Таблица 2 – Содержание продуктивной влаги (мм) в метровом слое почвы перед посевом культур по различным вариантам обработки пласта многолетних трав
Способы обработки пласта многолетних трав
|
Годы наблюдений
|
2004
(после житняка)
|
2004
(после эспарцета)
|
2006
(после люцерны)
|
2009 (после житняка)
|
Вспашка на 25-27 см
|
126,0
|
118,5
|
113,7
|
113,4
|
Минимальная (плоскорезная на 12-14 см)
|
135,6
|
144,4
|
140,6
|
113,7
|
Нулевая (без обработки)
|
-
|
138,5
|
139,4
|
111,8
|
Складывающийся водный режим почвы к периоду посева культур по пласту многолетних трав стал одним из определяющих факторов величины их урожайности. Значение минимальной и «нулевой» обработок пласта многолетних трав как средства дополнительного накопления влаги существенно повышает потенциальные возможности использования накопленной органики многолетними травами на выводном поле севооборота. Прибавка урожая при возделывании проса по минимальной обработке пласта трав в 2004 году в сравнении со вспашкой составила 1,1 ц/га, прибавка урожая яровой пшеницы по эспарцету в этом же году составила 2,4 ц/га. Аналогичное превышение урожайности яровой пшеницы в этом году было получено и при ее прямом посеве в необработанный с осени пласт многолетних трав (Таблица 3).
Таблица 3 – Урожайность (ц/га) культур по пласту многолетних трав в зависимости от технологических приемов его обработки
Способы обработки пласта многолетних трав
|
2004 год
просо по житняку
|
2004 год
яровая пшеница по эспарцету
|
2006 год
ячмень по люцерне
|
2009 год яровая пшеница
|
житняк
|
эспарцет
|
люцерна
|
житняк +
донник
|
житняк +
донник +
эспарцет +
люцерна
|
Традиционная (вспашка на 25-27 см)
|
18,5
|
10,2
|
13,9
|
5,0
|
5,5
|
5,8
|
5,4
|
5,6
|
Минимальная (плоскорезная на 12-14 см)
|
19,6
|
12,6
|
17,8
|
5,4
|
6,0
|
6,4
|
5,8
|
6,2
|
Нулевая (без обработки)
|
-
|
12,6
|
17,9
|
5,1
|
6,6
|
6,2
|
5,4
|
6,4
|
НСР05
|
0,7
|
1,8
|
1,5
|
Для частных средних НСР05 = 0,4 ц, для фактора А (обработка) НСР05 = 0,18 ц, для фактора В (фитоценоз) и
взаимодействия АВ НСР05 = 0,24 ц,
|
Считается, что пласт бобовых многолетних трав по плодородию значительно превосходит пласт злаков. Лидирующее положение в этом плане занимает люцерна. Поэтому, на наш взгляд, не случайно прибавка урожая ячменя в 2006 году по минимальной и нулевой обработкам пласта люцерны в сравнении со вспашкой оказалась наивысшей – 3,9-4,0 ц/га соответственно. В данном случае сказалась лучшая обеспеченность почвы азотом, содержание которого и на ресурсосберегающих вариантах подъема люцернового пласта оказалась на достаточном уровне.
В 2009 году наличие сплошной засухи не позволило получить высокий урожай зерновых культур. Тем не менее, и в этом году ни один из вариантов минимализации не проиграл варианту с традиционной обработкой пласта многолетних трав.
Таким образом, полученные многолетние данные дают основание судить о том, что использование минимальных и нулевых технологий с применением дополнительной химической обработки при подъеме пласта многолетних трав на выводном поле севооборота не приводят к ухудшению агрофизического состояния пахотного слоя почвы и обеспечивают более эффективное использование атмосферных осадков с увеличением потенциала продуктивности трав в сравнении с традиционным способом их обработки.
ЛИТЕРАТУРА
1. Фартушина, М. М. Экологическая оценка состояния экосистем Западно-Казахстанской области / М. М. Фартушина // В сб. Экология и степное природопользование. – Уральск. – 2005. – С. 31-55.
2. Суербаев, Р. Х. Экологическое состояние окружающей среды Западно-Казахстанской области / Р. Х. Суербаев // В сб. экология и степное природопользование. – Уральск. – 2005. – С. 21-26.
3. Региональная программа «Развитие агропромышленного комплекса Западно-Казахстанской области на 2006-2010 годы». Уральск. – 63 с.
4. Система ведения сельского хозяйства Западно-Казахстанской области. Уральск. – 2004. – 276 с.
5. Двуреченский, В. И. Возделывание зерновых культур на основе новой влагосберегающей технологии и современной техники / В. И. Двуреченский // Костанай. – 2004. – 62 с.
6. Орлова, Л. В. Анализ развития сберегающего земледелия в России / Л. В. Орлова // Тезисы V Международной научно-практической конференции «Ресурсосберегающие технологии – залог экономичного и безопасного земледелия. –Самара. – 2005. – С. 5-11.
7. Чекалин, С. Г. Актуальные проблемы земледелия Западного Казахстана и некоторые пути их решения / С. Г. Чекалин, В. Н. Солодовников, В. Б. Лиманская. // В сб. Экология и степное природопользование. – Уральск. – 2005. – С. 146-153.
8. Вьюрков, В. В. Воспроизводство плодородия в почвозащитном земледелии Приуралья / В. В. Вьюрков // В сб. «Развитие идей почвозащитного земледелия в новых социально-экономических условиях» – Астана. – Шортанды. – 2003. – С. 448-458.
9. Чекалин, С. Г. Ресурсосберегающие технологии и возможности их применения в Западном Казахстане / С. Г. Чекалин, В. Б. Лиманская, А. К. Тулеева, Г. Х. Жакселикова // Уральск – 2006 – 38 с.
10. Чекалин, С. Г. Научный подход к решению производственных задач / С. Г. Чекалин, И. А. Анисимова, Н. Г. Зинсенко // В сб. Перспективные направления стабилизации и развития агропромышленного комплекса Казахстана в современных условиях. – Уральск. – 2004. – С. 114-117.
Жаңа айдар:
Новая рубрика:
Аналитикалық материалдар
Аналитические материалы
ӘОЖ: 633.491: 631. 5
ГОЛЛАНДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ КАРТОПТЫ
ӨСІРУ ЖӘНЕ САҚТАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
М. Т. Рабаев, а.-ш. ғылымдарының кандидаты
Ғ. С. Ожанов, а.-ш. ғылымдарының кандидаты
С. Е. Денизбаев, ізденуші
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Картоп шаруашылығы Голландияда басқа елдермен салыстырғанда едәуір жақсы дамыған. Жыл сайын Голландия картоптың жалпы түсімінің 2/3 астамын экспорттайды. Голландиялық ғалымдар мен фермерлер-картоп өсірушілер, зор тәжірибеге ие бола отырып, картоп өсіру технологиясының дамуына зор үлесін қосты. Сол тәжірибені зерттеу біздің еліміздегі картоп шаруашылығы үшін де үлкен маңызға ие болуы мүмкін.
Картофелеводство в Голландии развито значительно лучше, чем в других странах. Ежегодно Голландия экспортирует более двух третей валового сбора картофеля. Голландские ученые и фермеры-картофелеводы, имея огромный опыт, многое сделали для развития технологии возделывания картофеля. Изучение этого опыта может иметь большое значение и для картофелеводства в нашей стране.
Potatoe planting in Holland is developed more better than in other countries. Annually, Holland exports more than 2/3 of potatoe croppage. Holland scientists and farmers potatoe-planters, having great experience, have done much for the development of technology of potatoe cultivation. Studing of this question can have large importance for potatoe planting in our country too.
Картоп шаруашылығы Голландияда басқа елдермен салыстырғанда едәуір жақсы дамыған. Голландияда картоптың орташа өнімділігі 400-500 ц/га құрайды. Картоп елімізде барлық егістіктіктің 25 %-ын, шамамен 160 мың га алып жатыр. Соның ішінде шамамен картоптың 55 мың гектарын крахмал алу үшін шикізат ретінде (негізінен құмды және сазды топырақтарда), 75 мың гектарын тағамдық мақсаттар үшін жаңа піскен, қуырылған немесе мұздатылған түрде, ұнтақтағы майға қуырылған картоп езбесі, картоп үлпектері немесе түйірлері түрінде пайдаланады. Себуге арналған картоп қалған 30 мың гектарды алып жатыр, оның көп бөлігі (жылына 500 мың т) экспортқа жіберіледі. Сонымен қатар жаңа піскен (1400 мың т) және өңделген (1300 мың т) картоп та көп мөлшерде экспортталады. Жыл сайын Голландия картоптың жалпы түсімінің үштен екісінен астамын экспорттайды. Голландиялық ғалымдар мен фермерлер-картоп өсірушілер, зор тәжірибеге ие бола отырып, картоп өсіру технологиясының дамуына зор үлесін қосты. Сол тәжірибені зерттеу біздің еліміздегі картоп шаруашылығы үшін де үлкен маңызға ие болуы мүмкін [1].
Голландиялық технологияның негізгі элементтері келесілер: картоп өсіру үшін осы елдегі қарашірік мөлшеріне өте жоғары телімдер бөлінеді. Картоптың алғы дақылы – күздік дәнді дақылдар, олар егілетін танапқа көңнің гектарына 60-70 тоннадан кем емес мөлшерін енгізеді. Көң жетіспеген немесе болмаған жағдайда топыраққа беденің немесе басқа шөптердің жасыл массасын жерді жырту арқылы көмеді.
Сүдігер жыртуды айналма соқамен жыртылатын қабат тереңдігіне, бірақ 22 см-ден кем емес тереңдікке жүргізеді. Жыртылған жердің сапасы мінсізді, үлгілі: құламалы қарықтарсыз. Топырақ беті осындай соқамен өңдеген соң тұтасты және тегіс. Көктемде – сүдігерді тырмалау. Елдің жекелеген ылғалды аймақтарында топырақтың тез дегділенуі үшін тырмалауды жүргізбейді [2].
Минералды тыңайтқыштар көктемде сүдігерде арнайы машиналармен өте біркелкі енгізіледі. Тыңайтқыштардың мөлшерлері: азоттың 100-300, фосфордың 100-200 және калийдің 100-550 ә.з. кг/га.
Тыңайтқыштардың мөлшерлерін топырақтағы қорек элементтерінің мөлшеріне және сорттың тез пісуіне байланысты саралап жіктейді. Азот пен калийдің қолайлы формаларына бай топырақтарда бұл элементтерді енгізу мөлшерлерін азайтады, жұтаң топырақтарда – арттырады. Азот тыңайтқыштарын күңгірт құмды топырақтарда, калий тыңайтқыштарын сазды топырақтарда аз қолданады. Өте кеш пісетін сорттармен салыстырғанда ерте пісетін және тұқымдық картопты өсіргенде азот тыңайтқыштарының мөлшерлері азайтылады. Құрамында құрғақ заттың көп мөлшері бар картопты алу үшін калий (әсіресе құрамында хлор барларды) тыңайтқыштарын енгізуін азайтады.
Тыңайтқыштар мөлшерлері топырақ құнарлығына байланысты ерте пісетін картоп үшін N100-150 Р100-150 К100-300, өте кеш пісетін сорттар үшін N200-300 Р100-200 К200-500 шектерінде ауытқиды.
Фосфор тыңайтқыштары (суперфосфат) мен аммиак селитрасының 2/3-ін көктемде картопты отырғызар алдында (әсіресе құмды топырақтарда) енгізеді. Азот тыңайтқышының қалған үштен бір бөлігін – картоп өскіндері топырақ бетіне шыққаннан кейін, 3-5 апталардан соң.
Құрамында хлор бар калий тыңайтқыштарын лайлы және сазды топырақтарда күзден енгізеді, ал құмды топырақтарда калий тыңайтқыштарын көктемде калий сульфаты формасында енгізеді.
Магний мөлшері жеткіліксіз топырақтарда картопты жазда МgSO4 ерітіндісімен бүркіп (24 кг/га МgО + 600 л/га су), тамырдан тыс үстеп қоректендіреді [3].
Себуге арналған материалды ұқыпты дайындайды: калибрлейді, өсіреді, дәрілейді.
Ерте пісетін өнім алу үшін физиологиялық жақсы өскен түйнектерді қолданады, ал өте кеш мерзімдерде жоғары өнім алу үшін физиологиялық жас түйнектерді қолданады.
Түйнектерді жарықта өсіруді де жайпақ қаңылтыр жәшіктерге салынған тұқымдық картоптың қысқы әйнекті қоймаларында жүргізеді, оларды отырғызарға 2-3 апта қалғанда сыртқа шығарады. Бұл өскіндерді өте мықты, механикаландырылған отырғызуға тұрақты болғыздырады.
Топырақ физикалық піскен кезде Рабеверк-Ркезю тік-фрезерлі (роторлы) қопсытқышымен отырғызар алдындағы өңдеуді жүргізеді. Агрегат жүрісінің оңтайлы жылдамдығы (1,5-2,0 км/сағ) және қопсытқыш жұмыс мүшелерінің айналыс жиілігі топырақты түйірлі күйге дейін қопсытуға мүмкіндік береді. Түйнектер аналық өсімдікте ерте пайда болуына және өсу мен сақтау кезеңінде жылуды көп алуына қарай олардың физиологиялық жасы да үлкен болады. Физиологиялық кәрі түйнектерден өскен өсімдіктер тез дамиды және қартаяды, түйнектерді ерте түзеді. 14-15 °С температура жағдайында ауалы-жылулы жылыту және жарықта өсіру түйнектердің қартаюын және жаңа піскен өнім алуды жеделтетеді. Топырақты жаппай, тұтас өңдейтін белсенді мүшелерінің айналуы тік осьті КВФ-2,8, КВФ-3,6 біздің ұқсас қопсытқыштар да агротехникалық талаптарға сай ауыр топырақтардың жақсы дайындалуын қамтамасыз етеді. Бірақ олар ең төменгі жылдамдығы 3 км/сағ, басқаша айтқанда оңтайлыдан жоғары, тракторларымен агрегатталады. КФГ-3,6 қопсытқышы үшін, шаруашылықтарда аз, Т-150 шынжыр табан тракторы қажет. Т-150К доңғалақты трактор болса топырақты едәуір тығыздайды [4].
Соңғы жылдары Голландияда картоп өсіретін танап топырағын отырғызар алдында дайындау үшін электр жетек көмегімен топырақты шамамен 8 см тереңдікке белсенді қопсытатын тырма өте кеңінен таралған.
Топырақты дайындаған соң ізімен картопты отырғызуға кіріседі. Түйнектерді тайыз 4-5 см тереңдікке 75 см қатараралықты қолдана отырып, маркерлері бар 2- немесе 4-қатарлы отырғызғыштармен отырғызады.
Голландияда картопты тереңге отырғызбайды. Егер картоп отырғызғыш өткен соң адырларды тегістеп жіберсе, онда түйнектердің ұшар басы топырақ беті деңгейінде болады. Бұл топырақтың қызуы мен түйнектердің өсуін жеңілдетеді. Сонымен бірге еншілес түйнектер содан соңғы адырларды үйгенде пайда болған қарық түбінен жоғары орналасады. Осындай отырғызудың артықшылығы жаңбырлы күндері байқалады. Бұл жағдайда түйнектер суда көп уақыт болмайды, бұл олардың шіруін ескертеді. Бірақта құрғақшыл көктемде түйнектер ылғалды топыраққа түсу үшін отырғызу тереңдігін арттырады.
Картоп отырғызғанда қатараралықтардың ені Голландияда бұрын 66 см қалыпты деп есептелінсе, қазіргі кезде 75 см деп есептелінеді. Бұндай қатараралықтарда трактордың дөңгелектері картоп қатарлары қасындағы топырақты аз бүлдіреді және нығыздайды. Сонымен қатар оны өсіргенде жұмыстар өнімділігі артады.
Отырғызылатын түйнектердің қатарда орналасу жиілігі егін сабағының жоспарланған жиілігіне байланысты. 1 шаршы метрге шамамен 20 негізгі сабақтар, ал ірі түйнектердің көп мөлшерін алу үшін 1 шаршы метрге 15 сабақтар жиілігі оңтайлы болып есептеледі. Егер көлденеңі 35-45 см тұқымдық түйнектер орташа 5 сабақтар қалыптасуын қамтамасыз етсе, онда 1 шаршы метрге 4 түйнек отырғызу керек, немесе қатардың 1 метріне қатардағы аралық қашықтығы 33 см 3 түйнек отырғызу керек (отырғызу мөлшері 2-2,5 т/га құрайды). Түйнектердің тұқымдық фракциясын (көлденеңінде 28-45 мм) алу үшін картоптың отырғызу мөлшерін 3-4,5 т/га-ға дейін арттырып, 1 шаршы метрге 30-дан кем емес, тіпті 45 те негізгі сабақтарға ие болу керек (қатарда әр 20-25 см сайын).
Қазіргі голландиялық отырғызғыштардың сөзсіз жақсы жағы өскен түйнектерді отырғызғанда сүйріктерінің болмашы зақымдануында. Хассия ВZS төрт қатарлық картоп отырғызғышы түйнектерді сіңіргіштерге тасымалдауыштармен береді (біздің отырғызғыштардағыдай сарқып алғыш аппараттармен емес). Бұл өскен түйнектердің сүйріктерінің жақсы сақталынуын қамтамасыз етеді. Бірақта олар да түйнектердің сүйріктерін зақымдайды. Осы зақымдануларды азайту үшін қысқа және мықты сүйріктер алуға қол жеткізеді. Осы мақсатпен өскен түйнектермен жайпақ қаңылтыр жәшіктерді отырғызуға бірнеше апта қалғанда ғимараттан ашық ауаға шығарады. Сонымен қатар өскен картопты жәшіктерден картоп отырғызғыштың шанағына өте мұқият салу керек, және отырғызуды төмен жылдамдықта жүргізу керек.
Крахмал алу үшін арналған картопты өсіргенде отырғызуға жарықта өсірілген отырғызылатын материалды емес, көк жарған бүршіктері бар түйнектерді пайдаланады. Сонымен бірге картоп отырғызғышын автоаударғышпен тиейді.
Бірінші қатараралық өңдеуді (жалдарды үю) Голландияда картоп өскіндерінің 20-25 %-ы шыққанда (отырғызғаннан соң 18-20 күннен кейін) «Амак» фрезер қопсытқыш-жалжасаушымен (біздің аналог КФК-2,8) жүргізеді.
Фрезермен қопсытылған топырақты қатараралықтардан параметрлері келесідей трапецияға ұқсаған жалға үйеді: жалдың биіктігі – 24-27 см, табаны бойынша ені – 75 см, үсті бойынша ені – 10-15 см. Осы мерзімде шыққан картоп өскіндерін түгелдей қопсытылған топырақпен көмеді. Келешекте олар топырақтың осы қабатынан жарып шығады.
Жалдарды жасап болған соң әдетте топыраққа ешқандай механикалық өңдеулер жүргізбейді. Қатараралық өңдеулер санын минимумға дейін қысқарту топырақтың құрғау, картоптың тамыр жүйесінің, өзгерген өрнектерінің және жас түйнектерінің зақымдану қауіптілігін төмендетеді, машиналар мүшелерімен инфекцияны тасымалдау мүмкіндігі төмендейді.
Фрезерлік қатараралық өңдеуді жүргізгеннен картоп өскіндері шыққанға дейін зенкор, парокват және басқа да гербицидтерді қолданады. Гербицидті кең алымды штангалық бүріккішпен енгізеді. Топырақ бетінде бүркуден соң өзгеше қабыршық – гербицид ерітіндісінен қалқан - пайда болады. Топырақ тереңдігінен арам шөптердің өсіп шығатын өскіндері осы қалқанға жетіп өледі. Сондықтан гербицидтік қалқанды бұзбау үшін өңдегеннен кейін топырақты механикалық қопсытуын жүргізуге болмайды. Мұндай өңдеуді жиі қопсыту қажет етілмейтін құмды және шымтезекті топырақтарда, және болуы ықтимал қуаңшылықта жүргізеді. Бұл әдіс отырғызудың кеш мерзімдерінде өте қолайлы. Ал тұнбалы (сазды) топырақтарда арам шөптерді гербицидтерді қолданбай-ақ баса отырып, жиі қатараралықтарда топырақты бірнеше рет өңдеуді қолданады. Сонымен бірге бір уақытта арамшөптердің өскіндерін жоя отырып, картоп отырғызғаннан кейін қопсытқыш-үюшінің бір немесе екі өтуімен жалдар қалыптастырады. Одан басқа арамшөптер мен топырақ қабығының кезекті пайда болған жағдайында қатараралықтарды қосымша қопсыту мен үюді жүргізеді. Бұл әдіс өте көп еңбек сіңіруді керек қылатын, бірақ өте қымбат емес әдіс. Бірақ ол топырақтың кеуіп кетуіне және картоп тамырлары мен өзгерген өрнектердің зақымдалуына әкелуі мүмкін [5].
Аурулар және зиянкестермен күресті қарқынды жүргізеді. Солай, мысалы, фитофтороздан фунгицидтермен 10-нан 15-ке дейін бүркулер қолданады. Голландия картоп өсірушілерінің басым бөлігі фитофторозға қарсы картопты әр 10 күн сайын, ал ылғалды ауа-райында әр 7 күн сайын өңдейді. Картопты манеб-фентин фунгицидімен бүркігенде жақсы нәтижелер алады. Қоқыс тастайтын және басқа да жерлерде өскен (картоп, қызанақ және басқаларының өсімдіктері) жұғу көздерін жоюға көп көңіл бөлінеді.
Әсіресе крахмал алу үшін өсірілетін өте кеш пісетін сорттарды фитофтороздан қорғау тиімді. Сонымен бірге мұндай сорттардың өсіп-өну кезеңі ұзарады, өнімділігі артады, сақталуы жақсарады. Голландиялық картоп өсірушілер фитофторозды өндірістің барлық кезеңдерінде бақылай отырып, осы аурудан картопты қорғау жүйесінің артықшылықтарын құндылығына қарай бағалайды. Кең алымды штангалық бүріккішті қолдана отырып, картоп егістерін үнемі бүркиді.
Колорад қоңызы Голландияда үлкен мәселе болып табылмайды. Оны онда әлдеқашан жойған және жекелеген ошақтар табылған жағдайда онымен күресуді жалғастыруда.
Тұқымдық картоп өнімін әдетте тамызда (жасыл пәлек күйінде), ал қысқы тұтыну және крахмалға өңдеу үшін тағамдық картопты қыркүйекте жинайды.
Пәлекті тұқымдық картопты жинар алдында шілденің соңында – тамыздың басында, ал тағамдық картопты жинар алдында әдетте қыркүйекте химиялық немесе механикалық (кесу немесе жұлу) тәсілдермен жояды. Механикалық тәсіл өте кең тарап келеді. Пәлекті жойғаннан кейін картоп өсірушілер түйнектерге ризоктониоздың жұғуын болдырмау үшін мүмкіндігінше картопты (әсіресе тұқымдық) тез жинап алуға тырысады [6].
Картопты өте жетілген құрылымды екі қатарлық комбайнмен жинайды. Түйнектер ұясы жалда қарық түбінен жоғары жақсы қопсытылған топырақта қалыптасқандықтан комбайндармен жинау жеңілдетіледі. Комбайнның жұмыс мүшелері топырақты түгелдей дерлік айырады, және картоп қопсығының топырақпен ластануы 1,5-2,0 %-дан аспайды (біздің жағдайларда бұндай ластану қолмен жинағанда болады).
Өзі жүретін екі қатарлық комбайндар картопты автоаударғышқа түсіреді. 1 гектардан 50-60 тонна картоп түйнектерінің өнімін шамамен 3 сағатта жинайды. Жиналған картопты танаптан автоаударғыштар оны жерден, пәлек қалдықтарынан және уақ түйнектерден алдын-ала тазалау пунктіне жеткізеді, содан соң оны реттемелі желдетуіне, ауаның температурасына және ылғалдылығына ие картоп сақтауға арналған қоймаға төгеді.
Қысқы мезгілде сатуға арналған тағамдық картоп 7-9 ай бойы ауаның температурасы +4... +5 °С және ылғалдылығы 92-95 % жағдайында, әсіресе түйнектер өсуінің химиялық ингибиторларын қолданғанда жақсы сақталынады. Бірақта мұндай температура жағдайында түйнектерде қанттар мөлшері артады. Сондықтан френч фрайз және майға қуырылған картоп өндірісі үшін арналған картопты өсуден тежейтін СIPС +IРС заттарды қолдана отырып, 8-100 °С температурасы жағдайында сақтайды.
Тұқымдық картопты 3-40 °С жағдайында сақтайды. Картопты сақтауға және іріктеуге көп көңіл бөледі. Жұмыстардың осы түрлерінің құны жалпы шығындардың шамамен ¼ құрайды. Голландияда сонымен қатар тапсырыс берушілерінің мүдделерін мұқият қанағаттандыруға тырыса отырып, картоп өтімімен байсалдылықпен айналысады. Ол үшін ең жақсы сорттарды, өсіру технологиясын және өнімді сатуға дайындықты таңдайды [7].
Голландияның картоп өсірушілерінің жұмыс тәжірибесі Қазақстанның картоп өсірушілері үшін де оның көптеген аймақтарында, соның ішінде Батыс Қазақстанда да қажет болуы мүмкін.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Трофимец, Л. Н. Картофелеводство в Голландии / Л. Н. Трофимец. – М. : Колос. – 1989. – с. 106-112.
2. Игонин, А. Н. Голландская технология возделывания картофеля / А. Н. Игонин // Информационный листок. – 1991.
3. Киселев, Г. С. Возделывание семенного картофеля по голландской технологии / Г. С. Киселев, Б. Н. Дорожкин // Информационный листок. – 1991.
4. Ковалев, А. Т. Картофелеводство Нидерландов / А. Т. Ковалев // Картофель и овощи. – 1983. – №12. – с. 9-10.
5. Кручинин, Н. С. Голландская технология на наших полях / Н. С. Кручинин // Картофель и овощи. – 1989. – №2. – с. 12-16.
6. Савенков, В. В. Голландская технология возделывания картофеля / В. В. Савенков // Информационный листок. – 1991.
7. Фирсов, Г. И. Опыт возделывания картофеля по голландской технологии / Г. И. Фирсов // Информационный листок. – 1991.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ҒЫЛЫМДАРЫ
ЗООТЕХНИЯ
УДК: 636.088.31
«ҚАРАМАН-К» ЖШС-ДЕ ӨСІРІЛЕТІН ҚАЗАҚТЫҢ АҚБАС ТҰҚЫМЫ
ЖАС МАЛДАРЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ҰШАЛАРЫНЫҢ
МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ
Ж. К. Аубакиров, аспирант
Қостанай мемлекеттік университеті
Малдың генотипі бұқашықтардың бойында еттілік сапалығының қалыптасуына үлкен ықпал етеді. 1 кг сүйектің үлесіне тиетін жұмсақ еттің жоғары шығымы «Алабота» асыл тұқымды зауыты мен немістің сары тұқымы бойынша ½ қандылық үлесі бар Саго 6152 өндіруші-бұқалардың бұқашықтары мен өгізшелерінен алынды.
Генотип животного может оказывать довольно значимое влияние на показатели мясности бычков. Наиболее высокими показателями выхода мякоти на 1 кг костей в туше характеризовались бычки и кастраты от быков племзавода «Алаботинский» и быка – производителя кровностью ½ по желтой немецкой породе Саго 6152.
The animal’s genetic type can exert influence upon the qualitative indices of young bulls’ fleshy state. Young bulls and castrated bulls born from «Alabotinskiy» breed farm and from a breeding bull with the blood’s index of one seconds from yellow German breed Sago 6152 were characterized with the most qualitative indices of output of fleshy part of body for 1 kilogram of bones in bull’s carcass.
Малдардың жастары ұлғайған сайын олардың салмақ өсімдері де ұлғаяды: 8-9 айлық жастарында ет салмағы 43-45 %, сүйегі 10-12 % және іш майы 2-4 %, ал 10-15 айлық жастарында сәйкесінше 35-39, 6-8 және 5-7 % құрайды. Өсу процесінде жас малдардың дене өлшемдері бұлшықет пен сүйек ұлпаларының арқасында ұлғаяды. 18 айлық жасқа дейін бұлшықет ұлпасының абсолюттік және салыстырмалы салмақтары артып, сүйегінің салмақтық үлесі төмендейді. 18 айлық жастан кейін ағзадағы зат алмасу сипатының өзгеруі мен азотты жинақтау қабілетінің төмендеуі салдарынан ақуыз синтезінің екпінділігі төмендейді. Ол бұлшықет ұлпасының өсімін баяулатып, біруақытта май ұлпасының артуына септігін тигізеді. Одан үлкенірек жаста бордақылауға қойылған малдардың бұлшықетаралық және бұлшықетішілік майының салыстырмалы саны төмендеп, іш және тері асты майының жинақталу дәрежесі артады [1, 2].
Зерттеуді өткізудің мақсаты – генотипі әр түрлі қазақтың ақбас тұқымының бұқашықтары мен өгізшелері ұшаларының морфологиялық құрамын талдау.
Тәжірибеге бұқашықтардың 3 тобы мен өгізшелердің 3 тобы қойылды: І және IV – «Ключев» асыл тұқымды зауытының өндіруші-бұқаларынан алынған бұқашықтар мен өгізшелердің тобы, ІІ және V – «Алабота» асыл тұқымды зауытының өндіруші-бұқаларынан алынған бұқашықтардың тобы, ІІІ және VІ – немістің сары тұқымы бойынша ½ қандылық үлесі бар Саго 6152 өндіруші-бұқасынан алынған бұқашықтардың тобы.
Тәжірибеге қойылған малдардың бақылау сойымын талдау барысында малдардың жастары ұлғайған сайын, ұшаның абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштері де артатыны анықталды (1-кесте).
Мысалы, бұқашықтардың бұлшықет салмағының өсімі 18-21 айлық жастарында 14,48-20,15 кг-ға (15,4-18,4 %), өгізшелердікі – 8,02-9,6 кг-ға (7,8-10,9 %) артқан.
Олардың жастары ұлғайған сайын ет салмағының өзгеру динамикасы да генотиптеріне байланысты өзгерді: «Ключев» – 9,5-14,7 кг (12,3-16,5%), «Алабота» – 10,9-17,5 кг (12,6-19,5 %), немістің сары тұқымының будандары – 11,8-17,5 кг (13,1-18,8 %).
1-кесте – Жас малдардың жартылай ұшаларының морфологиялық құрамы ( ± Sx)
Көр-
сет-
кіш
|
Жасы, ай
|
Топтар
|
бұқашықтар
|
өгізшелер
|
I
|
ІІ
|
ІІІ
|
ІV
|
V
|
VІ
|
Жарт. ұшаның салм., кг
|
18
|
119,5 ± 5,49
|
133,3 ± 4,32
|
138,3 ± 3,95
|
110,3 ± 0,75
|
115,8 ± 3,23
|
125,0 ± 2,48
|
21
|
134,1 ± 2,31
|
151,1 ± 1,75
|
159,8 ± 6,05
|
121,2 ± 6,52
|
130,2 ± 8,63
|
133,2 ± 10,50
|
Ет, кг
|
18
|
93,93 ± 3,93
|
105,17 ± 4,56
|
109,42 ± 4,09
|
88,21 ± 0,92
|
95,26 ± 3,82
|
103,06 ± 4,55
|
21
|
108,41 ± 2,07
|
122,27 ± 2,25
|
129,57 ± 5,38
|
97,81 ± 8,06
|
108,39 ± 10,68
|
111,08 ± 11,04
|
Ет, %
|
18
|
78,6± 0,28
|
78,9 ± 0,61
|
79,12 ± 1,25
|
79,97 ± 0,78
|
82,26 ± 0,45
|
82,45 ± 0,83
|
21
|
80,84 ± 0,45
|
80,92 ± 0,92
|
81,08 ± 0,65
|
80,7 ± 0,35
|
83,25 ± 0,90
|
83,39 ± 1,01
|
Сүйек, кг
|
18
|
22,17 ± 1,41
|
24,63 ± 0,72
|
25,29 ± 0,63
|
19,25 ± 0,45
|
17,87 ± 1,05
|
19,17 ± 0,95
|
21
|
22,22 ± 0,45
|
25,08 ± 0,63
|
26,49 ± 0,51
|
20,39 ± 1,25
|
19,05 ± 1,43
|
19,23 ± 1,23
|
Сүйек, %
|
18
|
18,56 ± 0,35
|
18,48 ± 0,53
|
18,29 ± 0,93
|
17,45 ± 1,03
|
15,43 ± 0,35
|
15,34 ± 0,72
|
21
|
16,57 ± 0,42
|
16,6 ± 0,66
|
16,58 ± 0,61
|
16,83 ± 0,81
|
14,63 ± 0,48
|
14,44 ± 0,60
|
Сіңірі мен шемір
шегі, кг
|
18
|
3,39 ± 0,18
|
3,49 ± 0,21
|
3,58 ± 0,08
|
2,85 ± 0,21
|
2,67 ± 0,33
|
2,76 ± 0,23
|
21
|
3,47 ± 0,21
|
3,75 ± 0,26
|
3,74 ± 0,21
|
2,99 ± 0,15
|
2,76 ± 0,24
|
2,89 ± 0,28
|
Сіңірі мен шемір
шегі, %
|
18
|
2,84 ± 0,15
|
2,62 ± 0,21
|
2,59 ± 0,42
|
2,58 ± 0,31
|
2,31 ± 0,32
|
2,21 ± 0,43
|
21
|
2,59 ± 0,20
|
2,48 ± 0,32
|
2,34 ± 0,12
|
2,47 ± 0,26
|
2,12 ± 0,40
|
2,17 ± 0,51
|
1 кг сүйект. үлесіне тиетін жұмсақ ет салм.,кг
|
18
|
4,24 ± 0,08
|
4,27 ± 0,15
|
4,33 ± 0,10
|
4,58 ± 0,72
|
5,33 ± 0,32
|
5,38 ± 0,17
|
21
|
4,88 ± 0,12
|
4,88 ± 0,30
|
4,89 ± 0,16
|
4,79 ± 0,19
|
5,68 ± 0,40
|
5,78 ± 0,20
|
Бұқашықтардың жастары ұлғайған сайын ұшаларының жеуге жарамсыз бөліктерінің салмақтық үлесі төмендеп, жеуге жарамды бөліктері артқан. 18-21 айлық жастарында бұқашықтардың етінің салыстырмалы салмағы 0,2-0,7, ал өгізшелердікі – 0,1-0,6 % артты. Еттің салыстырмалы салмағының артып, сүйегінің төмендеуі ұшаның морфологиялық құрамының жақсаруына әсер етіп, барлық топтардағы жас малдардың еттілік индексі жақсарды. Еттілік индексі 18-21 айлық жастағы бұқашықтарда 20-50 г, өгізшелерде – 20-130 г артты. Сонымен бірге бұл көрсеткіш барлық топтың жас малдарында жеткілікті түрде жоғары деңгейде болды.
Ұшаның морфологиялық құрамы бойынша да топ аралық айырмашылықтар анықталды. Ет салмағының абсолюттік салмағы бұқашықтарда жоғары болды. Сөйтіп, 18 айлық жастарында ет салмағы бойынша олар өгізшелерден 9,8-26,5 кг (9,1-28,5 %), ал 21 айда сәйкесінше 7,5-20,5 кг (8,4-21,1 %) басым түсті. Айырмашылықтар барлық жағдайда статистикалық дәйекті болып табылады.
«Алабота» асыл тұқымды зауытының ұрпақтары мен немістің сары тұқымының ¼ қандылық үлесі бар өндіруші-бұқалардан алынған будандардың бұлшықет салмағының артуы «Ключев» асыл тұқымды зауытының ұрпақтарына қарағанда екпіндірек өткен. 18 айлық жастағы немістің сары тұқымының ¼ қандылық үлесі бар будандар ІV топтың өздерімен қатарлас малдарынан бұлшықет салмағы бойынша 15,49 кг-ға (16,5 %, Р < 0,01), V топтан 4,25 кг-ға (4,04 %, Р < 0,01), өгізшелердің VІІ тобынан 14,85 кг-ға (16,8 %, Р < 0,05), VІІІ топтан 7,8 кг-ға (8,2 %, Р < 0,05); ал 21 айлық жасында сәйкесінше: 21,2 кг-ға (19,5 %, Р < 0,01), 7,3 кг-ға (5,9 %, Р < 0,01) және 13,27 кг-ға (13,6 %, Р < 0,05), 2,69 кг-ға (2,5 %, Р < 0,05) басым түскен.
Малдардың жастары ұлғайған сайын V және VІ топ бұқашықтарының еттілік индексінің 12,9-14,3 %-ға артқаны байқалады. Еттілік индексі немесе ұшадағы ет пен сүйектің арақатынасы 18 айлықтағы VІ топ бұқашықтарында 4,33 құрап, «Ключев» асыл тұқымды зауытының өндірушілерінен алынған бұқашықтардан 2,12 %-ға, ал «Алабота» асыл тұқымды зауытының өндірушілерінен алынған бұқашықтардан 1,41 %-ға басым түсті.
Өсу кезінде жас малдардың ұшаларының бөлек бөліктері, оның арақатынасы мен құрамы да өзгереді. Сүйектерінің салмағы төмендеп, етінің салмағы артады. Мойын, алдыңғы және артқы бөліктердің салыстырмалы салмағы төмендейді, ал кеуде, бел, сан-жамбас бөліктерінің салыстырмалы салмағы артады. Сондықтан малды сойған уақытта огузок, филе, кострец, отруба секілді аспаздық құндылығы жоғары ет бөліктері алынады.
«Алабота» асыл тұқымды зауыты мен немістің сары тұқымының өндіруші-бұқаларынан алынған малдардың ет өнімділіктерінің жоғары болуы бұқашықтар мен өгізшелердің жартылай ұшаларының табиғи-анатомиялық арақатынасына әсер етті. Сөйтіп, 21 айлық жастарында V-VІ топ бұқашықтарының жартылай ұшаларының сан-жамбас бөлігінің салмағы ІV топтың бұқашықтарынан 4,7-5,4 кг, немесе 8,8-10 %-ға; өгізшелердің жартылай ұшалары сәйкесінше 6,5-7,5 кг, немесе 14,5-16,4 %-ға басым түсті.
Ұшаның бөлек табиғи-анатомиялық бөліктерінің дәмдік, сіңімділік және аспаздық құндылықтары бірдей болмайтындығы белгілі. Оның ішінде бел, сан-жамбас бөліктері құнды деп есептелініп, кескен уақытта огузок, филе, кострец, отруба секілді аспаздық құндылығы жоғары ет бөліктері алынады. Малдардың жастары ұлғайған сайын денелерінің барлық бөліктері де жылдам өсетіні анықталды (2 кесте).
Яғни, 18-21 айлық жастарында мойын бөлігі 0,9-3,0 кг-ға (7-28,5%), иық-жауырын 2,4-3,5 кг-ға (10,5-17,6%), арқа-қабырға 2,1-5,4 кг-ға (5,1-16,8%), бел 1,1-3,0 кг-ға (7,0-24,2%), сан-жамбас 7,2-10,1 кг-ға (13,6-24,1%) артқан.
Жартылай ұшадағы бөлек бөліктердің жақсы дамуы мен салмақтылығы өсіру кезеңдеріндегі малдың генотипіне, жынысына және физиологиялық қалпына тәуелді өсімнің біркелкі еместігімен байланысты екендігі анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |