51
Ақпарат көзі: Алматы қ. Денсаулық сақтау басқармасы; жұмыс тобының талдауы
Тұрғындар жалпы сырқаттануының ең көп таралған сыныптары бойынша
көрсеткіштері ел бойынша орташа деңгейден асады, әсіресе, тыныс алу
органдар аурулары бойынша – 31 %-ға, қанайналым жүйесі – 47 %-ға,
эндокриндік аурулары – 51 %-ға, ас қорыту органдары – 55 %-ға, несеп-жыныс
жүйесі – 65 %-ға, жүйке жүйесі аурулары – 71 %-ға, жаңадан пайда болғандар –
72 %-ға (үздік анықтау факторы).
Жаңадан пайда болған, тыныс алу органдары, ас қорыту, эндокриндік жүйе
ауруларының жоғары деңгейі қаладағы экологиялық ахуалдың қолайсыздығы
мен тәуекел факторларының (дұрыс тамақтанбау, темекі шегу, ішімдікті
пайдалану және спортпен айналысу шектеулігі) белсенділігін көрсетеді. Бірақ,
белгілі бір дәрежеде бұл диагнозды нақтылау кезіндегі науқастардың
диагностикалық және консультативтік мүмкіндіктері неғұрлым жоғары деңгейі
қол жетімділігіне байланысты.
Сонымен бірге, тұрғындардың тыныс алу жолдарының жіті респераторлық
вирустық аурумен (ЖЖРВА) сырқаттану жағдайларының қысқарғанын атап
өтуге болады, бұл денсаулық сақтау ұйымдарында, сонымен қатар
азаматтардың
оқу
және
жұмыс
орындары
бойынша
жүргізілген
профилактикалық
жұмыспен
және
тұрғындарды
белсенді
түрде
вакцинациялаумен байланыстырылады.
Тұмаумен сырқаттанушылықтың салыстырмалы өсімі оны анықтау
бойынша жақсы мүмкіндіктерге байланысты, өткен жылы бұл ауру ешбір
анықталусыз ЖЖРВА-ға кірді.
Негізгінен алып қарағанда, әлеуметтік аурулардың серпіні жақсаруда.
Мәселен, үш жыл ішінде туберкулездің белсенді түрімен тұрғындардың
сырқаттану деңгейі 1,5 есеге төмендеген және 100 мың адамға шаққанда 36,7
құрайды. 15-49 жас аралығы тобындағы адамның иммун тапшылығы
вирусының таралуы бекітілген 0,2 – 0,6 % шегінде қалады.
2.1.2.2.1 кесте. Тұрғындардың сырқаттанушылығы
Атауы/жылы
Бірлік/
өлшем
2014
2015
2016
Аурудың жекелеген түрлерімен
тұрғындардың ауруы
Тұмау және тыныс алу жолдарының жіті
инфекциясы
100 мың адамға
шаққандағы
жағдайлар
(тұмау/
ЖРВИ)
7,6/
9 503
8,98/
7 892
15,83
/7403
Белсенді туберкулезбен сырқаттанушылық
100 мың адамға
шаққандағы
жағдайлар
53,7
45,3
36,7
Есепте тұратын туберкулезбен
сырқаттанушылар саны
адам
1 223
1 239
1 021
Алкоголизммен және нашақорлықпен
адам
26 048
23 225
14 751
52
есепте тұрады, адам, оның ішінде:
Психоактивті заттарды, опиодтарды және
есірткі заттарды тұтынудың нәтижесінде
болатын бұзылушылықтар
адам
3 190
2 690
1 999
Алкогольдік заттарды тұтынудың
салдарынан денсаулықтың бұзылуы
адам
22 858
20 535
12 752
15-49 жас ерекшелігі тобындағы адамның
иммун тапшылығы вирусының таралуы, 0,2
– 0,6 % шегінде
%
0,333
0,353
0,332
Дерек көзі: Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметтері
Қалада сонымен қатар,
ішімдік және нашақорлық сияқты аурулардың
таралуын қысқарту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Соңғы үш жыл
ішінде саны ішімдік тұтынудың салдарынан бұзылулары бар науқастар саны
44%-ға қысқартылды. Психоактивті заттарды, опиодтарды және есірткі
заттарды тұтынудың нәтижесінде болатын бұзылулары бар науқастар саны
37%-ға қысқарған.
2.1.2.2.3 сурет. Өлім-жітімнің негізгі себептерінің кластары бойынша
қайтыс болғандар
Ақпарат көзі: Алматы қаласы Статистика департаменті; жұмыс тобының талдауы
2014 – 2016 жылдардағы тұрғындардың жалпы өлім-жітім деңгейі 12,5 %-
ға төмендеген. Алматы қаласында қан айналым жүйесі және қатерлі ісік
ауруларынан тұрғындардың өлім-жітім деңгейі Варшава және Берлин деген
53
сияқты неғұрлым дамыған қалалардың деңгейінен төмен көрсеткіште тұр. Бұл
салыстырылған қалаларға қарағанда, Алматы қаласындағы 10 – 12 жасқа
дейінгі орташа жас аралығына байланысты болуы мүмкін (Алматы қаласында
тұрғындардың орташа жасы 33,4 жылды, Берлинде – 43, Варшавада – 46 жасты
құрайды). Сондай-ақ, зейнеткерлер үлесі де айтарлықтай төмен.
2.1.2.2.2. кесте. Жалпы өлім-жітім көрсеткіштері
Атауы /жылдар
2014
2015
2016
Қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын өлім-
жітім, 100 мың адамға шаққанда жағдайлар саны
170
141,83
168,89
Қатерлі ісік ауруларынан болатын өлім-жітім, 100 мың
адамға шаққанда жағдайлар саны
109
96,51
104,13
Жазатайым жағдайлардан, жарақаттану және уланудан
болатын өлім-жітім, 100 мың адамға шаққанда
жағдайлар саны
70,3
57,72
54,91
Тыныс алу мүшелері ауруларынан болатын өлім-жітім,
100 мың адамға шаққанда жағдайлар саны
50,15
79,34
61,61
Туберкулезден болатын өлім-жітім, 100 мың адамға
шаққанда жағдайлар саны
5,2
4,8
3,9
Дерек көзі: ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметтері
2014 – 2016 жылдарға арналған тұрғындардың өлім-жітім деңгейі:
қан айналым жүйесі ауруларынан – 0,7 %-ға төмендеген;
қатерлі ісік ауруларынан – 4,5 %-ға;
жазатайым жағдайлардан, жарақаттану және уланудан – 22 %-ға;
туберкулезден – 25 %-ға;
тыныс алу мүшелері ауруларынан болатын өлім-жітім 23 %-ға өскен,
бірақ ел аумағы бойынша орташа деңгейден айтарлықтай төмен (ҚР 2016
жылға – 100 мың адамға шаққанда 102,39).
Бұл ретте жазатайым жағдайлардан, жарақаттану және уланудан болатын
өлім-жітім деңгейі әлемнің неғұрлым дамыған қалаларының көрсеткіштерінен,
айтарлықтай, асып тұр. Қан айналым жүйесі, қатерлі ісік ауруларынан болатын
өлім-жітім әлемнің дамыған қалаларының көрсеткіштерінен төмен деңгейде.
Сырқаттанушылық және тұрғындардың өлім-жітімі деңгейін жақсартуға
ықпал ететін факторлардың бірі – медициналық-санитариялық алғашқы көмек
деңгейінде ауруларды диагностикалау және алдын алу бойынша жұмысты
жандандыру болып табылады. Соңғы үш жыл ішінде қан айналу жүйесі
ауруларын анықтау үшін 420 мыңнан астам адам профилактикалық тексеріп-
қараумен, ісік алды, сүт безі және жатыр мойыны обырының ауруларын
анықтау үшін – шамамен 245 мың әйел, туберкулезге – жыл сайын 850 мыңнан
астам адам қамтамасыз етіледі. 2016 жылы азаматтарға шамамен 4 млн. әртүрлі
профилактикалық тексеру жүргізілген.
Достарыңызбен бөлісу: |