Vi сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXII кезектен тыс сессиясының 2017 жылғы № шешіміне қосымша



жүктеу 2,96 Mb.
Pdf просмотр
бет40/66
Дата01.01.2020
өлшемі2,96 Mb.
#25603
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66

117 
 
келе бермейді. Аудандағы қолданылып жүрген  су тарататын желіні тұрғындар, 
құрылыстың СНжЕ талаптарын сақтамай өз бетімен салған. 
Күрделі 
жөндеу 
жұмыстарын 
арттыру 
сумен 
жабдықтау 
инфрақұрылымындағы  апаттарды, тозуды  және шығындарды азайтуға  ықпал 
етеді.  Бірақ,  қалаға  қосылған  Наурызбай,  Алатау  және  Түрксіб  аудандарының 
су желілілерінің коммуналдық меншікке берілгеннен кейін қала су желілерінің 
ұзындығы 2015 жылғы 2699,5 шақырымнан 2016 жылы 2826,6 шақырымға, ал 
2016 жылғы 31 желтоқсанда 2917 шақырымға дейін ұлғайды.   
Қалаға  қайта  берілетін  желілердің  қомақты  тозуына  байланысты    қайта 
құрылым көрсеткіштері 2015 жылы 1,16 %-дан 2016 жылы 0,68% жетті. 
Күрделі  жөндеу    және  қайта  құру  жұмыстар  арқасында  апаттар  саны 
жыл сайын 5%-ға дейін төмендеуде.  
Бұған  қарамастан,  шығын  деңгейі    салыстырып  отырған  қалалардан 
едәуір жоғары. Мысалы, 2014 жылы тозу деңгейі 67%, ал сумен жабдықтаудағы 
шығындар  26%  құраған.    Бұл  көрсеткіштер  2016  жылы  тиісінше    65,9%  және  
25,7%-ға  дейін  төмендеген,  осы  көрсеткіштерге  сәйкес,  салыстырмалы 
қалаларға шаққанда әлі де 2 есе және одан да асады. Сондай-ақ, шығындардың 
негізгі    көздері  абоненттік  желілерде  (40%),  иесіз  желілерде  (20%)  және  суды 
есептей алмау (20-40%) болғанын көрсетіп отыр.  
Ағымдағы желілерді ауыстыру қадамын сақтау кезінде (1,1%) желілердің 
тозуы және шығыны мәселелері, келесі  60 жыл бойы сақталатын болады және  
мақсатты деңгейге (50% шығын)  2030 жылдарға қарай қол жеткізіледі. 
 
2.1.5.4.  сурет. Сумен жабдықтау жүйелерінің көрсеткіштері 
 
Дереккөз:  ШЖҚ «Холдинг Алматы Су» МКК мәліметтері 


118 
 
Суды  пайдалану  2016  жылы  132,38  млн.  текше  метрді  құрады.  
Экономикалық қызмет түрлері бойынша ірі су пайдаланушы болып  тұрғын үй 
қоры  (61,14  млн.  текше  м.),    халыққа  қызмет  көрсететін  кәсіпорындар  және 
өнеркәсіптер  (26,26  млн.  текше.  м.),  электрмен  жабдықтау,  жылумен 
қамтамасыз  етуге негізделген кәсіпорындар (44,97 млн. текше м). 
Сонымен  қатар,  есептеуіш  құралдарын  орнату  бойынша  жұмыстар 
белсенді  жүргізілуде,  ол  суды  үнемді  пайдалануға  көмектеседі.  Ортақ  суды 
есептейтін  құралмен  қамтылу  деңгейі    100%  немесе  қажетті  9094  бірліктің 
9094-сы.  Жеке  есептеуіш  құралмен  жабдықталуы  87,48%  құрайды.  Қосымша  
69,15 мың құрал орнату керек. 
Жалпықалалық    кәріз  қаладан  келетін,  маңайындағы  демалыс 
аймақтарынан,  бірқатар  кенттерден  және  Талғар  мен  Қаскелең  қалаларынан 
келетін  сарқынды суды қабылдау, ағызу және тазалауды жүзеге асырады. Суды 
ағызу  жүйелерімен  қамту  деңгейі  қарқынды  түрде  өсуде:  жыл  сайын    7%-ға.  
Алайда,  бұл  көрсеткішке  қосылған  Наурызбай  ауданы  кірмеген.  Наурызбай 
ауданындағы  су  ағызатын  құбырдың    ұзындығы    8,9  км  (басқа  аудандардағы 
жалпы ұзындықтың 6% ) құрайды. 
Коммуналдық  меншіктегі    кәріз  желілерінің  ұзындығы  1544,76  км 
құрайды.    Алматы  қаласында  күрделі  жөндеуден  өткен  су  ағызатын  желінің 
үлесі    салыстырып  отырған  қалалар  деңгейінен  төмен.    2014  жылы    ол    0,3%  
құрап,  2016  жылы    0,9%-ға  дейін  өсті.  Күрделі  жөндеуден  өткен  су  ағызатын 
желінің  үлесі    тозған  желілердің  өсуін  жаппайды,  ол    тозу  деңгейінің  артуын 
жыл  сайын  2%-ға  арттырады.    Алматыда  бұл  деңгей 2014  жылы    61-ға  %  тең 
болған, 2016 жылы  65%-ға жетті.  
Жалпы  тозу  деңгейі  салыстырып  отырған  қалалардан  3  есеге  жоғары  
деңгейде  тұр.  Жоғарыда  мазмұндалғандардан  күрделі  жөндеуден  өткен  су 
ағызатын желінің үлесі жеткіліксіз екенін байқауға болады. 
Күрделі жөндеудің ағымдағы үлесін сақтау кезінде 20 жылдан кейін тозу 
деңгейі 90 %-ды құрайтын болады, ол келешекте апатты жағдайларға әкеліп, су 
ағызатын желілердің  үлкен бөлігінің істен шығуына  алып келеді.  
Статистикалық деректер бойынша 2016 жылдың басына өткізілген судың 
жалпы көлемінен, билогиялық жолмен толық тазартылғаны 98,5% сарқынды су, 
ол 127 млн. текше м. құрайды. 
Газбен жабдықтау 
Қалада газды таратумен айналысатын 4 кәсіпорын бар , оның ішіндегі ең 
ірісі  «ҚазТрансГаз - Алмак» ЖШС.  
Қала  тұрғындарының  газды  тұтынуы    470  млн.  текше  метрді  құрады 
немесе  қаладағы  газды  тұтынудың    жалпы  көлемінің  39%,  өндірістік 
қажеттіліктерге 733 млн. текше м. (61%) газ  пайдаланылған.  
Алматыдағы  газбен  қамтылудың  деңгейі  өте  жоғары,  тіпті  халықаралық 
деңгей үшін де жоғары. Газбен қамтудың көрсеткіші 2015 жылы 93%-дан  2016 


119 
 
жылы  95%-ға  артты,  ал  2017  жылы  97%  жетті.  Шамамен  7  мың  үй  газ 
жабдығын  сатып  алуға  қаражаттың  болмауы    және  оны  орнату  жұмыстарына 
ақы  төлей  алмауы  себебінен,  оның  құны  бағалау  бойынша  300  мың  теңгені 
құрайды, газ құбырына қосылмаған.  Бұл ретте, газға қосылмаған үйлер қатты 
отын (көмір) есебінен жылытылып, ауаны ластауда.  
 Осыған  сйкес,  2016  жылы  25  ақпанда  3  компаниямен  келіссөздер 
жүргізілді. («Тәуекел Т» ЖШС, «Строй Сервис Холдинг» ЖШС, «КазТрансГаз 
Аймақ»  АҚ)  газ  құбырына  қосылуының  бағасын  төмендету  туралы  келісімге 
қол жетті, нақтырақ: 
1.  «Тәуекел  Т»  ЖШС-тігі  газбен  қамтамасыз  ететін  құбырына  қосылу 
бағамын  300  мың  теңгеден  190  мың  теңгеге  дейін  түсірді.  (Газға 
қосылмаған абонент саны шамамен 700 үй.)   
2.  «Строй  Сервис  Холдинг»  ЖШС-тігі  газбен  қамтамасыз  ететін 
құбырына  қосылу  бағамын  600  мың  теңгеден  300  мың  теңгеге  дейін 
түсірді. (Газға қосылмаған абонент саны шамамен 380 үй.)   
3.  «ҚазТрансГаз  Аймақ»  АҚ-ы  газбен  қамтамасыз  ететін  құбырына 
қосылу  бағамын  180  мың  теңгеден  140  мың  теңгеге  дейін  түсірді.                
(Газға қосылмаған абонент саны шамамен 5 900 үй.)   
 
Жеңілдіктер қарастырылған: 
- Ұлы Отан соғысының қатысушыларына – тегін. 
- Жағдайы төмен азаматтарға және көп балалы аналарға - 50%  
- I- II топтағы мүгедектерге - 30% 
Қосылуға  пайызсыз  несиелендіру  де  қарастырылған,  өз  қаражаты 
есебінен. 
Осы шаралар арқасында 2016 жылы төмендетілген бағамен шамамен 6100  
үй газға қосылған. 
 
 Алматы қаласы бойынша табиғи газды орташа сағаттық тұтынуы 35 мың 
текше метр/сағатты құрайды, қысқы кезеңдегі қарбалас сағаттарда – 428 текше 
метр/сағат.    
 Табиғи  газдың  шығындары  2016  жылы  51,5  млн.  текше  метрмен    (3,9% 
берілген газға) 2015 жылмен салыстырғанда 45,8 млн. текше метр  құрады. 
 Қаланың  тұтынушылары  табиғи  газбен  бірге  сығымдалған  газды 
пайдаланады.  2013  жылы  тұрғындарға  осы  отынның  102  тоннасы  босатылды, 
2014  жылы  45  тонна  босатылды.    55,9%  төмендеуі  тұтынушылардың  табиғи 
газды пайдалануына көшуіне және сығымдалған газды пайдаланушы үйлердің 
санының  азаюына  байланысты  болып  отыр.  2015  жылы  көппәтерлі  үйлер 
толығымен сығымдалған газдан табиғи газға ауысты.  
 2017  жылдың  басында  қаладағы  көше  газ  желілерінің  ұзындығы  5  мың 
км.  құрады.  Жылдық  өсу  (2016  жылы  2015  жылдағымен  салыстырғанда  )  1% 
құрады. Көбінесе  Медеу және Түрксіб аудандарындағы газ желілері өте ұзын 
болып  табылады.  Орамішілік  (ішкі  аулалық)  желілер  2014  жылмен 


жүктеу 2,96 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   66




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау