[Введите текст]
185
мектепте бүгіндері Н. Сағындықова, Н.Жуанышбеков,
М.Маданова т.б қажырлы еңбек етіп жүр.
Әдебиет
институтында
өзіндік
дәстүрімен
қалыптасқан бұл мектеп бірнеше жылға жабылып, кейін
қайта ашылды.
Сондай-ақ, тағы бір атап өтер әдеби бағыттың бірі –
структализм, семантика–символикалық, антропологиялық,
психоаналитикалық, герменевтикалық, семиотикалық
мектептердің
жаңашыл
ізденістері
қазақ
әдебиеттанушыларын қызықтырып отыруы. Көркем
шығармалардағы жеке бір көркемдік категорияларды
бөліп алып, әлемдік әдебиеттануда іргесін В.Ю.Лотман
қалаған структурализм, құрылымдық поэтика тұрғысынан
қарастыратын зерттеулер қазақ әдебиеттануында да соңғы
жылдары көбейіп отыр.
Осы орайда, Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінің орыс және әлем әдебиеті
кафедрасының
ғалымдары,
ф.ғ.д.,
профессорлар:
Б.Жетпісбаева, В.В.Бадиков, В.В.Савельева, С.Ж.Әбішева,
Л.В.Сафронова т.б. зерттеулерін атап кетуге болады.
Шындығын айту керек, тәуелсіздік алғанға дейінгі
ұлттық әдебиеттану ғылымында кейбір ғалымдар зерттеу
нысанасына алған көркем шығарманың мазмұнын,
кейіпкерлерінің тағдыры мен тіршілігін, оқиғаны тізу
секілді жалпылама баяндаудан аспайтын, нақты көркем
мәтінді теориялық талдаудан өткізу, оны белгілі бір
проблема төңірегінде топтастырып, зерттеуге ғылыми
зейіннің жетпей жатуы, тереңдіктің тапшылығы,
обьективті әділ баға берудің кемшін түсіп жатуы т.б.
сияқты кемшіліктердің көзге түсетіні өтірік емес. Олар
көбіне
жеке
ақын-жазушылардың
өмірі
мен
шығармашылығын
зерттеудегі
еңбектерде
көбірек
кездесетін ортақ олқылықтар.
Ащы болса да ақиқатты айту біздің сынды ғана
емес, ғылымды да, әдебиеттану ғылымын да, тіпті сөз
өнерін де өркендетуге кең өріс ашқан болар еді. Сынның
әдебиеттің барлық жанрына қатысты екендігін ескерсек,
ол әдеби процестің дұрыс дамуына да дәнекер бола
алатыны сөзсіз.
Ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихын зерттеу
мен талдауда 70 жылдық тарихы бар кеңес дәуіріндегі
саясаттың, партиялық, коммунистік идеологияның ойдан
табылған социалистік реализмнің салдарынан көркем
шығарма,
оны
зерттейтін
әдеби
сын,
ғылыми
зерттеулердің де сүреңсіз тартып, біржақтылықтың өріс
алғанын ,міне ,қазір айтуға тиіспіз.
Тәуелсіздік алған 1991 жылдардан бергі қазақ
әдебиеттану ғылымындағы күрделі көркемдік өзгерістер
мен әдеби бағыттарға баға беру мақсатымен 2001 жылдың
19 маусымында М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының
ғылыми
ұжымы
ұйымдастыруымен
“
Достарыңызбен бөлісу: