Вопросы социального обеспечения граждан



жүктеу 24,29 Kb.
Дата17.11.2017
өлшемі24,29 Kb.
#797

Әлеуметтік көмек жүйесін жаңғырту туралы

  • Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты Әлеуметтік қорғау министрлігі
  • 84 ҚАДАМ. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ОНЫҢ АТАУЛЫ СИПАТЫН КҮШЕЙТЕ ОТЫРЫП, ОҢТАЙЛАНДЫРУ.
  • Әлеуметтік көмек тек оған шынымен зәру азаматтарға ғана берілетін болады. Кірісі төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тек олардың еңбекке ықпал ету және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына белсенді қатысуы жағдайында ғана берілетін болады.
  • 100 НАҚТЫ ҚАДАМ – ҰЛТ ЖОСПАРЫ
  • ОРЫНДАЛДЫ:
  • «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы ҚР Заңы қабылданды (2018 жылдың 1 қантарынан бастап күшіне енеді)
  • Әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты әлеуметтік көмекті көрсету бойынша «Өрлеу» пилоттық жобасы іске асырылып жатыр. Бұл жобаның аясында Заңмен қарастырылған жаңа тәсілдер апробациялануда.
  • Негізгі құқықтық актілер
  • 1. «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 28 қазандағы № 369-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы
  • 2. «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі № 246 Қазақстан Республикасының Заңы
  • 3. «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасымен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидалары
  • 4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрық жобасымен бекітілген Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесі
  • Шартсыз атаулы әлеуметтік көмек
  • (Объективті себептер бойынша табыс табуға мүмкіндігі жоқ отбасылар мен азаматтардың жекелеген санаттары үшін)
  • Шартты атаулы әлеуметтік көмек
  • Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда, әлеуметтік бейімдеу шараларына міндетті түрде қатысу шартымен аз қамтылған адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы және (немесе) біржолғы ақшалай төлемдер түрінде көрсетіледі.
  • Жаңа нысандағы АӘК
  • Отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан тағайындаудың бірыңғай критерийі
  • ОСНОВНОЙ БИЗНЕС-ПРОЦЕСС
  • АӘК тағайындаудың ерекшеліктері
  • тағайындалады:
  • уәкілетті органмен;
  • өтініш берілген айдан бастап, ағымдағы тоқсанға;
  • 2) төленеді: ай сайын.
  • тағайындалады:
  • уәкілетті органмен;
  • әлеуметтік келісімшарттың әрекет ету мерзіміне (6 ай);
  • 2) төленеді: ай сайын немесе әлеуметтік келісімшартта бекітілген кезеңге біржолғы төлем түрінде төленеді.
  • Біржолғы төлем тек қана:
  • әлеуметтік келісімшарт бойынша міндеттемелерді орындаумен байланысты іс-шараларға
  • жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй құсын, малын және басқаларды сатып алуға),
  • жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (алдындағы қарыздарды өтеуге, қозғалмайтын тұрғын үй мүлігін сатып алудан басқа) пайдаланылады.
  • Атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпаратты алу үшін адам:
  • Жүгіну барысында – консультация жүргізіледі (консультантпен, әкімге жүгінген жағдайда – ассистенттермен), оның барысында:
  • 1) келесі ақпарат ұсынылады:
  • шартсыз және шартты ақшалай көмекті алу шарттары туралы;
  • жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларында және (немесе) әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысу шарттары туралы;
  • әлеуметтік келісімшарт жасасу қажеттілігі, әлеуметтік келісімшарт тараптарының міндеттері және әлеуметтік келісімшартты бұзу шарттары туралы;
  • атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін азайту және (немесе) оны тоқтата тұру шарттары туралы;
  • атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қажетті құжаттардың тізімі және мәліметтер туралы;
  • мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен сұратылатын мәліметтер тізбесі туралы;
  • 2) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы және атаулы әлеуметтік көмек мөлшері алдын ала есептеледі.
  • тұрғылықты мекенжайы бойынша
  • Халықты жұмыспен қамту орталығына
  • немесе
  • кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жүгінеді
  • Жүгіну тәртібі
  • Қажетті құжаттар
  • Еңбекке жарамды отбасы мүшелері үшін, қосымша тиесілі:
  • 1) жұмыс іздеп жүрген тұлға ретінде тіркеуге өтініш;
  • 2) еңбек қайраткерлігін растайтын құжат (бар юолған жағдайда);
  • 3) білімі, квалификациясы, арнаулы білімінің бар болуы немесе кәсіби дайындығы (бар болған жағдайда) жайлы құжат.
  • 16 жасқа толмаған тұлғаның атынан ата анасының немесе заңды өкілдерінің біреуінің еңбек қызметін жүзеге асыруға келісімі туралы еркін түрдегі жазбаша арызы ұсынылады.
  • Өтінішке келесі құжаттар тиесілі:
  • 1) әр отбасы мүшесінің жеке куәлігі;
  • жеке қосалқы шаруашылығының бар болуы туралы мәлімет (Қағидаларға 2-қосымша).
  • 2) банк шотының нөмері туралы мәлімет;
  • 3) баланың (барлық балаларға) туу (қайтыс болу) туралы куәлігі (2017 жылғы 13 тамызға дейінгі тіркеулер бойынша)
  • 4) өтініш беруші мәліметтерінің бала туу туралы куәлігіндегі мәліметтермен қайшылығы болған кезде неке жасасуды (некені бұзуды) тіркеу туралы куәлік (2008 жылғы 1 маусымға дейінгі тіркеулер бойынша)
  • Үшінші тұлғалармен өтініш беру атаулы әлеуметтік көмекті алуға құқығы бар адамның нотариалды түрде куәландырылған сенімхаты бойынша жүзеге асырылады.
  • НЕГІЗГІ ҚҰЖАТТАР ПАКЕТІ
  • ҚОСАЛҚЫ ҚҰЖАТТАР ПАКЕТІ
  • Құжаттар өтініш берушімен ТҮПНҰСҚАЛАР ЖӘНЕ КӨШІРМЕЛЕР ТҮРІНДЕ САЛЫСТЫРЫП ТЕКСЕРУ ҮШІН ҰСЫНЫЛАДЫ.
  • Келесі тұлғаларға көрсетіледі:
  • 1) келесі себептерге байланысты жұмыспен қамту шараларына қатысуға мүмкіндіктері шектеулі жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға:
  • зейнеткерлік жасқа жетуіне орай;
  • 1 және 2 топтағы мүгедек болып табылса;
  • екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік орнатылуы мүмкін ауруы бар болса.
  • 2) барлық еңбекке қабілетті мүшелері 1 немесе 2 топтағы мүгедек болып табылатын және (немесе) екі айдан астам уақытқа уақытша еңбекке қабілетсіздік орнатылуы мүмкін аурулары бар және (немесе) жеті жасқа дейінгі балаға, мүгедек-балаға, 1 немесе 2 топтағы мүгедекке, қарт адамға күтімді жүзеге асыратын аз қамтылған отбасыларға.
  • Ағымдағы тоқсанға тағайындалады және ай сайын төленеді.
  • Көмекті алуға құқық тоқсан сайын келесі мәліметтерді ұсыну арқылы расталады:
  • отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы
  • отбасы құрамы туралы
  • Шартты ақшалай көмек – жалғыз басты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған еңбекке қабілетті адамдарға, оған қоса жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына қатысу шартымен құрамында еңбекке қабілетті мүшесі (мүшелері) бар аз қамтылған отбасыларға көрсетіледі.
  • Тағайындаудың міндетті шарты болып:
  • жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және (немесе) бейімдеу бағдарламаларында қатысу бойынша тараптардың міндеттемелері көрсетілетін әлеуметтік келісімшарт жасасу;
  • аз қамтылған отбасылардағы еңбекке қабілетті мүшелердің жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына және әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысуы.
  • ШАРТТЫ АҚШАЛАЙ КӨМЕКТІ ТАҒАЙЫНДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
  • Келесі санаттарға шартты ақшалай көмекті төлеу үшін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысу міндетті болып табылмайды:
  • 1) 1 және 2 топтағы мүгедектерге;
  • 2) күндізгі нысанда оқитын оқушыларға, студенттерге, тыңдаушыларға, курсанттарға және магистранттарға;
  • 3) Екі айдан астам уақытқа уақытша еңбекке қабілетсіздік орнатылуы мүмкін аурулары бар адамдарға;
  • 4) жеті жасқа дейінгі балаларға, мүгедек-балаға, 1 және 2 топтағы мүгедектерге, күтімге және көмекке зару 80 жастан асқан қарттарға күтімді жүзеге асыратын адамдарға;
  • 5) тұрақты жұмысы бар адамдарға.
  • Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары – жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту, жұмыссыздар қатарынан ҚР азаматтарын және оралмандарды, өз бетінше жұмыспен қамтылғандарды және халықты жұмыспен қамту туралы Заңымен қарастырылған жағдайлар мен тәртіпте өзге де адамдарды мемлекеттік қолдау шаралары.
  • Жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту шараларына:
  • 1) әлеуметтік кәсіби бағдарлауды жүргізу;
  • 2) еңбек делдалдығы;
  • 3) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің «белсенді» шаралары;
  • 4) жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсету;
  • 5) азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін квоталарды орнату кіреді.
  • Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің «белсенді» шараларына:
  • 1) кәсіби оқытуға жіберу;
  • 2) азаматтардың және оралмандардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесу;
  • 3) жастар практикасына жіберу;
  • 4) әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
  • 5) жұмыс күшінің жеделәрекеттілігін арттыру үшін өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу;
  • 6) мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын ұйымдастыру;
  • 7) Қоғамдық жұмыстар кіреді.
  • ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА ЖӘРДЕМДЕСУДІҢ БЕЛСЕНДІ ШАРАЛАРЫНА НЕ КІРЕДІ?
  • ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ ШАРАЛАРЫНА НЕ КІРЕДІ?
  • Әлеуметтік бейімдеу шараларына келесі іс-шаралар кіреді:
  • 1) тұрғын үй көмегін көрсету;
  • 2) жергілікті өкілді органдардың шешімдерімен анықталатын тәртіпте және мөлшерде әлеуметтік көмекті көрсету;
  • 3) скринингтік тесерістерден өту;
  • 4) әлеуметтік маңызды аурулар бар болған жағдайда емделу;
  • 5) жүктіліктің 12 аптасына дейін әйелдер консультациясында медициналық есепке қою;
  • 6) АӘК алуға құқығы бар отбасылардағы және жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен АӘК алмайтын отбасылардағы оқушыларға және мемлекеттік білім беру мекемелерінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға, отбасыларда тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, төтенше жағдайлар нәтижесінде жедел көмекке мұқтаж отбасылардағы балаларға және оқушылар мен тәрбиеленушілердің өзге де санаттарына қаржылық және материалдық көмек көрсету;
  • 7) білім беру мекемелерінде білім алу кезеңінде азаматтарға әлеуметтік көмек ұсыну;
  • 8) мектепке дейінгі тәрбиені және оқытуды жүзеге асыратын білім беру мекемелерінде орын алуға және қосымша білім беру ұйымдарына балаларын есепке тұрғызуға көмек көрсету.
  • Келесі жағдайларда қосымша 6 айға ұзартуға мүмкіндік бар:
  • 1. Отбасының әлеуметтік бейімдеу шаралары ұзартылса;
  • 2. Әлеуметтік келісімшарт мерзімінің аяқталу мезетіне қарай еңбекке қабілетті адамдар (отбасының еңбекке қабілетті мүшелері) тартылған жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының мерзімі аяқталмаса. Оған:
  • 2.1 кәсіби оқыту;
  • 2.2 жастар практикасынан өту;
  • 2.3 әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыспен қамтылу жатады.
  • Әлеуметтік келісімшарт ұзартылған кезде шартты ақшалай көмектің мөлшері қайта қарастырылмайды.
  • Әлеуметтік келісімшартты ұзартумен қоса адамға (отбасына) төлем мерзімін ұзарту туралы шешім уәкілетті органмен келесі негіздерде қабылданады:
  • 1) алушының жазбаша өтініші (Қағидаларға 1-қосымша);
  • 2) Әлеуметтік келісімшартқа қосымша келісім (Қағидаларға 13-қосымша). Қосымша келісім он күнтізбелік күннен кешіктірмей, әлеуметтік келісімшарттың әрекет ету мерзімінің аяқталуына дейін жасалады;
  • 3) жұмыспен қамту мәселелері бойынша аудандық (өңірлік) комиссияның қорытындысы;
  • 4) шартты ақшалай көмек алушының оқуда немесе жастар практикасында, немесе әлеуметтік жұмыс орындарында болуы туралы ұйымдардан алынған мәлімет;
  • 5) шартты ақшалай көмек төлемінің мерзімін ұзарту туралы Орталықтың шешім жобасы.
  • Шартты ақшалай көмекті тағайындау/мерзімін ұзарту барысында еңбекке қабілетті адам әлеуметтік келісімшартты іске асыру кезінде алған табыстар отбасының жиынтық табысына қосылмайды.
  • ШАРТТЫ АҚШАЛАЙ КӨМЕКТІТАҒАЙЫНДАУ МЕРЗІМІН ҰЗАРТУ

жүктеу 24,29 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау