«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін: Жоғары білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-4, D-5, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-3 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.
Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Мемлекеттік әкімшілік қызметкердің лауазымдық жалақысы
-
Санаты
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-О-5
|
83352, 87
|
112375, 95
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаменті, 050008, Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125, анықтама үшін телефон: 8 (727) 375-21-88, факс 8 (727) 376-03-28 электронды почта a.abdikarimova@economy.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
1. Персоналды басқару қызметінің бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік ( негізгі қызметкердің 2020 жылдың 04 қыркүйегіне дейінгі бала күтімі демалысы кезеңіне).
Жұмыс міндеттері: Бұйрықтарды дайындау, мемлекеттік қызметті өтуіне байланысты құжаттарды рәсімдеу; мемлекеттік әкімшілік бос лауазымдарға конкурс өткізу, мемлекеттік әкімшілік қызметкерлерді аттестаттау, мемлекеттік қызметкерлердің еңбек өтілін анықтау, материалдық көмек көрсету және тәртіптік комиссияларының қызметтерін ұйымдастыру; тағылымдаманы, тәлімгерлікті, мемлекеттік қызметкерлердің қызметтін бағалау, оқыту, қайта даярлау және біліктілікті арттыруды ұйымдастыру, марапаттауға ұсыну үшін құжаттарды рәсімдеу; жоғары тұрған органдарға кадр мәселелері жөнінде есептілікті (апта сайынғы, ай сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) белгіленген тәртіппен дайындау және ұсыну; мемлекеттік қызметке алғаш қабылданғандарға міндетті арнайы тексеруден өтуге ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментіне құжаттарды дайындау, құқықтық статистикаға сұранымдарды жүзеге асыру, мемлекеттік қызметкерлердің және штаттан тыс жұмыскерлердің жеке ісін (қызметтік тізімдерді) жүргізу және сақтау; ауысу және құрылымның өзгеруі туралы жазбаларды уақытылы енгізіп, еңбек кітапшаларын жүргізу; мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайлары табысы мен мүліктері туралы декларациясын салық органдарына уақытылы тапсыруын қадағалау; жұмыс орнынан анықтамаларды, қызмет куәлігін беру, Департамент қызметкерлерінің жеке Т-2 карточкаларын, әскери есепті жүргізу; уақытша жұмысқа жарамсыз парақтарын тіркеу, еңбек тәртібінің сақталуын қадағалау; құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау; «е-қызмет» ЫАЖ кадрлық құжат айналымын жүргізу; атқарымдық міндеттерін, еңбек және атқарушылық тәртібін мүлтіксіз сақтау, сапа менеджменті жүйесі талаптарын орындау; іс жүргізуді жүзеге асыру, мемлекеттік және коммерциялық құпияны заңдылықтарда белгіленген тәртіппен сақталуын қамтамасыз ету.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Құқық саласындағы немесе экономика және бизнес саласындағы жоғары білім.
2. Статистикалық ақпаратты пайдаланушылармен жұмыс басқармасының бас маманы (С-О-5 санаты, 2 бірлік (негізгі қызметкерлердің 2020 жылдың 02 қаңтарына және 2020 жылдың 20 маусымына дейінгі бала күтімі демалыстары кезеңдеріне).
Жұмыс міндеттері: Статистикалық көрсеткіштер талдауын жүргізу, экономикалық талдау үшін кешенді жиынтық статистикалық ақпаратты қалыптастыру; қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы баяндама, баяндаманың «қалта» қосымшасын, қысқаша және толық статистикалық жылнамаларды шығару; пайдаланушыларды белгіленген тәртіппен дұрыс және объективті деректермен қаматамасыз ету; Департамент қызметінің қорытындысы бойынша материал дайындау; статистикалық ақпаратты, статистикалық жинақтар мен бюллетендерді шығаруды қамтамасыз ету; баспасөз хабарламаларын, ай сайынғы статистикалық жұмыстар жоспарын дайындау; заңды және жеке тұлғаларға статистикалық есептілікті ұсыну тәртібі мәселелері жөнінде консультациялық көмек көрсету; департаменттің құрылымдық басқармаларымен өзара әрекет ету; баспасөз конференцияларын, брифингтерді, Ашық есіктер күндерін, статистикалық ақпарат пайдаланушыларға арналған оқытушы семинарларды ұйымдастыру және өткізу; ақпараттық материалдарды дайындау және оларды шығаруға қатысу, ақпарат дайындап, БАҚ (теледидарлама, радио) өкілдерінің алдында сөз сөйлеу; басшы үшін қажеттілігіне қарай баяндамалар дайындау (жиналыстар, алқа мәжілістері кезіндегі және т.б. шаралар бойынша), пресс-релиз және департамент қызметіне қатысты оқиғалар мен іс-шаралар туралы басқа да ақпаратық материалдардын уақытылы шығарылуын қамтамасыз ету; сайтпен жұмыс істеу, статистикалық ақпараттың сайтта орналасуын қамтамасыз ету; салалық басқармалармен бірлесіп сайттағы «Сұрақтар және жауаптар», «Сіз тілектеріңізді жазатын кітап» таураларындағы сұрақтарға берілетін жауаптарды дайындау; департамент сайтында жауаптарды уақытылы орналасуын қамтамасыз ету; жоғары тұрған органдарға есептілікті (апта сайынғы, тоқсан сайынғы, жыл сайынғы) белгіленген тәртіппен дайындау және ұсыну; құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау; жұмыс міндеттерін, еңбек және атқарушылық тәртібін мүлткісіз сақтау, сапа менеджменті жүйесі талаптарын орындау; іс жүргізуді жүзеге асыру, мемлекеттік және коммерциялық құпияны сақтауды қамтамасыз ету, бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім.
3. Респонденттермен жұмыс басқармасының бас маманы (С-О-5 санаты, 5 бірлік (негізгі қызметкерлердің 2019 жылдың 18 тамызына, 2019 жылдың 26 сәуіріне, 2019 жылдың 28 шілдесіне, 2020 жылдың 12 сәуіріне, 2020 жылдың 23 маусымына дейінгі бала күтімі демалыстары кезеңдеріне).
Жұмыс міндеттері: Бастапқы статистикалық мәліметтерді қабылдау, бастапқы статистикалық мәліметтерді қабылдағанда келу тәртібімен қағаз жүзінде қабылдау туралы белгі, жеке мөртаңба қою, лауазымдық тұлғаның қолы мен қабылдау күнін статистикалық нысан мен респонденттің данасында қою; респонденттерді статистикалық нысандар мен толтыру бойынша нұсқаулықпен қамтамасыз ету; респонденттерге бастапқы статистикалық мәліметтердің толық, уақытылығына, растығына және құпиялығына қойылатын негізгі талаптарды және статистикалық байқаудың әдістеріне түсіндірме беру; статистикалық есеп нысанының тізбесін белгілі бір заңды тұлғаға қағаз түрінде немесе электронды нысанда немесе электронды поштаға жіберуді жүзеге асыру; статистикалық нысанды қабылдағаны туралы мәліметтерді, байланыс деректерін (нақты мекенжай, е-mail, телефон нөмірлері) «алғашқы статистикалық деректерді жинауды есепке алу ақпараттық жүйесі» бағдарламалық кешеніне енгізу; статистикалық байқауға түскені және бастапқы статистикалық ақпаратты ұсыну үшін статистикалық нысан және нұсқаулығы жөнінде ақпарат алмаған респонденттерге телефон арқылы хабарлау, олардың электронды мекен-жайларына жолдау; алғашқы статистикалық деректерді on-line режимде ұсынатын респонденттерге жәрдем көрсету; статистикалық нысандар жөнінде статистикалық әдістемені оқу, құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау; жұмыс міндеттерін, еңбек және атқарушылық тәртібін мүлтіксіз сақтау, сапа менеджменті жүйесі талаптарын орындау; іс жүргізуді жүзеге асыру, мемлекеттік және коммерциялық құпияны заңдылықтарда белгіленген тәртіппен сақталуын қамтамасыз ету, бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы немесе техникалық ғылымдар (автоматтандыру мен басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы мен программалық қамтамасыз ету) саласындағы жоғары білім.
4. Құрылыс, инвестициялар және ауыл шаруашылығы статистикасы басқармасының бас маманы
(С-О-5 санаты, 1 бірлік ( негізгі қызметкердің 2019 жылдың 13 мамырына дейінгі бала күтімі демалысы кезеңіне).
Жұмыс міндеттері: Бастапқы статистикалық мәліметтердің жинау, өңдеу және талдауының әдістемелік талаптарына сәйкес қамтамасыз ету; экономиканы стратегиялық жоспарлау және болжау үшін статистикалық ақпаратпен орындаушы және республикалық органдарды қамтамасыз ету; инвестиция, құрылыс және ауыл шаруашылығы дамуының мәліметтеріне экономикалық анализ жүргізу; талдау жазбахаттарды және баяндамаларды дайындау, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті статистикалық мәліметтерді бекіткеннен кейін жылдық, тоқсандық және айлық бюллетендерді шығару жұмыстарын жүргізу; атқарымдық міндеттерін, еңбек және атқарушылық тәртібін мүлтіксіз сақтау, сапа менеджмент жүйесінің талаптарын орындау; құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау; іс жүргізуді жүзеге асыру, мемлекеттік және коммерциялық құпияны заңдылықтарда белгіленген тәртіппен сақталуын қамтамасыз ету, бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім.
5. Еңбек статистикасы басқармасының бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің 2019 жылдың 04 желтоқсанына дейінгі бала күтімі демалысы кезеңіне).
Жұмыс міндеттері: Бастапқы статистикалық мәліметтердің жинау, өңдеу және талдауының әдістемелік талаптарына сәйкес қамтамасыз ету; серпінділік қатарларды көрсеткіштер бойынша жүргізу; экономика салаларының дамуы туралы деректерді экономикалық талдау негізінде талдау жазбахаттарды, баяндамаларды, жинақтарды, статистикалық ақпаратты дайындау; статистикалық ақпаратты әзірлеуге қатысу; статистикалық ақпаратты әзірлеу, әдіснама мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетімен өзара әрекет ету; құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау; атқарымдық міндеттерін, еңбек және атқарушылық тәртібін мүлтіксіз сақтау, сапа менеджмент жүйесінің талаптарын орындау; іс жүргізуді жүзеге асыру, мемлекеттік және коммерциялық құпияны заңдылықтарда белгіленген тәртіппен сақталуын қамтамасыз ету, бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім.
6. Өнеркәсіп статистикасы басқармасының бас маманы (С-О-5 санаты, 1 бірлік (негізгі қызметкердің 2019 жылдың 02 қазанына дейінгі бала күтімі демалысы кезеңіне).
Жұмыс міндеттері: Бастапқы статистикалық мәліметтерді жинау, өңдеу және талдауының әдістемелік талаптарына сәйкес қамтамасыз ету; серпінділік қатарларды көрсеткіштер бойынша жүргізу; экономика салаларының дамуы туралы деректерді экономикалық талдау негізінде талдау жазбахаттарды, баяндамаларды, жинақтарды, статистикалық ақпаратты дайындау; статистикалық ақпаратты әзірлеуге қатысу; әдіснама мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетімен өзара әрекет ету; құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалардың өтініштері бойынша жауаптарды дайындау; атқарымдық міндеттерін, еңбек және атқарушылық тәртібін мүлтіксіз сақтау, сапа менеджмент жүйесінің талаптарын орындау; іс жүргізуді жүзеге асыру, мемлекеттік және коммерциялық құпияны заңдылықтарда белгіленген тәртіппен сақталуын қамтамасыз ету, бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтау.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Экономика және бизнес саласындағы жоғары білім.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi:
Ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күн есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не "Е-gov" электронды Үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не "Е-gov" электрондық үкімет порталы немесе "е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) нысандағы өтініш;
2) персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде Алматы қаласы, Абай даңғылы, 125 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы қаласының Статистика департаментінде өтеді.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушының қатысуына байланысты ақпарат:
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Шағым жасау туралы ақпарат:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені______________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына
қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға
міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_______________________________________________
________________________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
"___"_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |