Vi сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXII кезектен тыс сессиясының 2017 жылғы № шешіміне қосымша



жүктеу 2,96 Mb.
Pdf просмотр
бет42/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,96 Mb.
#25603
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66

123 
 
  Көлік; 
 Энергетикалық кәсіпорындар
 Жеке тұрғын үйлер. 
Бұл  ретте  ластау  көздері  бойынша  ауаны  ластаушы  заттар 
шығарындыларының  мөлшеріне  мониторинг  жыл  сайын  тек  стационарлық 
көздерде  ғана  жүргізіледі.  Автокөліктерден  және  жеке  тұрғын  үйлерден 
тарайтын  шығарындылар  көлемі  есептелмейді  және  олар  бойынша  
статистикалық мәліметтер жинақталмайды.  
 
Нәтижесінде, атмосфералық ауа ластануына ағымдағы мониторинг деңгейі 
Алматы қаласындағы ауаның ластану көздері мен деңгейінің нақты көріністерін 
бере алмайтығын атап өтуге болады.  
 
2014-2016  жылдардағы  Алматы  қаласы  атмосферасының  ластану 
динамикасы 
2014-2016  жылдар  аралығындағы  шығарындылар  көздері  бойынша 
атмосферасының ластану динамикасы төмендегідей болады. 
 
 
2.1.6.1.3.  кесте.  Атмосфераға  шығарылатын  ластаушы  заттар,  оларды 
тазалау мен жою  
 
мың. тонн 
 
2014 
2015 
2016 
Ластанудың  барлық стационарлық 
көздерінен тарайтын ластаушы заттардың 
мөлшері 
921,6 
920,2 
 
 
906,2 
Тазарту құрылыстарына  түсетіні 
903,4 
902,6 
890,5 
Тазартылмай шығарылатыны 
18,2 
17,6 
15,7 
Сүзгіден 
өткізілгені 
және 
залалсыздандырылғаны 
878,0 
881,0 
867,4 
Атмосфераға шығарылған барлық ластаушы 
заттар 
43,5 
39,1 
38,8 
Дереккөз: Алматы қаласы Статистика департаментінің 2016 жылға арналған  статистикалық 
жиынтығы;  Алматы  қаласы  бойынша  Экология  департаменті;  Алматы  қаласы  Табиғи 
ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы. 
 
 
2016  жылы  Алматы  қаласында  2805  кәсіпорын  атмосфералық  ауаға 
ластаушы заттардың қалдықтарын тастады, бұл ластаушы заттардың  көлемі 38,8 
мың тоннаны құрады. 
Стационарлық көздерден шыққан жалпы зиянды заттардың ішінде 15,7 мың 
тонна тазартудан өтпей шығарылды, ал 902,6 мың тонна тазарту құрылғыларына 
түсті. Сүзгіден өткізілгені және залалсыздандырылғаны  867,4 мың тонна немесе 
95,7 %.  
Барлық  меншік  нысанындағы  кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  қоршаған       
ортаны  қорғауға кеткен шығындары  2014 жылы 6,2 млрд. теңге; 2015 жылы 4,7 


124 
 
млрд. теңге;  2016 жылы 5,9 млрд. теңгені құрады.  
Дереккөз:  Алматы  қаласы  Статистика  департаментінің  «2016  жылдарға  арналған  Алматы 
қаласында қоршаған ортаны қорғау» статистикалық жиынтығы  
 
2.1.6.1.4.  кесте.  Алматы  қаласының  аудандары  бойынша  шығарылатын  
ластаушы заттар шығарындылары, тонна ( %-бен жалпыға алғанда) 
Атауы /жылы 
2014 
2015 
 
2016 
Қала бойынша барлығы 
43 536 
39 130 (100%) 
38 779 (100%) 
Алатау 
33 254 
30 763 (78,6%) 
32070 (82,6%) 
Алмалы 
2 295 
526 (1,3%) 
398 (1,0 %) 
Әуезов 
1 250 
1 195 (3,1%) 
907 (2,3%) 
Бостандық 
982 
761 (1,9%) 
721 (1,8%) 
Жетісу 
3 249 
2 621 (6,7%) 
2134 (5,5%) 
Медеу 
528 
769 (2,0%) 
566 (1,4%) 
Наурызбай 
146 
237 (0,6%) 
140 (0,3%) 
Түрксіб 
1 831 
2 258 (5,8%) 
1839 (4,7%) 
Дереккөз:  Алматы  қаласы  Статистика  департаментінің  «2016  жылға  арналған  Алматы 
қаласында қоршаған ортаны қорғау» статистикалық жиынтығы 
 
Экономикалық  қызметтің  түрлері  бойынша  (  %-бен)  Алматы  қаласының 
атмосферасына  шығарылатын  ластаушы  заттардың      динамикасы  2.1.6.1.1. 
суретте көрсетілген.  
 
2.1.6.1.1.  сурет  Экономикалық  қызметтердің  түрлері  бойынша 
қаланың атмосферасына шығарылатын ластаушы заттар 
 
 
 


125 
 
2016  жылы  атмосфералық  ауаға  стационарлық  көздерден  шығарылған 
зиянды заттардың жалпы көлемінен (38,8 мың тонна) 15,7 % қатты заттар,   газ 
түріндегі және сұйық заттар 84,9% құрады. 
Осылайша, стационарлық көздерден шығарылған зиянды заттардың жалпы 
көлемі  2014  жылдан  бастап 4,7  мың  тоннаға  аздап  азайғаны байқалады. 2012-
2016  жылдар  аралығында  жеке  тұрғын  үйлерді  газбен  жабдықтау  есебінен 
атмосфераның ластануының төмендеу нәтижесі жылжымалы көздерден тараған 
зиянды  заттар  көлемінің  артуынан  білінбей  қалды. 
01.12.2016  ж.  жағдай 
бойынша  Алматы  қаласында  529  295  бірлік  автокөлік  тіркелген  (маятникті 
көлікті қоса есептегенде шамамен 710-нан 794 мың бірлікке дейін).
 
Көліктен  шығатын  ластаушы  заттар  көлемінің  артуы  көліктер  санының 
жыл сайын артуымен және қаладағы көлік паркінің ескіруімен байланысты   (7 
жылдан көп жүріп жүрген көліктің үлесі шамамен 75 % немесе 400 мың бірлікті 
құрайды).  
 
ШЖК-ге байланысты салыстыру және өзгеру динамикасы 
 
 
Алматы қаласының желдетiлмейтiн тау бөктерiндегi шұңқырға орналасуы 
қысқы  кезеңде  қала  аумағында  қуатты  және  жалғасымды  температура 
инверсиясы  пайда  болуына  ықпал  етеді.  Алматы  қаласына    желдің    аз  соғуы 
(жылдамдығы  1  м/с),  тұман  және  басқа  да  қолайсыз    метеорологиялық  
жағдайдың    орын  алуы  тән.  Осыған  байланысты,  атмосфераның  төменгі  
қабатында автокөлік құралдарынан тарайтын, қазандықтар мен ТЭЦ, өндірістік  
нысандардың  шығарындыларында  болатын    ластаушы  заттар    эмиссиясы  
жинақталады және олар  жыл бойы қаланы  көк түтінге  орайды. 
       Бұл жердегі  самал желдің (1м/с дейін) қайталануы   жазда 71%, қыста - 79 
%  бағаланады.  Қалада    жел    жылдамдығының    орташа  жылдық    мәні    1,7  м/с 
артпайды.  Таудан  келетін    жел  ағынымен  желдету,  тау  бөктерінің  20 
шақырымдай  жерінде  жіңішке  алқапта  қаланың  оңтүстік  бөлігі,  жоғарғы 
жағында ғана байқалады.   
 
Атмосфералық  ауа  ластануының  деңгейін  бағамдау  үшін    жылына    ауа 
сапасының үш көрсеткіші пайдаланылады:  
   Атмосфера  ластануының  индексі  (АЛИ)  –  атмосфера  ластануының 
жиынтық  индексі.  Оның  өлшеуі  үшін  ауадағы  ластану  заттарының  шекті 
жол берілетін конценрациясына (ШЖК) бөлінген орташа концентрациясы 
пайдаланылады.  
  Стандартты  индекс  (СИ)  –  бір  поста  бір  қоспаны  немесе  барлық 
постарда барлық қоспаларды өлшеудің мәліметтерінен алынған  барынша 
өлшенген  ең  көп  бір  жолғы  қоспа  концентрациясы,  ШЖК  -  ға  бөлінген 
концентрациялық қоспа. 
  Көбірек  қайталанулар  (КҚ)  %-ға  шаққанда  –  бір  поста  бір  қоспаны 
немесе  барлық  постарда  барлық  қоспаларды  өлшеудің  мәліметтерінен 
алынған  ШЖК артуының ең көп қайталануы. 


жүктеу 2,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау