123
Көлік;
Энергетикалық кәсіпорындар;
Жеке тұрғын үйлер.
Бұл ретте ластау көздері бойынша ауаны ластаушы заттар
шығарындыларының мөлшеріне мониторинг жыл сайын тек стационарлық
көздерде ғана жүргізіледі. Автокөліктерден және жеке тұрғын үйлерден
тарайтын шығарындылар көлемі есептелмейді және олар бойынша
статистикалық мәліметтер жинақталмайды.
Нәтижесінде, атмосфералық ауа ластануына ағымдағы мониторинг деңгейі
Алматы қаласындағы ауаның ластану көздері мен деңгейінің нақты көріністерін
бере алмайтығын атап өтуге болады.
2014-2016 жылдардағы Алматы қаласы атмосферасының ластану
динамикасы
2014-2016 жылдар аралығындағы шығарындылар көздері бойынша
атмосферасының ластану динамикасы төмендегідей болады.
2.1.6.1.3. кесте. Атмосфераға шығарылатын ластаушы заттар, оларды
тазалау мен жою
мың. тонн
2014
2015
2016
Ластанудың барлық стационарлық
көздерінен тарайтын ластаушы заттардың
мөлшері
921,6
920,2
906,2
Тазарту құрылыстарына түсетіні
903,4
902,6
890,5
Тазартылмай шығарылатыны
18,2
17,6
15,7
Сүзгіден
өткізілгені
және
залалсыздандырылғаны
878,0
881,0
867,4
Атмосфераға шығарылған барлық ластаушы
заттар
43,5
39,1
38,8
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің 2016 жылға арналған статистикалық
жиынтығы; Алматы қаласы бойынша Экология департаменті; Алматы қаласы Табиғи
ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы.
2016 жылы Алматы қаласында 2805 кәсіпорын атмосфералық ауаға
ластаушы заттардың қалдықтарын тастады, бұл ластаушы заттардың көлемі 38,8
мың тоннаны құрады.
Стационарлық көздерден шыққан жалпы зиянды заттардың ішінде 15,7 мың
тонна тазартудан өтпей шығарылды, ал 902,6 мың тонна тазарту құрылғыларына
түсті. Сүзгіден өткізілгені және залалсыздандырылғаны 867,4 мың тонна немесе
95,7 %.
Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың қоршаған
ортаны қорғауға кеткен шығындары 2014 жылы 6,2 млрд. теңге; 2015 жылы 4,7
124
млрд. теңге; 2016 жылы 5,9 млрд. теңгені құрады.
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің «2016 жылдарға арналған Алматы
қаласында қоршаған ортаны қорғау» статистикалық жиынтығы
2.1.6.1.4. кесте. Алматы қаласының аудандары бойынша шығарылатын
ластаушы заттар шығарындылары, тонна ( %-бен жалпыға алғанда)
Атауы /жылы
2014
2015
2016
Қала бойынша барлығы
43 536
39 130 (100%)
38 779 (100%)
Алатау
33 254
30 763 (78,6%)
32070 (82,6%)
Алмалы
2 295
526 (1,3%)
398 (1,0 %)
Әуезов
1 250
1 195 (3,1%)
907 (2,3%)
Бостандық
982
761 (1,9%)
721 (1,8%)
Жетісу
3 249
2 621 (6,7%)
2134 (5,5%)
Медеу
528
769 (2,0%)
566 (1,4%)
Наурызбай
146
237 (0,6%)
140 (0,3%)
Түрксіб
1 831
2 258 (5,8%)
1839 (4,7%)
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің «2016 жылға арналған Алматы
қаласында қоршаған ортаны қорғау» статистикалық жиынтығы
Экономикалық қызметтің түрлері бойынша ( %-бен) Алматы қаласының
атмосферасына шығарылатын ластаушы заттардың динамикасы 2.1.6.1.1.
суретте көрсетілген.
2.1.6.1.1. сурет Экономикалық қызметтердің түрлері бойынша
қаланың атмосферасына шығарылатын ластаушы заттар
125
2016 жылы атмосфералық ауаға стационарлық көздерден шығарылған
зиянды заттардың жалпы көлемінен (38,8 мың тонна) 15,7 % қатты заттар, газ
түріндегі және сұйық заттар 84,9% құрады.
Осылайша, стационарлық көздерден шығарылған зиянды заттардың жалпы
көлемі 2014 жылдан бастап 4,7 мың тоннаға аздап азайғаны байқалады. 2012-
2016 жылдар аралығында жеке тұрғын үйлерді газбен жабдықтау есебінен
атмосфераның ластануының төмендеу нәтижесі жылжымалы көздерден тараған
зиянды заттар көлемінің артуынан білінбей қалды.
01.12.2016 ж. жағдай
бойынша Алматы қаласында 529 295 бірлік автокөлік тіркелген (маятникті
көлікті қоса есептегенде шамамен 710-нан 794 мың бірлікке дейін).
Көліктен шығатын ластаушы заттар көлемінің артуы көліктер санының
жыл сайын артуымен және қаладағы көлік паркінің ескіруімен байланысты (7
жылдан көп жүріп жүрген көліктің үлесі шамамен 75 % немесе 400 мың бірлікті
құрайды).
ШЖК-ге байланысты салыстыру және өзгеру динамикасы
Алматы қаласының желдетiлмейтiн тау бөктерiндегi шұңқырға орналасуы
қысқы кезеңде қала аумағында қуатты және жалғасымды температура
инверсиясы пайда болуына ықпал етеді. Алматы қаласына желдің аз соғуы
(жылдамдығы 1 м/с), тұман және басқа да қолайсыз метеорологиялық
жағдайдың орын алуы тән. Осыған байланысты, атмосфераның төменгі
қабатында автокөлік құралдарынан тарайтын, қазандықтар мен ТЭЦ, өндірістік
нысандардың шығарындыларында болатын ластаушы заттар эмиссиясы
жинақталады және олар жыл бойы қаланы көк түтінге орайды.
Бұл жердегі самал желдің (1м/с дейін) қайталануы жазда 71%, қыста - 79
% бағаланады. Қалада жел жылдамдығының орташа жылдық мәні 1,7 м/с
артпайды. Таудан келетін жел ағынымен желдету, тау бөктерінің 20
шақырымдай жерінде жіңішке алқапта қаланың оңтүстік бөлігі, жоғарғы
жағында ғана байқалады.
Атмосфералық ауа ластануының деңгейін бағамдау үшін жылына ауа
сапасының үш көрсеткіші пайдаланылады:
Атмосфера ластануының индексі (АЛИ) – атмосфера ластануының
жиынтық индексі. Оның өлшеуі үшін ауадағы ластану заттарының шекті
жол берілетін конценрациясына (ШЖК) бөлінген орташа концентрациясы
пайдаланылады.
Стандартты индекс (СИ) – бір поста бір қоспаны немесе барлық
постарда барлық қоспаларды өлшеудің мәліметтерінен алынған барынша
өлшенген ең көп бір жолғы қоспа концентрациясы, ШЖК - ға бөлінген
концентрациялық қоспа.
Көбірек қайталанулар (КҚ) %-ға шаққанда – бір поста бір қоспаны
немесе барлық постарда барлық қоспаларды өлшеудің мәліметтерінен
алынған ШЖК артуының ең көп қайталануы.
Достарыңызбен бөлісу: |