру аспектісінде дамыған тұлғаны тәрбиелеудің нысандары мен әдістерін іздестіру;

  2. Балалардың денсаулығын қамқорлыққа алу, балалардың дұрыс дамуын және организмін тынықтыруды, толыққанды тамақтануын қамтамасыз ету, аурулардың алдын алу жөнінен іс-шаралар өткізу;

3. Баланың әрі қарай мектепке жақсы оқуына ықпал ететін тәрбие жұмысын жүргізу. :

Мектепке дейінгі білім беруге мыналар кіреді;



1. 5 күндік жұмыс режимімен балалардың белгіленген сағатта болуымен бала-бақша жағдайында мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу;

2. бала-бақша топтары жас құрамына және балалардың диагнозына байланысты құрылады;

  1. арнайы білім беру бағдарламаларын, арнайы білім беру ұйымдары жүзеге асырады;

  2. бала-бақшада балалар 4 мезгіл тамақтандырылады;

5. сөйлеу және сенсорлық даму артта қалған балалар логопедтің кеңестерін және сабақтарық алады;

  1. балалар қысқа уақыт болатын топтарды ұйымдастыру /ата-ананың қалауы бойынша;

  2. педагогика, медицина, психология, экономика мәселелері бойынша қызметтің осы түрімен айналасуға құқығы бар мекемелермен бірлесе отырып, ата-аналарға кеңестер беру кіреді.

  3. мектеп жасына дейінгі балалардың дене және психикалық денсаулығын қорғау және нығайту, оларды салауатты өмір салты құндылықтарына бейімдеу;

  4. Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік және жеке басының дамуын қамтамасыз ету;

  5. мектепке дейінгі балаларды бастамашылықты, білім құмарлықты еркіндікті және шығармашылық жағынан өзін-өзі көрсету қабілетін дамыту;

  6. балалардың мектепке дейінгі тәрбиелеумен оқытудың білім беру бағдарламаларын игеруіне жағдай жасау;

  7. бес/алты/ жастағы балаларды мектеп алды даярлаумен қамтамасыз ету;

  8. тәрбиеленушілердің ата-аналарымен өзара қимыл жасау;

  9. мектеп жасына дейінгі балаларды үйде тәрбиелейтін отбасыларына әдістемелік,диагностикалық және консультативтік көмекті ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 1438 қаулысына сәйкес ақылы қызмет көрсету есебінен кіріс келтіретін қызметпен айналыса алады.

Мемлекеттік білім беру мекемелері ақылы білім беру қызмет көрсетулерін іске асырудан алатын қаражат Қазастан Республикасының Үкіметі бекіткен 1999 жылғы 22 қыркүйектегі №1441 қаулысына сәйкес қаржылық, материалдық және валюталық түсімдерді пайдаланудың тәртібінде айқындалған мақсаттарға бағытталады.

Ақылы білім беру қызметіне төменде көрсетілген қызметтер жатады:


  • қосымша білім беру бағдарламалары бойынша қосымша қызмет;

  • пәндердің арнаулы курстары мен циклдарын қосымша оқыту қызметі;

  • репетиторлық қызмет көрсету (пәндер бойынша жекеленген оқушылармен оқу-жоспарындағы сағат санынан тыс қосымша сабақ);

  • оқушылармен пәндерді тереңдетіп оқыту бойынша қосымша қызмет көрсету мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес білім беру бағдарлама көлемінен тыс;

  • балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға бағытталған қосымша дене тәрбиесі-сауықтыру бағдарламалары бойынша қызмет;

  • жазғы демалысты ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету;

- үйірме жұмысын үйымдастыру бойынша қызмет көрсету (базистік оқу жоспары көлемінен тыс);

-спорттық-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру, оқушылардың арасындағы спорттық іс-шараларға қатысушыларды тамақтандыру жөніндегі қызмет көрсетулер және


медициналық қызмет көрсетулер;

- өзге де ақылы қызмет көрсетулер (музыкалық аспаптарды пайдаланғаны үшін;


мемлекеттік білім беру мекемелерінің энергия қондырғылары мен қазандықтары беретін жылу энергиясын босату; оқу көмекші және қосалқы шаруашылықтардың өндірістік қызметі;

- оқу-тәжірибе учаскелерінің өнімдерін оқу-әдістемелік әдебиеті сатудан

алынатын қаражат;

-тәрбиеленушілердің оқу-өндірістік шеберханалардағы, қосқалы


шаруашылықтардағы, кәсіпорындар мен басқа да үйымдардағы жұмысы үшін алынатын қаражат;

-мектептер мен мектеп-интернаттарының білім алушылардың тамақтануы үшін ата-аналардан алатын қаражаты;

- мемлекеттік білім беру мекемелерінің қарамағьндағы асханалар ұсынған тамақтану үшін білім алушылардан түсетін төлем;

- білім алушылардың жұмысы үшін мемлекеттік білім беру мекемелері кәсіпорындардан алатын қаражат;

- мектеп жанындағы күндізгі лагерьлерде балалардың болғаны үшін ата-аналардан мектептер алатын қаражат сату және т.б. жатады.

Ақылы білім беру қызмет көрсетулері мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде қаржыландырылатын негізгі білім беру қызметінің орнына көрсетіле алмайды.Ақылы білім беру қызмет көрсетулері білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының негізінде әзірленген және Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы белгілеген тәртіппен -мемлекеттік білім беру органдарымен аудандық, қалалық және облыстық келісілген жұмыстық оқу жоспарлары (бағдарламалары) бойынша ұсынылады.

Білім алушыларға ақылы білім беру қызмет көрсетулері ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің тілегі бойынша ұйым мен ата-аналардың немесе білім алушылардың өзге де заңды өкілдерінің арасында жасалатын щарттың негізінде жеке кесте бойынша ұсынылады.

Ақылы білім беру қызметтерін көрсету туралы жазбаша шарт жасалған жағдайда заңдарда белгіленген талаптардан басқа, шарт міндетті түрде пәндердің және /немесе/ сабақтарының сипаттамасы, олардың көлемі, қызмет көрсетудің құны, тараптардың жауапкершілігі туралы деректерді қамтуы тиіс.

Ақылы білім беру қызмет көрсетулерінің құнын тараптар қосымша сабақтардың мазмұны мен сапасы, сағаттардың саны, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігі, еңбекке ақы төлеу мен Қазақстан Республнкасының заңдарына сәйкес қызметкерлерінің тиісті санаттары үшін қосымша ақының ставкалары бойынша есептерден айқындайды.

Ақылы білім беру қызметтерін көрсетуден түсетін қаражатқа салық салудың тәртібі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен реттеледі.

Қызмет көрсету мен жұмыс бағасы Қазақстан Республикасының заңына сәйкес белгіленеді.

Мемлекеттік білім беру мекемелері ақылы білім беру қызмет көрсетулерін іске асыра алатын қаражат Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қаржылық, материалдық және валюталық түсімдерді пайдаланудың тәртібінде айқындалған мақсаттарға бағытталады.

Мемлекеттік білім беру мекемелерінің ақылы білім беру қызметі тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы №1433 «Мемлекеттік білім мекемелерінің ақылы білім беру қызметін көрсетуінің тәртібі туралы» қаулысымен іске асырылады.Білім алушының және /немесе/ тәрбиеленушінің ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің ақылы білім беру қызмет көрсетулерін алудан бас тартуы Білім алушыны және /немесе/ тәрбиеленушіні басқа сыныпқа /топқа/ немесе /мекемеге/ ауыстыру не шығару үшін негіз болып табылмайды.

Оқушылардың және /немесе/ тәрбиеленушілердің ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен ақылы білім беру қызметтерін көрсеткені үшін ақша алу тараптардың қол жеткізілген уағдаластығының негізінде тіркеу жады бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдап отырып, кассалық кіріс ордерлерінің негізінде жүргізіледі.

Бірыңғый ұлттық тестілеуді және техникалық еңбек пен қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілікті беруді қоспағанда, білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу білім ұйымының құзыретіне енеді.

Бітірушілердің жалпы негізгі, жалпы орта білім беру бағдарламаларын меңгеруі міндетті қорытынды мемлекеттік аттестаттаумен аяқталады.Ұйым білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізу формасын, тәртібі мен мерзімін өзі таңдайды.Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары:



  • білім алушылардың үлгеріміне, оларды аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттауға ағымдағы бақылау жүргізудің нысанын әзірлейді және тәртібін бекітеді;

  • бірыңғай ұлттық тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізудің ережелері мен технологиясын әзірлейді және бекітеді;

-санының асып кетуі кезектен тыс мемлекеттік аттестаттауға алып келетін аралық мемлекеттік бақылаудан өтпеген білім беру ұйымдарында білім алушылардың шекті санын бекітеді.

Білім беру жүйесіндегі мемлекеттік бақылау объектілері:



  • негізгі және қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;

  • білім алушылардың тиісті білім беру бағдарламаларын меңгеру деңгейі болып табылады.

Мемлекеттік бақылаудың негізгі түрлері:

  • аралық мемлекеттік бақылау;

  • білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттау;

  • білім беру ұйымдарды мемлекеттік аттестаттау (жоспар тәртібі бойынша - 5 жылда 1-рет өтіледі);

- білім беру ұйымдарының Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңдарын сақтауын бақылау болып табылады.

Осы баптың 6.6. тармағында көрсетілген мемлекеттік бақылау түрлері мындай нысандарда жүзеге асырылады:



  • ауызша;

  • жазбаша;

  • бірыңғай ұлттық тестілеу;

  • кешенді тестілеу;

  • тестілеу;
    -
    тексерулер.

Кәсіпорын қызметкерлерінің құқытары мен міндеттері Кәсіпорын жарғысымен, ішкі тәртіп туралы ережемен және қызметтік нұсқаулықтарымен белгіленеді.

Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыру, іс-шараларды басқару және бақылау кызметтік нұсқаулықтар, өндірістік жоспарлар негізінде жүргізіледі.

Мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарын қамтамасыз етуді, педагогтардың ұйымдастыру және басшылық жұмысын Педагогикалық кеңес жүзеге асырады.

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мазмұнының, деңгейі мен сапасының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті мемлекеттік стандарты талаптарына сәйкестігін анықтау үшін аудандық (қалалық) білім беру органдары мектепке дейінгі ұйымдарды мерзімділігі бес жылда бір рет мемлекеттік аттестаттауды жүргізеді. Жаңадан құрылған мектепке дейінгі ұйымдарды аттестаттау үш жылдан кейін өткізіледі.

Мектекпе дейінгі ұйымдарды басқару дара басшылық және алқалық басқару қағидаттары негізінде құрылады. Алқалық басқарудың нысандары мектепке дейінгі ұйымды және жалпы білім беретін ұйымның кеңесі, педагогикалық кеңес, қамқоршылық кеңесі болып табылады. Кеңестердің жұмыстарын ұйымдастыру ережелерін, оларды сайлау тәртібін қоса алғанда Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы орталық атқарушы органы бекітеді.

Мектепке дейінгі ұйымды және жалпы білім беретін ұйымды тікелей басқаруды құрылтайшы тағайындайтын басшысы жүзеге асырады.

1.4 Білім беру мекемсі мен білім алушының тәрбиеленушінің және олардың ата-аналарымен ара қатысын регламенттеу және рәсімдеу


    1. Қазақстан Республикасы азаматтары азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдіктер қабылдаудың шарттарымен сәйкес білім алудың формалары мен ұйымдастыру түрлерін тандауға құқығы бар. Оқушылардың қалауы бойынша мекеме оқытуға онымен шарт/контракт/ жасауға міндетті, онда екі жақтың құқығы мен міндеттері айтылады.

    2. Білім алушы азаматтар оқушы болып есептеледі.

    3. Оқушылардың мыналарға қүқығы бар:

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім берудің стандарттарына сәйкес білім алуға;

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты көлемінде жеке оқу жоспары бойынша, мекеме кеңесінің шешімі бойынша жеделдетілген оқу бағдарламалары бойынша оқуға;

  • өз білімі мен қажеттілігі бойынша, білім, басқа да қосымша білім беру қызметін алуға, оқу жоспарына сәйкес балама курстар таңдауға;

  • ұйымды басқаруға қатысуға;

Қазақстан Республикасы білім беру саласының орталық атқарушы органы белгілеген тәртіппен бір оқу орнынан басқасына ауысуға, қалпына келтіруге;

Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен оқулықтармен қамтамасыз етуге, ұйым кітапханасының ақпарат қорын, оқу әдістемелік жиындықтары мен оқу әдістемелік құралдарын тегін пайдалануға;



Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген тәртіпте тұрғындардың қолы бос болмаушылығы мен кәсіби-диагностикалық зерттеудің жағдайы туралы ақпарат алуға;

  • өз пікірі мен сенімін еркін білдіруге;

  • өзінің адами қасиетін сыйлаға;

  • оқуда, ғылыми және шығармашылық қызметтегі табыс үшін марапаттауға және сыйлықтауға;

  • үйренушілер жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша қалалық транспортта (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруге құқығы бар;

  • оқуды бос уақыт кезеңдегі жұмысымен байланастыруға.

    1. Үйренушілер жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша заңға сәйкес қалалық транспортта жеңілдікпен жүруге құқығы бар (таксиден басқа).

    2. Ұйымның бітірушілері келесі жүйеде білім беру мекемесіне түскенде және жұмысқа орналасқанда тең құқыққа ие болады.

    3. Оқушыларды оқу процесінен алаңдатуға жол берілмейді.

    4. Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес жекеленген оқушыларға басқа да жеңілдіктер беріледі.

    5. Оқушылар мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты көлемінде білім, білік, практикалық дағдыларды меңгеруге, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға, мекеменің жарғысында қаралған басқа да талаптарды орындауға міндетті.

    6. Оқушылар өз денсаулығын сақтауға, рухани және физикалық жағынан өзін-өзі жетілдіруге талпынуға міндетті.

    7. Оқушылар өз міндеттерін орындамаған жағдайда оларға мекеменің жарғысында немесе келісім - шартта /контракт/ қаралған тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.

    8. Мекемедегі оқу - тәрбие процесі оқушылардың денсаулық жағдайын есепке ала отырып жүргізіледі. Мекемеде аурулардың алдын алу бойынша қажетті шараларды орындау, денсаулықты нығайту, физикалық өзін-өзі жетілдіру, оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру қамтамасыз етіледі.

    9. Оқу жүктемесі, оқушылардың оқу режімі мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттары, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау мен білім беру органдарының ұсыныстары негізінде даярланған, мекеме бекіткен ережелермен анықталады.

    10. Денсаулық сақтау жүйесінің мекемелері оқушылардың денсаулығын, оларға көрсетілетін медициналық қызметті жүйелі бақылауды жүзеге асырады. Мекеме медициналық пункттерге мекен - жай береді.

    11. Мекеменің педагогикалық қызметкерлері жыл сайын Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген тәртіп бойынша тегін дәрігерлік тексеруден өтуге міндетті.

    12. Сабақ кестесінде оқушылардың тамақтануы және белсенді демалуы үшін жеткілікті мерзімі үзіліс қараулы тиіс.

    13. Мекеме директоры ақылы тамақ ұйымдастыру үшін жағдай жасайды. Тамақ сапасын бақылау денсаулық сақтау органдарына жүктеледі.

    14. Мекемедегі оқытуды, тәрбиелеуді, еңбек пен демалысты салауатты және қауіпсіз жағдайда үйымдастыру жауапкершілігі директор мен құрылтайшыға, ал бақылау тиісті органдарға жүктеледі.

    15. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының басқа заңды өкілдерінің құқықтары:

  • баланың жеке бейімі мен кабілетін, қалауы есепке ала отырып білім беру мекемесін тандау;

  • ата-аналар комитеті арқылы білім беру мекемесін басқару жүмысына қатысу;

  • мекемеден балаларының үлгерімі, тәртібі мен оқу жағдайына қатысты ақпарат алу;

  • психологтан, дәрігерлік - педагогикалық кеңестен өз балаларының оқуы мен тәрбиесі проблемалары бойынша консультативтік жәрдем алу.

19. Кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарының және басқа заңды өкілдерінің міндеттері:

  • балалардың салауатты өмір қауіпсіздігімен оқуы, олардың интеллектуалдық дене бітімі, рухани дамуы үшін жағдай жасайды;

  • бес - алты жасар балаларды мектепалды даярлауды, ал алты — жеті жастан жалпы білім беретін мектептерге жіберуді қамтамасыз етеді;

  • білім беру мекемелерімен қарым - қатынаста болады.

  • балалардың оқу орнына баруын қамтамасыз етеді.

20. Мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиелеу білім беру процесі мектепке дейінгі тәрбиенің, оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген бағдарламаларға және оқу жоспарларына сәйкес жүзеге асырылады және мектепке дейінгі ұйымның Жарғысымен айқындалады.

21. Мектепке дейінгі ұйым мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын сақтау шартымен тиімді тәрбиелеу білім беру процесін қамтамасыз ету үшін /баланың жеке басының шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік негіздерін және салауатты өмір салтын қалыптастыру/ педагогтарға баламалы авторлық бағдарламаларды таңдау, қолдану, тәрбиелеудің, оқытудың және сауықтандырудың жаңа технологияларын енгізу құқығын береді.

Тәрбие-оқыту процесінің негізгі субьектілеріне балалар оның ата-аналары немесе оларды алмастыратын тұлғалар сонымен қатар педагогтар жатады.Мектепке дейінгі балалар ұйымындағы жұмыс уақытының ұзақтығы күніне 10сағ. 30 минут болып төлемақысымен белгіленсін.

Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиелеу-білім беру міндеттерін тиімді шешу үшін педагогикалық кеңестер құрады.
1.5. Білім беру ұйымының меншік нысандарын қалыптастыру және пайдалану тәртібі.

Ұйым материалдық-техникалық базасын құру және дамуы «Білім туралы» заңымен белгіленгендей республикалық және жергілікті бюджет және басқа көздер есебінен жүзеге асырылады. Ұйым өз Жарғысында анықталған тәртіппен мүлікке ие болуға, пайдалануға құқығы бар. Ұйым мүлік қүқығы меншік иесінен мүлік алатын, меншік иесі есебінен қаржыландырылуды заң актілерімен белгіленген ауқымда жүзеге асыратын, өз қызметі, мақсатына сәйкес мүлікті пайдалану мен меншік иесінің тапсырмасы, ие болу құқығы ,осы мүлікті пайдалану мен қолдану бойынша оперативті басқару құқығында болады. Мүліктенуді тоқтатудың оперативті басқару қүқығы, егер заңдармен басқа белгіленбеген болса, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 13 және 14 тарауларында қаралған шарттар мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады, егерде басқа жағдайлар құқықтық актілерде көрсетілмесе. Ұйымның смета бойынша бөлінген қаржы есебінен алынған, өзіне бекітілген мүлікті өз бетінше біреуге беру немесе басқаша жолмен билік жүргізуге құқығы жоқ, егерде басқа жағдайлар құқықтық актілерде көрсетілмесе. Ұйым міндеттемесі бойынша өз иелігіндегі қаржыға жауап береді, қаржының жетіспеушілігі жағдайында оның міндеттерін тиісті жергілікті атқарушы орган өз жауапкершілігіне алады. Келісім шарт міндеттері бойынша, заңдарға сәйкес жауапкершілік ұйымды ұстауға қажетті бекітілген смета шеңберіңде басталады. Ұйымдармен тұжырымдалған азаматтық - қүқықтық мәселелер Қазақстан Республикасы үкіметі анықталған тәртіпке тіркеуден өтеді.

Білім беру жүйесін басқару органдарының мемлекеттік білім беру кәсіпорындарының бюджеттен тыс қаражат есебінен сатып алған мүлкіне билік етуге, олардың бюджеттен тыс қаражат есебінен жүзеге асыратын қызмет көрсетуі мен жұмысына баға белгілеуге, сондай-ақ мемлекеттік білім беру кәсіпорындарына бөлінген бюджеттік сомалар шегінен тыс еңбекке ақы төлеу қорларын белгілеуге құқығы жоқ. Мекеме өзінің меншігінде немесе оперативті басқару құқықығындағы жарғыда айқындалған қызметті іске асыруға арналған материалдық қамсыздандыруға қажтті объектілер мен мүліктерге ие болады.
1.6. Кәсіпкерлік қызмет және оның түрлері

Білім беру мекемесі Жарғыға сәйкес, білім беру және басқа да ақылы қызмет есебінен кіріс әкелетін қызметпен айналысуына болады.Көрсетілген қызмет ақысы Қазастан Республикасы заңдары бойынша анықталады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 қыркүйек №1441 «Мемлекеттік білім мекемелерінің қаржылық, материалдық және валюталық түсімдерді пайдаланылуының тәртібін бекіту туралы қаулыға сәйкес айқындалған мақсаттарға бағытталады».Осы қызметтен түскен кірісті пайдалану тәртібі мекеменің өзінің Жарғысына сәйкес анықталады.Жеке педагогикалық еңбек қызметі кәсіпкерлік қызмет есебінде қарастырылып, тіркеуден өтуі керек. Жеке педагогикалық еңбек қызметі лицензияланбайды. Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы орта білім алу мемлекеттік кепілінің негізгі мемлекеттік білім беру мекемелерін ұстауды бюджеттен қаржыландыру болып есептеледі.

Мемлекет басымдылығын ескере отырып беруге әр жылы бюджеттен қаржы бөлуді қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасы үкіметі тұрғындардың тығыз орналасуы мен елді мекендердің ұзақтығына байланысты білім беру мекемесінің мемлекеттік кепілденген нормативті жүйесін бекітеді. Мемлекеттік білім беру мекемелерін қаржыландыру Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен қаржыландыру нормативтері бір тәрбиеленушіге есептелген, әрбір білім беру мекемесінің типі мен түрі негізінде жүзеге асырылады. Білім мекемесін қаржыландыру нормативтің абсолют размері инфляция қарқынына сәйкес жүйелі индекстеледі және жыл сайын Қазақсган Республикасы өкіметімен бекітіледі. Мектепке дейін ұйымдардың және жалпы білім беретін ұйымдардың қаржылық көздері:



  • жергілікті бюджеттен түскен қаржылардан;

  • қосымша ақылы қызмет түрлерінен (оқыту, сауықтырудан) түскен қаржылардан;

  • қайырымдылық түріндегі ерікті қаржылардан;

  • мектепке дейінгі ұйымдарда баланы ұстау үшін ата-аналардың төлемақысынан.

Мемлекеттік білім беру мекемесі басқа да қаржылай және материалдық рәсімдерді оның ішінде валюталық, Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген тәртіпте пайдаланады. Білім беру басқармасының жергілікті органдары:

  • жергілікті бюджеттен қаржы алатын, ұйымның /мекеменің/ құрылтайшысы болады;

  • мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізеді және олар орта білім алғанға дейін олардың оқуын ұйымдастырады;

-кәмелетке толмағандардың, ата-ананың қамқорлығынсыз қалғандарды қамқорлыққа алу мен қамқорлығын ұйымдастырады, балалар үйі немесе интернаттарға орналастырады;

  • өз құзырлығы шеңберінде оқу-тәрбие процессі мазмұнының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартына сәйкестігін бақылап отыруды ұйымдастырады және өткізеді;

  • педагогикалық қызметкерлердің аттестациясын өткізеді, оларға біліктілік разрядтар береді;

-мекеме басшысын тағайындайды ;

-жоғары орындарға жалпы орта білім мәселелері бойынша статистикалық есептер тапсырады;



  • мекеменің жарғысын бекітеді;

  • педагогикалық кадрлардың біліктілігін көтереді, аймақ деңгейінде әдістемелік кабинет жүйесі арқылы әдістемелікті қамтамасыз етеді, кадрларды қайта даярлауды жоспарлайды, үйымдастырады;

- өз құзырлығы шеңберінде мекемелерді аттестациядан және лицензиялаудан өткізеді.

Білім беру мекемесін басқару Қазақстан Республикасы заңдарына, білім беру мекемелері туралы типтік ережеге және білім беру мекемесі Жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Білім беруді басқару құрылымы, штаттық кесте, бюджет есебінен және бюджеттен тыс қаржыландыру, лауазымдық міндеттерді бөлу /лауазымдық нұсқаулар/мектеп директорымен бекітіледі. Мемлекеттік білім беру мекемесін бірлесе басқару формалары болып, білім беру мекемесінің Кеңесі, қамқоршылық кеңесі, жалпы жиналыс, педагогикалық-әдістемелік кеңес және басқа да түрлері есептеледі. Жалпы білім беретін мектепке жалпы басшылықты сайланбалы өкілетті орган-мектеп кеңесі жүзеге асырады. Мектеп кеңесіне мектептің әкімшілік, педагогтық және техникалық құрамы, класс, ата-аналар комитеттерінің төрағалары. Білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарына, тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы Үлгі ережелер мен білім беру ұйымдарының жарлығында белгіленген шетте оқу тәрбие процесін жүзеге асыруда, кадрларды іріктеу мен орналастыруда, ғылыми, қаржы-шаруашылық және өзге де қызметте дербес болады. Білім беру ұйымдары өз қызметін жария түрде жүзеге асырады, жұртшылықты оқу, ғылыми-зерттеу және қаржы қызметі туралы хабардар етеді. Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы уәкілетті басқару органдарымен келісім бойынша өз орынбасарларын тағайындайды және қызметінен босатады.Оларды тағайындау және қызметтен босату тәртібі білім беру ұйымының жарғысымен белгіленеді. Білім беру ұйымының құзыретіне мындай міндеттер жатады:



  1. жарғының жобасын әзірлеу;

  2. ішкі тәртіп ережелерін әзірлеу және бекіту;

3) оқу жоспарлары мен бағдарламаларын, оқу процесінің күнтізбелік кестелерін әзірлеу және бекіту;

  1. осы Заңда және тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары туралы Үлгі ережеде өзгеше көзделмесе, білім алушылар, тәрбиеленушілер контингентін білім беру қызметін жүргізу құқығына берілген лицензияға сәйкес қалыптастыру;

  2. білім беру процесі мен білім беру технологияларының әдістемелерін, оның ішінде дистанциялық білім беру технологияларын пайдалану және жетілдіру;

  3. бірыңғай ұлттық тестілеуді және техникалық еңбек пен қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері (мамандықтары) бойынша біліктілікті беруді қоспағанда, білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, оларға аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу;

  1. өздерінің қаржы қаражаты шегінде және республикалық нормативтік құқықытық актілермен белгіленген шектеулерді ескере отырып, мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы қызметкерлердің жалақысы мен лауазымдық айлықақысының ставкаларын белгілеу;

  2. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдық ақыларына үстеме ақы мен қосымша ақы, оларға сыйлық берудің тәртібі мен мөлшерін белгілеу;

9) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен кадрлардың біліктілігін арттыруды және оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;

10) білім беру ұйымдарын нормативтік талаптарға сәйкес материалдық-техникалық-жағынан қамтамасыз ету;

11) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін қосымша қаржылық және материалдық қаражат көздерін тарту;

12)қоғамдық тамақтандыру ұйымдары бөлімшелерінің және медициналық ұйымдардың жұмыс істеуіне қажетті жағдайлар жасау, олардың жұмыстарына білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен қызметкерлердің денсаулықтарын қорғау және нығайту мақсатында бақылау жасау;



  1. білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қосымша жеңілдіктер мен материалдык қамтамасыз ету түрлерінің уақытылы беріліп отыруын қамтамасыз ету;

  2. тәрбиеленушілер мен білім алушылардың күтімі мен тұру жағдайларының белгіленген нормалардан төмен болмауын қамтамасыз ету;

15) құрылтайшылар мен мүдделі адамдарға қаржылық және материалдық ресурстардың түсуі мен жұмсалуы туралы есеп беру;

Білім беру мекемесінің директорына заңмен белгіленген тәртіпте жауапкершілік жүктеледі:

1.Білім беру мекемесі қызметкерлерінің, тәрбиеленушілер мен оқушылардың құқығы мен бостандығын қорғау.

2. Оның құзырлығына берілген қызметті орындамау.

3.Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты талаптарының орындалмауы.

4. Оқу-тәрбие процессі кезінде білім беру қызметкерлері мен оқушылар тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығы.



  1. Қаржы-шаруашылық қызмет, оның ішінде материалдық және ақшалай қаржыны мақсатсыз жұмсаудың жағдайы.

  1. Нормативті құқықтық актілерде қаралған басқа да тәртіп бұзушылық.

Мекеме директорына қызметін басқа басқару қызметімен, білім беру мекемесі ішінде немесе басқа жерде қоса атқаруына /ғылыми және ғылыми-әдістемелік басшылықтан басқа/ білім беру рұқсат етілмейді. Мекеменің, оның филиалының директорының қызметтік міндеттері қосарлана атқарылуы мүмкін емес.

1.7. Мекеме қызметкерлері штатын толықтыру, еңбекақы талаптары, олардың құқықтары мен міндеттері. Мекемені қайта құру және тарату

Мекемеде педагогикалық қызмет айналасуға арнайы кәсіби білім бар азаматтардың құқығы бар.Лайықты кәсіби білімі жоқ азаматтарға мекеменің педагогикалық кеңесінің шешімімен, тегіс қажетті мамандар жоқ жағдайда, педагогикалық қызметпен шұғылдануға құқық-беріледі. Мекемеге педагогикалық қызметке сот үкімі бойынша рұқсат етілмеген тұлғалар жіберілмейді. Мекеме қызметкерлерінің еңбекақы төлемінің жүйесі Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген тәртіппен анықталады. Бюджеттен алынған қаржыла ресебінен ұсталатын мекеменің еңбекақы төлемі туралы ереже білім беру орталық атқарушы органдармен келісіле отырып бекітіледі. Педагог қызметкерлер үшін аптасына нормативтік оқу жүкткемесі: жалпы білім беретін оқу орынның бастауыш сатысы үшін 20-сағаттан аспайтын етіп белгіленеді.

Мекеме қызметкерлеріне айлық жалақы мен лауазымдық айлықтар олардың біліктілігімен қызметтік еңбектеріне сәйкес белгіленеді.Мекме өзінде бар қаржы шеңберінде өз бетінше қосымша, үстеме, сыйлық т.б. ынталандыратын бағыттығы төлемдерді шешеді. Мекемеде педагогикалық қызметкерлер үшін нормативті оқу жүктемесін Қазақстан Республикасы үкіметі білім беру саласы орталық атқарушы органдардың Заңда белгіленген шеңберде ұстануы үшін белгіленеді. Өз қаражаты есебіне еңбекақы төлеу бойынша Ережені мекеме /құрылтайшы/ анықтайды.

Мекеме қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері Жарғы мен ішкі тәртіп ережелері және лауазымдық нұсқаулармен анықталды. Педагогикалық қызмет атқаратын тұлғалар педагогикалық қызметкер болып есептеледі. Педагог қызметкерлер лауазымдарының және оған жақындатылғандардың тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметімен анықталады.

Педагогикалық қызметкерлердің құқықтары:


  • кәсіби қызмет үшін жағдай туғызу.

  • мемлекеттік жалпыға міндетті стандартты сақтаған жағдайда педагогикалық қызметтің формасы мен әдістерін еркін таңдау.

- ғылыми зерттеулердің тақырыбын және олардың нәтижелерін педагогикалық тәжірибеде қолдану формаларын еркін таңдау.

  • мекеменің басқару органдары жұмысына қатысу.

  • мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарт сақталған жағдайда құрылтайшының қаржысы есебінен жұмыстан қол үзіп, өзінің біліктілігін арттыру.

  • санатын көтеру, қызметте өсу мақсатында мерзімінен бұрын аттестациядан өту.

  • ұзақтығы 56 календарлық күн болатын ақылы демалыс.

  • жеке педагогикалық қызмет.

  • өзінің кәсіптік абыройы мен қадір қасиетін қорғауға.

- білім беру үйымдары мен олардың қызметкерлерінің білім беру және экономикалық қызметінің. көзі болып табылатын материалдық активтер /ғылыми, әдістемелік еңбектер, патенттер, бағдарламалық қамтамасыз ету.

- білім беру мен ақпарат технологиялары және басқалар/ нысанындағы интеллектуалдық меншігін меншіктің басқа түрлерімен бірдей қорғауға.

- білім беру ұйымы әкімшілігінің бұйрығы мен өкімдеріне шағым жасауға.

- педагогикалық қызметтегі табыстары үшін материалдық және моральдық жағынан көтермеленуге, ордендермен және медальдармен, құрметті атақтармен, белгілермен және грамоталармен марапатталуға құқығы бар.

Мекеменің қызметі тоқтатылуы мүмкін:

а) мекеме құрылтайшысының шешімі негізінде

б) сот шешімі негізінде

в) Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетілген басқа да жағдайларда.

Мекеменің жұмысын тоқтату оны қайта құру немес тарату /жою/ жолымен жүргізіледі. Мекемені тарату кезінде құрылтайшы тарату комиссиясын тағайындайды, ол заңдарға сәйкес тарау балансын жасайды. Мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі басқада заң актілері талабына сәйкес жүргізіледі. Кредиторлардың талабын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік құрылтайшыға беріледі. Мекеме өз жұмысын заңды тұлғал.ар мемлекеттік регистрге таратылу туралы жазу еңгізілген кезден бастап тоқтатады.





  1. АРНАЙЫ БӨЛІМ




жүктеу 1,94 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау