5.ТАРАУ. Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымындағы
көркемдік тұтастық теориясы
5.1.Модернизм мен постмодернизмнің зерттелу жайы
Әдебиеттегі
көркемдік
тұтастық
мәселесін
байыптағанда,
поэтикаға
тікелей
қатысты
әдеби
категориялар
қарастырылатыны
белгілі.
Әдеби
шығармадағы бейнелеу құралдарының көркемдік жүйесін
анықтайтын
поэтика
әдебиеттің
тектері
мен
жанрларының,ағымдары мен бағыттарының, стилі мен
тәсілдерінің спецификасын, олардың байланысы мен
тұтастығын зерттейді.
[Введите текст]
191
Зерттеудің
негізгі аспектісіне (мысалы,романтизм
поэтикасы, роман поэтикасы, жеке бір жазушының
шығармасындағы немесе бір шығармадағы көркемдік
әлем) қарай белгілі бір мәселе көтеріледі.Кез-келген әдеби
шығарманың идеясы, сюжеті, композициясы, бейнелеу
құралдары тілге келіп тірелетіндіктен, оны үш пән –
мәтінтану, герменевтика және поэтика зерттейді.
Герменевтика мәтінді түсіндірумен айналысса, мәтінді
құрастыру
шеберлігін
поэтика
зерттейді.
Яғни,
шығарманың көркемдік тұтастығы мәтіннің эстетикалық
бітімінен көрінеді.Шығармадағы көркемдік тұтастықты
құрайтын мәтінді қазіргі семиотика тым кең мағынада
түсіндіреді.Мәселен, В. Рудневтің 7 бапқа негізделген
мәтін туралы тұжырымына мән берсек: 1) мәтіннің
барлық элементтері өзара байланысқан (құрылымдық
поэтика тезисі); 2) мәтін элементтерінің арасындағы
байланыс қайталанып, өзгеріп отыратын бірліктер мотив
ретіңде айқындалады (Мотивті талдау тезисі); 3) мәтінде
кездейсоқ ештеңе жоқ (психоталдау); 4) мәтіннің әрбір
жекеленген және үстірт көрінісінің (мәнінің) астында
мифологиялық сипаттағы терең, әмбебап заңдылықтар
жатыр (К.Г. Юнгтің аналитикалық психологиясы); 5)
мәтін шындықты суреттемейді, ол онымен өзара күрделі
қарым-қатынасқа түседі (аналитикалық философия және
тілдік актілер теориясы); 6) бір мәтіндегі ақиқат нәрсе
басқасында жалған болып шығуы мүмкін (мүмкін дүние
семантикасы); 7) мәтін қатып-семіп қалған мән емес, ол –
автор мен оқырман және мәдени контекст арасындағы
сұхбат (Бахтин поэтикасы).
Көркемдік
тұтастықтың
теориясы
эстетикалық
категорияларды, өнердің табиғатын, оның түрлері мен
жанрларын бір принциппен түсіндіру барысында
айқындалады.
Өнер
мен
өмір
құбылыстарының
көптүрлілігін кескіндеме өнерінде – бояу , әдебиетте – сөз,
мүсін өнерінде – тас, кескіндеме – көру; музыкада –
көрерменге әсер етудің этикалық және эстетикалық
үйлесімі айқындап береді .
Әлем әдебиетіндегі басты ағым болып саналатын
постмодернизмнің көркемдік шарттары мен сипаттарын
түсіндіру үшін модернизмге тоқталмай кету мүмкін емес.
Модернизм (франц. moderne – ең жаңа, қазіргі) – 19 ғ.
соңы, 20 ғ. ортасына әдебиет пен өнерде, мәдениетте
қалыптасқан филос.-эстетикалық қозғалыс. Бұл ретте
М. болмысты бейнелеуге емес, өз шындығын көрсетуге
ұмтылады. Модернистер үшін өмір шындығы ұғымы –
аллюзиялар, реминисценциялар. Мұнда негізгі ұғым
цитаталар, реминисценциялармен толыға, ұлғая келе,
интермәтінге айналатын «мәтін» болып табылады. Жеке
адамның жан-дүние сезімдерін бейнелеу идеясы екінші
қатарға кетіп, алғашқыға сана шығады. Өнердің өзегі
сыртқы планнан ішке ойысты: бұл ретте суреткердің
міндеті – өмірмен қарым-қатынасқа өзінің жеке көркемдік
әлемі аясында түсу.(«Қазақ мәдениеті».Энциклопедиялық
анықтамалық.Алматы.»Аруна».2005-656 бет).
[Введите текст]
192
Модернизм өнеріне шындықты тәртіпсіз хоас және
абсурд
(мағынасыздық)
бейнелеу
тән.
Мәселен,
Ф.Кафкадан
бастап
көптеген
жазушылар
шығармаларында “бақытсыз сана” комплексін тудырды.
“Адами жазмыш” (экзистенциализм әдебиетінің әдепкі
мәселесі), «көп ішіндегі жалғыз» (толпе одиноких) т.б.
мәселелері кейіпкерлердің тұтас еместігін сезіндіреді.
Айталық, С.Беккет шығармада бос ақ парақтарды бос
қалдыру арқылы әлемді қабылдамау ишарасын, яғни
шығармашылықтан бас тарту “әдеби үнсіздік” идеясын
көтерген.
М.әдебиетте бейнелеу құралы мен көркемдік жүрістің
жаңа жүйесін, адамды жаңаша түсіндірумен бірге, мұнда
типті емес, бәрі жекелеген сананы суреттеу басым болды.
Және образ-архетип, сана астарындағы құбылысты
зерттеу арқылы адамның ең құпия сезімдерін, оның
ақиқатын және адам табиғатын ирония және травести,
ойындар элементі сияқтылармен ашық көрсетеді. Тұлғаны
мағынасыздықтың алдында әлсіздендіреді. Ол шығарманы
мазмұнсыздыққа әкеледі. Бұл бағыттағы жазушылар
композиция, тілге т.б. көптеген стильдік, көркемдік
сынақтар жасады.
ХХ ғасырдың соңғы ширегіне дейін өмір сүрген
модернизм
өркендеудің
жаңа
кезеңінде
көркем-
эстетикалық құбылыс ретінде қалды. Осы орайда дүниеге
келген тағы бір терминдік түсінік осы модернизм мен
постмодернизм табиғатымен көркемдік тұрғыдан тұтас,
мағыналық
жағынан
мәндес
болып
келетін
НЕОМИФОЛОГИЯЛЫҚ
САНА,
20ғ.
мәдени
ментальдылықтың бір бағыты. Ғасыр басындағы
символизмнен басталып, постмодернизммен аяқталады.
Н. 19 ғ. позитивистік санаға жауап ретінде пайда болды.
Н. мәні – мәдениеттегі классикалық және архаикалық
мифтерді зерттеуге көп көңіл бөлуінде. Сол сияқты,
мифолологиялық сюжеттер мен мотивтер көркем
шығармаларда қосымша фон ретінде колданыла бастады.
19 ғ. 20 жылдарынан, яғни әдебиетте модернизмнің
гүлденген кезінен бастап, әрбір көркем мәтін тікелей
немесе жанама түрде мифті қолдану негізінде құрылды.
М.Булгаковтың
«Мастер
мен
Маргаритасында»,
Т.Манның, Г.Гессенің, У.Фолкнердің, Ф.Кафканың, Дж.
Апдайктың шығармаларында миф жиі колданылады. Ш.
Айтматовтың
«Боранды
бекет»,
Ә.Кекілбаевтың
“Үркер”,”Аңыздың ақыры”, ”Ханша-дария хикаясы”,
”Күй”, ”Күйші”,т.б. шығармаларында мифтер мол
пайдаланылған. Шығарма сюжетінде миф ретінде тарихи
аңыздар, тұрмыстық мифология, мәдени-тарихи шындық,
өткен дәуірлердің көркем мәтіндері көрініс табады. Бұл
20 ғ. көркем мәтіннің өзі мифологиялық сипат алуына
әкелді, Г.Маркестің «Жүз жылға созылған жалғыздығы»
мұның бір мысалы.(“Мәдениеттану сөздігі”)
Сөз өнеріндегі көркемдік тұтастық мәселесін
жүйелеуге және оны жан-жақты ашып көрсетуге қызмет
атқаратын тағы бір әдеби категория бар.Ол өнердегі
кеңістік пен уақыт категориясы, яғни эстетика тарихында
өнердің түрлерін жүйелеп беретін ұғым. Кеңістік пен
[Введите текст]
193
уақыт мәселелері қарастырылмайтын әдеби шығарма жоқ
десе де болғандай, ал олардың бүкіл шығармадағы
көркемдік тұтастықты жүйелеуге, бір ырғақпен
баяндалуына мол мүмкіндік жасайтынтыны да сондықтан
түсінікті болса керек.
Жалпы модернизмнің кейінгі жылдары әлемдік
мәдениетте кеңінен орын алған постмодернизм
ағымының тууына тікелей әсер еткені белгілі.Соңғы
жылдары әдебиеттанушылар постмодернизм туралы жиі
және көп жазатын болды. Бір ғана В.Курициннің “Русский
литературный постмодернизм” деген еңбегінде осы
ағымға байланысты еңбектердің 400- уі аталса, ал,
И.Скоропанованың
“Русская
постмодернисткая
литература: Новая философия,новый язык” деген
зерттеуінде
олардың
библиографиялық
көрсеткіші
мыңнан да асып кетеді. Алайда, осы постмодернизм
туралы әлі күнге дейін көптеген кереғар көзқарастар бар.
Мысалы, осы ағымның ірі өкілі саналып жүрген Жан
Француа Лиотар оны бүгінгі мәдениеттің жағдайын
бейнелейтін
журналистік
термин
ретінде
қалыптасқандығын, мәдениеттегі тұтас және жекелеген
бір салаларындағы – жаңа технологиялар, телевидение,
көпшілік-медиа
т.б.
сияқты
гиперреволюциялық
өзгерістер
толқынында
туған
жәйттер
екендігін
ескертеді.Д.Затонский “Постмодернизм в историческом
интерьере”//Вопросы литературы 1996, №3// деген
мақаласында
постмодернизмнің
басты
сипаттарын
көркемдік тұтастықты жоюшылар деп есептейді.Бір
жүйеге түскен дәстүрді қабылдамау, уақыт пен кеңістік
мәселесіне мән бермеушілік, екіұштылық, көпмағыналық,
бас кейіпкердің болмауы т.б сияқты постмодернизмнің
басты ұғымдары әдебиеттанушылар арасында әр түрлі
даулы пікірталастар тудырып отыратыны даусыз.
Тағы бір ерекше атап өтер жәйт-постмодернде
шекара жоқ. Мәселен, ХХ ғасырдың жетпісінші
жылдарына дейінгі кезеңде өмір сүрген классикалық
мәдениетте, әдебиетте элиталық және көпшілікке
арналған
әдебиетте
нақты
қарама-қайшылық,
айырмашылық бар еді. Және өзін сыйлайтын әрбір
жазушы қалың көпшілік үшін жазбаған. Ал, постмодерн
жағдайында осы қайшылық сызылып, элитарлық
жойылып немесе көпшілік мәдениеттің бір бөлшегі болып
қалады. Ең элитарлы кино немесе кітап жалпы көпшілікке
арналып жазылған бестселлер болып қана қалады. Сол
себепті біз «жоғары» және «төмен» дәрежеде жазылған
шығармалардың шекарасын айыра алмай қаламыз.
Мысалы, Наталья Правдинаны біз қанша жақсы көрсек те
Б. Борхес пен Ф. Кафканың шығармашылығымен қатар
қоя аламыз ба. Бірақ қазіргі уақытта оларды қатар қоюға
тура келеді. Міне, бұл қазіргі әдебиеттің көрінісін,
бейнесін береді.
ХХ ғасырдың екінші жартысында Батыста пайда
болған «жаңа роман» бағытына сәйкес әдебиет тоқырады,
өлді деген дау пайда болды. Шындығында әдебиет
бұрынғы классикалық мәдениеттегідей, әдебиеттегідей
өзінің маңызды ролінен ғана айрылды. Бүкіл ұрпақты
[Введите текст]
194
тәрбиелейтін моралдік құндылығынан және «ұлы
тарихты» әңгімелейтін, сол кезеңнің рухани әлемін ашып,
көркем
шежіресін
жазатын
ұлы
міндеттерінен
айрылғандықтан ол тоқырауға, тығырыққа тірелді.
Алайда әлі болса да сол көпшілікке рухани қажеттілік
тудырып отырған да осы классикалық мұралар.
Америкада көптен бері «ридерз-дайджест» пайда болды.
Оның бір томында бүкіл әлемдік әдебиеттің мұралары,
Гомерден бастап Дэн Браунға дейінгі шығармалардың
кішігірім фабуласы, сюжеті, кейіпкерлерінің аттары
жүреді. Оны оқыған кісі бейне бір бүкіл әлемдік әдебиетті
оқып шыққандай, солардың бәрін біліп алғандай әсерде
болады. Бейнелеп айтқанда, М.Әуезовтің «Оқыған
азаматы» болып шыға келеді. Ал, шындығында солай ма?
Біз,
мысалы,
бала
кезімізде
классикалық
шығармаларды бүтіндей тауыспасақ та соларды оқуға
тырысатынбыз, солар туралы қырық пышақ болып
айтысатынбыз, түрлі әдеби кештерде, оқырмандар
диспутында түрлі сауалдарға жауап іздейтінбіз. Бұл
кейіпкерлер бізбен бірге өмір сүрді, біз соларға қарап
еліктеп өстік, соларға ұқсағымыз келді. Әрбір бала Д
Артаньян, әрбір пионер Олег Кошевой, әрбір комсомол
Павел Корчагин т.б. болғысы келетін. Ал, қазір ше?
Балалардың бой түзейтін, ой түзейтін кейіпкерлері жоқ.
Классикаға жастар мән бермейді, оларды оқып отырсаң
күледі. Олар бүгінгі әдебиеттің уақытша беделге ие
болған бестселлер, фантастика немесе детектив және
қысқа жанрдағы шығармаларды оқуға құмар. Әдебиет
өзінің адами тұлға тәрбиелеп, қалыптастыратын тәрбиелік
көркемдік, эстетикалық міндетінен айрылып қалды.
Бүгінгі бір күндік мәні бар бестселлер жастарға ештеңе
бермейтініне терең ой жіберіп жатқан ешкім жоқ, әзірге.
Олардың ертең опық жегізері хақ. Тіпті оларды оқып
жүргендер бүгіндері жалығып, классиканы қайта іздей
бастады.
Мысалы, 2007 жылы республикалық кітапханашылар
қауымдастығы өткізген “Бір ел-бір кітап” деген
акциясының қорытындысы бойынша ел болып оқылатын
кітап Абайдың қара сөздері болса , 2008 жылы
М.Әуезовтің “Қилы заман” повесі ,ал 2010 жылы
оқырмандар тарапынан Мағжан Жұмабаевтың поэзиясы
таңдалып алынуының өзі-ақ талай нәрсені айтып отыр.
Қазіргі қазақ әдебиетінде осындай бестселлер
жанрында жазатын жазушылар бар ма? Болса, олар
кімдер? Осы постмодернизм бағытының өкілдері олардың
ішінен табыла қояр ма екен деген сауалға қазір
әдебиетшілер де, оқырмандар да нақты жауап бере
алмайды. Өйткені, бізде бұл бағытта ізденістер, әдеби
сынақтарға талпыныс болғанымен оның үлгісін
танытарлық тұлғалар таныла қойған жоқ. Мысалы,
оларды ресейлік Борис Акунин, Виктор Пелевин т.б.
сияқтылармен салыстыруға не теңестіруге келмейді.
Сондай-ақ, соңғы жылдары әдебиет- мәдениет аулынан
алыстап, қазір телевидение мен кино сияқты институттар
алға шықты. Қазір Олжас Сүлейменов жазғандай
(“Свобода
слова”
газетіндегі
сұхбатында)
[Введите текст]
195
Л.Н.Толстойдың “Соғыс және бейбітшілік” эпопеясын
немесе
Бальзактың,
Э.Золяның
бірнеше
томдық
эпопеяларын оқитын оқырман жоқ. Өйткені, бүгінгі
оқырман екі сағатта ондағының бәрін кинодан көріп
алады. Ұзақ роман оқитын қазір мүмкіндік те,ынта да жоқ.
Әрине, әрбір адам жеке тұлға , сондықтан әркім өзіне
қажетті кітапты өзі таңдауы керек .
Қай кезде де сөз өнері таным процесін, ойлау
жүйесін, өмір сүрудің мағынасын ашуға тырысқан.
Авторлық толғау арқылы өмірдің мағынасына мән берген.
Өкінішке орай олар қазір жоғалды. Қазір философиялық
мәтіндер ғана маңызды, бейне бір автордың ешқандай
қатысы жоқтай, автордың пікірі қажет те маңызды да
емес, тек мәтін ғана керек, сол ғана маңызды. Автордың
ойы түгіл түсіне енбегенді философ тауып алады да соны
көрсетеді.
Осы
орайда,
«Қазіргі
қазақ
прозасындағы
модернистік және постмодернистік ағымдар» /Қазақ
әдебиеті газеті. 29.10.2004/ және ”Алғашқы қазақ
романдарындағы модернистік назар” /”Қазақ әдебиеті”
25.12.
2008
/
деген
мақалаларында
филология
ғылымдарының
докторы,
профессор
Бақытжан
Майтановтың
қазіргі
ұлттық
әдебиеттану
мен
философияда
модернизм,
әсіресе
постмодернизм
ұғымдарының жиі айтылатынын, “әрбір әдеби дамудың өз
постмодернизмі болатынын” (Умберто Эко) айта келіп,
жалпы қазақ прозасының ХХ ғасыр басындағы
үлгілерінен бастап қазіргі қаламгерлердің шығармаларына
дейінгі аралықтағы модернистік және постмодернистік
элементтер бар туындылардағы ізденістер жайлы
ойларына тоқталған орынды сияқты.
Автор классикалық дүниелер саналып жүрген
шығармаларымыздың осы модернизммен тамырласып
жатқанын, оған нақты нысана ретінде М.Әуезов,
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, тіпті С.Сейфуллин мен
С.Ерубаевтың, Р.Тоқтаров, С.Мұратбеков, М.Мағауин,
Ә.Кекілбаев,
Т.Әбдіков,
Ә.Тарази,
Қ.Ысқақов,
А.Нұрманов, Д.Досжанов, т.б. сынды жазушылардың
көркемдік тәжірибесін алға тартады.
Зерттеуші
Д.Затонскийдің постмодернизм тек
батыстық қана емес, бұрынғы кеңестік дәуір әдебиетіне де
тән құбылыс екендігін алға тарта отырып, оның
анықтамасын береді: «модернистер дөрекі, алабажақ,
тұрақсыз шындықтың жан-жағынан жоғары шындық,
жоғары өмір, сабақтас әлем, іргелі тұтастық, өзгеше ой,
тым ауқымды идея іздестірді. Өмір олар үшін көріксіз де,
тазалық пен әсемдік өнерде ғана сақталмақ»,– десе,
«Постмодернизм мұндай кемшіліктерден ада, олар,
біріншіден, осы сәттегі, тысқары дүниедегі, күнделікті
тіршіліктегі бар нәрсеге назар аударады.”– деп бір-бірімен
сабақтас екі ұғымның аражігін ашып береді. Қысқасы,
модернизм көз алдында тұрған шындықты місе тұтпаса,
постмодернизм өмірдегі құндылықтарды үлкен, кіші деп
бөлмейді, кез-келген зат, құбылысты дүние санауға
бейімдігін ғалым постмодернизм поэтикасына тән
қасиеттерді-тұйықтық, бұлдырлық, яғни ештеңе жайлы
[Введите текст]
196
ашық және ақиқатын, соңғы сөзін айтпау, өмір
көріністеріне ирониямен қарау, оларға үнемі күмән тән
екендігін атап көрсетеді. Әрине, бұл көркемдік ағымдарды
анықтайтын сипаттар осымен шектелмейтінін де
ескертеді.
Одан
әрі
автор
жекелеген
жазушылардың
шығармаларындағы постмодернистік категориялардың
түрлеріне арнайы шолу жасайды: «Сәл ертеректегі дәуірге
көз салсақ, модернизм мен постмодернизмге хас мәтін
құрамының байлығы мен әркелкілігі М.Әуезовтің
«Қорғансыздың күні», «Жетім», «Бүркіт аңшылығының
суреттері», Ж.Аймауытовтың «Елес», М.Жұмабаевтың
«Шолпанның
күнәсі»,
С.Ерубаевтың
«Менің
құрдастарым»,
С.Сейфуллиннің
«Біздің
тұрмыс»
шығармаларынан
мол
аңғарылады.
Аталған
туындылардағы интертекст, реминсценция, аллюзия
көріністері өмір шындығын қалыптағы реалистік
баяндаудан
гөрі
оны
қабылдаушы
субьектімен
арақатынаста, жан-жақты танытуда зор нарративтік роль
атқарды. Модернистік прозада шарықтап дамыған сана
ағымын суреттеу өнері М.Әуезов, Ж.Аймауытов,
М.Жұмабаев мәтіндерінде ұлттық дәстүр сілемін
қалыптастырды.
1940 жылдардан бергі қазақ прозасында З.Шашкин,
Х.Есенжанов, Ә.Нұрпейісов, Т.Әлімқұлов, Т.Ахтанов,
І.Есенберлин шығармалары арқылы психологиялық
талдау, монодиалог, қос үнді сөз, алмастырылған төл сөз
сияқты баяндау тәсілдері авторлық көзқарас шеңберін әр
қырынан көрсетуде ұтымды көркемдік тәсілдер болды , –
деп әр жазушының постмодернистік ағымға тән көркемдік
тәсілдерді ұлттық дәстүр тұрғысынан қалай түрлендіріп,
жаңаша құбылту арқылы кейіпкердің ешкімге ұқсамайтын
ішкі жан әлемін бейнелеу мәселесі, олардың өзіндік
жазу стилін айқындап берген.
Зерттеушінің қазақ прозасындағы модернистік және
постмодернистік ағымға қаламгерлік қабілеттері мен
даралық сипаттары сәйкес келетін суреткерлердің
шығармаларындағы көркемдік тұтастық мәселелерін де
олар қолданған бейнелеу құралдарының поэтикасы
тұрғысынан талдауға тырысады.
«Қазақстандағы постмодернистік әдебиет және
қазіргі әдебиеттану» атты монографиялық зерттеуінде
және осы аттас докторлық диссертациясында жас
зерттеуші Людмила Василевна Сафронова аталған
қаламгердің
туындыларын
қазақ
әдебиетіндегі
постмодернистік
ағымның
озық
үлгілері
ретінде
қарастырады.
Қазақ жазушыларының постмодернистік стилін
анықтаған, көркемдік ерекшеліктерін, ұлттық нақышын,
төл танымымызға, сөз өнеріне тән өзгешеліктерін біз
Мұхтар Әуезов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев,
Бейімбет Майлин, Зейін Шашкин, Тәкен Әлімқұловтың,
Әкім Таразидың, Роллан Сейсенбаевтың, Төлен
Әбдіковтың, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Асқар Сүлейменов,
Әбіш Кекілбаев, т.б. сынды суреткерлердің қиқар да
[Введите текст]
197
қызық мінезді кейіпкерлері, олардың ирониялық баяндау
тәсілі, олардың өздеріне тән сөйлеу мәнерінен байқаймыз.
Мұның бәрі қазақ әдебиетінде де осы бағыттың
өкілдері бар екендігін, осы бағытта да біраз ізденістер мен
сынақтар жасалынып жатқанын және олардың бәрі саналы
түрде емес, шығарманың ішкі көркемдік тұтастығынан
туындап, ішкі үндестігінен, табиғи заңдылығынан
туындап отырғанын байқатады. Аталған қаламгерлердің
дені арнайы эксперимент жасап, постмодернистік стиль
қалыптастыруға, соған лайықтап сөз құрап, кейіпкердің
ойлау жүйесін әдейі бұзып, жазуға талпынбаса да
олардың табиғи талантынан тамыр алған суреткерлік
шеберліктері даралық сипатқа ие екендігін ескерген жөн.
Мәселен, Ж.Аймауытовтың «Елесіндегідей» нақты
тілдесулер, тірі адамның Елеспен диалог құруы арқылы
оқиға өрбіп, ой дамуы, кейіпкердің кіресілі-шығасылы
сана ағымы шығарманың көркемдік ойлау жүйесін құрап,
постмодернистердің эстетикасында ерекше орын алатын
шизоанализ ұғымы арқылы бейнеленеді. Негізінен
онейрикалық (қиял, түс, ой) кеңістікті көрсететін
шығармадағы сол кезеңдегі ешкімге ұқсамайтын қолтаңба
ерекшелігі постмодернистік ағымның алғашқы өрнектерін
танытады.
Сана ағымы жүйесіндегі ырықсыздық күй, абсурд, түс
көру тәсілі, ойдың шатасуы галлюцинациялық сәттерге
көп мән бергізеді.
Постмодернистік ағымның эстетика заңдылықтарына
қазіргі қазақ прозасындағы мейлінше жақын дүниелер
Дидар Амантайдың «Тоты құс түсті көбелек» және
«Шайтан мен шайыр» романдары десе болғандай.
Осындай пікір айтып жүрген ғалымның бірі Б.Майтанов.
Негізі стилдік сынаққа көп баратын және батыл әрі оны
жүйелі түрде өзіндік машық ретінде қолданатын
Д.Амантай шығармашылығы жөнінде мерзімді баспасөз
беттерінде әр түрлі деңгейде айтылып жүрген пікірлер
баршылық. Кезінде көрнекті сыншы, әдебиеттанушы
Зейнолла Серікқалиевтің батасын алып, танылған
жазушының әрбір шығармасы қызу пікірталас, тіпті бір-
біріне қайшы пікірлерді көп тудырып отыратыны да
шындық. Сыншы, мәдениеттанушы Әлия Бөпежанова,
Б.Майтанов, З.Серікқалиев, Т.Әсемқұлов т.б. сынды бір
топ әдебиет білгірлері оның шығармашылығындағы тосын
тілдік құбылыстар мен сөйлем құраудағы жұтаңдықты,
композициясындағы іркілістер мен ізденістерді көптеген
қаламгерлердің қабылдай алмайтыны жөнінде де ой
бөлісті.
Киносценарий мәнеріндегі мақам-машыққа бейім,
сөйлемдерін неғұрлым қысқа түйетін, дәстүрлі эпикалық
сюжеттен гөрі шағын этюд сияқты жанрға жақын
шығармалар шоғырында диалогтар басымдық рөл
атқарады. Мұхтар Мағауиннің “Қыпшақ аруы” мен
“Жармақ” романындарында негізгі нысанаға алынған
автордың өзі мен шығармашылығы жайлы жазбаларға
ерекше мән берілсе , Дидар туындыларында белгілі бір
кезең, сол кезеңге тән жүйелі оқиға, әдеттегідей әдемі
өрілген композиция үлгісі жоқ.
[Введите текст]
198
Жазушы
Д.Амантай өз шығармасында батыс
әдебиетінде көп қолданылатын жүйесіздікті, оқиға мен
ойды диалогқа құрып, екеуара әңгімеде сол кезеңнің
саяси, әлеуметтік, рухани өмір шежіресін мүмкіндігінше
нақты беруге тырысады.Сондықтан да болар оның демі
үлкен кеңістікке, күрделі ойлау процесіне жете алмай
көбіне қысқа қайырылып жатады. Кез-келген оқырман
оның шығармаларындағы шолақ ойды, келте әрі жұпыны
сөйлем құрауларды, тосын тілдік тіркестерді, біздің
көркемдік таным дүниемізге келе қоймайтын қисынсыз
құрылымды таныр еді. Мүмкін бұл да тың құбылыс,
жастар тарапынан танылар жаңалық болып табылатын
шығар дегенмен тілші мамандар мұндай тілдік, түрлік
қолданыстардың тілді қолдану заңдылығына қайшы
екендігін мойындаса керек-ті. Алғашқы шығармалары
жарық көрген жылдары «Қазақ әдебиеті» мен «Жас алаш»
газеттерінде дамыл-дамыл жарық көрген сын пікірлерден
кейін болуы керек, Д.Амантайдың кейінгі екінші
жинағына енген қысқа романдары мен әңгімелеріндегі
сөздік қолданыстар бір икемге, тілдік заңдылықтарды
сақтауға тырысқаны байқалады. Тым қарабайыр түрде
қолданылған сөйлемдерден арылған секілді. Дегенмен
Б.Майтанов Дидардың осынау олқылықтарын ол әкелген
тың табысқа балайтындай: “Кейінгі жылдардағы Дидар
Амантайдың «Мен сізді сағынып жүрмін » повесі
қалыптағы көркем дүниелерден бөлек. Ол алдымен
сөйлем құрылымынан байқалады. Оны әдеттегі талаппен
қарасаңыз, сынап тастауға азық берері сөзсіз. Бірақ
постмодернистердің көпшілігі белгілі өлшем, жаттанды
көрінетін шаблонды бұзуға бейім. Бұл, әрине, әйтеуір
дәстүрді қағажу қылу талабынан тумайды. Жан мен
рухтың табиғи қажеттілікті іздеуінен барып шығады.
Өйткені адам стилистикалық жағынан мүлтіксіз деңгейде
ойламайды. Ой аласапыраны, постмодернизм түгел
терістемейтін модернистік әдебиеттегі «сана ағымы»
осындай күйде, шындықты мұнтаздай таза кезінде ғана
емес, қабығы аршылмаған немесе әлек-шелек жүрістегі
сәттерінде жады мен зерде, сезім айнасында ойнатады.
Д.Амантай шығармасының баяндау жүйесі әрекет пен
қиял, мақсат пен күйініштің, ауыр мұңның азапты
арпалысын қазақ прозасы үшін жаңа құрылымдық
ажармен бейнелейді».
Шынында сана ағымы белгілі бір тәртіпке, жүйелі
ойлау жүйесіне бағынбайтыны белгілі. Алайда әдебиет
оқырманды
эстетикалық
талғамға,
озық
ойлауға
тәрбиелейтін бірден-бір рухани құрал екендігін де ескеріп
отырған жөн сияқты. Постмодернизмнің талабы солай
екен деп тым қарабайырлансақ не болғаны?.
Осы ретте көрнекті сыншы, әдебиетші Зейнолла
Серікқалиевтің де пікірін бере кеткен оңды сияқты:
«Жазылу мәнері жағынан қазақ әдебиеті түрлік ізденістің
өзгеше бір қырын аңдатар қызықты бір хикаят Дидар
Амантайдың «Гүлдер мен кітаптар» романы болар. О
баста «Тәңірдің кітабы» түрінде ойластырылып, роман
концепциясын кейіпкері Әлішердің біржола басы
байланған қаламгерлік қағидаты, мұң-зары, жазылып
[Введите текст]
199
жатқан мәңгілік мұрасы (бәлкім, екі дүниеге бірдей
еншілес туындысы) төрелігімен ғана айқындаған автор өз
шығармасының атауынан бастап, бүкіл жаратылысын дәл
түсіндіріп бере алған. Бұл-бүгінгі біздің кәдімгі
Аллатағала, Құдай ұғымындағы Тәңірі танымы емес,
мамандар пұтқа табынушылық, немесе монотеистік діндер
бастауы (атасы) деп әртүрлі бағалап жүрген Тәңірі
танымында
туындайтын
тәмсіл-толғаныстар,
эссе-
суреттер негізгі дирижерлік роль атқарып, кешегі мен
бүгінгі болмыс баяны, кеңістік пен уақыт, бәрі-бәрі бір
көгенге телінгендей, қаз-қатар өріліп жүре береді.
Мәдени-философиялық жүлгеде қарастырылар қат-қабат
идеялар тоғысы. Әлішердің көкірек-көзімен сезіндірер,
дәуірі өткен кітап пен кітапқа деген адамзат ұрпағының
бүгінгі опасыздық қатынасынан ашылар, мифологиялық
логикаға негізделген, ежелгі түркі көшпелілерінен бері
қарайғы, бүгінге, болашаққа бағышталар барша ізгілік, ар-
ұждан параметрлері, түрлі діни наным-сенім бастаулары
және керек десеңіз:дәл қазіргі таңдағы тіршілік
қайшылықтары, тазару кезеңдері сараланар роман-
гипотеза; әпсаналық сипаттағы шежіре-жырлар...-қай-
қайсысы да оқушысын бей-жай қалдыра алмас деп
ойлаймыз. Әпсаналық жырлар ғана емес, шығарманың
жалпы бейнелеу порымы, жазылу сарыны тұрғысынан
бұл мейлінше жаңаша таным көрсеткіштері». /Д.Амантай.
«Гүлдер мен кітаптар» Роман. -Алматы: 2003 7-108 б.
Алғы сөз. Зейнолла Серікқалиев, жазушы, куратор. 4 бет.)
Осындай оңды пікірлер Д.Амантайдың жазу
стиліндегі көптеген кемшіліктерді қазіргі әлем әдебиетін
жаулап алған постмодернистік әдебиетке тән стилдік,
тілдік, көркемдік құбылыстар деп кешіріммен қарайтын
секілді. Әрине, жаңалық қашанда тосын, оны қабылдау
ұзаққа созылары да хақ. Дегенмен жаңа шығарманы
оқығанда оқырман ең алдымен тұщынуы, оның тың түрлік
ізденістері мен жаңа ой айтар идесына, адамның ішкі
әлеміне әсерін сезінуі керек. Ең бастысы оқушысын
ойлантуы тиіс емес пе?. Дидарда осы мәселе тапшы
көрінеді.
Әрине, ол уақыт еншісіндегі мәселе. Тұлға мен таза
талантты танитын да танытатын да тарих, төреші-уақыт.
Біз тек шығармадан үзінді оқып көрелік: “...Әлішер
құйылған сөз тізбегін сойдақтатып барып тоқтады.
Жазуын мүлдем доғарып, орнынан тұрды. Ары бері жүрді
де қойды» (9 б).Осы да Дидар секілді танылған талантты
қаламгер қолданатын сөйлем бе?. Көркемдігі қайда, әдеби
тілі мен бейнелі суреті, ой мен образ қайда?. Көркем
әдебиеттен оқушы осындай жұтаң ойларды, жұпыны
сөйлемді, тым қарапайым тіркестерді күте ме?. Осы жерде
Гогольдің бес бақырды билетіп жіберетін ойнақы, ойлы
сөйлемдері сұранып тұр емес пе.?
Немесе: «Қазақ бір жас деп алпыс жылды есептейді,
алпысқа келмей дүниеден озған адам жайлы екі жастың
біріне
келмей
қайтыс
болды
деп
уайым
білдіреді.Сондықтан Әлішер жеке адамның оқшау жасы
деп алпыс жылды алып отыр. Алпысты жетіге көбейтсе,
[Введите текст]
200
бір рудың жедеқабыл дара жасы шығады, ол төрт жүз
жиырма жылға тең » (сол бетте). Не түсінуге болады?.
Автор не айтпақшы сонда, белгісіз, адам жасын
мұсылмандық күнтізбе бойынша есептеп отыр ма, ондағы
айтпағы не, осы жерде есеп қажет пе?. Дидардың
эссеистік жазу тәсілі уақыт талабына туған қажеттілік
болар?. Мүмкін біздің замандастарымыз осылай сөйлейтін
болар?.Бәлкім , бүгінгі күннің сөйлеу стилі осылай
шығар.Дегенмен,көркем шығармаға қойылар бірінші
талап-көрікті ой мен көркем тіл емес пе? Біз ең бірінші
оқырманға ой саларлық эстетикалық сезім сыйларлық
оқиғаға көрік беретін қасиетті сөзді құдіретті өнерге
айналдыруымыз қажет емес пе? Біз де жастардың
жаңалыққа жаны құмарлығын, тың ізденістерге батыл
баратынын, өзіндік өрнек табуға ұмтылысын қуана
құптаймыз. Алайда , мынадай тым жұпынылықтан сақ
болғанымыз абзал. Онсыз да қазіргідей көркем әдебиетті
көп оқымайтын заманда, нақты, дәл сөйлейміз деп кешегі
көрікті ойдан, мазмұны терең, мағынасы зор, маржаны
төгілген сұлу, шешен сөздерімізден арылып бара
жатқанда көркем прозамыздың тілі де осылай кедейлене
берсе не болғанымыз, келешек ұрпаққа сан ғасырлар
бойы сақталған бай сөздік қорымызды құнарынан да,
сөлінен айырып, сұрқай түрде жеткізбейміз бе? Күрделі
сөйлем күрделі ойлауға, көркем сөз көрікті ойларға
жетелемес пе? Біз жастардың ізденісін тек батысқа
еліктеп бізге жаңалық әкеліп жатыр деген біржақты
бағалаудан аулақ болғанымыз оңды болар.
Алайда, бүгінгі бүкіл әлемдік әдебиеттегі көркемдік
әдіс-тәсілдерді, бейнелеу құралдарының кәсіби дамыған,
бай тәжірибесін игерген әрі теориялық тұрғыдан әбден
қаруланған білімді қаламгерден гөрі ХХ ғасыр басында
шағын бір ғана әңгімесімен-ақ қазақ әдебиетіне «сана
ағымы» секілді модернистердің эстетикасына тән
көркемдік құбылысын қалай игеріп, қалай құлпырта
қолданған
ақын
М.Жұмабаевтың
«Шолпанның
күнәсіндегі»
ой
мен
сөздің
байлығына,
тілдік
қолданыстағы шеберлігіне қазіргі көркемдік талап
тұрғысынан да шаң жуыта алмасыңыз хақ.
Мағжан Жұмабаевтың шағын шығармасындағы
жалғыздық мәселесі, адамзаттың жұмбақ әлем екендігі тек
сана ағымы, қазақ әдебиеті тарихында бұрын-соңды
болмаған тың ойлау жүйелерінің қазіргі прозадағы
көркемдік әлемнен де әлдеқайда әдемі, күрделі, терең,
керемет көркем, сұлу да соны, бай әрі құнарлы екендігін
айтпасқа шара жоқ. Д.Амантайдың «Мен сізді сағынып
жүрмін»повесіндегі мәңгілік шындықты табу жолында
мерт болған Мұқтардың тағдыры, оны өлімге итермелеген
ой опасыздығы Мағжанның Шолпанының да, Әбіш
Кекілбаевтың Кіші ханымға тән сана құбылыстарынан
тамыр алатынын естен шығармаған жөн.
Бүгінгі
Қазақстан
үлкен
қоғамдық,
рухани
сілкіністен өтіп жатыр. Әрине, қоғамдағы болып жатқан
құбылыстар әдебиетке көлеңкесін түсірмей қоймайды.
Кеңес заманындағы құндылықтар, қалыптасқан идеалдар
алмасқан осындай шытырман кезеңде болашақ қазақ
[Введите текст]
201
әдебиетінің бағыт-бағдарын, бет-бедерін айқындайтын
жаңа бір үрдістің нобайы шалынды.
Соның бір сілемдері осы қазіргі қазақ прозасының
жаңа
көкжиегін
танытқан
модернистік
және
постмодернистік ағымның тың үрдіс ретінде танылуы мен
оның арнайы зерттеле бастауы десек болады.
Постмодернизмнің төл әдебиетіміздегі көрінісіне
жеке жазушылардың шығармаларын талдау барысында
көз жеткізген жәйт осы ағым поэтикасын меңгерудегі
қазақ қаламгерлерінің шығармашылық ізденістері мен
көркемдік ерекшеліктері, тілдік, түрлік, стилдік қол
таңбалары қазіргі прозаның қол жеткізген мол
мүмкіндіктерін айқындайды.
Қазақ
прозасындағы
модернистік
және
постмодернистік ағымның көрінісі, олардың көркем
шығармалардағы поэтикалық әлемі нақты жекелеген
жазушылардың,атап айтсақ, Т.Әбдіков, М.Мағауин,
А.Жақсылықов,А.Асылбек, Р.Мұқанова,А.Кемелбаева т.б
тәжірибелері арқылы танылады. Нақты ойлар, ғылыми
дәлелді тұжырымдар, әр жазушының постмодернистік
поэтиканы меңгерудегі ізденістерін, шығармашылық
мүмкіндіктерін, көркемдік ерекшеліктерін айқындап
берерлік теориялық талдаулар ұлттық әдебиеттану
ғылымында жүйелі түрде жасалып, жоғарыда аталған
зерттеушілердің
ғылыми
еңбектерінде
кеңінен
талқыланып келеді деуге әбден болады.
Осы
орайда
жазушы,
әдебиетші
Таласбек
Әсемқұловтың «Қазіргі қазақ прозасының жаңа көкжиегі»
деген мақаласын да («Қазақ әдебиеті»01.07. 2005) атап
өтуге болады.
Автор: «...Әлбетте, қазақ прозасының дәстүрлі
көркемдік критерийі – тіл... Қазақтың көркемдік туралы
айтқаны – тіл туралы айтқаны... Эксперименттің де
көркемдік презумпциясы бар екенін мойындауымыз
керек,» - дей келе Д.Амантайдың “Мен сізді сағынып
жүрмін” деген повесінің Х.Кортасардың «62:Құрастыруға
арналған модель» романының жобасын елестететінін
ескертеді. Шығармада біртұтас сюжет жоқтығын,
диалогтардың белгілі бір мақсатпен емес кездейсоқ
құрылған сөз сияқты сыңай танытатынын алға тартады.
Оқиға бей-берекет, әуелі финал суреттеледі, одан кейін,
кері айналған кинолента сияқты, финал, дайындалып
түсіндіріледі. Және оның өзі жүйелі, бірізді емес.
Бұрынғы әдебиетте психоанализ арқылы берілетін ой
түйдегін кейіпкер ауызша айта салғанда, алғашында өте
оғаш естіледі. ... Дидарда сюжет қана емес, тұтастай
форма емес-сөздің, сөйлемнің ішкі құрылымы бұзылған»
деп жазушының кемшілігін нақты мәтінді талдау арқылы
айқындап береді. Зерттеуші Дидардың ғана емес,көптеген
қаламгерлердің де кемістігі болып табылатын сөздің
түп негізін бұзу сонау ХХ ғасыр басындағы Петербург
символистері
бастап,
модернистер
қолдаған,
постмодернистер дамытқан үрдіс екендігін, соған
еліктеуден туған түйткілдер екендігін ескертеді .
Т.Әсемқұлов шығарманы интерпретациялау арқылы
оның маңызы мен көркемдік кемшілігін қолмен қойғандай
[Введите текст]
202
айқындап, көрсетіп береді. Эмпирикалық талдаусыз
шығарманың шынайы бет пердесін тани алмасымыз анық.
Таласбек Әсемқұлов осы мақаласында Айгүл
Кемелбаеваның шығармашылығы, оның ішінде «Қоңыр
қаз» атты әңгімесінің қазақ әдебиетіне алып келген оңды
жаңалығы жөнінде жақсы леп, жылы лебіз білдірген.
Шығарманың
туғаннан қамкөңіл
кемтар
қыздың
қиялының нәтижесінде періште болып аспанға ұшып кетуі
жайлы мифтік оқиғаға құрылғанын айта келіп, автор:
«Айгүл - стилистік ізденістерге бара қоймайтын, дәстүр
аңғарындағы жазушы. Аталмыш әңгіменің несі жаңалық
деген сауалға – концепциясы деп жауап қайтарар едім.
Аңыздық сарында осылайша жазып шығу, осындай үлкен
пайымға бару, жазушыдан үлкен қабілет талап етеді.
Айгүлдің бір міні-тілінің салақтығы. Әңгімені оқып
отырып байқағаным, Айгүл үшін басты нәрсе-идеяны
айтып жеткізу. Ойында концепцияны ғана ұстап
отырғандықтан, тілдік, айналып келгенде стильдік
селкеуліктерге назар да аудармайды. Стильдік кемістіктің
орнын
темпераментпен,
шын
көңілімен,
сөздің
шынайылығымен
толтырады»,
-дейді.
Айгүл
Кемелбаеваның жазу стиліндегі ерекшелік қазіргі қазақ
прозасындағы соны стилдік ізденістерді танытары сөзсіз.
Бүгінгі психологиялық, философиялық прозада
оқиға, әрекеттен гөрі ішкі ой мен сезімнің драмасы көп
болады. Мысалы, постмодернист Джойстың «Улисс»
романдарын оқу өте қиын. Алайда, ол күрделілік өз-өзін
ақтап отырады. Өйткені, күрделі тақырып күрделі тәсілді,
күрделі сөйлемдерді талап ететіні белгілі. Ал, адамның
парасат дәрежесі көтерілген сайын оның ішкі арпалысы,
өз ішіне көбірек үңілуі жиілейді. Рухани кемелдену
мәселесі де адамның өз ішіне үңілуден басталады.
Өйткені, барлық жақсылық пен жамандық, тазалық пен
арамдық, әулиелілік пен күнәһарлық адамның өзінің
ішінде. Ендігі мәселе - өмірлік құндылықты дұрыс
таңдауда.
Қазақ прозасында көрініс берген модернистік және
постмодернистік ағымның енді ұлттық әдебиеттану
ғылымындағы зерттелу жәйіне келер болсақ, бұл
тақырыпты арнайы әдебиеттанушы Л.В.Сафронованың
«Постмодернистская
литература
и
современное
литературоведение
Казахстана»Учебное
пособие.-
Алматы: КазНПУ им.Абая, 2006 -96 с.)- деген еңбегінде
жан-жақты қарастырған. Бұл еңбекте қазіргі әдеби
процестегі рефлексия мәселесі және қазақ прозасындағы
постмодернистік дискурстағы автор мен кейіпкердің өзара
байланысы мен бір-біріне тәуелділігі арнайы сөз етіледі.
Модернистік әдебиеттің постмодернистік поэтика мен
эстетикаға өту кезеңіндегі өзінің зерттеушілік ұстанымын
ұсынады. Модернистік және постмодернистік әдебиеттің
өкілдері
деп
саналатын
(Х.Әдібаев,
М.Әдібаев,
А.Жақсылықов, Г.Королева, И.Одегова, Д.Амантай) қазақ
қаламгерлерінің
шығармалары
негізінде
автордың
мінездемесі жасалып, көркем мәтіннің жанрлық табиғаты
мен кейіпкер мәселелері қарастырылады. Автор мен
кейіпкер және оқырман арасындағы коммуникация,
[Введите текст]
203
модернистік
және
постмодернистік
авторлық
интенциялардың көрінуі, қазіргі автор образы мен оның
кейіпкерлерінің өзінің келбеті жайлы талдаулар жүргізеді.
Оның зерттеуіндегі тақырыптардың өзі қазіргі қазақ
әдебиеті мен әдебиеттану ғылымындағы көкейкесті
мәселелерді қамтиды.
Бүгіндері постмодернистік көркемдік материалдарды
теориялық
тұрғыдан
таразылаудың,
классикалық
поэтикаға үйреніп,қалыптасқан отандық оқырмандардың
түсінуі түгіл тіпті қабылдауы қиын тосын тіркестерге
толы постмодернистік көркем мәтіндерді талдаудың
қажеттілігі туындап отырғаны шындық. Зерттеуші
Л.В.Сафронова, міне, осы мәселені зерттеуге, қазіргі қазақ
әдебиеттануындағы постмодернистік стилде жазылған
жаңа көркем шығармалардағы жаңа тәсілдер мен түрлерді
(приемы и методы), авторлардың көркемдік ойлау
дағдыларын
алдыңғы
деген
технологиялармен
талдап,ашуға тырысады. Өйткені, мұндай ғылыми ақпарат
алдын-ала берілмесе, постмодернистік шығармаларға
тәжірибе жүзінде талдау жасалмаса филологиядағы
мұндай жаңа бағытпен, оның ішінде структализм,
нарратология,
психоанализ,
постсруктурализм,
постфрейдистік,
психоантропология,
когнитивті
әдебиеттану, деконструктивизм және т.б. сияқты таныс
емес әдеби үғымдар мен бағыттарды жалпы оқырмандар
қабылдай алмауы мүмкін. Өйткені, осы күнге дейін
әлемдік әдебиеттану ғылымында қалыптасқан дәстүрлі
ғылыми методологиядан және классикалық тәжірибеден
айырмасы мол әрі өте күрделі постмодернистік поэтиканы
түсіндіру, мәтінді талдау оңай шаруа емес.
Негізі постмодернистік әдебиетті зерттеу бүгінгі
әдебиеттану ғылымының ең көкейкесті және күрделі
аспектісі
болып
табылады.
Сондықтан
жаңа
постструктуралистік
ғылыми
аппаратты
меңгеру
қажеттілігі,
бүгінгі
көркемдік
рефлексияны
білу
мүмкіндіктері талап етіле бастады. Қазіргі жаңа
әдістеменің және әдебиеттану ғылымындағы озық
тәжірибелердің көмегімен бұрынғыдай , яғни классикалық
әдебиеттану
мен
структуралистік
құралдармен
талданатындай емес, интерпретацияға көне қоймайтын
қазақстандық постмодернистік мәтіндерді зерттеуге тура
келеді.
Л.В.Сафронованың
еңбегінде
постмодернизмге
көптеген мағына, түсінік беріледі. Ең бастысы
постмодернизмнің әлем әдебиетінде айтылып жүрген
бәріне ортақ ұғымы, ол- көпмағыналы және динамикалық
қозғалмалы тарихи, әлеуметтік және ұлттық контекстегі
философиялық, эпистолярлық, ғылыми -теориялық және
эмоционалды-эстетикалық түсінік екендігі.
Постмодернизм - нақты бір кезең менталитетінің
мінездемесі, әлемді қабылдаудың спецификалық тәсілі,
әлемді сезіну және адамның танымдық мүмкіндігін
бағалау, оның қоршаған ортадағы ролі мен орны.
Бұл бағыттың өкілдері сүйенетін басты түсінік: «әлем
хаос секілді» және «постмодернистік сезінушілік», «әлем
бір мәтін сияқты», «сана да мәтін сияқты», «интертекст»,
[Введите текст]
204
«авторитеттің тоқырауы» және «авторлық маска», «қас
қабатты код», «баяндаудың пародиялық модусы»,
«пастиша», қарама-қарсылық пен қайшылық, т.б. бір
сөзбен айтқанда , постмодернизм - әлемді жаңаша көру.
Олар
тек
оқиғаны
баяндап
қана
қоймай,
қатысушыларды бейнелейді, әлгі шығарманы жазудағы
процесті талқылайды.
Ал, «Постмодернизм» атты энциклопедиялық
еңбекте келтірілген терминдер жүйесі 500-ден астам
аналитикалық
мақалалар
негізінде
түзілген.
Постмодернизм
философиясына
қатысты
іргелі
түсініктерді жүйелеген сөздіктің құрылымында бұрынғы
философиялық дәстүрде феномен болған түсініктердің
«екінші тыныс » алып, қайта, күтпеген тың сапаға ие
болғандығын айту керек.
Сондай-ақ
мұнда
бұрындары
постмодернизм
кезеңіндегі философияда әлі күнге дейін жүйелі түрде
талданбаған терминдік ұғымдар жайлы жан-жақты
түсініктер берілді.
Постмодернизмде күдік мәселесі ең басты нысынаға
алынған.
Ал,оның сөз өнеріне әкелер жаңалығы мен жетістігіне
көпшілік күмәнмен қарайды.Осы орайда әдебиеттанушы
Айгүл Ісімақова :”Қазіргі постмодернизмнің бет алысы
анық болғанымен , берері әлі түсініксіз.Бұл жақсы ма,әлде
жаман ба? Жауап әлі белгісіз. Бүгінгі бұл ағым өкілдері -
тек осы заманның ғана авторлары.Олар өздеріне дейін
мойындаған дүниежүзілік әдебиет қорына әсер ете
алмайды.Бірақ бүгін бар әдеби құбылыс ретінде оны
осылай есепке алып , қабылдау керек”, дейді. (”Бүгінгі
постмодернизм” деген мақаласында «Асыл сөздің
теориясы».Алматы.»Таңбалы»,2009 -376 бет, 70.б).
Қазіргі постмодернистік мәдениетке көп мән беріп,
ұлттық прозадағы көркем мәтіндер мен постмодернистік
образдардың жүйесін зерттеуге зер салынды.Қазақ
әдебиеттану ғылымындағы көркемдік тұтастық теориясы
бүгінгі әлем әдебиетінің басты назарында болған
модернизм мен постмодернизмнің зерттелу жәйімен
тікелей байланыста дамып отырғаны аян.
Достарыңызбен бөлісу: |